Ислам Конференциясы Ұйымы және Қазақстан.



жүктеу 110.89 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі110.89 Kb.
: sites -> default -> files -> publications
publications -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы “абай жолы” эпопеясындағЫ Әйелдер бейнесі
publications -> О. Сүлейменов және қазақ кино өнері
publications -> Абай мен Пушкин шығармалары
publications -> Темірбек жүргеновтің Өмірі мен қызметі (Қазақстан мұрағат құжаттары негізінде) Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы
publications -> «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының қазақ әдебиетінде көркемдік көрініс табу дәстүрі мен инновациялық жаңашылдық мәселелері» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары
publications -> Қазақ стиль типологиясының Қалыптасуы қорқыт ата атындағы Қму доценті А. Е. Айтбаева
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
publications -> Абай танымындағы сопылық
publications -> Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары
Ислам Конференциясы Ұйымы және Қазақстан.

(Ислам Ынтымақтастық Ұйымы)

Қаз Мем Қыз ПУ, Алматы қаласы



т.ғ.д.,профессоры

Қожакеева Л.Т

Тарих магистрі Абдиханова А.Е

Қазақстан өз тәуелсiздiгін алғаннан кейінгі жиырма жыл ішінде сыртқы саясат бағытында айтарлықтай жетiстiктерге қол жеткізді. Тарих үшін жиырма жыл өте қысқа мерзiм, әйтсе де, осы кезең Қазақстанның әлемдік қауымдастықтың егемендi субъектi ретінде қалыптасуы үрдісінде ең маңызды мерзiм болып табылады.

Еліміз өтпелі кезеңнің қиындықтарын абыроймен жеңе отырып, өз дамуының жаңа деңгейіне аяқ басты. Өзара сенімділік қағидаларына негiзделіп, теңдестірілген көп векторлы сыртқы саясаттың арқасында Қазақстан әлемдік қауымдастықтың жоғарғы деңгейдегі халықаралық мойындауына қол жеткізді.

Бүгiнгі таңда Қазақстанның негізгі басымдықтары республиканың үдемелі экономикалық және әлеуметтiк-саяси дамуына қажетті қолайлы сыртқы саяси жағдайды қалыптастыруға бағытталған. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев атап өткендей, геосаяси тұрғыдан алғанда Еуразия құрлығының орталығында орналасуы арқасында Қазақстан iс жүзiнде Шығыс пен Батыстың аралығындағы өзiндiк бір көпiрге айналды. Осы жағдай Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО елдері мен мұсылман әлемі секілді ірі әлемдік және аймақтық державалар арасындағы күрделi геосаяси жағдайда сындарлы мүдделер теңдігін сақтауға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді/1/.

1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланысты Орталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие. Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында ipi трансұлттық корпорациялардың, өзге мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие. Халықаралық коғамдастықтағы еліміздің позитивті образының қалыптасуы және оның халықаралык мәртебеге ие болуы сыртқы саясатты жүргізудегі республика басшылығының көрегендік шешімдерімен мүмкін болды.

Азия мен Еуропаның түйіскен жерінде орналасқан геосаяси жағдайы, экономикалық және әскери-саяси мүдделері, сондай-ақ қол жеткен қуаты Қазақстанды қазіргі халықаралық қатынастарда өзінің айналасындағы елдермен қауіпсіздігін, егемендігін, аумақтық тұтастығын құрметтеу қағидаларына негізделген тату көршілік аймағын құруға мүдделі ірі аймақтык мемлекет ретінде танытты.

Бүгінгі әлем күрделі де жан-жақты. Бұрынғы кездегі идеологиялық қарама-қайшылық (социалистік жүйе-капиталистік жүйе) енді жекелей мемлекеттердің экономикалық және саяси беделіне ауысты.

Олардың назарында егемен еліміздің Ислам Конференциясы Ұйымына мүше болып, одан ары ынтымақтастық жұмыстарында белсенділік танытуы болып отыр/2/. Қазақстан 1995 жылы Ислам Конференциясы Ұйымының мүшелігіне қабылдана отырып, ИЫҰ ұйымымен ынтымақтастығықты жақсы жүргізіліп келеді. Еліміздің бұл ұйымға мүшелігі ИЫҰ-ға мүше мемлекеттермен тиімді байланыстар орнатуға, Қазақстанның ислам кеңістігінде саяси және экономикалық үдерістерге белсене қатысуына, сонымен қатар, Қазақстандағы экономикалық ірі жобаларды жүзеге асыру үшін қаржы ресурстарын тартуға септігін тигізуде.

Ислам Ынтымақтастық Ұйымы iрi үкiметаралық мұсылман халықаралық ұйымы болып табылады. Ислам Конференциясы ұйымы (ИКҰ) 1969 жылы 25 қыркүйекте мұсылман мемлекеттерінің бастамасымен саяси, әлеуметтік салада ислам ынтымақтастығын орнату, неоколониализм, нәсілшілдікпен күресу, Палестина азаттығы ұйымын қолдау мақсатында құрылған. Бүгінгі таңда 57 ел мүше, жалпы халық саны 1,5 миллиард болып табылатын бұл ұйым әлемдік саясатта үлкен ықпалға ие болды. Ұйымға мүше елдер жер шарының бестен бір бөлігін алып жатыр.Қазіргі кезде Ислам Конференыциясы ұйымының бас хатшысы Экмеледдин Ихсаноглу.( Ияд бен Амин Мадани) Сондай-ақ оған Ресей, Босния және Герцеговина, Тайланд бақылаушы ретінде қатысады. Ұйымның штаб-пәтері Сауд Арабиясының Джидда қаласында орналасқан. ИҚҰ-ның басшысы – Бас хатшы, ал атқарушы органы Бас хатшылық деп аталады. Бас хатшыны мүше-елдер Сыртқы министрлер конференциясы бір мәрте 4 жылға сайлайды. Ислам Конференциясы Ұйымының алғашқы Жарғысы 1972 жылы қабылданғанды. Осы Жарғы бойынша, ИКҰ-ның жоғарғы мәслихаты үш жылда бір өткізіліп тұратын мемлекет және үкімет басшыларының конференциясы, саяси органы – сыртқы істер министрлерінің конференциясы. Осынау конференциялар аралығында атқару қыз-метін жүзеге асыратын орган – Бас хатшылық. Ұйымға мүше мемлекеттердің басшы-лары мен корольдерінің қа-тысуымен өткізілетін жоғарғы деңгейдегі Ислам саммитінде Ұйымның Жарғысына сәйкес күн тәртібіндегі мәселелер талқыланып, соған байланысты шешімдер қабылданады. Мұнда ұйым конференциясына (саммитіне) қатысушы елдердің, Умманың (мұсылман қауымының) мүддесін көздейтін көкейкесті мәселелер де талқыланады.

Кейде Ислам Конференциясы Ұйымының төтенше сессиясының шақырылуы мүмкін. Ол Умма талап еткен жағдайда ғана жүзеге асырылады. Яғни, Умма мүддесі үшін ерекше бір маңызды мәселелерді талқылау қажет болса, кез келген уақытта осынау төтенше сессияны шақыруға болады. Ұйым жанынан ашылып, дербес жұмыс істейтін төмендегідей органдар мен құрылымдар бар: Ислам Даму банкі, Ислам жаңалықтары агенттігі, Экономика және мәдени мәселелер жөнінде ислам комиссиясы, Иерусалим қоры, Ислам астаналары ұйымы, Ғылыми-техникалық даму ислам қоры және тағы басқалар. Сонымен 1969 жылы 25 қыркүйекте Рабатта болған мұсылман мемлекеттері басшыларының конференциясында ислам бірлігін әлеуметтік, экономикалық және саяси салаларда бірктіру, колониализмға, неоколониализмға, расизмге қарсы күресу және Палестина бостандығы Ұйымына қолдау корсету мақсатында құрылған болатын. Бақылаушы статусына Босния және Герцеговина, Орталық Африка Республикасы, Ресей федерациясы, сондай-ақ Филиппин ұлт-азаттық фронты - Моро және бірқатар ұйымдар (Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Қосылмаушылық Қозғалысы және т.б.). Ұйымның штаб пәтері Джидда қаласында (Сауд Арабиясы) орналасқан/3, 20-б/.

Ислам Конференциясы Ұйымы мемлекетаралық деңгейде қызмет атқаратын мұсылман әлемінің халықаралық деңгейде жұмыс істейтін жалғыз ғана ұйым болып табылады. 2000 жылы бұл ұйым 56 мемлекеттің басын біріктірді, оның ішіне сонымен қатар ТМД -ның бірқатар республикалары кірді: Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекеттері де бар. Қазіргі таңда аталмыш ұйым 57 мемлекетке толып отыр. Көріп отырғанымыздай өз бастауын ертеден алатын ислам дүниесінің әлемі ел мен ел немесе дін мен дін арасындағы іріткілікті туғызушы емес, өз атауы айтып тұрғандай исламдық қағидаларды негізге ала отырып, дүниежүзіндегі көптеген шешімін таппай отырған жайттарға көмек шараларын ұсынумен ерекшеленеді.

ИКҰ бүгінгі күні халықаралық аренада белсенді рөл атқарып, дүниежүзілік геосаяси жағдайда оң әсерін тигізуде. Ол діни емес, үкіметаралық ұйым. БҰҰ-ның мәліметі бойынша дүниежүзіндегі 50 артта қалған елдің 22-сі ИКҰ-ға кіреді. Сондықтан Сауд Арабиясы, Малайзия, Кувейт, Біріккен Араб Әмірліктері секілді мемлекеттер нашар дамыған бауырлас елдердің экономикасын көтеруге қол үшін беруде. Әсіресе, сауатсыздықты жою мен кедейшілікті азайтуға үлкен көңіл бөлінуде.

Ислам Конференциясы Ұйымының аясында Ислам Ниеттестік қоры да құрылған. Оған жыл сайын бірқатар елдер ірі көлемде қаржылар аударып отырады. Солардың ішінде Сауд Арабиясы Корольдігі – 1 миллиард, Кувейт – 300 миллион, Иран, Алжир, Катар елдерінің әрқайсысы 100 миллион доллардан қаржы аударған. Бұл түскен қаржыны Ұйымның қаржылық қадағалау органдары жыл сайын тексеріп тұрады. Жарна төлеу ерікті түрде.

Ислам Конференциясы Ұйымы мемлекетаралық деңгейде қызмет етіп қана қоймай, қазіргі қазақ елінің ішкі-сыртқы қауіпсіздік шараларына игі ықпал етіп отырған жайы бар. ИКҰ - мұсылман елдерін бір орталыққа біріктіріп отырған ұйым. 1969 жылы қыркүйек айында Рабат қаласында (Марокко) өткен ислам әлемі саяси қайраткерлерінің І-Ислам мәслихатында құрылды. Мақсаты — ұйымға мүше мұсылман елдерінің бірлігін күшейту, бірін-бірі қолдауын қамтамасыз ету, бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту, мәдени, өнер-білім салаларында ынтымақтастықты дамыту болып табылады. Ұйымға тұрғылықты халқы, негізінен, мұсылман болып табылатын мемлекеттер мүше.

Олар ислам ынтымақтастығын нығайту бойынша біріккен әрекеттер мен ұйымға мүше мемлекеттердің саяси, экономикалық және әлеуметтік салалардағы кең ауқымды ынтымақтасуы, ислам құндылықтарын сақтауға бағытталған және оның негізгі ережелерінен шыққан бейбіт сүйгіш саясатын жүргізуі, сондай-ақ бостандық пен тәуелсіздікті сақтаудағы мұсылман халықтарын қолдауды негізге ала отырып жұмыс жасайды.

Ислам дүниесі мен христиан әлемінің арасындағы бітіспес шайқас сонау алтыншы ғасырдан, соңғы пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) заманынан – ақ басталған. Екі дін арасындағы сан мәрте қан төгістердің легі ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап, тіптен ушыға түсті. Киелі Иерусалим шаhарын екі бірдей дін өкілдеріне де ортақ мекен ретінде санап, осы қалаға иелік етуді екіжақты ойлағандықтан, бұл өрт әлі толастаған жоқ. 1948 жылы Израйль мемлекеті араб дүниесімен шектес орталықта ту тіккеннен кейін шырқы бұзылған Шығыс елдері осы ұйымды құруға бел байлады.

Қазіргі кезде ИКҰ Азияның, Африканың, Оңтүстік Американың, Еуропаның халық саны 1,3 млрд. Адамға жететін 57 елін біріктіреді. 2010 жылы халық санының көп болуы мына елдерде тіркелген: Индонезия (231,4 млн. адам), Пәкстан (170,9 млн.) Бангладеш (162,2 млн.), Нигерия (154,7 млн.), сондай-ақ Египет (78,9 млн.), Иран (74,2 млн.), Туркия (72,6 млн.), Қазақстан 16,2 млн. Халқының саны жағынан ИҚҰ елдері арасынан 21 – і орын алады. ИКҰ құру мақсаттары: мұсылман мемлекеттерінің арасындағы ынтымақтастық, халықаралық сақынадағы қызметке бірігіп қатысу, мүше елдердің тұрақты дамуына қол жеткізу.

Бас хатшымен басқарылатын Бас хатшылық болып табылады, ол екі жылға сайланады. Бас харшылықтың штаб-пәтері уақытша (Иерусалимнің израиль оккупациясынан азат етілуіне дейін) Джиддада (Сауд Арабиясы) орналасқан. ИКҰ-ның Бас хатшысы және оның 4 орынбасары ұйымға мүше мемлекеттер сыртқы істер министрлерінің конференциясымен 4 жылға географиялық өкілдік принципі бойынша өз міндеттерінің мерзімін ұзарту құқығысыз сайланады. Бас хатшы қызметінің орнына мүше елдерінің үш тобының: араб мемлекеттерінің, Азия және Африка елдерінің өкілдері ротация (алмастырылу) тәртібі бойынша тағайындалып отырады. ИКҰ-ның бас хатшысы лауазымын:

Малайзия (1970-1973), Египеттің (1973-1975), Сенегалдың (1975-1979), Тунистің (1979-1984), Пәкістанның (1985-1988), Нигердің (Халь-Габид, 1989 - 1996) өкілдері иеленді. 1996 жылы 9-13 желтоқсан аралығында Джакартада өткізілген ИКҰ сыртқы істер министрлерінің 24-ші конференциясында Марокконың мемлекеттік қайраткері - Азеддин Лараки кезекті мерзімге ұйымның Бас хатшысы болып сайланды /4/.

ИЫҰ-ның негізгі мақсаттары:

- саяси, экономикалық және әлеуметтiк салаларда ИЫҰ-ға мүше ислам мемлекеттерiнiң арасындағы Ислам тілектестігін және ынтымастығын күшейту бойынша бiрлескен әрекеттер;

-Исламның негiзгі қағидаларынан туындайтын бейбiт саясат;

-Исламның құндылықтарын сақтауға, өз бостандығы және тәуелсiздiгін қорғаудағы мұсылман халықтарын қолдауға, атап айтқанда Палестина халқын қолдау және Палестинадағы ислам қасиетті жерлерін сақтауға бағытталған бірлескен күш-жігер.

ИЫҰ негiзгi қағидалары: толық теңдiк; халықтардың өзінің мемлекеттік құрылысын өзі шешу құқығын құрметтеу; iшкi iстерге араласпау; елдердің егемендiгін, тәуелсіздігін және аумақтарының тұтастығын құрметтеу; ИЫҰ-ға мүше мемлекеттерiнiң арасындағы даулы мәселелердi бейбiт жолымен келiссөздер, делдалдық немесе төрелік сот арқылы шешу; мүше мемлекеттердiң аумақтарының тұтастығына қарсы, елдердің саяси тәуелсіздігіне қарсы күш қолданбау/5/.

Ал 2011 жылғы төрағалық ету Қазақстанға Ислам және Батыс әлемдері арасындағы дәнекер рөлін нығайтуға, құндылықтарды біріктіріп, түрлі салада тәжірибемен алмасу үшін жағдай туғызуға мүмкіндік береді. Өз кезегінде халықаралық қауіпсіздікті нығайту, экономикалық ынтымақтастықты дамыту, татулық пен мәдениет әралуандығын сақтау және өркениеттер арасында диалогты дамыту мәселелерінде Ислам конференциясы ұйымының әлеуетін пайдалану маңызды болып табылатынын естен шығармаған маңызды.

Қазақстан 2011 жылы Ислам ынтымақтастығы ұйымына (ИЫҰ) төрағалық етуі. Астанада 2011 жылғы 28-30 маусымда Ислам ынтымақтастығы ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің (СІМК) 38-ші сессиясы өткен болатын. Сол сәттен бастап Қазақстан осы халықаралық ұйымға төрағалық етуге кірісті. Бұл басқосуды тарихи оқиға деп атауға болады, өйткені, онда Ислам конференциясы ұйымы атауын (ИКҰ) Ислам ынтымақтастығы ұйымы (ИЫҰ) деп өзгерту туралы шешім қабылданды және Адам құқықтары жөніндегі тұрақты комиссия құрылды. Алғашқы рет ИЫҰ-ның Орталық Азиямен ынтымақтастық жөніндегі іс-әрекет жоспары қабылданған болатын.

Ал Қазақстанның Ұйымға төрағалыққа сайлануына келетін болсақ, бұның өзі әлемдік мұсылман қауымдастығының елге деген зор сенімі, республикада жүзеге асып жатқан шараларға берілген жоғары бағасы деп қараған ләзім. Бұл ретте ұлтаралық татулық пен конфессияаралық келісімді қамтамасыз етудегі елеулі жетістіктері үшін Қазақстанның төрағалығынан тың бастамалар күтілетіні де айқын. Өйткені, діндер мен халықтар ара­сында үнқатысуды дамыту қазіргі заманның ең маңызды шарты һәм уақыттың зор талабы болып отырғаны шындық. Бұдан бөлек, Қазақстан үшін толеранттылық қағидаты - саяси мәдениеттің нормасы ғана емес, сонымен қатар, мемлекеттік қағидат болып саналады. Сондай-ақ Қазақстанның алпауыт ұйымға төраға болуы әлем мемлекеттері алдында беделін арттырып қана қоймай, жоғарыда айтқанымыздай Батыс дүниесі мен Ислам әлемін байланыстыратын, ымыраластыратын алтын көпірге айналмақ/6/.

Төрағалық бізге не берді: біріншіден, жоғарыда айтқанымыздай сөзсіз Қазақстанның беделін көтерді. Батыс пен Ислам өркениеті арасында өркениеттерінің де бір арнада дамуына мүмкіндік жасап, өз ұстанымын одан сайын нықтай түсеті. Екіншіден, Еуропадан алары бар Қазақстанға Ислам әлемінен де алатыны жоқ емес екенін көрсеті. Ислам елдерімен ынтымақтастықты дамыта отырып, елдегі рухани азықты  өрістетудің жағдайы туып отыр.

Енді ИКҰ ға төрағалық барысында атқарылған істерге тоқталсақ. 2011 жылғы 7-9 маусым күндері Астана қаласында VII Бүкіләлемдік ислам экономикалық форумы болып өтті. Сонымен қатар Қазақстан төрағалық барысында Ұйымға мүше елдер Сыртқы істер министрлерінің 38-Кеңесін, 7- Әлемдік исламдық экономикалық форумын, «ТМД елдеріндегі Ислам ролі» атты халықаралық конференцияны және басқа да ірі шаралар өткізген болатын. Жалпы алғанда, ҚР және ИЫҰ ынтымақтастығының 15-жылдық кезеңіне шолу жасап, қатынастар дамуының үдемелі сипатын атап өту қажет. ИЫҰ-ға мүше-елдер мен Ұйымның Бас хатшылығы Қазақстанның маңызды рөлін мойындауда.

Түйіндеме

Ислам Ынтымастық Ұйымы – мұсылман елдерін бір орталыққа біріктіріп отырған халықаралық ұйым. Ислам Ынтымастық Ұйымы бүгінгі күні халықаралық аренада белсенді рөл атқарып отыр. Мақсаты — ұйымға мүше мұсылман елдерінің бірлігін күшейту, бірін-бірі қолдауын қамтамасыз ету, бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту, мәдени, өнер-білім салаларында ынтымақтастықты дамыту болып табылады. Ұйымға тұрғылықты халқы, негізінен, мұсылман болып табылатын мемлекеттер мүше, сондай-ақ бостандық пен тәуелсіздікті сақтаудағы мұсылман халықтарын қолдауды негізге ала отырып жұмыс жасайтын ұйым.



Резюме

Организация исламского сотрудничества — международная организация исламских стран. Организация Исламского сотрудничества является самой крупной и наиболее влиятельной официальной правительственной мусульманской международной организацией. С целью обеспечения исламской солидарности в социальной, экономической и политической сферах, борьбы против колониализма, неоколониализма и расизма и поддержки.



Sunnary

Organization of Islamic Cooperation - an international organization of Islamic countries. The Organization of Islamic Cooperation is the largest and most influential Muslim official governmental international organization. to ensure Islamic solidarity in social, economic and political spheres, the struggle against colonialism, neo-colonialism and racism and support.




ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Н.А.Назарбаев Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында // Егемен Қазақстан, 19 ақпан 2005 жыл.

  2. Ислам конференциясын жаһандық проблемалар алаңдатады. // Егемен Қазақстан 2008 ж.15 наурыз.

  3. Токаев К.К. Внешняя политика Казахстана в условиях глоболизации. Алматы: АО «САК» НППИК «GAUHAR”, 2000.-584с.(401-404); Тоқаев К. К. Преодоление. Дипломатические очерки. - Алматы: ОАО «САК-НП ПИК «CAUHAR”, 2003-656 с.; Токаев К.К. Қазақстан Республикасының дипломатиясы. Алматы: НППИК «GAUHAR». 2002. –568бет.(34-55, 188-190).

  4. Ефимова Л.М. «Современный ислам и политика в Зарубежном востоке». М.1986. –С 563

  5. Милославская Т.П., Милославский Г.В. «Ислам: Проблемы идеологии,права,политики и экономики» М.1985. С-185

  6. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның егемендi мемлекет ретiнде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы. Алматы: РГЖИ «Дәуiр». 1992.-26-27 беттер.




©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет