Құқықтану” кафедрасы «Қазақстан Республикасының отбасы құқығы»



жүктеу 1.28 Mb.
бет3/4
Дата27.04.2016
өлшемі1.28 Mb.
1   2   3   4
: CDO -> OBSOJ -> Kuk
OBSOJ -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
Kuk -> Лекция сабақтарының күнтізбелік тақырыптық жоспары 050301-
Kuk -> Лектор: аға оқытушы Зейдуллаева Р. Н
Kuk -> Лекция сабақтарының күнтізбелік тақырыптық жоспары «Құқық және экономика негіздері»
Kuk -> Құқық” кафедрасы Қазақстан Республикасының
Kuk -> Құқық” кафедрасы «Қазақстан Республикасының Азаматтық іc жүргізу құқығы»
Kuk -> Құқық” кафедрасы «Қазақстан Республикасының салық құқығы»
Kuk -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі
Kuk -> Құқықтану” кафедрасы «Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы»
Kuk -> Құқық” кафедрасы «Мұсылман құқығы»

Егер ата-аналар:

1.Ата-ана міндеттерін орындаудан, оның ішінде алимент төлеуден қасақана жалтаратын болса;


2.Өз баласын перзентханадан не өзг дее балаларды тәрбиелеу, емдеу немесе басқа да мекемелерден алудан дәлелді себептерсіз бас Таратса;

3.Өздерінің ата-ана құқықтарын пайдаланып қиянат жасаса;

4.Балаларға қатігездік көрсетсе, оның ішінде олардың денесіне немесе психикасына зорлық-зомбылық жасаса,олардың жыныстық пәктігіне қастандық жасаса;

5.Заңдарда белгіленген тәртіппен маскүнемдікпен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауырады деп танылған болса, олар ата-ана құқығынан айрылуы мүмкін. Өзбалаларының не жұбайының өміріне немесе денсаулығына қарсы қасақана қылмыс жасаған жағдайда ата-аналар ата-ана құқығынан айрылуы мүмкін.

Ата –ана құқығынан айыру тәртібі.

Ата-ана құқығынан айыру сот тәртібімен жүргізіледі.

Ата-ана құқығынан айыру туралы істер ата-аналардың біреуінің ,кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі міндеттер жүктелген органдардың, немесе ұйымдардың арызы бойынша ,сондай-ақ прокурордың талабы бойынша қаралады. Ата-ана құқығынан айыру туралы істер прокурор менқорғаншы және қамқоршы органның қатысуымен қаралады.Ата-ана құқығынан айыру туралы істі қарау кезінде сот ата-ана құқығынан айырылған ата-аналардан алимент өндіріп алу туралы мәселені шешеді.Егер сот ата-ана құқығынан айыру туралы істі қарау кезінде ата-аналардың іс-әрекетінен қылмыстық жазаланатын әрекетті байқаса, мұны жеке қаулымен прокурор назарына жеткізуге міндетті.Сот ата-ана құқығынан айыру туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш күннің ішінде бұл шешеімнің көшірмесін баланың тууын мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы мен қорғаншы және қамқоршы органға жолдауға міндетті.

Бақылау сұрақтары:

Ата-аналық құқықтардан айыру негіздері

Ата аналық құқықтардан айыру тәртібі

Ата-аналық құқықтардан айыру құқықтық салдары

Ата – аналық құқықты қайта қалпына келтіру

Баланы ата аналық құқығынан айырмай тартып алу

Ата –аналық құқықты шектеу негіздері және тәртібі, құқықтық салдары

Шектеуді жою



5 апта (3 балл)

ОБСӨЖ тапсырмалары
Тақырыбы: Бала асырап алу түсінігі.

  1. Бала асырап алуға ата-аналардың, қорғаншылар мен қамқоршылардың келісімі.

  2. Асырап алуға баланың келісімі.


Бақылау түрі: Глоссарий


  • Неке жасы

  • Неке шарты

  • Азаматтық неке

  • Топтық неке

  • Қоснекелік

  • Екі әйел алушылық

  • Балалық шақ

  • Ерлі-зайыптылар мүлкінің шарттық режимі

  • Суррогат ана

  • Ерлі-зайыптылар мүлкінің заңды режимі

  • Ата-ана құқықтарынан айыру

  • Ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі

  • Ата-ана құқықтарын шектеу

  • Қорғаншылық

  • Әкелік

  • Қамқоршылық

  • Некені бұзу

  • Бала

  • Ата-аналар

  • Туысқандар

  • Жақын туыстары

  • Туыстық

  • Отбасылық заңдылық

  • Отбасылық жағдай

  • Отбасы құқы

  • Отбасы

  • Кәмелет жасқа толу

  • Жалған неке


6 апта
ОБСӨЖ мәтіндері
Тақырыбы: Бала асырап алу түсінігі.
Бақылау түрі: Коллаквиум

  1. Бала асырап алу тарихы

  2. Бала асырап алудың тәртібі

  3. Бала асырап алушыларға қойылатын талаптар

  4. Бала ретінде асырап алуға жол берілетін балалар

  5. Асырап алынуға тиісті балаларды және бал асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу

  6. Бала асырап алуға құқығы бар адамдар

  7. Бала асырап алушы мен асырап алынушы баланың арасындағы жас айырмасы

  8. Баланы ата анасының келісімінсіз асырап алу

  9. Асырап алуға баланың келісімі

  10. Бала асырап алудың құқықтық салдары



Тақырып: Бала асырап алудың құқықтық салдары.

Жоспар:

  1. Баланы асырап алуды жарамсыз деп тану және оның салдары.

Егер ата-аналарын :

  1. Сот белгісіз немесе өлген, хабар-ошарсыз кеткен деп таныса;

  2. Сот әрекетке қабілетсіз деп таныса;

  3. Сот ата-ана құқықтарынан айырса;

  4. Баламен бірге тұрмайтын және сот дәлелсіз деп таныған себептер бойынша алты айдан астам уақыт бойы он тәрбиелеу мен асыраудан жалтарып жүрсе, олардың баланы асырап алуға келісімі талап етілмейді.

Асырап алуға баланың келісімі.

Он жасқа толған баланы асырап алу үшін оның келсімі қажет. Баланың асырап алынуға келісімін сот белгілейді. Егер бала асырап алу туралы арыз берілгенге дейін бала асырап алушының үйінде тұрып , он өзінің ата-анасы деп есептейтін болса, асырап алуға баланың келісімі бар деп ұйғарылады.

Бала асырап алуға ерлі-зайыптылардың біреуінің келісімі.

Егер баланы ерлі-зайыптылардың екеуі бірдей асырап алмаса, баланы ерлі-зайыптылардың біреуі асырап алған кезде бала асырап алуға ерлі-зайыптылардың екіншісінің келісімі талап етіледі. Егер ерлі-зайыптылар отбасылық қатынастарды іс жүзінде тоқтатып, бір жылдан астам уақыт бөлек тұрса және екінші жұбайының тұрғылықты жері белгісіз болса, бала асырап алу үшін екінші жұбайдың келісімі талап етілмейді.

Асырап алынған баланың аты, әкесінің аты және тегі.Асырап алынған баланың өз аты, әкесінің аты және тегі сақталады. Бала асырап алушының өтініші бойынша , егер бұл баланың мүдделеріне қайшы келмейтін болса, асырап алынған балаға бала асырап алушының тегі, сондай-ақ ол ұсынған ат беріледі. Асырап алынған баланың әкесінің аты болып, егер бала асырап алушы еркек болса,асырап алушының аты , ал егер асырап алушы әйел болса , асырап алынған баланың әкесі ретінде сол әйел ұсынған адпмның аты танылады. Егер бала асырап алушы ерлі-зайыптылардың тектері әр түрлі болса, бала асырап алушы ерлі-зайыптылардың келісімдері бойынша, асырап алынған балаға олардың біреуінің тегі беріледі. Баланы некеде тұрмайтын адам асырап алған жағдайда, оның өтініші бойынша туу туралы кітапқа асырап алынңан бала шешесінің тегі, аты мен әкесінің аты осы адамның көрсетуі бойынша жазылады. Бала асырап алудың құпиялылығы талап еткен жағдайларды, қоспағанда, он жасқа жеткен асырап алынған баланың тегі, аты мен әкесінің аты тек сол баланың келісімімен ғана өзгертілуі мүмкін .Асырап алныған баланың тегі, аты және әкесінің аты өзгертілгені туралы он асырап алу туралы сот шешімінде көрсетіледі.

6 апта (4 балл)
ОБСӨЖ тапсырмалары
Тақырыбы: Ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау және есепке алу.

Жоспар:


  1. Ата анасының қамқорынан айырылып қалған балаларды анықтау мен оларды орналастыру

  2. Балаларды орналастырудың нысандары: қорғаншылық, қамқоршылық, балаларды жетімдер үйіне орналастыру, патронат.


Бақылау түрі: Бақылау жұмысы
Тапсырма сұрақтары

  1. Ата аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау

  2. Ата аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау және есепке алу

  3. Патронат түсінігі

  4. Баланы тәрбиелеуге беру туралы шарт

  5. Патронат тәрбиешілері.

  6. Патронат белгіленетін бала.

  7. Патронат тәрбиешілерге берілген баланы асырап бағу



ЕСЕПТЕР

1. Туған әпкесі қайтыс болғаннан кейін оның екі жасар қызын Коваленко қолына алады. Арада бір жыл өткеннен кейін Коваленко жергілікті қорғаншы және қамқоршы органға жүгініп үш жасар Ленаны қалай асырап алуға болатындығы туралы кеңес беруді сұрайды, сондай-ақ ол бұл күнде кішкетай қыздың өзіне өте бауыр басып кеткенін және оны мама деп атайтынын айтады. Осы уақытқа дейін қыздың әкесі оны іздеп бірде бір рет келген емес және ешқашанда материалдық жәрдем көрсетпейтін . Сонымен бірге Ленаның әкесі басқа әйелмен некеге тұрып және ол үшін қандай құжаттар қажет екендігін айтып беруді сұрайды.

Коваленконың сұрағына қалай жауап берер едіңіздер?

Қазақстан Республикасының “Неке және отбасы туралы” Заңында бала асырап алудың қандай тәртіптері белгіленген?




  1. 2001 жылыдың маусым айында асырап алынған баланың анасы Исакова мадина сотқа талап арыз беріп Абишеваның бала асырап алуға байланысты құжаттарының күшін жоюды талап етеді, себебі талапкердің пікірінше ол асырап алуды оның келісімін алмай жүзеге асырған.

Іс сотта қаралған кезде талапкер мына жайларды мәлімдейі: 2001 жылдың мамыр айында ол өзінің баласы Асқарды, шешесінің үйіне қалдырып кеткен болатын, себебі жұмыс бабымен жолсапарға жиі шығуына тура келетін еді, міне осыны пайдаланып өзінің ағасы Т.Исаковпен бірге тұратын Абишева баланы оның шешесінен алп қояды.

Кезекті жол сапардан оралып ол өз баласын қайтып алып кетпекші болғанда өзінің туған ағасы және Абишева балан жаз соңына дейін тағы қалдыра тұруды өтінеді. Шілде айында Абишева Т.Исаковпен араздасып қалады, осыдан кейін қорғаншы және қамқоршы органнан жасырып А бишева баланы өзіме бірге алып кетіп қалады.

Мадина Исакованың талабы қанағаттандыруға жата ма?

Бала асырап алудың күшін жою мен бала асырап алуды жарамсыз деп танудың қанай айырмашылығы бар?



7 апта

ОБСӨЖ мәтіндері
1. Тақырып: Қорғаншылықты және қамқоршылықты белгілеу тәртібі.

Жоспар:

1. Балаларға қорғаншылық пен қамқоршылық тағайындау: түсінігі, мақсаты және тәртібі.

2. Әрекет қабілеттігі бар тұлғаларға қамқоршы тағайындау.

Қорғаншылық және қамқоршылық әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттішектеулі кәмелетке толған адамдардың мүліктік емес құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін де белгіленеді.

Қорғаншылық он төрт жасқа толмаған балаларға, сондай-ақ психикалық аурудың салдарынан немесе ақыл-есінің кемдігінен сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдарға белгіленеді.Қорғаншылық қайтыс болған немесе соттың шешімімен өлді немесе хабар-ошарсыз кеткен деп танылған кәмілетке толмаған адамның, әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның мүлкіне тағайындалады.

Егер қорғаншылық және қамқоршылық белгіленген адамның басқа жерде мүлкі болса, онда осы мүлікті басқару үшін қорғаншы және қамқоршы органдар мүліктің тұрған жерінде қорғаншы тағайындай алады.

Қамқоршылық он төрттен онсегіз жасқа дейінгі кәмілетке толмағандарға, сондай-ақ спирттік ішімдіктерге немесе есірткі заттарға салынуы салдарынан сот әректет қабілеттілігі шектеулі деп таныған адамдарға белгіленеді.

Денсаулығының жай-күйіне байланысты өзінің құқықтары өз бетіше жүзеге асыра алмайтын және міндеттерді орындай алмайтын кәмелетке толған әрекет қабілеттілігі адамдардың арызы бойынша оларға қамқоршылық белгіленуі мүмкін.

Бақылау сұрақтары:


  1. Қорғаншылықты және қамқоршылықты белгілеу тәртібі

  2. Қорғаншылық пен қамқоршылық белгіленетін адамдар

  3. Қорғаншы және қамқоршы органдардың құқықтары мен міндеттері

  4. Әрекетке қабілетті азаматтарды қамқоршылыққа алу

  5. Қамқоршылыққа алынушының мүлкіне билік ету

  6. Қорғаншылық пен қамқоршылықты тоқтату

7. Қорғаншы және қамқоршы органдардың шешімдеріне шағым жасау
7 апта (5 балл)
ОБСӨЖ тапсырмалары
Тақырыбы: Қорғаншылардың өз міндеттерін атқаруы.

Жоспар:

  1. Қорғаншылар мен қамқоршыларды өздерінің міндеттерінен босату.


Бақылау түрі: Тест тапсырмалары
    1.Некеге тұру үшін еркекпен әйелдің:

А) өзара ерікті келісімі және олардың неке жасына жетуі қажет.


Б) ата-аналарының келісімі қажет.
В) неке жасына жетуі қажет.
Г) өзара ерікті келісімі қажет.

2. Неке жасы еркектер мен әйелдер үшін:

А) 18 жас болып белгіленеді.
Б) 16 жас болып белгіленеді
В) 17 жас болып белгіленеді
Г) 20 жас болып белгіленеді

3.Ағалы-інілер мен апалы сіңілілердің ( аға қарындастардың), асырап алушылар мен асырап алғандардың арасында неке қиылуына жол беріле ме?

А) сот шешімімен ғана рұқсат етіледі

Б) иә жол беріледі

В) ерекше жағдайларда рұқсат етіледі;
Г) жоқ, жол берілмейді;
4. Некеге тұру тәртібі

А) некеге тұратын адамдардың тікелей қатысуымен неке мемлекеттік АХАЖ органдарына қиылады.


Б)некеге тұратын адамдар өкілдерінің қатысуымен неке АХАЖ органдарында қиылады.
В) некеге тұратын адамдардың тікелей қатысуымен неке мешіттерде (шіркеу) қиылады.
Г) некеге тұратын адамдардың қатысуымен неке сот органдарында қиылады.

5.Некені жарамсыз деп тану негізін атаңыз?

А) сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныса

Б) егер сот әрекетке қабілетсіз деп таныса


В) неке жалған жасалған жағдайда

Г) егер ерлі-зайыптылардың екіншісін қылмыс жасағаны үшін кемінде 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға соттаса.

6. Некені жарамсыз деп тануды:

А) АІІБ мен прокуратура жүргізеді

Б) Ахаж органы жүргізеді.

В) Арбитраж жүргізеді.


Г). Сот жүргізеді.

7. Некені тоқтату қандай органдармен жүзеге асырылады.?

А) Сот органымен

Б) Ахаж органымен


В) Қорғаншы және қамқоршы органы мен АІІБ мен
Г) Ахаж және сот органдырамен.
8. Баланың нақты адамнан тууы те гін анықтау қай органмен белгіленеді?

А) Сот органы;


Б) Ахаж органы
В)Қорғаншы және қамқоршы орган;
Г)АІІБ

9 Неше жасқа толмаған адам бала деп танылады?

А) 18
Б) 16
В) 14
Г) 13

10. Қай орган ата-ана құқығынан айыру тәртібін жүргізеді?

А) Ахаж органы.

Б) Қорғаншы және қамқоршы орган.


В) Сот

Г) Аудандық прокуратура.

11.Ата-ана құқығынан айырылған ата-аналар балаларын асырауға міндетті ме?

А) Иә, міндетті.


Б) Жоқ , міндетті емес.
В) Олардың құқығы
Г) Ерекше жағдайларда міндетті.

12. Баланы асырап алу тәртібін қай орган жүргізеді.?

А) Сот.
Б) Қорғаншы және қамқоршы орган .
В) Прокурор
Г) Өзге орган.

13.Бала асырап алушы мен асырап алынушы баланың арасындағы жас айырмасы қанша болуы тиіс?

А) Кем дегенде 5 жас

Б) Кем дегенде 10 жас


В) Кем дегенде 16 жас

Г) Кем дегенде 20 жас.

14. Балаларды орталықтандырылған есепке елуды ұйымдастыру тәртібін қай орган белгілейді?

А) Сот


Б) ҚР Үкіметі.

В) Ахаж органы.


Г) Қорғаншы және қамқоршы орган.

15. Қорғаншылық неше жасқа толмаған балаға белгіленеді.?

А) 14
Б) 18
В) 16
Г) 17

16.Қамқоршылық неше жасқа дейінгілерге белгіленеді?

А) 14-тен 18 жасқа дейін
Б) 10-нан 14 жасқа дейін;
В)14 жасқа дейін ;
Г) 14-тен 16жасқа дейін.

17.Патронат дегеніміз не?

А) Тұлғалардың құқықтық жағдайы.
Б) Тең құқылы одақ.
В) Құқыққорғау нысаны.
Г) Тәрбиелеу нысаны

18.Некені сот тәртібі мен бұзу.

А) Ерлі-зайыптылардың бір-біріне мүліктік талаптары болған жағдайларда.
Б) Сот әрекетке қабілетсіз декп таныса;
В) Қылмыс жасағаны үшін кемінде 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталса;
Г) Сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныса.

19.Некені әйелдің жүктілігі кезеңінде оның келісімінсіз бұзуға бола ма?

А) Оның келісімі қажет емес
Б)Иә, болады.
В). Жоқ, болмайды
Г) “Неке және отбасы туралы” Заңда бұл норма реттелінбеген.

20.Ерлі-зайыптылардың құқықтар мен міндеттерінің туындауы.

А) Ахаж органдарында некеге тұру мемлекеттік тіркелген күннен бастап туындайды.
Б)Бірге өмір сүрген күннен бастап туындайды.
В) Дүниеге бала әкелген күннен бастап туындайды.
Г) Сот шешімі шыққан күннен бастап туындайды.

ЕКІНШІ РЕЙТИНГ БАҚЫЛАУ

ЕКІНШІ РЕЙТИНГ БАҚЫЛАУ








ОБСӨЖ тақырыбы

Сағат саны

Бақылау түрі

Ұпайлар

АПТА

22

Патронат .

Баланы тәрбиелеуге беру туралы шарт: түсінігі мен мазмұны.

Патронат тағайындалған бала.

Патронат тәрбиелеушіге берген баланы асырау.



1

Жазбаша бақылау жұмысы

2 балл


8 апта

23

Ата-аналар мен балалардың алименттік міндеттемелері.

Алиментті сот шешіміне сай өндіріп алу.



1

Тест тапсырмалары




24

Ата-аналар мен балалардың алименттік міндеттемелері.

Алимент өндіріп алу туралы сотқа талап-арыз беруге құқығы бар тұлғалар.



1

Глоссарий

1 балл

25

Ерлі-зайыптылардың және бұрынғы ерлі-зайыптылардың алименттік міндеттемлері.

Алимент төлеу туралы келісім.

Бұл келілімді жасау тәртібі.

Келісімінің нысаны.



1

Реферат




9 апта

26

Отбасының басқа мүшелерінің алименттік міндеттемелері.

Кәмелетке жасы толған ағалары мен әпкелерінің өздерінің кәмелетке жасы толмаған көмекті қажет ететін інілері мен қарындастарын асырау міндеті



1

Жазбаша бақылау жұмысы

3 балл


27

Отбасының басқа мүшелерінің алименттік міндеттемелері.

Еңбекке қабілеті жоқ, кәмелетке жасы толған ағалары мен әпкелерін асырау міндеті.



1

Глоссарий




28

Алимент төлеу туралы келісім.

Алимент төлеу туралы келісім бойынша алиментті ұстап қалу.



1

Тест тапсырмалары

2 балл

10 апта

29

Алимент төлеу туралы келісім.

Алимент төлеуге міндетті адамның мүлкінен алимент өндірі алу: негізі мен тәртібі.



1

Жазбаша бақылау жұмысы



30

Алимент төлеуге міндетті адамның мүлкінен өндіріп алу.

Алимент төлеу бойынша борышты анықтау.



1

Глоссарий

1 балл

31

Азаматтық хал актілері.

Азаматтық хал актілерін тіркеу .

Азаматық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру.


1

Тест тапсырмалары




11 апта

32

Азаматтық хал актілері.

Азаматтық хал актілеріндегі жазбаларды жою.



1

Коллаквиум

2 балл

33

Тууды тіркеу.

Әке болуды анықтауды тіркеу.

Некені тіркеу.


1

Глоссарий




34

Некенің бұзылуын тіркеу.

Бала асырап алуды тіркеу.



1

Тест тапсырмалары

2 балл

12 апта

35

Некенің бұзылуын тіркеу.

Қайтыс болуды тіркеу.



1

Коллаквиум




36

Неке-отбасы заңдары нормаларының шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылу.

ҚР-ның аумағында неке қию.

Некенің бұзылуы.


1

Жазбаша бақылау жұмысы

2 балл


37

Халықаралық жеке құқықтағы отбасы құқығы.

Отбасы құқығы саласындағы коллизиялық сұрақтар.



1

Коллаквиум




13 апта

38

Халықаралық жеке құқықтағы отбасы құқығы.

ҚР-да Қазақстан азаматтарының шетел азаматтарымен некеге отыруы.



1

Тест тапсырмалары

3 балл

39

Консулдық некелер.

Консулдық некелер түсінігі.

ҚР азаматтарының шетелдіктермен басқа мемлекетте некеге отыруы.


1

Жазбаша бақылау жұмысы



40

Халықаралық жеке құқықтағы ерлі-зайыптылар арасындағы және ата-ана мен бала арсындағы құқықтық қатынастар.

Халықаралық жеке құқықтағы ерлі-зайыптылар арасындағы және ата-ана мен бала арсындағы құқықтық қатынастар түсінігі.



1

Реферат тапсырмалары

2 балл

14 апта

41

Халықаралық жеке құқықтағы бала асырап алу.

Халықаралық жеке құқықтағы бала асырап алу түсінігі.

Қамқоршылық пен қорғаншылық институттары.


1

Жазбаша бақылау жұмысы



42

Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы.

Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау.



1

Тест тапсырмалары

3 балл


8 апта

ОБСӨЖ мәтіндері
Тақырып: Патронат

Жоспар:

1. Баланы тәрбиелеуге беру туралы шарт: түсінігі мен мазмұны.

2.Патронат тағайындалған бала.

3. Патронат тәрбиелеушіге берген баланы асырау.


1.Қорғаншылық және қамқоршылық нысанындағы партонат ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, соның ішінде тәрбиелеу, емдеу немесе осы тәрізді басқа да мекемелердегі кәмелетке толмаған балаларға белгіленеді.

2. Баланы тәрбиелеуге алуға тілек білдіруші адам (патронат тәрбиеші) мен қорғаншы және қамқоршы орган арасында жасалған баланы (балаларды) тәрбиелеуге беру туралы шарт партонаттың туындау негізі болып табылады.

3.Патронат туралы ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Баланы тәрбиелеуге беру туралы шарт.

1. Баланы тәрбиелеуге беру туралы шарт баланы асырап-бағу тәрбиелеу және білім беру жағдайларын,патронат тәрбиешісінің құқықтарымен мінде, пнтронат тәрбиешіге қатысты қорғаншы және қамқоршыны органдардың міндеттерін, сондай-ақ мұндай шарттың тоқтатылу негіздері мен салдарларын көздеуі тиіс.

Бала патронат тәрбиешіге аталған шартпен белгіленген мерзімге тәрбиеленуге беріледі.

2. Патронат тәрбиешілердің еңбегіне ақы төлеу және тәрбиелеуге алынған балалар санына қарай берілетін жеңілдіктер Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді.

3.Баланы тәрбиелеуге беру туралы шарт:



    1. дәлелді себептері (сырқаттану, отбасылық немесе материалдық жағдайдың өзгеруі, баламен өзара түсініктің болмауы, балалар арасындағы жанжалдар және басқалар) болған кезде патронат тәрбиешілердің бастамасы бойынша;

    2. баланы асырап-бағу, тәрбиелеу және білім беруде қолайсыз жағдайлар туған кезде қорғаншы және қамқоршы органның бастамасы бойынша;

    3. бала ата-анасына қайтарып берілгеннемесе бала асырап алынған жағдайларда мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін.


Бақылау түрі: Бақылау жұмысы



Тапсырма сұрақтары:
1. Патронат түсінігі.

2. Патронат тәрбиешілер.

3. Патронат белгіленетін бала.

4. Патронаттың тоқтатылу негіздері мен тәртібі

5. Алимент түсінігі

6. Алименттік міндеттемелердің ерекшеліктері



  1. Ата аналардың кәмелетке толмаған балаларды асырап бағу жөніндегі міндеттері

  2. Кәмелетке толмаған балаларды асырап бағуға сот тәртібімен өндіріп алынатын алименттің мөлшері

  3. Кәмелетке толмаған балаларға алимент ұсталатын табыстың және өзге де кірістердің түрлері

  4. Кәмелетке толмаған балаларға тұрақты ақша сомасы түрінде алимент өндіріп алу.

  5. Ата анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға алимент өндіріп алу және пайдалану

  6. Еңбекке жарамсыз және кәмелетке толмаған балалардың алимент алуға құқығы

  7. Кәмелетке толған балалардың ата аналарын асырап бағу жөніндегі міндеттері кәмелетке толған балалардың ата аналарына жасалған қосымша шығындарға қатысуы


8 апта (3 балл)

ОБСӨЖ тапсырмалары
Тақырыбы: Ата-аналар мен балалардың алименттік міндеттемелері.

Жоспар:

1. Алиментті сот шешіміне сай өндіріп алу.

2. Алимент өндіріп алу туралы сотқа талап-арыз беруге құқығы бар тұлғалар.

Глоссарий:


  • Алимент

  • Сот шешімі

  • Міндеттемелер

  • Патронат

  • Кәмелет жасы

  • Қамқоршылық

  • Қорғаншылық

  • Алимент өндіру

  • Алименттің мөлшері

  • Алимент өндіріп алу

  • Алименттік міндеттемелер

  • Еңбекке жарамсыздық

  • Ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар

  • Кәмелетке толмаған балаларға алимент



ЕСЕПТЕР


1. Абилова Фарида мен Абилов Мақсат 1995 жылдан бастап некеде болады, осы некеден олардың 1997 жылдың тамыз айында туған Хасан есімді бір ұлдары бар болатын. 1999 жылдың тамыз айында Алматы қаласы Алмалы таудандық сотының шешімі бойынша ерлі- зайыпты Абиловтардың арасында неке ажыратылады.

Автопаркте жүргізуші болып жұмыс істейтін Мақсат Абилов неке бұзылған уақыттан бастап зайыбының талап арызы бойынша жасы кәмелетке жетпеген Хасанға алимент төлеп тұрады.

Кейінірек Абилов жұмыс орнын ауыстырып, яғни 2000 жылдың сәуір айынан бастап ЖШС-ке экспедитор болып жұмысқа кіреді де, сол кезден бастап алимент төлеуді тоқтатады.

Сонымен жоғарыда аталған уақыт пен 2002 жылдың ақпаны аралығында Абиловтың алименттік борыштары қордаланып қалады.

Осы жағдайда алимент төлеудің тәртібі қандай болмақ?

2. Қуанышбаева Э.М. 2001 жылдың 15 шілдесінде сотқа талап арыз беріп А.С. Бекеновты баласының әкесі деп тануды және одан алимент өндіріп беруді сұрайды. Өз арызында талапкер мына жайларды хабарлайды: 1996жылдың қараша айында Алматы қаласының орталық мешітінде Бекеновпен азаматтық некеге тұрғанын, некені рәсімдеу кезінде екі жақтан да жақын туыстардың болғанын, оның соңы неке тойына ұласқандығы жайлы айтылады.

Осыдан кейін олар Алматыда тұрып жатады да 1997 жылдың тамыз айында күйеуі екеуі араздасып қалып Қуанышбаева Э.М. Есік қаласына өз ата анасының үйіне кетіп қалады. Бұл кезде Қуанышбаева Э.М. жүкті болатын.

Келесі жылдың 6 ақпанында ол ұл туады, бірақ Бекенов оны іздеп келмейді.

Сотта Бекенов болса Қуанышбаеваның бұл талабын мойындаудан бас тартып, өзінің талапкермен шын мәнінде алты айдай көлемде азаматтық некеде болғанын, бірақ оның жүкті екендігін білмегенін, оның үстіне Қуанышбаева өзінің жүктілігі жайлы оған ештеңе айтпағанын баяндайды.

Сот қандай шешім қабылдауы тиіс.

Талапкердің өтінішін қанағаттандыруға заңды негіз бар ма?

9 апта

ОБСӨЖ мәтіндері
Тақырып: Ерлі-зайыптылардың және бұрынғы ерлі-зайыптылардың алименттік міндеттемелері.

Жоспар:


  1. Алимент төлеу туралы келісім.

  2. Бұл келілімді жасау тәртібі.

3. Келісімінің нысаны.
Ерлі-зайыптылар бір-бірін материалдық жағынан қолдауға міндетті.Мұндай қолдаудан бас тартқан және ерлі-зайыптылардың арасында алимент төлеуге қажетті қаражаты бар жұбайдан:

  1. Еңбекке жарамсыз мұқтаж жұбайының ;

  2. Жүкті кезінде және ортақ баласы туған күннен бастап үш жыл бойы әйелінің;

  3. Ортақ мүгедек баланы бағып отырған мұқтаж жұбайының бала он сегіз жасқа толғанға дейін

  4. Ортақ мүгедек баланы 16 жасқа толғанға дейін бағып-күтіп отырған, сондай-ақ 16 жасқа толғаннан со ортақ мүгедек балаға 1—2 топтағы мүгедектік белгіленген жағдайда мұқтаж жұбайының Климент төледі сот тәртібімен талап етуге құқығы бар.

Бұрынғы жұбайдың неке бұзылғаннан кейін алимент алуға құқығы.

Алимент төлеуге қажетті қаражаты бар бұрынғы жұбайы алимент төлеуді сот тәртібімен талап етуге :



  1. Жүкті кезінде және ортақ баласт туған күннен бастап үш жыл бойы бұрынғы әйелінің;

  2. Орта мүгедек баланы 16 жасқа толғанға дейін бағып-күтіп отырған, сонай-ақ 16 жасқа толған соң ортақ мүгедек балаға 1-2 топтағы мүгедектік белгіленген жағдайда көмекке мұқтаж бұрынғы жұбайының құқығы бар

  3. Неке бұзылғанға дейін еңбекке жарамсыз болып қалған еңбекке жарамсыз көмекке мұқтаж бұрынғы жұбайының құқығы бар .

Алименттің мөлшері мен оны неке бұзылғаннан кейін бұрынғы жұбайына берудің тәртібі бұрынғы ерлі-зайыптылардң арасындағы келісімі бойынша белгіленуі мүмкін.

Ерлі-зайыптылардан және бұрынғы ерлі-зайыптылардан сот тәртібімен өндіріп алынатын алименттің мөлшері.



9 апта (3 балл)

ОБСӨЖ тапсырмалары
Тақырыбы: Отбасының басқа мүшелерінің алименттік міндеттемелері.

Жоспар:

1. Кәмелетке жасы толған ағалары мен әпкелерінің өздерінің кәмелетке жасы толмаған көмекті қажет ететін інілері мен қарындастарын, сондай-ақ еңбекке қабілеті жоқ, кәмелетке жасы толған ағалары мен әпкелерін асырау міндеті




Бақылау түрі: Бақылау сұрақтары
Бақылау сұрақтары:

  1. Алименттік міндеттемелердің ерекшеліктері

  2. Ата – аналардың және баланың құқықтары мен міндеттері

  3. Ерлі-зайыптылардың жеке және мүліктік құқықтары мен міндеттері

  4. Некені тоқтату

  5. Отбасы және неке

  6. Отбасылық құқықтық қатынастар

  7. Ерлі зайыптылардың бірін бірі асырап бағу жөніндегі міндеттері

  8. Бұрынғы жұбайдың неке бұзылғаннан кейін алимент алуға құқығы

  9. Жұбайды екінші жұбайды асырап бағу жөніндегі міндеттен босату немесе бұл міндетінің мерзімін шектеу

  10. Отбасының басқа мүшелерінің алименттік құқықтары мен міндеттері

  11. Алиментті өз еркімен төлеу

  12. Алиментті сот тәртібімен төлеттіру және өндіріп алу тәртібі

  13. Алимент алу үшін арыз беру мерзімдері

  14. Алимент бойынша берешек

  15. Алимент индекстеу

  16. Алименттік міндеттемелерді тоқтату


ЕСЕПТЕР


Мария Қабашева басқа қалада тұратын өгей шешесінің қайтыс болғандығы туралы хабар алады. Ол ұшақпен жедел оның жерлеу рәсіміне қатысуға аттанып кетеді. Ұшақ қонар кезде сәтсіздікке ұшырап нәтижесінде ұшақтың барлық жолаушылары, соның ішінде Мария Қабашева да қайтыс болады.

Марқұмның күйеуі – нүркен Тажиев үшін зайыбының бұл қазасы аса ауыр тиеді. Арақпен өзін жұбатпақ болған Нүркен көп уақыт өтпей спирт ішімдіктеріне мүлдем салынып кетеді де, ақыры созылмалы алкоголизм ауруына шалдығады. Ол ішімдікке салынған салынған күндері оның алты жасар қызы – Наргиз ьірнеше күндер бойы ешбір күтімсіз қалатын. Бұл жай қорғаншы және қамқоршы органға белгілі болады.

Жоғарыда аталған дәлелдердің негізінде Алматы қаласының Бостандық аудандық сотының шешімімен Нүркен Тажиев ата-ана болу құқығынан айрылады да, ал бір ай өткеннен кейін сот шешімімен оның әрекет қабілеттілігі шектеледі.

Нүркен Тажиевтың қамқоршысы болып оның ағасы – Бектемір Тажиев тағайындалады. Наргизді Марияның әпкесі сАрбасова өз тәбиесіне алады. Көп өтпей Сарбасова ресми түрде 7 жасар Наргиздің қорғаншысы болып тағайындалады.

1999 жылдың наурыз айында Нүркен Тажиев кенеттен жоқ болып кетеді. Ол туралы Бектемір Тажиев ішкі істер органына дереу хабарлайды, алайда полиция тарапынан жүргізілген іздестіру шаралары ешбір нәтиже бермейді.

2001 жылдың жазында өзінің жазғы демалысын Қаратау қаласында өткізіп қайтқан Сарбасованың бір танысы осы жердегі өзен параходствасында жұмыс істейтіндігі туралы айтады.

Осыдан кейін Сарбасова Нүркен Тажиевтен Наргиз үшін алимент төлеуді талап етеді. Қыздың әкесі бұл талапты мойындап айына 4000 тенге алимент төлеп тұруға келіседі. Алайда Сарбасова бұл келісімнің жазбаша түрде тжасалып нотариалды түрде куәландырылуын талап етеді.

Нүркен Тажиев оған қарсы болмайды.

Сонымен алимент төлеу туралы келісім жазбаша нысанда жасалып нотариуспен куәландырылады.

Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер: ата-ана құқықғынан айырылған Нүркен Тажиев өзінің қызына алимент төлеп тұруға міндетті ме?

Нүркен Тажиевтің алимент төлеу туралы келісімге қамқоршысы – Бектемір Тажиевтің рұқсатын аламай-ақ қол қоюға құқысы бар ма?

Алимент төлеу туралы келісімге отарғаннан кейін алимент төлеуші біржақты осы келісімді орындаудан бас тарта ала ма?



10 апта

ОБСӨЖ мәтіндері

Тақырыбы: Алимент төлеу туралы келісім.

Жоспар:

  1. Алимент төлеу туралы келісім бойынша алиментті ұстап қалу

.
Алимент тµлеу туралы келісім алиментті тµлеуге міндетті адам мен оны алушы адам арасында, ал алименті тµлеуге міндетті адам жєне алимент алушы єрекетке ќабілетсіз боѓан жаѓдайда лсы адамдардыњ зањды µкілдері арасында жасалады.

Алимент тµлеу туралы келісім жазбаша т‰рде жсалады жєне оны нотариат куєландыруѓа тиіс Алимент тµлеу туралы келісімніњ зањда белгіленген нысаныныњ саќталмауы ЌР Азаматтыќ кодексініњ 157- бабында кµзделген салдарларѓа єкеп соѓады. Алимент тµлеу туралы нотариат куєландырѓан келісім атќару параѓыныњ к‰шіне ие болады.

Алимент тµлеу туралы келісімді жасасуѓа, атќаруѓа, б±зуѓа жєне жарамсыз деп тануѓа ЌР Азаматтыќ кодексініњ азматыќ-ќ±ќыќтќ мємілелерді жасасуды, атќаруды, б±зуды жєне жарамсыз деп тануды реттейтін нормалары ќолданылады. Алимент тµлеу туралыкелісім екі жаќтыњ µзара келісім бойынша кез келген уаќытты µзгертілуі немесе б±зылуы м‰мкін алимент тµлеу туралы келісімді µзгерту немесе б±зу алимент тµлеу туралы келісімніњ µзі сияќты нысанда жасалуы м‰мкін Тараптардыњ материалдыќ немесе отбасы жаѓдайлары елеулі µзгеріске ±шыраѓан жаѓдайда жєне алимент тµлеу туралы келісімді µзгерту немесе б±зу жµніндегі келісімге ќол жетпеген кезде м‰дделі тарап осы келісімді µзгерту туралы немесе б±зу туралы сотќа талап беруге ќ±ќылы. Алимент тµлеу туралы келісімді µзгерту немесе б±зу туралы мєселені шешкен кезде сот тараптардыњ назар аударарлыќ кез келген м‰ддесін ескеруге ќ±ќылы.

Бақылау түрі: Тест тапсырмалары

1. Алимент төлеу туралы келісімді жасауға, атқаруға, бұзуға жарамсыз деп тануды реттейтін нормалар:

А) ҚР Отбасы туралы заңдар

Б) ҚР Еңбек туралы заңдары

В) ҚР Қылмыстық кодексі

Г) ҚР Азаматтық кодексі

2. Алимент мөлшерін кім анықтайды?

А) қорғаншы

Б) сот тәртібімен өндіріп алынады

В) қамқоршы

Г) прокурор анықтайды

3. Патронат ұғымы-

А) қорғаншы

Б) қамқоршы

В) тәрбие нысаны

Г) уәкілетті мемлекеттік орган

4. Алимент дегеніміз:

А) алуға құқығы бар екінші адамға бір адам беруге міндетті болатын асырау қаражаты

Б) мемлекет тарапынан берілетін төлемақы

В) жалақы

Г) төлем баланстары

5. Ерлі зайыптылардың меншігі-

а) мұрагерлік тәртібімен

б) заңды мүліктері

в) барлық жауап дұрыс

г) балалары

6. Баланың ұлты кімнің ұлтымен айқындалады .

а) барлық жауап дұрыс

б) ата- әжесінің ұлтымен

в)туыстарының

г) ата- анасының

7. Ата-ананың балаларына құқықтары қай кезде тоқтатылады?

а) жасы 18-ге толғанда және некеге тұрғанда

б) өмір бойы

в) жасы 14-ке толғанда

г) ажырасқан кезде

8. Алимент төлеу туралы келісімнің нысаны:

А) алимент төлеуге міндет

Б) алименттің мөлшері

В) жазбаша түрде жасалады және оны нотариат куәландыруға тиіс

Г) дұрыс жауабы жоқ

9. Алимент мөлшерін кім белгілейді?

А) алимент мөлшерін тараптар белгілейді

Б) алимент төлеуге міндетті азамат

В) алимент алатын адам

Г) сот


10. Алименттік міндеттемелердің тоқтатылуы:

А) алимент төлеу туралы келісім мерзімі біткен кезде

Б) тараптардың бірі қайтыс болғанда

В) келісімде көзделген негіздер бойынша

Г) басқа адаммен тұрмыс құрғанда

11. Шетелден алимент өндіріп алу туралы Конвенция қабылданған уақыт:

А) 27 желтоқсан 1996 ж

Б) 27 желтоқсан 1995 ж

В) 5 қыркүйек 1962 ж

Г) 27 желтоқсан 1997 ж

12. Алиментті қай уақыттан бастап төлеттіру туралы“Неке және отбасы” заңының қай бабында жазылған?

А) 120 бап

Б) 155 бап

В) 151бап

Г) 150 бап

13. Туу туралы арыз беру мерзімдері

А) Бала туған күннен бастап 1 айдан кешіктірмей жасалуға тиіс.
Б) Бала туған күннен бастап 5 айдан кешіктірмей жасалуға тиіс.
В) Бала туған күннен бастап 2 айдан кешіктірмей жасалуға тиіс.
Г) Бала туған күннен бастап 3 айдан кешіктірмей жасалуға тиіс.
14. Бала асырап алу шетелдіктерге қанша уақыттан соң беріледі.

а) “Неке және отбасы” туралы заңға сәйкес 3 ай өткен соң

б) “Неке және отбасы” туралы заңға сәйкес 1 ай өткен соң

в) “Неке және отбасы” туралы заңға сәйкес 2 ай өткен соң

г) “Неке және отбасы” туралы заңға сәйкес 4 ай өткен соң

15. Ата-анасы жоқ балалар қай жер қамқорлығына алады?

А) АХАЖ органы

Б) сот органы

В) қорғаншы және қамқоршы орган

Г) АІІБ


Бақылау сұрақтары:

  1. Алиментті өз еркімен төлеу

  2. Алиментті сот тәртібімен төлеттіру және өндіріп алу тәртібі

  3. Алимент алу үшін арыз беру мерзімдері

  4. Алимент бойынша берешек

  5. Алимент индекстеу

6. Алименттік міндеттемелерді тоқтату

10 апта (3 балл)

ОБСӨЖ тапсырмалары
1. Тақырыбы: Алимент төлеуге міндетті адамның мүлкінен өндіріп алу.

Жоспар:

1. Алимент төлеуге міндетті адамның мүлкінен алимент өндірі алу: негізі мен тәртібі.

2. Алимент төлеу бойынша борышты анықтау.


Бақылау түрі: Глоссарий:


  • Алимент индекстеу

  • Алиментті өз еркімен төлеу

  • Алимент бойынша берешек

  • сот органы

  • қорғаншы және қамқоршы орган

  • АІІБ

  • Алимент төлеу туралы келісім

  • Алиментті ұстап қалу

  • Шетелден алимент өндіріп алу

  • Алименттік міндеттемелердің тоқтатылуы

  • Баланың ұлты

  • Ерлі зайыптылардың меншігі

  • Алимент алушы

  • Адамның мүлкінен алимент өндірі алу

  • Неке қию

  • Тууды тіркеу

  • Әке болуды анықтау

  • Бала асырап алу


11 апта
ОБСӨЖ мәтіндері
Тақырып Азаматтық хал актілері.

Жоспар:

1. Азаматтық хал актілерін тіркеу .

2. Азаматық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру.

3. Азаматтық хал актілеріндегі жазбаларды жою.


Туу, қайтыс болу, неке қию, некені бұзу, бала асырап алу, әке (ана) болуды анықтау, атын, әкесінің атын және тегін өзгерту азаматгық хал актілерін жазатын мемлекеттік органдарда тіркелуге тиіс. Азаматтық хал актілерін тіркеуді азаматтык хал актілерін жа­затын бөлімдер, ал мұндай бөлімдер жоқ жерлерде жергілікті атқарушы органдар жүргізеді.Азаматтық хал актілері жазбаларын өзгерту, қалпына келтіру және күшін жою тәртібін белгілейтін ережелер, сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеу кітаптарының нысанын және осы кітаптардағы жазбалар негізінде берілетін куәліктердің нысанын, акт кітаптарын сақтаудың тәртібі мен мерзімін Қазақстан Республикасынын Үкіметі белгілейді.

  1. Азаматтык хал актілерін тіркеу ережелері, сондай-ақ неке­ге тұратын адамдардың денсаулык жағдайы мен отбасы жағдайы туралы бірін-бірі хабардар ету, олардың болашақ ерлі-зайыптылар және ата-аналар ретіндегі құқықтары мен міндеттерін түсіндіру тәртібі осы Заңмен және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Азаматтық хал актілерін тіркеу тәртібі туралы нормативтік құкықтық актімен белгіленеді. Тууды тіркеу, әке болуды анықтау, бала асырап алу, неке қию, некені бұзу, тегін, атын және әкесінің атын, ұлтын және жынысын өзгерту үшін, сондай-ақ туу, неке, некені бұзу, қайтыс болу туралы актілердің жазбаларын өзгертуге, толыктыруға, түзету мен қалпына келтіруге байланысты куәліктер және азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталап куәліктер беру үшін "Мемлекеттік баж туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мөлшерде мемлекетгік баж алынады.


Бақылау сұрақтары:

  1. Азаматтардың хал жағдайлар актілері, оны тіркеу тәртіптері

  2. АХАЖ органында некеге тұру тәртібі

  3. Некені АХАЖ органында бұзу

  4. Ахаж органында және сотта әкелікті белгілеу



11 апта (2 балл)

ОБСӨЖ тапсырмалары
Тақырыбы: Тууды тіркеу.

Жоспар:

1. Әке болуды анықтауды тіркеу.

2. Некені тіркеу.

Бақылау түрі: Коллаквиум



  • Акт кітаптары дегеніміз не?

  • Азаматтық хал актілері дегеніміз не?

  • Алименттер дегеніміз не?

  • Азаматтық хал актілер жазбасы дегеніміз не?

  • Қан құқығы дегеніміз не?

  • Қабылдау отбасы дегеніміз не?

  • Репродукциялық денсаулық дегеніміз не?

  • Алимент төлеу туралы келісім дегеніміз не?

  • Ерлі-зайыптылардың бірлескен ортақ меншігі дегеніміз не?

  • Ерлі-зайыптылар дегеніміз кімдер?

  • Бала (қыз) асырап алу дегеніміз не?

  • Нақты тәрбиелеушілер дегеніміз не?

  • Фактілік неке дегеніміз не?

  • Фамилия дегеніміз не?

  • Жеткіншектер дегеніміз не?

  • Материалдық жағдай дегеніміз не?

  • Шіркеулік неке дегеніміз не?

  • Отбасы мүшесі дегеніміз кімдер?


12 апта
ОБСӨЖ мәтіндері
Тақырып Некенің бұзылуын тіркеу.

Жоспар:

1. Бала асырап алуды тіркеу.

2. Қайтыс болуды тіркеу.

Некенің токтатылуын соттың занды күшіне енген шешімі жердегі азаматтық хал актілерін жазу органында некенін бұзылғаны туралы занды күшіне енген сот шешімінің көшірмесі және сот шешімі бойынша өндіріп алынуға тиісті соманың төленгені туралы түбіртектің негізінде жүргізіледі.

Кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некенін бұзылуын тіркеу (осы Заңнын 16-бабының 1-тармағы) ерлі-зайыптылардың екеуі немесе біреуі тұратын жердегі азаматтық хал актілерін жазу органына некені бұзу туралы ерлі-зайыптылардын бірлесіп берген арызы негізінде жүргізіледі.


  1. Некенің бұзылуын ресімдеу және некенің бұзылғаны тура­лы куәлікті ерлі-зайыптыларға беру олар өтініш берген күннен бастап бір ай өткеннен кейін жүргізіледі. Хабар-ошарсыз кеткен, әрекетке қабілетсіз немесе қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айы­руга сотталған (осы Занның 16-бабының2-тармағы)адаммен не-кенін бұзылуын тіркеуді екінші жұбайдың арызымен соттың занды күшіне енген шешімінің немесе үкімінің көшірмесін не шешім яки үкімнен алынған үзіндіні көрсету негізінде азаматтық хал актілерін жазу органы жүргізеді. Азаматтық хал актілерін жазу органы арыз түскен күннен бастап бір апта мерзімде қамауда жатқан жұбайға не әрекетке қабілетсіз жұбайдың қорғаншысына немесе хабар-ошарсыз кет­кен жұбайдың мүлкіне қорғаншыға хабарлама алынған күннен бастап он бес күн мерзім белгілей отырып хабарлауға міндетті, осы мерзім ішінде олар арыз бойынша өздерінің арасында дау бар екені туралы хабарлауға құқылы. Некенің бұзылуын тіркеу жасалғаннан кейін тараптардын әркайсысына олардың арызы бойынша некенің бұзылғаны тура­лы куәлік беріледі.

Егер неке сот тәртібімен бұзылса, некенің бұзылуы туралы куәлікте некенің бұзылуы туралы сот шешімінің занды күшіне енгізілетін күні көрсетілуге тиіс.

Бала асырап алу соттың занды күшіне енген бала асырап алу туралы шешімі негізінде бала асырап алу азаматтық хал актілерін жазу органдарында тіркеледі.

Бала асырап алуды тіркеу бала асырап алу туралы сот шешімі шығарылған жерде жүргізіледі.Азаматтык хал актілерін жазу органдары бала асырап алу туралы куәлік береді. Асырап алынған баланың тегін, атын және әкесінің атын өзгерткен жағдайда (осы Заңның 86-бабы), сондай-ақ туу туралы жазбалар кітаптарына бала асырап алушыны асырап алынған баланың ата-анасы ретінде жазғанда (осы Заңның 88-бабы) тууы туралы жаңа куәлік беріледі.Бала асырап алу туралы жазба бала асырап алудың күшін жою туралы немесе бала асырап алуды жарамсыз деп тану тура­лы занды күшіне енген сот шешімі негізінде жойылады.
Бақылау түрі: Тест тапсырмалары
1. Некені әйелдің жүктілігі кезеңінде оның келісімінсіз бұзуға бола ма?

А) Некені сот тәртібі мен бұзу.


Б)Иә, болады.
В) Оның келісіі қажет емес.
Г) “Неке және отбасы туралы” Заңда бұл норма реттелінбеген.

2. Жоқ, болмайды

А) Ерлі-зайыптылардың бір-біріне мүліктік талаптары болған жағдайларда.
Б) Сот әрекетке қабілетсіз декп таныса;
В) Қылмыс жасағаны үшін кемінде 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталса;
Г) Сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныса.

3.Некені жарамсыз деп тануды:

А) Ахаж органы жүргізеді

Б). Сот жүргізеді.

В) Арбитраж жүргізеді.
Г) АІІБ мен прокуратура жүргізеді.

4.Некені тоқтату қандай органдармен жүзеге асырылады.?

А) Ахаж органымен

Б) Ахаж және сот органдырамен.

В) Қорғаншы және қамқоршы органы мен АІІБ мен
Г) Сот органымен

5.Ахаж органдарында некені бұзу...............жүргізеді.

А) Ерлі-зйыптының біреуінің келісім болмаған жағдайда

Б)Егер кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ және бір-біріне мүліктік талап қоймайтын жағдайда.

В) Егер ерлі-зайыптылардың біреуі өзінің қарсылығы болмауына қарамастан, несені бұзудан өз әркеттері не әректсіздігі арқылы жалтарса;
6.Некені жарамсыз деп тану негізін атаңыз?

А) сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныса


Б) егер сот әрекетке қабілетсіз деп таныса
В) неке жалған жасалған жағдайда
Г) егер ерлі-зайыптылардың екіншісін қылмыс жасағаны үшін кемінде 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға соттаса.

7Араларына неке қиылуына жол берілмейтін адамдар

А) Біреуі болса да тіркелген некеде тұрған адамдардың

Б) жақын туыстары арасындағы адамдар

В) дұрыс жауап жоқ

Г) дұрыс жауап а және б

8. Неке шартының нысаны.

А) “Неке және отбасы туралы “ Зааңда неке шартының нысаны көзделмеген Б) Куәлердің қатысуымен ауызша түрде жасалады.


В) Сот шешімімен жасалады.
Г) Жазбаша түрде жасалады және он нотариат куәландырады.

9. Қай жағдайларда некеге тұру кезінде өз тегіне екінші жұбайдың те гін қосуға жол берілмейді?

А) егер ерлі-зайыптылардың біреуінің некеге тұрғанға дейінгі тегі қосарлас болса жол берілмейді.
Б) “Неке және отбасы туралы “Зайда реттелінбеген;
В) Барлық жағдайда жол беріледі.
Г) Барлық жағдайда рұқсат етілмейді.

10. Балалар құқығы туралы Конвенция қабылданған уақыт:

А) 20 қараша 1989 ж

Б) 25 қараша 1995 ж

В) 27 қараша 1996 ж

Г) 7 желтоқсан 1997 ж

11. Шетелден алимент өндіріп алу туралы Конвенция қабылданған уақыт:

А) 27 желтоқсан 1996 ж

Б) 27 желтоқсан 1995 ж

В) 5 қыркүйек 1962 ж

Г) 27 желтоқсан 1997 ж

12. Балалар құқығы туралы Конвенциясы ҚР Үкіметінің қаулысымен қашан бекітілді:

А) 8 маусым 1994 ж

Б) 18 қараша 1995 ж

В) 27 қараша 1996 ж

Г) 7 желтоқсан 1997 ж

13. Шетелден алимент өндіріп алу туралы Конвенциясы ҚР Заңымен қашан бекітілді:

А) 30 желтоқсан 1994 ж

Б) 15 желтоқсан 1995 ж

В) 27 желтоқсан 1996 ж

Г) 25 желтоқсан 1997 ж

14 Неке шартының нысаны.

А) Куәлердің қатысуымен ауызша түрде жасалады.
Б) Жазбаша түрде жасалады және он нотариат куәландырады.
В) Сот шешімімен жасалады.
Г) “Неке және отбасы туралы “ Зааңда неке шартының нысаны көзделмеген.

15.Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіне билік ету жөнінде олардың бірі мәмілелер жасасқан кезде екіншісінің келісім қажет бола ма?

А) Қажет.
Б) Кейбір жағдайларда қажет.
В) Ерекше жағдайларда қажет.
Г) Керек емес;

12 апта (4 балл)

ОБСӨЖ тапсырмалары
Тақырыбы: Неке-отбасы заңдары нормаларының шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылу.

Жоспар:

1. ҚР-ның аумағында неке қию.

2. Некенің бұзылуы.

Бақылау сұрақтары:


  1. Некені бұзу арқылы тоқтату

  2. Некені сот тәртібімен бұзу

  3. Неке бұзу ісі қаралғанда шешілетін мәселелер

  4. АХАЖ органында некені ерлі-зайыптылардың келісімімен, біреунің арызымен бұзу

  5. Қазақстан аумағында шетелдііктердің бала асырап алуы.

  6. Қр-ның аумағында неке қию.

  7. Некенің бұзылуы.

  8. Қазақстан аумағында шетелдіктердің бала асырап алуы.

  9. Бала асырап алуды тіркеу.

  10. Қайтыс болуды тіркеу.


13 апта

ОБСӨЖ мәтіндері
Тақырып: Халықаралық жеке құқықтағы отбасы құқығы.

Жоспар:

1. Отбасы құқығы саласындағы коллизиялық сұрақтар.

2. ҚР-да Қазақстан азаматтарының шетел азаматтарымен некеге отыруы.

Қазақстан Республикасының отбасы және неке заңында, сондай-ақ халықаралық жеке құқықтағы отбасы және неке қатынастарын реттейтін нормаларда отбасы құқығы, некелеу, туыстық, бала асырап алу және баланы отбасы тәрбиесінеқабылдаудың басқа да нысандарына орай пайда болатын, яғни отбасы қатынастарын өзіндік және соған байланысты мүліктік қатынастарды, яғни отбасы қатынастарын зерттейтін құқық саласы болып табылады.Халықаралық жеке құқықтағы отбасы және неке қатынастарын реттейтін номалар қатарына Балалар құқықтарын қорғау және халықаралық бала асырап алу туралы 1993 жылғы 29 мамырдағы халықаралық Конвенция, Адам құқықтары турыл Жалпыға бірдей Деклараци, Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарды қорғау туралы Халықаралық пакт, Азаматтық отьасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық қатынастар және құқықтық көмек туралы 1993 жылғы 1 қаңтардағы Минск конвенциясы, Қазақстан Республикасы заңымен 1999 жылғы 30 желтоқсанда ратификацияланған Шет елден Климент өндіріп алу туралы 1962 жылғы 5 қыркүйектегі Конвенция, Балаларды қорғау және шет елдегі бала асырап алу қатынастары жөніндегі қызметтестік туралы 1993 жылғы Конвенция, Некге тұруға келісім беру, неке жасы және некеге тіркеу туралы 1966 жылғы, халықаралық Конвенция, сонымен бірге, 1966 жылғы азаматтық және саяси құқықтар туралы пактінің факультативті протоколы, Бала құқығы туралы 1959 жылғы балалар құқығы туралы Конвенциясы, баларды халықаралық ұрлау жән азаматтық туралы Конвенциялар жатады.Қазақстан осындай көптеген конвенцияларды мойындап, осы бағыттағы халықаралық ұйымдарға мүше болып табылады.



Бақылау сұрақтары:

  1. Шетелдіктерге бала (қыз) асырап алуға берілген балаларға баылау жүргізу

  2. ҚР ның аумағынан тыс жерлерде азаматтық хал актілерінің жасалғанын растайтын шетел мемлекеттерінің құзыретті органдары берген құжаттардың ҚР да танылуы



13 апта (3 балл)

ОБСӨЖ тапсырмалары
Тақырыбы: Консулдық некелер.

Жоспар:

1. Консулдық некелер түсінігі.

2. ҚР азаматтарының шетелдіктермен басқа мемлекетте некеге отыруы.
Бақылау түрі: Тест тапсырмалары

1. Шетелдіктердің бала асырап алу міндеті

а) баланы жеке өзі таңдап , кемінде 2 апта бойы тікелей жақын араласуға және т.б жағдайда

б) туылғаннан бастап алып кете алады

в)патронат тәрбиешінің рұқсатымен

г)сот шешім қабылдаған күні

2. Бала асырап алу шетелдіктерге қанша уақыттан соң беріледі.

а) “Неке және отбасы” туралы заңға сәйкес 3 ай өткен соң

б) “Неке және отбасы” туралы заңға сәйкес 1 ай өткен соң

в) “Неке және отбасы” туралы заңға сәйкес 2 ай өткен соң

г) “Неке және отбасы” туралы заңға сәйкес 4 ай өткен соң

3. Қ Р азаматы болып табылатын балаларды асырап алуға тілек білдірген шетелдіктерді есепке алу кім белгілейді.

а) Қ.Р сыртқы істер министрлігі

б) Қ.Р ішкі істер министрлігі

в)Қ.Р шетелдегі елшіліктері

г)Қ.Р ішкі істер органдары .

4. Неше жасқа толмаған адам бала деп танылады?

А) 13 жас

Б) 14 жас

В) 15 жас

Г) 12 жас

5. Некені тоқтатудың неше түрі бар?

А) 2


Б) 3

В) 4


Г) 5

6. Некеге еркектер мен әйелдер үшін неше жаста тұру керек?

А) 18 жас

Б) 16 жас

В) 17 жас

Г) 19 жас

7. Неше жасқа толған бала пікірі, егер бұл пікір оның мүдделерін қайшы келмейтін болса ескерілуге міндетті

А) 10 жас

Б) 11 жас

В) 9 жас


Г) 12 жас

8. Балаларды асырап алуға тілек білдірген шетелдіктерді есепке алу ҚР да кім белгілейді?

А) Сыртқы Істер Министрлігі

Б) Үкімет

В) Ішкі Істер Министрлігі

Г) Сот

9. Некеде тұрмайтын асырап алушы мен асырап алынушының жас айырмашылығы кем дегенде неше жас болуы тиіс?

А) 13 жас

Б) 16 жас

В) 18 жас

Г) 14 жас

10. Ата-анасы жоқ балалар қай жер қамқорлығына алады?

А) қорғаншы және қамқоршы орган

Б) сот органы

В) АХАЖ органы

Г) АІІБ

11. Жеткіншектер дегеніміз кімдер?

А) 16 жасқа толмағандар

Б) 15 жасқа толмағандар

В) 17 жасқа толмағандар

Г) 18 жасқа томағандар

12. Азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны дегеніміз

А) қорғаншылық және қамқоршылық

Б) азаматтық

В) әкелік

Г) ата-ананы құқықтары

13. Баланы нақты бір еркектен биологиялық және әлеуметтік шығу фактісі:

А) әкелік

Б) ата-ана

В) ата-ана құқығы

Г) қамқоршылық

14. Баланың дүниеге келуіне қарай азаматтықты алудың бір түрі дегеніміз не?

А) қан құқығы

Б) әкелік

В) аталық

Г) дұрыс жауабы жоқ

15. Нақты бір балаға қатысты туу туралы кітап жазбаларында көрсетілген тұлғалар кімдер

А) ата-аналар




1   2   3   4


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет