Ислам және өркениет. 2010. №5. 11-20 ақпан



Дата17.05.2020
өлшемі24.93 Kb.
Ислам және өркениет. – 2010. - №5. – 11-20 ақпан

Тасболат Е.


Қазақ өрендері Жакарта төрінде өнер көрсетті
Жуырда Астана қаласындағы №2 балалар музыка мектебінің өнерпаз оқушылары Индонезияда өткен тұңғыш «Арсена» халықаралық мұсылман фестиваліне қатысып, ел астанасы Жакарта тұрғындарын қазақтың қара домбырасының үніне , тәнті етіп қайтты. Қазақстандық өнер тобын аталмыш мектептің директоры Оспан Сүлейменов пен ұстазы Дәурен Fылымов бастап

барды. Жакарта төрінде өнер көрсеткен жас өнерпаздар құрамында домбырашы, жыршы, термеші, әнші балалардан құралған «Бәйтерек» тобы, Аграрлық университеттің оқытушысы Гүлмира Магзұмова жетекшілік ететін «Рауан» бишілер тобы, Көкшетау қалалық филармониясының танымал әншілері, Қазақстанға еңбегі сіңген әртістер Майра Есмұқанова мен Бисара Мәкенова, Астана ) қалалық филармониясының домбырашылары Айым Бекбаева, Дулат Әбілдинов, белгілі қобызшы Әлия Ахметова болды.

Әлемдегі ең ірі ислам елі болып табылатын Индонезияда 10 күндей болып, халықаралық фестивальда өнерлерін паш еткен қазақстандық өнерпаздар тобының жетекшісі Оспан Сүлейменов аталмыш мемлекеттің асыл дінімізді қаншалықты жоғары дәрежеге көтергендігіне, ел халқының да имандылыққа жаппай бет бұрғанына таңданысын жасыра алмай:

- Бізді барған күннен екі алақандарына салып, асты-үстімізге түсіп күтті. Мені таңғалдырғаны - Индонезиялықтардың биязы мінезі, қонақжайлылығы. Халықаралық мұсылман фестиваліне қатысып, басқа елдерден келген мұсылман өнерлілерімен танысып, бір жасап қалдық. Бұл жарыс емес, әлем мұсылмандардың бір-бірімен жақындасып, тығыз қарым-қатынас жасаулары үшін ұйымдастырылған шара. Фестивальға жергілікті генерал губернатор (біздіңше, әкім) және бас имамдары келіп қатысып, қазақ өнерпаздарына оң бағаларын берді. Бізді таңдай қақтырған тағы бір жағдай - таңғы намаз уақытында Жакарта азан дауысымен оянатындығы. Бүл елде мешіт те көп екен, бәрі бір сәтте азан шақырғанда, аспан асты азанға толады, - деді тебіренісін жасыра алмай.



Фестивальда өнер көрсетіп қана қоймай, одан рухани азық алып қайтқан жас әртістердің қуанышында шек жоқ. Бұл олардың шетелге жасаған алғашқы сапары емес. Бұған дейін де, №2 балалар музыка мектебінің өнерлі өрендері Ресей, Франция, - Түркия, т.б. елдерде өткен байқауларға қатысып, үнемі жүлделі орындардан көрініп жүрген болатын. Мектеп директоры Оспан Сүлейменов біздің елде де осындай мұсылман халықтарының өнерпаздарын шақырып, халықаралық мәдени іс-шара өтсе деген тілегін білдірді.


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет