Қызылорда облысының 2014 жылға арналған әлеуметтік экономикалық даму көрсеткіштерінің қысқаша талдамасы


Жергілікті бюджеттің шығыс бөлігінің атқарылуын талдау



жүктеу 0.6 Mb.
бет2/4
Дата02.05.2016
өлшемі0.6 Mb.
1   2   3   4

Жергілікті бюджеттің шығыс бөлігінің атқарылуын талдау
2014 жылғы облыстық бюджеттің шығындары 128220273,0 мың теңге болып бекітіліп, жыл көлемінде 162152652,5 мың теңгеге нақтыланған. 2013 жылмен салыстырғанда шығыстар 17 931 252,4 мың теңгеге немесе 11,8 %, 2012 жылмен салыстырғанда 46 891 450,7 мың теңге немесе 138,2 % артты.

Бекітілген бюджетпен салыстырғанда түзетілген бюджет 41 431 809,8 мың теңгеге немесе 132,3 %, нақтыланған бюджетпен салыстырғанда 7 499 430,3 мың теңгеге немесе 104,6 % артып, 169 652 082,8 мың теңгені құрады.

Шығыстар бойынша облыстық бюджетті нақтылаудың, түзетудің негізгі сомалары мынадай функционалдық топтарды қаржыландыруға бағытталған.

1) «Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» - 4080955,5 мың теңге;

2) «Қорғаныс» - 1209524,0 мың теңге;

3) «Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі» - 841356,0 мың теңге;

4) «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы» - 8171596,4 мың теңге;

5) «Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, қоршаған ортаны және жануарлар әлемін қорғау, жер қатынастары» - 4027523,9 мың теңге;

6) «Денсаулық сақтау» - 2509139,8 мың теңге;

7) «Білім беру» - 3974856,6 мың теңге;

8) «Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру» - 1849517,0 мың теңге;

9) «Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік» - 2418858,0 мың теңге;

10) «Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану» - 309110,0 мың теңге;

11) «Көлік және коммуникация» - 6045185,3 мың теңге;

12) «Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі» - 322934,6 мың теңге;

13) «Басқалар» - 4459338,2 мың теңге;

14) Трансферттер – 1213023,5 мың теңге.

2014 жылғы облыстық бюджеттің шығындар жоспары 99,8% атқарылды, игерілмеген қаржы 357554,8 мың теңгені құрады. Оның ішінде: республикалық бюджеттен берілген трансферттер – 22188,2 мың теңге, жергілікті бюджеттің пайдаланылмаған қаржылары – 335366,6 мың теңге.

Республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер және кредиттер 99,9% игерілген, жоспардағы 54100664,3 мың теңге, нақты 54078476,1 мың теңгеге атқарылған, 22188,2 мың теңге - игерілмеген.

2014 жылы жоспарланған 169652082,8 мың теңге шығындарды игеру мақсатында бюджеттік бағдарлама әкімшілері тарапынан 169457811,7 мың теңгеге міндеттемелер қабылданып, оның 169294528,0 мың теңгесі төленген, 163283,7 мың теңге қабылданған міндеттемелер аударылмаған.

2012-2014 жылдардағы облыстық бюджеттің игерілмеген қаражат көлемі туралы мәлімет 3 суретте ұсынылған.

3 сурет.

2014 жылғы игерілмеген бюджет қаражатының сомасы облыстық бюджет шығыстарының көлемінің артуына қарамастан 2012 жылмен салыстырғанда 11 есеге, 2013 жылмен салыстырғанда – 5,5 есеге азайған.

Есепті кезеңде бюджеттік қаражаттардың атқарылмауына құрылыс басқармасы тарапынан 20142,3 мың теңге немесе 5,63 %, энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы - 99615,2 мың теңге (27,86%), облыстың қаржы басқармасы 97918,3 мың теңге (27,3%), облыстың ауыл шуаруашылығы басқармасы 12727,0 мың теңге (3,5 %), облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы -15644,2 мың теңге (4,3%) жол берілген.

2014 жылғы облыс бюджеті шығындарының атқарылуы 15 функционалды топ арқылы 29 бюджеттік бағдарлама әкімшісімен 208 бюджеттік бағдарламада іске асырылды.

«Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» функионалдық тобының бағдарламалары бойынша 7305667,5 мың теңге жоспар, 7299860,9 мың теңгеге немесе 99,8 % атқарылды, игерілмеген қаржы 5806,6 мың теңге. Оның ішінде, 3940,0 мың теңге «Қызылорда облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Мемлекеттік органдардың күрделі шығындары» бюджеттік бағдарламасы бойынша мердігер «Рахаш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің келісім шарт талаптарын уақытылы орындамауы салдарынан автокөлікті уақытында жеткізбеуінен туындап отырса, 1866,6 мың теңге ағымдағы шығындардан үнемделген қаржы.

«Қорғаныс» функционалдық тобы бойынша 577015,0 мың теңге бөлініп, 1536335,7 мың теңгесі (99,9%) игерілді, игерілмеген қаржы 40679,3 мың теңге. Оның ішінде «Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті органдардың аумақтық органы» мемлекеттік мекемесі бойынша 26581,8 мың теңге мердігердің, «Дидар-Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, мекемеге кешіктіріліп жеткізілген қайықтың техникалық сипаттамаға сәйкес келмейтіндіктен қабылданбай кері қайтарылуы, 12198,8 мың теңге - мердігер «Орда Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ангарды орнату жұмыстарын толық орындамауынан, 1898,7 мың теңге үнемделген қаржы есебінен игерілмеген.

«Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық атқару қызметі» фунционалдық тобы бойынша 6211864,0 мың теңгенің жоспары 6211545,3 мың теңгеге (100 %) игерілді, игерілмеген қаржы 318,7 мың теңге.

«Білім беру» фунционалдық тобы бойынша бөлінген 26584498,6 мың теңгенің 26557953,5 мың теңгесі (99,9 %) игерілді. Игерілмеген сома 26545,1 мың теңге, соның ішінде келесі бюджеттік әкімшілік бағдарламалар бойынша:

Облыстың білім басқармасы – 6432,8 мың теңге (үнемделген қаржы);

Облыстың құрылыс басқармасы – 20112,3 мың теңге Қызылорда қаласындағы Түркістан көшесіндегі 1200 орындық мектеп бойынша төлем құжаты сот орындаушыларының хатына сәйкес қазынашылық департаментінен орындаусыз қайтарылуынан орын алған.



«Денсаулық сақтау» фунционалдық тобы бойынша бөлінген 33021402,8 мың теңгенің 32971434,5 мың теңгесі (99,8 %) игерілген, игерілмеген қаржы - 49968,3 мың теңге. Оның ішінде емханалар бойынша «Скринингтік зерттеулер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жүргізу» бюджеттік бағдарламасы бойынша бөлінген 230870,0 мың теңгенің 210336,6 мың теңгесі игеріліп, үнемделген қаржы есебінен 20533,4 мың теңге игерілмеген. Басқа бюджеттік бағдарламалар бойынша 2391,7 мың теңге үнемделген қаржы.

«Денсаулық сақтаудың медициналық ұйымдарының күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасы бойынша 3232045,0 мың теңгенің 27043,2 мың теңгесі қалалық тубдиспансер ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарының уақытылы орындалмағанына байланысты игерілмеген.



«Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру» функционалдық тобы бойыншы бөлінген 4596128,0 мың теңгенің 4579346,6 мың теңгесі (99,6%) игерілген, игерілмеген сома 16781,4 мың теңгені құрайды. 6749,6 мың теңге үнемделген қаржы, 5768,0 мың теңге оралмандар орталығының ашылмауынан игерілмеген, 1161,0 мың теңге қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі интернат үйіне тренажердің уақытылы жеткізілмеуінен, «Балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерінде (ұйымдарда) психоневрологиялық патологиялары бар мүгедек балалар үшін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету» бағдарламасы бойынша 1965,6 мың теңге азық – түлік өнімдері толық жеткізілмегендіктен игерілмеген.

«Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық» функционалдық тобына бөлінген 18019100,4 мың теңге, 17998993,1 мың теңгеге игерілген (99,9%), игерілмеген қаржы 20107,3 мың теңгені құрайды. Оның ішінде 20000,0 мың теңге Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының «Коммуналдық шаруашылығын дамыту» бюджеттік бағдарламасы арқылы «Қызылорда қаласы Ақсуат елді мекені Махамбетов ауылын электр желісімен қамтамасыз ету» обьктісі бойынша мемлекеттік сатып алу конкурс қорытындысының кеш шығуынан игерілмеген.

«Мәдениет, спорт туризм ақпараттық кеңістік» функционалдық тобы бойынша жоспардағы 8170481,0 мың тенге, 8166072,4 мың теңгеге (99,9%) атқарылып, 4408,6 мың теңге игерілмеген.

Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану фунционалдық тобы бойынша 1865375,0 мың теңге бөлініп, 1787471,5 мың теңгесі (95,8%) игерілген, игерілмеген қаржы 77903,5 мың теңгені құрайды. Оның ішінде 72689,0 мың теңге Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының «Газ тасымалдау жүйесін дамыту» бюджеттік бағдарламасы арқылы «Қармақшы ауданы Жосалы кентіне және Жалағаш ауданы Жалағаш кентіне жүргізілетін газ құбырының және квартал ішілік газ құбырларының құрылысы» жобасының жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеп, мемлекеттік сараптамадан өткізуде түпкілікті нәтижеге қол жеткізілмеуінен орындалмаған.

«Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары» фунционалдық тобы бойынша бөлінген 13180775,9 мың теңгенің 13165504,7 мың теңгесі (99,9%) игерілген, игерілмеген қаржы 15271,2 мың теңгені құрайды. Оның ішінде: ауыл шаруашылығы басқармасынан 12727,0 мың теңге, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасынан 935,3 мың теңге үнемделу есебінен игерілмеген.

«Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі» бойынша 669444,6 мың теңге бөлініп, 669322,1 мың теңге игерілген (100%).

«Көлік және коммуникация» функционалдық тобы бойынша 10211527,3 мың теңге бөлініп, 10211178,1 мың теңге (100%) игерілген. Игерілмеген қаржы 349,2 мың теңге.

«Басқалар» функционалдық тобы бойынша қаржылық шығыстарға 6787039,2 мың теңге жоспарланып, 6687755,8 мың теңге (98,5%) игерілген. Игерілмеген қаржы 99283,4 мың теңге, оның ішінде «Облыстың жергілікті атқарушы органының резервіндегі» 97682,3 мың теңгенің пайдаланылмауынан қалыптасқан.

«Трансферттер» функционалдық тобы бойынша қассалық шығыстар 31448251,3 мың теңгені құрап жылдық жоспар 100% игерілді.

Бюджеттік бағдарлама әкімшісі - облыстың қаржы басқармасымен аудандар бюджеттеріне 30235228,0 мың теңге бюджеттік субвенция толық көлемде аударылды. Республикалық бюджетке 769163,5 мың теңге нысаналы пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) трансферттер, 443859,8 мың теңге нысаналы мақсатқа сай пайдаланылмаған нысаналы трансферттер қайтарылған.

Облыстық бюджеттен «Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» арқылы Қызылорда қаласына бөлінген 203397,0 мың теңге қаражатқа нысаналы трансферттер нәтижелері туралы Келісім жасалмаған.

Бюджет кодексінің 46-бабының 15-тармағының талабы сақталмай қалалық білім бөлімі (274218,0 мың теңге және 84414,0 мың теңге), қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тараптарынан (203 397,0 мың теңге) облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер бойынша қорытынды есептер тапсырылмаған.

Қызылорда қаласына республикалық бюджеттен бөлінген 18516,2 мың теңге 2014 жылға қайта пайдалануға берілген, 13196,6 мың теңге «Нысаналы пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) трансферттерді қайтару» бюджеттік бағдарламасына жоспарланып, қаржы бөлімінің 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 4522501/14-152 төлем құжатымен жоғары тұрған бюджетке 29 күнге кешіктіріліп аударылған.
Облыстық бюджеттің дебиторлық және кредиторлық берешектерін талдау

Облыстық бюджет бойынша 2014 қаржы жылында дебиторлық қарыз 663953,9 мың теңгені құраған, өткен жылмен салыстырғанда дебиторлық қарыз 157852,7 мың теңгеге азайған.

Кесте 2
Қызылорда облысы бойынша 2015 жылдың 1 қаңтарына

дебиторлық және кредиторлық берешек

мың теңге



Бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің атауы

дебиторлық берешек

кредиторлық берешек

Облыстық қаржы басқармасы

6,4




Облыстық бюджеттен қаржыдандырылатын атқарушы ішкі істер органы

9 697,90

73,5

Облыстық құрылыс басқармасы

649 651,0

614 115,5

Мәдениет басқармасы

30,1

-

Облыстық жастар саясаты басқармасы

13,5

-

Облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы

4303,9

34168,1

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы

251,1

1089,1

Облыстық білім басқармасы

-

2913,9

Облыстық денсаулық басқармасы

-

169 596,2

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

-

37,5

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

-

32231,0

Барлығы

663953,9

854224,8

Дебиторлық берешектер қаржылық тәртіптіліктің сақталмауынан, тәуекелдерді талдаудың жоқтығынан, мердігерлермен жасалған келісім-шарттарға сәйкес алдын-ала төлем жасаудан қалыптасса, кредиторлық берешек республикалық бюджетті секвестрлеуге байланысты бюджет қаражатының қысқаруынан, мердігерлердің келісім-шарт талаптарын уақытылы орындамауынан, №2 нысандағы жұмыс атқару актілерінің, төлем құжаттарының уақытылы ұсынылмауы, қайтарылуы және жоспарланбаған іс- сапарларға шығу есебінен қалыптасқан.



Дебиторлық және кредиторлық берешектерінің болуы қаржы жылының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесінің нәтижелілік, негізділік және уақыттылық принциптерінің бұзылғандығын куәландырады.
Бюджет кредиттерінің пайдаланылуы мен өтелуін талдау
2014 жылы Қызылорда облысына республикалық бюджет қаражаты есебінен 5 515 416,0 мың теңге бюджеттік кредиттер бөлініп, ол 5 513 200,0 мың теңгеге немесе 99,95 % игерілген.

Бюджеттік кредиттер тұрғын үйді жобалауға, салуға және (немесе) сатып алуға - 2000000,0 мың теңге, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы шеңберінде ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға- 2349588,0 мың теңге, мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға - 1165828,0 мың теңге берілген.

Жылдық есеп бойынша бюджеттік кредиттердің 5513200,0 мың теңгесі игерілген, 2200,0 мың теңге (мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін бөлінген бюджеттік кредиттер есебінен) игерілмей жыл аяғында есеп шотында қалдықта қалған.

2014 жылы келісім-шарттардың талабына сәйкес, бюджетке 668444,8 мың теңге негізгі борыш, 3502,6 мың теңге сыйақы қайтарылған. Атап айтқанда:

«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұрғын үй салуға және сатып алуға кредит беру» бағдарламасы бойынша негізгі борыш 511997,9 мың теңге, сыйақы 357,2 мың теңге;

«Мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға берілетін бюджеттік кредиттер» бағдарламасы бойынша негізгі борыш 153670,9 мың теңге, сыйақы 223,4 мың теңге;

«Облыстық бюджеттерге «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы шеңберінде ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредит беру» бағдарламасы бойынша 574,0 мың теңге сыйақы;

«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне кондоминимум объектілерінің ортақ мүлкіне жөндеу жүргізуге кредит беру» бағдарламасынан 500,0 мың теңге сыйақы;

«Жерді суландыру және дренаж жүйелерін жетілдіру» жобасы бойынша Бүкіләлемдік Даму және Қайта құру Банкісінен алынған займ қаражатын республикалық бюджетке қайтару бойынша 2776,0 мың теңге негізгі борыш, 1848,0 мың теңге сыйақы қайтарылған.
Мемлекеттің қаржылық активтерін сатып алуға бөлінген шығындарды талдау
Қаржылық активтерді сатып алу бойынша 2377307,0 мың теңге жоспарланып, толығымен 100% игерілген.

Қаржылық активтерді сатып алу 4 басқарманың «Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту» бюджеттік бағдарламалары арқылы квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталын ұлғайтуға бөлінген. Атап айтқанда: Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының 254-065 бюджеттік бағдарламасы арқылы «Табиғат» МККК жарғылық капиталын ұлғайтуға 289702,0 мың теңге; Қызылорда облысының қаржы басқармасының 257-005 бюджеттік бағдарламасы арқылы «Байқоныр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту есебінен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға 1868605,0 мың теңге; Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының 279-065 бюджеттік бағдарламасы арқылы «Қызылорда электр тарату тораптары» акционерлік қоғамына 119000,0 мың теңге; кәсіпкерлік және туризм басқармасының 289-065 бюджеттік бағдарламасы арқылы 100 000,0 мың теңге «Қызылорда аймақтық инвестициялық орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталын ұлғайтуға бөлінген.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының 279-039 «Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне мамандандырылған уәкілетті ұйымдардың жарғылық капиталдарын ұлғайтуға берілетін нысаналы даму трансферттері» бюджеттік бағдарламасы арқылы республикалық бюджеттен бөлінген 1814255,0 мың теңге қаржы аудандар мен Қызылорда қаласының бюджетіндегі 060-011 «Мамандандырылған уәкілетті ұйымдардың жарғылық капиталдарын ұлғайту» бюджеттік бағдарламалары арқылы Қызылорда қаласы бюджеті арқылы «Тұрғын үй Қызылорда» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне – 1751178,0 мың теңге, Қармақшы ауданы бюджеті арқылы «Туған ел келбеті» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне – 8099,0 мың теңге, Жалағаш ауданы бюджеті арқылы «Өңір қызметі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне – 10453,0 мың теңге, Арал ауданы бюджеті арқылы «Арал қанат -100» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне – 13987,0 мың теңге, Қазалы ауданы бюджеті арқылы «Қазалы тынысы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне –21181,0 мың теңге, Шиелі ауданы бюджеті арқылы «Шиелі бәйтерек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне – 9357,0 мың теңге бөлінген.

««Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық Компаниясы» Акционерлік Қоғамына берілген қаржыдан 584400,0 мың теңгесі игерілмей екінші деңгейдегі банктердегі есеп шоттарында ақшалай қалдық есебінде қалғанн.

«Қызылорда электр тарату тораптары» акционерлік қоғамына бөлінген 119000,0 мың теңгеден 63773,3 мың теңге игеріліп, мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің уақытылы өткізілмеуінен трансформаторлармен электр құрал-жабдықтарын алуға жоспарланған 55226,7 мың теңге игерілмей, АҚ-ның ВТБ банкінен ашылған арнайы есеп шотында қалдық болып қалған.

Қызылорда облыстық мәслихатының 2014 жылғы 24 қазандағы кезектен тыс 31 сессиясының № 31 шешімімен «Қызылорда аймақтық инвестициялық орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне бөлінген 100 000,0 мың теңге қаражаттың бюджеттік бағдарлама әкімшісі Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасынан 2014 жылдың 15 желтоқсанында берілуіне байланысты 2113,4 мың теңгесі ғана игеріліп, 97886,6 мың теңгесі игерілмеген.

Кесте 3
Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын ұлғайтуға бөлініп, игерілмеген инвестициялық жобалар тізімі

мың теңге



Инвестициялық жобаның атауы

Бюджеттен бөлінген қаржы

Игерілгені

Пайдаланыл-маған қаржы

1. «(Байконур) Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық Компаниясы» Акционерлік Қоғамының

732600

148200

584400,0

«Қызылорда автобус паркі» ЖШС-і жарғылық капиталын ұлғайтуға

401500,0

71500,0

330 000,0

Ферросплав зауыты құрылысының техника-экономикалық негіздемесін әзірлеу

186000,0

54750,0

131250,0

Қорқыт – Ата әуе жайының жаңа авиатерминалы құрылысының жобасын іске асыру

100000,0




100000,0

Ирколь көлі негізінде тоған шаруашылығын дамыту

25000,0


2500,0

22500,0

Қой шаруашылығын дамытуға берілетін займдарды мемлекеттік кепілдендіруге

100,0




100,0

Машина құрылысы зауытының техника – экономикалық негіздемесін әзірлеу

20000,0

19450,0

550,0

2. «Қызылорда аймақтық инвестициялық орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

100000

2113,4

97886,6

3. «Қызылорда электр тарату тораптары» акционерлік қоғамына

119 000

63773,3

55226,7

Барлығы

951600

214086,7

737513,3



Облыстық бюджеттің тапшылығын (профицитті) қаржыландыру және оның қаржыландыру көздерін талдау

Облыстық бюджеттің тапшылығы 2014 жылы 4654370,0 мың теңге көлемінде бекітілген және облыстық бюджетке енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды есепке алғанда қаржы жылының соңында 7442173,0 мың теңге тапшылық қалыптасқан.

Қалыптасқан бюджет тапшылығының 5515416,0 мың теңгесі республикалық бюджеттен берілген қарыз түсімдерінің есебінен, 669086,4 мың теңгесі өтелген қарыздар және бюджеттік қаражаттардың қалдығын пайдаланудың жалпы сомасы 2595843,4 мың теңге есебінен жабылған.
ІІІ БӨЛІМ. ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ҚАРАЖАТТАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ АТҚАРЫЛУЫН ЖӘНЕ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ (БАҚЫЛАУ ІС-ШАРАЛАРЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША)
2014 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуын бағалау Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесінің принциптеріне сәйкес бақылау және талдау іс-шаралары қорытындыларының негізінде жүзеге асырылды.

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 136 және 142 баптарына сәйкес және Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының бақылау іс-шаралары жоспарының негізінде 2014 жылы 48 бақылау іс-шарасы негізінде бақылаумен барлығы 185 бақылау объектісі қамтылды (үстеме бақылау жүргізілген 22 объектіні қоса есептегенде), оның ішінде мемлекеттік органдар (мекемелер) - 167, квазимемлекеттік сектор субъектілері - 18.

2014 жылы бақылаумен қамтылған қаражат көлемі 73 804 783,7 мың теңгені құрады, оның ішінде жергілікті бюджет қаржысы 52 830 580,0 мың теңге, республикалық бюджет қаржысы 20 974 203,7 мың теңге. Анықталған бұзушылықтар сомасы 17 452 609,6 мың теңге болса, оның ішінде қалпына келтіруге жататын бұзушылықтар көлемі 6 231 367,6 мың теңгені құрады. Есепті кезеңде 5 971 971,3 мың теңгесі қалпына келтірілді, оның ішінде 111 666,2 мың теңге ақшалай түрде өтелген, 5 860 305,1 мың теңгесі атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметтермен қалпына келтірілген.

2014 жылы облыстық бюджетке қатысты атқарылған іс-шараларға тоқталатын болсақ, жүргізілген 33 бақылау іс-шарасы негізінде бақылаумен барлығы 107 бақылау объектісі қамтылды (үстеме бақылау жүргізілген 7 объектіні қоса есептегенде), оның ішінде мемлекеттік органдар (мекемелер) - 94, квазимемлекеттік сектор субъектілері - 13.

2014 жылы бақылаумен қамтылған қаржы көлемі 54137240,9 мың теңгені құрады. Анықталған бұзушылықтар сомасы 9740177,2 мың теңгені, оның ішінде қалпына келтіруге жататын бұзушылықтар көлемі 2357410,4 мың теңгені құраған.

2014 жылғы жоспарланған бақылау іс-шаралары шеңберінде 10 бағдарламалық құжаттарға бағалау берілді. Бағалау Жаңақорған және Қармақшы аудандарының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламаларына; «Өңірлерді дамыту» бағдарламасына; Қызылорда облысына республикалық бюджеттен бөлінген қаржылардың пайдаланылуына Есеп комитетімен бірлескен қаржылық бақылау, Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасының, Қызылорда облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының, Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының, Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары және Қызылорда облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының 2011-2015 жылдар стратегиялық жоспарларының орындалуына берілді.

Есепті кезеңде мәслихаттарға лауазымды тұлғалардың нормативтік-құқықтық актілердің сақталмауы фактілері бойынша 3 материал ұсынылды (Қармақшы және Жаңақорған аудандық мәслихаттарға кешенді бақылау нәтижелері бойынша, Қызылорда облыстық мәслихатқа туберкулезге қарсы күрес шараларына бөлінген қаржылардың пайдаланылуына бақылау нәтижелері бойынша).

Бақылау нәтижелері бойынша әкімшілік жауапкершілікке 4 лауазымды тұлға тартылса, 131 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 145-бабының 5-тармағына, сонымен қатар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 636-бабына сәйкес 2014 жылы әкімшілік іс қарауға уәкілетті органдарға - 4, сондай-ақ сот органдарына - 6, барлығы 10 материал жолданды. Оның ішінде, 4 материал бойынша әкімшілік іс қозғалып бақылау объектісінің лауазымды тұлғаларына 398 180 теңге әкімшілік айыппұл салынды. 6 материал әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы болмауына байланысты, сондай-ақ келтірілген залалдың елеусіз болуына байланысты қысқартылды.

2014 жылы құқық қорғау органдарына 4 материал жолданды. Нәтижесінде 4 материал бойынша қылмыстың құрамы болмауына байланысты ҚР ҚІЖК-нің 37-бабы 1-бөлігі 2-тармақшасына сәйкес іс қозғаудан бас тартылды, алайда сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылық жасағаны үшін «Жаңақорған аудандық жер қатынастары бөлімі», «Жаңақорған аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемелерінің басшыларына «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту», «қатаң сөгіс» тәртіптік шаралары көрілді.



1   2   3   4


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет