Қызылорда облысы әкімінің 2013 жылға арналған Іс-қимыл жоспары



жүктеу 238.94 Kb.
Дата02.04.2016
өлшемі238.94 Kb.
: sites -> default -> files -> documents
documents -> I. 2013-2015 жылдарға арналған Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
documents -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
documents -> Қазақстан облысы прокуратурасының мемлекеттік органдар мен мекемелерін тексеру жөніндегі жұмыс жоспарынан үзінді
documents -> «Қызылорда облысы әкімдігінің 2012 жылғы «28» желтоқсандағы №722
documents -> Научно-образовательный материал Обработка и интерпретация данных дистанционных исследований на акваториях
documents -> Культура массовых коммуникаций 8 семестр проф. Ермакова Г. А
documents -> Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет) жұмысын бастады. Мемлекеттік қызмет «электронды үкімет»
documents -> Аббатандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру
documents -> Газ және газбен жабдықтау туралы
Қызылорда облысы әкімдігінің

2013 жылғы «3» сәуірдегі

№ 67 қаулысымен бекітілген


Қызылорда облысы әкімінің 2013 жылға арналған

Іс-қимыл жоспары
Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтары, мақсаты және міндеттері Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауына сәйкес айқындалды.

Іс қимыл жоспарының мақсаты – Қызылорда облысының әрбір қаласы, ауданы және ауылында өмір сүруді нақты жақсарту. Өңірдің ұзақ мерзімді дамуының экономикалық және әлеуметтік саясатын айқындау үшін «Қызылорда облысының 2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын» әзірлеу.

Ағымдағы жылдың маңызды басымдықтары – тіршілікті қамтамасыз ететін инфрақұрылымдарды дамыту, ең алдымен облысты газдандыру, сондай-ақ, білім беру, денсаулық сақтау жүйелерін және халықты әлеуметтік қорғауды дамыту.


Инфрақұрылымды дамыту
Газдандыру. Облыстың елді мекендерін және Қызылорда қаласын үздіксіз және жеткілікті мөлшерде газбен қамтамасыз ету мақсатында:

қаржыландыру көздерін іздестіру:

Қызылорда қаласында екінші автоматтандырылған газ бөлу стансасын орната отырып, «Бейнеу – Шымкент» газ құбырынан облыс орталығына дейін магистралды газ құбырынының құрылысын салуға;

Қызылорда қаласы теміржолының шет аймағын жыл бойы тұрақты газбен қамтамасыз ету үшін айналма газқұбырлары желісінің құрылысын салуға;

және бұл жұмыстарды бастауға.

«ПетроҚазақстанҚұмкөлРесорсиз» АҚ және «ҚазТрансГаз» АҚ-мен бірлесіп Арысқұм кен орнында газды дайындайтын құрылғы орнату, «Бейнеу-Шымкент» магистралды газ құбырына бұра отырып, Арысқұм-Жосалы газ құбырының жобалау және құрылысын салу мәселелерін пысықтау;

Республикалық бюджет есебінен әзірлеу мәселесін Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігімен пысықтау:

Қызылорда қаласы және елді мекендер үшін автоматтандырылған газ таратушы станса орната отырып, «Бейнеу-Шымкент» магистралды газ құбырынан бағыттаушы – газқұбыры құрылысын салуға жобалық-сметалық құжаттамалар (ЖСҚ) әзірлеу;

Арал, Қазалы, Байқоңыр қалаларын газдандыру үшін кентішілік газ құбырларын салуға жобалық-сметалық құжаттамалар әзірлеу;

сондай-ақ, «Қызылорда қаласындағы Қызылжарма ауылдық округінің перспективалық дамуын газбен жабдықтау» және «Қызылорда қаласындағы Тасбөгет қыстағының перспективалық дамуын газбен жабдықтау» жобаларын іске асыру.

Арал, Қазалы, Байқоңыр қалаларындағы ішкіорамдық газ құбырлары желісі мен әкелетін газ құбырларының және Сексеуіл, Қамыстыбас, Әйтеке би кенттерінде ішкіорамдық газбөлуші желілер құрылысын салу бойынша жобалау алдындағы жұмыстарды жүргізу.

Облыстың басқа да елді мекендерін газдандыру бойынша техника- экономикалық негіздемесін әзірлеуді бастау.



Сумен қамтамасыз ету. Облыс халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында:

республикалық бюджет қаржысы есебінен жүзеге асырылуы жоспарланып отырған бюджеттік инвестициялық жобалар тізіміне 13 жобаны енгізуді қамтамасыз ету, оның ішінде Қызылорда облысы Арал ауданының Шижаға, Қамыстыбас, Аманөткел, Аралқұм, Бөген елді мекендерін, Қазалы ауданының Ақсуат елді мекенін, Жаңақорған ауданының Түгіскен елді мекенін, Қызылорда қаласының Абай, Ақжарма, Айнакөл, Махамбет елді мекендерінің сумен қамтамасыз ету жүйелерін қайта жаңғырту және кеңейту жобалары;

республикалық бюджеттен қаржы бөлу мәселесін пысықтау:

Арал-Сарыбұлақ топтық су құбырына қосу арқылы Қазалы ауданының Әйтеке би кентіндегі қосымша су резервуарының құрылысын салуға;

Жаңақорған ауданындағы «Талап-Сырдария» топтық су құбырының құрылысын салуға;

Шиелі ауданының 8 елді мекенін (Досбол би, Алмалы, Тәжібаев, Балаби, Жөлек, Бәйгеқұм, Бидайқөл, Алғабас) Жиделі топтық су құбырына қосуға;

Қармақшы ауданының халқын ауыз сумен қамтамасыз ету және Октябрь топтық су құбырының су көлемін көтеру үшін резервтегіні есептегенде қажетті жаңа су ұңғымаларының құрылысын салуға;

Қызылжарма кенішіндегі жер асты су қорын игеру және бұрғылау бойынша алғашқы жұмыстарды бастау;

Қызылорда қаласының су құбырлары желісін кешенді жаңғырту мақсатында «Қызылорда су жүйесі» МКК-ның келешек даму жоспарын әзірлеу, халықаралық қаржы институттарынан (Қайта жаңғырту және Дамыту Европалық банкі) несие тарту мәселесін пысықтау;

ашық су көздерін пайдаланып отырған елді мекендерді сапалы ауыз сумен кезең-кезең бойынша қамтамасыз ету, сондай-ақ, сервистік желілерді тұрғын үйлердің шекарасына дейін жеткізу жұмыстарын жалғастыру.



Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және абаттандыру. Өңірдің энергетикалық ресурстарын дамыту және тиімді пайдалану үшін облыста энергетикалық Консорциум құру.

«ҚЭТК» АҚ-н қалпына келтіру жұмыстарын бастау.

Облыс орталығы тұрғындарын үздіксіз жылумен қамтамасыз ету үшін:

жүзеге асырылуы республикалық бюджет қаржысы есебінен жоспарланып отырған бюджеттік инвестициялық жобалар тізіміне «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК-н қайта жаңғырту және кеңейту (1 - кезең) мәселесін енгізуді пысықтау;

Қызылорда қаласының жылу желілерін қайта кешенді жаңарту және «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК-ның келешек даму жоспарын әзірлеу үшін халықаралық қаржы институттарынан (Қайта жаңғырту және Дамыту Европалық банкі) несие тарту бойынша шаралар қабылдау.

Қызылорда қаласын ыстық сумен қамтамасыз ету мәселесін шешуді бастау және биылғы жылы жобалау алдындағы жұмыстарды жүргізу.

Облыс тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында 252 тұрғын үйге, оның ішінде Қызылорда қаласында - 200, Арал қаласында - 20, Қазалы қаласында - 5, Жосалы кентінде - 8, Жалағаш кентінде - 3, Тереңөзек кентінде – 3, Шиелі кентінде - 11, Жаңақорған кентінде - 2 тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу.

Облыс аудандарындағы және Қызылорда қаласындағы 4 ипотекалық (200 пәтер) және 19 арендалық (240 пәтер) тұрғын үйлерді пайдалануға беруді қамтамасыз ету.

Келешекте облыс орталығының қалақұрылысын дамытуды айқындау мақсатында Сырдария өзенінің сол жақ жағалауына (жалпы алаңы 2220 гектар) геологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу. Оң қорытындысы алынған жағдайда осы жерлерді орман қоры жерлері санатынан қаланы дамытудың Бас жоспарына сәйкес кейін оларды Қызылорда қаласының шекарасына енгізе отырып, елді мекендер жерлері санатына ауыстыру.

Қызылорда қаласының шекарасын белгілеу және оның аумағын аймаққа бөлу сызбаларын түзету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.

Тұрғындардың тіршілік әрекетіне қолайлы жағдай жасау мақсатында:

Қызылорда қаласындағы тротуарларға және аулаішілік жаяу жүргіншілер жолына орташа жөндеу жүргізу;

облыстың аудан орталықтарында және Қызылорда қаласында автобус аялдамаларын, спорттық және балалар ойын алаңдарын орнатуды ұйымдастыру;

2014 жылы Қызылорда қаласының Әл-Фараби көшесіне күрделі жөндеу жүргізу үшін қажетті бастапқы жұмыстарды жүргізу;

құрылыс және жөндеу жұмыстарының орындалуына бақылауды күшейту;

Қызылорда қаласының және аудан орталықтарының коммуналдық қызметтерін қажетті арнайы техникалармен нығайту;

облыстың елді мекендерін санитарлық тазалау бойынша жұмыстарды тұрақты түрде жүргізуді қамтамасыз ету.

Көліктік инфрақұрылым. «Жезқазған -Бейнеу» жаңа темір жол желісінің «Жезқазған-Сексеуіл» учаскесінің құрылысын және «Батыс Европа - Батыс Қытай» халықаралық транзиттік көлік коридорын жаңғыртуды жалғастыруды қамтамасыз ету. Арал ауданы Сексеуіл кентінің әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселелерін шешу үшін, кенттің келешектегі даму жоспарын ескере отырып, әлеуметтік нысандар құрылысын салу мәселесін «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ-мен пысықтау.

Көлік дәлізі бойында жол бойы инфрақұрылымын дамыту бойынша жұмыстарды бастау.

Қызылорда қаласында Сырдария өзені арқылы өтетін автомобиль көпірін және «Аққыр-Авангард» автожолы құрылыстарына республикалық бюджеттен қаржы бөлу мәселесін пысықтау.

Әуетасымалын дамыту мақсатында «Қорқыт ата» әуежайының терминалын қайта жаңғыртуды қаржыландыру мәселесін зерттеу және оған халықаралық мәртебесін беру бойынша жұмыстарды жүргізу.

Облыс орталығының көліктік инфрақұрылымын жақсарту және сапалы жолаушы тасымалы қызметін көрсету мақсатында:

жолаушы тасымалдаумен байланысты түйінді мәселелерді шешу үшін Қызылорда қаласында мамандандырылған автокөлік кәсіпорнын құру;

мемлекеттік-жеке әріптестік негізінде Қызылорда қаласында қалааралық автовокзал құрылысын салу мәселесін пысықтау.

Экономиканың нақты секторын дамыту.

Экономикада оң құрылымдық өзгерістерге жету мақсатында мұнай және газ өндіруді ұлғайту резервтерін қарастыру, өңдеу өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы кешенін дамытуға басымдық беру.


Индустриялық-инновациялық даму.

Қазақстанның Индустрияландыру картасына енгізілген индустриалды-инновациялық жобалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету.

Индустрияландыру картасына 3-тен кем емес жаңа жобаларды енгізу бойынша жұмыстар жүргізу.

Әрбір аудан мен Қызылорда қаласының Индустриаландыру картасын әзірлеу.

Байқоңыр қаласында Жаңа технологиялар орталығын құру жұмыстарын бастау.

Қызылорда қаласында шыны шығару зауыты жобасының құрылысын салуды жүзеге асырудың дайындық жұмыстарын жалғастыру.

ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен бірлесіп кальцилендірілген соданы шығару зауыты құрылысын салудың мүмкіндігін зерттеу.

«Шиелі ауданы Бала-Сауысқандық кенішіндегі қара тақта тасты автоклавты қайта өңдеу» жобасын жүзеге асыру бойынша жұмыстарды жалғастыру.

Іздестіру-барлау жұмыстары бойынша жобаларды жүзеге асыру жөніндегі дайындық жұмыстарды бастау:

Қарамұрын-Мыңбұлақ кен торабының (қорғасын, мырыш, алтын) батыс қанатында;

Ақжар алаңында – мыс, алтын (Ақжар кен алқабы).

2015-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында минералды-шикізаттық кешенді дамыту жөнінде әзірленетін бағдарламаға титан және темір учаскелерін қосымша зерттеуді енгізу бойынша мәселелерді пысықтау.

Жер қойнауындағы кең таралған пайдалы қазбаларды пайдалануға құқық беру арқылы жобаларды жүзеге асыруға инвесторларға ықпал жасау.

Қазалы локомотив-жөндеу зауытын қайта жаңғырту мақсатында темір жол платформасын шығару бойынша жобаны іске асыру мәселесін пысықтау (тұтастай дәнекерленген арба).

Жаңақорған ауданындағы «Шалқия» қорғасын-мырыш кенішін қалпына келтіруге және келешекте дамытуға инвестиция тарту мәселесін пысықтау.

Жаңақорған ауданындағы күкірт қышқылы зауыты («СКЗ-U ЖШС) шығаратын электр энергиясы қуатын тиімді пайдалану үшін, шағын өндірістер ұйымдастыру немесе оны аудан халқының мұқтаждығына бағыттау мүмкіндіктерін зерттеу.

«Бала-Сауысқандық» кен орнының аумағында ілеспе өндіріс кластерін құру бойынша шешім қабылдау және мүмкіндігін зерттеу.

Облыста стратегиялық инвестициялық жобаларды жүзеге асыратын кәсіпорындармен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларымен көзделген өндірістік жеңілдіктер алу бойынша жұмыстарды жүргізу.

Тауарлар, қызметтер және жұмыстары бойынша жергілікті ұстаудың үлесін ұлғайту мақсатында тұрақты негізде облыстың жүйеқұрушы кәсіпорындарымен жұмыс жүргізу.

Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының «Қазақстан өңірлерінің бәсекеге қабілеттігін көтеру» пилоттық жобасына қатысу мақсатында экономиканың басым салаларындағы жобалар тізбесін құру.

Қызылорда қаласындағы Индустриалдық аймақты дамыту мақсатында «Қазақстан Темір Жолы» Акционерлік Қоғамымен Қызылжарма қыстағына жақын орналасқан 11-жолайрыққа (разъезд) теміржол тармағын тарту және жаңа жүк алаңының құрылысын салу мәселесін пысықтау.

Облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту мақсатында жер қойнауын пайдаланушылармен мемлекеттік-жеке әріптестік жұмыстарды жандандыру.

Аймақтың экономикасына инвестициялар және технологиялар трансфертін тарту үшін кәсіпкерлер Форумын және екінші «Байқоңыр» инвестициялық форумын өткізу.

«Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының әлеуетін пайдалана отырып, кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау, 10-нан кем емес жаңа өндіріс ашу және қолда барларын қайта жаңарту, инвестициялар тарту, мемлекет және бизнес әріптестігі негізінде жаңа бастамаларды жүзеге асыру.



Агроөнеркәсіп кешенін дамыту және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Өңірдің негізгі ауыл шаруашылығы салаларын тиімді ұйымдастыру, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін аймақта күріш кластерін дамыту консорциумын құруды аяқтау және құрылған балық консорциумының дамуын қамтамасыз ету.

Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту аясында облыстың фермерлік шаруашылықтарын қолдау мақсатында қазақтың ақбас және әулиеата ірі қара малының жергілікті тұқымдарын сатып алуды қамтамасыз ету.

Мал шаруашылығының мал азығындық қорын жақсарту үшін «Құрама жем зауыты құрылысы» жобасының 2013 жылы жүзеге асыру бойынша шаралар қабылдау.

Өсімдік шаруашылығында жаңа агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімді сорттарын, озық ауыл шаруашылығы техникаларын ендіру бойынша жұмыстарды жандандыру.

Суды үнемдейтін технологияларды ендіру мақсатында тамшылатып, топырақты суландыру және жаңбырлатып суару қондырғыларын пайдалану бойынша жұмыстарды жалғастыру.

Мелиоративтік жұмыстар үшін арнайы техникалар сатып алуға ықпал жасау.

2013-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша «Агробизнес 2020» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына Қызылорда облысының жобаларын енгізу бойынша жұмыстар жүргізу.

Өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін, маңызды азық-түлік тағамдарының тұрақтандыру қорын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету үшін коммуналдық базар және қосалқы инфрақұрылымдарын құру жұмыстарын бастау.
Шағын және орта бизнесті дамыту.

Кәсіпкерлерге қолайлы орта қалыптастыру үшін бизнес-инкубатор ұйымдастыру және Қызылорда қаласындағы өндірістік алаңда шағын және орта бизнестің инвестициялық жобаларын жүзеге асыру мәселесін пысықтау.

Қызылорда қаласында және келешекте облыстың барлық аудандарында кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарын құру.

Өңірлік үйлестіру кеңесінің отырыстарын тұрақты өткізу.

Инновациялық жобалар үшін гранттар ұсыну, пайыздық мөлшерлемелерін субсидиялау, несиелерді ішінара кепілдендіру, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне сервистік қызмет көрсету, инженерлік инфрақұрылымды тарту арқылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік қолдауды іске асыруды қамтамасыз ету.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін ынталандыру мақсатында «Аймақтың ең жақсы тауары», «Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудағы жетістіктері үшін» конкурстарын өткізу.

Аймақтық тауар өндірушілердің өнімдерін сыртқы нарыққа жылжыту үшін ресейлік іскер ортада тұсау кесер өткізе отырып, Ресей Федерациясында сауда миссиясын ұйымдастыру.

Облыс әкімі жанындағы кәсіпкерлер Кеңесінің қызметі шеңберінде тоқсан сайын бизнес қауымдастығымен кездесулер өткізу.

Мемлекеттік мекемелер және ұйымдармен рұқсат беру құжаттарын рәсімдеуде мерзімдерді сақтауға, сонымен қатар, кешіктіру, қысым көрсету және төрешілдікпен қарау фактілерін болдырмауға мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету.

Кәсіпкерлік қызметтерді реттеу мәселелерін шешу барысында билік өкілдерінің жөнсіз іс-қимыл фактілерін анықтау және ескерту мақсатында кәсіпкерлер үшін «Қызу желі» ұйымдастыру.

«Нұр Отан» ХДП Қызылорда филиалы және «ЛукОйл оверсиз» акционерлік қоғамымен бірлесіп «Ақниет» әлеуметтік әріптестік бағдарламасын іске асыруды бастау, оның шеңберінде 2013 жылы шағын және орта бизнесті старттық жобаларын жүзеге асыруға 50 грант бөлінетін болады.
Қоршаған ортаны қорғау

Өңірдің экологиялық ахуалын жақсарту мақсатында:

республикалық бюджеттен қаржыландыру мәселелерін пысықтау:

«Жаңақорған ауданының Тайпақкөл - Қандыарал көлдер жүйесін қайта жаңғырту» жобасын;

«Қызылорда қаласында сарқынды суларды биологиялық тазарту стансасын қайта жаңғырту» жобасын.

Қызылорда қаласында сарқынды суларды биологиялық тазарту стансасын қайта жаңғырту бойынша жобалық жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз ету;

Сырдария өзенінің жағасын нығайту және Қызылорда қаласындағы қорғау бөгеттерін қайта жаңғырту бойынша жұмыстарды жалғастыру үшін шаралар қабылдау;

«Сырдария өзенінің ағысын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасының екінші кезеңін іске асыруды жеделдету;

мұнай кен орындарынан шығып жатқан ілеспе газдарды толық игеруге және пайдалануға ұтымды бақылау;

қатты тұрмыстық қалдықтар жүйесін (өңдеу және көму) кешенді басқару бойынша жобаны іске асыру үшін халықаралық қаржы институттарынан қарыз қаражаттарын тарту бойынша жұмыстар жүргізу.


Әлеуметтік жаңғыруды дамыту
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау. Аймақта жалпыға бірдей еңбек қауымдастығының дамуы шеңберінде жұмыссыздықтың өсуін болдырмау үшін шаралар қолдану. Индустриалды–инновациялық және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру арқылы 8 800-ден кем емес жаңа жұмыс орындарын құру, соның ішінде тұрақты жұмыс орны -5300.

Тұрақты түрде бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізу.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде, еңбек нарығының сұранысына сәйкес, 2000-нан кем емес жұмыссыздарды оқумен қамту, 2500-ден кем емес өзін - өзі жұмыспен қамтылғандарды, жеткілікті түрде қамтамасыз етілмеген азаматтарды, жетім балаларды, жалпы білім беретін мектеп түлектерін, жұмысқа қабілетті мүгедектерді жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету.

Жастар тәжірибесін ұйымдастыру, жастарды жұмысқа орналастыру бойынша мақсатты жұмыс жүргізу.

Шағын несие беру бойынша жұмыстарды жалғастыру, кем дегенде 600 шағын несие беруді қамтамасыз ету.

Жұмыспен қамтудың белсенді формасын қолдану есебінен атаулы әлеуметтік көмек алатындардың құрамындағы еңбекке қабілетті тұрғындардың үлесін 30 пайызға дейін төмендету.

Атаулы әлеуметтік көмекті тек соны қажет ететін мұқтаж адамдарға ғана көрсету, масылдыққа жол бермеу.

Қазақстан Республикасының білім беру мекемелерінде білім беру қызметіне ақы төлеу үшін, өңірге қажет мамандықтар бойынша оқып жүрген аз қамтылған отбасылардан шыққан 100 студентке әлеуметтік көмек тағайындау.

Мүгедектерге қажетті медициналық, әлеуметтік көмек көрсетуді қамтамасыз ету және қоғамға бірігуіне ықпал жасау.

Чернобльдіктерге, ауғандықтарға, көпбалалы аналарға, ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне және соған теңестірілгендерге шипажай – санаториялық емделуге 1200-ден кем емес жолдама беруге қаржы бөлу мәселесін шешу.

Азаматтық қоғамды дамыту, үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын жандандыру, олардың бастамаларын колдауды дамыту мақсатында, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қаржыландыру тәжірибесін және мемлекеттік басқару органдары, жеке бизнес және үкіметтік емес ұйымдармен үш жақты меморандум жасауды жалғастыру.

Қоғамда тұрақтылықты қамтамасыз етуге және халықтың ахуалын жақсартуға бағытталған әлеуметтік маңызды мәселелерді шешу үшін әлеуметтік- еңбек қатынастарын реттеу бойынша үшжақты комиссиялар жұмысын жандандыру.



Денсаулық сақтау. Облыс тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсету және қол жетімділігін қамтамасыз ету.

Мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмекті дамытуды;

ана және бала өлімін, қан айналымы жүйесі ауруларын, онкологиялық аурулардан, туберкулезден, жарақаттан өлім-жітімді азайту бойынша іс-шараларды жүзеге асыруды;

«Ақпараттық Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарлама шеңберінде денсаулық сақтаудың Бірыңғай ақпараттық жүйесін дамытуды;

дәрілермен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру, оның ішінде амбулаториялық деңгейде, формулярлық жүйені енгізуді жалғастыру.

Шиелі ауданындағы Шиелі, Жалағаш ауданындағы Жалағаш кенттеріндегі ауысымына 250 келушіге арналған емханалардың және Қызылорда қаласындағы 200 төсек орындық перинаталдық орталықтың, сонымен қатар, Қармақшы ауданындағы Төретам кентіндегі ауысымына 100 келуші қабылдайтын ауылдық емхананың;

Арал ауданының Абай, Қамыстыбас, Аралқұм ауылдары, Шиелі ауданының Жақаев, Сұлутөбе ауылдары, Жалағаш ауданының Шәменов, Аққыр ауылдары, Қазалы ауданының Қожабақы, Пірімов, Жаңқожа, Басықара, Шәкен ауылдары, Сырдария ауданының Іңкәрдария, Айдарлы, Бесарық ауылдарындағы дәрігерлік амбулаторияның құрылысын аяқтау.

Сырдария ауданы Тереңөзек кентіндегі және Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі ауысымы 250 келушіге арналған аудандық емхананың құрылысын бастау.

Қызылорда қаласындағы 50 келушіге арналған емхананың және 150 төсек орындық перзентхана үйінің құрылысын жалғастыру.

Бірқатар денсаулық сақтау нысандарына күрделі жөндеу жүргізу.

Апаттық аурухана ұйымдардың мәселелерін шешу мақсатында Арал, Қазалы, Жалағаш, Шиелі аудандарындағы орталық аудандық ауруханалардың құрылыстары бойынша жобалау жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету.

Қызылорда қаласындағы 200 төсек орындық облыстық көп салалы балалар ауруханасының, 300 төсек орындық көп салалы қалалық аурухананың, ауысымына 500 келушіге арналған емхананың құрылысы бойынша жобалау жұмыстарын аяқтау.

Облыс тұрғындарына онкологиялық көмек көрсетудің арнайы бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 175 орындық онкологиялық аурухана құрылысы бойынша жоба алды жұмыстарын жүргізу.

550-ден кем емес дәрігерлер мен 1200 орта медицина қызметкерлерін біліктілігін жоғарылатуға жіберу.

Денсаулық мәдениетін көтеруге және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша тұрақты түрде жұмыстар жүргізу.
Білім беру. Білім беруде бәсекелестікті арттыру және адами капиталды дамыту мақсатында білім беру саласында маңызды басымдық ретінде оқыту сапасын белгілеу.

Бірінші кезекте үш ауысымдық және апаттық жағдайдағы мектептердің мәселелерін шешу.

Орта білім беру мектептерінің құрылысын аяқтау:

Арал ауданында - Қосаман және Қарашалаң ауылдарындағы 100 орындық, Тоқабай ауылындағы 140 орындық, Арал қаласындағы 300 орындық,

Қазалы ауданында - Байқожа ауылындағы 20 орындық балабақшасы бар - 50 орындық, Әйтеке би кентіндегі 600 орындық,

Қармақшы ауданында - Төретам кентіндегі 600 орындық,

Шиелі ауданында - Қосүйеңкі ауылындағы 20 орындық балабақшасы бар - 50 орындық, Шиелі кентіндегі 1200 және 600 орындық,

Сырдария ауданында - Шаған ауылындағы 900 орындық,

Жаңақорған ауданында - Кейден ауылындағы 140 орындық, Түгіскен және Сунақата ауылындағы 600 орындық, Келінтөбе ауылындағы 900 орындық,

Қызылорда қаласында - Бірқазан стансасындағы 20 орындық балабақшасы бар - 50 орындық, Досан ауылындағы 100 орындық, Қызылорда қаласындағы 1200 орындық.

Барлығы 8230 оқушыға арналған 18 жаңа мектепті пайдалануға беру.

Қызылорда қаласының Қорқыт ата мөлтек ауданындағы 900 орындық, Қазалы ауданының Әйтеке би кентіндегі және Жаңақорған ауданының Сүттіқұдық ауылындағы 600 орындық, Жалағаш ауданының Жалағаш кентіндегі және Шиелі ауданының Бестам және Еңбекші ауылындағы 300 орындық орта мектептердің құрылысын бастау.

2013-2014 жылдары барлық білім беру мекемелерінде бірінші сыныптан бастап ағылшын тілін оқуды енгізу.

Білікті педагогикалық мамандарды даярлау мақсатында, «Назарбаев Интеллектуалдық мектептер» дербес білім беру ұйымының оқу бағдарламасы бойынша 7 пайыздан кем емес жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету.

Оқу уақытынан бос кезде мектеп жасындағы балаларды қосымша білім берумен қамтуды көбейту.

Дарынды балалардың терең дамуы үшін облыста академик Ш.Есенов атындағы қосымша білім беру орталығын құру бойынша жұмысты бастау.

Оқушылардың бұқаралық спортпен жүйелі айналысуын ұйымдастыру мақсатында өңірлік дене шынықтыру орталығын ашу мәселесін пысықтау.

Тәжірибелік біліктілік алуға, тәжірибе дағдысын үйренуге бағытталған кәсіптік-техникалық білім беруді дамытудың кешенді іс-шара жоспарын әзірлеу және оны жүзеге асыруды 2014 жылдан бастау.



Мектепке дейінгі білім беру жүйесін дамыту және «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында:

Қазалы ауданының Әйтеке би кентіндегі және Қызылорда қаласындағы 140 орындық, Жаңақорған ауданының Келінтөбе, Сүттіқұдық ауылдарындағы, Арал ауданының Жалаңаш ауылындағы 90 орындық балабақшалардың құрылыстарын аяқтау;

Арал ауданының Арал қаласындағы және Қазалы ауданының Әйтеке би кентіндегі, Қармақшы ауданының Төретам кентіндегі, Қызылорда қаласының Қызылжарма ауылындағы 280 орындық балабақшалар құрылыстарын бастау (барлығы - 1120 орын);

балабақшаларда қосымша жоспарланған 4500 орынға мемлекеттік тапсырыс орналастыру жоспарлануда.

Мектепке дейінгі ұйымдардың кезінде жекешелендірілген ғимараттарын қайтару тәжірибесін жалғастыру.

Облыс аудандары мен Қызылорда қаласында бірқатар білм ұйымдарына күрделі жөндеу жүргізу.

Балалар мүддесін және құқығын қорғау заңдылығының сақталуы бойынша жұмыстар жүргізу.

Мемлекеттік отбасылық-демографиялық және гендерлік саясатты нәтижелі жүзеге асыру мақсатында қоғамның гендерлік мәдениетін көтеру, облыстың қоғамдық-саяси өміріне әйелдерді белсенді тарту, сондай-ақ, балаларды тәрбиелеуде отбасылық, этно-мәдени әдет-ғұрыптардың жақсыларын жаңғырту бойынша жұмыстарды жалғастыру.

Жер қойнауын пайдаланушы компаниялармен және инвесторлармен облыстың әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларын іске асыру бойынша жұмыстарды жалғастыру.
Мәдениет. «Қорқыт-ата» кешенінде халықаралық зиярат ету орталығын құру мақсатында оны қайта құру жұмыстарын бастау, 2014 жылы түркі тілдес елдердің «Қорқыт және Ұлы дала сазы» халықаралық фольклорлық-музыкалық фестивалін өткізу бойынша дайындық жұмыстарын ұйымдастыру.

Шығармашыл жастарды әзірлеу шараларын қабылдау. Шығармашыл дарындарды табу және қолдау мақсатында «Сыр сүлейлері» облыстық өнер фестивалін және «Шаһнама - Оғыз мәдениетінің жауһары» аймақтық эпостық фестивалін өткізу.

Ұлтаралық келісім және азаматтық қоғамның, конфессияаралық диалогтың дамуын қамтамасыз ету.
Спорт. Спортты дамыту және жоғары нәтижелерге қол жеткізу мақсатында:

«Қайсар» футбол командасының бірінші Лигаға қатысуына ықпал ету;

Қызылорда қаласындағы ауыр атлетика бойынша спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысын бастау;

Қызылорда қаласында спорттық-сауықтыру кешенінің (мұз айдынымен) құрылысын, Сырдария ауданында Тереңөзек кентінде спорттық кешен, Сырдария ауданында Шаған ауылында спорттық кешен, 79 шағын спорт алаңдарын салуды аяқтау.

Жалпы алғанда, 23 пайыздан кем емес облыс халқын бұқаралық спортпен қамтуды қамтамасыз ету.
Жастар саясаты. Жастар ұйымдарымен бірлесіп әртүрлі бағыттағы 22 әлеуметтік - маңызды жобаларды жүзеге асыру.

Ғылыми әлеуетін көтеру және жас дарынды ғалымдарды анықтау мақсатында жастардың ғылыми орталығын ұйымдастыру.

Жастар қозғалысының көшбасшылары үшін жазғы лагерь және «Жасыл ел» студенттік отрядтарының жұмыстарын ұйымдастыру.

Жастарды өңірдің қоғамдық өміріне тарту және патриоттық тәрбие беру бойынша іс-шараларды тұрақты түрде өткізу. Мұндай іс-шараларға облыс жастарының жартысынан кем емесін қатысуға тарту.

Қызылорда қаласында қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру үшін тұрмысы төмен отбасылардан шыққан студенттерге әлеуметтік қолдау көрсету.

Жастарды моралдық-психологиялық және құқықтық қолдау мақсатында облыста 8 кеңестік-ресурстық орталық құру.


Тілдерді дамыту. Мемлекеттік тілдің дәрежесін көтеру мақсатында:

жергілікті атқарушы органдардың құжат айналымдарында мемлекеттік тілді қолдануды 100 пайызға жеткізу жұмыстарын жүргізу;

«Қазтест» бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік тілді үйрету тәжірибесін жалғастыру;

үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен мемлекеттік тілдің қолдануын көпшілікке жеткізу, Қазақстанда тұратын халықтардың тілі мен мәдениетін, салт-дәстүрін насихаттау бойынша жұмыстарды жалғастыру;

Қазақстан халқының Тіл мерекесіне орай «Тіл - татулық тірегі» облыстық фестивалін өткізу.
Құжаттарды сақтау. Республикалық бюджет есебінен Қызылорда қаласында «Мұрағаттар үйі» құрылысын салу мәселесін пысықтау.

«Электронды мұрағат» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмыстарды жалғастыру, мұрағат құжаттарын сандық форматқа көшіру жұмыстарын жалғастыру.


Қаржы.

Бюджеттік қаражаттарды тиімді пайдалану мақсатында:

республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің және облыстық бюджеттің игерілуіне тұрақты түрде мониторинг жүргізу;

барлық жергілікті атқарушы органдарда бюджеттік қаражаттарды жұмсауда ішкі бақылау жасау жөніндегі жұмыстарды жандандыру;

ең алдымен ауылдық деңгейдегі қаржы-экономикалық мамандарды әзірлеуді бастау;

мемлекеттік сатып алу заңының сақталуына бақылауды күшейту;

облыстық және аудандық деңгейдегі мемлекеттік қызметшілердің қаржы-экономикалық кадрларының біліктілігін арттыру бойынша іс-шара жоспарын әзірлеу және жүзеге асырылуын бастау;

әлеуметтік ұйымдарды орналастыру үшін пайдаланылмайтын нысандарды беру мақсатында, коммуналдық меншіктегі жылжымайтын мүліктерге түгендеу жүргізу.

Облысты дамытудағы маңызды мәселелерді шешу, оның ішінде елді мекендердегі әлеуметтік және тіршілікті қамтамасыз ететін инфрақұрылымдарды дамыту мақсатында, салық салу базасын кеңейту бойынша мақсатты бағытталған жұмыстар жүргізу, оның шеңберінде жұмыс істейтін бизнестердің салық төлеуіне тиісті бақылау және жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру қамтамасыз ету.
Жергілікті мемлекеттік басқаруды дамыту және қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Аталған бағыттың негізгі басымдығы - мемлекеттілікті нығайту және қоғамға қызмет ету міндеттеріне жауап беретін мемлекеттік басқарудың жаңа үлгілерін қалыптастыруды анықтау.

Мемлекеттік аппаратты реформалауға ықпал жасау, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды күшейту және кәсіби басқарушылардың жаңа класын қалыптастыру.

Мемлекеттік органдардың тиімді жұмыс істеуіне жағдай жасау мақсатында Қызылорда қаласындағы облыстық мекемелер үйінің құрылысын аяқтау.


Жергілікті мемлекеттік басқаруды дамыту. Қызылорда қаласы мен аудан әкімдерінің қызметтерін бағалаудың негізгі критерийлері - тұрақты жұмыс орындарын құру, салық салу базасын кеңейту және әлеуметтік-саяси тұрақтылықты сақтау.

Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту шеңберінде ауыл (кент) округ әкімдерін ашық сайлауды өткізу, сондай-ақ, ауылдық округтерді оңтайдандыру жұмыстарын жүргізу.

Мемлекеттік басқарудың бірқатар өкілеттілігін ауылдық деңгейге беру және ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарын штаттық бірлікпен нығайту жұмыстарын жалғастыру.

Үкіметке Байқоңыр қаласы мен Төретам, Ақай елді мекендерін дамытудың Жол картасы жобасын әзірлеп, ұсыну.


Мемлекеттік қызмет көрсету және ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету. Барлық әлеуметтік – маңызды қызметтерді электрондық форматқа көшіруді қамтамасыз ету.

«Е – лицензиялау» мемлекеттік мәлімет базасы арқылы электронды түрде берілетін рұқсат құжаттардың және лицензиялардың үлесін арттыру.

Тұрғындардың компьютерлік сауаттылық деңгейін 53 пайызға дейін көтеру.

Өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері бойынша тұрғындарды ақпараттандыруды арттыру мақсатында Қызылорда қаласы және аудандарда облыс бойынша қолданыстағы интернет – ресурстарды жетілдіру жұмыстарын жүргізу.

Мемлекеттік басқару процесін кешенді ақпараттық – талдамалық қамтамасыз ету үшін «Геопортал» және «Бірыңғай интеграциялық тұғырнама» информациялық жүйесін қолдануды кеңейту.

«Бір терезе» ұстанымы бойынша жүргізуші куәлігін беруді және автокөліктерді тіркеуді қамтамасыз ету мақсатында Қызылорда қаласында мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының (ХҚО) құрылысын салуды бастау.


Қоғамдық қауіпсіздік, құқықтық тәртіп және азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу.

Жасөспірімдер қылмыстарының деңгейін төмендету бойынша кешенді шараларды іске асыру.

Ішкі істер органдарының материалдық – техникалық базаларын нығайту шеңберінде қызметтік және арнайы автокөліктердің санын белгіленген нормаға кезең-кезеңмен жеткізу, компьютерлік және басқа да оргтехникаларды жаңарту, ауылдық және селолық округтердің тірек пункттері үшін ғимарат алу немесе құрылысын салу бойынша жұмыстарды бастау.

Үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, қоғамда бұзақылық көрсету, қоғамға қарсы тәртіп көрсету байқалған жағдайда, оған төзбеуді насихаттау.

Құқық қорғау органдары қызметінің облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша міндеттермен келісімін қамтамасыз ету.

……


Привлечение общественности?????????????

Укрепление органов внутренних дел оборудованием??????



Совместно с Правительством, заинтересованными министерствами и ведомствами Республики Казахстан разработать комплексный план по решению проблем городов Аральск и Казалинск.






©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет