Ислам мазхабтары тарихы Доц. Док. Адам Асалыоглу Түркістан 2011 ббк удк



жүктеу 2.96 Mb.
бет1/19
Дата28.04.2016
өлшемі2.96 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
: books -> files
files -> ТҮркі және иран халықтары ертегілеріндегі мифологиялық кейіпкерлер түркістан-2007 Редакциялық алқа
files -> Становление европейской науки
files -> Балуан баба аннотация халқымыздың даңқты перзенті, «Қазақ даласының батыры»
files -> Ббк қ Редакция алқасы
Ислам мазхабтары тарихы


Доц. Док. Адам Асалыоглу

Түркістан 2011


ББК

УДК

Пікір жазғандар:

Кенжетай Досай профессор, философия ғылымдарының докторы

Исмайл Чалышкан профессор, теология ғылымдарының докторы Иылдырым Ахмет теология ғылымдарының докторы


Осы кітабымызда Исламдық ой-пікір ағымдарының пайда болуы мен дамуына ықпал еткен себептерді басты тақырып ретінді қарастырамыз. Ислам дүниетанымында белгілі бір кезеңдерде немесе белгілі бір қоғамдық құрылымдарда алуан түрлі түсініктер мен концепциялар басты орынға қойыла бастады. Бұлар кейініректе пікір-көзқарастық бірігушіліктерде өзін паш ете бастады. Бұл түсініктер жалпы алғанда жеке дара ерекшеліктер немесе қоғамдық бейімделушіліктер бағытында дамып жетіліп отырды.

Сондай-ақ, кітабымызда мазхабтардың тарихи кезеңдері және пайда болу процестері көзделмей, қазіргі кездегі мән-маңыздары назарға алына отырып тақырыптар ретіне қарай жүйеленген. Сонымен қатар, кең тарамаған ағымдар назардан тыс қалдырылып, кітабымызға енбеді.



ISBN

АЛҒЫ СӨЗ
Дін – адамзат тарихы басталғалы адаммен бірге өмір сүріп келе жатқан ең ежелгі тарихи құбылыс, адамзаттың салып кеткен сара жолы. Хз. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) көзі тірісінде толықтырылған Ислам діні Хазірет Пайғамбар дүниеден өткеннен соң дінді әр алуан түсіну формаларының пайда болуына байланысты бөлініушілік орын алды. Міне осы бөлінушіліктер деп аталып, діннен бөлек бір ерекшелекке ие болды. Осы тұрғыдан алғанда, мазхаб – бөлекше дін емес, сол дінді түсіну формасы. Бір мазхабтың өз заманына тән шығарған көзқарас, пікірлер – ақидалық-сенімдік және иман негіздеріне емес, психологиялық, философиялық, діни тарихи, әлеуметтік негізге сүйенген жеке көзқарас болып табылады. Мазхаб дұрыс-бұрысымен қатар жүргендіктен, оған сыни талдау, зерттеу жүргізуге болады. Діннен бөлаек ерекшелігі бар мазхаб – саяси және қоғамдық-әлеуметтік себептерге сүйенетін діни әрекет болып табылады. Дінмен теңестірілуі және діннің орнына қойылуы діннің әлемдік мәніне қайшы келуде.

Исламдық ой-пікір ағымдары Исламның әр алуан түсіну формалары немесе пайымдау өзгешеліктері ретінде қарастырылады. Алайда бұлардың бір бөлігі Исламның саяси және сенімдік мәселелеріне, ал бір бөлігі фикхтық-амалдық негіздеріне, енді бір бөлікгі ахлақи-моральдық жай-жапсарына қатысты түсініктерін дамытып отырды. Бұл түсініктер ортақ мәнге ие болғаннан кейін дін мен осы құрылымдардың арасында әрқилы қатынастар орнай бастады. Кейде дін мен мазхаб теңестіріліп отырса, кейде мазхаб Ислам дінінің шеңберінен шығаралып, дін мен мазхабтың шекарасын айқындауда біршама қиындықтар кездесіп отырды.

Осы кітабымызда Исламдық ой-пікір ағымдарының пайда болуы мен дамуына ықпал еткен себептерді басты тақырып ретінді қарастырамыз. Ислам дүниетанымында белгілі бір кезеңдерде немесе белгілі бір қоғамдық құрылымдарда алуан түрлі түсініктер мен концепциялар басты орынға қойыла бастады. Бұлар кейініректе пікір-көзқарастық бірігушіліктерде өзін паш ете бастады. Бұл түсініктер жалпы алғанда жеке дара ерекшеліктер немесе қоғамдық бейімделушіліктер бағытында дамып жетіліп отырды.

Ислам ой-пікіріндегі иғтиқадтық-сенімдік және құлшылық саласындағы пікірлік бірігушіліктер – діннің түсіну формаларымен тығыз байланысты ерекшеліктер болып табылады. Саяси, қоғамдық, экономикалық, географиялық және т.б. себептер дінді түсінуде белгілі бір пікірлердің немесе тұлғалардың айналасына шоғырлануына жол ашты. Осылайша дін түсінігінде өте көп өзгешелену процестері жүріп жатты. Бұл өзгешеленушіліктер уақыт өткен сайын жүйелі қалыпқа түсіп, ой-пікір мен іс-әрекеттерге ықпал ете бастауы, біріге отырып және әлеуметтік өмірде терең із қалдыра отырып әрі қарай өмір сүруі көз алдымызға кең мағынадағы мазхаб құбылысын келтіреді.

Негізінде, университет студенттеріне әзірленген осы кітабымызда тақырыптар мен мазхабтарды егжей-тегжейіне дейін қарастырмай, тікесін айтқанда, шимай-шатпақ саяси оқиғалармен шәкірттеріміздің басын ауыртпай, әзірше тарихи кезең бойынша мазхабтардың қалыптасуына кеңінен тоқталамыз. Тақырыпты тереңінен зерттегісі келгендерге әдебиеттер бөлімінде жан-жақты әрі ауқымды әдебиет тізімдері берілген.

Сондай-ақ, кітабымызда мазхабтардың тарихи кезеңдері және пайда болу процестері көзделмей, қазіргі кездегі мән-маңыздары назарға алына отырып тақырыптар ретіне қарай жүйеленген. Сонымен қатар, кең тарамаған ағымдар назардан тыс қалдырылып, кітабымызға енбеді.



БІРІНШІ БӨЛІМ
САЯСИ-ИҒТИҚАДТЫҚ ОЙ-ПІКІР АҒЫМДАРЫНЫҢ

ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ СЕБЕПТЕРІ
Ислам тарихында пайда болған ой-пікір ағымдарды олар пайда болған діни, мәдени, қоғамдық және саяси орталарынан бөлек айырып қарау мүмкін емес. Белгілі бір қоғамнан немесе мәдениеттен не болмаса географиялық аймақтардан яки болмаса ұлттан келген адамдардың көпшілігі сол иғтиқадтық және саяси формацияларға бет бұруы, басқаша айтқанда, кейбір мазхабтардың белгілі бір географиялық аймақтарда және халықтардың арасында кеңінен тарауы осы басты шындықтың маңызды дәлелдері болып табылады. Саяси және иғтиқадтық мазхабтардың пайда болуына әсер еткен көптеген себептер бар. Алайда саяси және иғтиқадтық факторлар басқа себептердің де ықпалымен дінді түсіну формасында ықпалды рөл ойнай бастады, дінді түсіну үрдісінде белгілі бір өзгешеленулер пайда болды.
А. Адам факторы

Ислам тарихында пайда болған діни құрылымдарда бірі дәрежеде әсер еткен фактор, ол – адам. Мазхабтардың пайда болу себептерін жақсы ұғыну үшін жеке тұлға мен қоғамдағы адам факторының маңызды орнын баса айтқан жөн. Өйткені дінді түсінетін де оны өмірде жүзеге асырушы да – сол адам. Әрбір жеке тұлғаның факторлар мен оқиғаларды түйсінуі мен қарастыруы әр қилы болып келеді. Ұғыну формасы абстарктілі дүниелерден құрылған дін болғандықтан оны түйсінуде әр алуандылықтың болуы заңды. Кейде адамның жаратылуы және қоршаған ортасының мәдени ошағы оның діни түсінігін және түйсіну қабілетінде белгілі бір рөл ойнайды. Осы тұрғыдан қарағанда, адамның қолынан пайда болған мазхабтарды адам факторынсыз ұғынып түсіну мүмкін емес. Адам тек өзі түйсініп қана қоймай, басқалардың да түйсінуінің жолдарын іздейді және онымен өзінің түйсінулерін, түсініктерін салыстырып көреді. Басқалардың өзгешеліктерін түйсіну арқылы өзінің тура немесе жаңылыс жақтарына жауап алу мүмкіндігін табады. Осылайша кемшіліктері мен қателіктерін түзетеді. Ал басқалардың қателіктерін сынға алады.

Мейлі саяси-сенімдік, мейлі фикхтық-амалдық болсын, барлық мазхабтар адамзаттың қажеттілігінен туындады. Адам жүрген жерде діни, пікірлік және саяси айырмашылықтар мен өзгешеліктер де қоса жүреді. Өйткені әрбір адам өзіне тән болмыс болып табылады. Әлемдік діндердің тарихында пайда болған мазхабтардың діни тақырыптардағы түсіну, түйсіну, іске асырудағы айырмашылықтары адамдар арасындағы жеке дара өзгешеліктерімен және адам табиғатында бар психологиялық бейімділіктерімен байланысты екендігі дәлелденгені ақиқат. Бұл зерттеулер әрбір адамның ықылас, байланыс, жай-күй, ұстамыдылық, пиғыл, ерекшелік, болмыс, сана, қиял және ақыл мәселелерінде басқалардан өзгешелеу келетіндігі және олардың табиғатындағы осы өзгешеліктерге байланысты діни топтардың және мазхабтардың діни өмірі мен дін түсініктерінде байқалған өзгешеліктің тәңірлік қалаудан гөрі, адами бейімделулердің ерекшеліктері үстемдік құрғаны (Мак Комас, 1973, 7, 8, 34), әлеуметтік және күнделікті өмірде кездескен діни проблемалардың осы өзгешеліктерге қарай шешімін тапқаны, өз болмыс-бітімдеріне және табиғатына сай діни әрекеттерге бет бұрғандығын айқын түрде көрсетеді. Адам – ақыл иесі, күмәнге салынатын, түсінуге талпынатын, ой жүгіртетін, жауап алатын, түсіндіретін және түсініктеме беретін, түсінік дарытатын, қасиет беретін және тәжірибе жасайтын жаратылыс. Дара мінездік өзгешеліктер мен адам тағиғатындағы психологиялық бейімделушіліктер этнологтарша айтсақ «этниканың нағыз ордасы», филологтарша «тілдің ордасы», әлеуметтанушыларша «әлеуметтік орта ордасы» делініп, топ-топқа бөлінсе де, бұлар психологиялық тұрғыдан, кең мағынада реакцияшыл, рационалист, дәстүршіл, тәжірибешіл, қаталдықты сүйетін және ымырашыл типологиялар, концепциялар немесе мінездер болып айқындалады. Осы тұрғыдан алғанда, пікір өзгешеліктерін айқындауда кейбір ерекшеліктерді білудің маңызы зор. Әртүрлі дін түсініктері мен ой-пікір ағымдарын зерделеп қарағанда әлуметтік-саяси, философиялық және мәдени ортаның да ықпалымен осы психологиялық типологиялардың біреуі не бірнешеуі әлеуметтік және діни өмірдің қалыптасуында басты орынға шыққандығын көруге болады. Қысқасы адам өмір сүрген жерде өзгешелік және байлық бар. Бұл оның дін түсінігіне де әсерін тигізбей қоймайды.
Ә. Әлеуметтік болмыс

Қоғам адамды өз құндылықтарына қарай қалыптастыруда. Сондықтан адамдар өздері өсіп-жетілетін қоғамның бір бөлшегі болғандықтан аталмыш ықпалдан тыс қалуы екіталай. Әлеуметтік өмірдің өзіне тән алғышарттары, жеке тұлғаның кей уақыттарда дін ұғымында да ерекшеленуіне себеп болуда. Әлеуметтік болмыстың әсерінен пайда болатын мұндай ерекешеленулер діннің түсінікті түрі болған мазхабтардың ортаға шығуына да тікелей әсер етіп отыр. Расында да мазхабтардың пайда болу кезеңдері, жайылып-ұстанылған мекендер мұқият қаралатын болса, осыған көз жеткізу әбден мүмкін.

Харижилік – көбінесе шөл далада өмір сүретін, мәдени өмірге үйренуі оңайға соқпайтын бәдәуи араб мінезін өз бойына дарытқан. Шиилікте ұзақ уақыт бойы жартылай тәңір (харизматик) патшалар тарапынан басқарылған, Парсы тектестер мен Сасани өркениетінің көріністері байқалады (Онат, 2000, 5).

Мүржия мен мұғтазила болса қалаға айналған мәдениетті қоғамдардың көріністерін өз бойында алып жүргендей. Қоғамдық өмірдің табиғи ағысы ішінде кейбір кездері дін – салт-дәстүрлермен бірлескен тұстары да болды. Осының арқасында діннің өзіне тән болған динамизмі жоғала отырып, қатаң құралдар алға шығуда, әрі қайтадан ұйымдарға бөліну бой көрсетуде. Дін түсінігінде қалып пен қалыпқа енушіліктің басым болуы және де осыған байланысты орын алған бөлінушіліктер «ұйымдарға бөлінудің» басты көріністері.

Адам баласы туғаннан бастап қоғамның бір мүшесі. Ол, өмірін адамдармен бір ортада өткізеді. Бұл өз кезегінде қаласақта қаламасақта, түрлі салаларда бірге жұмыс жасау пікірін тудыруда, әрі топ-топ болып бөлінуге ықпалын тигізуде. Діни тұрғыдан болатын топқа бөліну әрекеттері мен ерекшеленулердің түбінде осы қоғамдық ақиқат жатыр. Бірнеше саяси мақсаттардың іске асырылуы жөнінен діни мотивтердің (ықпалдардың) неғұрлым әсер ететіндігі айқын көрініп тұр. Басқа жағынан, әлеуметтік өмірдің өзіне ғана тән ерекшелігі (динамизмі) бар: ол үнемі өзгеріп отырады, дамиды, жаңара түседі. Сол кезде діни-қоғамдық немесе діни-саяси әрекеттер де өзгереді, басқа күйге енеді не болмаса тарихпен араласып, ұмыт болып орнын өзге бір жаңа әрекеттерге босатып қалдырады. Кейде бір ғана мазхабтың өзі көптеген елдерде және халық арасында түбегейлі өзгеріске енгендігін көреміз. Үнді мәдени ортасында Исмаилилиттер өмір сүрген кез – осының айқын мысалы. Әлеуметтік тұрғыдан «әлемдік» пікірін алға тартатын, әрі өз құрамында өркениет пен мәдениет ортасынан келген кісілерді қамтыған діндерде – пайғамбарлар өлген соң әр түрлі мазхабтардың/түсініктердің және де әр түрлі діни мәтіндердің пайда болуы жалпы еліктеу және әлеуметтік-тарихи оқиға болып саналмақ (Гүнай, 1986, 179). Христиандық, Яхудилік, Буддизм, Индуизм сияқты Ислам да осы тарихи шындықтан өз үлесін алған. Негізінде діндердің таралуы мен жалғасымдылығы, мәдениеттермен кезігулері, жаңа мәдениеттерді қалыптастыруы және де қоғамдық өзгерістерге деген қарсылықтар осы мазхабтар жолы арқылы болған.

Ислам пайда болмастан бұрын көптеген араб тайпалары көшпенді болатын. Ал қалған аз ғана мөлшері отырықшы болды. Саяси өмір рушылдық негіз бойынша қалыптасқан болатын. Құрайштың екі танымал руы арасында баяғыдан бәсекелестік бар еді. Осының салдарынан Жәмәл және Сыффин секілді ықпалын қазірге дейін жоғалтпаған маңызды саяси оқиғалар орын алды. Қоғам – құлдар және қожайындардан түратын.

Ислам кітапқа сүйенетін өркениеті және мемлекет дәстүрі болмаған бір қоғамды мәдениетті қоғамға айналдырумен іске кірісті. Аталған жәйтке мән берген Аллаһ Тағала дәл осы қоғамның тілімен оларға үн қатты, әрі олардың кейбір өркениеттік, құқықтық, діни рәміздер мен құлшылық түрлерін не сол күйде жалғасуын қалады, не болмаса өзгеріс енгізді. Дегенмен, ескі мәдени-әлеуметтік жағдай мен саяси болмыс – бертін келе Құранды түсіну мен түсіндіруде, әр түрлі пікірлерді ұстануларында жеке тұлғаларға ықпалды болуын жалғастыра түсті.
Б. Саяси оқиғалар

Мазхабтардың пайда болуындағы ең маңызды факторлардың бірі – саяси оқиғалар болып саналады. Саяси оқиғалардың бұл мәселеде қаншалықты рөл ойнайтындығын жақсырақ түсіну үшін Құранның саясат тақырыбына қалай қарайтынына жалпы көз қырын салып кеткен жөн.

Құран сенім, ғибадат және ахлақ мәселелеріне тікелей және кеңінен мән бергенімен, саяси тақырыптарға әлемдік сипаттағы жалпы қағидалардан бөлек ешқандай анықтама келтірмеген. Мысалы, Хазреті Пайғамбарымыздан (с.а.у.) кейін халифа кім болады, бойында қандай шарттар болу керек, мемлекет түрі мен басқару жүйесі қалай болады деген мәселелерге тоқталмайды әрі баяндамайды. Саясатпен қоса өзге тақырыптарды да қызықтыратын осы негізгі қағидалар – жалпы алғанда мұсылмандардың істерінің өз араларында ақылдасу (мәшуәрәт) арқылы шешілуі (Шұра, 38; Әл-і Имран, 159), адамдар арасында әділет және шындықпен үкім берілуі (Ниса, 58), адамдар арасындағы жоғары болудың бірден-бір себебі тақуа екендігі (Һужурат, 19) жайлы қағидалардан тұрады. Дін-саясат ара қатынасында ең көп қозғалатын халифа және имам ұғымдары Құранда «саяси атақ-даңққа ие адам» деген мағынада қолданылмаған. Халифа – ерік-қалауы өзінде болған, тікелей ізгі істер жасауға ат салысатын кез келген пенде (Бақара, 30; Әньам, 165). Ал, имам деген сөз – көптеген мағыналарды білдіргенімен, осы орайда адамдарға үлгі-өнеге болатын әрі басшылық жасай алатын кісі деген мағынада пайғамбарлық үшін қолданылған (Бақара, 124).

Негізінен алғанда, мұндай қолданыстарда пайғамбарлық мақамының да бір шежірелік үстемдікке ие еместігі, жіберілген елшінің шежіре тәуелділеріне артықшылық бермейтіні, сондай-ақ өзгелерден гөрі қандайда бір жоғары мәртебеге жеткізбейтіні айдан анық (Хатипоғлы, 1978, 136-7). Бұған қоса, пайғамбар таңдалған тайпаға – «пайғамбар осылардан шыққан деп» өлгеннен кейін саяси не болмаса саяси емес лауазымдарды иелену жеңілдігі де қарастырылмаған. Сондықтан да халифалық пен басшылық мәселелері – діннен гөрі дүниеге және саясатқа жақын мәселелер. Әрі тікелей мұсылмандардың ісі.

Хазреті Мұхаммед (с.а.у.) Құранның негізгі қағидалары бойынша сол кездегі араб қоғамының саяси-билеушілік дәстүрлерінен де пайдалана отырып бір ұстанымды (үлгі) ортаға қойған. Ол (с.а.у.) қайтыс болмастан бұрын орнына ешкімді тағайындап қалдырмаған. Сол себепті мұсылмандар пайғамбарсыз өмірге үйрену мәселесінде алғашқы жылдары едәуір қиыншылықтарға тап болған-ды. Хазреті Пайғамбар (с.а.у.) қайтыс болған соң надандық кезеңдегі (Аллаһты танып білмеген кезең) ру-тайпаға бөлінушілік ұғымы – қоғамдық және саяси ортада қайтадан белең ала бастады. Хазреті Әбу Бәкір – еркін түрде халифа етіп тағайындалған болса, «Хазреті Омар – Әбу Бәкір тарапынан таңдалса еді, ең дұрыс іс жасалған болар еді» деген сөздің Хашим ұлдарының осы жайлы ортақ пікірлерін көрсетіп берді деуге болады. Ал, Хазреті Омардың жауабы былай болатын: «Құрайш, пайғамбарлық пен халифалықтың сізде қосарлануын қаламайды» (Табәри, Трз, ІV, 236).

Хазіреті Әбу Бәкірдің халифа болуымен шешілгендей болып көрінген мәселе кейін де талас-тартыстың себебі бола берді. Шиа «Әбу Бәкір – Омардың септігімен кездейсоқ, әншейін халифа бола салды» деген пікірді алға тартып, «негізінде халифалық Әлидің хаққысы еді» деп шықты. Хазіреті Османның халифа болуымен тарихи араб руға бөлінушілігі қайтадан көрініс тапты. Әлі Осман халифа болмай тұрып Омар тарапынан ұйымдастырылған ақылдасу кезінде Әли мен Осман жайында пікірлер айтылғанда: кейбіреулер Әли халифа болса оны қабылдамайтындықтарын, ал кейбіреулер Осман халифа болса қабылдамайтындарын баса айтқан. Осман халифа болған соң Үмайя ұлдары жоғалтқан абыройларына жаңадан кенелгендігі жайлы ойлана бастайды. Османның маңызды жұмыстарға өз руының адамдарын тағайындауы үлкен қарсылық тудырған. Үмайя ұлдарының жалпы ұстанымдары, әкімдердің кейбір енжарлықтары, Османның қартайғандығы және Омардан кейін келгеніне байланысты бір атақ-абырой тұрғысынан нашарлауына ықпал етуі – оның Мәдинадағы атағына кері әсер еткен. Соңында Османның өліміне себеп болған «бүлік (фитнә) оқиғалары» орын алды. Хазіреті Осман халифа болғаннан соң 6 айдан кейін басталған оқиғалар «Бүлік оқиғалары» ретінде тарихта қалды. Осы оқиғалар – Мәдинада Үмайя ұлдарының билігінен мазасызданған адамдардың, Куфада әкім Саид бин әл-Ас тарапынан айтылған «Куфа – Құрайштың егістігі» пікіріне қарсы шығып, Құрайштың атақ-абыройын мойындауды қаламағандардың, ал Мысырда әкім Ибн Әби Сәрһтың басшылығына разы болмағандардың жинала отырып іске асырғандары – кей-кейде діни сезімдерге беріле отырып жасалынған қимылдар еді. Мұның соңы Хазіреті Османның Мәдиналықтардың көзінше шейіт етілуімен біткен болатын.

Үмайя ұлдары Османның өлімінен тікелей Хашим ұлдарын және де Хазіреті Әлиді жауапты көруді жөн санады. Осман өлтірілген соң көтерілісшілер Әлиді халифа лауазымына әкелген еді. Алайда, Әли көпшіліктің қолдауын алғанына қарамастан, мұсылмандардың ынтымақ-ауызбіршілігін қамтамасыз ете алмағандығын көрудеміз. Өйткені Муауия Шамда Әлиге қолдау дауысын бермеген болатын. Талһа, Зүбәйр және Айша – Османның кегі ретінде Әлиге қарсы көтеріліске шыққандықтарына байланысты Жәмәл шайқасы орын алған еді. Ал кейбір мұсылмандар қай жақтікі дұрыс екенін білмегендіктен тарапсыз қалуды жөн деп білді (Онат, 2000, 12-13).

Муауия «Османды Әли өлтірткен» деген пікірді ұстана отырып, оның қанын жуу мақсатында Әлиге қарсы соғыс ашты. Шамдағы Үмайя мешітінде Османның қанды көйлегі мен жұбайының кесілген саусақтарын көрсетіп, жұртшылықты Әлиге қарсы қоя бастаған еді. Негізінде Муауияның осы саяси әрекеті тарихи Әмәуи-Хашими дауының жаңа бір көрінісі болатын. Муауияның «Османның қанына жауап» ретіндегі пиғылының артында жасырын жатқан билікке құмарлығы – рушылдық бойынша оны билікке жетелеген. Муауияның бұл ұстанымы мұсылмандарды Сыффин соғысында бір-бірлерімен соғысуына себеп болды. Соғыс болып жатқан кезде Құран парақтарының найзалардың ұшына түйреп, бір топтың Әлиді соғыстың нәтижесін төрешілердің еркіне беруге мәжбүрлеуі «Төреші оқиғасын» дайындаған. Төреші оқиғасының арқасында харижилер атты жаңа бір қозғалыстың бастау алғанын көрудеміз (Онат, 2000, 14).

Осы оқиғалардың барлығы кейінгі мазхабтардың пайда болуына әсер ететін көптеген тауқыметтердің туындауына себеп болды. Үлкен күнә мәселесі, имамдық, амал-иман ара-қатынасы, сондай-ақ тағдыр (қадар) мәселелері осыларға айқын дәлел. Сол кезде пайда болған саяси дау-дамайлар кейінірек пайда болған мазхабтардың аталмыш мәселелерде үкім берулеріне (белгілі бір жолдардың ұстануларына) септігін тигізді.
В. Көне өркениеттер және мәдениеттермен жүздесуі

Ислам пайда болған қоғамда христиандық, иудайзм және пұтқа құлдық өркениетінің іздері бар еді әрі аталған діндердің өкілдері де табылатын. Исламның фәтхтар (діни жорықтар) арқылы араб түбегінен сыртқа қарай шығып, түрлі елдерге таралуының арқасында Сасаниттер, Византия, Үнді, Түрік, Қытай және сол сияқты дүние өркениеттеріне тап болды. Сол өркениет пен мәдениет орталарына тән адамдардың мұсылман болуы және де аталмыш өркениетпен кездесудің нәтижесінде кейбір әсерленулер орын алды. Орын алған мұндай әсерленулер – жаңадан пайда болып келе жатқан кейбір діни ағымдардың пікір-көзқарастарында түрлі деңгейде әсерлі болды. Ал, бертін келе осы ықпал күшейе түсті.

Ислам мазхабтарының тууына әсер еткен өркениет құбылыстарын зерттеу барысында – істі надандық кездегі араб өркениетінен бастауда пайда бар. Ислам діні – жаңа пайда болған кездерінде араб өркениетінен келген әрі Исламға жат қылықтарға тиым салған. Ал, Исламға жат болмаған қылықтар жайлы үнсіз қалған, не болмаса қабылдаған. Ислам ысырып тастаған кейбір тұстар уақыт өте келе өз әсерімен көзге түсе бастаған. Мысал үшін, рушылдық – Ислам бойынша жақсы емес, тиым салынған түсінік. Бұған қарамастан Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) қайтыс болғаннан кейін бірден осы рушылдық әрекеттері көзге түседі. Хазіреті Осман халифа болған кезде осы рушылдықтың толығымен қайтадан ортаға шыққанын да көруге болады. Харижиліктің пайда болуындағы ең маңызды жайттардың бірі болып саналатын «Құрайштың негізгі орталық атақ-абыройына деген қарсылық» (Фығлалы, 1983, 56) – осы рушылдық ұғымының және де көшпенді өмірден отырықшы өмірге ауысуда орын алған сәйкессіздіктердің маңызды да сан қилы көріністерінің біреуі.

Дүние тарихында әсерлі болған күшті өркениеттер мен мәдениеттер – мемлекеттердің қирап, ыдырағаны сияқты ыдырамайды; әрі толығымен жоғалып та кетпейді. Өйткені, ешбір өркениет толығымен жоғалмайды, өлмейді. Ол өзге өркениет және мәдениеттермен бірге қайтадан көрініс табады. Негізінен алғанда аталмыш әсерлену бір жақты болмастан, күшті де билеуші өркениеттер арасында ауысып, өз жалғасын тапқан. Исламдық жорықтар нәтижесінде Исламды таңдағандар да осылай күшті бір өркениет пен мәдениет ортасынан шыққандықтан өз өркениеттерін түгелдей ысырып тастамаған; керісінше оларды Исламға сәйкестендіре отырып жалғастыруға бел буған. Осылайша олардың баяғыдан келе жатқан дәстүрлі түсініктері – жаңа діндерін ұғыну, түсіну және іске асыруларында барынша әсерлі болған әрі өзгеше діни ұғынулар мен әңгімелердің пайда болуына ықпал еткен. Әләуилік-Бекташилікте және Түрік сүнниттігінде түрік дәстүрінің әсер еткендігі осыған айқын дәлел болады. Бұған қоса, қадиянилік пен баһаилікте Иран мен Үнді өркениеті әсерлі болған.

Ислам діні алғаш пайда болып таралған жерлерде Араб, Рим, Мысырда Сасани мәдениеттері және де иудайзм, христиандық, зароастиризм, манихеизм секілді танымал діндер немесе олардың кейбір бағыттары барынша нық орнаған болатын. Хирә мен Ирак – Сасанилердің, Шам болса Византияның ықпалында болды. Александрияда (Искандария) жаңа платоншылдық, Нисибис, Харран және Жүндишапурда Грек теологиясы (дінтану) мен философиясы үйретіліп жатқан еді (Құтлұай, 2001, 28-35).

Сасанилер мен Рим елдері араб түбегінде бәсекелес екі саяси күшті құрап тұрған болатын. Осы билеуші өркениет пен мәдениеттер арасындағы дау-дамай мен бәсекелестік, кейін келе Ислам және осы өркениеттер арасында жалғасын тапқан. Аталған себептердің ешқайсысы дінді өзгерткен жоқ, дегенмен, адамзат атаулының Исламды басқаша түсініп-ұғынуына әсерін тигізді. Онсыз да жаңа пікір-көзқарастардың, логикалық ұйымдар мен әлеуметтік әрекеттер – бірдей болмаған, әрі түрлі-түрлі өркениеттерден келген адамдардың кездесіп, бірге ғұмыр кешетін ортада пайда болып дами түсетіні – әлеуметтік шындық болып саналады. Осылайша, тамыры тереңге бойлаған өркениеттік және тарихи құбылыстар – кейінгі ұрпақтардың Құранды өзгеше түсініп аңғаруларына себеп болған. Хижреттің 2-ші ғасырында тарих сахнасына шыққан Шиға – көп тұрғыдан Сасанилер мен Парсы мәдениетінен әсерленген. Шиғаның «Имамдық» ұғымының негізінде «жартылай-тәңір патша» деген түсініктің бар екенін айту мүмкін. Аталмыш өркениеттегі харизматикалық (жартылай-тәңір) көсем ұғымы – Хазіреті Әлидің және оның нәсілінен келген имамдардың қателікке бой алдырмайтын, күнәға берілмейтін, кіршіксіз жандар екендігі арқылы көрініс тапқан. Ал, Шиғалардағы «қиналу, азапталу» әрекетінің христиандық дәстүрмен байланыстыруға да болатын сияқты. Мұнымен қоса, шииттер мен сунниттердегі айтылып жатқан «Мәсіһ-Мәһди» сенімінің көбіне иудайзм мен христиандықтан әсерленгенін айта кетсек, қателеспейтін сияқтымыз. Себебі, Құранның сенім негіздері етіп белгілеген жайттардың арасында ешқандай «Мәсіһ-Мәһди» нанымы жоқ. Құранның өзі Мәһди (тура жолға бағыттаушы) ретінде білдірілген (Онат, 2000, 17).


Г. Діни мәтіндер

Діни мәтіндер дегенде ең баста Құран аяттары мен хадистер ойға оралады. Құран аяттарының кейбіреулерінің мағынасы жасырын, не болмаса бірнеше мағынаны білдіреді. Яғни, бүкіл адамдардың бірдей түсінетін аяттары болады немесе әркім әрқалай түсінетін аяттар да болады. Бірінші топқа Ұлы Аллаһтың болмысы, бірлігі жайындағы таухидке байланысты аяттар жатады. Екінші топқа мысал ретінде: адам еркіндігі жайындағы не болмаса құрамына кімдердің кіретіні беймәлім болған әхли-бәйт жайындағы аяттарды айту мүмкін.

Уаһи – бір байланыс ретінде «бірдей деңгейде болмаған екі жақ арасында» (Әбу Зәйд, 2001, 56) яғни Аллаһ пен адамзат арасында орын алған. Уаһи арқылы болатын осы байланыс тек қана пайғамбарларға тән. Олардан басқа ешкімнің бұл байланысты толық аңғаруы мүмкін емес. Мұның қалай іске асқандығы, хабардың сөз және мағына тұрғысынан кімге қатысты екендігі, осы байланыс барысында періштенің рөлі қандай екендігі үнемі даулы мәселе болып келген. Қоғамдық өмірде орын алатын шындықтарға негізделе отырып түсетін және де елші шыққан қоғам тілінің бүкіл әдеби ерекшеліктерін қолданатын уаһидің түсу себебі және қандай мағына білдіретіндігін – сол жердің адамдары ұғынуға кіріскен болатын. Түсініксіз мәселелер не болмаса жасырын тақырыптар Пайғамбардан сұралатын. Пайғамбар өмірде болған кездері аталмыш мәселелер өзі тарапынан шешіліп жатса, енді дүниеден өткенінен соң уаһидің қайнар көзімен болған байланыс толық үзілгендей болды.

Араб тілінің ең әдеби мәтіні болып саналатын Құранда көзге көрінетін, әрі сезінуге болатын болмыс дүниелерге қатысты ашық-айқын мағлұматтар болғанындай, көзге көрінбейтін, сезім мүшелері арқылы сезінуге болмайтын әлемге, сондай-ақ, өткен дәуірге қатысты мәліметтер де бар. Бұған қоса аталмыш мәліметтер - әр түрлі әдіс-тәсілдер мен әдеби ерекшеліктерге сай (нәзіктіктерге қатысты) баяндалып жатқан болатын. Мысал үшін Құранда Аллаһ, Аллаһтың сипаттары, қиямет, ақырет, жәннат, жәһаннам, сырат көпірі, періште, жын, шайтан, өткен үмбеттер жайлы сөз қозғалғанда мәжаз, истиарә және де тәшбиһ секілді әдеби жанрлар қолданылып жатқан-ды. Бір жағынан кейбір аяттардың мағынасы ашық-айқын (мүһкәм) болғандықтан жеңіл түсініліп жатса, ал кейбір аяттар мағыналары ұқсас әрі жасырын (мүтәшабиһ) болғандықтан қиын ұғынылатын, тіпті ұғыну мүмкін емес еді. Құран аяттары түсіріліп жатқанда тақырыптарға байланысты жеке дара топтарға да ажыратылмаған болатын. Белгілі бір тақырыптарға байланысты аяттар әр жерде орналасқан еді. Пайғамбарға алғаш иман келтіргендер түсінік, зейін, мәдениет, білім және де Оған жақындықтары тұрғысынан бірдей деңгейде болмағандықтан діннің қасиетті мәтінімен болған ара-қатынастары, ұғынулары да бірдей болмаған. Құран түскен дәуірден неғұрлым көп уақыт өтіп, әлеуметтік жағдайлар өзгерген сайын – адамдар табиғи түрде аталмыш мәтіндерді түсінуде және Аллаһтың мақсат-мұратын анықтауда әр түрлі әдістер мен түсініктер бойынша Құранға жүгінгендіктен әр түрлі нәтижелерге қол жеткізіп отырды. Тіпті, адамдарды бір ғана наным-сенім айналасында жинау мақсатында түсірілген әрі ашық-айқын, түсінікті екендігі баса айтылған бір мәтін – ақыр-аяғында әр түрлі түсінік иелері болған жеке адамдар мен топтардың - өздерін қолдау (дұрыс екендігін дәлелдеу) үшін қолданатын бір мәтінге айналды; осылайша, бір ғана аятқа қатысты ондаған көзқарастар айтылып жатты. Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.) кейбір хадистері үшін де жоғарыдағы жағдайды айта кету орынды. Дегенмен, Құран мен хадистердің мәтіндерінен бастау алатын кейбір түсінбеушіліктер – мазхабтар мен ағымдардың пайда болуына тікелей себепші деп айту дұрыс емес. Ислам тарихында пайда болған ағымдар, жалпы алғанда саясатқа, адамзат атаулыға, қоғамға және де осыған ұқсас дүниелік себептерге қатысты пайда болып отырды (Фығлалы, 1996, 26-27). Адамдар мен ағымдар сол көзқарастарын дәлелдеу мақсатында – қылды қырық жаратын ақыл жетпес түсіндірулер мен баяндамаларға жүгінген. Нәтижеде кез келген мазхаб, ағым, топ, тариқат немесе жамағат - әр түрлі Құран бейнесін (не болмаса түсінігін) жасап алып, оған Аллаһ мақсат тұтпаған дүниелерді де жүктеуге; әрі Құранды өздеріне сәйкестендіріп, бұрып алуға тырысып бақты.

Құран адам баласының ойлануын, ақылын қолдануын, үлгі-өнеге алуын баса айтатыны шындық. Ойланған пенденің өз-өзінен әр түрлі ойларға, әр түрлі тоқтамдарға (ой-тұжырымдарға) баратыны да рас. Ислам діні барлық салада адам баласының ойлануына тиым салмаған. Адам баласы қай жерде болмасын, ақыл алғашқы орында тұруға тиіс.

Уаһиді алатын нәрсе, бұл – уаһиді түсінетін ақыл. Құран – адамдардың өзіне жақындаулары үшін араға ешқандай тосқауыл (немесе алғышарт) қоймаған. Құранға бет бұрған кез-келген пенде өз қабілетіне, білім деңгейіне, мәдениетіне қарай одан үлесін алады. Дұрыс нәтижеге қол жеткізу үшін Құранды «біртұтас» қарастырған жөн. Алайда «толық және әділетті түрде» қарау – үнемі оңайлықпен іске аса бермейтіні ақиқат. Сондықтан да кейбір мұсылмандар кей уақыттарда Құран аяттарын алып, оларды өз ойларына қарай, қателескен күйде дәлел етіп келтіруден де тайынбаған. Мазхабтардың пайда болуында, әрі пікір-көзқарастарының жүйеге келтірілуінде – аталмыш жағдайды көптеп кездестіруге болады. Міне, Исламның ақылға шектеу қоймауы, адам баласының ойлануын, ақылын пайдалануын әмір етуі де – мазхабтардың туындауындағы негізгі жайттардың біреуі (Онат, 2000, 14).



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет