Қисықсай ауылдық кітапханасы



жүктеу 23.27 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі23.27 Kb.
: zkolib -> rus -> nav -> tas
tas -> Аудандық кітапхана. Аудан кітапханаларының тарихы «Қызыл отау»
tas -> Аудандық балалар кітапханасы
nav -> Абай ауылдық кітапханасының шежіресі
tas -> Оян ауылдық кітапханасы
nav -> Тасқұдық ауылдық кітапхана шежіресі Оқырман саны: 527 Кітап берілімі: 6155 дана
tas -> Атамекен ауылдық кітапханасы
tas -> Ермольчев ауылдық кітапханасы
tas -> Амангелді ауылдық кітапханасы
tas -> Кузнецов ауылдық кітапханасы
Қисықсай ауылдық кітапханасы.

Қисықсай ауылының шағын кітапханасы 1959 жылдың күз айында ашылған. Кішкентай ғана үйдің бір бөлмесінде орналасқан. Жалпы шағын ауылдағы кітапханада 500 дана кітап қоры болған. Ең бірінші сол кітапханада Рысты Оразова жұмысын бастаған.

1967 жылы кітапханашы болып Қапиза Омарова келген. Бұл кісі Бөрлі ауданының тумасы. Ақтөбе мәдени - ағарту училищесін бітірген. Кітапхана қорының өсуі жылдан-жылға көтеріліп, толықтырыла бастаған.

1974 жылдан бастап ауыл кітапханасына жаңа қызметкер - Жақсығұлова Асия Қапонқызы орналасқан. Ол 1957 жылы 8 тамызда дүниеге келген. 1972 жылы Ақтөбе мәдениет ағарту - училищесінің кітапхана бөлімінде оқып, 1974 жылы бітіріп шыққан. Ол кезде кітап қоры -3500, оқырман саны – 90 болып, кітапхана сол кезде мектептің бір бөлмесінде орналасқан. Бес бөлімшені жылжымалы кітапханамен қамтамасыз етіп тұрған. Жазғы шөп шабу науқанында бригадаларға кітаптар таратып жүрген. 1976-1977 жылдары кітапханашылар арасындаәртүрлі жарыстар болып, көршілес кітапханалармен жарысқа түсіп отырған. Газет бетінде кітапхана туралы мақалалар жарық көрді. Өзінің қарапайым еңбегімен ферма ұжымының тоғызыншы бесжылдық тапсырмасын орындауға мол үлес қосқан. Аудан мәдениет мекеме қызметкерлерінің кеңесінде Қисықсай селолық кітапханашысы Асия Жақсығұлова сөз сөйлеп, халыққа мәдени қызмет көрсетудің прогресстік әдістерін жетілдіре түсу қажеттілігін атап көрсеткен. 1976 жылы социалистік жарыстың жеңімпаздарына мақтау қағазы дипломдар тапсырылған. 1980 жылдары кітапхана қоры -5000 дана болған.

1997 жылы ауыл кітапханасына бөлек орын берілген. Соңғы кезде салт – дәстүрлерді насихаттау бағытында көптеген жұмыстар жүргізілді. 2004-2005 жылы «Ауыл энциклопедиясы – шағын отан» атты ауылдың өткен тарихы туралы кітап жасап тапсырған. А.Жақсұғылова осы салада 30 жыл жұмыс жасаған.

2005 жылдың 14 қыркүйегінен бастап кітапханаға Аубакова Рысқаным қабылданды. Ол 1971 жылы 24 қаңтарда Қисықсай ауылында дүниеге келген. Білімі арнаулы орта. 2009 жылдың 17 қазанынан бастап Гауһар Қуанышқызы аз уақыт кітапхана жұмысын жалғастырған.

15 қазаннан бастап бүгінгі таңға дейін Абуова Толқынай Жұмабайқызы кітапханашылық қызметті атқарып келеді. Ол 1967 жылы 24 қарашада БҚО, Тасқала ауданы, Қазақстанға 40 жыл атындағы совхоздың Жұмалы ауылында дүниеге келген. «Бастауыш класс мұғалімі» және «Тарих мамандығы бойынша бакалавр академиялық дәрежесі және тарих пәнінің оқытушысы» деген біліктілігі бар. 1989 -2010 жылдар аралығында Қисықсай негізгі мектебінде мұғалім болып жұмыс атқарған.

Қазіргі кезде кітапханадағы кітап қоры 6263 құрайды. Кітап қоры жыл бойына жаңа кітаптармен толықтырылып тұрады. Анықтамалық-библиографиялық ақпаратты кемелдендіру барысында кітапханада ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ҚР халықтарына Жолдаулары, қазақстан және шет тіл әдебиеттері насихатталып келеді. Сонымен қатар, қоғам қайраткерлерінің, ақын-жазушылардың, өнер қайраткерлерінің еңбектерін жинақтап, оқырмандарға ұсынуда.



Кітапхана салауатты өмір салтын насихаттауға, қоршаған ортаны қорғауға, патриоттыққатәрбиелей отырып, «Мәдени мұра», «Мемлекеттік тіл», «Бір ел – бір кітап», «Нашақорлықпен күрес» т.б. бағдарламалар бойынша жұмыс атқаруда.

Абуова Толқынай Жұмабайқызы 2011 жылдың желтоқсанында ҚР тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Тәуелсіздік тұғыры» атты аудан кітапханаларына арналған «Үздік сценарийлер» байқауына қатысып, жүлделі ІІІ-орын алды. 2012 жылдың қазанында «Ізденімпаз маман» номинациясы бойынша мақтау қағазымен марапатталды.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет