Құқықтану” кафедрасы «Қазақстан Республикасының отбасы құқығы»



жүктеу 1.28 Mb.
бет2/4
Дата27.04.2016
өлшемі1.28 Mb.
1   2   3   4
: CDO -> OBSOJ -> Kuk
OBSOJ -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
Kuk -> Лекция сабақтарының күнтізбелік тақырыптық жоспары 050301-
Kuk -> Лектор: аға оқытушы Зейдуллаева Р. Н
Kuk -> Лекция сабақтарының күнтізбелік тақырыптық жоспары «Құқық және экономика негіздері»
Kuk -> Құқық” кафедрасы Қазақстан Республикасының
Kuk -> Құқық” кафедрасы «Қазақстан Республикасының Азаматтық іc жүргізу құқығы»
Kuk -> Құқық” кафедрасы «Қазақстан Республикасының салық құқығы»
Kuk -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі
Kuk -> Құқықтану” кафедрасы «Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы»
Kuk -> Құқық” кафедрасы «Мұсылман құқығы»

СӨЖ – сабақтарының күнтізбелік – тақырыптық жоспары



050115– «Құқық және экономика негіздері» мамандығы, 3 курс, 6 семестр, 45 сағат






СӨЖ Тақырыбы

Сағат саны

Әдебиеттер

1

Отбасы құқығының пәні

ҚР конституциясындағы отбасын, аналар құқығын, әкелік және балалар құқығын қорғау туралы ереже



1

1-7

2

Отбасы құқығының пәні

ҚР конституциясындағы отбасын, аналар құқығын, әкелік және балалар құқығын қорғау туралы ереже



1

3-10

3

Неке ұғымы.

Неке жасауға кедергі болатын жағдайлар.

Некені мемлекеттік ітркеудің тәртібі.


1

1-5

4

Некені тоқтату түсінігі.

Некені сот тәртібімен бұзу.

Неке бұзу қаралғанда шешілетін мәселелер.


1

5-11

5

Некені тоқтату түсінігі.

АХАЖ органдарында некені ерлі-зайыптылардың келісімімен, біреунің арызымен бұзу.



1

9-11

6

Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері.

Балаларды тәрбиелеудегі ерлі-зайптылардың құқықтары мен міндеттері.



1

4-8

7

Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері.

Ерлі зайыптылардың өзге жеке құқықтары мен міндеттері.



1

5-11

8

Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу.

Ерлі зайыптылардың ортақ меншігін бөлген кезде белгіленетін үлестер



1

1-9

9

Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу.

Неке бұзылғанда ортақ мүлікті бөлу жөнінде ерлі зайыптылардың талап қою мерзімі



1

5-11

10

Балалардың туу тегі.

Баланың тегін өзгерту

Балалардың азаматтығы, ұлты, тұрақты жері.


1

4-9

11

Баланың құқықтары.

Балалардың мүліктік құқықтары ұғымы, мазмұны, түрлері



1

5-8

12

Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері.

Ата-аналық құқықты қайта қалпына келтіру



1

3-10

13

Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері.

Ата аналық құқықты шектеу негіздері және тәртібі, құқықтық салдары.



1

1-6

14

Ата-ана құқық-нан айыру және оларды шектеу.

Ата аналық құқықтан айыру салдары



1

4-11

15

Бала асырап алу түсінігі.

Сот тәртібі бойынша кәмелетке толмаған балаларды асырау үшін қаражат өндіріп алу



1

3-9

16

Бала асырап алу түсінігі.

Сот тәртібі бойынша кәмелетке толмаған балаларды асырау үшін қаражат өндіріп алу



1

2-7

17

Бала асырап алудың құқықтық салдары.

Бала асырап алудың тәртібі

Бала асырап алуды жарамсыз деп тану.


1

1-7

18

Ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау және есепке алу.

Асырап алынған баланың туған күні мен туған жерін өзгертудің негіздері мен тәртібі



1

3-10

19

Ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау және есепке алу.

Асырап алынған баланың туған күні мен туған жерін өзгертудің негіздері мен тәртібі



1

1-5

20

Қорғаншылықты және қамқоршылықты белгілеу тәртібі.

Қорғаншылық пен қамқоршылықты тағайындау түсінігі мен мақсаты және тәртібі



1

5-11

21

Қорғаншылардың өз міндеттерін атқаруы.

Қорғаншылардың өз міндеттерін атқару кезіндегі ерешеліктер



1

9-11

22

Патронат .

Патронаттың тоқтатылу негіздері мен тәртібі



1

4-8

23

Ата-аналар мен балалардың алименттік міндеттемелері.

Еңбекке жарамсыз көмек көмек қажет ететін кәмелетке толағн балалардың алименталуға құқығы



1

5-11

24

Ата-аналар мен балалардың алименттік міндеттемелері.

Еңбекке жарамсыз көмек көмек қажет ететін кәмелетке толағн балалардың алименталуға құқығы



1

1-9

25

Ерлі-зайыптылардың және бұрынғы ерлі-зайыптылардың алименттік міндеттемлері.

Ерлі-зайыптылардың бір-бірін асырап- бағу жөніндегі міндеттерінің ерекшеліктері



1

5-11

26

Отбасының басқа мүшелерінің алименттік міндеттемелері.

Отбасының басқа мүшелерінен соттәртібімен өндіріп алынатын алименттің мөлшері.



1

12-23

27

Отбасының басқа мүшелерінің алименттік міндеттемелері.

Отбасының басқа мүшелерінен соттәртібімен өндіріп алынатын алименттің мөлшері.



1

9-11

28

Алимент төлеу туралы келісім.

Алиментті сот шешімімен өндіріп алу.



1

10-5

29

Алимент төлеу туралы келісім.

Алиментті сот шешімімен өндіріп алу.






6-21

30

Алимент төлеуге міндетт адамның мүлкінен өндіріп алу.

Алимент бойынша берешекті төлеуден босату.

Алиментік міндеттемелерді тоқтату.


1

8-19

31

Азаматтық хал актілері.

Азаматтық хал актілеріндегі жазбаларды жою.



1

22-42

32

Азаматтық хал актілері.

Азаматтық хал актілеріндегі жазбаларды жою.



1

14-32

33

Тууды тіркеу.

Тууды тіркеу тәртібі.

Әке болуды анықтауды тіркеу.

Некені тіркеу.



1

23-26

34

Некенің бұзылуын тіркеу.

Некенің бұзылуын тіркеу.

Бала асырап алуды тіркеу.


1

18-23

35

Некенің бұзылуын тіркеу.

Қайтыс болуды тіркеу.



1

21-31

36

Неке-отбасы заңдары нормаларының шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылу.

Қазақстан аумағында шетелдііктердің бала асырап алуы.



1

25-36

37

Халықаралық жеке құқықтағы отбасы құқығы.

ҚР-да Қазақстан азаматтарының шетел азаматтарымен некеге отыруы.



1

28-42

38

Халықаралық жеке құқықтағы отбасы құқығы.

ҚР-да Қазақстан азаматтарының шетел азаматтарымен некеге отыруы.



1

24-29

39

Консулдық некелер.

Шетелде жасалған шетелдіктердің некесін ҚР-да тану.



1

31-39

40

Халықаралық жеке құқықтағы ерлі-зайыптылар арасындағы және ата-ана мен бала арсындағы құқықтық қатынастар.

Балалар мен ата-аналардың арасындағы қатынастар.



1

26-34

41

Халықаралық жеке құқықтағы бала асырап алу.

Халықаралық жеке құқықтағы бала асырап алу түсінігі.

Қамқоршылық пен қорғаншылық институттары.


1

19-28

42

Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы.

Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау.



1

24-36

43

Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы.

Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы құқықтар.

1

29-31

44

Баланы ауыстыру, баланы асырап алу құпиясын жариялау.

Балаларын немесе еңбекке жарамсыз ата-анасын асырауға арналған қаражатты төлеуден әдейі жал тару.



1

33-39

45

Баланы ауыстыру, баланы асырап алу құпиясын жариялау.

Балаларын немесе еңбекке жарамсыз ата-анасын асырауға арналған қаражатты төлеуден әдейі жал тару.



1

32-34




Барлығы:

45






Отбасы құқығы пәнінің барлық тақырыптары бойынша оқып үйренуге ұсынылатын нормативтік актілер мен негізгі әдебиеттер:


  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995ж

  2. Қазақстан Республикасының “Неке және отбасы туралы” заңы. 17.12.98ж

  3. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі.

  4. Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қтынастар туралы халықаралық конвенциясы. 03.01.93ж

  5. Қазақстан Республикасының “Шаруа (фермер) қожалығы туралы” заңы, 31.03.97ж

  6. Қазақстан Республикасының мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысы берілетін мемлекеттік, әлеуметтік жәрдемақылар туралы заң. 16.06.97ж

  7. Қазақстан Республикасының “Еңбек туралы” заңы. 10.12.99ж

  8. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі 13.07.99ж

  9. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі. 16.07.97ж (2 Тарау. Отбасы және кәмелетке тлмағандарға қарсы қылмыс).

  10. Қазақстан Республикасының “Тұрғын үй қатынастары туралы” заңы 6.04.97ж

  11. Қазақстан Республикасының “Нотариат туралы” заңы. 14.07.97ж

  12. Қазақстан Республикасының “Отбасы үгісіндегі балалар аулы және жасөспірімдер үйлері туралы” заңы. 13.12.200ж

  13. Закон РК от 30.12. 99г. “О присоединении РК к Конвенции о гражданстве замужней женщины”.

  14. Закон РК от 5 февраля 1999г. “О специальном государственном пособии в РК”

  15. Положение об органах опеки и попечительства РК Утв. Постановлением правительства РК от 09. 09. 99г № 1346.

  16. Положение о патронате. Утв. Поставлением правительства РК от 09.09.99г

  17. Правила организации централизованного учета детей, оставшихся без попечения родителей. Утв. Постановлением правительства РК от 09. 09. 99г.

  18. “соттардың неке бүзу істерін қарау барысындағы заңнамаларды қолдану туралы” Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Полнумының қаулысы. 28.04.00ж

  19. “Соттардың балаларды тәрбиелеуге байланысты дауларды шешу барысында заңнамаларды қолдану туралы” Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты Пленумының қаулысы. 28.04.00ж

  20. Азаматтың хал – аухалын тіркеу жазбаларын өзгерту, қалпына келтіру және жою тәртібі және азаматтың хал – аухалын тіркеу кітабын сақтау туралы ереже (Үкімет қаулысымен бекітілген. 26.09.96ж)

  21. Қазақстан Республикасы азаматтарының тегін, атын және әкесінің атын өзгерту туралы өтініштерден қарастыру тәртібі туралы ереже (Үкімет қаулысымен бекітілген. 26.09.96ж)

БІРІНШІ РЕЙТИНГ БАҚЫЛАУ



БІРІНШІ РЕЙТИНГ БАҚЫЛАУ





ОБСӨЖ тақырыбы

Сағат саны

Бақылау түрі

Ұпайлар

АПТА

1

Отбасы құқығының пәні

Отбасылық құқықтың пәні және әдістері.

Отбасылық құқықтың құрылымы.


1

Консультация




1апта

2

Отбасы құқығының пәні

Отбасы ұғымының әлеуметтану және құқықтық мағыналары.



1

Консультация

1 балл

3

Неке ұғымы.

Отбасылық құқық бойынша неке ұғымы.

Некеге отыруға қойылатын кедергілер.

Неке жасын кеміту негіздері мен тәртібі.



1

Жазбаша бақылау жұмысы




4

Некені тоқтату түсінігі.

Некенің тоқтатылуы ұғымы және негіздері.

Ерлі-зайыптылардың біреуі қайтыс болғанда немесе өлді деп жарияланғанда некенің тоқталуы.


1

Жазбаша бақылау жұмысы

2 балл

2 апта

5

Некені тоқтату түсінігі.

Некені бұзу арқылы тоқтату.



1

Глоссарий




6

Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері.

Ерлі-зайыптылардың жеке мүліктік емес құқықтары мен міндеттерінің түрлері.

Ерлі-зайыптылардың отбасылық қатынастардағы тең құқықтылығы.


1

Тест тапсырмалары

2 балл

7

Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері.

Ерлі-зайыптылардың тегін, тұрақты жерін таңдау құқығы.

Ерлі-зайыптылардың кәсіп түрін және мамандығын таңдау құқықғы.


1

Коллоквиум




3 апта

8

Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу.

Ерлі-зайыптылардың мүлкіне заңды режим.

Ерлі-зайыптылардың бөле мүлкі.


1

Глоссарий

2 балл

9

Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу.

Ерлі-зайыптылар мен үшінші тұлғалардың арасындағы міндеттемелер.



1

Тест тапсырмалары




10

Балалардың туу тегі.

Баланың анадан туған тегін айқындау.

АХАЖ органында және сотта әкелікті белгілеу.

Баланың тегі, аты, әкесінің аты.



1

Жазбаша бақылау жұмысы

2 балл

4 апта

11

Баланың құқықтары.

Балаларды тәрбиелеу үшін ата-аналардың жауаптылығы.



1

Глоссарий




12

Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері.

Ата-аналардың балаларды тәрбиелеу туралы конституциялық міндеттері.



1

Тест тапсырмалары

1 балл

13

Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері.

Балалар жөніндегі ата-аналардың дауларын шешу.



1

Глоссарий




5 апта

14

Ата-ана құқық-нан айыру және оларды шектеу.

Ата-аналық құқықтардан айыру негіздері, тәртібі және құқықтық салдары.



1

Жазбаша бақылау жұмысы

3 балл

15


Бала асырап алу түсінігі.

Бала асырап алуға ата-аналардың,

қорғаншылар мен қамқоршылардың келісімі.


1

Тест тапсырмалары




16

Бала асырап алу түсінігі.

Асырап алуға баланың келісімі.



1

Коллаквиум

2 балл

6 апта

17

Бала асырап алудың құқықтық салдары.

Бала асырап алудыжарамсыз деп тану және оның салдары.



1

Глоссарий




18

Ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау және есепке алу.

Ата-анасының қамқорынан айырылып қалған балаларды анықтау мен оларды орналастыру.



1

Жазбаша бақылау жұмысы

2 балл

19

Ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау және есепке алу.

Балаларды орналастырудың нысандары: қорғаншылық, қамқоршылық, балаларды жетімдер үйіне орналастыру, патронат.



1

Тест тапсырмалары




7 апта

20

Қорғаншылықты және қамқоршылықты белгілеу тәртібі.

Балаларға қорғаншылық пен қамқоршылық тағайындау: түсінігі, мақсаты және тәртібі.

Әрекет қабілеттігі бар тұлғаларға қамқоршы тағйындау.


1

Глоссарий

5 балл

21


Қорғаншылардың өз міндеттерін атқаруы.

Қорғаншылар мен қамқоршыларды өздерінің міндеттерінен босату.



1

Тест тапсырмалары



1 – апта


ОБСӨЖ мәтіндері
Тақырыбы: Отбасы құқығының пәні
Жоспар:

  1. Отбасылық құқықтың пәні және әдістері

  2. Отбасылық құқықтың құрылымы

  3. Отбасы ұғымының әлеуметтану және құқықтық мағыналары.

Отбасы құқығының пәнін құрайтын қоғамдық қатынастар өзіндік , немесе мүліктік болуы мүмкін. Мүліктік және өзіндік қатынастар құқықтың басқа да салаларының, бір інші кезекте азаматтық құқықтың реттейтін пәніні құруы мүмүкін. Бірақ, аталған қатынастардың басымдығы бір жағынан, азаматтық құқықта, екінші жағынан, отбасы құқығында бірдей емес. Азаматтық құқықтың міндеті мүліктік қатынастарды реттеу болып табылады.Ол өзіндік қатынастарды, олар мүліктік қатынастардан туындайтын болса, немесе қандай да болмасын өзіндік қатынастарды реттеу отбасы құқығының негізгі міндеті болып табылады. Отбасы құқығының пәніне кіретін мүліктік қатынастар жеке адамның құқықтары мен міндеттеріне байланысты болады. Отбасы құқығының азаматтық құқыөтапн айырмашылығы да міне осында жатыр.Сонымен бірге жеке қатынастардың артықшылығы жөнінде сөз қозғағанда мынаны ескерген жөн:бұл қатынас-тардың барлығы бірдей құқықты реттеуге жатпайды. Професор О.С Иоффе атап көрсеткендей, жеке отбасы қатынастарына жататын заңды тұрғыда нормалаудың обьективтік мүмкіндіктері белгілі бір дәрежеде шектеулі болады да , сырттай бақылаудың ырқынан шығып кетеді.Сондай-ақ лардың бір-біріне деген жеке сенім сипаты да неке отбасы қатынастарының ерекшелігі болып табылады. Мәселен, бала асырап алу бала асырап алушы мен асырап алынушының арасында өзара сенім қатынастары орныққан жағдайда ғана өз мақсатына жетеді.Бұл ерлі-зайыптылардың , ата-аналар мен балалардың, қорғаншылар мен қамқоршылардың және қамқорлыққа алынғандардың арасындағы қатынасқа тән нәрсе.Отбасылық қатынасқа қатысушылардың өзара қарым-қатынасында жеке сенім болмаған жағдайда немесе он жоғалтқан жағдайда мұндай қатынастарды неке және отбасы туралы заң нормаларымен құқықтық реттеу тиімсіз немесе тиімділігі шамалы болады. Отбасы құқығын зерттеуші белгілі кеңес ғалымы Е.М.Ворожейкін:”Өзіндік сенімге ие бола алмаған отбасылық қатынастарды жасанды деп есептеу керек.Көп жағдайда мұндай қатынастарды тоқтатылуы тиіс немесе ол басқа жолмен реттелуі керек” деп жазды.


Бақылау сұрақтары:

  1. Отбасының құқықтық пәні және негіздері

  2. Отбасы құқығының қайнар көздері

  3. Отбасылық құқықтық қатынастар

  4. Отбасылық құқықтық қатынастар субьектіері

  5. Отбасылық құқықтық қатынастардың құрылымы мен түрлері

1 апта ( 1 балл)
ОБСӨЖ тапсырмасы
Тақырыбы: Неке ұғымы.

Жоспар:

  1. Отбасылық құқық бойынша неке ұғымы.

  2. Некеге отыруға қойылатын кедергілер.

  3. Неке жасын кеміту негіздері мен тәртібі.


Бақылау түрі: Консультация
Тапсырма сұрақтары:


  1. Некеге тұру шарттары

  2. Араларында неке қиылуына жол берілмейтін адамдар

  3. Некеге тұратын адамдарды медициналық тексеру

  4. Неке жасы

  5. Некеге тұру тәртібі

  6. Жалған неке



2 – апта


ОБСӨЖ мәтіндері
1. Тақырып: Некені тоқтату түсінігі.

Жоспар:

  1. Некенің тоқталуы ұғымы және негіздері

  2. Ерлі-зайыптылардың біреуі қайтыс болғанда немесе өлді деп жарияланғанда некенің тоқталуы.

  3. Некені бұзу арқылы тоқтату.

Некені тоќтатудыњ екі т‰рі бар:1 Некені µздігімен тоќтату.2.Ажырасу жолымен некені тоќтату.

Ж±байыныњ ќайтыс болуы жєне оны µлді немесе олардыњ біреуі хабар-ошарсыз кеткегн деп жариялау салдарынан тоќтатылуы.

Некен ерлі-зайыптылардыњ біреуініњ ќайтыс болуы немесе сот оны µлді немесе хабар-ошарсыз кеткен деп жариялау салдарынан тоќтатылады Сот ќайтыс болды деп жарияланѓан немесе сот хабар-ошарсыз кеткен деп танылѓан ж±байы келген жєне тиісті сот шешімі к‰шін жойѓан жаѓдайда некені ерлі-зайыптылардыњ бірлескен µтініші бойынша азаматтыќ хал актілерін жазу органы ќалпына келтіруі м‰мкін Егер ж±байдыњ екіншісі жања некеге отырса , некені ќалпына келтіруге болмайды.

Егер некен ќию кезінде тарапртарѓа ќайтыс болды немесе хабар- ошарсыз кетті деп танылѓан ж±бай тірі екені белгілі болса, б±л ереже ќолданылмайды.

Неке ерлі-зайыптылардыњ біреуініњ немесе екеуініњ де µтініші бойынша, сондай-аќ сот єрекетке ќабілетсіз деп таныѓан ж±байдыњ ќорѓаншысыныњ µтініші бойынша оны б±зу жолымен тоќтатылуы м‰скін.Некені єйелдіњ ж‰ктілігі кезењінде жєне бала туѓаннан кейінгі бір жылдыњ ішінде єйелдіњ келісімінсіз б±зуѓа болмайды.

Азаматтыќ хал актілерін жазу органдарында некені б±зу кємелетке толмаѓан ортаќ балалары жоќ жєне бір-біріне м‰ліктік талап ќоймайтын ерлі-зайыптылардыњ некені б±зуѓа µзара келісуі жаѓдайында ж‰ргізіледі.Ерлі-зайыптыларѓа ортаќ кємелетке толмаѓан балаларыныњ болуына ќарамастан, ерлі-зайыптылардыњ біреуініњ µтініші бойынша, егер ерлі-зайыптылардыњ екіншісін:

1. Сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныса;

2. Сот єрекетке ќабілетсіз деп таныса;

3. Ќылмыс жасаѓаны ‰шін кемінде ‰ш жыл мерзімге бас бостандыѓынан айыруѓа сотталса, неке азаматтыќ хал актілерін жазу органдарында б±зылады. Некеніњ б±зылуын мемлекеттік тіркеуді азаматтыќ хал актілерін мемлекеттік тіркеу ‰шін белгіленген тєртіппен ж‰ргізеді.Некені б±зу кезінде ерлі-зайыптылардыњ арасында туындайтын даулар азаматтыќ хал актілерін жазу органдарында сот тєртібімен ќаралады.



Бақылау сұрақтары:


  1. Жұбайының (зайыбының) қайтыс болуына байланысты немесе оларды өлді деп жариялау салдарынан некенің тоқтатылуы

  2. Некені сот тәртібімен бұзу

  3. Азаматтардың хал актілерін жазу органдарында некені бұзу

  4. Азаматтардың хал актілерін жазу органдарында некені бұзу кезінде ерлі-зайыптылардың арасында туындайтын дауларды қарау

  5. Ерлі – зайыртылардың біреуінің некені бұзуға келісімі болмаған жағдайда некені бұзу тәртібі

  6. Некенің ол бұзылған жағдайда тоқтатылу кезі

  7. Некені тоқтатудың салдары

  8. Некенің жарамсыздығы

9. Некені тоқтатудың тәртібіі.

10. Некені Ахаж органында бұзу.

11. Ажырасуды тіркеу кезінде және некенің бұзылғандығы жөнінде куәлік беру.

2апта (4 балл)

ОБСӨЖ тапсырмалары
Тақырыбы: Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері.

Жоспар:


  1. Ерлі – зайыптылрдың жеке мүліктік емес құқықтары мен міндеттерінің түрлері.

  2. Ерлі- зайыптылардың отбасылық қатынастардағы тең құқықтылығы

  3. Ерлі- зайыптылардың тегін, тұрақты жерін,кәсіп түрін және мамандығын таңдау құқығы.


Бақылау түрі: Тест тапсырмасы
Тапсырма сұрақтары:

Ерлі-зайыптылардың отбасындағы теңдігі.

Ерлі-зайыптылардың тек таңдау құқығы.

Ерлі-зайыптылардың өзге де жеке құқықтары мен міндеттері.

Ерлі-зайыптылардың бірлескен ортақ меншігі.

Ерлі-зайыптылардың әрқайсысының меншігі.

Неке шарты және оның мазмұны.

Неке шартын өзгерту және бұзу.

Неке шарты жарамсыз деп тану.

Ерлі-зайыптылардың міндеттемелер бойынша жауапкершілігі.

Ерлі-зайыптылардың мүлкінен өндіріп алу.

Тест сұрақтары:


  1. Неке және отбасы туралы” ҚР заңы қашан қабылданды?

А)17желтоқсан
Б)15 қаңтар
В) 17 жетлтоқсан 1998ж
Г) 21 наурыз 1996ж

2.Некеге тұру үшін еркекпен әйелдің:

А)өзара ерікті келісімі қажет.


Б) ата-аналарының келісімі қажет.
В) неке жасына жетуі қажет.
Г) өзара ерікті келісімі және олардың неке жасына жетуі қажет.

3. Неке жасы еркектер мен әйелдер үшін:

А) 16 жас болып белгіленеді.


Б) 18 жас болып белгіленеді
В) 17 жас болып белгіленеді
Г) 20 жас болып белгіленеді

4.Ағалы-інілер мен апалы сіңілілердің ( аға қарындастардың), асырап алушылар мен асырап алғандардың арасында неке қиылуына жол беріле ме?

А) иә жол бері леді


Б) жоқ, жол берілмейді;
В) ерекше жағдайларда рұқсат етіледі;
Г) сот шешімімен ғана рұқсат етіледі

5. Некеге тұру тәртібі

А) некеге тұратын адамдар өкілдерінің қатысуымен неке АХАЖ органдарында қиылады.


Б) некеге тұратын адамдардың тікелей қатысуымен неке мешіттерде (шіркеу) қиылады.
В) некеге тұратын адамдардың тікелей қатысуымен неке мемлекеттік АХАЖ органдарына қиылады.
Г) некеге тұратын адамдардың қатысуымен неке сот органдарында қиылады.

6.Некені жарамсыз деп тану негізін атаңыз?

А) егер ерлі-зайыптылардың екіншісін қылмыс жасағаны үшін кемінде 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға соттаса.


Б) егер сот әрекетке қабілетсіз деп таныса
В) сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныса
Г) неке жалған жасалған жағдайда

7.Некені жарамсыз деп тануды:

А) Ахаж органы жүргізеді.

Б) Сот жүргізеді.

В) Арбитраж жүргізеді.


Г) АІІБ мен прокуратура жүргізеді.

8.Некені тоқтату қандай органдармен жүзеге асырылады.?

А) Сот органымен


Б) Ахаж органымен
В) Қорғаншы және қамқоршы органы мен АІІБ мен
Г) Ахаж және сот органдырамен.

9.Ахаж органдарында несені бұзу...............жүргізеді.

А) Егер кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ және бір-біріне мүліктік талап қоймайтын жағдайда.


Б) Ерлі-зйыптының біреуінің келісім болмаған жағдайда.
В) Егер ерлі-зайыптылардың біреуі өзінің қарсылығы болмауына қарамастан, несені бұзудан өз әркеттері не әректсіздігі арқылы жалтарса;
Г) Ерлі-зайыптылардың бір-біріне мүліктік талаптары болған жағдайларда.

10.Некені сот тәртібі мен бұзу.

А) Сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныса.


Б) Сот әрекетке қабілетсіз декп таныса;
В) Қылмыс жасағаны үшін кемінде 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталса;
Г) Ерлі-зайыптылардың бір-біріне мүліктік талаптары блған жағдайларда.

11.Некені әйелдің жүктілігі кезеңінде оның келісімінсіз бұзуға бола ма?

А) Иә, болады.


Б) Жоқ, болмайды
В) Оның келісіі қажет емес.
Г) “Неке және отбасы туралы” Заңда бұл норма реттелінбеген.

12.Ерлі-зайыптылардың құқықтар мен міндеттерінің туындауы.

А) Бірге өмір сүрген күннен бастап туындайды.


Б) Дүниеге бала әкелген күннен бастап туындайды.
В) Ахаж органдарында некеге тұру мемлекеттік тіркелген күннен бастап туындайды.
Г) Сот шешімі шыққан күннен бастап туындайды.

13. Ерлі-зайыптылардың жеке мүліктік емес құқықтарын атаңыз?

А) Қызмет , кәсіп түрін, тұрғылықты жерді, сондай-ақ тек таңдау құқығы;


Б) Мүлікке құқығы;
В) Мұраға құқығы;
Г) Алимент алуға құқығы;

14.Қай жағдайларда некеге тұру кезінде өз тегіне екінші жұбайдың те гін қосуға жол берілмейді?

А) Барлық жағдайда рұқсат етілмейді.


Б) “Неке және отбасы туралы “Зайда реттелінбеген;
В) Барлық жағдайда жол беріледі.
Г) егер ерлі-зайыптылардың біреуінің некеге тұрғанға дейінгі тегі қосарлас болса жол берілмейді.

15.Ерлі-зайыпылар мүлкінің заңды режимін атаңыз?

А) Ортақ үлестік меншік


Б) Бірлескен ортақ меншік.
В) Кондоминиум;
Г) Сервитут.

16.Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіне билік ету жөнінде олардың бірі мәмілелер жасасқан кезде екіншісінің келісім қажет бола ма?

А) Керек емес;


Б) Кейбір жағдайларда қажет.
В) Ерекше жағдайларда қажет.
Г) Қажет.

17.Ерлі-зайыптылар мүлкінің шарттық режимін атаңыз?

А) Суррогаттық келісім;


Б) Неке шарты.
В) Алименттік келісім.
Г) Жай жазбаша контракт.

18.Неке шартын жасасу

А) Тек мемлекеттік тіркеуге дейін жасалады.


Б) Неке кезеңіндегі кез келген уақытта жасалады.
В) Неке бұзылуының;
Г) Мемлекеттік тіркеуге дейін де неке кезеңіндегі кез келген уақытта да жасалады.

19. Неке шартының нысаны.

А) Куәлердің қатысуымен ауызша түрде жасалады.


Б) Жазбаша түрде жасалады және он нотаріат куәландырады.
В) Сот шешімімен жасалады.
Г) “Неке және отбасы туралы “ Зааңда неке шартының нысаны көзделмеген.

20. Баланың нақты адамнан тууы те гін анықтау қай органмен белгіленеді?

А) Сот органы;


Б) Ахаж органы
В)Қорғаншы және қамқоршы орган;
Г)АІІБ
3 апта

ОБСӨЖ мәтіндері
1. Тақырып: Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу.

Жоспар:

  1. Ерлі зайыптылардың мүлкіне заңды режим.

  2. Ерлі-зайыптылардың бөле мүлкі.

  3. Ерлі- зайыптылар мен үшінші тұлғалардың арасындағы міндеттемелер.

Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу ерлі-зайыптылардың кез-келгенінің талап етуі бойынша неке кезеңінде де ол бұзылғаннан кейін де, сондай-ақ ерлі-зайыпылардың ортақ мүлкіндегі ерлі зайыптылардың біреуінің үлесінен өндіріп алу үшін ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу туралы кредит берушінің талабан мәлімдеуі жағдайында жүргізілуі мүмкін. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі ерлі-зайыптылардың олардың келісімі бойынша бөлінуі мүмкін Ерлі-зайыптылардың қалауы бойынша олардың ортақ мүлікті бөлу туралы келісімі нотариат арқылы куәландырылуы мүмкін. Дау туған жағдайда ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу, сондай-ақ ерлі-зайыптылардың сол мүліктегі үлестерін анықтау сот тәртібімен жүргізледі. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу кезінде сот ерлі-зайыптылардың талап етуі бойынша ерлі-зайыптылардың әрқайсысына қандай мүлік берілуге тиіс екендігін анықтайды. Егер ерлі-зайыптылардың біреуіне құны оған тиесілі үлестен асатын мүлік берілсе, басқа жұбайға тиісінше ақшалай немесе өзге де өтемақы берілуі мүмкін. Кәмелетке толмаған балалардың ғана қажеттерін қанағаттандыруға сатып алынған заттар бөлінуге жатпайды және бала бірге тұратын жұбайға өтемақысыз беріледі.

Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкінің есебінен ерлі-зайыптылар өздерінің кәмелетке толмаған ортақ балаларының атына салған салымдары сол балаларға тиесілі болып есептелді және ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлген кезде есепке алынбайды. Ерлі-зайыптылардың неке кезеңіндегі ортақ мүлкін бөлген жағдайда ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкінің бөлінбеген бөлігі сондай-ақ ерлі-зайыптылардың одан кейінгі неке кзеңінде тапқан мүлкі олардың бірлескен ортақ меншігін құрайды. Некесі бұзылған ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу туралы ерлі-зайыптылар талабына талап-арыз мерзімі өтуінің үш жылдық мерзімін қолданады.
Бақылау сұрақтары:


  1. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу.

  2. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу кезінде үлестерді анықтау.

  3. Ерлі-зайыптылар мүлкінің шарттық режимінің түсінігі.

  4. Неке шарты және оның мазмұны.

  5. Неке шартын өзгерту және бұзу.

  6. Неке шарты жарамсыз деп тану.

  7. Ерлі-зайыптылардың міндеттемелер бойынша жауапкершілігі.

  8. Ерлі-зайыптылардың мүлкінен өндіріп алу.


3 апта (2 балл)
ОБСӨЖ тапсырмалары
Бақылау түрі: Глоссарий

    • Неке-

    • Отбасы-

    • АХАЖ-

    • Баланың тегі-

    • Ерлі-зайыптылар-

    • Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі-

    • Неке шарты-

    • Ерлі-зайыптылардың міндеттемелері-

    • Ортақ үлес-

    • Ата – ана-

    • Бала-


ЕСЕПТЕР


1. Ново-Алексеевка орта мектебінің оқушысы Петя Воронов мектепке беті-қолы жарақаттан көгеріп келіп жүреді. Мұны байқаған мектеп мұғалімі оның ата анасын мектепке шақыртады.

Алайда мектепке тек Петяның анасы ғана келеді. Баланың беті-қолындағы жарақат қайдан пайда болған деген сұраққа анасы нанымды жауап бере алмайды.

Мектеп басшыларының өтініші бойынша ұйымдастырылған қорғаншы және қамқоршы орган жүргізген тексеру нәтижесінде, төмендегідей мән-жайлар белгілі болады: Петяның әкесі – Алексей Воронов көп жылдардан бері араққа салынып, маскүнем болып кеткен, сол себепті ол күнде жанұя мүшелерімен жанжалдасып дау шығаруды дағдыға айналдырған. Арақ ішіп, мас болғанда ол баласын себепсіз ұрып соғатын, сонымен қоймай Петяға араша түспек болған әйелін де соққыға жығатыны белгілі болады.

Баланың құқығын қорғау мақсатында Петяның әкесіне қандай шара қолдануға болар еді?

Петяның анасы тарапынан Алексей Вороновқа шара қолданбау істің мәні өзгерте ме?

2. Бас бостандығынан айырылып, сотталып кеткен Исаев 1998 жылы түрмеден босатылып келгенде осыдан екі жылы бұрын (1996 жылдың наурызында) әйелінің олардың ортақ меншігі болып табылатын автокөлігі сатып жібергені белгілі болады. Әйелінің бұл әрекетіне көңілі толмаған Исаев, зайыбынан жасаған сату-сатып алу шартын бұзуды талап етеді. Әйелі шартты бұзудан бас тартып автокөлікті сатуға, оны материалдық мұқтаждық мәжбүр еткендігімен байланыстырады (ақша олардың баласын емдеуге жұмсалған еді). Сондай-ақ автокөлікті сатудан түскен ақша әлдеқашан жұмсалып кеткен, сондықтан да сату-сатып алу шартын бұзуды талап ету мүмкін емес екендігін айтады. Әйелінің шартты бұзуға мүдделі емес екендігіне көзі жеткен Исаев, сату сатып алу шартын жарамсыз деп тану туралы аталп арыз даярлауға кіріседі. Исаева заңгерге кеңес сұрап барғанда заңгар оған Исаевтың талап қою мерзімін өткізіп алғандығын айтып береді. Бұл жайды Исаева күйеуіне баяндайды.

Осыдан кейін Исаев та заңгерге барып, өз мүддесін қорғаудың қандай да бір жолын көрсетуді өтінеді.

Исаевқа қандай кеңес берер едіңіздер?

Аталған жағдайда қандай құқықтың (азаматтық құқықтың ба, әлде отбасылық құқықтың ба?) нормалары қолданылады?

Талап қою мерзімі отбасы неке қатынастарына қолданыла ма?


2001 жылдың мамыр айында Шарипова заң кеңесшісіне келіп, өзінің Ташимов пен заңды некеде болғанын айтады. Некеде болған алғашқы жылы зайыбы оған ерекше көңіл бөлетін, жиі гүл сыйлап, сыйлықтар тарту ететін, қонаққа және түнгі клубтарға, театрларға бірге баратын. Алайда бірге тұрғандарына бір жыл толғаннан кейін зайыбы оған бұрынғысынша аса көңіл бөлмейтін болады. Ол өзінің көп уақытын достарымен өткізіп, олармен аң аулауға шығып үйде бірнеше күндер бойы болмайтынды шығарады.

Заңгерден кеңес алуға келген Шарипова күйеуін өзіне ертеректегідей ерекше көңіл бөліп қаратуға мәжбүрлеудің заңды тәсілі бар ам деп сұрайды. Сондай-ақ Шарипова Ташимовпен некені бұзғысы келмейтіндігін және күйеуіне қойылатын бірден бір кінә тек жоғарыда айтылған жайлар екендігін баяндайды.

Сіздер Шариповаға қандай кеңес берер едіңіздер?

Неке отбасы заңдарымен қандай қатынастар реттеледі?



4 апта

ОБСӨЖ мәтіндері
Тақырыбы: Балалардың туу тегі.

Жоспар:

  1. Баланың анадан туған тегін айқындау.

  2. АХАЖ органында және сотта әкелікті белгілеу.

  3. Баланың тегі, аты, әкесінің аты.


Тапсырма сұрақтары:

Ата – аналардың және балалардың құқықтары мен міндеттері туындауының негіздері.

Баланың туу тегін белгілеу.

Баланың анадан туғанын айқындау

Әке болуды даулау

Әкелікті сот тәртібімен белгілеу.

Баланың тегін өзгерту

Балалардың азаматтығы, ұлты, тұрақты жері


Тақырып: Баланың құқықтары.

Жоспар:

  1. Балаларды тәрбиелеу үшін ата-аналардың жауаптылығы

Он сегіз жасќа толмаѓан адам бала деп танылады.Єрбір баланыњ м‰мкін болѓанынша отбасында µмір с‰руге жєне тєрбиеленуге ќ±ќыѓы, µзініњ ата-анасын білуге ќ±ќыѓы, олардыњ ќамќорлыѓына ќ±ќыѓы, µзініњ м‰дделеріне ќайшы келетін жаѓдайларды ќоспаѓанда, олармен бірге т±руѓа ќ±ќыѓы бар Ата-анасы болмаѓан жаѓдайда, оларды ата-ана ќ±ќыѓынан айырѓан жаѓдайда жєне ата-ана ќамќорлыѓынан айырылудыњ басќа да жаѓдайларында баланыњ отбаснда тєрбиелену ќ±ќыѓын зањда белгіленген тєртіппен ќорѓаншы жєне ќамќоршы орган ќамтамасыз етеді.

Баланыњ ата-анасынњ екеуімен де , аталарымен,єжелерімен, аѓа-інілерімен, апа-сіњлілерімен жєне бсќа да туыстарымен ќарым –ќатынас жасауѓа ќ±ќыѓы бар. Ата-ансы некесініњ б±зылуы, оныњ жарамсыз деп танылуы немесе ата-анасыныњ бµлек т±руы баланыњ ќ±ќыѓына єсер етпеуге тиіс.Ата-ансы бµлек т±рѓан жаѓдайда баланыњ олардыњ єрќайсысымен ќарым-ќатынас жасауѓа ќ±ќыѓы бар. Бала отбасында µз м‰ддесін ќозѓайтын кез келген мєселені шешу кезінде µзініњ пікірін білдіруге, сондай-аќ кез келген сот немесе єкімшілік іс ќарау барысында тыњдалуѓа ќ±ќыѓы бар.Он жасќа толѓан бала ппікірі ,егер б±л пікір оныњ м‰дделеріне ќайшы келмейтін болса, ескерілуге міндетті.Баланыњ ат алуѓа єкесініњ атын жєне тегін алуѓа ќ±ќыѓы бар.Балаѓа ат ата-анасыныњ келісімі бойынша ќойылады, аты-жµні єкесініњ аты бойынша не ±лттыќ дєст‰рлер ескеріле отырып беріледі.Єкесі атын µзгерткен жаѓдайда оныњ кємелетке толмаѓан бабалардыњ єкесініњ аты-жµні µзгереді,ал кємелетке тоѓан балалардыњ єкесініњ аты-жµні б±л туралы µздері арыз берген жаѓдайда µзгертіледі.



Бақылау сұрақтары:

Баланың құқықтары

Баланың алуға, әкесінің атын және тегін алуға құқығы

Баланың ұлтын белгілеу

Баланың мүліктік құқықтары

Баланы қорғаудың құқығы


4 апта (3 балл)
ОБСӨЖ тапсырмалары
Тақырыбы: Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері.

Жоспар:

  1. Ата аналардың аналарды тәрбиелеу туралы конституциялық міндеттері.

  2. Балалар жөніндегі ата-аналардың дауларын шешу.


Тапсырма сұрақтары:

  1. Ата – аналық құқықтар мен міндеттердің пайда болу негіздері

  2. Ата – аналардың балаларды тәрбиелеу туралы конституциялық міндеттері

  3. Балалар жөніндегі ата-аналардың дауларын шешу

  4. Ата-аналық құқықтарды қорғау

  5. Балалардың мүдделерін қорғау жөніндегі ата-аналардың құқықтары мен міндеттері, олардың атынан өкілдік атқару


Бақылау түрі: Тест тапсырмалары

1. Неше жасқа толмаған адам бала деп танылады?

А) 18
Б) 16


В) 14
Г) 13

2. Қай орган ата-ана құқығынан айыру тәртібін жүргізеді?

А)Қорғаншы және қамқоршы орган.


Б) Сот
В) Ахаж органы.
Г) Аудандық прокуратура.

3.Ата-ана құқығынан айырылған ата-аналар балаларын асырауға міндетті ме?

А) Иә, міндетті.


Б) Жоқ , міндетті емес.
В) Олардың құқығы
Г) Ерекше жағдайларда міндетті.

4. Баланы асырап алу тәртібін қай орган жүргізеді.?

А) Сот.
Б) Қорғаншы және қамқоршы орган .


В) Прокурор
Г) Өзге орган.

5.Бала асырап алушы мен асырап алынушы баланың арасындағы жас айырмасы қанша болуы тиіс?

А) Кем дегенде 20 жас


Б) Кем дегенде 10 жас
В) Кем дегенде 5 жас
Г) Кем дегенде16 жас.

6Балаларды орталықтандырылған есепке елуды ұйымдастыру тәртібін қай орган белгілейді?

А) Қорғаншы және қамқоршы орган.


Б) Сот
В) Ахаж органы.
Г) ҚР Үкіметі.

7. Қорғаншылық неше жасқа толмаған балаға белгіленеді.?

А) 14
Б) 18


В) 16
Г) 17

8.Қамқоршылық неше жасқа дейінгілерге белгіленеді?

А) 10-нан 14 жасқа дейін;


Б) 14 жасқа дейін ;
В) 14-тен 18 жасқа дейін
Г) 14-тен 16жасқа дейін.

9.Патронат дегеніміз не?

А)Тәрбиелеу нысаны


Б) Тең құқылы одақ.
В) Құқыққорғау нысаны.
Г) Тұлғалардың құқықтық жағдайы.

10.Кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға сот тәртібімен өндіріп алынатын алименттің мөлшері қалай анықталады?

А) 1 балаға ¼ мөлшерінде, 2 балаға 1/3 мөлшерінде, 3 және оданда көп балаға ½ мөлшерінде.


Б) 1 балаға 1/2 мөлшерінде, 2 балаға 1/4 мөлшерінде, 3 және оданда көп балаға ½ мөлшерінде.
В)1 балаға 1/3 мөлшерінде, 2 балаға 1/5 мөлшерінде, 3 және оданда көп балаға ½ мөлшерінде.
Г)1 балаға 2 есе мөлшерінде, 2 балаға 2/4 мөлшерінде, 3 және оданда көп балаға 3есе мөлшерінде.

11. Алимент төлеу туралы келісімнің нысаны.

А) Куәлардың қатысуымен ауызша жаслады.


Б) Жазбаша немесе ауызша жасалады.
В) Жазбаша түрде жасалады және оны нотариат куәландырады.
Г)”Неке және отбасы туралы “ Заңда көзделмеген.

12. Баланың негізгі құқығының бірін атаңыз?

А)Еңбек ету құқығы


Б) Демалуға құқығы
В)Кәсіп түрін таңдау құқығы
Г) Отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығы.

13. Діни тұрғыда жасалған некенің заң күші бар ма ?

А) Бар
Б)Жоқ


В)Қарастырылмаған
Г)Кейбір жағдайларда күші болады.

14. Жалған неке дегеніміз не?

А) Отбасын құру ниетінсіз заңда белгіленген тәртіппен жасалған және ерлі-зайыптылардың құқықтар мен міндеттерін туғызбайтын неке.


Б) Ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленен тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркеке пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ.
В) Діни салтпен жасалған келісім.
Г) Некеде тұрғандағы немесе айырылысқандағы жағдай, балаларды немесе отбасының басқа да мүшелерінің болуы немесе болмауы.

15. Неке бұл:

А) Некеде тұрғандағы немесе айырылысқандағы жағдай, балаларды немесе отбасының басқа да мүшелерінің болуы немесе болмауы.

Б) Отбасын құру ниетінсіз зайда белгіленген тәртіппен жасалған және ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттерін туғызбайтын неке.
В) Ерлі-зайыптылар арсындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын,,, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркер пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ.
Г) Балалы болуды қалайтын адамдар мен бойға бала бітірудің жасанды әдісін немесе эмбрион имплантациясын қолдануға келісімін берген әйелдің арасындағы келісім.

16. Отбасылық жағдай ұғымы.

А) Отбасы құру ниетінсіз зааңда белгіленген тәртіппен жасалған және ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттерін туғызбайтын неке.


Б) Аадамның құқықтары мен міндеттерінің пайда болуына және тоқтатылуына байланысты оны дараландыратын заңдық ресімделген мән-жайлар.
В) Ерлі-зайыптылар арсындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркер пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ.
Г) Некеде тұрғандағы немесе айырылысқандағы жағдай, балаларды немесе отбасының басқа да мүшелерінің болуы немесе болмауы.

  1. Туу туралы арыз беруу мерзімдері

А) Бала туған күннен бастап 2 айдан кешіктірмей жасалуға тиіс.
Б) Бала туған күннен бастап 5 айдан кешіктірмей жасалуға тиіс.
В) Бала туған күннен бастап 1 айдан кешіктірмей жасалуға тиіс.
Г) Бала туған күннен бастап 3 айдан кешіктірмей жасалуға тиіс.
18.Бала құқығы туралы БҰҰ конвенциясы қашан қабылданды?

А) 17 желтоқсан 1998ж


Б) 28 наурыз 2000ж
В) 20 қазан 1989ж
Г) 20 қаңтар 1999ж

19. Азаматтардың бірнеше балаларды асырап алуларына заң рұқсат ете ме?

А) Рұқсат етпейді;


Б) Рұқсат етеді.
В) Мұндай норма көзделмеген.
20. Азаматтық хал актілерін тіркеуді жүргізетін орган дар.

А) АХАЖ бөлімдері, ал мұндай бөлімдер жоқ жерлерде жергілікті атқарушы орган дар жүргізеді.


Б) АХАЖ бөлімдері, ал мұндай бөлімдер жоқ жерлерде сот органдары жүргізеді.
В) АХАЖ бөлімдері, ал мұндай бөлімдер жоқ жерлерде қорғаншы және қамқоршы орган дар жүргізеді.
Г) АХАЖ бөлімдері , ал мұндай бөлімдер жоқ жерлерде прокуратура органдары жүргізеді.

ЕСЕПТЕР

1. 2001 жылдың 15 наурызында Алматы қаласы Бостандық ауданының АХАЖ бөліміне 1985 жыл туылған Михайлова неке жасын төмедетуді өтініп арыз береді. өзінің арызында Михайлова 2000 жылдың қаңтар айынан бері Дубровинмен азаматтық некеде тұратынын және сол некеден 2001 жылдың 10 ақпанында дүниеге келген ортақ бір қыздарының бар екендігін көрсетеді. Осы уақыт аралығында олар бірлесіп пәтер, автомобиль және басқа да мүліктер сатып алған болатын.

Осы жағдайда АХАЖ органдары тарапынан қандай әрекеттер жасалуы тиіс және осы кезде олар қандай заң нормаларын басшылыққа алады? Неке жасын төмендетуге қандай жағдайлар себепті негіз болып саналады?
2. 23 жасар Ахмад Садуов және 20 жастағы Анастасия Андреева АХАЖ органына арыз беріп, өз некелерін тіркеуді тездетуді өтінеді. Олар сондай-ақ өз некесін тіркеуді тездетуді өтінеді, себебі Ахмадтың ата анасы бұл некеге үзілді кесілді қарсы еді. Ахмадтың ата анасының бұл некеге қарсы бюолуының басты себебі – баласының мұсылман емес қызғы үйленгісі келгендігі болатын. Ал Ахмадтың үлкен ағалары тіпті олардың екеуін де некелесуге келген күні өлтіруден тайынбайтындықтарын айтып қорқытады.

Осы жағдайда Ахмадтың ата анасы мен ағаларының пікірлері ескерілуге тиіс пе?

ҚР отбасы неке заңдарында қандай жағдайларда некені бір айға дейін немесе сол арыз берген күні тіркеуге жол беріледі?

5 апта
ОБСӨЖ мәтіндері
Тақырып: Ата-ана құқық-нан айыру және оларды шектеу.

Жоспар:


  1. Ата-аналық құқықтардын айыру: негіздер, тәртібі және құқықтық салдары.





1   2   3   4


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет