Істің мән-жайларын жан-жақты және толық зерттеу туралы талаптарды орындамай шығарған сот актілерінің күші жойылып, қылмыстық ic қайта қарау үшін жіберілді



жүктеу 29.12 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі29.12 Kb.
Істің мән-жайларын жан-жақты және толық зерттеу туралы талаптарды орындамай шығарған сот актілерінің күші жойылып, қылмыстық ic қайта қарау үшін жіберілді

( үзінді)
Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық сотының 27 тамыз 2004 жыл-ғы үкімімен Қ. сотталған.

Наразылықта сот қылмыстық істі қарау барысында ҚІЖК-нің талаптарын бұзып, іске маңызы бар барлық мән-жайларды жан-жақты зерттемей, Қ-ға қатысты заңсыз сот қаулыларын қабылданғанына байланысты бұзып, қылмыс-тық істі өндірістен қысқартуды сұраған.

Прокурордың істің мән-жайын баяндаған хабарламасын және наразылықты қолдаған қорытындысын тыңдап, наразылықта көрсетілген дәлелдерді және істегі бар деректерді жан-жақты тексеріп, қадағалау алқасы, Қ-ға қатыс-ты қабылданған сот үкімі заңсыз болуына байланысты төмендегі мән-жайлардың негізінде күші жойылып, қыл-мыстық icті қайта қарау үшін жіберілуге жатады деген қорытындыға келген.

Бірінші сатыдағы сот қылмыстық істі қарау барысында ҚІЖК-нің 24, 369-баптарына сәйкес іске маңызы бар барлық мән-жайларды жан-жақты және толық зерттеу туралы талаптарын орындамағаны іс құжаттарынан бай-қалады.

Бірінші сатыдағы сот Қ-ның емдеу орындарында 1976 жылдың 12 тамызынан 1996 жылдың 11 наурызына дейінгі уақытта жұмыс істегенін анықтаған. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңның 11-бабына сәйкес Семей сынақ полигонына жапсарлас жатқан аудандардағы 1963 жылғы 29 тамыздан бас-тап 1992 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде жұмыс істеу бip жарым есе мөлшерде еңбек өтіліне есептеледі. Осыған орай, Қ-ның еңбек өтілінің көлемі 24 жыл 3 айды құрайды. Сотта 11 наурыз 1996 жылы зейнеткерлікке шыққаннан кейін, Қ-ның 12 нау-рыз 1996 жылдан 12 желтоқсан 1996 жылға дейін 9 ай Қаражал фельдшерлік бөлімінің меңгерушісі болып icтегені анықталған.

Осы еңбек өтілі қосып есептелсе, оның жұмыс өтілі 25 жылдан астам уақытты құрайды және оның еңбек еткен жылдарына зейнетақы тағайындауға құқық береді. Осыған байланыс-ты 12 желтоқсан 1996 жылдан бастап Қ-ға зейнетақы заңды түрде төленгені туралы қорытынды шығаруға болады.

Қылмыстық заң алаяқтықты қасақана жасалатын қылмыс ретінде бекіт-кен. Кінәлі жалған мәліметті бөтен мүлікті заңсыз немесе осы мүлікке байланысты құқықты алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы қасақана, әдейі жасап ұсынса, ол жауапқа тартылуы тиіс. Алайда, қылмыстық істегі дәлелдерді тексере келе, қадағалау алқасы Қ-ның әрекеттері қасақана әдейі жасалған деген қорытынды жасауға негіз бола алмайды деп есептеген.

Бірінші сатыдағы сот үкімінде Қ. өзінің еңбек өтілінің 25 жылға толмағанын біле тұра, заңсыз зейнеткерлікке шығу мақсатында, 1996 жылғы 11 нау-рызда өзінің ЕТ-15411271 нөмерлі еңбек кітапшасына 1974 жылдан 1978 жылдың 2 тамызына дейін Аягөз ақыл-есі кем балалар үйінде санитарка болып қызмет істеді деген жалған мәлімет енгізген деген қорытындысы жан-жақты тексерілмеген дәлелдердің негізінде жасалған. Қылмыстық іс бойынша осы жалған мәліметті Қ-ның өзі жасап, аурухананың кадр бөліміне ұсынғаны туралы дәлелдер табылмаған. Қ-ның еңбек кітапшасын жаңадан толтырып, оның еңбегіне байланысты мәліметтердің бәрін енгізіп, дайындап берген аурухананың кадр бөлімі екені толық анықтал-ған. Қылмыстық іске тіркелген материалдар бойынша Қ. сақау - саңырау адам, дұрыс сөйлеп, өз ойын жеткізу қабілеті болмаған. Осыған қарамастан алдын-ала тергеуде Қ-ға байланысты қылмыс-тық іске қорғаушы қатыстырылмаған.

Осының салдарынан алдын-ала тергеуде де, сот мәжілісінде де Қ. 1974 жылы орта мектептің 8 сыныбын бітіріп, сол жылдың мамыр айынан бастап, 1978 жылдың маусым айына дейін Аягөз аудандық ауруханасының пер-зентхана бөлімшесінде санитарка болып жұмыс істегенін, бұл жағдайды бас дәрігер болып қызмет істеген А., акушерка болып істеген Н., тазалықшы болып істеген К. растағанын, сол мекемеде жұмыс icтeп жүріп, қатарлас тоғызыншы, оныншы және он бірінші сыныптарды кешкі мектепте оқып бітіргенін атап көрсеткен.

Алайда, бірінші сатыдағы сот Қ-ның оның перзентханада санитарка болып жұмыс істеуімен қатар, кешкі мектепте оқығаны туралы құжаттарын тексермей, ҚК-нің 24-бабының талаптарын орындамай, заңсыз үкім шығарған.



Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде ҚІЖК-нің 467-бабының 6-бөлігінің 2-тармағын басшылыққа алып, алқа: Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық сотының 2004 жылғы 27 тамыздағы Қ-ға қатысты үкімінің күшін жойып, қылмыстық істі сол сотқа қайта қарауға жіберуге; прокурордың наразылығын жартылай қанағаттандыруға қаулы етті.
: site -> supcourt.nsf -> 36b782079737d452c6256d89002456d9
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Материалдық құқық нормаларын қолдануда қате жіберілгендіктен жаңа шешім шығарылды ( үзінді)
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Құрметтi «Заңгер» журналы! Менiң қолыма кездейсоқ «Қазақстан юстициясына – 80 жыл»
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мүліктік емес өзіндік құқықтарды және іскерлік беделді қорғау туралы азаматтық істер бойынша сот практикасына шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының заңдары Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні ратификациялау туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын даулар бойынша сот тәжірибесіне шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мен мәдениетiне де үлкен залал келтiредi
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Конституции рк – 10 лет
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Ювенальная юстиция
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан республикасының 3АҢЫ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты рақымшылық жасау туралы




©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет