Қызылорда облысының 2014 жылға арналған әлеуметтік экономикалық даму көрсеткіштерінің қысқаша талдамасы


Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетімен жүргізілген қосарлас бақылау нәтижелерін бағалау



жүктеу 0.6 Mb.
бет4/4
Дата02.05.2016
өлшемі0.6 Mb.
1   2   3   4

3.4. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетімен жүргізілген қосарлас бақылау нәтижелерін бағалау.

1. Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы саласына 2013-2014 жылдары бюджеттен бөлінген қаржылардың және мемлекеттік активтердің пайдалануының тиімділігі іс-шарасы бойынша бақылаумен облыстың ауыл шаруашылығы және ветеринария саласының 13 мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындарында 15 бюджеттік бағдарламалары бойынша бөлінген 11401016,4 мың теңге, оның ішінде республикалық бюджет қаражаты 9882003,4 мың теңге және облыстық бюджет қаражаты 1519013,0 мың теңге бюджет қаражатының көлемі қамтылған.

Бақылау барысында жалпы сомасы 72 639,3 мың теңге қаржылық бұзушылықтар анықталған, оның ішінде республикалық бюджет қаражатын пайдалану кезінде 52 438,4 мың теңге, оның 24 806,5 мың теңгесі несие алушы жеке тұлғалар есебінен бюджетке өндірілуге жатады, жергілікті бюджеттің қаражатын пайдалану кезінде 20 200,9 мың теңге.

255-025, 099, 036, 013, 010 бюджеттік бағдарламалар бойынша барлығы 28602,8 мың теңге қаражат игерілмей, түпкілікті нәтижеге қол жеткізілмеген, оның ішінде республикалық бюджеттің трансферті есебінен 27631,9 мың теңге игерілмеген.

ҚР Бюджет кодексінің 172-бабының 1-тармақшасы, 183-бабының 2-тармағы, 191, 192-баптары, ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы №220 қаулысымен бекітілген «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету туралы Ережесінің» 555, 557, 558-тармақтары басшылыққа алынбай 2014 жылдың 1 тамызына кредит алушы мамандар тарапынан төлемдерді уақытылы қайтармау фактілері орын алған, атап айтқанда, Қазалы ауданы бойынша 219 маманнан 10536,7 мың теңге, Қармақшы ауданы бойынша 8 маманнан 109,6 мың теңге, Жалағаш ауданы бойынша 260 маманнан 4351,8 мың теңге, Сырдария ауданы бойынша 16 маманнан 265,0 мың теңге, Шиелі ауданы бойынша 9 маманнан 224,7 мың теңге, Жаңақорған ауданы бойынша 286 маманнан 8847,7 мың теңге және Қызылорда қаласы бойынша 8 маманнан 471,0 мың теңге, барлығы облыс бойынша кредит алушы 806 маманнан 24806,5 мың теңге төлемдері қайтарылмаған.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының 34-бабы 2-тармағының талабы сақталмай, Қармақшы аудандық ветеринария бөлімі арқылы 2014 жылы ауылдық округтерде 19230,0 мың теңгеге бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттама мәтіндері тапсырыс берушінің интернет-ресурсында орналастырылмаған.

2. Бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақытылығына және Қызылорда облысына республикалық бюджеттен бөлінген қаржылардың пайдаланылуына жүргізілген бақылау нәтижесінде бюджет және мемлекеттік сатып алу заңнаманың жекелеген нормаларын сақтамауы салдарынан 1559533,5 мың теңгенің жалпы бұзушылықтары анықталды, оның қалпына келтіруге жататыны 5308,9 мың теңге. Бақылау барысында 2011-2015 жылдарға арналған Қызылорда облысының даму бағдарламасыны жүзеге асырылуына бағалау жүргізіліп, 2013 жылы 46 мақсатты индикатордың 5-і орындалмаған, 5-інде көрсеткіштер белгіленбеген, 110 тікелей нәтиже көрсеткіштерінің 21 тікелей нәтиже көрсеткіштері орындалмаған, 7 тікелей нәтиже көрсеткіштерінің көрсеткіштері белгіленбегендігі анықталды.

«Қызылорда облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында» 2013 жылы атқарылуға тиіс 506 іс-шараның 78 іс шарасы орындалмаған, бір іс-шараның екі жерде көрсетілуі, Іс-шара жоспарында белгіленбеген іс-шараға қаражат бөліп, есеп тапсыру және керісінше белгіленген іс-шараға қаражат бөлінбеу, оны тапсырылған есепте көрсетпеу, іс-шараға нақты бөлінген қаражат пен атқарылған іс-шараларды тапсырылған есепте толық көрсетпеу фактілері орын алған.

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңының 73-бабының 3-тармақшасы сақталмай құрылыс басқармасы арқылы жүзеге асырылған Жаңақорған ауданындағы Кейден ауылындағы 140 орындық № 208 мектептің, Қызылорда қаласының Түркістан көшесі бойындағы 1200 орындық мектептің, Қызылорда қаласындағы 200 төсектік перинаталды орталықтың құрылыстарын пайдалануға беру 2012-2013 жылдарға жоспарланғанымен, аталған объектілер жоспарланған мерзімге мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісімен пайдалануға берілмеген, бірақ іс жүзінде пайдалануға беріліп, жұмыс жасап жатқандығы анықталған.

Қағиданың 190-тармағы бұзылып, Бағдарламаны іске асыру туралы есеп мониторингі өз дәрежесінде жүргізілмеген, «Облыстық онкологиялық орталық ғимараты құрылысы» жобасының техника-экономикалық негіздемесін әзірлеуге 2012 жылдан бастап үш жыл қатарынан қаражат бөлінгенмен техника-экономикалық негіздеме әзірленбеген, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынбаған, бірақ Бағдарлама іс-шараларының орындалу туралы 2013 жылғы есепте «Техника-экономикалық негіздеме әзірленді» деп есеп берілген.

«Қызылорда қаласында достастық үйінің құрылысы» жобасының жоба-сметалық құжаттарын әзірлеп, мемлекеттік сараптамадан өткізуге және құрылысына» 2011-2014 жылдар аралығында 52430,8 мың теңге бөлінгенмен мемлекеттік сараптаманың қорытындысы алынбаған, түпкілікті нәтижеге қол жеткізілмеген, 2011 жылы жергілікті бюджеттен «Жаңақорған ауданының Түгіскен ауылында 300 орындық № 256 мектептің құрылысы» (4067,0 мың теңге), «Сырдария ауданы Тереңөзек кентінде 300 орындық №210 мектептің құрылысы» (4067,0 мың теңге), «Қызылорда қаласының СПМК-70 ауданында 200 орындық жатақханасымен қоса 600 орындық кәсіптік лицей құрылысы» (53086,0 мың теңге) жоба-сметалық құжаттарын әзірлеп, мемлекеттік сараптамадан өткізуге 61220,0 мың теңге қаражат бөлініп, 2011 жылы мемлекеттік сараптаманың қорытындылары алынғанмен және Бағдарламада екі жоба бойынша нысанды 2011 жылы пайдалануға беру жоспарланғанмен нысандар құрылысына қаражат бөлінбеген, құжаттар әзірлеуге бөлінген қаражат тиімсіз жұмсалған.

Бақылау объектілері тарапынан іс сапар шығыстары, еңбекақы артық есептеліп төленген, қызметтік телефондардан ұялы байланысқа шыққан қоңырауларға төлем жасалған, жанар жағар май нормадан артық шығысталған, мемлекеттік сатып алуды жүргізу қорытындысымен жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша көрсетілген қызметтерге алдын ала төлемге жол берілген, «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы талаптарынының сақталмауы орын алған.

«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 26 ақпандағы №220 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының 266, 269 тармақтары мен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Қызылорда облысының әкімі арасында 2013 жылғы 15 қаңтарда нысаналы трансферттердің нәтижелері туралы №1 Келісімнің 10.3. тармағының талаптары сақталмай нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу жөніндегі қорытынды есебі жоғарғы тұрған бюджеттік бағдарлама әкімшісіне 2014 жылғы 14 ақпанда №02/1-4/808 қатынаспен 9 күнге кешіктіріліп тапсырылған.

Қызылорда облысының құрылыс басқармасы мен Сырдария ауданының әкімдігі, Қазалы ауданы әкімдігі арасында «Инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту, жайластыру және (немесе) сатып алу» бюджеттік бағдарламасына берілген нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы № 8 келісім, №7 келісім 2014 жылдың 25 қаңтарында 5 күнге Қызылорда облысының білім басқармасы мен аудан әкімі арасындағы нысаналы трансферттер бойыннша нәтижелер туралы келісім ағымдағы қаржы жылының 20 қаңтарынан 26 күнге кешіктіріліп, 2013 жылдың 15 ақпанында жасалған. Бюджет кодексінің 46-бабының, 12-тармағының талабы бұзылған. «Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінен «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде жұмыс берушілердің 10 пайыздық үлесімен салынатын 23 арендалық тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету» (ауыз су желісінің құрылысы) жұмыстарына бөлінген 13042,6 мың теңгенің 5204,9 мың теңгесі игеріліп, жұмыстар толық аяқталмауы себепті тікелей және түпкілікті нәтижелерге (ауыз су желісінің құрылысы бойынша) қол жеткізілмеген.

Бақылау обьектісі тарапынан «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы заңының 68-бабының 11-тармағы талабы бұзылған, құрылыс обьектісіне құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғандығы туралы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органға хабарлама жасалмаған. «Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кентінің жылумен қамту жүйесін кеңейту» нысанының жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеуші «КЭЛМООС» ЖШС Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2011 жылғы 6 желтоқсандағы №2-1989-11 шешімімен мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы болып танылуына байланысты 2013 жылы және 2014 жылдың бақылаумен қамтылған қаңтар-маусым айлары аралығында нысанда атқарылған құрылыс-монтаждау жұмыстарына авторлық қадағалау жұмыстары жүргізілмей, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 17-бабының 1-тармағының 6-тармақшасы, 34-бабының талаптары бұзылған. Шағын және орта бизнеске кредиттерді ішінара кепілдендіруге «Даму» КДҚ» акционерлік қоғамына 2013 жылы берілген қаражаттан екі кәсіпкердің несиелендіру шарттарында ескертпелер болуынан 4580 мың теңге атқарылмай акционерлік қоғамның есеп шотында қалған, 2014 жылдың 10 сәуіріндегі №698 төлем құжатымен облыстық бюджеттің кірісіне аударылып берілгенмен Бюджет кодексінің 44-бабының 7-тармағына сәйкес жоғары тұрған республикалық бюджетке қайтарылмаған.

Бюджет кодексінің негізділік принципі сақталмай қаражат дұрыс жоспарланбай берілгендіктен, Келісімнің 678 штаттық бірлікпен қамту тікелей нәтижесіне толық қол жеткізілмей, жыл көлемінде мұғалімдердің басқа қалаға көшіп, орнына жас мамандарды қабылдау есебінен 16 бірлікке кеміген.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақы мөлшерін ұлғайтуға балабақшаларға аударылып берілген 1265,6 мың теңге нысаналы трансферттің 393,4 мың теңгесі 6 балабақшада жыл соңында үнемделіп атқарылмаған, атқарылмаған қаражат Бюджет кодексінің 44-бабының 7-тармағына сәйкес жоғары тұрған бюджетке қайтарылмай балабақшалардың есеп шоттарында қалған.

Мұғалімдердің біліктілік санаты үшін қосымша ақының көлемін ұлғайтуға республикалық бюджеттен берілген қаражаттан санаттылығы үшін мақсатсыз төлем жасау, біліктілік санаттарының пайыздық мөлшерін сақтамау, куәлігінің мерзімі өткен тәрбиешіге республикалық бюджеттен берілген нысаналы ағымдағы трансферт негізсіз артық төленген (мұғалімдердің біліктілік санаты үшін қосымша ақының көлемін ұлғайтуға республикалық бюджеттен берілген қаражаттан Қазалы ауданының № 226 гимназияда мектеп аяжанына 14,3 мың теңге санаттылығы үшін мақсатсыз төлем жасалған, №100 және №103 мектептерде тиісті біліктілік санаттарының пайыздық мөлшері сақталмай 48,5 мың теңге, №9 «Балауса» балабақшасында куәлігінің мерзімі өткен 2-санаттағы тәрбиешіге 1,8 мың теңге негізсіз артық төленген).

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қызылорда облысының ішкі істер департаменті» мемлекеттік мекемесі бойынша «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары әскери қызметшілерінің, қызметкерлерінің және әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің біріңғай еңбек ақы төлеу жүйесі туралы» 2011 жылғы 29 қыркүйектегі №492 Ішкі Істер Министрлігінің бұйрығы 1 тармақ, 17 тармақшасының талаптары бұзылып, жеті қызметкерге арнаулы атақтары дұрыс ескерілмей 89,6 мың теңге кем төленсе, алты қызметкерге арнаулы атақтары дұрыс ескерілмей 83,6 мың теңге, бір қызметкерге жұмысқа қосылған бұйрығындағы мерзім ескерілмей 4 күнге 4 мың теңге қосымша ақы артық есептеліп төленген.

3. Қызылорда облысының бюджетіне республикалық бюджеттен субвенциялар бөлудің негізділігіне талдау және бағалау бойынша жүргізілген тақырыптық бақылау іс-шарасы бойынша Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен үстеме бақылаумен Қызылорда облысы бойынша салық комитеті бақылаумен қамтылды. Бақылау нәтижесінде акциз төлемгерлерінің бет есептерінде салық есептіліктерінің уақтылығына және есептелген салықтың толықтығына ішінара бақылау жүргізу барысында Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінің 289 бабының, 296 бабы 1,2- тармақтарының талаптары бұзылғандығы анықталып, «Экспресс-сервис» ЖШС мен «Садир и К» ЖШС бойынша 1213,0 мың теңгенің акциз салығы есептелінбегені анықталды.

4. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасының Қызылорда облысы бойынша жүзеге асырылуын бағалау іс-шарасы бойынша Республикалық бюджеттен «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаржы 99 пайызға орындалып, 101 жобаның 100 жобасы пайдалануға берілген, «ПС 35/10 кВ «Жаңарық», «Тасбөгет», «Районная котельная» қосалқы станцияларын қайта жаңғырту» жобасы аяқталып, мемлекеттік қабылдау комиссиясымен пайдалануға берілгенмен, Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының теңгеріміне алынған, пайдаланушы мекеме теңгеріміне берілмеу, «Аудан орталықтары мен тіректі ауылдық елді мекендерді дамытудың жеке кешенді жоспары» және «Ауылдық округтердің, ауылдар мен кенттердің орталықтарын дамыту бойынша облыстық іс-шаралар жоспары» әзірленбеген және облыстық мәслихаттың шешімімен бекітілмеуі анықталған.

3.5. Мемлекет активтерін пайдалану.

Облыс бойынша 2015 жылдың 1 қаңтарына мемлекеттік активтерін бағалау бойынша жүргізілген жұмыстар нәтижесінде Қызылорда қаласында баланстық құны 3756060,5 мың теңге болатын 17 ғимараттың, Арал ауданында 506931,0 мың теңгеге 3 ғимараттың, Қазалы ауданында 163869,4 мың теңгеге 3 ғимараттың, Қармақшы ауданында 254132,0 мың теңгеге 5 ғимараттың, барлығы 28 ғимараттың төл құжаттары осы уақытқа дейін алынбаған, облыс құрылыс басқармасы арқылы салынған құны 5192526,0 мың теңгеге 6 нысан осы күнге дейін мемлекеттік комиссиямен қабылданбаған және мемлекеттік комиссиямен қабылданып, құрылыс басқармасы арқылы құны 22100337,0 мың теңгеге 61 нысан теңгерімге берілмеген.

Осы объектілер уақытылы техникалық құжаттары әзірленіп, пайдаланушы мекеме теңгеріміне берілген жағдайда облыс бюджетіне мүлік салығынан 13000 мың теңгеден астам түсім түсетін еді.
ІV БӨЛІМ. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІК

2014 жылы облыс бюджетінің халықтың әлеуметтік мәселелерін қамту бағытындағы көрсеткіштерінің басым бөлігі орындалғанмен, бюджеттік инвестициялардың игерілуі, түпкілікті нәтижеге қол жеткізу, құрылыс салу нысандарын жоспарланған мерзімде пайдалануға берілмеуі салдарынан облыстық бюджеттің кірістер болжамы 100,5 пайызға, облыстық бюджеттің шығындар жоспары 99,8 пайызға орындалған.

2014 жылы 2013 жылмен салыстырғанда бақылаумен қамтылған қаржы 59941310,3 мың теңгеге немесе 44,8 пайызға азайғанмен, анықталған бұзушылықтар сомасы рәсімдік сипаттағы бұзушылықтардың орын алуына байланысты 1476118,2 мың теңгеге немесе 109,52 пайызға артып отыр. Облыстағы бақылау объектілерінің бюджет қаржысын заңнама талаптарына сәйкес пайдаланылуы, мамандардың кәсіби білімінің артуы, мекеме басшыларының жауапкершіліктерінің артуы, облыс, аудан әкімдіктері тарапынан өз дәрежесінде қадағалау болуы жалпы облыс бюджеті қаражатын пайдалануда бюджет жүйесі принциптері қалыптасуы себепті 2014 жылы қалпына келтіруге немесе өтелуге жататын қаржылық бұзушылықтардың көлемі 2013 жылмен салыстырғанда 4585569,4 мың теңгеге азайып, 6231367,6 мың теңгені құрады.

1. Облыста жыл нәтижесі бойынша жалпы әлеуметтік-экономикалық дамудың макроэкономикалық тұрақтылық сақталған. Облыстың бюджеттің атқарылуы инфлияцияның жоспарлы деңгейде, жалпы экономикалық өсуінің оң нәтижелі беталыс шарты бойынша өтті.

2. 2014 жылы облыстық бюджеттің негізгі параметрлері толықтай жүзеге асып, мемлекеттік органдар мен бюджеттік ұйымдардың жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

3. Облыс бюджеті параметрлерінің түзетілуіне және нақтыланылуына қарамастан, шығыс бөлігі бойынша бюджеттік қаражаттардың 357554,8 мың теңге сомасын толық игеру қамтамасыз етілмеген.

4. Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесінің уақыттылық принциптерін бұзумен облыс бюджетіне түсімдер бойынша 12219995,0 мың теңге сомасына бересі қалыптасқан, оның ішінде облыстық бюджетке бересі көлемі 12006859,0 мың теңге.

5. Облыстық бюджеттің атқарылу қорытындысы бойынша 663953,9 мың теңге сомасына дебиторлық берешекке жол берілген. Кредиторлық берешек 854224,8 мың теңгені құрады, былтырғы жылмен салыстырғанда дебиторлық берешек 19,2 пайызға азайса, кредиторлық берешек 9,2 есе өскен.

6. Бақылау іс-шараларының қорытындылары айқындалған бұзушылықтар жергілікті бюджет қаражаттарын және мемлекет активтерін пайдаланған кездегі қаржылық тәртіптің шын мәнінде әлсіздігін, уәкілетті органдар мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, жергілікті бюджет қаражаттарын пайдаланғанда тікелей бақылау объектілері басшыларының тарапынан бақылаудың жеткіліксіздігін, сондай-ақ лауазымды тұлғалармен бюджеттік қаражаттарды пайдаланған кезде қолданыстағы бюджет заңнамасы нормаларының сақталмауын куәландырады.

7. Облыс бойынша барлығы 28 ғимараттың төлқұжаттарының дайындалмауы, бюджет есебінен салынған 6 нысанның мемлекеттік қабылдау комиссиясымен пайдалануға берілмеуі коммуналдық мүлікті басқару бағытында жұмыстарды жандандыру қажеттілігін туындатып отыр;

8. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталын ұлғайтуға бөлінген бюджет қаржысының уақытылы, сапалы нәтижелі орындалуы өз деңгейінде емес.

ҰСЫНЫСТАР

Кызылорда облысының әкімдігіне, облыстың бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне ұсынылады:

Жергілікті бюдетті кірістер және шығыстар бойынша қалыптастыру және атқару кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы бюджеттік және өзге заңнамалары басшылыққа алуды.

1. Қандай да болсын түсімдер мен шығыстарды бюджеттің жобасына енгізу қажеттілігін айқындайтын бюджеттік жүйе қағидаттарының, нормативтік құқықтық актілердің және өзге құжаттардың негізінде жергілікті бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерін жоспарлау және олардың көлемінің негізділігі, сондай-ақ бюджеттік қаражатты және мемлекет активтерін пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүзеге асыруға.

2. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік бағдарламаларда, аумақты дамыту бағдарламасында жоспарланған тура және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу жөнінде шаралар қабылдауға.

3. Нысаналы трансферттердің нәтижелері туралы келісімдерді сапалы, уақытылы әзірлеуде бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің жауапкершілігін арттыруға;

4. Дебиторлық және кредиторлық берешектерге жол бермеу жұмыстарын жандандыруға.



5. Коммуналдық меншік обьектілерін пайдалану тиімділігін және мемлекеттік органдардың басшыларының жауапкершіліктерін арттыруға бақылауды күшейтуге.



1   2   3   4


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет