Қызылорда облысының 2014 жылға арналған әлеуметтік экономикалық даму көрсеткіштерінің қысқаша талдамасы



жүктеу 0.6 Mb.
бет1/4
Дата02.05.2016
өлшемі0.6 Mb.
  1   2   3   4
:





№ исх: 04-7/529 от: 19.05.2015


МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ ....………………………………………………………………...


2

І БӨЛІМ. ОБЛЫСТЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ ҚЫСҚАША ТАЛДАМАСЫ




1.1.

Қызылорда облысының 2014 жылға арналған әлеуметтік – экономикалық даму көрсеткіштерінің қысқаша талдамасы .............. 3





ІІ БӨЛІМ. ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН ТАЛДАУ




2.1.

Облыстық бюджеттің түсімдері бойынша атқарылуы…………..

5

2.2.

Жергілікті бюджеттің шығыс бөлігінің атқарылуын талдау …..

9

2.3.

Облыстық бюджеттің дебиторлық және кредиторлық берешегін талдау …….……..............................................................................

13

2.4.

Бюджет кредиттерінің пайдаланылуы мен өтелуін талдау ……..

14

2.5.

Мемлекеттің қаржылық активтерін сатып алу шығындарын талдау...............................................................................................

15

2.6.

Облыстық бюджеттің тапшылығын (профицитті) қаржыландыру мен оның қаржыландыру көздерін талдау ………….

17










III БӨЛІМ. ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТТАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ АТҚАРЫЛУЫН ЖӘНЕ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ (БАҚЫЛАУ ІС-ШАРАЛАРЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША)





3.1.

Облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне бөлінген қаржылардың пайдаланылуын бағалау..........................................

18

3.2.

Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне бөлінген қаржылардың пайдаланылуын бағалау...................................................................

21

3.3.

3.4.


Облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне қарасты мемлекеттік мекемелерге жүргізілген бақылау нәтижелерін бағалау ……....….............................................................................

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетімен жүргізілген қосарлас бақылау нәтижелерін бағалау



22

27


3.5. Мемлекет активтерін пайдалану.....................................................

IV БӨЛІМ. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІК

31


4.1.

Тұжырымдамалар ………………………………………………..

31

4.2.

Ұсыныстар ……………………………………………………........


32


















КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 142-бабына сәйкес Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясымен (бұдан әрі-Тексеру комиссиясы) облыс әкімдігінің 2014 жылға арналған Қызылорда облысының облыстық бюджетінің атқарылуы туралы есебіне (бұдан әрі – Есеп) қорытынды есеп дайындалды.
Есептің бірінші бөлімінде Қызылорда облысының 2014 жылға арналған негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің қысқаша талдамасы көрсетілген.
Есептің екінші бөлімінде облыстық бюджеттің атқарылуына талдау жүргізілген. Бөлімде кіріс түсімдері, салықтық және салықтан тыс түсімдер, түсімдер бойынша бересілер, шығындардың орындалуы, мемлекеттік қаржылық активтерді сатып алу, облыстық бюджеттің дебиторлық және кредиторлық берешектері, облыстық бюджеттің тапшылығын (профицитті) қаржыландыру және оның қаржыландыру көздері бойынша талдау деректері көрсетілген.
Үшінші бөлімде бақылау және талдау іс-шараларының қорытындылары бойынша облыстық бюджеттің негізгі параметрлерінің орындалуын бағалау, соның ішінде Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесінің принциптеріне сәйкес, жергілікті мемлекеттік органдармен тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізілуін, Қазақстан Республикасы заңнамасына облыстық бюджет қаражаттарының пайдаланылуын бағалау ұсынылған.
Төртінші бөлім бақылау объектілерімен бюджет қаражаттарын пайдаланудың тиімділігін арттыруда, бюджеттік және өзге де заңнамаларды сақтау бойынша Тексеру комиссиясының негізгі тұжырымдары мен ұсыныстарынан тұрады.

І БӨЛІМ. 2014 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ ҚЫСҚАША ТАЛДАМАСЫ*

2014 жылдың 1 желтоқсаны жағдайына облыстың жалпы халық саны 752,1 мың адамды құрап, 2013 жылмен салыстырғанда 12,4 мың адамға артқан. Қала халық саны 329,1 мың адам, немесе 43,7 % құрайды, ауылдық – 423,0 мың адам, немесе 56,2 %, бұл ауыл тұрғындары санының қала тұрғындарының басым екенін айғақтайды.

2014 жылдың ІІІ тоқсанында халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 54698,0 теңге болса, қараша айына 52733,0 теңгені құрады, бұл 2013 жылдың қараша айына қарағанда 11,1% жоғары, нақты ақшалай табыстар 2,8 %-ға жоғарылады.

2014 жылғы 4 тоқсанда жұмыссыздар саны 18,1 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық санына 5,0% құрады. 2014 жылдың желтоқсан айының соңына жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде 1,8 мың адам ресми тіркелген.

Жұмыспен қамту органдары арқылы 13832 адам жұмысқа орналастырылды (жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша хабарласқандардың 44,1 пайызы). 8217 адам қоғамдық жұмыстарға жіберілді, 38-әлеуметтік жұмыс орны құрылды.

Нақты секторда жаңа өндірістер ашу, шағын бизнесті дамыту және әлеуметтік нысандарды пайдалануға беру есебінен 11 356 жаңа жұмыс орны құрылды (жоспар 9500).

Алдын-ала деректер бойынша, 2014 жылдың қараша айында бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 99 220 теңгені, ірі және орта кәсіпорындарында 102480 теңгені құрады, яғни 2013 жылдың сәйкес кезеңінен 7,1 пайызға артқан.

Тұтыну бағаларының индексі 2014 жылдың желтоқсан айында 2013 жылдың желтоқсанына қарағанда 107,9 пайызды құрады, оның ішінде азық-түлік тауарларына және азық-түлік емес тауарларға – 7,5 пайыз, ақылы қызметке – 8,7 пайыз деңгейінде қалыптасты.

2014 жылғы желтоқсанда ең төмен күнкөрістің деңгейінің шамасы 17680 теңгені құрады және өткен жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 1,5%-ға өсті.

2014 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 262012,0 млн.теңгені құрады, бұл 2013 жылғы қаңтар-желтоқсан айларымен салыстырғанда 29,5% азайған. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің 109922,0 млн.теңгеге азаюының негізгі себебі банк кредиттерінің 145468,0 млн.теңгеге азаюынан туындап отыр.

2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 8409 бірлікті құрады. Жыл басынан бастап ең көп тіркелген заңды тұлғалардың саны құрылыс саласында, оның үлесі 2015 жылғы 1 қаңтарда 18,5 % құрады, екінші орында – көтерме және бөлшек сауда (автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу қызметін қоса алғанда) 17,1 %, үшінші орында – білім беру 10,8%. Осы үш қызмет түрлерінің жиынтық үлесі барлық тіркелген заңды тұлғалардың 46,4 % құраған.

2014 жылғы қаңтар-желтоқсандағы бөлшек сауда айналымы (қоғамдық тамақтандыру айналымынсыз) 172641,9 млн.теңгені құрап, 2013 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 21,7% өсті. Азық түлік тауарларының бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі үлесі 41%, азық-түлік емес тауарлары -59 %. 2013 жылмен салыстырғанда азық-түлік тауарларын өткізу көлемі 24,9 %, азық-түлік емес тауарлары -19,9 % өскен.



Өнеркәсіп. 2014 жылғы қаңтар-желтоқсанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 1132045,4 млн.теңгені құрады, бұл 2013 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда 3,1% төмен. Кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі 4%, сумен жабықтау: кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және таратылуын бақылауда 1,8% төмендеген, өңдеу өнеркәсібінде – 107,9%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда – 107,4%, өсім бар.

Сонымен бірге, өңдеу өнеркәсібінде өсу байқалады. Химиялық өнеркәсібі өнімдерін, металл, резина және пластмасс бұйымдарын, мұнай өңдеу, тамақ өнімдерін өндірудің артуы есебінен өңдеу өнеркәсібінде өсім 7,9 пайызға қамтамасыз етіліп, 73,5 млрд. теңгенің өнімі өндірілді.

2014 жылғы қаңтар-желтоқсанда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің (қызметінің) көлемі 47402,8 млн.теңгені құрады, ол 2013 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда 100,8 % артық.

Құрылыс жұмыстарының (қызметінің) көлемі 106465 млн. теңгені, немесе 2013 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 116,9% құрады.

Тұрғын үй құрылысына 18086 млн.теңге жұмсалды (2013 жылғы қаңтар-желтоқсанға 93,6%), 293718 шаршы метр (94,5%) тұрғын үй пайдалануға берілді.

Көлік. 2014 жылдың қаңтар-қарашасында 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда жүк тасымалдау көлемі 1,0 пайызға өсіп, 107,2 млн.тонна жүкті құрады. Осы кезеңде жүк айналымы 14 106,1 млн.ткм. құрап, былтырғы жылдың сәйкес мерзімі деңгейінде сақталды.

Автокөлік кәсіпорындарымен 282,1 млн.жолаушы тасымалданды немесе 2013 жылдың тиісті кезеңіне 112,2 пайыз. Жолаушылар айналымы осы кезеңде 11,9 пайызға өсіп, 5 142,5 млн. жкм. құрады.

Қаржылық жағдай. Мемлекеттік бюджетке 88 230,7 млн.теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдердің түсімі түсті немесе болжам 103,4 пайызға орындалды. Оның ішінде республикалық бюджетке 27 329,2 млн.теңге түсті (болжамға 99,7 пайыз), жергілікті бюджетке 60 901,5 млн.теңге (болжамға 105,1 пайыз).

Жалпы алғанда 2014 жылдың қорытындысы бойынша облыста әлеуметтік-экономикалық дамудың макроэкономикалық тұрақтылығы сақталған. Макроэкономикалық көрсеткіштердің дамуының негізгі өсімі, облыс бюджетінің атқарылуы жалпы экономика өсімінің оң нәтижелі тенденция шартында, жағымды бағалы конъюктурада және жоспарлы төменгі инфляция шеңберінде өтті.
*Қызылорда облысының әлеуметтік экономикалық даму көрсеткіштерін талдау кезінде статистика мекемесінің арнайы мәліметін қолданды.

ІІ БӨЛІМ. ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН ТАЛДАУ
Облыстық бюджеттің түсімдер бойынша атқарылуы.

2014 жылдың облыстық бюджеті «2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» 2013 жылғы 18 желтоқсандағы Қызылорда облыстық мәслихатының ХХІІ сессиясының №164 шешімімен бекітілген.

2014 жылға облыстық бюджетінің кірістері –129 584 759 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер –6 488 765 мың теңге, салықтық емес түсімдер - 412 655 мың теңге, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 15 926 мың теңге, трансферттердің түсімдері -122 667413 мың теңге, шығындар –128 220273 мың теңге көлемінде бекітілген.

2014 қаржы жылында облыстық мәслихаттың сессияларымен 6 рет облыстық бюджетке нақтылау жасалды. Осы нақтылаулар есебінен бекітілген бюджетпен салыстырғанда нақтыланған бюджетте кірістер 32 806 243,1 мың теңгеге немесе 1,25 есеге артты, шығыстар 33 932 379,5 мың теңгеге немесе 1,26 есеге артты.

Қызылорда облыстық бюджетінің түсімдер бойынша түзетілген жоспары (қарыздардың түсімі мен несиені есепке ала отырып) 176 163 518,8 мың теңгені құрады. Облыстық бюджеттің 31 262 193,0 мың теңгесі немесе (18,4 %) өз кірістері құраса, 138 079 332,3 мың теңгесі немесе (81,3 %) жоғары тұрған бюджеттен берілетін трансферттер, 558 907,1 мың теңгесі (0,3 %) аудандар бюджеттерінен берілетін трансферттер, 5 515 416,0 мың теңгені қарыздар түсімі, 747 670,4 мың теңгені бюджеттік кредитті өтеу бойынша түсім құраған.

Қызылорда облыстық бюджет бойынша кірістер жоспары 32048669,6 мың теңгеге немесе 786476,6 мың теңгеге, бюджеттік кредиттерді өтеу 7160,0 мың теңгеге артығымен орындалған. Республикалық бюджеттен берілетін 138638239,4 мың теңге трансферттер бюджетке 100 пайыз түскен. Осыған байланысты облыстық бюджеттің кірістер болжамы қарыздардың түсімі мен несиені өтеуді есепке алғанда барлығы 176163518,8 мың теңгенің жоспары 176957156,4 мың теңгеге немесе 100,5 % орындалып, 793636,6 мың теңге болжамнан артық түскен.

2014 жылы жоғары тұрған бюджеттен берілетін трансферттердің құрамында нысаналы даму трансферттері 15,8 пайызды, 21 818 016,0 мың теңгені, ағымдағы нысаналы трансферттер 23,4 пайызды, 32 282 648,3 мың теңгені, субвенция 60,8 пайызды, 83 978 668,0 мың теңгені құрады.

Кесте 1 мың теңге






Бекітілген жылдық жоспар

Нақтыланған жылдық жоспар


Нақты

түскені


Жоспардың

орындалуы + -



Жергілікті бюджет

6917346,0

31262193,0

32048669,6

+786476,6

оның ішінде:













Салықтық түсімдер

6488765,0

29874952,3

30007014,9

+132062,6

Салықтан тыс түсімдер

412655,0

1384478,7

2037006,3

+652527,6

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсім

15926,0

2762,0

4648,4

+1886,4

Кестеден көріп отырғандай, жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің барлық төлемдері бойынша болжам артығымен орындалған.

Салықтық түсімдердің жоспары 29874952,3 мың теңге 30007014,9 мың теңгеге немесе 100,4 %, салықтық емес түсімдердің болжамы 1384478,7 мың теңге 2037006,3 мың теңгеге немесе 147,1 %, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер жоспары 2762,0 мың теңге 4648,4 мың теңгеге немесе 168,3% орындалған.

Мемлекеттік бюджеттен берілген бюджеттік кредиттердің сыйақылары бойынша 157135 мың теңге түсім түскен немесе 99,7 % орындалған, 415,0 мың теңгеге кем түскен, оның ішінде 313,4 мың теңге жергілікті бюджеттен әлеуметтік–кәсіпкерлік корпорациялардан және 101,6 мың теңге несиелер бойынша салымшы банктерден.

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің қызмет көрсетуден түсетін түсімдері 47,0 мың теңгеге (13,2 %) орындалып, 309,0 мың теңге кем түскен.

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелермен ұйымдастырылатын мемлекеттік сатып алуларды өткізуден түсетін қаржының түсімі 2709,7 мың теңгені (149,2%) құраған, 893,7 мың теңге артық түскен, бұл негізінен мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру мен өткізу кезінде жасалған келісім шарт талаптарын бұзғаны үшін салынған айыппұлдар есебінен қалыптасқан.

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер тарапынан салынатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулардың нақтыланған болжамы 713821,0 мың теңге 641823,8 мың теңгеге немесе 89,9 % орындалып, 71997,2 мың теңгеге кем түскен.

Жергілікті бюджеттен бұрын алынған және пайдаланылмай қалған бюджет қаражаттарын қайтару жоспары 39302,7 мың теңге 56426,0 мың теңгеге (143,6 %) орындалып, 17123,3 мың теңге артық түскен.

Жергілікті бюджетке түсетін басқа да салықтық емес түсімдер жоспары 362295,6 мың теңге 292622,8 мың теңгеге немесе 80,8% орындалған, 69672,8 мың теңге, Қазақстан Республикасының Біріңғай бюджеттік сыныптамасына өзгеріс енгізіліп аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына жер қойнауын пайдаланушылардан түсімдер кодының жеке болуына байланысты, орындалмаған.

2014 жылы аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға жер қойнауын пайдаланушылардан барлығы 820930,6 мың теңге түскен.

Жануарларды сәйкестендіру үшін ветеринариялық паспорттың, жапсырмалардың (чиптердің) құнын қайтару жоспары 60892,4 мың теңге 11686,8 мың теңгеге (22,9 %) орындалып, 49205,6 мың теңге облыстық бюджетке Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 13 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңына өзгерістер енгізіліп (2014 жылғы 17 қаңтардағы 35 бап, 20 тармақ, 6 тармақшасына өзгеріс) жануарларды сәйкестендіру үшін бюджетке төленетін төлемдердің жойылуына байланысты кем түскен.

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің иелігіндегі мүліктерін жеке тұлғаларға сатудан түсетін түсімдер жоспары 2762 мың теңге 4648,4 мың теңгеге немесе 168,3 % орындалса, 1886,4 мың теңге коммуналдық меншіктегі автокөліктерді жеке адамдарға аукцион арқылы сатудан артық түскен. Аукциондар қорытындысы бойынша 18 автокөлік бірлігі сатылған.

2014 жылы облыстық бюджет кірісіне облыстың тексеру комиссиясының тексеру қорытындысымен анықталған барлығы 30014,3 мың теңге (100%) мақсатқа сай пайдаланылмаған нысаналы трансферттер қайтарылған, оның ішінде Қызылорда қаласы бойынша 30000,0 мың теңге, Қазалы ауданы бойынша 14,3 мың теңге.

Ысырапты өтеуге төмендегі бюджеттерден берілетін трансферттердің облыстық бюджеттің кірісінде жоспарланған 53702,0 мың теңгесі толық көлемде түскен.

Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына облыстық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу жоспары 747031,0 мың теңгеге (100%) орындалған, оның ішінде республикалық бюджеттен берілген тұрғын-үй салуға және сатып алудан 590584,0 мың теңге, жергілікті атқарушы органдарға берілген мамандарды әлеуметтік қолдау шараларына іске асырудан 153671,0 мың теңге және Жалағаш ауданының бюджетіне жерді суландыру және дренаж жүйелерін жетілдіруге берілген кредиттен 2776,0 мың теңге қайтарылған.

Жергілікті бюджеттен банк салымшыларға берілген бюджет несиелерін өтеу 7160 мың теңгені, жергілікті бюджеттен қарыз алушы банктерге берілген бюджеттік кредиттерді өтеу 57606,5 мың теңгені құраған.

Облыстық бюджеттен мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін берілген кредиттер бойынша аудан бюджеттерінен (облыстық маңызы бар қалалардың) пайдаланылмаған 639,4 мың теңге бюджеттік кредиттер қайтарылған.

2014 жылы аудандар мен қала бюджеттерімен пайдаланылмай қалған (түгел пайдаланылмаған) нысаналы трансферттердің жоспарланған қаржысы 475191,9 мың теңге облыстық бюджет кірісіне толығымен түскен.

«Нысаналы пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) трансферттерді қайтару туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 5 ақпандағы №845 қаулысы негізінде Қызылорда облысының қаржы басқармасының 2015 жылдың 6 ақпанындағы №2572511/15-97 төлем құжатымен 70426,5 мың теңге республикалық бюджет кірісіне аударылып, қайтарылған.

«2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2014 жылғы 12 желтоқсандағы 33 сессиясының №236 шешімін іске асыру туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 желтоқсандағы №799 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қызылорда облысының әкімдігінің 2015 жылғы №854 қаулысына сәйкес аудандар және Қызылорда қаласы бюджеттерінен пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттердің түсімдері және бюджет заңнамасымен қарастырылған жағдайларда жалпы сипаттағы трансферттерден барлығы 200124,4 мың теңге қайтарылған. Олар: 2014 жылы облыстық бюджеттен бөлініп пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) трансферттер-77981,4 мың теңге, бюджет заңнамасымен қарастырылған жағдайларда жалпы сипаттағы трансферттер 120775,0 мың теңге.

1сурет.

Салық түсімдерінің құрылымында басым үлестік салмағын – 86 % табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшін түсетін түсімдер құрайды, оның ішінде қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемдер үлесі 99,9 %, орманды пайдаланғаны үшін төлем үлесі – 0,05 % .

Облыстық бюджеттің кіріс жоспары бойынша салықтық түсімдер жоспары жалпы 132062,6 мың теңгеге артық орындалғанмен, жеке табыс салығының 1704839,0 мың теңге жоспары 1577458,1 мың теңгеге орындалып, 127380,9 мың теңге түсім түспеген. Әлеуметтік салық жоспары 2198969,0 мың теңге, нақты 2131159,6 мың теңгеге орындалып, жоспар 67809,4 мың теңгеге кем орындалған.

Бұл негізінен әлеуметтік салық бойынша облыстың 3 ауданы мен Қызылорда қаласы бюджеті кіріс болжамының орындалмауынан орын алған. Атап айтқанда Шиелі ауданы бойынша – 129606,0 мың теңге, Жалағаш ауданы бойынша – 4234,0 мың теңге, Қазалы ауданы бойынша – 19211,0 мың теңге, Қызылорда қаласы бойынша – 52318,0 мың теңге орындалмаған.

Қоршаған ортаға эмиссия үшін төленетін төлемақы жоспары 25682556,3 мың теңге, нақты 26018940,6 мың теңгеге немесе жоспар 336384,3 мың теңгеге артығымен орындалған.

2 сурет.


2014 жылы «Жер ана групп» ЖШС-не салық тексерісі нәтижесінде Қоршаған ортаға эмиссия үшін төленетін төлемақыға 12001736,1 мың теңге салықтық берешек, 7044680,5 мың теңге өсімпұл, 36 мың теңге айыппұл есептелген. Облыстық бюджетке түсімдер бойынша бересінің барлығы Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесінің уақыттылық приципінің бұзылуын айғақтайды.



  1   2   3   4


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет