Іске асыруды 2013 жылы бастау жоспарланып отырған жобалар шеңберінде Қазақстан Республикасы тартатын сыртқы қарыздар жөнінде ақпарат



жүктеу 38.49 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі38.49 Kb.
: irj
irj -> Оқу, ғылыми және басқа мақсаттағы материалдарды бір көзден мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы Хаттама
irj -> Сауықтыру жөнiндегi кеңес құру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 17 маусымдағы №660 Қаулысы «Дағдарыстан кейiн қалпына келтiру бағдарламасын (бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындарды сауықтыру) бекiту туралы»
irj -> 1 Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысы бөлігінің түсімдері Республикалық бюджетке «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табыс бөлігінен аударымдар»
irj -> ҚР Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Комитеті қызметінің 2014 жыл жағдайы қорытындысы бойынша ақпарат Республикалық меншіктегі акциялардың
irj -> Нұрлы жол – болашаққа бастар жол Құрметті қазақстандықтар!
irj -> Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебі
irj -> Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қазақстан Республикасы
irj -> «Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті Жалпы ережелер «Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру»
irj -> «Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет регламенті
irj -> Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Іске асыруды 2013 жылы бастау жоспарланып отырған жобалар шеңберінде Қазақстан Республикасы тартатын сыртқы қарыздар жөнінде ақпарат


1. Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісім (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ Дәліз 1 [Тараз қаласының айналма жолы] [Батыс Еуропа - Батыс Қытай Халық Республикасы халықаралық транзит дәлізі] Жоба).


Қарыз туралы келісімге Астана қаласында 2012 жылы 19 маусымда қол қойылды.

Азия Даму Банкінің 95 млн. АҚШ доллары мөлшеріндегі қарызы Қазақстан Республикасына Азия Даму Банкінің қарапайым капитал ресурстарынан (ҚКР) беріледі. Қарызды өтеу мерзімі – 4 жылдық жеңілдік кезеңді қоса алғанда, 20 жыл. Пайыздық мөлшерлеме, пайыздың әрбір есептеу кезеңіне LIBOR+0,4 % тең. Міндеттеме үшін комиссия жылына 0,15 % мөлшерлеме бойынша алынады.

Жобаның мақсаты – Жамбыл облысының Тараз қаласын айналып өтетін учаскесінде көлік желісінің тиімділігін арттыру жолымен тұрақты экономикалық дамуға ықпал ету.

Жоба құрауыштары екі жолақты қозғалысы бар ІІ техникалық санаттағы ұзындығы 7,7 км жолдың қолданыстағы учаскесін цемент-бетонды төсемі бар және төрт жолақты қозғалысы бар І-б техникалық санатқа ауыстыра отырып, реконструкциялауды, сондай-ақ асфальт-бетонды төсемі бар және екі жолақты қозғалысы бар ІІ техникалық санаттағы ұзындығы 57,4 км Тараз қаласының айналма жолының жаңа учаскесін салуды қамтиды.

Жоба бойынша атқарушы агенттік Қазақтан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі болып табылады.

Жобаның аяқталу мерзімі – 2014 жылғы 31 желтоқсан.


2. Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді («Шығыс – Батыс» автомобиль жолдарын дамыту жобасы (Алматы – Қорғас учаскесі): Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізі (ОАӨЭЫ 1b))

Қарыз туралы келісімге Астана қаласында 2013 жылы 10 қазанда қол қойылды.

Қарызды 1 068,0 млн. АҚШ доллары сомасында Қазақстан Республикасына Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі береді. Қарызды өтеу мерзімі – 5 жылдық жеңілдік кезеңін қоса алғанда, 19 жыл. Пайыздық мөлшерлеме қарыз валютасы үшін LIBOR мөлшерлемесіне тең + ауыспалы спред. Біржолғы комиссиялық алым 0,25 %.

Жобаны іске асыру елдің көліктік әлеуетін дамытуды қамтамасыз етеді, халықаралық дәліздің қазақстандық бөлігі бойынша қозғалыс қарқынын айтарлықтай арттырады және тиісінше транзиттік жүктердің жүк айналымын ұлғайтады.

Жоба мынадай құрауыштардан тұрады:

1) Алматы облысы шегіндегі автожол учаскелерін реконструкциялау және салу;

2) Батыс Еуропа – Батыс Қытай автожол дәлізінің учаскелеріндегі автомобиль жолдарын басқаруды жетілдіру.

Жоба бойынша атқарушы агенттік Қазақтан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі болып табылады.

Жобаның 2015 жылғы 31 желтоқсанда аяқтау жоспарланып отыр..
3. Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы № 7681-KZ Қарыз туралы келісімге («Оңтүстік-Батыс» автомобиль жолдарын дамыту жобасы: Батыс Еуропа - Батыс Қытай Халықаралық транзит дәлізі (ОАӨЭЫ 1b және 6b)) түзетулерге қатысты Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы келісім хат

Келісім хат Астана қаласында 2012 жылы 12 қазанда қол қойылды.

Ұзындығы 79,5 км болатын «Шымкент – Жамбыл облысының шекарасы» автожолы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізінің негізгі учаскелерінің бірі болып табылады.

«Шымкент – Жамбыл облысының шекарасы» жобасын іске асыруды республикалық бюджеттен қоса қаржыландыра отырып, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің үнемделген қарыз қаражаты есебінен жүзеге асыру шешімі қабылданды.

«Шымкент – Жамбыл облысының шекарасы» автожолын реконструкциялауды қаржыландыру үшін үнемделген қаражатты Астана қаласында 2009 жылғы 13 маусымда қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімге («Оңтүстік – Батыс» автомобиль жолдарын дамыту жобасы: «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізі (ОАӨЭЫ - 1b және 6b)) өзгерістер мен толықтырулар енгізу жолымен пайдалау жоспарланып отыр.

Жобада мынадай құрауыштар:

- құрылыс жұмыстары;

- құрылыс жұмыстарын қадағалау;

- жобаны басқару;

- институционалдық даму көзделеді.

Жоба бойынша атқарушы агенттік Қазақтан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі болып табылады.

Жобаны 2015 жылғы 30 маусымда аяқтау жоспарланып отыр..


4. Қазақстан Республикасы мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісім («Шымкент – Ташкент» жолының учаскесін реконструкциялау).

Қарыз туралы келісімге 2012 жылғы 12 желтоқсанда Астана қаласында қол қойылды.

Қарызды 142 млн. АҚШ доллары сомасында Қазақстан Республикасына Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі 4 жылдық жеңілдік кезеңді қоса алғанда, 18 жыл өтеу мерзімімен беріп отыр. Пайыздық мөлшерлеме LIBOR-ға тең + пайызды есептеудің әрбір кезеңіне 1%-дан. Резервке қою үшін комиссия жылдық 0.5 % мөлшерлемесі бойынша алынады. Бір жолғы комиссиялық алым қарыз сомасынан 1%-ды құрайды.

Жобаның мақсаты - ұзындығы 62 км болатын, Өзбекстан Республикасымен мемлекеттік шекарадағы «Жібек жолы» шекаралық бекеті және «Шымкент-Ташкент» жолы 742 км арасындағы жол учаскесін реконструкциялау болып табылады.

Жоба мынадай:

- құрылыс жұмыстары;

- құрылысты қадағалау және жобаны басқару бойынша консультациялық қызметтер;

- институционалдық даму құрауыштарынан тұрады.



Жоба бойынша атқарушы агенттік Қазақтан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі болып табылады.

Жобаны 2016 жылғы 31 желтоқсанда аяқтау жоспарланып отыр.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет