Құқықтану” кафедрасы «Қазақстан Республикасының отбасы құқығы»



жүктеу 1.28 Mb.
бет4/4
Дата27.04.2016
өлшемі1.28 Mb.
1   2   3   4
: CDO -> OBSOJ -> Kuk
OBSOJ -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
Kuk -> Лекция сабақтарының күнтізбелік тақырыптық жоспары 050301-
Kuk -> Лектор: аға оқытушы Зейдуллаева Р. Н
Kuk -> Лекция сабақтарының күнтізбелік тақырыптық жоспары «Құқық және экономика негіздері»
Kuk -> Құқық” кафедрасы Қазақстан Республикасының
Kuk -> Құқық” кафедрасы «Қазақстан Республикасының Азаматтық іc жүргізу құқығы»
Kuk -> Құқық” кафедрасы «Қазақстан Республикасының салық құқығы»
Kuk -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі
Kuk -> Құқықтану” кафедрасы «Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы»
Kuk -> Құқық” кафедрасы «Мұсылман құқығы»

Б) қамқоршылар


В) қорғаншылар

Г) қорғаушылар


Реферат тақырыптары:

  1. Консулдық некелер түсінігі.

  2. ҚР азаматтарының шетелдіктермен басқа мемлекетте некеге отыруы.

  3. Қорғаншылық және қамқоршылық.

  4. Алименттік міндеттемелер

  5. Бала асырап алу



ЕСЕПТЕР

Боброва Ирина сотқа талап арыз беріп Бобров Алексейден өзінің 1998 жылдың 24 мамырында туылған баласы Владимир үшін бір жолғы төлем түріндегі алимент төлемін өндіріп беруді сұрайды. Боброва өз арызында 1999жылдың ақпанында Бобров Алексеймен сот арызында ажырасқанын және сот шешіміне сәйкес жауапкер 4500 теңге алимент төлеуі тиіс болғанын баяндайды.

Осы іс сотта қаралған кезде төмендегідей мән жайлар, яғни, қазір Бобровтың Беккер деген әйелмен заңды некеде екендігі, сондай-ақ ол осы таяу күндері Германияға тұрақты тұру үшін көшкелі жатқаны анықталады. Осы аталған себептерге байланысты Боброва жауапкерге бір жолғы төлем түріндегі алимент төлемін, яғни, 250000 теңгенің барлығын өндіртіп беруді сұрайды. Бобров бұл талапты қанағаттандырудан бас тартып, өзінің дәл қазір жұмыссыз жүргендігін және екніші некеден бір қызының бар екендігін соттың ескеруін өтінеді. Сондай-ақ көшуге байланысты қазір оның жанұясы үшін қосымша шығындар шығаруларына тура келіп тұрғанын да айтады. Соған қарамастан ол бірден 120000 теңге төлеуге даяр екенін, ал қалған соманы Германияға көшіп барып, жұмысқа тұрғаннан кейін әр сайын 5000 теңге көлемінде салып тұратындығы туралы қолхат жазып береді.

Сот қандай шешім шығаруы тиіс?



14 апта

ОБСӨЖ мәтіндері
Тақырып: Халықаралық жеке құқықтағы ерлі-зайыптылар арасындағы және ата-ана мен бала арсындағы құқықтық қатынастар.

Жоспар:

1. Халықаралық жеке құқықтағы ерлі-зайыптылар арасындағы және ата-ана мен бала арасындағы құқықтық қатынастар түсінігі.


Халыќаралыќ жеке ќ±ќыќтаѓы отбасы жєне неке ќатынастарын реттейтін зањнамалар бойынша ерлі-зайыптылар тењ ќ±ќыќтарды пайдаланады жєне отбасы µмірініњ барлыќ жалпы мєселелерін олардыњ бірлесіп жєне µзара келісе отырып шешуінен кµрінеді. Алайда, ерлі-зайыптылардыњ ешќайсысы да жеке ќ±ќыќтары мен міндеттерін ж‰зеге асыру кезінде артыќшылыќ пайдалануѓа тиіс емес.

Ќазаќстан Республикасыныњ аумаѓында т±ратын ерлі-зайыптылардыњ арасынджаѓы м‰ліктік жєне жеке ќатынастарына біздіњ мемлекетіміздіњ зањнамасы ќоллданылуѓа жатады. Конституцияда бекітілген ер адамдар мен єйел адамдар арасындаѓы тењдік ерлі-зайыптылардыњ арасындаѓы кµптеген ќатынастарды реттейді: єйел адам некеге отырѓаннан кейін µзініњ некеге дейінгі фамилиясын саќтап ќалуѓа ќ±ќылы, ол µз азаматтыѓын саќтап ќалады, кєсіп пен ќызметаясын тањдауда еркін болып табылады, µзініњ м‰ліктік ќатынастарын толыќтай саќтап ќалады жєне некеге т±рѓаннан табылѓан м‰лікке ортаќ меншікте ‰лесін саќтайды жєне т.б. Біздіњ зањныњ талабы бойынша ортаќ шаруашылыќты ж‰ргізу ерлі-зайыптылардыњ µзара келісімі негізінде ж‰зеге асырылады. Ќазаќстан Республикасындаѓы шетелдік к‰йеу отбасылыќ шаруашылыќты ж‰ргізуге байланысты басшы орынды иелене алмайды. Біздіњ ќ±ќыќќа сєйкес, ерлі-зайыптылар т±рѓылыќты жерді тањдауда да ерікті болып табылады. Сонамен ќатар, ерлі-зайыптылар бірге де, бµлек те т±руѓа ќ±ќылы. Бір т±лѓаныњ µзініњ т±рѓылыќты жерін ауыстыру екінші т±лѓаѓа соныњ артынан ілесуді талап етпейді. Ерлі-зайыптылар бір-біріне материялдыќ кµмек кµрсетіп т±руѓа міндетті. Егер ерлі-зайыптылардыњ бірі ењбекке жарамсыз болып ќалатын болса, онда біздіњ зањнама бойынша онњ екіншісі оѓан материялдыќ кµмек кµрсетуге міндетті болып табылады. Ќолданып ж‰рген зањда жєне халыќаралыќ жеке ќ±ќыќтаѓы отбасы жєне неке ќатынастарын реттейтін зањнамалар бойыеша текті тањдаудыњ екі жолы ±сынылѓан. Некеге т±ру кезінде ерлі-зайыптылардыњ ќай-ќайсысы да µздерініњ некеге отырѓанѓа дейінгі тегін ќалдыра алады. Сонымен бірге, ерлізайыптылар µз ќалаулары бойынша ортаќ біртек тањдауѓа ќ±ќылы.



Бақылау түрі: Реферат тапсырмалары
Реферат тақырыптары

  • Қамқоршылық пен қорғаншылық институттары.

  • Халықаралық жеке құқықтағы ерлі-зайыптылар арасындағы және ата-ана мен бала арасындағы құқықтық қатынастар түсінігі

  • Халықаралық жеке құқықтағы бала асырап алу түсінігі.

  • Қамқоршылық пен қорғаншылық институттары.

  • Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау

  • Қорғаншылардың және қамқорлыққа алынғандардың құқықтық жағдайы

  • Халықаралық жеке құқықтағы бала асырап алу түсінігі.



14 апта (5 балл)

ОБСӨЖ тапсырмалары
Тақырыбы: Халықаралық жеке құқықтағы бала асырап алу.

Жоспар:

1. Халықаралық жеке құқықтағы бала асырап алу түсінігі.

2. Қамқоршылық пен қорғаншылық институттары.

Бақылау түрі: Тест тапсырмалары

1. Балалар құқықтарын қорғау және халықаралық бала асырап алу туралы Конвенция қашан қабылданды?

А) 1993 ж

Б) 1994 ж.

В) 1995 ж.

Г) 1996 ж

2. Некеге тұруға келісім беру, неке жасы және некеге тіркеу туралы халықаралық Конвенция қашан қабылданды?

А) 1966 ж

Б) 1967 ж

В) 1968 ж

Г) 1969 ж

3. Бала құқығы туралы халықаралық декларация қашан қабылданды

А) 1959 ж

Б) 1960 ж

В) 1961 ж

Г) 1962 ж

4. БҰҰ-ң Балалар құқығы туралы Конвенциясы қашан қабылданды?

А) 1959 ж

Б) 1957 ж

В) 1956 ж

Г) 1955 ж

5. Қай жағдайларда некеге тұру кезінде өз тегіне екінші жұбайдың те гін қосуға жол берілмейді?

А) егер ерлі-зайыптылардың біреуінің некеге тұрғанға дейінгі тегі қосарлас болса жол берілмейді.


Б) “Неке және отбасы туралы “Зайда реттелінбеген;
В) Барлық жағдайда жол беріледі.
Г) Барлық жағдайда рұқсат етілмейді.

6. Ерлі-зайыпылар мүлкінің заңды режимін атаңыз?

А) Бірлескен ортақ меншік.


Б) Ортақ үлестік меншік
В) Кондоминиум;
Г) Сервитут.

7. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіне билік ету жөнінде олардың бірі мәмілелер жасасқан кезде екіншісінің келісім қажет бола ма?

А) Қажет.


Б) Кейбір жағдайларда қажет.
В) Ерекше жағдайларда қажет.
Г) Керек емес;

8. Ерлі-зайыптылар мүлкінің шарттық режимін атаңыз?

А) Неке шарты.


Б) Суррогаттық келісім;
В) Алименттік келісім.
Г) Жай жазбаша контракт.

9. Неке шартын жасасу

А) Мемлекеттік тіркеуге дейін де неке кезеңіндегі кез келген уақытта да жасалады.


Б) Неке кезеңіндегі кез келген уақытта жасалады.
В) Неке бұзылуының;
Г) Тек мемлекеттік тіркеуге дейін жасалады.

10. Неке шартының нысаны.

А) Жазбаша түрде жасалады және он нотариат куәландырады.


Б) Куәлердің қатысуымен ауызша түрде жасалады.
В) Сот шешімімен жасалады.
Г) “Неке және отбасы туралы “ Зааңда неке шартының нысаны көзделмеген.

ЕСЕПТЕР


24 жастағы Тимур Төлеубаев пен 20 жасар Айжан Алданова екеуі де қызмет бабы бойынша жолсапармен Астанаға кетіп жатқанда поезда танысады. Олар бірін бір ұнатады.

Арада бірнеше ай өткеннен соң Айжанның аяғы ауыр болып қалады. Айжанның жүктілігі сегіз айға жеткенде олар АХАЖ органына өтініш білідіріп некелерін заңдастыруды сұрайды. Арада екі апта өткеннен кейін олардың некелері тіркеліп үлгермей жатып Айжанды перзентханаға алып кетеді. Айжан перзентханада ұл туады да өзі қайтыс болып кетеді.

Тимур перзентханадан баланы алып кетуге келгенде оған баланы бермейді, себебі ол Айжанмен заңды некеде әлі жоқ болатын. Тимур кеңес алу үшін заңгерге келгенде заңгер оған, алдымен оның балаға қорғаншысы болып жазылуын, ал содан кейіннен баланы асырап алуына болатынын түсіндіреді.

Төлеубаев қажетті құжаттарды жинап балаға қорғаншы болуды рәсімдеп жүргенде сәбиді перзентханадан Айжанның анасы – Қарлығаш Алданова үйіне алып кетеді.

Қарлығаш Алданова баланы әкесіне беруден мүлдем бас тартады.

Нәтижесінде баланың туған әкесі мен әжесінің арасында дау туындайды.

Істі шешіңіздер.

Нәрестені Алдановаға бере салған перзентхана қызметкерлерінің әрекетіне баға беріңіздер.



15 апта

ОБСӨЖ мәтіндері
Тақырып: Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы.

Жоспар:

1. Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау



  1. Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы құқықтар.

Отбасының және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы. Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабында: некемен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады .

1. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата ананың табиғи құқығы әрі парызы.

2. Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата –анасына қамқорлық жасауға міндетті -3 делінген. Бұл көрсетілген қағидалар халықаралық құқықтың осы мәселелер жөніндегі негізгі ережелеріне сәйкестендірілген. Адам құқығы жөніндегі 1948 жылғы Жалпыға бірдей Декларацияда, Азаматтық және саяси құқықтар туралы 1966 жылғы халықаралық фактіде отбасы қоғамының табиғи негізгі ұясы және ол мемлекет пен қоғам тарапынан қорғау құқығына ие деп белгіленген. 1989 жылы 20-қарашада қабылданған “Бала құқытары жөніндегі” конвенсияда да балалардың азаматтық және саяси -әлеуметтік құқықтарының қорғалуына ерекше мән берілген. ҚР - да отбасы және кәмелетке толмағандар жөніндегі халықаралық құқық нормаларын қастерлей отырып, осы мәселелерге байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастарды қылмыстық құқықтық жолмен қорғауға ерекше мән береді.


Бақылау сұрақтары:

“Бөбек ” қорының балаларға қамқорлық көрсетудегі ролі.

Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы құқықтардың түсінігі.
Тақырып: Баланы ауыстыру, баланы асырап алу құпиясын жариялау.

Жоспар:

1. Бала асырап алу құпиясын жария ету.

2. Балаларын немесе еңбекке жарамсыз ата-анасын асырауға арналған қаражатты төлеуден әдейі жалтару.

Баланы ауыстыру . Заң баланы қасақана ауыстырғаны үшін қылмыстық жауаптылық белгіленген. Бұл қылмыстың қоғамға қауіптілігі, сол баланы ауыстыру арқылы ата-анамен баланың туыстық қатынасы зорлықпен бұзылып, адамгершілік принциптеріне жатпайтын әрекеттер жүзеге асырылмайды. Қылмыстың тікелей обьектісі баланың бірқалыпты дамып, жетілу және қалыптасу жағдайлары, олардың және отбасының мүдделері. Қылмыс обьективтік жағынан баланы ауыстыру әрекеті арқылы жүзеге асырылады. Баланы ауыстыру деп бір баланы басқа бір баламен ауыстыруды айтамыз. Мысалы; қыз баланы ер балаға, қара түсті баланы сары түсті балаға, іштен мүгедек болып туған баланы дені сау балаға ауыстыру т.с.с. Баланы ауыстыру жаңа туған балалар жөнінде босану үйлерінде немесе балалар үйлерінде, немесе уақытша бақылаусыз далада қалған баланы ауыстырып алу арқылы жүзеге асырылады. Өз баласын басқа баланың ата-анасының келісімінсіз оның баласымен ауыстыруды осы қылмыстың құрамын құрайды. Жаңа туған нәрестелерді екі жақтың да ата-аналарының өзара келісімі бойынша ауыстыру -қылмыс құрамын тізбейді.

Қылмыс формальдық құрамға жатады және ол баланы екінші бір баламен заңсыз ауыстырған сәттен бастап аяқталған деп табылады. Егер осындай ауыстыру сәтінде кінәлі адамның қылмысы әшкереленіп қалып, ол қылмысты ниетін ақырына дейін жеткізе алмаса, онда кірнәлінің әрекеті осы қылмысқа оқталғандық болып табылады. Қылмыс субьективтік жағынан тек қана тікелей қасақаналықпен істеледі. Ол туралы заңның өзінде тура көрсетілген. Кінәлі адам баланы қасақана оның ата-анасының немесе заңды өкілінің келісімінсіз ауыстыратынын сезеді және осы әрекеттерді істеуді тілейді. Егер баланы ауыстыру абайсыздықпен жүзеге асырылса, онда адамның әрекеті қылмыс болып табылмайды. Қылмыстың субьектісі 16-ға толған есі дұрыс баланы нақты ауыстырған адам ( босану немесе балалар үйінің медицина қызметькерлері, жаңа туған баланың анасы) т.с.с.
Бақылау сұрақтары:

Бала асырап алу құпиясын жария ету.



Балаларын немесе еңбекке жарамсыз ата-анасын асырауға арналған қаражатты төлеуден әдейі жалтарудың негіздері қандай?

Отбасы құқығы пәнінің барлық тақырыптары бойынша оқып үйренуге ұсынылатын нормативтік актілер мен негізгі әдебиеттер:


  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995ж

  2. Қазақстан Республикасының “Неке және отбасы туралы” заңы. 17.12.98ж

  3. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі.

  4. Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қтынастар туралы халықаралық конвенциясы. 03.01.93ж

  5. Қазақстан Республикасының “Шаруа (фермер) қожалығы туралы” заңы, 31.03.97ж

  6. Қазақстан Республикасының мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысы берілетін мемлекеттік, әлеуметтік жәрдемақылар туралы заң. 16.06.97ж

  7. Қазақстан Республикасының “Еңбек туралы” заңы. 10.12.99ж

  8. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі 13.07.99ж

  9. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі. 16.07.97ж (2 Тарау. Отбасы және кәмелетке тлмағандарға қарсы қылмыс).

  10. Қазақстан Республикасының “Тұрғын үй қатынастары туралы” заңы 6.04.97ж

  11. Қазақстан Республикасының “Нотариат туралы” заңы. 14.07.97ж

  12. Қазақстан Республикасының “Отбасы үгісіндегі балалар аулы және жасөспірімдер үйлері туралы” заңы. 13.12.200ж

  13. Закон РК от 30.12. 99г. “О присоединении РК к Конвенции о гражданстве замужней женщины”.

  14. Закон РК от 5 февраля 1999г. “О специальном государственном пособии в РК”

  15. Положение об органах опеки и попечительства РК Утв. Постановлением правительства РК от 09. 09. 99г № 1346.

  16. Положение о патронате. Утв. Поставлением правительства РК от 09.09.99г

  17. Правила организации централизованного учета детей, оставшихся без попечения родителей. Утв. Постановлением правительства РК от 09. 09. 99г.

  18. “соттардың неке бүзу істерін қарау барысындағы заңнамаларды қолдану туралы” Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Полнумының қаулысы. 28.04.00ж

  19. “Соттардың балаларды тәрбиелеуге байланысты дауларды шешу барысында заңнамаларды қолдану туралы” Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты Пленумының қаулысы. 28.04.00ж

  20. Азаматтың хал – аухалын тіркеу жазбаларын өзгерту, қалпына келтіру және жою тәртібі және азаматтың хал – аухалын тіркеу кітабын сақтау туралы ереже (Үкімет қаулысымен бекітілген. 26.09.96ж)

  21. Қазақстан Республикасы азаматтарының тегін, атын және әкесінің атын өзгерту туралы өтініштерден қарастыру тәртібі туралы ереже (Үкімет қаулысымен бекітілген. 26.09.96ж)





1   2   3   4


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет