Қызылорда қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2014 жылғы 1 қаңтардағы қорытындылары туралы АҚпарат өнеркәсіп



жүктеу 417.7 Kb.
бет2/2
Дата03.05.2016
өлшемі417.7 Kb.
1   2

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамту көзделген. Қалаға қарасты Ақжарма, Қызылжарма және Қосшыңырау ауылдық округ орталықтарындағы жолдарды жөндеуге республикалық бюджеттен 58,1 млн. теңге бөлініп, жалпы ұзындығы 3,3 шақырымға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар М.Шоқай көшесіне Бөкейхан көшесінен С. Бейбарыс көшесіне дейін жалпы ұзындығы 0,8 шақырымға күрделі жөндеу жұмыстарына республикалық бюджеттен 246,6 млн. теңге және облыстық бюджеттен 27,4 млн. теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бағдарлама аясында 21 адам жұмыспен қамтылды.

Бағдарламаның екінші бағыты - ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту мақсатында республикалық бюджеттен 267 млн. теңге бөлініп, қазіргі таңда 99 адам шағын несие алды.

Бағдарлама аясында брусчатка шығаратын зауыт іске қосылып, 320 түрлі тас өнімдері, оның ішінде қабырға өретін кесек, бордюр, брусчатка шығаруда. (жеке кәсіпкер Нұрсейітов Асхат «Даму» бағдарламасы бойынша оқып, сертификат алған)



Бағдарламаның үшінші бағыты – жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу көзделген. Жыл басынан бері:

-          қайта даярлау курстарына республикалық бюджеттен 35,7 млн.теңге қаржы бөлініп, 17 мамандық бойынша 340 адам білім алуда.

-          кәсіптік даярлауға 488 орынға жолдама беріліп, қаладағы 4 колледжде қыркүйек айынан 2014 жылдың шілде айына дейін білім алады.

-          әлеуметтік жұмыс орындарына 400 адамға республикалық бюджеттен 80,7 млн. теңге қаралып, есепті мерзімде 368 мекемелер мен кәсіпорындарға 591 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жолдама алып, 308 бағдарламаға қатысушылар тұрақты жұмыспен қамтылды.

-          жастар тәжірибесі бойынша 320 адамға 74,3 млн. теңге қаржы бөлініп, 317 мекеме мен кәсіпорынға 506 жас маман жастар тәжірибесіне жолданып, 57 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

2011-2013 жылдары оқу бітірген 1268 бағдарламаға қатысушылар арасынан 724 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

Үстіміздегі жылдың тамыз айында Қызылорда қаласына берілген 30 пәтерлі тұрғын үйге 28 жанұя көшіп барды. Экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерден Арал ауданына 3 отбасы, Жалағаш ауданынан 6 отбасы, Қазалы ауданынан 2 отбасы қоныс аударып, 36 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды.

Білім беру. Қалалық білім беру бөліміне қарасты 54 жалпы білім беретін мектеп және 1 кешкі мектеп жұмыс жасайды. Олардың ішінде 7 мектеп-лицей (№№ 3, 5, 10, 15, 23, 136, 264), 3 мектеп-гимназия (№1, №9, №212), 1 «Мұрагер» дарынды балаларға арналған мектебі (№2) бар.

2012-2013 оқу жылында қала мектептерінде білім алатын 43945 оқушыға 5759 мұғалім дәріс береді. Олардың 4890-ы жоғары білімді және 613-і арнаулы орта білімді мұғалімдер. Педагогтардың 421-і жоғары санатты, 1937-і І санатты, 1558-і ІІ санатты мамандар.

2012-2013 оқу жылында Қызылорда қаласындағы 46 жалпы білім беретін білім беру ұйымдарынан 2080 бітіруші түлектің ҰБТ-ға қатысқаны 1698 оқушы (81,6%). ҰБТ нәтижесінде жалпы мектептер бойынша орташа балл көрсеткіші – 76,8 пайызды құрады. (2012 жылы орташа балл – 69,1 болған). «Алтын белгіге» үміткер 87 бітірушілердің 27-і дәлелдеп шықты. Үздік аттестатқа ұсынылған 47 үміткердің 22-ы дәлелдеді.

Қалалық білім беру бөліміне қарасты 112 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары бар, оның ішінде 21 мемлекеттік балабақша (4247 бала), 52 жеке балабақша (4503 бала) және 39 мектепке дейінгі шағын орталық (2118 бала) жұмыс жасайды. Қамтылған бала саны 10868. Мектеп алды даярлық топтарында 3184 бала білім алуда. Қызылорда қаласында 0-6 жас аралығындағы бала саны – 46754, 3-6 жас аралығында бала саны – 18752. Балабақшамен қамтылғаны 74,9 пайызды құрады.

2013 жылы 1 мемлекеттік және 13 жеке балабақша ашылып, барлығы 1295 баланы қамтып отыр. («Сыр жұлдызы» мемлекеттік балабақшасы 140 орындық, «Томирис жүрегі»-100 орын, «Димаш-Сұлтан»-50 орын, «Қайсар»-25 орын, «Ұлпан»-50 орын, «Айым»-75 орын, «Шөмекей Жас-Нұр»-50 орын, «Дінасыл»-160 орын, «НұрШұғыла»-320 орын, «Қалжан Дана»-75 орын, «Ай-Тоша»-50 орын, «Шарипа Ана»-50 орын, «Жарығым»-100 орын, «Қызылорда-Алдияр»-50 орын )

2013 жылы жалпыға міндетті оқу қорына қала бойынша 176038,0 мың теңге бөлініп, жалпы орта білімге қаралған қаржының 3 пайызын құрады. Оның ішінде ыстық тамақпен қамтуға 73639,0 мың теңге бөлінді.

Қаладағы № 3 мектеп-лицейіне «Назарбаев Зияткерлік мектебі» тәжірибесін тарату мақсатында материалдық-техникалық базасын нығайтуға 8747,0 мың теңге және № 189 мектеп жанындағы интернат үйінің жөндеу жұмыстары мен материалдық техникалық базасын жетілдіруге 6150 мың теңге.

Сонымен қатар 7 мектепке (№136,5,9,211,143,171,212) бөлінген 89224,0 мың теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 22 мектептің, 3 балабақшаның, 1 оқушылар сарайының, Сырдария тынығу лагерінің 41526 мың теңгеге жобалық - сметалық құжаттамалары мемлекеттік сараптама қорытындысымен әзірленді.

Қалаға қарасты елді мекендердің №39,172,176 орта мектептерінде саяжайдан қатынап оқитын оқушыларды тасымалдауға 9339,0 мың теңге бөлініп, шағын автобус алынды.

Қаланың мемлекеттік білім беру мекемелері үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алу және жеткізуге – 93682,0 мың теңге және қосымша 79725 млн. теңге бөлінді.

Жетім балаларды және ата-аналарының қамқорынсыз қалған балалардың асыраушыларына 42244,0 мың теңге бөлінді.

«Балапан» бағдарламасы аясында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 6399 орынға мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыру үшін республикалық бюджеттен 1,3 млрд. теңге бөлінді.

Сонымен қатар мектептерді өртке қарсы құралдармен және өрт анықтау жүйелерімен қамтамасыз етуге 5,2 млн. теңге бөлінді.

2012-2013 оқу жылындағы білім беретін пәндер бойынша олимпиада өткізіліп, нәтижесінде қала мектептерінен 15 оқушы қатысып, оның 7-і жүлделі орынмен қайтты. Атап айтқанда №3,9 мектеп-лицейден 2 оқушы І орынға иеленді («Алтын медаль»), «Мұрагер», №3,136 мектебінен 4 оқушы ІІ орынға иеленді («Күміс медаль») және «Мұрагер» мектебінен 1 оқушы 3 орынға иеленді («Қола медаль») алды.



Мәдениет. Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты 3 қалалық, 1 ауылдық мәдениет Үйі, 7 ауылдық клубы, 1 жабық зағиптар клубы, 1 қалалық мәдени – демалыс паркі және 8 ауылдық, 13 қалалық кітапхана, барлығы 34 мекеме халыққа қызмет көрсетеді.

Қалалық бюджеттен бөлінген 23,6 млн. теңгеге Абай ауылындағы мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді және С. Майқанова, М. Ералиева, А. Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйлеріне күрделі жөндеу жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттамаларын мемлекеттік сараптамасымен қоса әзірлеуге 9,4 млн. теңге бөлініп, тиісті жұмыстары атқарылды.

А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет Үйінде Халықаралық әйелдер күніне арналған «Сыйынар ем, Ана деген тәңірге» атты мерекелік кеш өткізілді. Кеш театрландырылған қойылыммен басталып, қала әкімі Н. Нәлібаевтың құттықтау сөзімен ашылып, мерекелік концерт өткізілді.

Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамына арналған кеш «Табиғат. Тіршілік. Тайқазан» театрландырылған қойылымымен ашылып, қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, жерлес әнші Жеңіс Сейдоллаұлы мен «Жігіттер» квартетінің концертімен жалғасты.

Үстіміздегі жылдың 1 мамыры күні Орталық алаңда «Қазақстан - достықтың шаңырағы» атты cалтанатты шеру өткізілді. Шеруде қаламыздағы мемлекетік мекеме, мұнай компаниялары, акционерлік қоғамдар ұжымдары белсене қатысты.

9 мамыр күні Тағзым алаңында Ұлы Жеңіс мерекесіне арналған «Ұлы Жеңіс жаңғырығы» атты мерекелік шара өткізілді. Тағзым алаңында Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан құрбандарымызға салтанатты гүл қою рәсімі, мерекелік әскеру шеру және Алматы қаласы, Жамбыл атындағы филармонияның үрмелі аспап оркестрінің шеруі Тағзым алаңынан басталып, қаламыздың көшелерінен қалалық мәдени-демалыс паркінің сахнасында мерекелік концерттік бағдарламасы жалғасын тапты.



Ішкі саясат. Қалада 11 ұлттық-мәдени орталық, 22 діни бірлестік, 9 саяси партияның филиалдары жұмыс жасайды және 207 үкіметтік емес ұйым тіркелген. Оның 44-і жастар ұйымы. Қазіргі таңда қалада 30-дан астам үкіметтік емес ұйым мен 23 жастар ұйымы белсенді жұмыс жүргізуде.

Мемлекеттік жастар саясаты «Қызылорда қаласының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы» аясында жүзеге асырылуда. Жастар саясатын қолдауға қалалық бюджеттен 12,7 млн. теңге қаралып, өткен жылмен салстырғанда 2,5 есеге артты. Биыл «Жастар саясаты саласындағы өңірлік бағдарламаларды жүзеге асыру» қызметі бойынша 8 әлеуметтік маңызы бар жоба жүзеге асырылуда.

Жыл басынан бері «Жастар саясаты жөніндегі кеңес» отырысы 3 рет өткізілді. Кеңестің құрамына жергілікті жастар қоғамдық бірлестік өкілдері, оқу орындарының тәрбие жөніндегі директор орынбасарлары, «Жас Отан» жастар қанатының жетекшілері (облыстық, қалалық) және мәслихат депутаттары енгізілген.

Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру аясында дербес бөлім басшылары мен кент және ауылдық округ әкімдерінің жастармен кездесу кестесі бекітілді. Бекітілген кестеге сәйкес студент-жастармен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқушыларымен кездесулер өткізілді.

Жоғарғы және арнаулы орта оқу орындары студенттері арасында өткізілетін жыл сайынғы дәстүрлі “Студент көктемі-2013” өнер фестивалі биыл 22-25 сәуір күндері өткізілді. 7 байқаудан тұрған фестивальге қаладағы 18 оқу орны белсенді қатысты.

Қалалық бюджеттен бөлінген 4,3 млн. теңгеге «Жастарға арналған ресурстық орталық қызметін ұйымдастыру» орталығы ашылды. Аталмыш орталықта жоғарғы білікті психологтар мен заңгерлер тарапынан тегін кеңестер және түрлі бағытта іс-шаралар өткізілуін қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Қалада аула клубтарының қызметін ұйымдастыру» әлеуметтік маңызды жобасын жүзеге асыруға қалалық бюджеттен 3,2 млн. теңге бөлініп, Тасбөгет кентінде «Жігер», Титов қыстағында «Шаттық», Ақмешіт мөлтек ауданында «Самғау», қала орталығында «Достық» аула клубтары ашылды. Есепті кезең ішінде аталған аула клубтарында спорттық, шығармашылық, мәдени-көпшілік бағыттағы іс-шаралар ұйымдастырылды. Аула клубтарында барлығы 150 балалар мен жасөспірімдер қамтылған.

Қызылорда қаласында барлығы 207 үкіметтік емес ұйымдар тіркелген. Олардың 30-мен тығыз ынтымақтастықта жұмыс жүргізіліп келеді. Бүгінгі күні әр тоқсан сайын қала әкімдігінде 3 кеңес отырысы өткізілді. Үкіметтік емес ұйымдар арқылы әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыруға қалалық бюджеттен 2013 жылы 7,7 млн. теңге қаралып, өткен жылмен салыстырғанда 35,1 пайызға артты. Жыл басынан үкіметтік емес ұйымдар арқылы 7 әлеуметтік маңызды жоба жүзеге асырылуда.

2011 жылдың 11 қазанындағы ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңына сәйкес, Қызылорда қаласында 22 діни бірлестік жұмыс жасайды. Олардың 13-і ҚМДБ-ның Қызылорда облысындағы филиалы болып тіркелген мешіттер, қалған 9-ы өзге діни ұйымдар.

Қызылорда қаласында 13 мешіт тіркеліп, 12-і тұрғындарға қызмет көрсетуде. Қала көлемінде діни ахуалды тұрақтандыру мақсатында қалалық бюджеттен бөлінген 1,6 млн. теңгеге «Қала көлемінде діни экстремизмнің алдын алу бағытында ақпараттық-түсіндірме шараларын ұйымдастыру» жобасы жүзеге асырылды.

2013 жылдың 1-жартыжылдығында үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып қаладағы өзекті проблемалар бойынша 7 дөңгелек үстел, 41 кездесу, 2 семинар-тренинг, 3 акция, 2 көрме, 1 байқау, 10 пресс-тур, 20 бейнеролик және 20 дәріс сабақтары ұйымдастырылды.

2013 жылы қала көлемінде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыруға 60,6 млн теңге бөлінді, оның ішінде 19,3 млн теңге баспа ақпарат құралдарына, 41,3 млн теңге электронды ақпарат құралдарына бағытталды. Бүгінгі күнге мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыруға 2 электронды, 5 баспа БАҚ тартылды.

Мемлекеттік тапсырыс негізінде «Ақмешіт апталығы», «Ақмешіт ақшамы», «Кызылорда таймс», «Халық», «Ел тілегі» газеттері және «Қызылорда қоғамдық теледидары», «Қазақстан Қызылорда» телеарналары мемлекеттік тапсырысты орындап отыр.

Сонымен қатар, қала әкімдігі жанынан арнайы ақпараттық-насихаттық топ құрылып, қала әкімінің орынбасарларымен жоғарғы және орта оқу орындарының басшыларымен кездесу өткізді.

Бұқаралық ақпарат құралдары мен мемлекеттік органдар арасындағы қарым-қатынасты нығайту, мемлекеттік саясатты ақпараттандыруға сүбелі үлес қосқан журналистерді көтермелеу мақсатында 27 маусым күні «Ұшқыр қалам» атты журналистер фестивалі ұйымдастырылды. Шарада қала әкімі бір топ журналистерді түрлі номинациялар бойынша алғыс хаттармен марапаттап, сый-құрмет көрсетті.

Спорт. Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша жыл басынан бері спорт түрлерінен 121 қалалық спорттық іс-шаралар өткізіліп, барлығы 85317 адам қамтылды.

2013 жылы бұқаралық спортпен қамтылған адамдардың саны 59961 адамды құрады, өткен жылмен салыстырғанда 4512 адамға өсіп, яғни 108,1 пайызды құрады.

Сонымен бірге, қала құрама командасы спортшылары 57 облыстық іс-сапарға жіберілсе, оқу-жаттығу, дайындық жұмыстары 30 рет өткізілді.

Бөлімнің салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған бұқаралық спорттық іс-шараларына сәйкес жыл басынан бері футболдан - 15, еркін күрестен - 12, эстафеталық сайыстан - 7, қазақ күресінен - 8, дзюдо күресінен - 5, шахматтан - 7, тоғызқұмалақтан – 8, арқан тартудан - 11, дойбыдан - 6, волейболдан - 9, баскетболдан - 10, ауыр атлетикадан - 5, гір көтеруден - 11, қол күресі - 11, каратэдодан - 9 жарыс өткізілді.

2013 жылы мемлекеттік тапсырыс аясында, облыстық спорт басқармасы арқылы «Қайнар спорт клубының 48 спорт нұсқаушысы қалада және қалаға қарасты 9 елді мекенде 8640 адаммен сауықтыру, дене шынықтыру жұмыстарын жасауда.

Жалпы білім беретін орта мектептер теңгеріміне берілген шағын спорт алаңдарында «Қайнарспортклубы» ҚБ–мен бірге баскетбол, волейбол, шағын футболдан өтетін жарыстарды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы аптасына екі рет ақпараттандырылып келеді.

Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі бұқаралық спорттық
іс-шараларының күнтізбелік жоспарына сәйкес 2013 жылдың 4-7 қаңтар аралығында қысқы оқушылар демалысында өтетін жалпы білім беретін мектептерде білім алушы оқушылар арасында «көңілді старт», «мини футбол», «арқан тарту» жарыстарын өткізді. Жарысқа 126 спортшы қатысып, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында өз үлестерін қосты.

Сонымен қатар 9 спорт түрінен оқушылар арасындағы спартакиада өтті, қамтылған бала саны 1500 бала.

2013 жылы 22 наурыз күні «Наурыз - 2013» мерекесіне арналған спорт түрлерінен жарыс өтті. Спорттық жарыстар қазақ күрес, қол күресі (армрестлинг), гір тасын көтеру, арқан тарту, тоғызқұмалақ, аударыспақ, ролик тебу түрлерінен өткізілді. Жарысқа 172 адам қамтылды.

«Спорт – нашақорлыққа қарсы» ұранымен ауыр атлетикадан 1999 жылғы туылған және одан жас жасөспірім ұлдар арасындағы қалалық ашық біріншілік жарыс өткізілді. Жарысқа 153 жасөспірім қатысты.

Сәуір айының 1-30 аралығында жалпы «Былғары доп Coca-Cola - 2013» жүлдесіне арналған футболдан 3 жас ерекшелігі бойынша қалалық жарыс өткізілді. Жарысқа 9540 адам қамтылды.

5 шілде күні «Астана қаласының 15 жылдық мерейтойына» арналып Қызылорда қаласының орталық алаңында қол күрес, гір көтеру, арқан тарту, ролик, стритбол, көңілді старт жарыстары өткізілді. Жарыс жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталды.

9 шілде күні «Адам елдің басты байлығы, спорт адам өмірінің саулығы» атты футбол, волейбол, баскетболдан жарыс өткізілді.

10 тамыз күні қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі, қалалық ішкі саясат бөлімі және «Болашақ» жастары жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Дені сау ұрпақ – ел ертеңі» атты қазақ күресінен, гір тасын көтеру, қол күрестен жарыстар өткізілді.

21-23 тамыз аралығында Шиелі ауданында өтетін Балаби баба атындағы қазақ күресінен жасөспірімдер арасында Республикалық турнир өткізілді. Турнирге қала құрама командасының спортшылары қатысты.

28 кыркүйек күні Қызылорда қаласының 195 жылдық мерейтойына арналған баскетбол, волейбол, стол, теннисі, дойбы, шахмат, футбол ойындары өткізілді.



Сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары. Бөліммен құрылысқа әр түрлі мақсатта, заңда қаралған мерзімде 443 сәулет – жоспарлау тапсырмасы берілді.

Азаматтардың өтініші негізінде, Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы «ArcGIS 9.3.1» автоматтандырылған ақпараттық базалық қорына енгізіліп, жыл басынан 6896 анықтама берілді.

Қолданыстағы заңнамалардың тәртібі бойынша білім беру ғимараттары мен алкоголь өнімдерін сататын объектілер арақашықтығы жөнінде - 73 анықтама берілді.

Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға өз бетінше қабылдау актісін бекіту туралы ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес, жыл басынан 1993 қабылдау актісі берілді.

2014 жылдың 1 қаңтарына қала бойынша және елді мекендердегі сыртқы (көрнекі) жарнама объектілеріне орналастыруға 95 рұқсат қағазы берілді.

Елбасының тапсырмасына сәйкес шаруа қожалықтарының жер учаскелеріне түгендеу жұмыстарын жүргізу мақсатында Қызылорда қаласы әкімінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі №424 өкімімен құрылған қалалық жұмысшы тобы, оның ішінде кент және ауылдық округтер әкімдерімен бірлесіп түгендеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 595 шаруашылықтың арасынан 226 шаруа қожалығының және 1 серіктестіктің барлығы 7940 гектар жер телімдері мемлекеттік жер қорына қайтарылды. Сонымен қатар ауылшаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмай жатқан жерлерін түгендеу мақсатында жалпы көлемі 165,4 гектар бағбандық үшін арналған жерлерді және қосалқы шаруашылық жүргізу үшін 8444,6 гектар жер учаскесі мемлекеттік жер қорына қайтарылды.



Қызылорда қаласы бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері игерілмеген 9162 азаматтардың тізімі жасақталып, шешімдеріне түгендеу жұмыстары жүргізілді.

Бүгінгі күнге қала аумағынан жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін 35013 азаматтардың өтініші тіркелген.
: upload -> files -> Economica
files -> Ұлттар жіктеуіші
files -> Деректі фильмнің беташары
files -> Мазмұны бағдарламаның ТӨЛҚҰжаты
files -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама «Сұйық отын және аи-92 жанар жағар майын сатып алу»
files -> Жоба сайлау учаскелерін құру туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»
Economica -> Қызылорда қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы
Economica -> Қызылорда қаласы (облыстың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) атауы)
Economica -> I. 2014-2018 жылдарға арналған Қызылорда қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері


1   2


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет