Ізденістер, №2 исследования, НӘтижелер 2013 результаты



жүктеу 5.37 Mb.
бет17/26
Дата31.03.2016
өлшемі5.37 Mb.
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26
: material
material -> Сабақтың тақырыбы : Допты алып жүрудің түрлері. Сабақтың мақсаты : Допты алып жүруді үйрету, әдісін-тәсілін үйрету
material -> Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Жетібай ауылы №3 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Самамбетова Қарлығаш Ашық тәрбие сағаты 2-сынып Тақырыбы
material -> Сабақ тақырыбы: М.Әуезов
material -> ТӨлеби ауданы №7 жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
material -> Сабақтың тақырыбы: Жамбыл өмірі мен шығармашылығы. Сабақтың мақсаты
material -> Абай Құнанбаевтың табиғат лирикасындағы қазақ ауылының көрінісі
material -> «Қарағайдың қарсы біткен бұтағы» атты қайсар ақын
material -> Сабақтың тақырыбы : Сыр сүлейі Нұртуған Сабақтың мақсаты: Сыр сүлейі Нұртуғанның шығармаларымен таныстыру
material -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ұлы А. Құнанбаевтың шығармашылығымен
material -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстан халқының XVIII-XIX ғасырлар аралығында рухани мәдениетінің дамуы

А.Т. Алиев
Руководитель Первомайской районной администрация мэрии, г. Бишкек
СОВЕРШЕНСТВОВАНИЕ ФОРМ ХОЗЯЙСТВОВАНИЯ ТОВАРОПРОИЗВОДИТЕЛЕЙ
Аннотация. Изложены основные проблемы формирования различных форм хозяйствования в сельском хозяйстве Кыргызской Республики и дана оценка их деятельности.
Ключевые слова: товаропроизводитель, кооператив, агросервис, ветобслуживания
Одним из резервов повышения конкурентоспособности сельского хозяйства Кыргызстана является совершенствование форм хозяйствования товаропроизводителей. Сегодня основная часть сельскохозяйственной продукции производится в мелкотоварных хозяйствах и мелких хозяйствах населения, где отсутствуют службы реализации и хранения продукции, а также необеспеченно межотраслевое взаимодействие. А это приводит к перераспределению добавленной стоимости, созданной в сельском хозяйстве в пользу посреднических и торговых структур.

В 2011 году в сельском хозяйстве функционировало 344,5 тыс. крестьянских (фермерских) хозяйств, 65 государственных хозяйств (это семеноводческие, племенные хозяйства, опытные станции и другие), 556 коллективных хозяйств, в том числе 417 сельскохозяйственных кооперативов, 95 коллективных крестьянских хозяйств и 44 акционерных обществ. Кроме того, имеется 726,6 тыс. личных подсобных хозяйств населения. Крестьянские (фермерские) хозяйства и личные хозяйства населения производят 98,0% продукции отрасли.

Сложившаяся мелкокрестьянская структура хозяйствования и мелкотоварное производство, слабое развитие средне - и крупнотоварного производства свидетельствует о несовершенстве сложившейся структуры хозяйствования. Наиболее динамично развивающейся структурой мелкого бизнеса является сектор мелких крестьянских (фермерских) хозяйств. Причем, перелом в развитии крестьянских хозяйств наступил в 2002 году, когда их численность по сравнению с предыдущим годом возросла в 3,0 раза, а в последующие годы выросла также в несколько раз.

В настоящее время удельный вес крестьянских (фермерских) хозяйств (К(Ф)Х), в общем объеме производства продукции сельского хозяйства неуклонно растет. Вместе с тем количественный рост продукции малого сельскохозяйственного бизнеса не сопровождается адекватным ростом его эффективности. Наоборот, отмечается резкое снижение эффективности производства. В секторе крестьянских хозяйств в среднем, производство валовой продукции сельского хозяйства на одно хозяйство за анализируемый период не растет, а снизилась на 20,0%. Проблемы малоземельное™ продолжают усугубляться. Средний размер К(Ф)Х по площади обрабатываемой пашни снизился более чем в 3,0 раза (с 9,1 до 2,6 га). Одной из основных проблемных мест крестьянского сектора является его неустойчивость, связанная с малыми размерами хозяйств. По нашим расчетам в Кыргызстане 97,3% крестьянских (фермерских) хозяйств являются объектами малого бизнеса, которые имеют земельные площади до 2,0 га. Только 1,7% крестьянских хозяйств относятся к предприятиям среднего бизнеса, а крупных крестьянских хозяйств практически нет.

Сектор коллективных хозяйств (акционерные общества, сельскохозяйственные кооперативы, коллективно-крестьянские хозяйства), несмотря на их сравнительную эффективность в сельском хозяйстве страны развит очень слабо. Это является следствием проводимой аграрной реформы, в результате которого эта форма хозяйствования с самого начала была поставлена в неравные условия с зарождающимся сектором мелких крестьянских (фермерских) хозяйств. Практически данная форма сельскохозяй-ственного предпринимательства была лишена со стороны государства стимулов и поддержки.

Сложившаяся неэффективная структура хозяйствования в сельском хозяйстве, резкое ухудшение материально-технической базы отрасли, деградация инфраструктурных отраслей (сферы агросервиса, мелиорации, ирригации, химизации и ветобслуживания) отрицательно сказывается на эффективности сельскохозяйственного производства в Кыргызской Республике (табл.1).
Таблица 1 - Эффективность сельскохозяйственного производства Кыргызской Республики

Показатели

2006г.

2007г.

2008г.

2009г.

2010г.

2011г.

Прибыль, млн. сом.

32,5

125,6

43,3

36,0

92,4

51,2

Рентабельность %

2,4

8,5

2,8

2,4

5,1

3,7

Удельный вес убыточных предприятий, %

39,6

29,8

36,7

30,1

31,9

27,0

Дебиторская задолженность.млн. сом.

340,3

296,0

248,9

341,4

384,2

227,9

Кредиторская задолженность, млн. сом.

628,7

583,3

606,4

558,8

513,4

417,4


Как видно из таблицы прибыль сельскохозяйственных предприятий практически не растет, и ее общий уровень остается совершенно низким. Снижается уровень рентабельность сельскохозяйственного производства снижается и ее современный уровень совершенно недостаточен для организации расширенного воспроизводства. В 2011 году 27, % сельхозпредприятий завершили финансово-хозяйственную деятельность с убытками. Остаются высокими суммы кредиторских и дебиторских задолженностей сельских товаропроизводителей, что также сказывается на организации устойчивого и высокоэффективного производства. И в целом структурные изменения в сельском хозяйстве привели к снижению финансово-экономических показателей и эффективности сельскохозяйственного производства.

В последние годы государством предпринимаются меры, направленные на
стабилизацию и развитие аграрного сектора. В республике государственная
поддержка реализуется через созданные финансовые институты: ОАО
«Агропродкорпорация» (закуп продукции у отечественных сельскохозяйственных
товаропроизводителей, услуги по хранению, перевозке и переработке продукции в установленном порядке; финансирование отечественных сельхозтоваро-произ-водителей для проведения весенне-полевых и уборочных работ посредством предоставления займов); ОАО «Айылбанк» (кредитование сельских товаропро-изводителей по программе «Доступные кредиты фермерам»; через Министерство сельского хозяйства и мелиорации КР для проведения и противоэпизоотических мероприятий и работ по защите растений. Расходы из республиканского бюджета на поддержку и развитие сельского хозяйства в Кыргызстане в 2011 г. составили 4,5 % внутренней валовой продукции отрасли (для сравнения, в странах ЕС-42%, в России-33%. Однако оказываемые меры господдержки совершенно недостаточны для организации устойчивого и эффективного развития отрасли.

Литература


  1. Сельское хозяйство Кыргызской Республики, Бишкек 2012.

  2. Кыргызская Республика и регионы, Бишкек 2012.


А.Т. Алиев
ТАУАРӨНДІРУШІЛЕР ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ТҮРЛЕРІН ҚҰРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Бұл мақалада Қырғыз Республикасының ауыл шаруашылығында шаруашылықтың түрлерін құрудың негізгі мәселелері келтірілген және олардың әрекеттеріне баға берілген.
A.T. Aliev
IMPROVING THE FORM OF MANAGEMENT OF MANUFACTURERS
In article the main issues of formation of various forms of management in the agriculture of the Kyrgyz Republic are described and given the evaluation of their activities.

ӘОЖ 631.162


Н.Ә. Байболтаева
Қазақ ұлттық аграрлық университеті
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА ӨНДІРІСТІК ШЫҒЫНДАР ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ

Андатпа. Қазіргі уақытта мал шаруашылығы ұйымдарында қалыптасқан шығындар есебінің әдістемесі экономиканы басқарудың жаңа талаптары мен сұранысына толықтай жауап бере алмай отырғаны баршамызға мәлім. Оның айғағы ретінде қазіргі шығындар есебі саладағы әрбір құрылымдық бөлімшенің қызмет нәтижесі туралы дұрыс әрі жедел ақпараттар бере алмайды, алынған мәліметтер арқылы өнімнің өзіндік құнын және жалпы өндірістік шығындарды пайда болу орындары бойынша нормаға сәйкес жұмсалуын бақылауды толықтай қамтамасыз ету мүмкін емес. Сонымен бірге, ауыл шаруашылығы, соның ішінде мал шаруашылығы саласымен айналысатын шаруашылықтарда есеп жүйесі нарықтағы бағаның тез өзгерісі мен өндірістік тапсырмалардың қайта қаралуына байланысты жедел басқару шешімдерін қабылдау үшін икемді мәліметтермен толық қамтамасыз ете алмайды. Міне осы мәселелер тұрғысынан алып қарағанда мал шаруашылығы саласындағы шығындар есебі қазіргі уақыттың талаптарына сай жетілдіруді қажет етеді.


Кілт сөздер: Ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы, шығындар, шығыстар, өндіріске жұмсалынған шығындар, өндірістік шығындар, негізгі шығындар-қосымша шығындар, тұрақты шығындар, өзгермелі шығындар, шығын элементтері, шығын баптары, калькуляциялық шығын баптары, калькуляция, Директ-костинг, Стандарт кост.

Ұлттық экономикамыздың қарқынды дамуында ауылшаруашылығының ерекше орны бар екендігін Президент Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсеткен. Жолдауда: «Ауыл шаруашылығын, әсіресе, ауыл шаруашылығы өніміне өсіп отырған жаһандық сұраныс жағдайында ауқымды жаңғырту қажет» - делінген [1].

Республикамыздың ауылшаруашылығы өндірісінің басқа да салалар сияқты, мал шаруашылығының алдында тұрған негізгі міндет – бұл саладан алынатын өнімдердің көлемі мен сапасын жоғарылату болып табылады.

Қазақстан Республикасының Статистика Агенттігінің мәліметтері бойынша Жалпы Қазақстан Республикасы деңгейінде ауыл шаруашылығындағы өндірілген жалпы өнім көлемі 2007 жылы 1089,4 млдр. теңгені құраған болса, ал 2011 жылы бұл көрсеткіш 2286,0 млдр. теңгеге дейін жетіп отыр. Соның ішінде мал шаруашылығынан алынған жалпы өнім құны 2007 жылы 476,3 млдр.теңге болса, ал 2011 жылы ол 942,4 млдр. теңгеге дейін жоғарылаған [2].

Республика деңгейінде ауыл шаруашылығынан алынған жалпы өнім көлемінің деңгейін төмендегі кесте арқылы толық сипаттауға болады (1-кесте).

Кестенің мәліметтерінен жалпы республика бойынша ауыл шаруашылығынан алынған жалпы өнім көлемі жыл сайын артып отырғанын толық аңғаруға болады.

Егер барлық ауыл шаруашылығынан алынған жалпы өнім көлемі 2011 жылы 2007 жылмен салыстырғанда 1196,6 млдр. теңгеге немесе 109,8 %-ға жоғарылаған болса, соның ішінде мал шаруашылығынан алынған жалпы өнім көлемі 466,1 млдр. теңгеге немесе 97,9 %-ға артқанын байқап отырмыз.

Кесте 1 – Республика деңгейінде ауыл шаруашылығынан алынған жалпы өнім көлемі

(млд. теңге)


Ауыл шаруашылығы салалары

2007

2008

2009

2010

2011


Өсу қарқыны

2011/2007 қатынасы



млд. тг

%

Мал шаруашылығы

476,3

628,6

703,2

774,1

942,4

+466,1

+97,9


Өсімдік шаруашылығы

608,4

770,2

932,3

662,7

1337,2

+728,8

+119,8


Барлығы

1089,4

1404,5

1641,4

1442,6

2286,0

+1196,6

+109,8

Ескерту: кесте ҚР Статистика агенттігінің мәліметтері негізінде жасалынды [2, 282 б.]

Мал шаруашылығы өнімдері өндірісін ары қарай дамыту міндеттерін жүзеге асыруда шығындардың есебін ұйымдастырудың маңызы зор. Себебі ол жалпы кәсіпорын дең-гейінде де, оның өндірістік бөлімшелері деңгейінде де өнім өндіруге өндірістік құрал-дардың үнемді жұмсалуына, барлық өндірілген өнім түрлері мен орындалған жұмыс-тардың өзіндік құнын шығын баптары бойынша анықтауға, өндіріс көлемін ұлғайту үшін пайдаланылмаған резервтерді анықтауға, өндіріс сапасын жоғарылатуға, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге жүйелі түрде бақылау жасап отыруды қамтамасыз етеді [3].

Басқару шешімдерін қабылдау мақсатында ауылшаруашылық құрылымдарының өндірістік қызметінің барлық кезеңдеріндегі шығыстарды анықтаудың маңыздылығы өте жоғары. Себебі, осы уақытқа дейін экономикалық әдебиеттерде шығындар жөніндегі бірыңғай пікірлердің жоқтығынан отандық тәжірибеде «шығындар», «шығыстар» және «өндіріс шығындары», «өндіріске жұмсалынған шығындар» бірдей ұғымда пайдаланылып келді. Өндіріс шығындары деп - ұйымның өнім өндіру, жұмыстар мен қызметтер орындау кезінде жұмсаған заттай және еңбек шығындарының жиынтығын түсінеміз, яғни бұл шығындарды өндіріске жұмсалған шығындар деп айта аламыз. Демек, өнімге жұмсалған шығындар өнімнің өндірістік өзіндік құны болып саналады. Ал, «өндіріске жұмсалған шығындар» есепті мерзімнің соңында пайданы анықтау кезінде ағымдағы шығыстар мен қорлар арасында бөлінеді. Яғни бұл шығындар өнім сатылған кезде ғана сатылған өнімнің өзіндік құны ретінде шығыстарға айналады. Ал, сатылмаған тауарлық қорлар ретінде ұйымның балансында актив болып көрсетіледі. Өнеркәсіптік кәсіпорындарда бұл бап өндіріс үдерісінің барлық сатысын көрсететін бірнеше баптарға бөлініп жазылады яғни негізгі материалдардың қорлары, аяқталмаған өндірістің қорлары және дайын өнім қорлары [4].

Демек, шығындар – бұл, өнім өндіру, жұмыстарды орындау мен қызмет көрсету кезінде тұтынылатын материалдық, еңбек және ақшалай ресурстардың және кәсіп-орынның балансында көрсетілетін, болашақта табыс әкелу мүмкіндігі бар активтердің (қорлардың) құны. Бұдан «шығыcтар» ұғымы «өндіріске жұмсалған шығындар» ұғымы-нан кең екендігін көреміз. Сонымен, «өндіріске жұмсалған шығындарды» - өнім өндіру, жұмыстарды орындау мен қызметтер көрсету кезінде тұтынылатын ресурстардың бөлігі ретінде қарастыру керек.

Жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде мал шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтарда шығындарды калькуляциялық баптар бойынша топтастыру кезінде оларды «тұрақты» және «өзгермелі» деп бөлген дұрыс деп есептейміз. Себебі, шығын баптарын бұлай жіктеу өндірістік қызметті басқару мақсатына қарай өзіндік құнды қалыптастырудағы басқару жүйесінің қызмет етуіне және өнімнің (жұмыстар мен қызметтердің) өндірістік және толық өзіндік құндары туралы толық мәліметтерді алуға мүмкіндіктер береді. Төменде мал шаруашылығымен айналысатын ауылшаруашылық құрылымдарында экономикалық негізделген басқару шешімдерін қабылдау кезінде қажетті және дұрыс ақпараттарды алу үшін өндіріс көлеміне қатысты шығындардың жіктелуі көрсетілді (2-кесте).
Кесте 2– Мал шаруашылығы саласындағы шығындардың өндіріс көлеміне қатысты калькуляциялық баптар бойынша жіктемесі


Шығын баптары



Негізгі табын

Өсірудегі және борда-қылаудағы малдар

тұрақты

өзгермелі

тұрақты

өзгермелі

1.Өндірістік материалдық ресурстар, соның ішінде:







1.1 Малдарды қорғау құралдары (дәрі-дәрмектер мен биопрепараттар)




+




+

1.2 Азық-:түлік:

- өткен жылы кәсіпорынның өзінде өндірілгені және сатып алынғаны;

- ағымдағы жылы кәсіпорынның өзінде өндірілгені




+
+




+
+


1.3 Отын (жанар-жағар май, газ)




+




+

1.4 Технологиялық мақсаттарға арналған отын, энергия, су және жылу



+




+


2. Еңбек ақы:

- негізгі;

- қосымша;

- басқа да төлемдер





+

+



+



+

+



+

3.Әлеуметтік қажеттіліктерге аударым-дар




+




+

4. Өндірістік үстеме шығындар

- өзгермелі бөлігі;

- тұрақты бөлігі


+

+


+

+


«+» белгісі қандай шығынға жататындығын көрсетеді

Ескерту: зерттеу мәліметтері негізінде құрастырылды [5]

Тәжірибеде тұрақты шығындар мен өзгермелі шығындардың қатынасын дәл анықтау мүмкін емес, өйткені олардың кейбіреулері жартылай тұрақты және жартылай өзгермелі болып табылады. Сондықтан, оларды көбінесе «шартты-тұрақты» және «шартты-өзгермелі» деп атайды. Шығындарды бұлай жіктеудің негізіне өндіріс көлемінің қауіпті нүктесін есептеу, рентабельділіктің болжамын талдау, өнімнің бәсекелестік қабілеттілігін, сондай-ақ ассортиментін анықтау, яғни жалпы кәсіпорынның бағаландыру саясаты жатады. Жалпы ауыл шаруашылығы саласының, соның ішінде мал шаруашылығы өндірісінің тиімділігіне құрамына шығындар және өнім шығымы есебі мен бақылау жүйесі енгізілетін ұйымдық басқару, жоспарлау, нормалау, талдау, ішкі бақылау шараларының әсері зор. Қазіргі ауылшаруашылығы тәжірибесінде бұл мәселелерге дұрыс көңіл бөлінбей, соның салдарынан мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпорындар өндірісте шығындарды тиімсіз жұмсап, көп жағдайда материалдық шығынға ұшырап отырады.

Зерттеулер нәтижесінде мал шаруашылығы өндірісімен айналысатын кәсіпорындарда басқару есебі төмендегідей талаптарға жауап беруі қажет деп санаймыз: өндіріс үдерісінің технологиялық ерекшелігіне байланысты өндіріске жұмсалынатын негізгі және үстеме шығындар міндетті түрде нормалануы (мөлшерленуі) қажет және есепті мерзімнің соңында нақты шығындар нормамен (мөлшермен) салыстырылып, ауытқу есебі бөлек жүргізілуі қажет; өндіріске жұмсалынған шығын мөлшері мен алынған өнім көлемін дер кезінде және толық көрсетуге тиісті; құрылымдық бөлімшелерге қызмет көрсеткен басқа құрылымдардың қызметі дер кезінде есепке алынуы тиіс; құрылымдық бөлімшелерде өндіріс құралдарының, еңбек ақы қорының дұрыс пайдаланылуына, жем-шөп және басқа да материалдық ресурстардың мөлшерге сәйкес жұмсалуына жедел бақылауды қамтамасыз ету қажет.

Мал шаруашылығындағы шығындар есебі 8110 «Негізгі өндіріс» шотына ашылған 8110/2 «Мал шаруашылығы» аралық шотында жүргізіледі. Бұл шоттың дебеті бойынша есепті мерзім бойы мал басын күтіп-бағуға жұмсалған шығындар және жыл соңында азық-түліктің, көмекші өндіріс қызметтерінің және басқа да шығын баптарының жоспарлы өзіндік құны нақты өзіндік құнға дейінгі түзетілген сомасы (қызыл жазу немесе қосымша жазу арқылы) көрсетілсе, ал шоттың кредитінде жыл бойы жоспарлы өзіндік құнмен алынған өнімнің жыл соңында нақты өзіндік құнға дейін түзетілген сомасы есепке алынады. Жылдың соңында калькуляциялық айырмашылықтар есептен шығарылғаннан кейін, 8110/2 «Мал шаруашылығы» шоты жабылады.

Мал шаруашылығындағы өндіріс шығындары есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау төмендегі шығын баптары бойынша ұйымдас-тырылады :

- материалдар;

- өндірістік жұмысшылардың еңбек ақылары;

- еңбек ақыдан аударымдар;

- үстеме шығындар.

Мал шаруашылығы кәсіпорындарында малдарды азықтандыруға жұмсалынатын жем-шөптер төмендегі екі тәсілдің біреуін қолдану арқылы жұмсалуы қажет [4] .

Бірінші тәсіл – негізгі өндіріске жіберілген материалдар (азықтар) бастапқы құжаттардың негізінде тікелей 1310 «Шикізаттар мен материалдар» шотының кредитінен, «Негізгі өндіріс» шотының дебетіне жазылады. Есепті мерзімнің соңында пайдала-нылмаған мал азығына түгелдеу жүргізіліп, нәтижесінде пайдаланылмаған жем-шөптің көлемі мен құны фермаға немесе бөлімшеге жіберілген жем-шөптің құндарынан шегеріледі.

Екінші тәсіл – орталық қоймадан өндірістік бөлімшеге немесе бригадаға жіберілген мал азығы алдыменен бөлімше меңгерушісінің немесе бригадирдің, малшының есебіне беріледі де, содан кейін әрбір бөлімшедегі азықты сақтау орындарынан тек мал азығының рационына сәйкес қажетті мөлшері ғана азықтандыруға жіберіледі.

Мал шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтарда саланың ерекшеліктеріне байланысты үстеме шығындарға негізінен шығынның мына түрлері жатады:

- өндірісті басқарушылардың және қызмет көрсетушілердің еңбек ақылары және одан аударымдар;

- еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздендіру шығындары;

- өндірістік негізгі құралдардың тозуы;

- өндірістік құрылғылар мен негізгі құралдарды күтіп ұстау және жөндеу шығындары;

- сақтау кезіндегі материалдық құндылықтардың, соның ішінде азықтың (жем-шөптің) бүлінуінен жоғалтулар;

- басқа да үстеме шығындар;

- өндірімсіз үстеме шығындар.

Зерттеу жүргізілген ауылшаруашылығы ұйымдарында үстеме шығындарды мал топтары бойынша өндірістік жұмысшылардың негізгі еңбек ақыларына пропорционалды түрде бөліп таратады. Алайда, әртүрлі сипаттағы үстеме шығындардың түрлеріне мұндай бөлу базасын қолдану дұрыс болмайды. Себебі үстеме шығындарды еңбек ақыға тепе-тең бөлу үстеме шығындардың нақты деңгейін, сондай-ақ белгілі-бір уақыт өткеннен кейін алынған өнімнің нақты өзіндік құндарының дұрыс есептелуін қамтамасыз етпейді және өзіндік құнды шамадан тыс жоғарылатып жібереді. Соған байланысты мал шаруашылығы өндірісі бойынша үстеме шығындардың төмендегі түрлерін: еңбекті қорғау, күзет қызметі, өрт сөндіру, өндірістегі ақау сомаларын (кінәлі тұлға болмаған жағдайда), мал басының жоғалуы, өліміне байланысты үстеме шығындарды тиісті бастапқы есеп құжаттары мәліметтерінен тікелей алу арқылы бөлімшедегі мал топтарына тікелей апаруға болады деп есептейміз.
Әдебиеттер


  1. ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы АСТАНА. 14 желтоқсан 2012. – 3б.

  2. Агентство Республики Казахстан по статистике. Статистический сборник . – Астана, 2012. – С. 282

  3. Тайгашинова К.Т. Өнімдердің, қызметтер мен жұмыстардың өзіндік құнын калькуляциялау: Оқу құралы. –Алматы : «Издательство LEM» ЖШС, 2012 – 276 б.

  4. Алишарова Г. С. Басқару есебіндегі шығындар мен шығыстардың экономикалық мазмұны және жіктемесі //ҚазЭУ Хабаршысы.–2008. - № 5, 20-23 б.

  5. Алишарова Г. С. Қой шаруашылығындағы шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауды жетілдіру: Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясының авторефераты. Алматы, 2010 - 9 б .

Н.А. Байболтаева


СОВЕРШЕНСТВОВАНИЕ УЧЕТА ПРОИЗВОДСТВЕННЫХ ЗАТРАТ

В ЖИВОТНОВОДСТВЕ


В cтатье рассмотрены проблемы совершенствования учета затрат на производства продукции животноводства, обоснован состав затрат, включаемых в себестоимость продукции, уточ­нена классификация затрат в животноводстве, показано отражение производственных затрат в животноводстве на счетах бухгалтерского учета.
N.A. Bayboltaeva
IMPROVING COST ACCOUNTING IN ANIMAL
In Article improve the problems of cost accounting for livestock production, grounded part of the expenses included in the cost of production, refinement unre ¬ classification of costs in animal husbandry.

УДК 338.43



1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет