“Ќ±ќыќтану” кафедрасы



жүктеу 1.32 Mb.
бет1/7
Дата18.04.2016
өлшемі1.32 Mb.
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7
: CDO -> Sillabus -> Kuk
Kuk -> Сабақ саны: лекция, семинар, лаборатор. СӨЗ, Барлық сағат саны
Kuk -> Лекциялар: 15 сағат Семинар: 15 сағат СӨЖ: 30 сағат обсөЖ: 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
Kuk -> Қазақстан Республикасы
Kuk -> Лекциялар: 30 сағат Семинар: 15 сағат СӨЖ: 45 сағат обсөЖ: 45 сағат Барлық сағат саны: 135 сағат
Kuk -> Лекциялар: 30 сағат СӨЖ: 30 сағат обсөЖ: 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
Kuk -> “Құқықтану” кафедрасы
Kuk -> Лекция: 15 сағ СӨЖ: 15 сағ обсөЖ: 15 сағ Барлық сағат саны: 45 сағ Аралық бақылаулар саны: 2 (40 балл)
Kuk -> Білім және ғылым министрлігі
Kuk -> Лекциялар: 30 сағат Семинар: 15 сағат СӨЖ: 45 сағат обсөЖ: 45 сағат Барлық сағат саны: 135 сағат
Kuk -> Силлабус қР азаматтық құқық пәні (Жалпы бөлім). (2-ші бөлім студенттер үшін) Жетісай – 2005 ж. Құрастырған: “Құқық” кафедрасының оқытушысы И. Бижанов. ОҚУ Әдістемелік кешені
Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
Сырдария” университеті

Тарих және құқықтану ” факультеті



Ќ±ќыќтану” кафедрасы



Қазақстан Республикасының Қаржы құқығы пәні бойынша 050301 “Құқықтану” мамандыѓыныњ студенттері ‰шін
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
(силлабус)



Оқу түрі: сыртќы_________

Курс: 2

Кредит саны: ІІ

Лекция:: 20

Семинар: 6

СӨЖ: 64

Барлық сағат саны:90



Аралыќ баќылау (АБ-2): 60 б


Қорытынды бақылау: емтихан-40 б



Жетісай,2009

Силлабусты дайындағандар: оқытушы Қуандықова К.Ж.



Жұмыс бағдарламасы


Қазақстан республикасы Білім және Ғылым министрлігінің



_23 12_ 2005_жылғы №_779__ бұйрығымен Бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты, мамандыќтыњ типтік оќу жоспары жєне ЌР БЃМ_22__ _06______ 2006_жылғы бекітілген пєнніњ типтік оќу баѓдарламасы негізінде дайындалған.

Силлабус кафедраныњ мєжілісінде қаралды

Хаттама № __ « ____» _________ 200_ж.
Кафедра меңгерушісі ______________ з.ғ.к.Суттибаева А.А.

Факультеттің оқу-әдістемелік бюросында бекітілді

Хаттама № __ « ____» _________ 200_ж.

Әдістемелік бюро төрағасы/төрайымы/ ___________________Алтыбаева А.


Университеттің Ғылыми Кеңесінде мақұлданған

Хаттама № __ « ____» _________ 200_ж.


Ғылыми Кеңес хатшысы ______________ Құдияр Ғ.

МАЗМҰНЫ.




  1. Алғы сөз ….…………………………………………............................4

  2. Жалпы мәліметтер………………………….………...........................4

  3. Курстың мақсаты мен міндеті …………………………………….....5

  4. Курстың пререквизиттері, постреквизиттері.………….....................6

  5. Жұмыс оқу жоспарынан көшірме.……...............................................6

  6. Оқу сабақтарының құрылымы………………………..........................7

  7. Студентке арналған ережелер…………………...................................7

  8. Оқу сағаттарының кредитке сәйкес тақырып

бойынша бөліну кестесі .……… .........................................................8

  1. Лекция сабақтары...................................................................................9

  2. Семинар сабақтарының жоспары.........................................................57

  3. СӨЖ жоспары және орындау кестесі...................................................60

  4. Пайдаланатын әдебиеттер мен web сайттар тізімі...............................66

  5. Студенттердің білімін бақылау түрлері (тест)......................................67

14.Студенттердің академиялық білімін рейтингтік бақылау

жүйесі................................ . ......................................................................... 100




  1. АЛҒЫ СӨЗ

Оқу әдістемелік кешені “Қазақстан Республикасының қаржы құқығы” пәні бойынша 050301 “Құқықтану” мамандығының суденттеріне осы курс бойынша оқытушының жұмыстан неғұрлым тиімді ұйымдастыруға арналған барлық қажетті оқу-әдістемелік материалдарды құрайды. Білім беруде кредиттік технологияны пайдаланып, барлық құжаттарды бір кешенге біріктіре отырып, пәнді меңгеру процесінде студентке білімін, машықтануын және біліктілігін жоғарғы деңгейге көтеру мақсаты көзделініп отыр.

Жұмыстық бағдарламада оқу жұмысының түрлері бойынша сағаттар көрсетілген; НС-практикалық сабақтар.

ОБСӨЖ оқытушының басшылығымен студенттің өзіндік жұмысы, СӨЖ-студенттердің өзіндік жұмысы.

Оқыту бағдарламасы (Syllabys), семестрдің басында әрбір студентке беріліп, студенттің білімін тереңдетуге, пәнге деген ықыласының артуына, шығармашылық және зерттеушілік қабілеттері ашылып, одан әрі дамуына себебін тигізеді деп күтілуде.

Дәрістің қысқаша жазбасы студентке қайсы бір тақырыпты қарастыруда неге назар аудару керектігіне бағыт береді, санасына негізгі ұғымдар мен терминдерді енгізеді. Пәнді толықтай меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттің барлығымен дерлік жұмыс өткізіп және өзіндік жұмысынан барлық көлемін орындауы қажет.

Тапсырмалар мен жағдайлардың жиынтығы студенттерге аудиториялардан тыс өзіндік жұмысты, үй тапсырмасын орындауға арналған.

Тестік тапсырмалар студентке кредиттерді тапсыруда пән бойынша өз білімдерін тексеруге және рейтінгтік бақылауды тапсыруға, сынақ / емтиханды алуға арналған.


2. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР.





Оқытушының аты-жөні

Сабақты өткізу, орны

Байланыстырушы мәлімет

Аудиториялық сабақтар

СӨЖ




1




Уақыты __________

Ауд ______________




Уақыты _______

Ауд _________



Тел:___________

Каб:___________

Корпус:________



3. ПӘННІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ, ОНЫҢ ОҚУ

ПРОЦЕСІНДЕГІ РОЛІ
Бұл курстың негізгі мақсаты студенттердің қаржы құқығы пәнінің терең мәселесін үйрету болып табылады. Оқу барысында студент ең алдымен көптеген нормативті құқықтық құжаттар мен танысып, оларды қолдана білуі қажет. Сонымен қатар заң актілері мен, қаржы қатынасындағы өзге де құжаттар мен таныс болып оны толтыра білу оған қорытынды жасай білуі қажет және де қаржылық құқықтың дауды шеше білуі керек.

Осы мақсаттардың орындалуы үшін студенттер білуге міндетті

Қаржылық қатынастағы құқықтық реттеу мәселесі мемлекет өмірінде өте маңызды орын алады. Қаржы қатынастары арқылы ол экономикалық даму жағдайына әсерін тигізеді. Қаржы және қаржы жүйесінің, қаржы қызметтерінің түсінігі. Қаржы –құқықтық нормалармен қаржы құқықтық қатынасты, қаржы құқығының жалпы бөлімі институттарының сипаттамасы (Мемлекеттің қаржы қызметтерінің құқықтық негіздері, ақша жүйесіндегі және қаржы жүйесіндегі басқару, қаржылық жоспарлаудың құқықтық негіздері). Қаржы құқығының Ерекше бөлімі ( бюджеттік құқық, салық құқығы, қаржы банк құқығы, қаржы сақтандыру құқығы, ҚР-да банкі және сақтандыру ісін ұйымдастыру, қаржы шаруашылық құқығы. Қаржы құқығының нормаларын терең оқып үйрену, механизмінің түсіну кез-келген болашақ заңгерге оның қай салада жұмыс істеуіне байланыссыз қажет болады. Сондықттанда қаржы құқығын оқып үйрену кез-келген жоғарғы оқу орнындағы “Құқықтану” мамандығы студенттеріне аса қажетті.




4. КУРСТЫҢ ПОСТРЕКВИЗИТТЕРІ МЕН ПРЕРЕКВИЗИТТЕРІ


Пререквизиттер (пәннің алдында міндетті түрде игерілуге қажетті пәндер)

Постреквизиттер (пәннен кейін өтілетін, осы пәнге сүйенетін пәндер)

Кафедра

Кафедра қабылдаған шешім, хаттамасы №___ күні


1

Мемлекет және құқық теориясы


Сақтандыру құқығы

Құқықтану




2

ҚР конституциялық құқығы


Банк құқығы







3

ҚР азаматтық құқығы


ҚР салық құқығы







4

ҚР әкімшілік құқығы












5. ЖҰМЫС ОЌУ ЖОСПАРЫНАН К¤ШІРМЕ





Кредит саны


Курс

Жалпы сағат саны

Аудиториялыќ сабаќтар

Аудиториядан тыс сабаќтар


Қорытынды бақылау


лекция


Прак/сем


сем

лабор

ОБС¤Ж

С¤Ж

1

2

4


90

20




6







64

емтихан


6. ОҚУ САБАҚТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:

Жұмыс бағдарламасында (силлабус) сағаттар оқу жұмыстары түрлеріне қарай бөлінген: лекция, семинар, ОБСӨЖ (оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы), СӨЖ (студенттің өзіндік жұмысы), ЛБС-лабораториялық сабақтар.

Лекция – студентке тақырыпты игеруде неге назар аударуына бағыт береді.

Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс істеуі қажет

Семинар сабақтарында – студент талдау, салыстыру, тұжырымдау, проблемаларды анықтай білу және шешу жолдарын белсенді ой әрекет талап ететін әдіс-тәсілдерді меңгеруі керек

ОБСӨЖ – оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы.

Материалды сабақ үстінде оқытушының көмегімен оқып меңгеру.

Оқытушы тақырыпқа сәйкес студенттің білім деңгейін тексереді, бақылайды.

СӨЖ-студенттің өзіндік жұмысы. Студент СӨЖ тапсырмаларын кестеге сәйкес белгіленген мерзімде оқытушыға тапсыруға міндетті.

Лабораториялық сабақтарда студент теориялық қорытындыларын, яғни, теория мен тәжірибе бірлігін анықтап, құрал-жабдықтарды құрастыруға, пайдалануға дағдыланады, тәжірибе кезінде алынған нәтижелерді талдауды, теориямен сәйкестеліп дәлелдеуді үйренеді.


7. СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ЕРЕЖЕЛЕР :

Сабаққа кешікпеу керек.

Сабақ кезінде әңгімелеспеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы телефонды өшіріп қою керек.

Сабаққа іскер киіммен келу керек.

Сабақтан қалмау, науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдайда деканатқа анықтама әкелу керек.

Жіберілген сабақтар күнделікті оқытушының кестесіне сәйкес өтелінеді.

Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі

8. ОҚУ САЃАТТАРЫНЫЊ ТАҚЫРЫП БОЙЫНША БӨЛІНУ КЕСТЕСІ




Тараулар атауы,

реті


Аудиториялыќ сабаќтар

Аудиториядан

тыс сабаќтар



Лекция

Семинар

СӨЖ

1

Мемлекеттің қаржылық қызметі


2

1

7

2

Қаржылық құқықтың ұғымы, пәні және жүйесі.


2




7

3

Ақша жүйесінің құқықтық негіздері


2

1

7

4

Қаржылық бақылаудың құқықтық негіздері


2




7

5

Бюджет құрылымы


2

1

6

6

Бюджеттік бақылау және бюджет саласындағы басқару

2




6

7

Бюджет процесі


2

1

6

8

Қаржы-құқықтық категориясы ретіндегі салық

2




6

9


Мемлекеттік несиенің құқықтық негіздері

2

1

6

10

Банк қызметі және сақтандырудың ұйымдасқан құқықтық негіздері


2

1

6




Барлығы:


20

6

64



  1. ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫ



І-ЛЕКЦИЯ.

ТАҚЫРЫП: МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
(1 сағат)

Жоспар:
1. Қаржының ұғымы.

2. Мемлекеттік қаржының ұғымы.


Лекцияның мақсаты: Қаржылардың жалпы ұғымы мен мемлекеттің қаржылық жүйесінің құрамдарын оқыту.
Лекцияның мәтіні:
1. Қаржы (“қолма қол ақша”, “табыс” ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын тілінің financia сөзінен пайда болған, француздың finance сөзінен шыққан) қоғамда нақты өмір сүретін, обьективті сиапты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалй қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар-ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып, дамыды және мемлекеттің және оның ресурстарға қажеттіліктерінің дамуымен тығыз байланысты болды.

Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақша қтынастарын қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.

Қаржының пайда болуының бастапқы шарты ақша қатынастарымен ортақтастырылғн тауар өндірісі болып есептеледі.

Қаржы ғылыми ұғым ретінде қоғамдық өмірде сан алуан нысандарда пайда болатын қызметтермен ассоциацияланады және міндетті түрде ақша қатынастарының қозғалысымен қосарлана жүреді.

2. Қаржы әрқашанда мемлекеттің өсіп дамуымен тығыз байланысты және мемлекеттермен бір уақытт пайда болған. Сондықтан, мемлекет және құқық теориясы бойынша қаржылар мемлекеттің атрибуты (ерекше белгісі) болып табылады және мемлекеттің материалдық тірегі (базасы) ретінде көрініс табады. Негізінде “қаржылар” ақша түріндегі қоғамдық өнімді бөлуге байланысты экономикалық қатынастардың айтарлықтай аумағын қамтиды және ақшалай сипатта болады. Қаржылық қатынастар экономикалық қатынастардың бір бөлігі ретінде туындайтындықтан базистік қатынастарға, сондай-ақ экономикалық құндылық категориясына жатады. Қаржылар өте мол ақша қаражаттары қорлары ретінде әрқашанда мемлекет меншігінде болады және жалпы мемлекеттік мұқтаждықтарды қанағаттандыру процесінде басты рөл атқарады. Қаржылар мемлекеттің өсіп дамуының материалдық негізі және оның өзіне тән міндеттері мен функцияларын ақшалай қамтамасыз етудің қайнар көзі болып есептелінеді.

Бақылау сұрақтары:

1. Мемлекеттік қаржы қызметінің әдістері.

2. Мемлекеттік қаржы қызметін іске асырудың құқықтық формалары.

3. Мемлекеттік қаржы саясаты



ІІ-ЛЕКЦИЯ.

ТАҚЫРЫП: МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
(1 сағат)

Жоспар:
1. Мемлекеттік қаржы қызметінің ұғымы, мазмұны және саласы.

2. Мемлекеттік қаржы қызметінің мақсаттары, міндеттері және қағидалары.

3. Қаржы жүйесінің ұғымыжәне оның құрылымы.
Лекцияның мақсаты: Мемлекеттік қаржы қызметінің ұғымы мен салаларын және олардың мақсаттарын үйрету.
Лекцияның мәтіні:

1. Мемлекет аумағындағы азаматтар салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлей отырып қаржыларды қалыптастыру процессіне араласса, ал мемлекеттік қаржылардан зейнетақы және басқа да ақшалай жәрдемақы алу кездерінде оларды бөлу (жұмсау) процесінде қатысады. Қандай да болмасын заңды және жеке тұлғалар қаржылық құқықтың обьектісі болып есептелінетін және мемлекеттің ақша жүйесіне қызмет ететін көптеген ақшалай қатынастардың субьектілері болып табылады.

“Қаржы” термині 2 мағынадан тұрады деп тұжырымдауға болады:


  1. материалдық мағынада

  2. экномикалық категория ретінде

- Материалдық (ақшалай) мағынада “қаржы” деп, мемлекеттің өз қарамағындағы, меншігіндегі ақша қаражаттары қорларының жиынтығын айтамыз. Бұл жерде айта кететін бір жәйт, азаматтар көбінесе қаржыны ақш қаражаттары қорлары ретінде тек мемлекет қолында болады және ешқандай айырбас процесінде араласпайды. Ал азаматтардың жалпыға бірдей құндылық баламасы ақшалар болып табылады.

- Экономикалық категория ретінде қаржы деп, мемлекеттің ақшалай ресурстарын жоспарлы түрде қалыптастыратын және бөлетін, сондай-ақ олардың пайдалануын ұйымдастыратын экономикалық қатынастардың жүйесін айтамыз.

2. Мемлекет қаржысының функциялары мынадай болып келеді: 1. бөлу және қайта бөлу функциясы;


  1. бақылау функциясы

Осы аталған функциялар тек мемлекеттік уәкілетті органдардың қаржылық қызметтерінің барысында жүзеге асырылады.

    • Бөлу функциясының көмегімен өндіріс аясында жасалған экономикалық өнімнің құны мен ұлттық табыстың бір бөлігі мемлекеттің қарамағына жіберіледі. Осы ақша қаражаттары мемлекеттің қаржысына айналғаннан кейін ғана еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси құрылыстарының басым бағыттары бойынша қайтадан бөлінеді.

    • Бақылау функциясыныңарқасында ақша қаражаттарының жиыстырлу және бөлу процестерінің заңға сәйкес жүзеге асырылуына, сондай-ақ мемлекеттің ақшалай ресурстарының ұтымды әрі тиімді пайдалануына есептеу, тексеру жүргзіліп қаржылық тәртіптің сақталуы қамтамасыз етіледі.

Мемлекеттің қаржысы республикалық және жергілікті деңгейлерде іс-әрекет етеді және мемлекеттік бюджетті, бюджеттен тыс қорларды, мемлекеттік кредитті, мемлекеттік жәнемуниципалдық кәсіпорындар мен ұйымдардың қржыларын кірістіреді.

3. Мемлекеттің қаржылық жүйесі мынадай 3 бөлікті қамтиды:



  1. қаржы қатынастарының жиынтығы;

  2. ақша қорларының жиынтығы;

  3. басқарудың қаржы аппараты

ҚР қаржы жүйесінің :

1. Жалпы мемлекеттік қаржы

2. Шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржысы

3. Халықтың қаржысы болып қамтылады



  1. Жалпы мемлекеттік қаржы: мемлекеттік бюджет, арнаулы бюджеттен тыс қорлар, мемлекеттік кредит болып келеді.

Мемлекеттік бюджет экономиканы, әлеуметтік мәдени мұқтаждықтарды, қорғаныс пен мемлекеттік басқарудың мұқтаждықтарын қаржыландыруға арналғн елдің орталықтандырылған қорын жасаумен және пайдаланумен байланысты ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу туралы мемлекеттің заңи және жеке тұлғалармен пайда болатын ақша қатынастарымен көрінетін экономикалық категория. Мемлекеттік бюджет орталық және жергілікті бюджеттерді кірістіреді

Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар – қорлардың ұйымдық дербестігі негізінде кешенді пайдаланылатын бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін тартылатын қаржы ресурстарын қайта бөлу мен пайдаланудың айрықшалықты нысаны.

Мемлекеттік кредит – мемлекеттік билік органдарының қарамағына уақытша бос ақша қаражаттарын жұмылдырумен байланысты мемлекеттің заңи және жеке тұлғалармен, соның ішінде шетелдіктермен және оларды мемлекеттің шығыстарын қржыландыруға пайдаланумен байланысты пайда болатын кредит қатынастарының жиынтығы.

2.Шаруашылық жүргізуші субьектілер қаржысының құрамын мыналар кіреді:



  1. Материалдық өндірістің барлық кәсіпорындары және нарықтық экономика жағдайында өзінің қызметін коммерциялық есеп негізінде жүзеге асыратын өндірістік емес сфераның бір бөлігінің қаржысы

  2. Коммерциялық емес сфераның қаржысы. Коммерциялық емес қызмет белігіл бір табыс алуды мақсат етпейді

3. Халықтың (үй шаруашылығының) қаржысы қаржы жүйесінің ерекше бөлігі болып табылады. Халық өзінің ақша қаражаттарымен жалпымемлекеттік қаржы жүйесімен және меншіктің барлық нысандарының шаруашылық жүргізуші субьектілерінің өндірістік және өндірістік емес сфераларымен қарым қатынас жасайды. Бұл сан алуан қатынастар халыққа еңбекке ақы төлеумен, жинақтаушы зейнетақы жүйесінен ақша қаражаттарын төлеумен, материалдық және материалдық емес игіліктерді алумен байланысты; басқа жағынан, халық өзінің ақшалай табысына салық төлейді, өндірістік және өндірістік емес сферлардың мемлекеттік және басқа мекемелермен ұйымдардың қызметін төлейді.
Бақылау сұрақтары:

  1. Нарықтық және жоспарлау экономикасымен мемлекеттердің қаржы жүйелерінің өзгешелік белгілері.

  2. Мемлекетік орталықтандыру және орталықсыздану қаржысы.

  3. Жалпыға бірдей мемлекеттік және жергілікті қаржы.

  4. Мемлекеттік ақша қорларының қалыптасу әдісері.

  5. Мемлекеттік ақша қорларын пайдалану, жұмылдырудың әдістері.


ІІІ-ЛЕКЦИЯ

ТАҚЫРЫБЫ: ҚАРЖЫЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҰҒЫМЫ, ПӘНІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕСІ

(1 САҒАТ)

Жоспары:

1. Қаржы құқығының пәні.

2. Қаржылық қатынастардың түрлері және белгілері

3. Қаржылық құқықтың ұғымы және пәні


Лекцияның мақсаты: Студенттерді жалпы қаржылық құқық ұғымымен және де жүйесімен таныстырып оқыту.
Лекцияның мәтіні:

1. Қаржылық қызметтің, яғни мемлекеттің ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануын ұйымдастыру барысында туындайтын қоғамдық қатынастар қаржылық құқықтың пәні болып есептелінеді.

Қаржылар экономикалық категориялардың бірі болғандықтан жаңағы қоғамдық қатынастар экономикалық қатынастарға жатады, ал осы экономикалық қатынастардың жүйесіне кіретін қаржыларға байланысты қатынастар қаржылық қатынастар болып табылады. Қаржылық құқықтың пәнінің, яғни қаржылық қатынастардың өздеріне тән айрықша белгілері болады. Олар мына келесідей болып келеді:


  1. Бұл қатынастар ақшалай немесе ақшаға байланысты қатынастар болып табылады

  2. Бұл қатынастар әрқашанда бөлу сипатында болады;

  3. Бұл қатынастар мемлекеттің қаржылық қызметінің нәтижесі болып табылады;

  4. Бұл қатынастар ақша түріндегі құнның бір жақты қозғалысын білдіреді;

  5. Экономикалық қатынастардың бір түрі болғандықтан базистің құрамына жатады

  6. Бұл қатынастар әрдайым қаржылық құқықтық қатынастар түрінде кездеседі

Осы аталған экономикалық және құқықтық белгілердің жиынтығы қаржылық қатынастарды жалпы экономикалық қатынастардың ішінен, ал қаржылық-құқықтық қатынастарды жалпы құқықтық қатынастардың ішінен бөліп шығауға мүмкіндік береді.

Қаржылық құқық дегеніміз – мемлекеттің қаржылық қызметінің барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

2. Қаржылық құқықта қоғамдық қатынастарды реттеуді 2 әдісі қолданылады:



  1. Мемлекеттік -өктем, императивті әдіс;

  2. Қаржылық шартты, диспозитивтік әдіс;

Мемлекет тарапынан, қаржылық құқықтық нормаларымен реттелген қаржылық қатынастар қаржылық құқықтық қатынастарға айналады. Осы қатынастар маңызы бойынша экономикалық, нысаны бойынша құқықтық бола отырып, мына келесідей өздеріне тән белгілермен сиаптталады.

  1. Қаржылық құқықтық қатынастар тек мемлекеттің қаржылық қызметінің аясында туындап, құқықтық нормалармен реттелген қатынастар болып табылады;

  2. Қаржылық құқықтық қатынастар мемлекет пен қоғамның мүддесін жүзеге асырудың нысаны болып саналады;

  3. Қаржылық құқықтық қатынастар әрдайым мемлекеттік-өктем сипатта болады;

  4. Қаржылық құқықтық қатынастардың тұрақты субьектілеріне мемлекет пен оның уәкілетті органдары жатады

  5. Қаржылық құқықтық қатынастар әрдайым материалдық сипатта болады.

Қаржылық құқықтық нормаларға Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесін құрайтын барлық негізгі норма салалры жатады. Сонымен қатар олар қаржы құқығы пәнін құрайтын қатынастардың және қаржылық құқықтық реттеу ерекшеліктерін бірге алып жүреді.

Қаржылық құқықтық нормалар белгілі бір міндетті субьектілер тобына негізделген жалпы ереже болып табылады және көбірек қолдануға есептелген.

Қаржылық құқықтық норманың ерекшелігі, яғни басқа құқық саласы нормаларынан айырмашылығы. Мемлекеттік қаржылық мүмкіншіліктерді жүйелі түрдемақсатты қалыптастыру, пайдалануды ұйымдастыру және бөлу нәтижесінде пайда болған қоғамдық қатынастарды реттейді.

Сонымен қаржы құқықтық нормалар жалпы міндетті өзі ұстау ережесі ретінде мемлекетпен тағайындалады және мемлекеттік үкіметтің күшімен қорғалады.

Қаржылық құқықтық норма – бұл мемелкеттің қаржылық қызметі процесінде пайда болатын бұқаралық қаржылық қатынастардағы ережелерді анықтаушы, мемелкет тарапынан қарастырып қойылған ұйғарым.

Сонымен қаржылық құқықтық нормалардың негізгі ерекшеліктері келесі белгілерде білінеді:



    1. олар мемлекеттің өкілетті органдарымен белгіленген және мемлекеттік өктем сипат алады;

    2. олар мемлкеттік қаржылық қатынастардың қатысушыларының тәртібін реттейді. Яғни осы қатысушыларға құқықтық субьект пен заңдық міндетті жүктеуді ұсынады;

    3. мемлекеттік қаржылық қызмет аясында олар көпшілік құқықтық қызығушылықтар тудырады;

    4. олар заңдық форманы анықтау арқылы белгіленеді, яғни қаржылық заңдылықтың актілерін қабылдау арқылы;

    5. олар мемлекеттік қаржылық өатынастар реттелу шеңберінде мықты заңдылық режимімен қаржылық құқықтық тәртіпті белгілейді және қамтамасыз етеді.

Қаржылық құқықтың норма өзінің құрылысы негізінде өзіне қатысты құбылыс ретінде өзінің ішкі құрылысының және негізгі элементтерінің жиынтығынан тұрады.

Басқа құқық нормалары сияқты қаржылық құқықтық норманың құрылысы 3 негізгі элементтерден тұрады: гипотеза, диспозиция және санкция.



Гипотеза – қаржылық құқықтық норма мен жағдай жолданған адамдар тобы анықталады.

Диспозиция – тәртіптік ереженің мазмұнын құрайды. Яғни қаржылық қатынастардағы қатысушылардың міндеттері мен құқықтарының мазмұнын білдіреді, көпшілік қржылардың аясындағы істелген негізгі әрекеттерді тағайындайды. Қаржылық-құқықтық норманың диспозициясы – қаржылық міндеттер арқылы расталады.

Санкция – қаржылық құқықтық норманың бұзу салдарын қарастырады және осы норманы бұзушылық қаржылық құқықтық қатынасының түрлері мен жазалау шарларын анықтайды. Яғни заңдық жауапкершіліктің шараларын қарастырады және қаржылық құқықтық қатынастың диспозициясын бұзған жағдайда осы жаупекершіліктерді қолданады. Санкция мемлекеттің қабілеттілігін қаржылық құқықтық норманың сақталуына мәжбүрлейді. Сонымен ержелерді қорғау әрекеті болып қаржылық құқықтық нормалармен белгіленген қаржылық құқықтың санкциясы болып табылады.

Қаржылық құқықтық санкцияларды қолданудың ерекшеліктері:



  1. олар барлық уақытта ақшаның өзгешелігін алып жүреді;

  2. өндіріп алынған ақшалар барлық уақытта мемлекет қазынасына құйылады;

  3. олар өзінде штрафтық және ескерту элементтерін алып жүреді

  4. оларға бір тараптама бағыт сәйкес келеді.

Сонымен қаржылық құқықтық орманың құрылымдық элементтері немесе әрекеттестік тәсілдері қоғамдық қаржылық қатынастарды реттеуші ретінде өзінің міндеттемесіне сай келеді.

Сонымен қорыта айтқанда қаржы құқығында қаржы құқықтық нормалар – құқықтың негізгі бастапқы элементтері, яғни мемлекет белгілеген және қаржы қатынастарындағы мемлекеттік мәжбүрлеу шараларымен қамтамасыз етілген құқықтың қатаң белгілі бір ережесі пайдаланылады.

Қаржылық құқықтық қатынастар деп мемлекеттің қаржылық қызметінің барысында, қаржылық-құқықтық нормалардың негізінде туындайтын қоғамдық қатынастарды, яғни қаржылық құқық нормаларымен реттелінген мемлкеттік қаржылық қатынастарды айтамыз.

Қаржылық құқықтық қатынастар: бюджеттік; қаржылық; банктік; қаржылық-сақтандыру; қаржылық- шаруашылық құқықтық қатынастары; материалдық құқықтық қаржылық қатынастар; ұйымдастырушы қаржылық-құқықтық қатынастар; бір жақты өктем қаржылық құқықтық қатынастар; шартты қаржылық құқықтық қатынастар; реттеуші қаржылық құқықтық қатынастар; қорғаушы қаржылық құқықтық қатынастар болып бөлінеді.

Қаржылық құқықтық қатынастардың субьектілеріне мемлекеттің біртұтас өзі; әкімшілік – аумақтық құрылымдар, мемлкеттің уәкілетті органдары; жергілікті мемлекеттік басқару органдары; заңды тұлғалар (мемлекеттік және мемлекеттік емес, коммерциялық және коммерциялық емес, резидент және резидентемес); жеке тұлғалар (азаматтар, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар) жатады.

Қаржылық-құқықтық қатынастар: 1. олар тек мемлекеттің қаржылық қызметінің аясында, мемлекеттің қаржылық қатынастарды құқықтық реттеуінің нәтижесінде туындап, өркендейді. 2. Осы қатынастардың міндетті әрі тұрақты субьектілері қаржылық және басқа да өктем өкілеттіліктері бар мемлекеттік уәкілетті органдар болып табылады. 3. Осы қатынастардың обьектісіне ақшалар немесе ақшалай міндеттемелер жататды. 4. Олар, негізінде ұлттық табысты бөлу барысында туындайтындықтан әрқашанда бөлу сипатында болады. 5. Бұл қатынастар мемлекеттің ақша жүйесін, оның қаржылық құрылымдарын қалыптастыруды мемелкеттің ақшалай қорларын қалыптастыру процестерін жоспарлауды ұйымдастыруды, сол ақшалай қорларды пайдлануды білдіреді. 6. Олар мемлекеттің материалдық базасын қалыптастыру барысында туындайтындықтан экономикалық сипатта болады. 7. Олар мән-мағынасы бойынша экономикалық қаржылық қатынастар, ал нысаны бойынша қаржылық-құқықтық қатынастар ретінде көрініс табатын бірыңғай қоғамдық қатынстарды көрсетеді.

Мемлекеттік орган тек мына келесідей жай-жағдйларды сақтағанда ғана қаржылық құқықтық қатынастың субьектісі болып есептелінеді: бұл субьект жеткілікті көлемде тиісті өктем қаржылық өкілеттілік берілген мемлекеттік орган болып саналады осы органның қызметі мемлекеттің қаржы жүйесінің құрамына кіретін ақшалай қорларды қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру процестерін көрсетуге тиіс; осф органның қызметтері жалпы мемлекеттік мүдделермен айқындалады; осы қызметтердің барысында мемелкеттің функциялары жүзеге асырылады; осы қызметтердің барысында туындайтын қатынастар өздерінің экономикалық және құқықтық беліглері бойынша қаржылық қатынастар болып табылады.

Қаржылық құқықтық қатынас субьектілері өздерінің құқықтық және басқа да мән-жайларына байланысты өктем билік жүргізуші және бағынышты (тәуелді) болып бөлінеді.

Қаржылық құқықтық қатынастардың пайда болуының, өзхгеруінің және тоқтатылуының негізінде жататын, қаржылық заңдарда көзделген құзыретті мемелкеттік органдардың, лауазымды адамдардың, заңды және жеке тұлғалардың саналы, құқыққа сай іс-қимылдарының нәтижесі, сондай-ақ адамның, қоғамның еркінен тыс құбылыс – оқиғалар ретінде көрініс табатын заңды маңызы бар фактілер қаржылық құқықтағы заңи фактілер болып табылады.

Қаржылық құқықтық қатынастардың обьектісі деп, осы қатынастардың материалдық мәнінен бөлектенбейтін, олардың субьектілерінің қызметтернің нәтижесін айтамыз.

Қаржылық құқықтық қатынастардың субьектілері нақты қаржылық құқықтық қатынастарға қатысатын, өздеріне тән құқақтар мен міндеттерге ие болған тұлғалар болып табылады.

. Осы айтылғандарды қорыта келіп қаржылық құқықтық қатынастарға мынадай түсінік беруге болады: “Қаржылық құқықтық қатынастар деп, мемлекет және қоғам мүддесін қамтамасыз етуге бағытталған, өктем-мүліктік сипатта болатын, қаржылық құқықтық нормаларға негізделген және сол нормалармен реттелетін маңызы бойынша экономикалық болып табылатын, мемлекеттің және оның уәкілетті органдарының қаржылық қызметтерінің барысында туындайтын қоғамдық қатынстарды айтамыз.

Қаржылық құқықтың пәні деп мемлекеттің ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру барысында туындайтын қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтамыз

Бақылау сұрақтары:

1. Қаржы құқықтық жүйесі.

2. Қаржы-құқықтық нормалардың ұғымы, белгілері, түрлері және құрылымы.

3. Қаржылық құқықтық қатынастардың ұғымы, белгілері, түрлері және өзгешілік белгілері.



ІV-ЛЕКЦИЯ.

ТАҚЫРЫП: ҚАРЖЫЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҰҒЫМЫ, ПӘНІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕСІ.
(1 сағат)

Жоспар:

1. Қаржы құқығының ұғымы.

2. Қаржы құқығының қайнар көздері.

3. Қаржы құқық саласында құқықтық реттеудің әдістері.


Лекцияның мақсаты: Қаржы құқығының қайнар көздері және де қаржы құқық саласында құқықтық реттеудің негәзгә әдістерін талдау.
Лекцияның мәтіні:

1. Қаржы құқығының құқық саласы ретінде бір біріне сәйкес және байланысты қаржылық-құқықтық нормалар жүйесі болады. Онда қаржы құқығының біркелкі нормалар кешені айқын көрінеді. Олар белгілі бір қоғамдық қарым қатынас топтарын реттейді.

Қаржы құқығының бастапқы элементтері мыналар: қаржылық құқықтық әрекеттерді реттейтін бөлек нормативтік құқықтық жағдайлар; ҚР қаржы жүйесінің құрылуы және жұмыс істеуі; Қаржы құқығының жүйесі іс жүзінде мемлекеттің қаржы жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Қаржы құқығының жүйесі белгілі құқық саласының қаржы құқық институттарынан, бөлімдерден, салалардан тұратынын және олардың бір біріен байланыстарын айқындайды.

Қаржы құқық нормаларының және институттарының орналасу тәртібі олар реттейтін қаржы қатынастарының ерекшелігіне және өзара байланыстарына тәуелді және обьективті сипатталады.

Қаржы құқығының әділетті күн кешіп жатқан қаржылық қатынастардың негізінде құрылуы қаржы-құқық нормаларын тиімді пайдлану мүмкінідігін береді және заңдылықтың нығаюына, қаржы дисциплинасын сақтауға және қаржы құқығының мүмкіншіліктерінің күшеюіне септігін тигізеді.

Сол себептен қаржы құқығының жүйесі - бұл көп қосымша элементтерден және оларды қарым қатынастарынан тұратын ішкі структурасы (жүйесі).

ҚР қаржы құқығының жүйесі 2 ірі бөлішелерден тұрады: Жалпы және ерекше бөлімдер. Жалпы бөлім мына институттардан құралған:



  1. қаржылық құрылымның құқықтық негіздері;

  2. ақша жүйесінің құқықтық негіздері

  3. мемлкеттік қаржылық жоспарлаудың құқықтық негіздері

  4. мемлекеттік қаржы саласында басқару

  5. мемлекеттік қаржы бақылауының құқықтық негіздері

  6. қаржылық құқықтық жауапкершілікті құқықтық реттеу

Ерекше бөлім мыналардан тұрады:

  1. Бюджет құқығы (“мемлекеттік бюджет” институтына сәйкес келеді)

  2. Бюджеттік емес қорларды құқықтық реттеу (“мемлекеттік бюджеттік емес мақсаттың ақшалай қорлары” экономикалық институтына сәйкес келеді)

  3. Банктік қызметтің бұқаралық – құқықтық негіздері (“мемлекеттік банктердің қаржылары” экономикалық институына сәйкес келеді)

  4. Сақтандыру қызметінің бұқаралық құқықтық негіздері (“мемлекеттің сақтандыру мүмкіншіліктері” экономикалық институттарға сәйкес келеді)

Мемлекеттің қаржылық құрылысының құқықтық негіздері мемлекеттің қаржы жүйесінің құрамын және оның ұйымдастырылу құрылымын белгілейтін, қаржылық құрылымды құрайтын және тиісті қаржыларды басқаруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлкеттік органдардың жүйесін айқындап, құзыреттерін белгілейтін, сондай-ақ қаржы жүйесінің институттары мен біртұтас өзін қаржылық реттеудің мақсатын, міндеттерін және әдістерін белгілейтін қаржылық құқықтың институты болып табылады.

2. Қаржы құқығының қайнар көздері мемлекеттің қаржылық атқаратын қызмет кезінде пайда болатын, құқықтық қатынастарды реттейтін қаржы-құқықтық нормалардан тұратын оның сыртқы жүйесінен тұрады.

Қаржы құқығының қайнар көздеріне мыналарды жатқызуға болады:


  1. ҚР Конституциясы

  2. ҚР Конституциялық заңдары

  3. ҚР Салық Кодексі

  4. ҚР Заңдары

  5. ҚР Президентінің жарлықтары, зң күшіне ене алатын, ҚР-ның Президентінің нормативтік жарлықтары

  6. ҚР Үкіметінің нормативті тұғырнамалары

  7. Қаржы министрі, экономика министрі, Халық банк төрағасының нормативтік бұйрықтар, кедендік бақылау агенттілігінің нормативтік тұғырнамалары

  8. Маслихаттардың, әкімшіліктердің қаржылық құқықтық қаулылары, нормативтік қаржы құқықтық шешімдері

  9. Халықаралық қаржы құқығы және халықаралық қаржы құқықтық келісімдер.



Бақылау сұрақтары:

1. Қаржылық - құқықтық шарттар:ұғымы, белгілері.Қаржылық – құқықтық шарттардың түрлері және сипаттамалары.

2. Қаржылық құқықтың құқық саласы ретіндегі ерекшеліктері. Қаржылық құқықтың құқық жүйесіндегі орны.

3. Қаржылық құқықтың жүйесі және дерек көздері.



V-ЛЕКЦИЯ.

ТАҚЫРЫБЫ: АҚША ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ

(1 САҒАТ)
Жоспары:

1. Ақшаның ұғымы және функциялары.

2. Несие ақшаның негізіндегі ақша жүйелері.
Лекцияның мақсаты: Ақша жүйесінің құқықтық негіздерін олардың ұғымдары мен функцияларын талдау.
Лекцияның мәтіні:
1. Ақша жалпыға бірдей балама ретінде барлық басқа тауарлардың құнын көрсететін ерекше тауар. Ақша барлық тауар өндірушілер, сатушылар, тұтынушылар арасындағы экономикалық байланысты қамтамсыз етеді. Ақша тауар өндірісі мен тауар айырбасының тарихи дамуы нәтижесінде пайда болды.

Ақша жүйесінің құқықтық негіздері еліміздің ақша жүйесін, соның ішінде ұлттық валюта жүйесін белгілейтін, сондай-ақ оның қоғам мен мемелкет мүдделеріне сй тиісінше қызмет атқаруын қамтамасыз ететін қаржылық құқықтың институты болып табылады.

Осы институт реттейтін обьект ретіде мына: ақша жүйесінің құрылымы; ақша жүйесін ұйымдастырудың қаржылық құқықтық аспектілері; валюталық реттеу сияқты үш элемент көрініс табады.

Ақша жүйесі деп, тарихи қалыптасқан және тиісті ұлттық заңдармен бекітілген еліміздегі ақшалар айналымын ұйымдастыру нысанын айтамыз. Ақша жүйесінің элементтеріне:ресми ақша бірлігі; ақшалардың түрлері; ақшаларды эммисиялау (шығару) тәртібі; валюта айналымының режимі; ақша айналымын ұйымдастыру жатады.

ҚР ақша жүйесі 1995 жылы 30 наурыздағы “ҚР Ұлттық банк туралы” ҚР Президентінің заң күші бар жрлығына сәйкес ұйымдастырылған.

Ақша бірлігі еліміздегі барлық тауарлардың бағасын өлшеу жөніндегі қызметті атқаратын және ұлттық валютаның аталымын көрсететін мемелкет тарапынан белгіленген ақша, яғни Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – Қазақстан теңгесі болып табылады.

Ақшалардың түрлері дегеніміз заңды төлем құралы болып табылатын ақшалар мен олардың номиналдары.

Ақшалар қағаз ақшалар және металл монеталар түрінде көрініс табады. Мемлекетіміздегі бірден бір негізгі эмиссиялық орталық алтынмен қамтамасыз етілмеген банкноттар және ұсақтаушымонталардың мемлдекет атына шығаруды жүзеге асыратын Қазақстанның Ұлттық Банкі болып табылады.

Ақша айналымы тауарлар, сондай-ақ тауарсыз төлемдер мен есеп айырысу айналысына қызмет көрсететін қолма қол және қолма қол емес нысанындағы ақшалардың қозғалысын білдіреді. Ақша айналымын реттеу әдістеріне ақшалай операцияларды жүргізу тәртібі мен қағидаларын белгілеу, нақты ақшалай операцияларды реттеу және ақшалай операцияларды жүзеге асыру тәртібін айқындау жатады.

2. Мемлекеттік қаржылар аясындағы ақшаларға тән функцтялар қаржылық міндеттемелер бойынша есеп айырысу құралы және мемлекеттің ақша қорларына жұмылдырылуына байланысты қазына жинақтау сипатында болады.

Ақша айналымын тұрақтыландыру ақша реформаларын жүргізу арқылы асырылады.

Ақша реформаларын жүргізу кезінде: нуллификация, денюминация, девальвация және ревальвация сияқты әдістер қолданылады.

Нуллификациялау – айналымнан құны жойылған ақшаларды алып тастап, оның орнына жаңа валюта енгізу, деноминациялау – айнлымдағы ақшаларды белгілі бір арақатынастарын қолдана отырып жаңадан шығарылған ақшаларға айырбастау арқылы ақшалардың құнын өзгерту және массасын азайту, девальвациялау – айналымдағы ұлттық валютаның ресми курсын төмендету, ревальвациялау – ұлттық валютаның курсын, басқа елдердің валюталарымен салыстырғанда ресми түрде жоғарылату сипатында жүргізіледі.

Ақша жүйесінің құрамдас бөлігіне ұлттық валюта жүйесі жатады. Ұлттық валюта жүйесі деп, халықаралық валюталық құқық нормаларын есепке ала отырып ұлттық валюталық заңдармен бекітілген валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу нысанын айтамыз.



Бақылау сұрақтары:


1.
Валюта реттеуінің ұғымы, міндеттері және әдістері.

2. Валюталық бақылау.

3. Валюталық операциялардың ұғымы және түрлері.

VІ-ЛЕКЦИЯ.
ТАҚЫРЫБЫ: АҚША ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ

(1 САҒАТ)
Жоспары:
1. Ақша жүйесінің ұғымы, қағидалары және элементтері.

2. Мемлекеттік ақша-несие саясаты


Лекцияның мақсаты: Ақша жүйесін соның ішінде мемлекеттік ақша несие саясатын талдау
Лекцияның мәтіні:

1. Қайта құру кезеңіне дейін “ақша айналымы” мен “ақша айналысы” ұғымдары арасында айтарлықтай шек қойылатын. Ақша айналысы деп қолма қол ақшаның қозғалысы танылды. Ал ақша айналымы ұғымы одан кең мағына бергендіктен ол қолма қол және қолма қолсыз айналым мағынасын сипаттайды. Бұл жағдайда қолма қол ақша қозғалысы тұрғындардың ақшалай табыстарының бөлінуін қарастырады.

Ақша айналысы мен ақшы айналымы арасындағы шек қойылды. Тауар айналысы процесіндегі қолма қол ақша қозғалысы және төлемақыны жүзеге асыру кезінде қызмет көрсету, сонымен бірге кәсіпорндар мен қаржы – несие мекемелерінің арасындағы ақшалай қаражаттардың алмасуы – ақша айналысы деп аталады.

Ақша айналысын реттеудің маңызды элементі – қолма қол ақшаның қолдану аясын азайту болып келеді. Бұл мәселе біздің елімізде кәсіпорындар арасындағы есеп айырысуларда қолма қол ақшаның қолданылуын шектеу, есеп айырысу чектерін ендіру арқылы ғана шешіледі.

Бүкіл ақша айналысы: қолма қол және қолма қолсыз ақшалар болып бөлінеді. Сондай-ақ:


    • өнімді өндіру және сату процесін, яғни тауарлы сипаттағы есеп айырысулармен байланысты ақша айналымы;

    • тауарлы емес сипаттағы есеп айырысулармен байланысты ақша айналымы;

    • ақша айналысы бірнеше тарихи кезеңдерден өтті және металл, қағаз, несие ақшалар көмегімен жүзеге асырылады.

Қағаз ақшалар әрдайым көмекші сипатқа ие. Қағаз ақшалардың дербес түрде ұзақ уақыт бойында айналуы мүмкін емес, сондықтан да олармен қатар несиелік ақшалар жүреді.

2. Несие ақшалар – бұл несие негізінде алтынның орнына келген құнның қағаздай белгісі. Несие ақшалар несие берушімен несие алушы арасындағы қарыз капиталының қозғалысын көрсетеді және “төлем құралы формасы ретінде өмір сүрудің меншікті формасын алады”.

Несие ақшалардың негізгі түрлеріне: вексель, банкнота, чек, несие карточкалары жатады.

Вексель – бұл мерзімі жеткен соң вексель иесіне вексельде көрсетілген соманы қарыз алушыдан төлеуді талап ету құқын беретін жазбаша түрдегі қарыз міндеттемесі.

Вексель айналымдық қасиетке ие болғандықтан, яғни қолма қол ақшаның орнына айналысқа түсуге бейім болғандықтан да, ол сауда ақшасы деген атауды иеленеді.

Вексельдер жай және аудармалы болады. Жай вексельді қарыз алушы жазып береді. Бұл вексель берушінің вексель ұсынушыға белгілі бір ақша сомасын төлеу туралы сөзсіз міндеттемесі. Аудармалы векселі кредитор – вексель берушінің үшінші тұлғаға қарыз алушыға вексельде көрсетілген соманы төлем уақыты келгенде төлеу жөніндегі бұйрығы.

Чек – бұл шот иесінің чек ұсынушының шотына чекте көрсетілген ақша сомасын қолма қол төлеу және аудару туралы банкке берген жазбаша бұйрығы. Чектер негізінен ақшалай және сеп айырысу болып бөлінеді. Ақшалй чек бойынша банктен қолма қол ақшалар алынады. Есеп айырысу чегі ордарлі сипатта болады. Шот иесіне чек кітапшалары беріледі. Чек кітапшасынан жыртып алған чектің апрақтары сатып алған тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін есеп айырысуға қолданылады.

Клиент есеп айырысу чек кітапшасын алу үшін банкке өтініш және тапсырма береді. Төлем тапсырмасы негізінде банк есеп айырысу шотынан ақша қаражаттарын есептеп шығарады және шотта сақтайды, сатып алынған тауарлар сомасына чек жазып беру арқылы есептеседі.

Несие карточкалары (электронды ақшалар). Чектердің жаппай таралуы банктердің оларды өңдеу қиыншылықтарын тудырады. Сондықтан чектермен қатар пластикалық карточкалар пайда болады. Бұл банк немесе сауда фирмасы шығарған, банктегі шот иесінің жеке басын құжаттандыратын және оған тауарлар мен қызметтерді бөлшек сауда да қолма қол төлемсіз алуға құқық беретін атаулы ақшалай құжат.

Акция акционерлік қоғамның капиталына қаражат қосқандығын куәландыратын жазбаша куәлікті, меншік нысанын білдіретін бағалы қағаз.

Акция өз кезегінде, оның иесіне тиісті акция сомасына сәйкес салынған капиталына белгілі бір дивидент алуға құқық береді. Акцияны иеленуші акционер деп аталады. Оның тұрақты табыс әкелетін бағалы қағаз иесінен айырмашылығы, ол акцияны сатып алу барысында қоғам капиталына қатынасады, ал өнеркәсіптік облигацияны сатып алушысы болса, онда белгілі бір тұрақты пайыз төлеуге келісім шарт жасайтын кредитор болып табылады.

Облигациялардың экономикалық жаратылысы келесідей үш ерекшелігімен сипатталады:



    1. облигация – шаруашылық қызметті несиелеу үшін пайдаланылатын капитал шоғырландыру құралы;

    2. облигация – онша қымбат емес және оңай қол жеткізуге болатын борыштық құрал;

    3. облигация – ұзақ мерзімді борыштиық міндеттеме.

Қазақстан қор нарығының қалыптасу жағдайындағы бағалы қағаздармен жасалатын операциялардың жоғары тәуекелдігі өз кезегінде оларды төмендету қолайлы құралдарды іздестіруді қажет етеді. Олардың біріне – опциондық сауданың дамуы жатады. Опцион деп контрактіде көрсетілген мерзім ішінде ғана әрекет ететін, тұрақты бағада белгілі бір акциялар санын сатып алу немесе сатуға құқық беретін контрактіні атайды. Контрактіні сатып алушы оны сатуға опциондық сыйақы төлейді, оны опцион бағасы ретінде қарайды.

Опциондық кластағы сауданы жаңарту міндетті түрде алмастырудан басталады.

Фьючерс – тұрақты табысты бағалы қағаздарды тұрақты бағада алдағы уақытта жабдықтау контрактісін айтады.

Еркін нарықта нақты сатушылар мен сатып алушылар арасында контрактілер жасауға ешкім тыйым салмаса да, фьючерстік мәмілелер негізінен биржада жасалады. Ұйымдастыру қатынасындағы жүйе опционға ұқсас: клиент брокерлерлік кеңсе арқылы бұйрығын береді, ол бұйрық залдағы тұрақты жұмыс жасайтын өкілге жетеді, кейінгі оның орындалуы немесе орындалмауы нарықтағы нақты жағдайға байланысты анықталады.


Бақылау сұрақтары:

1. Ақша жүйесі ұғымы және оның элементтері және ақша жүйесінің қағидаттары.

2. Қазақстан Республикасының ақша жүйесі.

3. Ақша айналымының құқықтық негіздері.

1. Мемлекеттің ақша-несие саясатының құқықтық негіздері.

2. Бағалы қағаздар айналымын құқықтық реттеу.

3. Мемлекеттік бағалы қағаздар түрлері.

VIІ-ЛЕКЦИЯ.



  1   2   3   4   5   6   7


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет