Қызылорда қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2014 жылғы 1 қаңтардағы қорытындылары туралы АҚпарат өнеркәсіп



жүктеу 417.7 Kb.
бет1/2
Дата03.05.2016
өлшемі417.7 Kb.
  1   2
 

Қызылорда қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының

2014 жылғы 1 қаңтардағы қорытындылары туралы

АҚПАРАТ

Өнеркәсіп. Қаланың өнеркәсіп кәсіпорындары 2013 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 1270690,1 млн.теңгенің өнеркәсіп тауарларын өндіріп, өнім көлемі өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 99,3 пайызды құрады.

Кен өндіру өнеркәсібінде 1217684,8 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 98,8 пайызды құрады. Бұл жалпы өнеркәсіп өнімінің 95,8 пайызы. Есепті мерзімде 10585,0 мың тонна мұнай өндіріліп, салыстырмалы кезеңмен 97,3 пайызды құрады, табиғи газ өндіру 1484,8 млн. куб метрді құрап, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 95,5 пайызды құрады.

Өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемі 28790,4 млн.теңгені құрап, өткен жылдың салыстырмалы кезеңінен 17,9 пайызға артты. Бұл жалпы өнеркәсіп өнімінің 2,3 пайызы. Есепті мерзімде жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндіру 89,1 пайызды құрап, тамақ өнімдерін өндіру 22,1 пайызға, мұнай өңдеу өнімдерін өндіру 22,8 пайызға, машина жасау 2,2 пайызға артты.

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау саласында өнім көлемі 21197,3 млн.теңгені құрап, өткен жылдың салыстырмалы кезеңінен 9,7 пайызға артты. Бұл жалпы өнеркәсіп өнімінің 1,7 пайызын құрады. Есепті мерзімде 1600,5 млн. квт сағ электр энергиясы өндіріліп, 19,8 пайыз өсімі қамтамасыз етілді, 676,6 мың Гкал жылу энергиясы өндірілді.

Сумен жабдықтау саласында 20085,4 мың текше метр табиғи су өндірілді.

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2013 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 3188,0 млн.теңгені құрап, өнімнің нақты көлемінің индексі өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 101,2 пайызды құрады.

Мал шаруашылығында 2014 жылдың 1 қаңтарына меншіктің барлық нысандары бойынша 14484 бас ірі қара мал, оның ішінде 7357 бас сиыр, 16384 бас қой мен ешкі, 2768 бас жылқы, 1091 бас түйе, 1068 бас шошқа, 13749 құс өсірілуде, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен ірі қара мал 100,7 пайызға, сиыр 102,5 пайызға, жылқы 102,0 пайызға, түйе 103,2 пайызға артып, қой мен ешкі басы 92,4 пайызды, құс 98,4 пайызды құрады.

Есепті мерзімде 1626,2 (тірілей салмақпен) тонна ет, 4848,7 тонна сүт, 626,7 мың дана жұмыртқа өндіріліп, өткен жылдың салыстырмалы кезеңге ет өндіру 102,8 пайыз, сүт өндіру 107,1 пайыз, жұмыртқа өндіру 148,9 пайызды құрады.

Қалада асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту мақсатында «Сыбаға» бағдарламасы аясында мүйізді ірі қара малы етінің экспорттық әлеуетін арттыру мақсатында 1101 бас сиырлар мен 51 бас ет бағытындағы асыл тұқымды бұқалар алуға 197,1 млн. теңге бөлінді. «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның Қызылорда филиалы арқылы 7 шаруа қожалықтары 41,7 млн теңге несие алып, 222 бас жергілікті жердің аналық малы мен 15 бас ет бағытындағы асыл тұқымды бұқа малдары алынып өсірілуде. Сонымен қатар «Сыр-бойы» несие серіктестігінен 8 шаруа қожалықтары 35,8 млн. теңге несие алып 125 бас қой, 163 бас мүйізді ірі қара, 16 бас жылқы сатып алынды. Үстіміздегі жылы қала бойынша 13 шаруа қожалықтарына мал өнімдерін өндіргені үшін 42,4 млн. теңге субсидия берілді.

Жергілікті малдарды асылдандыру мақсатында «Асыл Тұқым» ЖШС-гі қаладан және ауылдық елді мекендерден қолдан ұрықтандыру пунктерін ашып, жыл басынан 972 бас ірі қара малы қолдан ұрықтандырылды.

Қызылорда қаласына қарасты ауыл шаруашылығы құрылымдарының барлық нысандарында 2013 жылы барлығы 6717 гектар, оның ішінде 2377 га күріш, 1112 га жаңа жоңышқа, 1000 га картоп, 931 га көкөніс, 580 га бақша дақылдары егіліп, 717 га ескі жоңышқа дақылы күтімге алынды. Өткен жылмен салыстырған барлық егіс көлемдері 154 гектарға артық егілді, оның ішінде мал азықтық дақылдар егісінің көлемі 890 гектарға артық егілді.

2013 жылы егілген 2377 га күріш егістігінің, оның ішінде 662 га «Маржан», 52 га «Лидер», 1658 га «Янтарь», 4 га «КазЕР-6», 1 га «КазНИИР» және «Ару» сорттары егілсе, күріштің жоғары репродукциялы бірегей тұқымдарын өндіру мақсатында 288,3 га «Маржан», 91,8 га «Янтарь», 0,5 га «Ару», 13,1 га «Лидер», 4 га «КазЕР-6», 0,5 га «КазНИИР -» сорттары егілді.

2013 жылы егілген ауылшаруашылығы дақылдарының әр гектарынан қала бойынша күріштен 40,5 центнерден, картоптан 111,3 центнерден, көкөністен 128,2 центнерден, бақшадан 130,0 центнерден өнімдері алынып, 2012 жылмен салыстырғанда күріштің әр гектарынан 1,4 центнерден, картоптан 0,6 центнерден, көкөністен 0,5 центнерден, бақшадан 3,3 центнерден артық өнім алынды.

Қолда бар 717 га ескі жоңышқа дақылы 2 рет, 1112 га жаңа жоңышқа 1 рет орылып, барлығы 2806 тонна жоңышқа шөбі дайындалды. Меншіктің барлық нысандары бойынша биылғы жылы шөп дайындау тапсырмасы 36890 тоннаға дайындалып, тапсырма 101,1 пайызға орындалды.

2013 жылдың жаз мезгілінде күріш дақылын күтіп-баптау жұмыстары атқарылды, атап айтқанда егілген 2377 гектар күріш егісі үстеп қоректендірілсе, күріш егістігінің 2182 гектарына, оның ішінде 1528 гектары «Гуливер» және 654 гектары «Номини» гербецидтерімен арам шөптерге қарсы өңдеу жұмыстары жүргізілді.

Атап айтқанда егілген 2377 гектар күріш егістігіне барлығы 750 тонна күріш, 17,8 тн жоңышқа, 1258 тн картоп, 4,6 тн көкөніс және 2,9 тн бақша дақылдарының тұқымы және барлығы 1435 тонна азотты, оның ішінде 1100 тн сульфат аммоний, 335 тн карбамид және 571 тн фосфорлы, оның ішінде 367 тн аммофос, 204 фосфорит ұны минералды тыңайтқыштары, 38,3 кг «Гуливер» және 52 литр «Номини» гербецидтері пайдаланылды.

Қазақстан Республикасының «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Заңын жүзеге асыру мақсатында қаланың 10 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері бойынша 2013 жылы егілген 2377 гектар күріштің 100 пайыз көлемі КФ «Халық Қазақ Инстрах» сақтандыру компаниясы арқылы сақтандыру келісім-шарттары жасалынып, тиісті қаржылары төленді.

Күріш егісін суға бастыру кезінде лимит бойынша бөлінген 242,7 млн. текше метр су толығымен пайдаланылды.

2013 жылы қаланың су желілерін, су тоспаларын және қашыртқыларды су алу науқанына дайындауда ішкі шаруашылық аралық су жолдары бойынша барлығы 20,0 мың текше метр көлемінде жер жұмыстары толығымен орындалды және ішкі су жолдары бойында жөндеуге тиісті 15 дана су тоспалары толығымен күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізілді.

Қаладағы ауылшаруашылығы құрылымдарының теңгерімдерінде барлығы 42 дана тракторлар, 18 дана жаткалар, 27 дана астық комбайындары, 20 дана трактор тіркемелері, 11 дана дән сепкіштер, 8 минералды тыңайтқыштар шашқыштар, 18 дана соқалар, 5 дана дискілі тырмалар, 2 дана су насостары, 6 дана шөп тайлағыштар, 8 дана астық тазалағыштар және 6 дана жүк көліктері бар, осы қолда бар ауылшаруашылығы техникалары көктемгі егін егу және күзгі жинау жұмыстарына қатыстырылды. Егін егу мен жинау жұмыстарына қажетті барлығы 1320 тонна дизель отыны, 232 тонна автобинзин, 62 тонна қою май жұмсалынды.

Қызылорда қаласы әкімшілік аумағында жеке және заңды тұлғалар иелігінде барлығы 3555 дана түрлі ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол құрылысы мен арнайы техникалар тіркелген. Ағымдағы жылы барлық тіркелген техникалардың 1680 данасының техникалық жай-күйі тексеріліп, оның 1595 данасы толық техникалық байқаудан өткізілді.

Осы жылы ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол құрылысы техникаларын жүргізуге 154 адамға куәлік беріліп, жеке және заңды тұлғаларға жаңа үлгідегі 462 дана техникалық паспорттар мен 471 дана мемлекеттік белгілер берілді. 131 дана кепілдік келісім-шарты мен қосымша келісім-шарттарын тіркеу және кепілден босатулар рәсімделді. Осы жоғарыда атқарылған шаралардан бюджетке жалпы жиынтығы 2632851 мың теңге қаржы түсірілді.

Үкімет тарапынан мұнай өңдеу зауытынан арзан бағамен босатылатын жанар-жағар майды қалаға жеткізуші операторлар болып белгіленген «Юг-Транс» және «Нефттранс - Қызылорда» ЖШС-рі арқылы қамтамасыз етілді. Жетіспейтін жанар – жағар майды науқандық жұмыстардың барысында қамтамасыз етті.

Сонымен қатар келер жылдың егісі үшін межеленген 2500 гектар сүдігер толығымен айдалды және 15 пайыздық сақтандыру қорын қоса есептегенде барлығы 700 тонна күріш тұқымы құйылды.

Ауыл шаруашылығы саласын қаржылай қолдау мақсатында биылғы жылы қаланың ауылшаруашылығы құрылымдарына барлығы 91,7 млн теңге субсидия берілді.

Атап айтқанда көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жанар-жағар май мен басқа тауар-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға 13 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 57,3 млн теңге, сатып алынған гербецидтердің құнын арзандатуға 4 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 3,2 млн. теңге, өнімнің шығымдылығы мен сапасын арттыру үшін алған минералдық тыңайтқыштың құнын арзандатуға 2 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 13,4 млн теңге, тұқым шаруашылығын қолдауға 1 ауыл шаруашылығы тауар өндірушіге 9,6 млн теңге, 2 су пайдаланушылардың тұтыну кооперативтері мен 2 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне ауыл шаруашылығы дақылдарын суару үшін суармалы суды жеткізу қызметтер құнын арзандатуға 8,2 млн теңге көлемінде бюджеттік субсидия берілді.

Қала халқын маусым аралық кезеңдерде көкөніс өнімдеріне қажеттілігін қамтамасыз ету және олардың бағасын тұрақтандыруды жүзеге асыру бағытында қалада жылыжай шаруашылығын дамыту қолға алынып, бүгінгі күні қала бойынша барлығы 18850 шаршы метрді құрайтын 40 жылыжай бар. Осы жылыжайларда 2013 жыл бойы отырғызылған көкөніс дақылдарынан барлығы 54,6 тонна, оның ішінде 23,9 тн қызанақ, 27,4 тн қияр, 3,3 тн көкөністің басқа түрлерінен өнімдер өндірілді.

Үстіміздегі жылы «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның Қызылорда филиалына жылыжай кешенін салу үшін бөлінген 5,5 га жер теліміне 120 жылыжайдың 50 дана жылыжайының құрылысы аяқталып, 2013 жылдық қараша айында 5 жылыжайға көкөністің көшеттері эксперимент есебінде егілді.

Өсімдік қорғау бойынша 2013 жылы шегіртке зиянкестеріне қарсы барлығы 30200 гектарға зерттеу жұмыстары жүргізіліп, оның 26187 гектарына өңдеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар өсімдік карантині бойынша қала аумағында барлығы 1820 гектарға зерттеу жұмыстары жүргізіліп, оның 49,2 гектарына өңдеу жұмыстары жүргізілді.

2013 жылы егілген 2377 гектар күріш алқабының 700 гектарына зерттеу жұмыстары жүргізіліп, оның 140 гектары жағалық шыбын құртымен залалданғаны және 700 гектарға дулығалардың (шитень) таралуына зерттеу жұмыстары жүргізіліп, оның 60 гектары төменгі дәрежеде залалданғаны анықталды.

Жыл басында азық-түлік өнімдерінің бағаларын тұрақтандыру бағытында қала аумағында 2 базар және 5 сауда үйлерімен өзара ынтымақтастық негізінде меморандум жасалынып, сатылып жатқан азық-түлік өнімдерінің бағаларына апта сайын мониторинг жүргізілуде.

«Байқоңыр ӘӘК» АҚ-ның жанынан құрылған «Алтын қамба» ЖШС-не қаланың орталығынан 10 жер телімі берілді. Осы жерлерге 12 «Алтын-бақ» павильондары орналастырды, олардың 10 дүкені азық-түлік өнімдерін, 2 дүкен ет сатуға арналған. Осы «Алтын-бақ» павильондарын қазіргі таңда «Изобилие» мекемесі жалға алып, осы дүкендерде сырттан тасымалданған сиыр етінің 1 килограмы 845 теңгеден, қой еті 890 теңгеден, құс еті 399 теңгеден, макарон өнімдері 100 теңгеден, сары май 370 теңгеден, 1-ші сортты ұн 52 теңгеден, қант 120 теңгеден қала халқына сатуда.

Қалада нан өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында облыс бойынша оператор болып белгіленген «Аль-Асад» ЖШС-гі мен «Романов» ЖК-рі Қостанай облысындағы «ROMANA» ЖШС-гі мен «Романов Ақбидай» ЖШС-нен 2013 жылдың басынан бері 1 килограмын 47 теңгеден 1-ші сортты ұн тасымалданды.

Сонымен қатар қала аумағында бағаны тұрақтандыру мақсатында 2013 жылы барлығы 25 мәрте ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері ұйымдастырылып, барлығы 207,0 млн. теңгенің өнімдері сатылды.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 2013 жылы қалаға қарасты ауылдық елді мекендерге жұмыс жасауға және тұруға барған жас мамандарға көтерме жәрдемақы беру үшін 16 маманға 1938,0 мың теңге көтерме жәрдемақы берілді. Тұрғын үй сатып алу мақсатында 10 маманға 25809,0 мың теңге берілді.

Ветеринария. 2013 жылы эпизоотиялық іс-шараларды атқаруға республикалық бюджеттен 32017,0 мың теңге бөлініп, қаралған қаржы толығымен игерілді.

2013 жылғы ауыл шаруашылығы малдарын жұқпалы ауруларға егу және диагностикалық тексеру жұмыстарына республикалық бюджет есебінен 352210 мың доза биопрепараттар бөлінді. Осы биопрепараттарға ауыл шаруашылығы малдарын МІҚ-ның аусыл, сібір жарасы, қарасан, туберкулез, уақ малдың аусыл, сібір жарасы, оба, туберкулез ауруларына және құс тұмауына, иттің эхинококкоз ауруларына профилактикалық егу және барлық малдарды бруцеллез, туберкулез ауруларына диагностикалық тексеру жұмыстары жүргізілуде. Жыл басынан 16500 МІҚ, 21000 бас уақ мал, 1800 бас жылқы, 1900 бас түйе, 2000 бас шошқа сібір жарасына қарсы, 22650 бас МІҚ, 24140 бас уақ мал, 2740 бас шошқа аусылға қарсы, 25000 бас МІҚ, 1100 бас түйе, 1800 бас шошқа туберкулезға қарсы, 6800 МІҚ карасанға қарсы, 5000 бас МІҚ листериозаға, 10000 бас МІҚ пастереллезге, 21000 бас уақ мал күлге, 10000 бас брадзотқа, 15000 бас уақ мал эктимаға, 15000 бас уақ мал лептоспирозаға, 2100 бас жылқы маңқаға, 1100 бас түйе обаға, 6000 бас құс құс тұмауына, 19000 бас етқоректілер эхинококкозге және 7000 бас МІҚ, 200 бас түйе, 18500 ит және 4000 мысыққа құтыру ауруына қарсы егілді және 12061 бас МІҚ, 21319 бас уақ мал, 25 бас жылқы, 1900 бас түйе, 268 бас шошқа, 90 бас ет қоректілер бруцеллезге, 315 бас МІҚ, 819 бас уақ мал, 48 бас шошқа аусылға, 2000 бас қошқар жұқпалы эпидимитке, 3069 бас МІҚ ИФА ауруына диагностикалық тексерулер жүргізілді.

Энзоотиялық аурулар бойынша ветеринариялақ іс-шараларды жүргізуге қалалық бюджеттен 2677,0 мың теңге қаржы қаралып, толығымен игерілді. Жыл басынан 1200 бас жылқы сақауына, 470 бас түйенің қатпа ауруына, 7300 бас уақ малдың бауыр құртына дауалаудан өткізіліп, 6700 бас МІҚ өттеу ауруына қарсы егілді.

2013 жылғы қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауға қала бюджетінен бөлінген 16116,0 мың теңгеге жыл басынан 9583 қаңғыбас иесіз ит пен мысық ауланып, «крематорий» пешінде жойылды және 37 сынама құтыру ауруына күдікті ретінде облыстық зертханаға тапсырылды.

Мемлекеттік қызмет көрсету бағыты бойынша жыл басынан 604 (63 адам) ветеринариялық анықтама берілді. 942 малға ветеринариялық паспорт берілді.

2013 жылы Конго-Қырым қанды безгегі ошақтарын залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу үшін қала бюджетінен 4164,1 мың теңге бөлінді, қаралған қаржыға 1003 бас МІҚ, 726 бас уақ мал, 45 бас жылқы малдары шомылдырылып, 119049,6 м² қора-жайларға залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, қаралған қаржы толығымен игерілді.

Қызылорда қаласына қарасты елді мекендерге (Көкжиде, Абай, Қарауылтөбе, Махамбетов, Досан, Байқадам, Талсуат, Қызылжарма, Талдыарал, Айнакөл, Иіркөл, Қалғандария, Әл-Фараби) кенелерге қарсы дезинсекция жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен 3099,2 мың теңге бөлінді. Қаралған қаржыға 6538 бас МІҚ, 6705 бас уақ мал мал, 425 бас түйе, 108 бас шошқа малдары шомылдырылып, 142670 м² қора-жайларға залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.

Қала бойынша 7366 бас МІҚ, 12727 бас уақ мал, 62 бас жылқы, 532 бас түйе және 300 бас шошқа малдарына бірдейлендіру жұмыстары жүргізіліп, компьютерлік дерек қоры базасына енгізілді.



Негізгі капиталға инвестиция салу. 2013 жылдың қаңтар - желтоқсан айларында меншіктің барлық нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдар негізгі капиталға 179569,8 млн.теңгенің күрделі қаржысын салып, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 88,8 пайызды құрады.

Қаржының 11177,3 млн.теңгесі (6,2%) республикалық бюджет қаржысы есебінен, 13986,5 млн. теңгесі (7,8%) жергілікті бюджет, 148495,3 млн. теңгесі (82,7%) жеке қаражаты, 5910,7 млн.теңгесі (3,3 %) қарыз қаражаты есебінен игерілді.

Жыл басынан бері құрылыс жұмыстарының көлемі 46725,8 млн.теңгені құрап, 104,6 пайызға артты. Облыс көлеміндегі орындалған құрылыс жұмыстарының үштен бірі Қызылорда қаласының үлесінде.

Қаржыландырудың барлық көздері есебінен 2014 жылдың 1 қаңтарына жалпы ауданы 139316 шаршы метр, оның ішінде республикалық бюджет қаржысы есебінен 37303 шаршы метр, жергілікті бюджет қаржысы есебінен 1818 шаршы метр, халық қаражаты есебінен 100195 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 80,0 пайызды құрады.

Республикалық бюджет қаржысы есебінен ипотекалық және арендалық тұрғын үй құрылысы жалғасуда. Ипотекалық тұрғын үйлер құрылысы бойынша республикалық бюджеттен барлығы 1565,0 млн. теңге. Оның ішінде:

1. «Тұрғын үй құрылысын жинақ жүйесі арқылы салу» бойынша Астана мөлтек ауданында 50 пәтерлік екі (№11,13) тұрғын үйлердің құрылысына республикалық бюджеттен 612,2 млн. теңге және облыстық бюджеттен 78,6 млн. теңге бөлініп, пайдалануға берілді.

2. Ипподром мөлтек ауданындағы төрт 50 пәтерлік № 1, 2, 3 тұрғын үйлердің құрылысына және жоба-сметалық құжаттамаларын әзірлеуге республикалық бюджеттен 952,8 млн. теңге бөлінді. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары басталып, пайдалануға беру мерзімі 2014 жылға жоспарланды.

Арендалық тұрғын үйлер құрылысы бойынша республикалық бюджеттен барлығы 1074,8 млн. теңге және облыстық бюджеттен қоса қаржыландыруға 339,0 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде:

1. Тасбөгет кентінің Амангелді көшесі бойында 24 пәтерлік үш (№2,7,8), 18 пәтерлік төрт (№6,10,11,12) және 36 пәтерлік (№9) тұрғын үйлердің құрылысын салуға республикалық бюджеттен 604,8 млн. теңге бөлінді. Қазіргі таңда 24 пәтерлік үш №2,7,8 және №18 пәтерлік үш №6,10,11 тұрғын үйлер пайдалануға берілді. Сонымен қатар 36 пәтерлік №9 тұрғын үй 2014 жылдың 1 тоқсанында тапсырылу жоспарланды.

2. Жас отбасылар үшін тұрғын үй салуға республикалық бюджеттен 470,0 млн. теңге бөлінді, оның ішінде Сұлтан Бейбарыс көшесіндегі 30 пәтерлік №4 тұрғын үй және екі 50 пәтерлік № 5,6 тұрғын үйлердің құрылысы жүргізіліп, бүгінгі күнге 50 пәтерлік №5 тұрғын үй пайдалануға берілді және қалған тұрғын үйлердің пайдалану мерзімі 2014 жылдың ІІ тоқсанына жоспарланды.

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында Сұлтан Бейбарыс көшесіндегі 60 және 30 пәтерлік (№1,3) тұрғын үйлердің және Қызылжарма ауылындағы екі пәтерлі екі бөлмелі 7 үйлердің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымына облыстық бюджеттен 93,9 млн. теңге бөлінді. Бүгінгі күні Сұлтан Бейбарыс көшесіндегі 30 пәтерлік №1 тұрғын үй пайдалануға берілді.

Апаттық жағдайдағы үйлердің мәселесін шешу мақсатында Титов мөлтек ауданында жаңадан 60 пәтерлік 6 тұрғын үй құрылысын салуға жер бөлінді. Облыстық бюджеттен бөлінген 64 млн. теңгеге жоба - сметалық құжаттамалары мемлекеттік сараптама қорытындысымен әзірленді.

Қаланың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға 1315,0 млн. теңге бөлініп, төмендегідей жұмыстары жүргізілді:

-          электр желісі 18,7 шақырым, 3 дана КТПН, 1 дана РП;

-          жылу жүйесі 1,2 шақырым;

-          ілеспе газ жүйе 4,1 шақырым, 2 дана ШРП;

-          ауыз су жүйесі 79,1 шақырым;

-          ағымды кәріз су жүйесі 4,8 шақырым, 1 дана КНС;

-          телефон жүйесі 8,4 шақырым;

-          аяқсу желісі 1,54 шақырым;

-          аяқ су таратудың қондырғысы 1 дана НС;

- жер тегістеу жұмыстары 6,2 шақырым;

- 1 дана жылу қазандығы 15 Гкал/сағ (АБМК).

Инженерлік - коммуникациялық инфрақұрылымның жоба - сметалық құжаттамаларын мемлекеттік сараптама қорытындысымен әзірлеуге облыстық бюджеттен 21,4 млн. теңге бөлінді, оның ішінде «Қызылорда қаласы Сабалақ саяжай аумағында мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығының сыртқы инженерлік жүйелері құрылысы» жобасына 6,0 млн. теңге, «Қызылорда қаласындағы Шығармашылық үйінің сыртқы инженерлік жүйелері құрылысы» жобасына 1,8 млн. теңге бөлініп, жобалық сметалық құжаттамалары әзірленді және «Қолжетімді баспана 2020» бағдарламасы аясында Ипподром мөлтек ауданында бу қазандығы құрылысына 13,6 млн. теңге бөлінді. Қазіргі таңда барлық жоба-сметалық құжаттамалары мемлекеттік сараптама қорытындысымен алынды.

Қаланың су құбырлары және кәріз су жүйелерін қайта жаңғыртудың - 2015 жылға дейінгі бағдарламасы бойынша – 3434,0 млн. теңге қаржы бөлініп, анықталған мердігер мекеме «Мелиоратор» ЖШС-і арқылы төмендегідей жұмыстары атқарылды:

- ауыз су 12,9 шақырым;

- кәріз су 4,6 шақырым;

- 506 дана су есептегіш құралдары;

- су бұрғылау ұңғымалары 21 дана;

- қосалқы ұңғыма бұрғылау 3 дана, және қайта бұрғылау 1 дана

Сонымен қатар 2014 жылы жүргізілетін нысандарға жобалық-сметалық құжаттамаларын дайындауға 50,0 млн. теңге бөлінді, құжаттар толығымен әзірленді.

Қызылорда қаласындағы спорт-сауықтыру кешенінің (мұз аренасымен) құрылысы аясында сыртқы инженерлік желілерді сыртқа тартуға облыстық бюджеттен 214,6 млн. теңге бөлінді, сыртқы ауыз су жүйесі, жылу жүйесі, сыртқы жоғары кернеулі электр жүйесі, телефонизация желілерінің құрылысы және көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.

Абай даңғылы бойынша ОМЦ, Болашақ университеті, Жайна сауда Үйі және Қазақ-түрік лицейі тұстарына салынатын аспалы көпір құрылысының жобалық-сметалық құжаттамаларымен мемлекеттік сараптамасын әзірлеуге қалалық бюджеттен 8,2 млн. теңге бөлінді, қазіргі таңда жоба-сметалық құжаттамалары мемлекеттік сараптама қорытындысымен алынып, жалпы құны 158,7 млн. теңгені құрады.

Тасбөгет кентінің сумен қамту мен су әкету жүйелерін кеңейту және қайта жаңғырту жұмыстарына (ІІІ кезең) және су желісін тұтынушы тұрғын үйлеріне жеткізу құрылысына республикалық бюджеттен 53,1 млн. теңге бөлінді, жеке тұрғын үйлерге жеткізу жүйесінің ұзындығы L-15,502 шақырым болатын 435 су есептегіш құралдары орнатылды.

Белкөл қыстағына «Су желісін тұтынушы тұрғын үйлеріне жеткізу» жобасы арқылы ұзындығы 15 шақырым болатын 203 жеке тұрғын үйлерге есептеу құралдарын орнатуға республикалық бюджеттен 20,9 млн. теңге бөлініп, қазіргі таңда 175 жеке тұрғын үйлерге су есептегіш құралдары орнатылды.

«Қараөзек елді мекеніндегі сумен қамту жүйесін қайта жаңғырту және бас тоған ғимараттарын күрделі жөндеу» жобасы арқылы қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуге барлығы 244,3 млн. теңге бөлінді, бөлінген қаржыға 11 км ауыз су жүйесі қайта жаңғыртылып, 7,2 км сервистік желілер және 291 су есептегіш құралдары орнатылды. Сонымен қатар бас су тоған иммараттарына 2 дана қуаттылығы 500 м³ болатын су қоймасы қайта жаңғыртылып, 2 дана су тұндырғышы орнатылды және 1 дана КТПН 10/0,4кВт, 1 дана КПП, 1 дана бірінші көтерме насос, 1 дана резервті бірінші насос, 4 дана екінші көтерме насостары орнатылып, 12 көшеге ауыз су жүргізілді.



Көлік және байланыс. Қала бойынша 2014 жылдың 1 қаңтарына автокөліктермен 48477,8 мың тонна жүк тасымалданды. Жүк көлемі өткен жылдың салыстырмалы кезеңінен 107,1 пайызды құрады. Жүк айналымы 6349,6 млн.тонна-шақырым болып, өткен жылдың салыстырмалы кезеңінен 103,3 пайызды құрады. Жолаушы тасымалдау көлемі есепті мерзімде 182860,6 мың жолаушыны құрап, өткен жылғыдан 108,5 пайызға өсті. Жолаушылар айналымы 3241,0 млн.жолаушы-шақырымды немесе салыстырмалы кезеңімен 113,4 пайызға артты.

2014 жылғы 1 қаңтарына 1905,3 млн.теңгенің телекоммуникация қызметі көрсетілді. Қызмет көлемі өткен жылдың салыстырмалы кезеңінен 7,5 пайызға артты. Жыл басынан бері 4346 дана телефон, оның ішінде 3299 данасы жеке тұрғындарға орнатылды.



Қаржы саясаты. Қала бюджетінің 2014 жылдың 1 қаңтарына кірістер болжамы (трансферттермен зайымдарды қоса есептегенде) 36436,6 млн.теңгені құрап, 37121,1 млн.теңгеге немесе 101.9 пайызға орындалды. Оның ішінде өз кірістері болжанған 9826,0 млн.теңгенің орнына 10509,7 млн.теңгеге немесе 107,0 пайызға орындалды.

Қала бюджетінің шығыстар жоспары 37313,4 млн. теңге болса, ол 36912,7 млн. теңгеге немесе 98,9 пайызға орындалды.



Шағын кәсіпкерлік. 2014 жылғы 1 қаңтарына қала бойынша тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 26104 бірлікті құрайды, оның ішінде жеке кәсіпкерлер саны – 20022 бірлік, белсенділері – 15157 бірлік және заңды тұлғалар бойынша – 6082 бірлікті, белсенділері – 4918 бірлікті құрайды.

Жыл басынан бері қалада кәсіпкерлік саласында 1108 жаңадан жұмыс орны ашылды, оның ішінде 398 - сауда саласында, 184 – білім және денсаулық саласында, 20 - өнеркәсіп саласы, басқа да қызмет көрсету түрлері бойынша - 506 жұмыс орындары ашылды.

Кәсіпкерлікті қолдау мақсатында 2013 жылға қалалық бюджеттен 847 мың теңге қаражат бөлінді, оған 1 дөңгелек стол, 3 семинар өткізілді, кәсіпкерлерге арнап 640 кітапшалар дайындалып, таратылды.

Индустрияландыру картасы аясында 2013-2015 жылдар аралығында 3 жоба жүзеге асырылады, жобалардың жалпы құны 19 млрд. 613,9 млн. теңгені құрайды. Атап айтсақ:

1. «Жан Арай» ЖШС-нің «Құрама жем зауытының құрылысы» жобасы. Жобаның құны 375,9 млн. теңге. Жаңадан 18 жұмыс орны ашылады. Жоба 2013 жылы іске қосылу жоспарланған, алайда құрылыс жұмыстарының аяқталмауына байланысты 2014 жылдың І жартыжылдығына жоспарланды.

2. «KAZPAMP» ЖШС-нің электронасостарды жинақтау өндірісін ұйымдастыру жобасы. Жоба құны 374 млн. теңге, жаңадан 61 жұмыс орны ашылады. Іске қосылу уақыты 2014 жыл.

3.  «Самрұқ-Қазна Инвест» ЖШС-нің «Шыны шығару зауытының құрылысы» жобасы. Жобаның құны 18 млрд. 864 млн. теңге, жаңадан 362 жұмыс орны ашылады. Іске қосылу уақыты 2015 жыл.

2012 жылы Аймақтық үйлестіру кеңесінен өткен 2013-2015 жылдар аралығында жүзеге асырылатын 6 инвестициялық жобалардың іске қосылуы жоспарлануда. Олар:

1. «Сарыбұлақ» ЖШС-нің «Полиэтилен құбырларын шығару өндірісін ұйымдастыру цехының құрылысы» жобасы, жобаның құны – 26,5 млн. теңге, жаңадан 9 жұмыс орны ашылады.

2. «Сәулет Қызылорда kz» ЖШС-нің «Халықаралық стандарттарға сәйкес «Жібек жолы» қонақ үйінің құрылысы» жобасы. Жобаның құны 1,5 млрд. теңге, жаңадан 60 жұмыс орны ашылады. (Қонақ үй 100 орынға арналған 7 қабатты ғимарат.)

3. ЖК «Досболовтың «Гигиеналық қағаз шығаратын цехтың құрылысы» жобасы. Жобаның құны 10 млн. теңге, жаңадан 8 жұмыс орны ашылады.

4. «Ауылшаруашылықты қаржылай қолдау қоры» Қызылорда филиалының «50 дана жылыжай құрылысы» жобасы. Жобаның құны 283,0 млн. теңге, жаңадан 55 жұмыс орны ашылады. Қуаттылығы жылына 400 тонна өнім алу. Бүгінгі күні іске қосылған 6 дана жылыжайда 8 адам жұмыспен қамтылды.

5. «Ауылшаруашылықты қаржылай қолдау қоры» Қызылорда филиалының қосымша 70 жылыжай құрылысы жобасы. Жобаның құны 385,0 млн. теңге, жаңадан 70 жұмыс орны ашылады.

6. "Геофарм" ЖШС – нің «Қыш шығаратын зауытының құрылысы» жобасы. Жоба құны 60,0 млн. теңгені құрайды, жаңадан 30 жұмыс орны ашылады. Іске асырылу мерзімі – 2014 жыл.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 2013 жылы Қызылорда қаласы бойынша жалпы құны 4 973, 5 млн. теңгені құрайтын 26 жоба жүзеге асырылып, жаңадан 889 жұмыс орындары ашылды.

Индустриялды-инновациялық бағдарламалар аясында 2013 жылы қала бойынша жобалық құны 1659,3 млн теңгені құрайтын 2 жоба іске қосылып, жаңадан 65 жұмыс орны ашылды.

1. "Ақбарыс" ЖШС-нің «Мал бордақылау цехы және ет өндіру цехының құрылысы» жобасы. Жоба құны 200,0 млн. теңгені құрайды. Жаңа жұмыс орындары – 15. Қазіргі таңда кәсіпорын жұмыс жасауда.

2. «Қайнар» спорт клубы қоғамдық бірлестігінің «Қызылорда қаласында спорттық сауықтыру кешені құрылысы (мұз айдыны)» жобасы.Жоба құны 1459,3 млн теңге, жаңа жұмыс орнындарымен 50 адам қамтылды. Қуаттылығы күніне 162 адамға қызмет көрсетуде.

Қызылорда қаласы бойынша 2013 жылы Эксперттік кеңес өткізіліп, 15 жоба Аймақтық үйлестіру кеңесіне жолданды. Атап айтқанда:

1. «Орда-тех-әйнек» ЖШС-нің «Жоғары вольтты электр оқшаулағыштарды шығаратын зауыттың құрылысы» жобасы. Жобаның құны 1 320,0млн. теңге, жоба іске қосылғаннан кейін 50 адам жұмыспен қамтылады.

2. «Шалкибаев К» ЖК-нің «Кірпіш шығару өндірісін ұйымдастыру» жобасы. Жобаның құны 35,0млн. теңге,жоба іске қосылғаннан кейін 45 адам жұмыспен қамтылады.

3. «Хуа Ю интернационал в Кызылорде» ЖШС-нің «Химиялық реагенттер өндірісі» жобасы. Жобаның құны 500,0млн. теңге,жоба іске қосылғаннан кейін 24 адам жұмыспен қамтылады.

4. «Сантехстрой сервис» ЖШС-нің «Кірпіш өндіру зауытының құрылысы» жобасы. Жобаның құны 35,0млн. теңге,жоба іске қосылғаннан кейін 45 адам жұмыспен қамтылады.

5. «Қожаниязов» ЖК-нің «Күйдірілген кірпіш шығару өндірісін ұйымдастыру» жобасы. Жобаның құны 35,0млн. теңге,жоба іске қосылғаннан кейін 45 адам жұмыспен қамтылады.

6. «Узаков» ЖК-нің «Қабырға және жаяу жүргінші жолдардың материалдарын өндіріс қәсіпорынын құру» Жобаның құны 70,0млн. теңге, жоба іске қосылғаннан кейін 34 адам жұмыспен қамтылады. Қазіргі уақытта кәсіпорын 2000-нан аса шлакаблок өнімін өндірді. 12 адам жұмыспен қамтылды. Толықтай іске қосылу уақыты 2014 жылдың 1 жартыжылдығына жоспарланды.

7. «Экосервис-К» ЖШС-нің «Қызылорда қаласында құбырларды пенополиуретанды полиэтилен және мырышпен қаптап жылусактандыру» жобасы. Жоба құны-135,0 млн теңге, жаңа жұмыс орындарымен құрылыс кезінде 14 адам, іске қосылу кезінде 20 адам қамтылатын болады. Қуаттылығы жылына 16900 погон метр құбыр шығару.

8. «Энергия» ҚК ЖШС-нің «Қызылорда қаласында салынатын қуаттылығы жылына 12 млн дана пресстеу мен кірпіш күйдіру әдісі арқылы кірпіш және тротуар плиталарын өндіретін кірпіш зауытының құрылысы» жобасы. Жоба құны -1078,1 млн теңге, жаңа жұмыс орындарымен құрылыс кезінде 50 адам, іске қосылу кезінде 36 адам қамтылатын болады. Қуаттылығы жылына 12 млн дана кірпіш шығару.

9. «Ақ-Мерген» ЖШС-нің «Облыстың туристік әлеуетін дамытуға арналған сетенділік ату, жаттығу кешенін ұйымдастыру» жобасы. Жоба құны 60 млн теңге, жаңадан 11 жұмыс орны ашылу жоспарлануда.

10. «ЭКО-Н Сервис» ЖШС-нің «Құрамында уландырғыш сынап бар энергия үнемдеуші шамдарды жинау және тиімді пайдалану» жобасы. Жоба құны 10,3 млн. теңге, жаңадан 9 жұмыс орны ашылу жоспарлануда.

11. «TehenMobile» ЖШС-нің «Полиуретаннан жылу сақтағыш қорғау аптамасы бар болат құбырлар мен фасонды бұйымдар шығару зауытының құрлысы» жобасы. Жоба құны 1500,0 млн теңге құрайды, жаңадан 50 жұмыс орны ашылу жоспарлануда. Қуаттылығы 17400 дана құбыр.

12. «Қызылорда мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нің «Жылына 600 мың тонна қуаттылықтағы мұнай өңдеу зауытының құрылысы» жобасы. Жоба құны 15 606 млн. теңге, жаңадан 386 жұмыс орны ашылу жоспарлануда.

13. «Сыр жайық өркендеу» ЖШС-нің «Қызылорда қаласында құрылысқа арналған пенобетон материалын шығару» жобасы. Жоба құны 26,85 млн. теңге, жаңадан 10 жұмыс орны ашылу жоспарлануда.

14. «Сыр жайық өркендеу» ЖШС-нің «Қызылорда қаласында құрылысқа арналған газобетон материалын шығару» жобасы. Жоба құны 33 млн. теңге, жаңадан 10 жұмыс орны ашылу жоспарлануда.

15. «Байсал» ШҚ-ның «Қуаттылығы жылына 3 млн. дана жұмыртқа өндіретін 10 мың бас тауыққа арналған ферма құрылысы» жобасы. Жоба құны 70 млн. теңге, жаңадан 24 жұмыс орны ашылу жоспарлануда.



Коммуналдық шаруашылық. Қаланың санитарлық тазалық жұмыстарын қамтамасыз етуге барлығы 511,9 млн. теңге бөлініп, бүгінгі күнге 509,3 млн. теңгесі игерілді. «Қызылорда тазалығы» ЖШС-гі 7 қосалқы мердігер мекемелермен келісім шарт арқылы («Рустем-21», «Ақсырым», «Қызылорда Қайсар» ЖШС-і мен «Көшеков», «Аманова», «Сейтқасымов», «Қожахметов» ЖК) қала көшелері мен жаяу жүргіншілер жолдарын сыпыру, жинау, қоқыстарды тиеу, арық жүйелерін тазарту, көше бойында орналасқан бордюрлерді әктеу, сырлау жұмыстары жүргізілуде.

Қаланың санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу мақсатында 10 сенбілік өткізіліп, сенбіліктерге 30 мыңға тарта адам қатыстырылып, барлығы 56530 метр арық жүйелері тазаланды және 1060 м³ ірі көлемдегі егесіз күл-қоқыстар шығарылды. Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы мамандарымен анықталған қала аумағындағы 17 жердегі көлемі 580 м³ егесіз күл қоқыстары тазартылды.

Сонымен қатар қаладағы аяқсу баратын көшелерге 25000 түп ағаш (терек, сыр талы, қарағаш) көшеттері отырғызылды.

Қала аумағындағы жиналған тұрмыстық қатты қалдықтарды орталық полигонға жеткізіп залалсыздандыру жұмыстарына 12,3 млн. теңге бөлінді. Жалпы жыл басынан бері 212,9 мың м³ күл-қоқыс орталық полигонға шығарылып, залалсыздандырылды.

Қаланың санитарлық тазалығын қамтамасыз ету мақсатында қалалық бюджеттен бөлінген 6,4 млн. теңгеге 200 дана контейнерлер дайындалып, толығымен пайдалануға берілді. Коммуналдық және тазалық жұмыстарымен айналысатын мекемелердің материалдық техникалық базасын нығайтуға облыстық бюджеттен 812,9 млн. теңге бөлініп, жаңадан 92 дана техника сатып алынды.

Облыстық бюджеттен бөлінген 103,0 млн. теңгеге қала аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлердің ауласына барлығы 23 спорт алаңы салынып, пайдалануға берілді. (Ақмешіт м/а №17,12,13,14,17, Титов қыстағы №5,6,7,8, 2 кв №8,9,10, Шұғыла м/а № 25,26,41, Мерей №4, Ж.Баһадүр №3а, Тәжібаев №23, Сүлейменов №56,70, Әуезов №55, Тасарық м/а №1,2,10, Бөкейхан №66а, пр.Абая №30,32,41, Бектұрғанов №28, Байсейтова №100, Желтоқсан № 24а, Сырдария м/а №8, Жанқожа Батыр №82, Бұхарбай Батыр №58, Наурыз м/а №5,6,31, Чайковский №1)

Қазіргі заман талабына сай автобус аялдамасын орнатуға облыстық бюджеттен 74,5 млн. теңге бөлініп, қазіргі таңда 42 жерге аялдама салынды. (Желтоқсан, Ғ.Мұратбаев, Жібек Жолы, Д. Қонаев, А. Тоқмағамбетов, А. Байтұрсынов, С. Бейбарыс, Қорқыт ата көшелері, Абай даңғылы, Тасбөгет кенті кіре-беріс тұсына)

Жібек жолы каналынан С. Бейбарыс көшесіне дейінгі аралыққа 6375 шаршы метр болатын брусчатка жаяу жүргінші жолдары салынып, 12000 түп сыр талы отырғызылды. Сонымен қатар 30 жерге орындықтар, 30 дана кіші көлемдегі қоқыс жәшігі және 5 лампалы 87 дана түнгі жарық шамдары орнатылып, пайдалануға берілді. Қаралған қаржы көлемі 44,9 млн. теңге.

2013 жылы қала аумағында 151150 түп гүл мен 6345 м² жерлерге газондар егіліп, күтіп бапталды. Атап айтқанда, Бірінші Президент саябағына 1598 м² жеріне 39950 түп гүл мен 5850 м² жеріне газон және Резиденция аумағына 495 м² жеріне 12375 түп гүлмен 1229 м² газон, Жібек жолы көшесі Астана даңғылынан «Сыр сүлейлері» аллеясына дейін 1850 түп, «Сыр сүлейлері» аллеясына 38500 түп, «Сыр сүлейлері» аллеясынан Южный Гастрономына дейін 12750 түп, И.Ильин сквері аумағына 2350 түп, Ж.Баһадүр ескерткіш аумағына 8375 түп және «Ақмешіт» мешіті аумағына 35000 түп гүлдері егіліп бапталды.

Ақмешіт, Айтбай мешіттері, Қорқыт ата кешені, Амангелді, Қобыланды ескерткіштері, Орталық стадион мен көше қиылыстарына және гүл қауашақтарына, газондармен гүл егіп баптауға 102,2 млн. теңге бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылды.

Айтеке би, Тоқмағамбетов көшелері қиылысындағы қорым қоршауының тозығы жетуіне байланысты темір және профнастил қоршауларымен қоршалды.

Белкөл кентіндегі орталық бейітті кеңейтуге және асфальттауға қалалық бюджеттен 29,8 млн. теңге тиісті жұмыстары толығымен аяқталды.

Көше атаулары тақтайшаларын дайындауға 2,0 млн. теңге бөлініп, казіргі таңда 1724 тақтайша әзірленіп, ілінді.

Жергілікті бюджеттен бөлінген 27,6 млн. теңгеге қазіргі таңда 13 аяқ су насос қондырғылары орнатылды. Темір жол вокзалы аумағында, орталық алаңда, орталық стадион алдында және Қорқыт ата мен Желтоқсан көшелері қиылысында орналасқан су бұрқақтарды (фонтандарды) күтіп ұстауға 12,9 млн. теңге бөлінді.

Жарықтандыру бойынша облыстық бюджеттен бөлінген 293,0 млн. теңгеге қаланың 36,9 шақырым болатын 28 көшесіне және қосымша қалалық бюджеттен бөлінген 163,6 млн. теңгеге ұзындығы 12,6 шақырым болатын 12 көшеге түнгі жарық бағаналары орнатылды.

Қаладағы 30 көшенің жарықтандыру жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамаларын мемлекеттік сараптама қорытындысымен әзірлеуге 21,5 млн. теңге бөлініп, анықталған мердігер мекеме «КБ Казгорпроект» ЖШС-і арқылы құжаттар толығымен әзірленді және облыстық бюджеттен қаладағы 4 көшені жарықтандыруын қайта жаңғырту жұмыстарының жоба-сметалық құжаттамаларын мемлекеттік сараптама қорытындысымен әзірлеуге 3,7 млн. теңге бөлініп, толығымен иегерілді.

Сонымен қатар қалалық бюджеттен бөлінген 8,1 млн. теңгеге Қызылжарма, Талсуат ауылдық округтерінің түнгі жарық бағаналары орнатылды, қалған кент және ауылдық окургтерде жалпы ұзындығы 21,6 шақырым құрайтын 20 көшенің жарықтандыру жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеуге 1,2 млн. теңге бөлініп, толығымен игерілді.

2013 жылы қала аумағындағы 23,9 шақырым болатын 46 көшеге орташа жол жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 1246,0 млн. теңге бөлініп, пайдалануға берілді.

Қалалық бюджеттен бөлінген 283,1 млн. теңгеге жалпы ұзындығы 12,2 шақырым болатын 15 көшеге орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, қаланың 34 көшесіне орташа жол жөндеу жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеуге 27,0 млн. теңге, орташа және күрделі жөндеуді қажет ететін көшелердің жобалық - сметалық құжаттамаларын мемлекеттік сараптамасымен қоса әзірлеуге 4,8 млн. теңге бөлініп, қаралған қаржы толығымен игерілді.

Қызылорда қаласы бойынша «Қорқыт ата әуежайына кіре беріс жолына» облыстық бюджеттен бөлінген 1 712,2 млн. теңгеге жалпы ұзындығы 11,7 шақырым болатын жол торабы асфальтттанып, 40 дана билборд, 2 жолақ саны, 399 жарық бағаналары орнатылды.

Облыстық бюджеттен бөлінген 1443,7 млн. теңгеге Жібек жолы көшесі Бөкейхан көшесінен Сұлтан Бейбарыс көшесіне дейін жалпы ұзындығы 3,8 шақырым болатын жол торабы қайта жаңғыртылды.

Сұлтан Бейбарыс көшесі Жібек жолы көшесінен Cырдария өзенінен өтетін көпірге дейін жалпы ұзындығы 1,6 шақырымға қайта жаңғырту жұмыстарына облыстық бюджеттен 155,2 млн. теңге бөлініп, тиісті жұмыстары толығымен аяқталды.

Сонымен қатар қалалық бюджеттен елді мекендердің 8 көшесіне (Ақсуат, Қосшыңырау, Талсуат, Караөзек, Қызылжарма, Белкөл, Қарауылтөбе, Ақжарма) орташа жол жөндеу жұмыстарына 111,3 млн. теңге бөлініп, тиісті жұмыстары атқарылды.

Қала аумағындағы жаяу жүргінші жолдарын салуға және автотұрақтарын орташа жөндеуге барлығы 913,0 млн. теңге бөлінді, бөлінген қаржыға 23,9 шақырымды құрайтын 19 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынып, 37 көпқабатты тұрғын үйдің аулаішілік жаяу жүргінші жолдары мен автотұрақтары жөндеуден өткізілді. (Бакалейторг, Набережная, Мерей, Тасбөгет кентіндегі Тасарық, Наурыз мөлтек аудандарының және Раханов, Журба, Ауелбеков, Сапарбаев, Қазантаев, Желтоқсан, Бегім Ана, Камалов, Ділманов, Жеңіс, Қонаев, Әуелбеков, Мұратбаев, Тоқмағамбетов)

Қала аумағындағы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қалалық бюджеттен 28,2 млн. теңге бөлінді, оның ішінде, жасанды жол үсті кедергілерін жөндеуге 2,9 млн. теңге, 55 шақырым болатын жол үсті сызықтарын сызуға 7,7 млн. теңге, 29 бағдаршамды күтіп ұстауға 11,6 млн. теңге және 178 дана жол белгілерін орнату мен күтіп ұстауға 5,8 млн. теңге бөлініп, тиісті жұмыстары атқарылды.

Сонымен қатар жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында жергілікті бюджеттен бөлінген 7,6 млн. теңгеге қала аумағындағы жол тораптарына 400 дана жол белгісі орнатылды және жаңадан 31 бағдаршам нысандарын қайта құруға 417,0 млн. теңге бөлініп, тиісті жұмыстары атқарылды.

Қызылорда қаласындағы магистральды жылу трассасын 32-ші жылжымайтын тіректен 34-ші тірекке дейін қайта жаңғырту жұмыстарына 55,7 млн.теңге, 37-ші жылжымайтын тіректен 40-ші тірекке дейін 48,1 млн. теңге, 55-ші жылжымайтын тіректен 57-ші тірекке дейін 45,4 млн. теңге, 57-ші жылжымайтын тіректен 61-ші тірекке дейін 90,3 млн. теңге, Қызылорда қаласындағы магистралды жылу трассасын Жанәділов көшесі бойымен УТ-1 жылу торабынан (4-ші павильон) Привокзальная қысқа көшесі бойымен УТ-ға дейін қайта жаңғыртуға 23,8 млн теңге, республикалық бюджеттен бөлінгені 263,2 млн. теңге және қоса қаржыландыруға облыстық бюджеттен 28,1 млн. теңге, барлығы 291,3 млн. теңге бөлінді. Қазіргі таңда қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, аталған құбыр желілері пайдалануға берілді.

Қалалық бюджеттен бөлінген 59,0 млн. теңгеге қала аумағындағы 200 көппәтерлі тұрғын үйлердің кондоминиум және техникалық құжаттары толығымен әзірленді.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджет қаржысы есебінен 7 ауылдық округтеріне жол және көше жарықтарын жөндеуге 15,3 млн. теңге бөлінді. Бөлінген қаржыға жалпы ұзындығы 2,9 шақырымға жол жөндеу жұмыстары және 3,16 шақырымға жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.



Әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту. Халықтың аз қамтамасыз етілген «әлжуаз» топтарын әлеуметтік қолдау мақсатында 2014 жылдың 1 қаңтарына:

- 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысына жергілікті бюджеттен бөлінген 212,7 млн. теңге 5391 отбасына (14563 баласына) жәрдемақы төленді.

- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушылар негізінен балалар, жұмыссыздар, бала күтуімен отырғандар, мүгедектер. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 2013 жылға 13,5 млн. теңге қаралып, бүгінгі күнге 153 отбасына (615 адамға) толығымен төленді.

- Аз қамтамасыз етілген отбасыларын әлеуметтік жағынан қолдау мақсатында ағымдағы жылға тұрғын үй көмегіне бюджеттен 129,5 млн. теңге қаралып, 2014 жылдың 1 қаңтарына 3978 отбасына (13932 адамға) 123,3 млн. теңге тағайындалып, төленді.

- Аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан 38 студентке 15,01 млн. теңге қаралып, оның 14,6 млн. теңгесі оқу ақысына және тамақтану мен тұру шығындарына әлеуметтік көмек ретінде жеке шоттарына аударылды.

Сонымен қатар бөлім арқылы бюджет есебінен:

         «Құрмет» атағы бар 27 азаматқа төленгені 1,1 млн. теңге;

         Қала бойынша облысқа ерекше еңбегін сіңірген 64 адамға төленгені 0,9 млн.теңге;

         80 жастан асқан, жалғыз басты 54 зейнеткерлерге төленгені 0,7 млн. теңге;

         Үйі өртенген азаматтарға материалдық көмекке 5,8 млн. теңге қаралып, қазіргі таңда 54 отбасына 4,2 млн. теңге төленді.

         ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне, қаза тапқан жауынгерлердің қайтадан некеге отырмаған жесірлеріне, концлагерьдің бұрынғы жасы кәмелетке толмаған тұтқындарына Ұлы Отан соғысында қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО медалымен, ордендерімен наградталған тыл ардагерлеріне Ұлы Отан Соғысы Жеңісінің 68 жылдығына 221 адамға 8,0 млн. теңге қаралып, 164 адамға 6,9 млн. теңге және коммуналдық шығындарын өтеуге 221 адамға 15,3 млн. теңге қаралып, 155 адамға 9,1 млн. теңге төленді.

         Ұлы Отан соғысы жылдарында кемінде 6 ай жұмыс істеген тыл ардагерлеріне бір жолғы әлеуметтік көмекке 2564 адамға 127,5 млн. теңге қаралып, толығымен төленді.

         Ауған соғысының, Чернобыль, Семей апаттынан зардап шеккен азаматтарына бір жолғы әлеуметтік көмекке 658 адамға 16,4 млн. теңге қаралып, толығымен төленді.

         Ауылдық жерде тұратын мамандарға отын сатып алуға 580 адамға 4,0 млн. теңге қаралып, 577 адамға 3,9 млн. теңге төленді.

Қызылорда қаласы бойынша жалпы мүгедектер саны 9196 адам ( 1, 2 топ - 4955, 3 топ - 2910), 1213 бала жасынан мүгедек. Бөлім тарапынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылдың 20 шілдедегі № 754 қаулысына және «Мүгедектерді жеке оңалту бағдарламасына» сәйкес жыл басынан бері қала және қалаға қарасты ауылдық округтерде тұратын мүгедектер гигиеналық және арнаулы жүріп - тұру құралдарымен қамтамасыз етілуде. «Мүгедектерді жеке оңалту бағдарламасына» сәйкес:

         Мүгедектерге гигиеналық құралдарға (памперс) 60,2 млн. теңге төленді,

         1 топ мүгедектеріне 104 жеке көмекшілердің қызметіне –27,2 млн. теңге қаралып, игерілгені 26,4 млн. теңге.

         8 ымдау тілінің мамандарына – 4,9 млн. теңге қаралып, игерілгені 4,7 млн. теңге.

         Үйде тәрбиеленіп және оқытылатын 169 мүгедек балаларға 10,2 млн.теңге төленді.

         Қала мүгедектеріне бүгінгі күнге 396800 дана памперс, 415 таяқ, 55 плеер, 47 диктофон, 22 көп жүйелі система, 81 тифломагнитола, 8 балдақ, 163 кресло-қорап, 68 жетек арба, 15 ұялы телефон, 29 видеокомпьютер, 80 сағат, 12 телефакс, «Бура» шипа-жайына 172, «Taras Resort SPA» шипа-жайына 184 жолдама таратылды.

Қала бойынша әлеуметтік көмек көрсету бөлімінде 200 жалғыз басты азаматтар (мүгедектер, зейнеткерлер) есепте тұрады. Оның ішінде мүгедектер 46 адам, 154 адам жасына байланысты зейнеткерлер. Оларға жетісіне кемінде 2 рет кесте бойынша 28 әлеуметтік қызметкер үйден түрлі әлеуметтік қызмет түрлерін (азық-түлік, дәрі-дәрмек әкеліп, коммуналдық төлемдерін төлеп, пәтерлеріне жеңіл тазалық жұмыстарын жүргізу және т.б.) көрсетуде. Сонымен қатар бірнеше жылдан бері «Сыр мейірімі» жобасы қайырымдылық акциясы жүргізіліп келеді. Қазіргі таңда қоғамдық тамақтандыру орындары арқылы ай сайын барлығы 250 адам ыстық тамақпен қамтамасыз етілуде. (Тасбөгет кентіндегі «Арман» мейрамханасында, Шанхай м/ауданында «Бақыт» кафесі, Титов-Гагарин қыстақтарында «Болашақ» кафесі және «Ақмешіт -Сырдария» мешіті)

Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік қолдау мақсатында 139 бала есепке алынды. Оларға 19 әлеуметтік қызметкер үйде әлеуметтік қызмет көрсетеді. Осы бөлімше арқылы ақыл есі кем балаларға арналған интернат үйіне 5 жолдама берілді және «Умай» қайырымдылық үйі күндізгі жартылай стационарға 35 мүгедек балалардың құжаттары дайындалып, тапсырылды.

2011 жылдан бастап қаладағы мүгедектер қоғамы жанынан ашылған мүгедек азаматтардың қоғамға толыққанды араласуына, олардың мұқтажына қарай қала көлеміндегі қоғамдық орындарға уақытылы жеткізіліп, мәдени іс-шараларға қатысуларын қамтамасыз етуде «Әлеуметтік такси» қызметінде 1 диспетчер, 2 жүргізуші жұмыс атқарады. Олар бүгінде осы диспетчерлік бөлімше арқылы қала ішінде 55 кресло-арбамен жүретін мүгедек жандарды тасымалдау жұмыстарын жүргізуде. Ол үшін бюджеттен ағымдағы жылда 4,4 млн. теңге бөлініп, оның 3,8 млн. теңгесі игерілді.

Қаладағы «Ұшқын» мүгедектердің құқығын қорғау және жәрдем беру қоғамдық бірлестігіне қалалық бюджеттен 3,6 млн. теңге қаржы бөлініп, қаладағы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың, тұрмысы төмен, көп балалы отбасылардың балаларына сервистік қызмет көрсету үшін шағын компьютерлік орталық ашылып, олардың ақпараттық-технологиялық сауаттылығы ашу мақсатында 7 қызметкер жұмыс жасауда және 5 адам жастар тәжірибесі, 6 адам әлеуметтік жұмыс орындарымен қамтылған.

Сонымен қатар халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық, жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты бекітілген. Осыған байланысты бүгінгі күнге «Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі интернат үйіне» 29 адамға, 100 орындық күндізгі болу жартылай стационарлық бөлімшеге -183 адамға, зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығына - 226 адамға және Талсуат елді мекеніндегі мүгедектерді оңалту орталығына 578 адамға жолдама беріліп, демалуда.

Қызылорда қалалық белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталығына уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін жыл басынан бері 53 адамға жолдама берілді.

Облыстық статистика департаментінің мәліметі бойынша Қызылорда қаласында 2014 жылдың 1 қаңтарына экономикалық белсенді халық саны 110,7 мың адам, жұмыссыздық деңгейі – 4,7 пайыз, облыста көрсеткіш- 5,2 пайыз, республикада – 5,2 пайызды құрады.

Бүгінгі күнге бөлімге тіркелген жұмыссыздардың жалпы саны 334 адамды құрап, тіркелген жұмыссыздық деңгейі 0,3 пайызды құрады. (1.01.2013 жылы – 0,4 пайыз)

2014 жылдың 1 қаңтарына қалада 3272 жаңа жұмыс орны ашылды, оның ішінде: ауыл шаруашылығында – 10, өнеркәсіпте - 234, құрылыста – 56, көлік және байланыста – 824, саудада – 395, білім беру – 145, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтерде – 102, басқа салада – 780, уақытша және маусымдықта - 726 (1.01.2013 жылы ашылғаны – 4290).

Жыл басынан 4306 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Ағымдағы жылы 10 рет бос жұмыс орындарына жәрмеңке өткізіліп, нәтижесінде тұрақты жұмысқа орналасқаны 581 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 22 адам, қоғамдық жұмысқа жіберілгені 183 адам.

Қоғамдық жұмыстарға жыл басынан қалалық бюджеттен 119,5 млн. теңге бөлінді, бүгінгі күнге 158 мекемеге 2150 адам қоғамдық жұмысқа тартылды. (01.01.2013 жылы-2125).

Жұмыссыздарды кәсіби мамандыққа және қайта даярлау еңбек нарығының сұранысына және қаланың индустриялық - инновациялық дамуына сәйкес жүргізіледі, 2013 жылы 475 жұмыссыздарды кәсіби оқытуға – 4,2 млн. теңге бөлінді. Жыл басынан бері 17 еңбек нарығына қажетті мамандықтар түрі бойынша жұмыссыздарды іріктеп, кәсіби оқуға жіберілді.

Әлеуметтік жұмыс орындарына жергілікті бюджеттен 37 адамға 1,4 млн. теңге қаралып, жыл басынан 46 адам жұмыспен қамтылды.



: upload -> files -> Economica
files -> Ұлттар жіктеуіші
files -> Деректі фильмнің беташары
files -> Мазмұны бағдарламаның ТӨЛҚҰжаты
files -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама «Сұйық отын және аи-92 жанар жағар майын сатып алу»
files -> Жоба сайлау учаскелерін құру туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»
Economica -> Қызылорда қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы
Economica -> Қызылорда қаласы (облыстың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) атауы)
Economica -> I. 2014-2018 жылдарға арналған Қызылорда қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері


  1   2


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет