Қиссашылардың (қуссас) Исламдағы үкімі, және қиссалар (қисас) негізінде дінге шақыру туралы



бет1/2
Дата27.04.2020
өлшемі0.53 Mb.
  1   2
«әд-да’уату-с-сәләфийа»
сериясынан
17-бөлім

Қиссашылардың (қуссас) Исламдағы үкімі,

және қиссалар (қисас) негізінде дінге шақыру туралы
Бірінші басылым

сайтының редакциясы дайындаған

қазақ тіліне орыс тілінен сайт әкімшілігінің мақұлдауымен аударылған

МАЗМҰНЫ

Кіріспе………………………………………………………….……………...………….….3

«Әл-қысас», «әт-тазкир» және «әл-уағз» деген не………………..................................5

Исламдағы «қысас» пен «қуссас» үкімі……………………………….…...................….5

Сахабалардың және олардың ізбасарлары мен имамдардың қиссашылар мен қысасқа деген қатынасы……………….……………...…………….…..........................…7

Қиссалар мен қиссашылар туралы қазіргі заман ғалымдардың айтқан сөздер..11

Қысас пен қиссашыларды сөгудегі себеп пен даналық……………………..............15

Кейбір күмәнді дәйектерге жауаптар…………..………………….........................…..18

Дінге шақыруда (дағуатта) қиссаларды қолдануға рұқсат беретін шарттар…....20 Қорытынды…………………………………….……………...…………….……...............21

Әдебиет………………………………….……………...…………….……..........................23


Аллаһ Тағала былай деді: «Менің азабымнан қорқатындарға Құран арқылы үгіт бер» (Қаф 50: 45).



Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен
Кіріспе
Біз Оны ғана мадақтайтын және Одан ғана көмек пен кешірім тілейтін Аллаһқа мақтаулар болсын! Біз Аллаһтан өзіміздің нәпсіміздің және амалдарымыздың жамандығынан пана іздейміз. Кімді Аллаһ тура жолмен жүргізсе, оны ешкім адастыра алмайды. Ал кімді Аллаһ тастап қойса, оны ешкім тура жолға сала алмайды. Жалғыз Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқтығына күәлік береміз және Мухаммад – Аллаһтың құлы және Оның елшісі екеніне куәлік береміз.

Содан соң:

Аллаһ Тағала адамдарға өнеге-насихат жеткізу үшін және оларды ақиқат жолына шақыру үшін елшілерді жіберді және Кітаптарын түсірді. Мысалы, Мусаға (оған Аллаһтың сәлемі болсын) түсірілген Таурат туралы Аллаһ Тағала былай деді: Мусаға (Таурат) тақтайларында әр нәрсені үгіт түрінде ашалап жазған едік: «Сонда оны мықты ұста және еліңе әмір ет. Оның көркем нұсқауларын алсын!»” (әл-А’раф 7: 145).

‘Иса пайғамбарға (оған Аллаһтың сәлемі болсын) түсірілген Інжіл туралы Аллаһ былай деп айтты: «Және пайғамбарлардың ізінше өзінің алдындағы Тәуратты растаушы етіп, Мәриям ұлы ‘Исаны жібердік. Әрі оған ішінде туралық, нұр болған алдындағы Тәуратты бекітуші, сондай-ақ сақтанушылар үшін тура жол, үгіт түрінде Інжілді бердік» (әл-Мәидә 5: 46).

Соңғы пайғамбар және елші Мухаммадқа (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) түсірілген Өзінің соңғы уахиі – Құран туралы Аллаһ Тағала былай деп айтты: «Аллаһтың өздеріңе берген нығметін әрі сендерді насихаттау үшін түсірген Кітапты, хикметті түсініңдер» («әл-Бақара» 2: 231).

Бұл аятта Аллаһ Тағала Құранмен бірқатарда «даналықты» атап өтеді, ал оны көп тәпсіршілер Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннеті деп түсіндідіреді. Және Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзі де өзінің Сүннеті туралы: «Ақиқатында маған Құран және оған ұқсас бір нәрсе сый етілді!» - деген. Абу Дауд 4604, әт-Тахауи 2/321. Хадис сахих. Қз.: “әс-Сильсилә әс-сахиха” 2870.

Аллаһ Тағала өзінің Пайғамбарына (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтты: “«Менің жолым осы. Мен және маған ергендер Аллаһқа ашық дәлел негізінде шақырамыз», - деп айт” (Юсуф 12: 108).

Имам әш-Шәукани бұл аят жөнінде: «Яғни анық дәлелге сүйеніп шақырамыз. Мұндағы «әл-басыйра» – ақиқат пен жалғанды ажырататын түсінік (ұғым), білім!» - деген. Қз.: “Фатхуль-Қадир” 1/298

Шейх Ибн Қасим былай дейді: «Аллаһқа шақыруда (дағуатта) екі шарттың орындалуы қажет: біріншісі – шақыру тек Аллаһ үшін орындалу керек; екіншісі – шақыру Оның Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетіне сәйкес болуы керек. Бірінші шартты бұзған адам – мүшрик болды, ал екінші шартты бұзған адам – дінге жаңалық енгізудің жақтаушысы (бидғатшы) болды!» Қз.: “Хашия Китаб әт-таухид” 55.

Біздің үмметіміздің салиқалы алдынғы буын өкілдері (сәләфтар) дінге шақыруда (дағуатта) даналық танытып, адамдарды дәл Аллаһтың соңғы Кітабының және Оның Пайғамбарының (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) саф Сүннетінің негізінде насихаттады, дағуаттады (шақырды) және оқытты. Және осыда оларға бұл үмметтің танылған имамдары да ілесті.

Алайда олардан кейін, өздері айтатын нәрселерін істемейтін әрі өздеріне әмір етілмеген нәрселерді істейтін адамдар пайда болды. Олар насихат пен өнеге айтудың бұл үмметтің салиқалы алдынғы буын өкілдерінің (сәләфтар) ұстанғанына сәйкес келмейтін жаңа формаларын ойлап тапты да, соларымен Құран және Сүннет бекіткен насихаттау әдістерін ауыстырып жіберді. Олар өздерінің осындай әдістерін біздің заманымызда тиімдірек және пайдалырақ деп есептеуде. Олардың кейбіреулері сопылық нашидтер үлгісіндегі әндермен, кейбіреулері аңыз-хикаялармен және өлең-поэмалармен, ал кейбіреулері көбінесе сенімді емес түрлі хикаялармен және қиссалармен үгіт-насихат айтып, дінге шақырып жүр. Әрі осының барлығы бүгінгі күнге дейін жалғасын тауып келуде. Біз сондай-ақ адамдардың: «Ислам дағуатын жетілдіреміз», - деп, оған «жамағаттар» деп аталатын сан алуан түрлі партияларды құруды, өздері «ислами» деп атап алған нашидтерді, сахналық қойылымдарды немесе көркем фильмдерді, әртүрлі әңгімелер мен қисса-хикаяларды енгізіп қойғанын өз көзімізбен көріп жүрміз.

Бұл еңбекте Аллаһтың рұқсат етуімен осы күндері көптеген дін уағыздаушылары және дінге шақырушылар (дағуатшылар) қолданып жүрген «қисса» (қысас) деген дінге шақырудың (дағуаттың) әдісі және қиссашылардың өздері (қуссас) туралы айтылады. Және біздің бұл тақырыпты таңдауымыздың себебі қиссаларды (қысас) дінге шақыруда қолданудың рұқсат етілгендігі, не етілмегендігі жөніндегі мәселенің көп мұсылмандар арасында тартыстар мен өзара түсініспеушіліктер туғызып жатқаны болды. Және олардың арасында, осы мәселені дұрыс түсінбегендіктен, тіпті имамдардың өмірінен алынған кейбір мысалдарды келтіруді де айыпталатын қиссалар санатына жатқызып, айыпты деп есептеп жүргендер де бар. Тіпті тәубе етуді, тақуалық танытуды, тәуекел етуді, зуһдты т.с.с. қосуға болатын рухани тәрбие сынды насихаттау әдісін қиссалар қатарына қосып жататындар да бар. Сондай-ақ бұл мәселеде жоғарыда аталған пікірлерге қарама-қайшы жағынан шектен шығушылыққа түсіп: «Исламнан алыс адамдарға Құран мен Сүннеттің көмегімен насихат айту тиімді емес», - деп айтып жүргендер де бар, өйткені, олардың ойынша, ондай адамдарға таухид (бірқұдайшылық) т.б. туралы дәрістерді тыңдау ауыр келеді, ал сол арқылы тәубеге келіп, дінге оралатын түрлі әңгіме-қиссаларды тыңдау оңай.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде және көптеген орыс (қазақ) тілді мұсылмандардың өтініші бойынша біз қиссалар мен қиссашылардың Исламдағы үкіміне арналған еңбек құрастыруды жөн көрдік. Осы орайда біз осы мәселеге арналған және оны егжей-тегжейлі қарастыратын ертедегі имамдардың және қазіргі заман ғалымдарының танылған еңбектеріне сүйендік. Өйткені біздің кезімізде көп мұсылмандар бұл мәселеге лайықты мән бермеуіне қарамастан, ол едәуір маңызды болып табылады. Себебі - онымен мұсылман қауымының көптеген салмақты мәселелері байланысты!

Көптеген атақты имамдар өздерінің хадис жинақтарында қиссалар мен қиссашылар мәселесіне жеке баптарды арнады.

Сондай-ақ, бұл жөнінде ертеде өмір сүрген көптеген имамдардың бидғаттарды сөгу туралы кітаптарында да айтылған, мысалы: имам Ибн Уәддахтың «әл-Бида’ уәл-һауадис» немесе имам әт-Туртушидің «әл-Һауәдис уәл-бида’» деген кітаптары. Сондай-ақ көп имамдар қиссалар мен қиссашылар мәселесіне арнап жеке еңбектер жинақтады, мысалы: имам Ибн Абу ‘Асымның «әл-Музәккир уә-т-тәзкир уә-з-зикр», имам Ибн әл-Жәузидің «әл-Қуссас уәл-музәккирин», хафиз әл-‘Иракидың «әл-Бә’ис ‘алә әл-халәс мин һауадис әл-қуссас» немесе имам әс-Суютыдың «Тахзир әл-һаууәс мин аказиб әл-қуссас» деген кітаптары.

Осының барлығы біздің кезіміздің көптеген мұсылмандары қажетті маңыз бермей жүрген бұл мәселенің қаншалықты маңызды екеніне нұсқайды!

Бұл еңбектегі ақиқаттың барлығы - Аллаһтан. Әрі біз Одан бұл шағын ғана еңбекті игі және барлық мұсылмандарға пайдалы етуін сұраймыз!
«Әл-қысас», «әт-тазкир» және «әл-уағз» деген не?
«Қасс» сөзі өзінің тілдік мағынасында: «реттілік», «із бе із өту» дегенді білдіреді. (Шариғи) терминологиялық мағынада бұл сөз «адамдарды қиссалар (қысас) арқылы үгіттеп-насихаттау» дегенді білдіреді.

Имам Ибн әл-Жәузи «қас» – бұл бұрын болып өткен әңгімені баяндап және оған түсіндірме бере отырып, оған сүйенетін (адам) екенін айтқан.

«Әт-тазкир» сөзі адамдарға Аллаһ Тағаланың оларға берген нығметтерін түсіндіруді, оларды осы үшін Оған шүкір етуге талпындыруды және мойынсұнбаудан сақтандырып ескертуді білдіреді.

«Әл-уағз» сөзі (қазақшада көбіне «уағыз» деп жазылып жүр. - аудармашыдан) «Аллаһтың құлдарын олардың жүректері жұмсаратындай етіп қорқыту» дегенді білдіреді.

«Қас» (қиссашы) терминіне келер болсақ, ол өзіне үгіттеудің осы үш түрін де қамти алады. Қз.: “әл-Қуссас уәл-музаккирин” 157-159, “Тарих әл-қуссас” 13.
Қиссалар мен қиссашылардың Исламдағы үкімі
Әл-Хәббәб ибн әл-Араттан Аллаһ Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Ақиқатында, Исраил ұрпақтары опат етілгенде, олар қисса-әңгімелер айтуды бастаған болатын», - деп айтқаны жеткізіледі. Абу Ну’айм “әл-Хильяда” 1681, әт-Табарани “әл-Кәбирде” 3705. Имам әл-Бәззар, имам әд-Дыя әл-Мақдиси және шейх әл-Әлбани хадистің иснадын жақсы деді.

Шейх әл-Әлбани бұл хадиске қатысты былай деген: “«Ән-Нихая» (Ибн әл-Асирдің) кітабында: «Яғни олар (Исраил ұрпақтары) амалдарды тастап, тек сөздерге ғана сенім артатын болды, міне осы олардың опат етілуінің себебі болды. Немесе, керісінше, олар амалдардарды тастау себебінен опат етілген кезде, қисса-әңгімелерге беріліп кетті», - деп айтылады. Мен (әл-Әлбани): «Олардың опат болуының себебі олардың уағыз-насихатшылары адамға дінін тануға көмектесетін және игі амалдарды жасауға талпындыратын фиқх және пайдалы ілімді үйретуге емес, әңгімелерге және қиссаларға елігіп кетуі болды деп айтамын. Сөздері исраилияттардың (Исраил ұрпақтарынан жеткен хабарлар), әңгімелердің және сопылық қиссалардың төңірегінде айналып жүрген біздің кезіміздің көптеген қиссашыларының үкімі (жағдайы) осындай!” Қз.: “әс-Сильсилә әс-сахиха” 4/247-248.

‘Ауф ибн Мәликтен, Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Адамдарға қиссаларды мұсылман әмірлерінен, әмір бұйырған адамнан немесе өзін-өзі (мақтанып) көрсетушіден басқа ешкім айтпайды!», - деп айтқаны жеткізіледі. Ахмад 6661, Абу Дауд 3665, Ибн Мәжжаһ 3753. Хадистің сахихтығын әл-Хайсами, хафиз әл-‘Ираки, имам әс-Суюты, шейх Ахмад Шәкир, шейх әл-Әлбани және шейх Шу’айб әл-Арнаут растаған.

Имам әл-Мунауи былай деп айтты: «Адамдарға ... ешкім қиссаларды айтпайды» деген сөздер «ешкім адамдарға жолдап үгіт-насихат айтпайды және оларға пәтуа бермейді» дегенді білдіреді. Әт-Тыби: «Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «...үгіт-насихат айтпайды» деген сөзі тыйымға нұсқамайды, алайда осы аталған адамдардан өзге біреулердің осылай жасайтыны жоққа шығарылатындығына нұсқау болады»”. Қз.: “Файдуль-Қадир” 6/587.

Бұл хадистің басқа нұсқасы Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осы сөздерінің мағынасын керемет түсіндіреді: Кәсир ибн Мурра бірде ‘Ауф ибн Мәликтің Хумс мешітіне онда адамдар бір адамның төңірегіне көп болып жиналған тұста кіргені туралы жеткізіледі. (Сол кезде) ол: «Бұл не жамағат?», - деп сұрады. Оған: “Ка’б (ибн ‘Ийяд) қиссалар айтуда”, - деп жауап қайтарылды. Сонда ‘Ауф: “Қасірет оған! Ол не, Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) «Адамдарға қиссаларды мұсылман әмірлерінен, әмір бұйырған адамнан, немесе өзін-өзі (мақтанып) көрсетушіден басқа ешкім айтпайды!» деген сөздерін естімеген бе?», - деді. Және бұл сөз Ка’бқа жеткен соң, оның осыдан кейін қысас айтқанын ешкім көрмеді. Ахмад 4/233. Хафиз әл-Хайсами хадистің иснадын хасан деді. Қз.: “Мәжма’у-ззауаид” 1/190.

Әл-Ә’маш былай деп баяндайтын: «Бірде Басра тұрғындары қиссаларға қатысты өзара келіспеушілікке түсті және Әнас келгенде олар одан: “Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қиссалар айтты ма?”, – деп сұрады. Ол: “Жоқ!”, – деп жауап берді». Әл-Бәйһақи “әш-Шу’аб әл-иман” 409, әз-Зәһаби “әс-Сияр” 9/424. Иснады хасан.

Ибн ‘Умар: “Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кезінде де, Абу Бакрдің кезінде де, ‘Умардың кезінде де, ‘Усманның кезінде де қисса айтылмаушы еді. Қиссалар алғаш бүлік (фитна) орын алған кезде пайда болды". Ибн Абу Шәйба 5/290, Абу Ну’айм 164. Хафиз әс-Суюты және шейх әл-Әлбани сахихтығын растады. Қз.: “Тахзир әл-һаууәс” 60, “Сахих әл-Мәуарид” 97-111.

Имам Ибн Абу ‘Асым былай деп айтты: “Ибн ‘Умардың «Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын), Абу Бакрдің, ‘Умардың және ‘Усманның (Аллаһ оларға разы болсын) кезінде қисса айтылмады» деген сөздері мұның олардан кейін пайда болған (діндегі) жаңадан ойлап табылған амал екендігіне дәлел болады, ал Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «(Діндегі) жаңадан ойлап табылған амалдардан сақ болыңдар! Ақиқатында, әрбір жаңадан ойлап табылған амал бидғат болып табылады!» - деп айтатын”. Қз.: “әл-Музаккир уә-т-тазкир уә-з-зикр” 46.

Ал Ибн ‘Умар айтқан, одан кейін Мухаммадтың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) үмметтінде қиссашылар пайда болған бүлікке (фитнаға) келер болсақ, бұл жерде Исламдағы алғашқы секта, яғни олардың пайда болуы барлық адасушылықтардың пайда болуына себеп болған хауариждер туралы айтылуда! Мухаммад ибн Сириннен қиссалар туралы сұрағанда, ол: “Қиссалар – бұл хауариждер енгізген бидғат!”, – деп жауап берді. Ибн Абу Шәйба. Қз.: “Тахзир әл-хәууәс” 83.

Имам Ибн әл-Жәузи айтатын: “Хауриждер қиссаларды қолдана бастағанда және оларға жиі жүгінетін болған кезде, осыда оларға ұқсау харам болды”. Қз.: “әл-Қуссас уәл-музаккирин” 177.


Сахабалардың және олардың ізбасарлары мен имамдардың қиссалар мен қиссашыларға деген қатынасы
Харис ибн Му’ауия әл-Кинди бірде ‘Умар ибн әл-Хаттабқа одан кейбір нәрселер туралы сұрау үшін келгенін баяндайды. Өзге сұрақтардың қатарында ол одан мынаны да сұрады: “Және мен сенен қиссалар (қысас) туралы сұрағым келеді, өйткені адамдар қиссаларды ұнатады”. ‘Умар: “Қалауың білсін”, – деп, оған мұны тыйым салғысы келмегендей болып жауап берді. (Сонда) Харис: «Мен сен қалай деп айтсаң, солай істегім келеді!», - деді. Ал ‘Умар былай деп айтты: «Мен сен үшін, егер сен қиссалар айта бастасаң, олардан нәпсіңмен жоғарылайсың деп қорқамын. Кейін сен қиссаларды олар сені сен өзіңді жұлдыздарға жеткендей сезінетіндей етіп көтермелегенге дейін айта беретін боласың, алайда кейін Ақыретте осының себебімен Аллаһ сені олардың (адамдардың) табандарының астына қояды!» Ахмад 1/18. Хафиз әс-Суюты, шейх Ахмад Шәкир және Шу’айб әл-Арнаут сахихтығын растады.

‘Амр ибн Динар былай деп баяндайтын: “Бірде Тамим әд-Дари ‘Умар ибн әл-Хаттабтан адамдардың алдына қисса айтып шығуға рұқсат сұрады. Алайда ‘Умар рұқсат бермеді. Кейін ол тағы да одан рұқсат сұрады, бірақ ‘Умар тағы оған рұқсат бермеді. Ал ол одан үшінші рет рұқсат сұрағанда, ол оған қарап: «Қаласаң», - деді де, қолымен өзінің тамағынан жүргізді”. Әт-Табарани “әл-Кәбир” 2/49, әт-Туртуши «әл-Һауәдис уәл-бида’» 109. Хафиз әл-Хайсами бұл хабардың жеткізушілері әл-Бухари мен Муслимнің жеткізушілері болып табылатындығын айтады, ал имам әс-Суюты оның иснадын күшті деді. Қз.: “Мәжма’у-з-зәуаид” 1/189, “Тахзир әл-һаууәс” 60.

Хафиз әл-‘Ираки былай деп айтты: “Әрбірі сый-құрметке лайықты және шыншыл болған сахабалардан болған бұл адамға ‘Умардың тыйым салу әрекетіне назар аудар! Бірақ Тамим сияқтылар табиғиндердің және олардан кейінгілердің арасында бар ма?!” Қз.: “Тахзир әл-хаууәс” 223.

Ал Тамим ақиқатында да орын алғаннан өзге қиссалар айтпағандығын ескерсек, біздің кезімізде Тамим сияқтылар қайда! Және хафиз әл-‘Ираки біздің кезіміздің қиссашыларының көптеген және таңғаларлық қиссалары мен әңгімелерін естісе, олар туралы не айтар еді?! Мысалы, кейбір қазіргі заман уағызшыларының мәйітті жуушылар бір өлген адамның ішінен шығып жатқан ыстық отты сезгендігі, немесе басқа біреулер намаз оқымай өлген біреуді азапталғандығынан ұсқынсыз болып кеткен түрде қазып алғандығы, немесе бір жылан бір күнәкардың қабіріне кіріп алғандығы туралы кең тараған әңгімелер. Әрі мұның барлығы күнәкарларды қорқыту ретінде айтылады және баяндалып жатқандардың соңы нендей жаман болғандығының белгісі ретінде көрсетіледі. Біріншіден, осы қиссашылардың ешқайсысы осындай қиссаларының сахих көздерін ешқашан ұсынбайды. Ал екіншіден, осы нәрселердің негізінде ғайып туралы сөйлеуге болады ма?! Оның үстіне, біз көптеген қиссашылар үшін олардың қиссаларының қайнар көзі кәпірлер ойлап тауып, ғаламтор кеңістігіне жариялап жатқан, мысалы, Құранды жыртып тастаған бір әйел қорқынышты мақлұққа айналып кеткендігі туралы және басқа да сол сияқты сенімсіз деректер болып жатқандығына дейін келіп жеттік. Ал іс жүзінде бұлар – кәдімгі фотомонтаж, алайда кейбір қиссашылар оларды ғаламтор кеңістігінен тауып алып, ғажайыптар және Аллаһтың белгілеріне жатқызып, өзінің кезектегі қиссасына сюжет ретінде қолданады. Ал сол кезде кәпірлер оларға өздері сұқпалап жіберген осы «белгілерінің» үстінен келемеждеп, күледі!

Және осы аталғандарға ғаламтор кеңістегіндегі, газет-журналдардағы, кітаптардағы, телеарна және радиодағы, ел ауызындағы т.б. күмәнді көздерден алынған кез келген әңгіме-қиссаларды және хабарларды жатқызуға болады.

‘Абдуллаһ әс-Сәлми былай деп баяндайтын: “Бірде ‘Али ибн Абу Талиб қисса айтып отырған адамды көріп, одан: «Сен үкімін жоюшы (насих) пен үкімі жойылғанды (мансухты) ажырата білесің бе?!», - деп сұрады. Ол: «Жоқ», - деп жауап берді. ‘Али (сонда): «Онда сен өзіңді және өзгелерді опат етіп жатырсың!», - деді" Абу Хайсама “Китаб әл-‘ильм” 130, әл-Бәйһақи “Мифтах әл-жәнна” 45. Шейх әл-Әлбани сахихтығын растады.

Имам Ибн Абу ‘Асым былай деп айтты: “Осыда қиссашының білімін тексеруге рұқсат етілгендігіне нұсқау бар”. Қз.: “әл-Музаккир уә-т-тазкир уә-з-зикр” 36.

Абу ‘Амир әл-Хузани мынаны баяндаған: “Бірде мен Му’ауия ибн Аби Суфьянмен бірге қажылық жасауға бардым, ал біз Меккеге келгенде оған «Бану Махзум тайпасынан болған бір қиссашы Меккенің тұрғындарына қиссалар айтып жүр» деген хабар жеткізілді. Му’ауия оны алып келуді бұйырды да, ол келген кезде ол одан: «Саған мұны істеу бұйырылып па еді?!», - деп сұрады. Ол: «Жоқ», - деді. Му’ауия: «Онда менің рұқсатымсыз адамдарға сөйлеуге сені не итермеледі?», - деді. Ал ол: «Біз өзімізге Аллаһ үйреткен білімді таратып жүрміз», - деді. Сонда Му’ауия былай деп айтты: «Егер мен бұл жерге бұрынрақ келгенімде, онда сенің денеңнің бір бөлігін кесіп тастар едім!” Әл-Хаким “әл-Мустадракта” 1/128, Ибн Наср “әс-Суннада” 51. Иснады хасан.

‘Амр ибн Зарара былай деп баяндайтын: “Бірде мен қиссалар айтып отырған кезімде Ибн Мас’уд төбемнен келіп тұрып алды да: «Әй, ‘Амр! Ақиқатында, сен адасушы бидғат ойлап таптың! Не сен Мухаммад және оның сахабаларынан да дұрысырақ жолмен жүрудесің!», - деді. Содан соң олар мені тастап кетті де, мен өзім отырған жерде ешкім қалмағанын көрдім”. Әт-Табарани “әл-Кәбир”. Хафиз әл-Мунзири және шейх әл-Әлбани сахихтығын растады. Қз.: “Сахих ат-тарғиб” 57.

Салим былай деп баяндайдайды: «(Мен) бірде Ибн ‘Умар мешіттен шығып бара жатып: «Мені мешіттен мына сендердің қиссашыларыңның дауысынан өзге еш нәрсе шығармады», - дегенін көрдім». Әл-Мәруази “Китаб әл-‘ильм”. Қз.: “Тахзир әл-һаууәс” 71.

Бірде қала тұрғындары Сәлман әл-Фарисидің мешітте отырғандығы жөнінде естігенде, олар оның алдына келіп, мыңға жуықтағанша дейін жинала бергендігі жайлы жеткізіледі. Сәлман оларға қарап: “Отырыңдар, отырыңдар”, - деді. Адамдар отырып болған соң, Сәлман «Юсуф» сүресін ашып, оны оқи бастады. Адамдар олардан жүз шақтысы қалғанға дейін, тарала бастады. Сонда Сәлман оларға қарап ашуланып: «Сендер сәнді етіп көрсетілген сөздер үшін жиналдыңдар, ал мен сендерге Аллаһтың Кітабын оқи бастағанымда таралдыңдар?!», - деді. Абу Ну’айм “әл-Хильяда” 1/203.

Сондай-ақ, осы кезде де көптеген мұсылмандар өздеріне қарапайым бір нәрсе болып көрінетін Құранның ұлықтығы туралы ұмытып, әртүрлі қиссаларға және әңгімелерге қалауы ауады және олар қиссалар адамдарға Құраннан да әсерлірек болады деп есептейді.

Әл-Хакам ибн ‘Утайба мынаны баяндайды: “Мен Ибн Абу Ләйләдан қиссалар туралы сұрадым әрі ол былай деп жауап берді: «Мен Мухаммадтың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын), сахабаларын олар бір-бірімен отыратынын және олардың әрқайсысы (Пайғамбардан) естігенін айтатынын көріп үлгердім. Бірақ олардың біреуі уағызшы сияқты отырғаны болмады!»” Ибн Уадах «әл-Бида’» 85.

Сөз дінге үйретушіні тыңдап отыру туралы емес, дәл қысас түріндегі уағыздап-үгіттеу туралы болып тұр, бұл туралы шейх Салих әл-Хиджи Ибн Уаддахтың «әл-Бида’» кітабына жазған шархында айтатындай, өйткені сәләфтар жиі мәжіліс құрып отырып адамдарға дін үйрететін, мысалы, мұны Му’аз ибн Жәбал Шамда істеген немесе мұны Мәдинаның ғалымдары т.б. істеген. Мәймун ибн Михран: “Қиссашы (қасс) Аллаһтың жек көруін күту кейпінде болады!”, - дейтін. Ибн әл-Мубарак “әз-Зуһд” 84.

‘Асым ибн Бәхдәла былай деп баяндайтын: “Біз жастық шағымызда ‘Абдур-Рахман әс-Сәлмиге келетінбіз әрі ол бізге былай дейтін: «Қиссашылармен бірге отырмаңдар! Және олармен бірге отырушылар бізбен бірге отырмасын! Қиссашылардан сақтаныңдар!»” Абу Ну’айм “әл-Хильяда” 4/193.

Абу Идрис әл-Хауләни: “Мешітте лаулаған отты көру мен үшін қисса айтып тұрған қиссашыны көруден сүйіктірек!”, - деп айтқан. Абу Ну’айм “әл-Хильяда” 5/124.

Әд-Даххақ: “Мен ‘Умар ибн ‘Абдуль-‘Азиздің қиссашыларды және олармен бірге отырушыларды түрмеге отырғызатынын көрдім», - деп баяндайтын. Ибн Уаддах «әл-Бида’» 87.

‘Умар ибн ‘Абдуль-‘Азиз түрмеге ғалымдар мен білім иелерін жаппағандығы және мұндайды тек адасқандарға қатысты істегендігі айқын-ақ. Және осыда шынайы ғалымдар мен қарапайым адамдар оларды ғалым деп есептейтін қиссашылардың арасында үлкен айырмашылық бар екендігіне нұсқау бар!

‘Абдуль-Мәлик ибн Мәруаннан қиссалар туралы сұрағанда, ол: “Бұл – сендердің істеп жатқан нәрселерің сияқты бидғат, әрі Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Егер ел бидғат енгізсе, онда олар сол бидғатқа тең болған Сүннетті жоғалтады!», - деп айтты”, - деді. Қз.: “Тахзир әл-хаууәс” 73.

Му’ауия ибн Қурра: “Біз қисса айтып жүрген адамды көрген кезімізде: «Ол – бидғатшы!», - дейтінбіз”, - деп айтқан. Ибн Уаддах «әл-Бида’» 48.

Шу’ба: “Ақиқатында, біз қиссашыларға хадис айтпаймыз!”, деп айтатын. Одан: «Не үшін, уа, Абу Бистам?!» - деп сұрады. Ол: «Өйткені олар бізден бір қарыс хадис алады да, оны бір шынтаққа айналдырады», - деп жауап берді. Қз.: “әл-Жәми’ әл-әхләқ әр-рауи” 2/165.

Хәммам ибн Харис былай деп баяндайтын: “Ибраһим әт-Тайми қиссалар айтуды бастаған кезде, оның әкесі: «Сен не ойлап таптың?!», - деп, оны үйінен қуып жіберді”. Ибн Уаддах «әл-Бида’» 51.

Абу Қиләба былай деп айтатын: “Қиссашылардан өзге ешкім білімді өлтірген жоқ! Адам қиссашылармен бірге бір жыл болып, пайдалы еш нәрсе алмауы мүмкін. Ол білім ортасында да отыруы мүмкін, ал (ол жерден) ол пайдалы нәрсе алмай тұрмайды!” Абу Ну’айм “әл-Хильяда” 2/287.

Бұл ұлы имамның сөзі нендей дұрыс, өйткені қиссашыларды тыңдаушылардың жағдайы бүгінгі күні де тура осындай, олар бірнеше жыл өтсе де ешбір шариғат ілімдерін алмай жүре береді!

Имам Мәлик былай деп айтатын: “Мен мешітте айтылатын қиссаларды сөгемін және қиссашылармен бірге отыру рұқсат етілген деп есептемеймін! Ақиқатында, қиссалар – бұл бидғат! Адамдар оларға хатыбқа (құтпа айтушыға) ұмтылғандай ұмтылмалары керек. Және Ибн әл-Мусайиб және басқалар қиссашыларды олар қиссалар айтып жатқан кезде тастап кететін». “әл-Мәдхәл” 2/144.

Яхья ибн Яхья әл-Ләйси былай деп баяндады: “Бірде, біз Тарабилистан Мәдинаға қарай сапарға шыққанда, бізбен бірге бір жас жігіт те шықты. Және біз қай жерде тоқтасақ та, ол бізге Мәдинаға жеткенше уағыз айтып барды. Әрі біз осыған таң қалатынбыз. Ал біз Мәдинаға жеткенімізде, ол оның тұрғындарының арасында да біздің арамызда істеген нәрсесін істегісі келді. Және мен оның орнынан тұрғанын және тұрған күйінде бір-нәрселерді баяндап жатқанын көрдім. Алайда Мәдинаның тұрғындары оның қасынан кетіп қалды, ал балалар оған тас лақтырып: «Үніңді өшір, әй, надан (жәхил)!», - деп айтты. Мен көргеніме таң қалдым! Біз Мәликке кіргенімізде, сәлемдескенімізден кейін одан ең бірінші сұрағанымыз әлгі жігітпен орын алған жағдай болды. Мәлик: «Адамдар оны тастап кеткен кезде дұрыс істеді, әрі балалар да оған өтірігі үшін сөгіс айтқан кезде дұрыс істеді!», - деді". “әл-Мәдхәл” 2/145.

Әл-Фадль ибн Михран былай деп баяндайтын: “Мен Яхья ибн Мә’инге: «Менің бауырым қиссашылардың алдында отырады», - дедім. Ол: «Оған тыйым сал!», - деді. Мен: «Ол тыңдамайды», - дедім. Ибн Мә’ин: «Оған насихатта», - деп айтты. Мен: «Ол қабылдамайды», - дедім. Сонда ол: «Одан өзіңді шеттет», - деді. Мен: «Жақсы», - дедім. Содан соң мен Ахмад ибн Хәнбәлға келіп, оған тура осыны қайталап баяндап бердім, ол маған: «Бауырыңа айт, ол Құран оқысын, Аллаһ Тағаланы зікір етсін және Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) хадистерін үйренсін», - деді. Мен: «Ал егер ол (мұны) істемесе ше?», - деп сұрадым. Ол: «Істейді ин ша-Аллаһ», - деді. Мен: «Ал егер істемесе, мен одан өзімді шеттетейін бе?», - дедім. Бұған Ахмад күлімсіреді де, ешнәрсе айтпай қойды”. Қз.: “әл-Мәдхәл” 2/149.

Бірде имам Абу Зур’аға өз кезінің танымал қиссашысы болған Хариса әл-Мухасаб және оның кітаптары туралы сұрақ қойылғанда, ол: “Бұл кітаптардан сақ бол! Бұл кітаптар - бидғат және адасушылық болып табылады! Сәләфтардан жеткен хабарларға ілес, ақиқатында, оларда осы кітаптарға жүгінбеу үшін жетіп асатын нәрселер бар!”, – деді. Оған: “Бірақ бұл кітаптарда ғибрат бар ғой!”, – деп айтылды. Бұған Абу Зур’а: “Аллаһтың Кітабынан ғибрат таба алмаған адам үшін бұл кітаптарда да ғибрат болмайды», - деді де, содан кейін: “Адамдар бидғатқа нендей тез ұмтылуда!”, - деп қайырды. Қз.: “әс-Сияр” 13/99, “әл-Ансаб” 4/99.

Имам Абу Зур’аның шыншыл уағызшы болған және зуһдқа арналған, сондай-ақ рафидилер мен му’тазилилер сияқты адасқандардың пікірін жоққа шығаратын көптеген кітаптар жазған әл-Мухасабиден сақтандыруы осындай еді. Қз.: “әл-Мизан” 2/165.

Ибраһим әл-Харби былай деп айтатын: “Егер осыда (қиссаларда) игілік болғанда, онда бұл нәрседе бізден Суфьян әс-Саури, Уәқи’ ибн әл-Жәррах, Ахмад бин Хәнбәл және Бишр ибн әл-Харис озар еді!” Қз.: “Тарих әл-Бағдад” 9/253.

Әл-Жунайд былай деп баяндайтын: “Мен салих, білгір және зуһд болған он шақты шейхтардың қиссалар бидғат екендігі жөніндегі бірауызды келісімде болғанын естідім!” Әл-Бағдади “әт-Тарихта”. Қз.: “Тахзир әл-һаууас” 70.

Мухаммад ибн Ибраһим әл-Кафани мынаны баяндады: “Мен қажылық жасаған кезде, оны сондай-ақ Абуль-Қасым ибн Мухаммад әл-Бағауи және Абуль-Адами әл-Қари де жасады. Біз Мәдинаға жеткен кезде, маған Абуль-Қасым әл-Бағауи келіп, былай деді: «Уа, Абу Бакр, осы жерде бір зағип адам бар, ол Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мешітінде өз айналасына адамдарды жинап алып, оларға қиссалар және жалған хадистер айтып отыр. Біз оған сөгіс білдірсек (дейміз), сен бұл туралы не ойлайсың?!» Мен оған: «Уа, Абуль-Қасым, біздің сөзіміз мұндай үлкен қауым мен жиналысқа әсер етуі екі талай, өйткені біз мәртебеміз бен ықпалымыз (көпке) белгілі болған Бағдатта емеспіз ғой. Сондықтан, бұл жерде өзгеше жағдай», - дедім. Содан соң мен Абу Бакр әл-Адамиге бұрылдым да, оған: «Құран оқуға дайындал!», - деп айттым. Біраз уақыт өтер-өтпес ол Құран оқи бастады, содан соң олардың мәжілісі азая бастады және барлық адамдар Абу Бакрдің қырағатын тыңдап бізге қосылды да, бұл соқырды жалғыз тастады”. Қз.: “Тарих әл-Бағдад” 2/147, “Тахзир әл-һаууәс” 267.

Бұл оқиғада қанша даналық пен пайда бар екендігіне назар бұрыңыздаршы, уа, мұсылмандар! Бұл имамдар айыпталатын нәрсені қандай даналықпен және нәтижемен, пайда мен зиянды өлшеген түрде қандай өзгерткенін қараңыздаршы!

Имам Ибн әл-Жәузи былай деп айтты: «Қиссашылардың айыпталуының себебі олардың атауында емес, өйткені Аллаһ Тағала: «Біз саған ең жақсы қиссаларды (қасас) баян етеміз», - дейді. Алайда қиссашылар, олардың көбі пайдалы білімдерді айтпай, қиссаларға салынып жүргендіктері себептен айыпталады. Сондай-ақ олардың көбі өздері риуаят етіп жатқан нәрселерінде жаңылысады және көбінесе қисынсыз нәрселерге сүйенеді». Қз.: “Тәлбис иблис” 150.

Имам Ибн әл-Хаж былай деп айтатын: “Білім мәжілісі – бұл харам, хәлал және сәләфтарға ілесу туралы айтылатын мәжіліс, алайда ол қиссашылар мен уағызшылардың мәжілісі емес, өйткені бұл – бидғат!” Қз.: “әл-Мәдхәл” 2/144.

Хафиз әл-‘Ираки: “Тіпті егер олардың (қиссашылардың) кейбіреулері кейбір тафсирлерге сүйенсе де, оған олардан риуаят етуге рұқсат етілмейді, өйткені тафсир кітаптарында сахих хабарлар да, қайтарылатындары да бар! Ал сенімді мен сенімсізді ажырата білмейтін адамға келер болсақ, оған кітаптарға жүгінуге рұқсат етілмейді!”, -деп айтатын. Қз.: “Тахзир әл-һаууәс” 64.

Сондай-ақ әл-‘Ираки айтатын: “Қиссашылардың өзекті мәселелерінің қатарына олар көп қарапайым адамдарға олардың ақыл-санасына жетпейтін нәрселерді айтып, соның себебінен олардың адасушылық сенімге түсетіні де жатады. Және бұл тіпті сенімді нәрсе айтылғанда осылай болады, ал сол кезде баяндалып жатқан қисса жалған болса, онда тіпті не айтуға болады?! Ибн Мас’уд: «Егер сен адамдарға олардың ақыл-санасына жеткізе алмай бір нәрсе туралы баяндап берсең, ол міндетті түрде олардың кейбіреулері үшін фитна болады!», - деп айтатын”. Муслим 1/27”. Қз.: “Тахзир әл-һаууәс” 64.

Және қиссашыларды сөгуге арналған өзінің кітабын аяқтай отырып, хафиз әл-‘Ираки былай деп айтты: “Мұсылман әмірлеріне олардың (қиссашылардың) адамдар алдына шығып сөйлеуіне тыйым салу міндетті болып табылады!”

Имам әш-Шәтыбиге: «Бас мешіттерде (бірігіп) кітап оқу - Аллаһты зікір ету мәжілісі болып саналады ма?», - деген сұрақ қойылғанда, ол: «Бұл зікір ету мәжілісі болып табылмайды, бұл қиссалар үшін (жиналған) мәжіліс болып табылады, ал бұл сәләфтар тарапынан айыпталатын еді! Қз.: “Фатауа әш-Шәтыби” 211.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет