Ислам дінінің пайда болуы және дамуындағы тарихи әлеуметтік, саяси жағдайлар



жүктеу 144.09 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі144.09 Kb.
: ld
ld -> -
ld -> Шпаргалка " Мұртты обалар" көп тараған аймақ "Ақ жалды жүйрік аттардың иелері" деп аталған тайпа "
ld -> Қазақстан тарихының тақырыбына шпаргалкалары Адамзат тарихы дамуының ең алғашқы кезеңі? Тас дәуірі
ld -> Разработка научно-технологических основ производства катализаторов дегидрирования для синтеза изопрена
ld -> Учебно-методическое пособие для студентов геологического факультета Казань 2004 Печатается по решению
ld -> Реферат Основные элементы и профессиональные правила оформления рекламного объявления
ld -> Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйелерін «электрондық үкіметтің» шлюзімен біріктіру мүмкіндіктерін зерделеу жөніндегі жұмыс жоспары
ld -> Абай Құнанбайұлы Жүрегіңнің түбіне терең бойла
ld -> Төлеу Көбдіковтің елінде


МАЗМҰНЫ


  1. Ислам дінінің пайда болуы және дамуындағы тарихи әлеуметтік, саяси жағдайлар………………………………………………………….

3


  1. Ислам дінінің әдет-ғұрпы, мейрамдары, догмалары, негізгі бағыттары………………………………………………………………….

6


  1. Құран туралы бірер сөз...........................................................................

Қолданған әдебиеттер тізімі

12

16



1. Ислам дінінің пайда болуы және дамуындағы тарихи әлеуметтік, саяси жағдайлар

Басқа да барлық дүниежүзілік діндер сияқты Ислам дінінің де өзіндік ұзақ тарихы бар. Ол тарих дүниежүзілік әлем тарихымен ұштасып, жұптасып, шамдасып жатады. Бірақ, ислам дінінің шығу дәуіріне, уақыт талабына, оны ұстанған халықтардың тұрмыс-тіршілігіне, әдет-ғұрпына байланысты, психологиясына, көңіл-күйіне қарай өзіндік ерекшеліктерінің бар екенін аңғарғанымыз жөн.

Ислам діні – дүние жүзілік діндердің ішінде ең кеш шыққан жас дін. Ол біздің заманымыздың VII ғасырында арабия түбегін мекендеген тайпалар алғашқы қауымдық қатынастардан таптық қатынастарға көше бастаған кезде құл иеленушілік идеологиясы ретінде дүниеге келді. Тарихи деректерге, әдеби аңыздарға сүйенсек, Ислам діні Арабиядағы Хиджаз өлкесінің ең ірі қаласы – Меккеде шықты. Арабия елі бірқатар бай елдердің орталығы болды. Олар: Рим, Византия, Египет, Иран және басқа елдер бір-бірімен сауда қатынасын жасаған кезде Арабия жерін басып өтетін. Осыған байланысты Араб феодалдары жер келері боуымен бірге, құл жұмсаудан, құл сатудан орасан зор табыс түсіріп отырды.

Сонымен бірге, Мекке ерте уақыттан бастап-ақ діни орталық болып саналатын. Меккенің орталығындағы Зәмзәм су сөзі, оның жанындағы Әулиелі қагатас Қаабы Храмы көшпелі бадауиелердің өз құдайына табынатын орны болды. Бұл кезде әрбір рудың өздерінің рулық құдайы болды. Олардың бейнесі Қаабаның маңдайына орналасқан болатын. Кейбір мұсылман аңыздарында Кааба мен Зәмзәм су көзін Ибрагим пайғамбар мен оның ұлы Исмаил салған деген деректі де кездестіреміз.

Меккенің орналасқан жері егін шаруашылығымен де, мал шаруашылығымен де айналсуға қолайсыз болды. Сондықтан меккеліктер шамаларына, қолдарындағы қаражаттың мөлшеріне қарай Мекке шонжарларына сауда керуендеріне қосылатын. Тез дамыған сауда алғашқы қауымдық қоғамның ыдырауын тездетіп6 тайпалардың тайпалық одаққа бірігуін қажет етті. Ны қуаттайтын көп құдайға сенудің орнына бір құдайға сенуді уағыздайтын діни идеология керек болды. Сол сияқты Арабия жеріндегі алғашқы монотеистік дін – ханффизм бытыраңқы араб тайпаларын біріктіруде көптеген топтардың идеологиясы түрінде шықты. Ханифтер сол уақытқа дейінгі үстем болып келген политеизмге қарсы күресті. Тайпалық көп құдайлардың орнына тек бір құдай рахманға жалбарыну керек деп уағыздады. Бірақ ханифистік діни ілім Меккеде де, басқа жерлерде де қолдау таппады. Әлеуметтік-экономикалық теңсіздікке қарсы күреске шыққан араб қоғамының жарлы, кедей көпшілігі сагуктар ханифизмнен көксеген мақсатын көрмеді. Өйткені бұл діни идеологияның үйретуінше анық өмір, шын бастандық о дүниеде ғана, бұл үниеде қызығы жоқ, өткінші деп уағыздады. Ақыр заман боладыдан басқаға шақырмаған ханифизм езілгендер мен қаналғандар арасында тарай алмады.

Бірақ, Ханифизм Ислам дінінің идеологиялық алғы шарты болды. Жаппай, жалпылама уағыздан гөрі құдайды адамдар арасында жіберген өкілі (рассул алла) бар деу арқылы монотеистік дінді уағыздау ұтымдырақ еді. Ол өкілдің ролін меккелік орта саудагер Мухаммед атқарды. Құдайдың пайғамбарлық сүрелерінің мазмұнына қарағанда, Мұхаммед Ханифтер табынан шыққан. Ол 610 жылы жаңа дінді уағыздай бастады. Бірақ, Мұхаммед пен оның серіктестіктерінің араб тайпаларының діни сенімдері мен ұғымдарына өзгеріс енгіземіз десек ойлары Меккеде сәтсіздікке ұшырайды. Меккедегі үстем тайпа басшыларының құғынына түскен Мұхаммед тобы 622 жылы Ярсиб (Медине) пайғамбар қаласына көшеді. Оны мұсылман жыл санауының басы Хиджра деп атап, мұсылмандар өздерінің жаңа жыл санауын бастайды.

Ислам дінін уағыздаудың алғашқы жолдары сәтсіздікке ұшырауына бұл діннің әлеуметтік мазмұны тікелей әсер етеді. Құлдық, кедейлік, аштық, жалаңаштық құдайдың маңдайына жазғаны, тәуір өмір о дүниеге барғанда болады, бұл дүниеге көнгіш болған дұрыс деп уағыз айтылған жаңа дін араб қоғамының жырларына, көшпелі бәдауилерге ықпал жасай алмайды. Сондықтан, құранның алғашқы сүрелерінде байлықты сынау кездеседі. Бұл мәселелер ру, тайпа шонжарларына тиімді болмады. Қысқасы Меккеде дін тарау үшін: 1) Ислам дінінің әлеуметтік тірегі болмады; 2) Меккеліктер үшін политеизмнің сақталуы пайдалылырақ болды. Бірақ Меккенің мұсылмандар қауымымен келісімге келуінің маңызды себебі бар еді: 1) Ислам дініндегі жалғыз құдай – алла – күрейшт тайпасының құдайы болатын; 2) Мұсылмандардың аллаға тағзым ететін орталығы Кааба храмы болды. Бұл жағдай Меккенің жаңа дін үстемдік жасаған уақытта да өз саясатын жүргізуге толық мүмкіндігін сақтады. Осы біз жоғарыда көрсеткен сбептердің нәтижесінде Меккенің мұсылмандық орталыққа айналуымен Ислам діні араб тайпаларының басым көпшілігіне тарады.

632 жылы Мұхаммед өлгеннен кейін мұсылман қауымын Абу-Бекр (632-634) басқарды. Ол Халиф (пайғамбардың орынбасарлары. Өкіметті әскери, саяси және дін жағынан басқарушы адам) деп аталды. Алғашқы үш халифтің: Абу-Бекрдің, Омардың (634-644) және Османның (644-656) тұсында Мекке-Медина әскери күштері көрші елдерге ауыз сала бастады. VII-VIII ғасырлар ішінде арабтар Сирияны, Иранды, Египетті, Солтүстік Африканы, Пиреней түбегін, Орта Азияны жаулап алды. Араб халифатының идеологиясы ислам діні болды.

Кейіннен ислам діні Үндістан, Африка елдерінің бірсыпыра жерлеріне тарады. Барлық жерде ислам діні қамшының астымен, қарудың күшімен арабтардың жаулау процессі кезінде таралды деу дұрыс болған болар еді.

Қазақстанда Волга бойындағы халықтар арасында бұл дін бейбіт жолмен Миссионерлердің үгіті негізінде жергілікті феодалдардың ислам діни идеологиясынан өз мүддесін қорғай алатын одақтасын іздеу негізінде таралды.

Қазіргі уақытта Ислам діні араб елдерінде, Албания, Болгарияда, Түркида, Югославияда, Африкадағы Мавританың, Тунис, морокоо, Сомали, Ливия, Занзибар, Алжир т.б. елдерінде орын алды. Біздің елімізде Ислам діні Орта Азия Республикаларында, Қазақстанда, Азербайжанда, Башқұрт, Татар, Дағыстан республикаларында орын алды.

Сұраққа байланысты түсіндіруді қажет ететін ұғымдар:



  1. Ислам – ілім (учение) бағыну, бас ию, нану (покорность)

  2. Мұсылман алланың нағыз – құлы, алланың нағыз құлы

  3. Хиджра – жаңаша мұсылман жыл санауының басы

  4. Алла – күреншит руының жеке құдайы

  5. Күреншит – Мұхаммедтің шыққан руының аты

  6. Политеизм – көп құдайлы дін

  7. Монотеизм – бір құдайлы дін.

Қазіргі кейбір статистикалық әрекеттерге түгінсек дүние жүзінде мұсылмандардың саны – 1 миллиард адам екен.
2. Ислам дінінің әдет-ғұрпы, мейрамдары, догмалары, негізгі бағыттары

Ислам діні - әдет-ғұрыпқа, мейрамдарға толы дедік біз жоғарыда. Ислам дінінің әдет-ғұрыптары мен мейрамдарының көпшілігі тіпті барлығы десе де болады. Ислам дініне дейінгі діндерден алынған, ислам дінінде оларға жаңа әлеуметтік сипат және мән берілген. Құдайға құлшылық ету табыну ислам дінінде 2 бөлімнен тұрады:

1. Міндетті түрде орындауға тиісті шаралар: бұған бес парыз (иман, бес уақыт намаз, ораза, зәкет-ұшыр, қажыға бару) жатады. Шариғат бойынша бұл парыздарды мұсылмандар бұлжытпай, мерзімінде орындап тұруға тиіс. Діни уағыз бойынша «құдай-тағаланың әмірін орындап, құлшылық еткендер», яғни намаз оықп, ораза ұстап, қайыр-садақа бергендер ғана «жұмақтың» тәрінен орын алады да, ал оларды орындамағандар «тозаққа» барады. Дін иелері, молда-ишандар діни парыздарды, әдет-ғұрыптар мен мейрамдарды дінге сенушілердің мүлтіксіз орындап отыруын талап етеді.

2. Ерікті түрде орындалатын шаралар жатады. Олар уәжіп, сүннет, Мұстахб, Мухаб, Нәпіл. Соңғы үшеуі қазақтан арасында тарамаған.

Бес парыз деген не?


  1. Иман-нану, сену деген сөз, яғни «Бір алладан басқа құлдық ететін күш жоқ. Мұхаммед алланың бізге жіберген елшісі» - дегенге сену.

  2. Намаз – таң, бесін, екенді ақшам және ясих намаздары болып бөлінеді. Оларды оқу ислам дініне вороастризмнен (ерте Иран діні) енген. Араб тілін білмейтін дінге сенушілер намаз сөздерін де құдай атынан айтылатын керемет күш бар деп ұғады.

  3. Ораза (сауым) ұстау исламнан бұрынғы діндерде де болған. Олардың ораза ұстауы күнаға, үш күнде бір, үш айлық және т.б. әртүрлі болып келген. Рамазан июль айында отыз күн ораза ұстаудың түбі ертедегі арабтардың шаруашылық-тұрмыс жағдайының қиындығына байланысты туған. Ислам дінінен көп бұрын арапбар жанып тұрған шілдеде күн бұрын нәр тартпай көкке қарап, жаңбыр тілеумен болған. Тіршіліктің қамын кешке және түнде ғана ойлап, жетімсіз азық-түлікті тек түнде ғана ойлап, ішетін болған. «Рамазан» айының аты арабша «Рамад» - ыстық кез деген»мағына береді.

Ал ислам діні оразаға жаңаша мән беріп, оның кейбір шарттарын өзгертумен шектелді. Оразаның мәні адамдарды бір аллаға құлшылық етуге, тір өмірдегі жалған өмірге қызықпай, келешек мәңгілік «О дүниенің» қамын ойлауға баулиды.

Рамазан айында мұсылмандар дін басшыларына жыл сайын жан басына бес қадақтан ақ бидай, немесе оның ақшалай құнын беруі керек. Мұны пітір деп атайды. Айт намазын оқығанға дейінгі пітір төленбесе, адамның отыз күн ұстаған оразасы зая кетеді. Онымен бірге рамазан айында түнде ымырт жабылғаннан кейін ислам дінін дәріптейтін «тарауық» намазы оықлады.

Дін иелері ораза ұстайтын Рамазан айын Құран аяттарын алла тағаланың Мұхаммедлке жібере бастаған айы, сондықтан бұл айда барлық тілектер орындалады – мыс деп үйретеді.


  1. Зекет – малға, ғұшыр астыққа салынатын діни салықтар. Кезінде бұлар Мұхаммедпен оның ізбасарларының әскерлерінің жабдықтау мақсатында жиналатын. Кейін дін иелерінің табыс көзіне айналды. Зекеттің мөлшері 40 қойдан 1 қой, 30 сиырдан 1 тайынша, 5 түйеден 1 қой, жылқы ақшаға шағылып, 40 сомнан 1 сом есебінде төленіп отыруы тиіс. Ғұшырдың мөлшері жиналған өнімнің табыстың 10 проценті болып белгіленеді. Дін иелері бұл салықтарды уақытылы төлемегендердің мал-мүліктері арам болады, өздері тозаққа барады деп қорқытады.

  2. Қажы (поломничество) мұсылмандар үшін бірінші парыз. Әрбір мұсылман күші жетсе өмірінде бір рет Мекке мен Мединеге барып, Каабаны айналып, намаз оықп, Мұхамедтің бейітіне намаз оқып, құрбан шалып, қайтуы тиіс. Сонда ғана бұндай адамға қажы атағы беріледі.

  3. Құрбан шалушылық араб тайпаларының алғашқы діни ғұрыптарынан алынған. Ерте кезде олар Меккеге келіп, Кааба құрбандық жасаған құдайларынан малдарын аман сақтауды, төлін көбейтуді, егін шығымын жақсартуды сұраған. Кейін келе осы ғұрып жаңа мағынаға ие болды да, Ибрагим пайғамбардың жалғыз баласы Исмаилды алла жолына шалмақ болыпты-мыс деген аңызбен ұштасады. Құрбанның мөлшері әртүрлі. Мысалы, бір адамға ұсық мал, 7 адамға сиры, 9 адамға түйе шалуға рұқсат етіледі. Құрбандық малы жоқтарға – тауық-қаз союға, оларда болмаса ақшалай құдайы беруге рұқсат етіледі. Құрбандыққа тек аша тұяқ малдар сойылған. Құрбандыққа шалынған мал «О дүниеге барғанда қыяметтің қыл көпірінен қиып өтетін пыраққа айналады-мыс. Ал күнәсі көп адамдар қыяметтің қыл көпірінен өте алмай – тозақ отына жанады-мыс».

  4. Сүннет екі түрлі. 1. Намазға байланысты орындалады. Өйткені шариғат бойынша намаз парыздан және сүнеттен тұрады. Сүниттер екеуін де оқиды, ал шиитер сүнетін оқымайды. 2. Сүнеттің екінші түрі – балаларды сүндетке отырғызу. Молдалар бұл ғұрыпты Мұхаммед пайғамбар өсиет еткен дейді.

Баланы сүндетке отырғызуды алғаш рет діни кәдеге еврейлер айналдырған. Содан кейін ол ислам дінінен орын тепкен, жаңа мазмұн алған. Яғни сүндетке отырғызу дінге сенушіліктің сырт көрінісі мен мұсылмандарды басқа діндегілерден оқшаулайтын және дәріптейтін құралға айналды.

Ислам дінінің бірнеше мейрамдары бар. Оларды дерлік барлығы, оның әдет-ғұрыптары және догмаларымен тығыз байланысты. Солардың ішіндегі кең тарағаны ораза мен құрбан айттары. Бұл айттардың алғашқы түрлері ислам дінінен көп жылдар бұрын пайда болған және ораза ұстау мен құрбан шалу әдет-ғұрыптарына байланысты орындалып отырған. Ислам дінінде ораза және құрбан мейрамдары жаңа мәнге иен болды.

Ораза мейрамы ораза біткеннен соң Рамаза айынан кейінгі Шаввал айының бірінші күні басталатын ауыз ашу (айт) мейрамы. Бұл мейрам кезінде мұсылманда ислам дінінің талаптарын толық орындауы тиіс. Кімде-кім ораза ережесін бұзса немесе ораза ұстамаса, ол күнәлары үшін айып тартуы – пітір-садақа беруі тиіс. Құрбан мейрамы ораза мейрамынан кейін 70 күн өткеннен соң жасалады. Айт мейрамы күндерінде дінге сенушілердің іс-әрекеті тек дін жолымен ғана өлшенетін өмір нормаларының орындалатынын баса айтамыз. Себебі – догма бойынша бұл күндері әр адам өз бойындағы күналарынан арылу үшін құрбан шалуға тиісті.

Ислам діні тараған кездерде шариғатқа сүйеніп істелетін халық арасына сіңісті болып кеткен ескілікті әдет-ғұрыптардың басқа да түрлері бар. Мысалы, жеке адам өміріне байланысты орындалатын жанұя тұрғысынан алынған бала туу, үйлену, өлім және т.б. құбылыстарымен байланысты мейрамдар мен қайғылы-қаралы күндерді өткізу дәстүрлері.

Әулиелер аруағына табыну өте көне әдет-ғұрыптардың бірі. Бұл мәселенің де әлеуметтік мазмұны, саяси бағытының болғаны мәлім. Себебі, мұсылмандық әулиелер қатарына халифтер, сұлтандар, хандар мен билер, яғни өмірдегі алған орнын ол өлгеннен кейін де дәл айқындығынан айырамыз. Сол үшін олардың табытын сақтайтын күмбездер, мазарлар, табыттар ислам діні тараған барлық жерлерде орын алды десек, қазіргі Қазақстан территориясында оның мәні мазмұн-мақсаты өте жоғары. Мысалы – Қазақстан жеріндегі ерте дәуірдегі ірі қалалар Тараз, Сайрам, Түркістан т.б. көптеп саналатын әулие жерлер мен орындардың өзі осы ойымыздың айғағы деп түсуініміз керек. Сонымен бірге, ислам дінінің алғашқы шаққан уақытынан бастап-ақ, оны қостаушылардың және қарсы жақ өкілдерінің арасында түсініспеушіліктер болғанына тарихтың өзі куә. Соның нәтижесінде ерестік, еркін ойлық пікірлердің қалыптасуы, әлеуметтік-саяси қайшылықтардың шығуы, ресми, табиғи ислам дінінің сунизм және шиизм сияқты екі бағыттың дүниеге келуін, ықпал үшін күрестің әсері деп білуіміз керек.

Сунизм – қоғам дамуының талаптарына байланысты үстем тап қажетін өтеуге құрандағы догмалар жеткіліксіз болды. Сондықтан, заман ағысына қарай адамдардың өзара қатыынасын, халифтің ірі феодалдардың ісін растайтын Мұхаммед пайғамбардың тірі кезінде айтқан сөздері, жарлықтары, істеген істері, дағдылары туралы қасиетті аңыздар деген хадистер жинағы есунна шықты. Сунна жекелеген топтардың үстем таптардың мүдделерін қорғауға айналады. Біріне-бірі қайшы келетін хадистердің көбеюі оларды ретке келтіріп, жинақтауды қажет етті. Оныі ішінде бізге белгілі алты сүнну жинағы, осы күнге дейін қадірлі деп саналатыны Бұхари Имам құрастырған жинақ «ас-Сахих». Сөйтіп, сүннәні құранмен бірдей мойындаған көпшілік мұсфлмандар ахль-ас сүннә яғни сүниттер деп атады.

Шиизм (арабтың ши,-партия, топ деген сөз) ислам дінінің алғашқы уақытында ортодоксальды сүннизм бағытына қарсы шыққан діни бағыт. Алғашқы шиизм партиясының, тобының өкідері төртінші халиф Әлидің (Ғалидің) маңайына жиналды.

Шиналар сүннәні мойындағанымен құранмен қатар өздерінің аңыздар жинағы хабарды пайдаланды. Құранға екі «Нұр» дейтін сүре қосты. Ол екі Нұры – Мұхаммед пен Әли.

Шиналар қазір Иранда, Иракта, Йеменде, Кенияда, Азербайжанда кездеседі.

Сопылық (дәруіштік) – Ислам дінінің алғышқы жылдары пайда болған аскеттік ағым ретінде IX ғасырда пайда болды. Дегенмен бұл бағыттың алғашқы көріністері араб қоғамында VIII ғасырдың өзінде-ақ кездесетін. Ал кейіннен аскеттер киетін күн шанның «Сүфи», одан «софылық» деген атына байланысты ол сопылық деп аталды. Олардың негізгі мақсаты – шектен шыққан кедейлік, баспанасыздық, ауыр экономикалық жағдай, қарапайым адамдардың ауыр халден шығатын жол іздеуі керек екендігін көрсетті. Ол жолды олар аскеттік өмірден көрді фатализм – тағдырға сену, бұл дүние қызығын қабылдамау, жаман киім кию - алғашқы сопылықтың әлеуметтік саяси қанауға қарсы қойғандары болды. Сопылардың фанатик-діншіл болуды үгіттеуі билік қолдарында тұрған дін иелеріне ұнады да.

Кейіннен сопылар қауымы шығып, оны басқаратындарды Шейх деп атады. Беделді Шейхтар өз жандарында оқушыларды ұстайтын. Олар Мюридтер (Мұрт) деп аталатын болды. Сопылар мектебі бірнеше ағымдарға бөлінді. Орта Азия мен Қазақстанда сопфлар мектебінің Ясевизы, Нақшбандизм сияқты ағымдары орын алды. Сопылықтың ең күрделі түрі Дершивизм, диванизм түрінде қазіргі Тәжікстан аймағында көптеп кездеседі.

Сопылық XI-XII ғасырларда ислам дінінің негзгі бағыттарымен тоғысып кеткенімен, өзінің дербестігін сақтап қалды. Сопылық қауым байыған Шйхтарға және бұрынғыша аскеттік өмір жасайтын, араларында арамтамақ, алдауыштарды көп дәруіштерге бөлінеді. Дегенмен, олар да феодал дана бастап, әсіресе нахшбандия ағымының ірі өкілі Ахрардан кейін Шейхтар арасынан қарамағында мыңдаған Морид-құлдары бар феодалдар шыға бастады.



3. Құран туралы бірер сөз

Ислам дінінің басты уағыздары мұсылмандардың «Қаиметті» - кітабы аталған құранда жинақталып берілген. Ол уағыздар Мұхамедтің аңыздары түрінде айтылады. «Құран» деген сөз қазақ тілінде «оқу» деген ұғымды білдіреді. Құранда арабтардың сол кездегі феодалдық құрылысының идеологиясы жинақталған. Бұл идеология мұсылмандардың азаматтық, қылмыстық заңдары мен әдет-ғұрыптарының негізі болды. Ол қасиетті кітапта егін салған халықтардың әр дәуірдегі өмірінен алынған заңдар мен шежірелердің, ғұрыптар мен салттардың және астарлы сөздердің алуан түрі кездеседі. Мұнда өткен өмір мен болашақ заман туралы аңыздар да толып жатыр. Осындайлық діни қағида, заңдармен қатар, құранда құдай мен оның пайғамбарлары туралы адамның, жалпы әлемнің жер үстіндегі тіршіліктің жаратылуы да көптеген жорамалдар бар.

Дін құранның негізгі нұсқасы жеті қабат аспан үстінде мәңгібақи сақталады дейді, Әзірейіл періште құранды көктің бірінші қабатынан түсіріп, бір оқиға боларда, не бір жағдай туарда оның үзінділерін Мұхаммедке мезгіл-мезгіл жіберіп тұрыпты, пайғамбар мұны жазып отырыпты. Құдайдың берген өмірі, өткендігі оқиғалар мен қазіргі мен болашақ оқиғалардың барлығы осы кітапта жазылған. Сол жазудың мазмұнын перілерден қорғап тұрады екен. Құдай сөзі болғандықтан құран-өмірдің шын мәнісіндегі ережесі және кез-келген діндар мұсылман үшін болашақтағы барлық үміттің көзі. Бұған ешбір де ешбір шек келтіруге тиіс емес, өйткені оны құдадың өзі көктен аян етіп, адамдарға сыйға тартты делінеді.

Мұсылмандар құранның өзін ғана емес, мазмұнын ғана емес, әрбір әріпі мен қағазын да қасиетті санайды, құран сөзіне еш нәрсені теңімейді, құраннан асыл, онан артық бұл дүниеде ештеңе жоқ деп біледі. Құран ұстап ант береді. Бірақ қазақ арасында құраннан нанды жоғары қою дәстүрі бар. Егер нанға қолың жетпесе, құранды аяғыңның астына қойып, нанды алуға болады, ал нанды басып құранды алуға болмайды.

Құранның 12 сүресінің 2 аятында құдай атынан: «мен оны (құранды) сендерге түсінікті болсын деп араб тілінде жібердім» делінген. Кейін ислам діні басқа елдерге тарай бастаған кезде мұсылман дін басшылары құранды бөтен тілге аударуға тыйым салады да, «құран оқу құдайға құлшылық ету араб тілінде болсын» деген тәртіб енгізеді. Мұның араб тілін білмейтін мұсылмандар арасында «құран қаисетті кітап» деген сеніп орнап, оған сиынып, жалбарынды.

Құран орта ғасырдың бас кезінде таяу шығыс елінде көптеген авторлардың көмегімен бірте-бірте жазылды. Оны жазуға, іріктеп өлшеуге, толықтырып-түсіндіруге ғасырлар бойы діншіл ұрпақтың бірнеше өкілі қатысты. Құранның соңғы түрі ислам діні шыққаннан кейін белгіленеді: Мұхамедтен кейін болған халифтер тұсында құран жинағы болмады. Құранның ұмыт болу қаупінен сезіктенген халиф Әбу-Бекір құран үзінділерін жинақтауды әмір етті. Халиф Омардың тұсында ғана Мұхаммедтің өсиеттерін Медина мұсылмандары жинай бастады. Олар Мұхаммедтің ел аузында жүрген аңыздарын қағазға, тастарға, сүйектерге азылып қалған үзінділерден, ауыз-екі айтылып жүрген әңгімелерден жинап құрастырды.

Бұрын Мұхаммедтің хатшысы болған Сәбит-ибн-сейт халиф Осман тұсында құранның төрт данасын құрастырып шығарды. Оның бір данасы Мединада қалдырылды да, қалғандары Куфаға, Басыраға және Дамаскіге жіберілді. Құранның басқа даналары алауыздық туғызбас үшін құртылды. Бізге жеткен сол Сәбит-ибн-сейт құрастырған жинақ, ол «Осман шығарған құран» деп те аталады.

Құран тіл байлығы өте кедей ертедегі араб тайпасы Куфа тілінде, қара сөзбен жазылған. Бұл тілді білмейтіндер оның әсерлі үнінен ғана үрей көреді. Құранда барлығы 114 сүре, 6225 аят бар. әр сүредегі аят саны біркелкі емес: кіріспеден екінші сүреде 286 аят, ал 110 сүреде не бары 3 аят бар. Осы кездегі құранның өзі де әртүрлі. «Медина құранында» аяттардың саны 6000. «Куфа құраны» мен үнді мұсылмандарының құранында 6232 аят бар, шиитер қолданып жүрген құранда 115 сүре бар. Сүрелер көлеміне қарай орналысқан, басында ұзақ сүрелер, одан кейін орта ақырында қысқа сүрелер. Сүрелердің аттары өздерінің мазмұндарымен анықталады. Бірақ біраз жағдайларда сүренің аты өз мазмұнына сәйкес келмейтіні де бар. Кейде сүре тақырыбына осы тарауда кездесетін кейбір сөздер алына салынған.



Құран сүрелері мен аятары ешқандай тарихи тәртіптілік сақталған. Сонымен бірге, оларда бірімен-бірі қайшы келетін пікірлер де кездеседі. Құран аяттарынан араб жұртының бағзы бір замандарындағы тұрмыс ерекшеліктері, табиғат құбылыстарына бағынулары байқалды, құран ертегілерінің ішінде ежелгі арабтардың да, Януди дінінің де, христиан дінінің де, парсы жұртының өте көне дінінің бірі зороастризмнің де, қиял-ғажайып аңыздарының да үзінділері кездеседі. Құран мазмұнынынң төрттен біріне жуығы таурат пен інжілден алынған пайғамбарлар жайындағы аңыз – ертегілер. Бұлар – Мұса (Моисей), Жүсіп (Иосиф), Ғайса (Иисус), Жеқып (Якуб) т.б. Жоғарыда атап өткен пайғамбарларды құран «алланың әділ сөзін» адамдарға жеткізу үшін, оларды «алла тағаланың ең қалаулы діні-ислам діні» жолына түсіру үшін келген көктегі құдайдың өкілдері деп жариялайды. Ислам діні көбінесе үгіттен гөрі соғыспенен таратылып, күшпен мойындатылады да, жаппай үрей тудырып, адамның ақыл-ойын шандып, матап тастайды.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Мұханов Қ., Әйтімбетова Г. Діндер тарихы мен теориясы және еркін ой.-Алматы, Респбликалық баспа кабинеті.-1994 ж.





©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет