Қызылорда облысының 2014 жылға арналған әлеуметтік экономикалық даму көрсеткіштерінің қысқаша талдамасы


Облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне бөлінген қаржылардың пайдаланылуын бағалау



жүктеу 0.6 Mb.
бет3/4
Дата02.05.2016
өлшемі0.6 Mb.
1   2   3   4

3.1. Облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне бөлінген қаржылардың пайдаланылуын бағалау

1. Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен Қызылорда қаласы және аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдеріне бөлінген қаржылардың пайдаланылуын бақылау, сонымен қатар 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының орындалуын бағалау бойынша:

Бақылаудың 6 объектісінде қамтылған 17 071 156,7 мың теңге қаражат көлемінен барлығы 4918946,7 мың теңгенің бұзушылықтары анықталған, оның ішінде қалпына келтірілуге жататыны 58509,7 мың теңгені құрады.

     Стратегиялық жоспардың іске асырылуын бағалау барысында Басқарма тарапынан тікелей нәтиженің бес көрсеткішіне қол жеткізілмеген.

2012 жылдың қорытындысымен 2-стратегиялық бағытында «Автомобиль жолдарын, көпірлер мен жасанды ғимараттарды салу және қайта жаңғырту Автомобиль жолдары, көпір мен жасанды ғимараттарды салу және қайта жаңғырту, күрделі, орташа жөндеуге» 4 жобалық сметалық құжаттама әзірлеп, мемлекеттік сараптамадан өткізу жоспарланған, нақтысында 1 жоба-сметалық құжаттама ғана әзірленген (Қызылорда қаласында Сырдария өзенінен бір көпір салу жобасы). Тікелей нәтижеге қол жеткізілмеген.

2013 жылдың қорытындысымен мынадай тікелей нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілмеген:

1-стратегиялық бағытында «Облыс ішілік, ауданаралық (қалааралық) тұрақты автобус маршруттардың санын» 75 бірлікке жеткізу жоспарланғанмен, нақты 71 бағытта жолаушылар тасымалдау ұйымдастырылған.

2-стратегиялық бағытында Қазалы ауданындағы Әлсейіт учаскесіндегі Сырдария өзені арқылы өтетін көпір құрылысын салуға сметалық құжаттамасы әзірленбеген.

Автомобиль жолдары, көпір мен жасанды ғимараттарды салу және қайта жаңғыртуға техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеп, мемлекеттік сараптамадан өткізуден 3 дана, жыл қорытындысымен 3 техникалық-экономикалық негіздеме әзірленбеген.

Қанағаттанарлық және жақсы жағдайдағы жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарының үлесін 2013 жылы 64 пайызға жеткізу көзделген болса, нақтысында 54 пайызға жеткізілген.

Басқарма тарапынан келісімнің талаптары сақталмай 3 641 074,0 мың теңге нысаналы трансферттерді төмен тұрған бюджеттерге көрсетілген мерзімнен кешіктіріп аударған.

Қазалы аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бойынша 1 080 490,0 мың теңгенің мемлекеттік сатып алулар хаттамасы мекеменің интернет-ресурсында орналастырылмаған және 2013 жылдың 1 қаңтарына қалыптасқан 58 509,7 мың теңге дебиторлық берешек бухгалтерлік есептерде көрсетілмеген.

Жалағаш ауданындағы 4 елді мекендердің ішкі көшелерін орташа жөндеу жұмыстарына әзірленген 138 873,0 мың теңгенің жобалау-сметалық құжаттары ведомстволық сараптамадан өтпеген.

Қала, аудандардың елді мекендерінің ішкі жолдарының тізбелері бекітілгенмен, көшелерді паспорттандыру және техникалық құжаттарын дайындап мемлекеттік есепке алу жұмыстары толық жүргізілмеген.

2. «Қызылорда облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бөлінген бюджет қаражатының атқарылуына бақылау, сонымен қатар 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының орындалуын бағалау бойынша бақылаумен 547908,7 мың теңге қамтылып, мемлекеттік сатып алу заңнамасы нормаларын сақталмау салдарынан 10153,8 мың теңгенің заң бұзушылықтары анықталған. Сонымен қатар, Басқарманың 2011-2015 жылдардағы кезеңге арналған стратегиялық жоспарындағы кейбір индикаторлар бойынша тікелей және түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізілмеген. 2012-2013 жылдардың қорытындысымен стратегиялық бағыт бойынша «Төретам кентінің бас жоспары мен даму сызбаларын әзірлеу жұмыстарына» қаржы бөлінбегендіктен тікелей нәтижеге қол жеткізілмесе, Жаңа тұрғын аумақтардың егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын жүзеге асыру дәрежесін 100 пайызға жеткізу жоспарланғанмен, Қызылорда-Жезқазған трассасы бойындағы, жалпы көлемі 1800 гектар аумақтың топографиялық түсірілімін жасау, оның ішінде 980 гектар аумақтың егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу және бекіту жұмыстарына бөлінген 56000,0 мың теңге қаржының 53512,1 мың теңгесі игеріліп жұмыс 95,6 пайызға ғана орындалғандықтан тікелей нәтижеге қол жеткізілмеген.

3. Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына және ведомствалық бағыныстағы коммуналдық мемлекеттік мекемелерге бөлінген қаржылардың пайдалануына жүргізілген бақылау бойынша бақылаумен 1582819,2 мың теңге қамтылды. Бақылау қорытындысымен бюджеттік бағдарлама әкімшісі тарапынан бюджет қаражатын толық көлемде жоспарламағандықтан бірқатар тікелей және түпкі нәтижелерге қол жеткізілмегендігі айқындалды. Бақылау обьектілерінен бюджет және мемлекеттік сатып алу заңнаманың жекелеген нормаларын сақтамауы салдарынан 169,5 мың теңгенің қалпына келтіруге жататын жалпы бұзушылықтары анықталып, бақылаудан кейін толықтай бюджетке өндірілді және 37420,4 мың теңгенің рәсімдерді орындаудың мерзімдері мен тәртібі бұзылған.

4. «Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүргізілген бақылау іс-шарасы бойынша бақылаумен 124568,8 мың теңге қаражат қамтылып бюджет және өзге де заңнама нормаларын сақталмау салдарынан 96,1 мың теңгенің заң бұзушылықтарына жол берілген. Оның ішінде 2013 жылға ұялы телефон байланысына қоңырау шалуға 30,0 мың теңге негізсіз жоспарланған, іс-сапар шығынына 31,2 мың теңге артық есептеліп төленген, қызметтік телефон арқылы барлығы 13,9 мың теңге ұялы байланыстарға қоңырау шалған, автоматтандырылған ақпарат жүйесіне техникалық қолдау көрсету үшін «Геоақпараттық жүйенің Қазақстандық орталығы» ЖШС-мен 2012 жылдың 14 наурызындағы №9 мемлекеттік сатып алу туралы шарты жасалынып, жұмысты қабылдау актісі 14 күнге кеш қабылданған, шарттың 40-тармағының талабы сақталмай кешіктірілген 14 күнге 0,1 пайыз тұрақсыздық айыбы 21,0 мың теңге есептелмей, бақылау барысында есептелінген.

5. Қызылорда облысының тілдер дамыту басқармасына бөлінген қаржылардың атқарылуын бақылау, сонымен қатар 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының орындалуын бағалау іс-шарасы бойынша бақылаумен 2012 жылдың шілде айы мен 2014 жылдың маусым айын қоса алғандағы кезеңдегі 97235,0 мың теңге бюджет қаражаты қамтылып, барлығы 550,1 мың теңге қаржылық бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде 19,7 мың теңге бақылау барысында бюджетке өндірілсе, 10,9 мың теңге бюджет бақылаудан кейін бюджетке өндірілді.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі №1428 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы» Ережесінің 9-тармағының талаптары сақталмай 23,2 мың теңге іс-сапар шығындарына артық есептелініп төленген, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №335 «Мемлекеттік органдардың аппаратын және ерекше үй-жайларын орналастыруға арналған алаңдар нормалары мен телефон байланысын пайдалану үшін тиесілілік нормалары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысының 1-тармағы 3-тармақшасының талабы сақталмай қызметтік телефон арқылы 2013 жылы 7,4 мың теңгеге ұялы телефон байланысына негізсіз шығын жасалған, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабы 4-тармағының талаптары сақталмай 2013 жылы 519,5 мың теңгеге бекітілген мемлекеттiк сатып алудың  жылдық жоспары мемлекеттік сатып алу веб-порталына орналастырылмаған.



3.2. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне бөлінген қаржылардың пайдаланылуын бағалау

1. Қызылорда облысының білім басқармасына қарасты "Қызылорда политехникалық колледжі" (№9 Кәсіптік лицей ММ), Қызылорда политехникалық колледжі», М. Мәметова атындағы Қызылорда Гуманитарлық коледжі, «Қызылорда облыстық білім берудегі ақпараттық-қатынастық технологиялар ресурстық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарына бөлінген 1602347,8 мың теңге бақылаумен қамтылды. Бақылау барысында бақылау обьектісінен 29040,2 мың теңгенің жалпы бұзушылықтары анықталған, оның ішінде қалпына келтіруге (өтелуге) жататыны 1290,9 мың теңге, толығымен қалпына келтірілді.

2. «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ-на мемлекет активтерін пайдалануы мен бюджеттен бөлінген қаржыларды пайдалануына жүргізілген іс-шара бойынша бюджет және өзге де заңнаманың жекелеген нормаларының сақталмауы салдарынан барлығы 301570,7 мың теңгенің бұзушылықтарына жол берілгені анықталды.

Анықталған бұзушылықтар бақылау объектісінің лауазымды тұлғаларының Қазақстан Респубикасының қолданыстағы заң нормаларын сақтамауынан, жүктелген міндеттерін толық орындамауынан, мемлекет активтерін пайдалануда негізсіз жоспарланбаған шығыстардың болуына әкеп соқтырды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 178 бабының 3-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы орган (әкімдік) акционерлік қоғамның алған таза табысын бөлу туралы шешім қабылдауы және акционерлік қоғамның мемлекетке тиесілі акцияларға арналған дивидендтерді жалғыз акционер шешім қабылдаған күннен бастап он күн ішінде аударуын қамтамасыз етуге міндетті. Дивидендтер төлеу туралы шешімінде бір жай акцияға төленетін дивиденд мөлшері көрсетіледі. Алайда жергілікті атқарушы органның тарапынан бұл мәселеге қатысты тиісті шешім қабылданбаған.

3. «Байқоныр» (Байконур) әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына бюджеттен бөлінген қаржыларды пайдалануына бақылау іс-шарасы бойынша:

Бақылау іс-шарасы қорытындысы бойынша бақылаумен 1 109 920,0 мың теңге қаржы қамтылып, Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік-құқықтық актілер талаптарының сақталмауы салдарынан 420 041,3 мың теңге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде қалпына келтіруге жататыны 2 395,1 мың теңге.

Қоғам тарапынан «Байқоныр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының даму стратегиясы жобасы әзірленіп, тиісті министрліктермен мақұлданғанымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен осы уақытқа дейін бекітілмеген және директорлардың Кеңесімен бекітілетін бес жылдық кезеңге ұлттық компания дамуының Жоспары әзірленбеген. Екі инвестициялық жоба бойынша қаржы-экономикалық негіздемеде көзделген нәтижелеріне қол жеткізілмей, 2013 қаржы жылына жарғылық капиталдарын ұлғайтуға көзделген қаражат көлемінен 417646,2 мың теңге игерілмеген.

Сонымен қатар, Қазақстан «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 178 бабының 3-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы органнын тарапынан тиісті шешім қабылданбаған.

4. Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасына қарасты кәсіпорындарға бөлінген қаржылардың пайдаланылу тиімділігі бойынша бақылаумен «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «№ 6 қалалық емханасы», «Шиелі аудандық ауруханасы», «№1 қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындары, «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Қызылорда облыстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қамтылды.

Бақылау барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңының талаптарының сақталмауы салдарынан 102693,2 мың теңгенің бұзушылықтары анықталды, қалпына келтіруге жататын 1581,5 мың теңге қалпына келтірілді.

Атап айтқанда, «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 26 ақпандағы №220 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының 262 тармағының және Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнің 44-бабының 7 тармағы сақталмай 1253-010-011 бюджеттік бағдарламасы бойынша 2013 жылдың 1 қаңтарына 1409,5 мың теңге қалдық қалып бюджетке қайтарылмаған.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы «Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай ережесін бекіту туралы» №1394 қаулысының 3 және 7-8 тармақтарының талаптары сақталмай бақылау барысында диспансер қызметкерлеріне еңбек демалысақысын есептеуде календарлық және мереке күндерін қате есептеу салдарынан 2012 жылы емхананың 10 қызметкерлеріне барлығы 28,3 мың теңге артық есептеліп төленген.

«Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы» 2000 жылғы 22 қыркүйектегі №1428 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының 9-тармағының 3,5 тармақшалары сақталмай, 2 қызметкерге барлығы 14,5 мың теңге іс-сапар шығындары негізсіз есептеліп төленген. Өзге де заңнама талаптары сақталмауынан 69,2 мың теңге анықталған.



3.3. Облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне қарасты мемлекеттік мекемелерге жүргізілген бақылау нәтижелерін бағалау

Білім беру саласы бойынша:

«Сырдария аграрлық-техникалық колледжі», «Жалағаш индустриалды аграрлық колледжі», «Арал индустриалды-техникалық колледжі, «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған балалар үйі», «Облыстық балалар оңалту орталығы», «Қызылорда облысының білім басқармасының «№8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемелері бойынша Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасының талаптарына сәйкестігіне кешенді бақылау жүргізіліп, барлығы 1557123,2 мың теңге көлемінде бюджет қаражаты қамтылып, қорытындысында 142947,3 мың теңгенің бюджет қаражатын пайдалануда бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде:

«Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 31 желтоқсандағы №2331 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының 2 тармағы 2 тармақшасының, 4 тармақтың 2 тармақшасына сәйкес колледждің өндірістік оқу шаруашылығында 26 ірі қара малы және 1 мініс атының деректері бірдейлендіру дерекқорына енгізілмеген, ветинарлық паспорт алынбаған.

Мемлекеттік сатып алу заңнамасы талаптарының сақталмауынан – 152283,3 мың теңге анықталған;

«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 26 ақпандағы №220 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының 160-тармағының талаптары сақталмай коммуналдық қызметтерге аванстық (алдын ала) төлемге жол берілген, нәтижесінде 2014 жылдың 1 шілдесіне 350,4 мың теңге дебиторлық қарыздардың қалыптасуына жол берілген.

«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2007 жылғы 29 желтоқсандағы №1400 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының 2-тармақ 2-тармақшасының талаптары бұзылып, еңбекақы 8,9 мың теңгеге артық есептеліп төленген.

«Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы ережені бекіту туралы» 2000 жылғы 22 қыркүйектегі №1428 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының 9-тармағының 2-тармақшасы сақталмай 12,0 мың теңгеге іс сапар шығындары артық есептеліп төленген.
Дене шынықтыру және спорт саласы бойынша:

«Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының №18 Қазалы қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі», «№1 облыстық мамандандырылған балалар–жасөспірімдердің олимпиадалық резерв мектебі», «Жалаңтөс Баһадүр Сейтқұлұлы атындағы облыстық спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемелеріне Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасының талаптарына сәйкестігіне кешенді бақылау жүргізіліп барлығы 473463,0 мың теңге бюджет қаражаты қамтылып, қортындысында бюджет қаражатын пайдалануда 19157,2 мың теңгенің бұзушылықтары анықталды. Осы қаржының 5180,4 мың теңгесі мекеме есебінен қалпына келтірілсе, бюджетке өтелуге жататын 78,5 мың теңге толық өтелді. Атап айтқанда:

2013 жылы мекеменің таэквонда жаттықтырушысына сыныптық біліктілігінің белгіленген мерзімінің аяқталғандығы ескерілмей үстемақы артық төленген, «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 34–бабының 2–тармағының талаптары сақталмай бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы қорытынды хаттамасы тапсырыс берушінің интернет-ресурсында орналастырылмаған.

Мәдениет саласы бойынша:

«Қызылорда облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүргізілген іс-шара бойынша 394 тарихи-мәдени нысан теңгерімге алынбағаны анықталған.

262-005-000 «Жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени мұралардың сақталуын және оған қол жетімді болуын қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2012 жылы мемлекеттік стандартқа сәйкес әзірленген 35 тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау тақтасын және екі тілде әзірленген 70 төлқұжатқа жұмсалған 3400,0 мың теңге, 2013 жылы әзірленген 70 төлқұжатқа және 35 қорғау тақталарына жұмсалған 3419,8 мың теңге жұмыстары және 80 жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне тарихи-мәдени сараптама жүргізіп қорытынды дайындауға жасалған құны 2650,0 мың теңге қызметтер кіріске алынбай, мекеменің шығынына жіберілген.

2012 және 2013 жылдары мекеменің теңгерімінде жоқ ескерткіштерге сәйкесінше 1136,0 мың теңгеге және 2506,0 мың теңгеге, барлығы 3642,0 мың теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары атқарылған.

2012 жылы 1 жағдайда үнемделген қаражат есебінен 261,3 мың теңгеге ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының талаптары басшылыққа алынбай мекеменің жылдық мемлекеттік сатып алу жоспарына енгізілмей, сатып алулар жүргізілген.

Қызылорда облысының мәдениет басқармасына қарасты Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бюджеттен бөлінген қаржылардың пайдаланылуына бақылау іс-шарасы бойынша бақылаумен 226961,4 мың теңге қамтылып, бюджет және өзге де заңнама нормаларын сақтамау салдарынан 1105,7 мың теңгенің заң бұзушылықтарына жол берілгендігі анықталды.

«Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы» 2000 жылғы 22 қыркүйектегі №1428 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының 3 тармағы басшылыққа алынбай, іс-сапар шығындарына 19,4 мың теңге артық есептеліп төленген.

ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №335 «Мемлекеттік органдардың аппаратын және ерекше үй-жайларын орналастыруға арналған алаңдар нормалары мен телефон байланысын пайдалану үшін тиесілілік нормалары және ҚР Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысының талаптары басшылыққа алынбай, 2014 жылғы қаңтар-маусым айларында 10,8 мың теңгенің ұялы байланысына шығып, негізсіз шығын жасалған.

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi «Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 303-III Заңының 34-бабының, 2-тармағы талаптары бұзылып, 2014 жылғы қаңтар-маусым айларында бір көзден сатып алу тәсілімен 1075,5 мың теңгеге жұмыс жасалып қаржы игерілгенмен, мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама тапсырыс берушінің интернет-ресурсына орналастырылмаған.

Әлеуметтік сала бойынша:

Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен оған қарасты мекемелерге бөлінген қаржылардың атқарылуын бақылау іс-шарасы бойынша бақылаумен 5 объектіде барлығы 3770977,0 мың теңге  бюджет қаражаты қамтылып, 307460,5 мың теңгенің қаржылық бұзушылықтары анықталды. Оның ішінде: қалпына келтіруге (өтеуге) жататын 236,7 мың теңге.

Жүргізілген бақылау нәтижелері бойынша, басқарма тарапынан нысаналы трансферттерді төмен тұрған бюджетке аударуда келісімнің талаптары сақталмай 14190,0 мың теңге 13 жұмыс күніне кешіктіріліп аударылған, 64,0 мың теңгеге мекеме қызметкеріне еңбек ақы мен үстеме ақы артық есептелініп төленген, тәртіптік жазасы және сынақ мерзімімен қабылданған қызметкерлерге үнемделген қаржы есебінен 39,5 мың теңге сыйақылар төленген, еңбекке жарамсыздық парағымен 10,3 мың теңге артық есептеліп төленген, 2012-2014 жылдарғы 260197,2 мың теңгенің мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарлары мекеме басшыларымен уақытылы бекітілмесе, 32836,0 мың теңгеге жүргізілген мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамалар тапсырыс берушінің интернет-ресурсына орналастырылмаған, қызметтік телефоннан ұялы байланысқа, қызметтен тыс сөйлесулерге шығу себебінен 19,0 мың теңге негізсіз артық шығын жасалған, іссапар шығындары жол жүру бойынша растаушы құжаттары болмасада 15,9 мың теңге бюджет қаржысы негізсіз шығынға жіберілген, қызметтік автокөлікке 88,0 мың теңгенің жанар майы нормадан артық жұмсалып шығысталған, психикалық-жүйке ауруларының интернаты мекемесінде 1 бірлік автокөлік лимиттен артық қолдануда, «Балаларға арналған психоневрологиялық интернат үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 18 жасқа толып кеткен 63 бала ауыстырылмай осы күнге дейін тәрбиеленуде, балаларға арналған психоневрологиялық интернат үйі мен психикалық-жүйке ауруларының интернаты коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қызметкерлердің жиі ауысуынан тұрақтылық жоқ екендігі байқалған.

«Қазалы психикалық-жүйке ауруларының интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы №87 қаулысының 5-тармағындағы медициналық қалдықтарды уақытша сақтауға қойылатын талаптары бұзылып, «Б» сыныбының медициналық қалдықтарын уақытша сақтау үшін жеке үй-жай бөлінбеген;

«Қазалы психикалық-жүйке ауруларының интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі №303-III Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабының  4-тармағының талаптары сақталмай Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2014 жылдың 2 шілдедегі №2-2937-14 санды шешіміне сәйкес мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танылған ЖК «Хамитованы» әлеуетті өнім берушіні жосықсыз өнім берушілер тізіліміне енгізу үшін мәліметтер тапсырыс беруші тарапынан уәкілетті органға ұсынылмаған.

Сонымен қатар, басқарманың 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының мақсатында белгіленген индикаторларына 2012 жылы 12 көрсеткіш, 2013 жылы 7 көрсеткіш бойынша қол жеткізілмеген.



Денсаулық сақтау саласы бойынша:

Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасында "Туберкулезден, жұқпалы аурулардан, психикасының бұзылуынан және жүйкесі бұзылуынан, оның ішінде жүйкеге әсер ететін заттарды қолдануға байланысты зардап шегетін адамдарға медициналық көмек көрсету деңгейін бағалау қорытындысымен Денсаулық сақтау басқармасына қарасты мекемелер мен ұйымдардың жауапты қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының заңдылықтарын білу, жұмыста пайдалану өз деңгейінде емес екені атап өтілді. Бақылаумен 5 498 354,8 мың теңге қаражат көлемі қамтылып, Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік-құқықтық актілер талаптарының сақталмауы салдарынан 194304,3 мың теңгенің бұзушылықтары анықталды, оның ішінде қалпына келтіруге жататыны 12 532,7 мың теңге. Атап айтқанда, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының талаптары бұзылып, 179232,2 мың теңгеге, бухгалтерлік есеп жүргізу барысында 1 179,5 мың теңгенің қаржылық бұзушылықтары анықталған.

Мемлекет активтерін тиімділігі бойынша Арал аудандық диспансерде құны 10 000,0 мың теңге тұратын «12ф7» флюрографиялық рентген стационарлық аппараты жұмыс барысында пайдаланылмай тиімсіз сақталған, Шиелі аудандық диспансерде құны 182,9 мың теңге болатын жоба сметалық құжаттамасы 3 жыл мерзімінде жүзеге асырылмай, жобалауға бөлінген қаржы тиімсіз жұмсалған.

Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген нормалардан негізсіз артық жұмсалған бюджет қаражаттары 1353,7 мың теңгені құраған. Барлық бақылаумен қамтылған мекемелерде орын алған (оның ішінде: іс-сапар, жанар-жағар май, телефон, еңбек ақы).

«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 26 ақпандағы №220 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының 18 тарау, 160-1 тармағы талаптары сақталмай бақылаумен қамтылған аралықта мекемелерде 2356,0 мың теңгеге алдын-ала төлем жүргізілген.

Кадр тапшылығын жою өз шешімін таппаған, бақылаумен қамтылған денсаулық сақтау ұйымдарының 90 пайызында 32,5 дәрігерілердің, әсіресе фтизиатр, рентгенолог, лаборант дәрігерлерінің тапшылығы орын алуда.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген санитариялық қағидаларының талаптарына сәйкес келмейтін денсаулық сақтау мекемелері анықталған, яғни бақылаумен қамтылған объектілердің 64 пайызының аумақтары тиісті талапқа сай қоршаулармен қоршалмаған. Атап айтқанда: Облыстық, Қызылорда қалалық, Арал, Қармақшы, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандық диспансерлерде. Сондай-ақ Облыстық, Қызылорда қалалық, Арал, Сырдария, Жаңақорған аудандық диспансерлерде ішкі ауаны сыртқа шығару желдету құрылғысы болғанымен, ішке сырттан кіргізу немесе үрлеу құрылғысы және Сырдария аудандық диспансерде медициналық қалдықтарды жинайтын «А» контейнері қарастырылмаған. Балаларға арналған санаторияда белгілі талаптар сақталмай, бір төсек орынға арналған орташа ауданы 4,5 м2 құрайтын палаталарға ем алушылар орналастырылған.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 наурыздағы №235 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында республикалық және жергілікті деңгейлерде ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыру ережесі» басшылыққа алынбай, ішкі бақылау қызметі ұйымдастырылмаған.

Сонымен қатар, уәкілетті органдардың әрекетсіздігі облыстық туберкулезге қарсы диспансеріне арналған бактериологиялық зертханасы мен хлоратор ғимаратын теңгерімге қабылдамауы мен ақаулы күйде болғандығы диспансердің толыққанды жұмыс жасауы мен өлім-жетім көрсеткішінің төмендеуіне кері әсерін тигізуде.



1   2   3   4


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет