«Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы» мм-нің басшысы Ғ. Жарқынбаев 2015 жылғы мамыр



жүктеу 486.95 Kb.
бет1/4
Дата17.04.2016
өлшемі486.95 Kb.
  1   2   3   4
: sites -> default -> files -> users
users -> ДСҰ-ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2013 жылдың 1-31 желтоксан аралығында жариялаған хабарламалар тізімі
users -> Он алтысында от кешкен
users -> ТОҚсан бестің толғауы (Ардагермен сыр-сұхбат)
users -> Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарының әзірлеу мониторингі бойынша жедел есептілік
users -> Хабарландыру
users -> Қызылорда облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуы туралы есеп
users -> Қазақстан: «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасының екінші кезеңі
users -> ДСҰ Санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі комитетімен 2013 ж. 1 31 наурыз аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
users -> ДСҰ санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі Комитетімен 2013 жылғы 1-28 ақпан аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
БЕКIТЕМIН

«Қызылорда облыстық

ішкі саясат басқармасы» ММ-нің басшысы

_____________Ғ. Жарқынбаев

2015 жылғы «.....» мамыр

.............. бұйрық


2015 жылға арналған «Үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік маңызы бар жобаларын іске асыру жөніндегі қызметтер» қызметі бойынша өткізілетін конкурс тәсілінің ерекше тәртібі негізіндегі мемлекеттiк сатып алудың

КОНКУРСТЫҚ ҚҰЖАТТАМАСЫ

Тапсырыс берушi

«Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы» ММ.

Мекен-жайы: 120003, Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, н/ж, 3 қабат, 315 бөлме.

СТН (РНН): 330100215366

БСН (БИН): 030140001462

Банктік реквизиттер: ИИК – KZ70070102KSN3301000,

БИК – KKMFKZ2A, ҚР Қаржы министрлігінің «Қазынашылық комитеті» ММ, мекеменің коды 2632510

Тапсырыс берушiнiң өкiлi

Балабаева Мұрат Сұлтанғазыұлы – «Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы» ММ-сі басшысының орынбасары, байланыс телефоны: 8/7242/60-53-26, электронды пошта: uvp.korda.gov.kz



Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы

«Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы» ММ.

Мекен-жайы: 120003, Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, н/ж, 3 қабат, 315 бөлме.

СТН (РНН): 330100215366

БСН (БИН): 030140001462

Банктік реквизиттер: ИИК – KZ70070102KSN3301000,

БИК – KKMFKZ2A, ҚР Қаржы министрлігінің «Қазынашылық комитеті» ММ, мекеменің коды 2632510

Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының өкiлi

Балабаева Мұрат Сұлтанғазыұлы – «Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы» ММ-сі басшысының орынбасары, байланыс телефоны: 8/7242/60-53-26, электронды пошта: uvp.korda.gov.kz


Конкурстық құжаттаманың құны

Конкурстық құжаттама тегін беріледі.




  1. Жалпы ережелер

      1. Конкурс 2015 жылға арналған «Үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік маңызыды жобаларын іске асыру бойынша сатып алынатын қызмет көрсетулер» қызметі бойынша өнiм берушiлердi таңдау мақсатында өткiзiледi.

      2. Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi 2015 жылға арналған «Үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік маңызыды жобаларын іске асыру бойынша сатып алынатын қызмет көрсетулер» қызметі бойынша осы конкурсқа бөлiнген сома төмендегідей:





1-лот

«Республикалық және халықаралық деңгейдегі теолог мамандардың облысымыздағы жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы

6 194 921,42

2-лот

Қызылорда облысынан Батыс өңірлерде білім алып жатқан студенттермен байланыс орнату «Жерлестер» әлеуметтік жобасы

3 124 664,28

3-лот

«Дәстүрлі діни мерекелерді атап өту шаралары» әлеуметтік жобасы

2 901 785,71


4 - лот

«Дін және дәстүр» бағдарламасын ұйымдастыру әлеуметтік жобасы

4 660 714,28

Конкурстық өтінімінің қолданылу мерзімі конкурстық өтінімдер ашылған күннен бастап 35 күнтізбелік күнде құрауы тиіс.


Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурста қызметтерін «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабында көзделген бағыттар бойынша жарғылық мақсаттарына сәйкес жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдары қатысады.

3. Осы конкурстық құжаттама мыналарды қамтиды:

1) Конкурстық құжаттамаға 1 – қосымшаға сәйкес сатып алынатын қызметтердің тізбесі;

2) конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сипаттамасы және талап етілетін техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары.

3) Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурста қызметтерін «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабында көзделген бағыттар бойынша жарғылық мақсаттарына сәйкес жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдарға арналған конкурстық құжаттамаға 3-қосымшаға сәйкес конкурстық өтінімі;

4) конкурстық құжаттамаға 4-қосымшаға сәйкес баға ұсынысын беру нысаны;

5) конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаларға сәйкес мемлекеттік сатып алу процесіне қатысу үшін біліктілік туралы мәліметтер;

6) осы конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес айтарлықтай шарттарды көрсете отырып, мемлекеттік сатып алу шартының жобасы;

7) ҚР Үкіметінің 27.12.2007 жылғы №1301 Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы қаулысының 305-3 тармағына сәйкес, көрсетілетін қызметтердің ең жақсы талаптарын ұсынатын, конкурстың қатысушысы деп тану мақсатында конкурстың жеңімпазын анықтау барысында конкурстық комиссясымен көзделінетін тиісті критерийлердің тізбесі
2. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық
құжаттаманың көшiрмесiн алған әлеуеттi өнiм берушiлерге оның ережелерiн түсiндiруi

1. Конкурсқа қатысуға үмiткер әлеуеттi өнiм берушi 2015 жылғы «05» маусым сағ.18.00 мин. кешiктiрмей конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру туралы жазбаша сұрау салумен жүгiнуге құқылы. Әлеуеттi өнiм берушiлердiң сұрау салуларын мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының мынадай деректемелерi бойынша жiберу қажет: 120003, Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі н/ж, «Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы» ММ-сі (облыс әкімі аппаратының ғимараты), № 315 бөлме.

2. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде оған жауап беруге және сұрау салу кiмнен келiп түскенiн көрсетусiз:

1) олар туралы мәлiметтер конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тiркеу журналына енгiзiлген тұлғаларға конкурстық құжаттама ережелерiн түсiндiрудi жiберуге;

2) конкурстық құжаттама ережелерiн түсiндiрулердiң мәтiнiн тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсында www.e-kyzylorda.gov.kz веб-сайтында жариялауға мiндеттi.

3. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы 2015 жылғы "09" маусым сағ. 18.00 мин. мерзiмнен кешiктiрмей жеке бастамашылығы бойынша немесе мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшiрмесiн берген әлеуеттi өнiм берушiнiң сұрауына жауап ретiнде конкурстық құжаттамаға өзгерiстер мен (немесе) толықтырулар енгiзуге тиiс. Конкурстық құжаттамаға өзгерiстер енгiзу конкурстық құжаттаманы бекiтудегi сияқты тәртiппен ресiмделедi.

Енгiзiлген өзгерiстердiң мiндеттi күшi болады және мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы оларды конкурстық құжаттамаға өзгерiстер бекiтiлген күннен бастап бiр жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде өтеусiз негiзде конкурстық құжаттаманың көшiрмесi берiлген барлық әлеуеттi өнiм берушiлерге жiбередi. Бұл ретте конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi берудiң түпкiлiктi мерзiмiн мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтiнiмдерде осы өзгерiстердi әлеуеттi өнiм берушiлердiң есепке алуы үшiн кемiнде он бес күнтiзбелiк күн мерзiмге ұзартады.

Ұйымдастырушы енгiзiлген өзгерiстер мен (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, нақтыланған конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсында жариялайды.

4. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшiрмелерi берiлген әлеуеттi өнiм берушiлермен не олардың уәкiлеттi өкiлдерiмен конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру үшiн Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, н/ж, «Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы» ММ-сінде (облыс әкімі аппаратының ғимараты №315 бөлме), 09 маусым күнделікті сағат 16.00-де кездесу өткiзедi.

5. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы әлеуеттi өнiм берушiлермен кездесудiң хаттамасын жасайды, онда әлеуеттi өнiм берушiлердiң конкурстық құжаттаманы түсiндiру туралы олардың көздерiн көрсетпестен, ұсынылған сұратулары, сондай-ақ осы сұратуларға жауаптар көрсетiледi. Хаттама әлеуеттi өнiм берушiлермен кездесу өткiзiлген күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей конкурстық комиссияға және мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама алған әлеуеттi өнiм берушiлердi тiркеу журналында көрсетiлген почталық деректемелерi бойынша конкурстық құжаттаманың көшiрмесiн берген барлық әлеуеттi өнiм берушiлерге жiберiледi.

Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы әлеуеттi өнiм берушiлермен болған кездесу хаттамасының мәтiнiн тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсында - www.e-kyzylorda.gov.kz веб-сайтында жариялайды.


3. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысуға өтiнiмдi ресiмдеуге қойылатын талаптар және конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi әлеуеттi өнiм берушiлердiң ұсынуы
Конкурсқа қатысуға өтiнiм
1. Конкурсқа қатысуға өтiнiм осы конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес қызметтер көрсетуді жүзеге асыруға конкурсқа қатысуға үмiткер әлеуеттi өнiм берушiнiң келiсiм бiлдiру нысаны болып табылады.

2. Конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға беретiн конкурсқа қатысуға өтiнiм мыналарды қамтуға тиiс:

конкурстық құжаттамаға 3-қосымшаға сәйкес  әлеуетті өнім беруші толтырған және қол қойған өтінім; 

әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестігін растау үшін ол ұсынатын құжаттардың тізбесін:

Үкіметтік емес ұйым екендігін растайтын нотариялдық куәландырылған құжаттар;

лицензияның және (немесе) патенттердiң, куәлiктердiң, сертификаттардың, әлеуеттi өнiм берушiнiң сатып алынатын тауарларды өндiруге, қайта өңдеуге, беруге және өткiзуге, жұмыстарды орындауға, қызметтердi көрсетуге арналған құқығын растайтын басқа да құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;


әлеуетті өнім беруші өзінің (және олар тартатын қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) жалпы біліктілік талаптарға сәйкестігін растауға ұсынатын құжаттардың тізбесі;

әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсетілетін банктің немесе банк филиалының қолы және мөрі бар әлеуетті өнім берушінің банктің немесе банк филиалының ағымдағы шоты туралы анықтаманың түпнұсқасы.

3. Техникалық сипаттамада көрсетілетін қызметтердің сипаттамасының көзделінген талаптары:

1) жобаның тапсырыс беруші қойған мақсаттар мен тақырыпқа сәйкестігі;

2) ұсынылған жобаның ұйымның миссиясына (жарғылық мақсаттарына) сәйкестігі;

3) ұйым миссиясының тапсырыс берушінің салалық мамандануына сәйкестігі;

4) тапсырыс беруші қойған мақсаттарға қол жеткізуге арналған егжей-тегжейлі іс-шаралар жоспарының (іс-шараның атауы мен нысаны, нысаналы топ, өткізілетін мерзімі, елді мекенді, халықтың қамтылуын көрсете отырып, өткізілетін жері) болуы;

5) жобаны іске асыру шеңберінде көрсетілетін қызметтерді әлеуетті алушылардың саны;

6) әрбір іс-шара бойынша, конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін шығыстар сметасының болуы;

7) жобаны іске асыру нәтижелерінің тиімділігін бағалау бойынша өлшемді критерийлердің болуы;

8) жобаны іске асыруға бюджеттен тыс көздерден қосымша қаражат тарту мүмкіндігі;

9) жобаны іске асыруға жоғары білікті мамандарды тарту мүмкіндігі;

10) әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтердің «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс өнім берушілерінің тізілімінде» болуы.

11) конкурста қатысуға және конкурстық комиссияның отырыстарында қатысуға өтінімдерге қол қою құқығына әлеуетті өнім берушінің жарғысына сәйкес сенімхатсыз қол қою құқығы бар әлеуетті өнім берушінің бірінші басшысын қоспағанда, әлеуетті өнім берушінің мүддесін білдіретін тұлғаға (тұлғаларға) сенімхат.


Конкурсқа қатысуға өтiнiмдi ресiмдеуге қойылатын талаптар
4. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдi әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға тiгiлген түрде, нөмiрленген беттерiмен бередi және соңғы бетiне оның қолымен, ал заңды тұлға үшiн - мөрiмен (жеке тұлға үшiн ондай бар болса) куәландырылады.

Конкурсқа қатысуға өтiнiмнiң техникалық бөлiгi (тiгiлген түрде, нөмiрленген беттерiмен, соңғы бетi әлеуеттi өнiм берушiнiң қолымен және мөрiмен (жеке тұлға үшiн ондай бар болса) куәландырылған түрде және конкурсқа қатысуға өтiнiмнiң қамтамасыз етуiн растайтын құжаттың түпнұсқасы жеке берiледi.

5. Конкурсқа қатысуға өтiнiмнiң нысаны басылуы немесе өшiрiлмейтiн сиямен жазылуы және оған әлеуеттi өнiм берушi қол қоюы, әлеуеттi өнiм берушiнiң мөрiмен бекiтiлуi (жеке тұлға үшiн ондай бар болса) тиiс.

6. Конкурстық өтiнiмде әлеуеттi өнiм берушiнiң грамматикалық немесе арифметикалық қателердi түзетуi қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай өндiрме, өшiрiлген сөздер немесе толықтырулар болмауы тиiс.

7. Әлеуеттi өнiм берушi конкурсқа қатысуға өтiнiмдi конвертке желiмдейдi, оның беткi жағында әлеуеттi өнiм берушiнiң толық атауы мен почталық мекен-жайы (егер ол "кешiктi" деп жарияланса, конкурсқа қатысуға өтiнiмдi ашпаған күйiнде қайтару мақсатында), мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен почталық мекен-жайы, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың дәл атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтiн көрсетiлуге тиiс: «ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР ЖОБАЛАРЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ҚЫЗМЕТТЕР» ҚЫЗМЕТІ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ЖӨНIНДЕГI КОНКУРС және "2015 ЖЫЛҒЫ 15 МАУСЫМ САҒАТ 15.00-ГЕ ДЕЙIН АШПАҢЫЗ"
Конкурсқа қатысуға өтiнiмдi беру тәртiбi
8. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi әлеуеттi өнiм берушiлер не олардың уәкiлеттi өкiлдерi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға қолма-қол немесе мекен-жайы бойынша тапсырысты почталық байланысты пайдалана отырып 2015 ЖЫЛДЫҢ 15 МАУСЫМ САҒАТ 15.00-ГЕ дейін мына мекен-жайға береді: Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, н/ж, «Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы» ММ-сі (облыс әкімі аппаратының ғимараты), №315 бөлме, Айтқұлов Олжас Сабырұлы - конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қабылдау мен тiркеуге жауапты қызметкер.

9. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық өтiнiмдердi берудiң соңғы мерзiмi бiткеннен кейiн алған барлық конкурстық өтiнiмдер ашылмайды және конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттерде көрсетiлген деректемелер бойынша оларды ұсынған әлеуеттi өнiм берушiлерге не алғаны туралы қолхатпен әлеуеттi өнiм берушiлердiң тиiстi уәкiлеттi өкiлдерiне жеке өздерiне қайтарылады.

10. Әлеуеттi өнiм берушiлер немесе олардың уәкiлеттi өкiлдерi ұсынған конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының жауапты адамы ал тапсырыс берушi және мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы бiр тараптан әрекет еткен жағдайларда конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдау күнi мен уақытын көрсете отырып, тиiстi журналға тiркейдi.
       11. Осы конкурстық құжаттамада көзделген конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi ресiмдеуге қойылатын талаптары бұзылған конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттер қабылданбайды және тiркелмейдi.
Конкурстық өтiнiмдердi өзгерту және оларды қайтарып алу
12. Әлеуеттi өнiм берушi өзiнiң конкурсқа қатысуға өтiнiмiн конкурстық өтiнiмдердi берудiң соңғы мерзiмi бiткенге дейiн өзi енгiзген қамтамасыз етудi қайтарып алу құқығын жоғалтпастан, өзiнiң конкурсқа қатысуға өтiнiмiн өзгертуi немесе қайтарып алуы мүмкiн. Өзгерiс енгiзу конкурсқа қатысуға өтiнiмнiң өзi сияқты дайындалуы, желiмделуi және ұсынылуы тиiс.

Конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қайтарып алу туралы хабарлама, әлеуеттi өнiм берушi заңды тұлға болып табылған жағдайда әлеуеттi өнiм берушi қол қойған және мөрiмен бекiтiлген сатып алуды ұйымдастырушының атына еркiн түрде жазылған өтiнiш түрiнде ресiмделедi.

Конкурсқа қатысуға өтiнiмге өзгерiс енгiзу не конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қайтарып алу, егер оларды мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi берудiң түпкiлiктi мерзiмi аяқталғанға дейiн алған болса, жарамды болып табылады.

13. Конкурсқа қатысуға өтiнiм салынған конверттi ұсынудың түпкiлiктi мерзiмi аяқталғаннан кейiн конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қайтарып алу сияқты, оларға өзгерiстер мен (немесе) толықтырулар енгiзуге жол берiлмейдi.

14. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада белгiленген конкурсқа қатысуға өтiнiмдердiң қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн он күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей нақты уақыт кезеңiне арналған өтiнiмнiң қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы әлеуеттi өнiм берушiлердiң сұрау салуын жасауға құқылы. Әлеуеттi өнiм берушi мыналарды жоғалтпастан мұндай сұрау салудан бас тартуға құқылы:

- оның конкурсқа қатысуға өтiнiмiнiң мерзiмi iшiнде конкурс тәсiлiмен жүргiзiлетiн мемлекеттiк сатып алуға қатысу.

15. Әлеуеттi өнiм берушi конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға оның қатысуымен байланысты барлық шығыстарды көтередi. Тапсырыс берушi, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, сараптама комиссиясы, сарапшы конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың нәтижелерiне қарамастан, осы шығыстарды өтеу жөнiндегi мiндеттемелердi көтермейдi.


4. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi конкурстық комиссияның ашуы
1. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттерді ашуды 2015 жылғы 15 маусым сағат 15.00-де Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі н/ж, «Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы» ММ-сі (облыс әкімі аппаратының ғимараты), № 315 бөлмеде барлық әлеуеттi өнiм берушiлердiң немесе олардың уәкiлеттi өкiлдерiнiң қатысуымен конкурстық комиссия жүргiзедi.

Конкурстық өтiнiмдердi берудiң соңғы мерзiмi мен конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашу арасындағы кезең екi сағаттан аспауға тиiс.

Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының хабарландыруында (хабарламасында) және осы конкурстық құжаттамада белгiленген мерзiмде және тәртiппен ұсынылған әлеуеттi өнiм берушiлердiң өтiнiмдер салынған конверттер ашылуға жатады.

Егер конкурсқа (лотқа) конкурсқа қатысуға арналған бiр ғана өтiнiм ұсынылса, онда конкурсқа қатысуға арналған осы өтiнiм де ашылады.

2. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашу рәсiмiне қатысып отырған әлеуеттi өнiм берушiлердiң уәкiлеттi өкiлдерi өздерiнiң қатысуын растай отырып, олардың өкiлеттiктерiн растайтын құжаттарды көрсетуге және 2015 жылғы 15 маусым сағат 15.00-ға дейін Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, н/ж, «Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы» ММ-сі (облыс әкімі аппаратының ғимараты), № 315 бөлмеде әлеуеттi өнiм берушiлердi тiркеу журналына тiркелуге тиiс.

Әлеуеттi өнiм берушiлер мен олардың уәкiлеттi өкiлдерi конкурстық комиссияға конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашу рәсiмiн жазу үшiн пайдалануға ниет етiп отырған аудио және бейне жазбаның техникалық құралдары туралы хабардар етуге тиiс.

3. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашу жөнiндегi конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырған әлеуеттi өнiм берушiлердiң және оның уәкiлеттi өкiлдерiнiң мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының уәкiлеттi өкiлiнiң, конкурстық комиссияның, конкурстық комиссия хатшысының қызметiне араласуына жол берiлмейдi.

4. Конкурстық комиссияның көрсетiлген отырысында:

1) осы конкурстық құжаттамада ол туралы мәлiметтер көрсетiлген мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының уәкiлеттi өкiлi ал тапсырыс берушi және мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы бiр тараптан әрекет еткен жағдайларда конкурстық комиссияның хатшысы қатысушыларды мыналар туралы хабардар етедi:

конкурстық комиссияның құрамы, конкурстық комиссияның хатшысы туралы;

конкурстық құжаттаманың көшiрмесiн алған әлеуеттi өнiм берушiлердiң саны;

әлеуеттi өнiм берушiлердiң бар немесе жоқ екендiгi, сондай-ақ мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру жөнiндегi әлеуеттi өнiм берушiлермен кездесу өткiзгенi;

конкурстық құжаттамаға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу фактiсiнiң бар немесе жоқ екендiгi, сондай-ақ себептерi;

тиiстi тiркеу журналына тiркелген конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi белгiленген мерзiмде ұсынған әлеуеттi өнiм берушiлер;

2) конкурстық комиссияның өкiлi не конкурстық комиссия мүшелерiнiң қатарынан төраға белгiлеген тұлға:

конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашады және өтiнiмде қамтылған құжаттардың тiзбесiн және олардың қысқаша мазмұнын жария етедi;

3) конкурстық комиссияның хатшысы:

тиiстi конверттердi ашу хаттамасын ресiмдейдi;

әлеуеттi өнiм берушiнiң уәкiлеттi өкiлдерiн конкурстық комиссия отырысының көрсетiлген хаттамасының көшiрмесiн ала алатын мерзiм туралы хабардар етедi.

Конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашу жөнiндегi конкурстық комиссия отырысының хаттамасына конкурстық комиссияның отырысқа қатысып отырған барлық мүшелерi, оның төрағасы, оның орынбасары, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы әр бетiне қол қояды.

Конкурстық комиссияның көрсетiлген отырысы хаттамасының көшiрмесiн конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашу жөнiндегi конкурстық комиссияның отырысына қатысқан әлеуеттi өнiм берушiлерге немесе олардың уәкiлеттi өкiлiне конкурстық комиссияның көрсетiлген отырысы өткiзiлген күннен кейiнгi екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей, ал қатыспағандарға - олардың жазбаша сұрауы бойынша сұрау алынған күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей ұсынылады.
5. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысуға өтiнiмдердi олардың конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестiгi мәнiне конкурстық комиссияның қарауы және әлеуеттi өнiм берушiлердi конкурсқа қатысуға жiберу
1. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қарауды конкурсқа қатысуға үмiткер әлеуеттi өнiм берушiлердiң арасынан бiлiктiлiк талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетiн әлеуеттi өнiм берушiлердi анықтау және оларды конкурсқа қатысушы деп тану мақсатында конкурстық комиссия жүзеге асырады.

2. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қарау кезiнде конкурстық комиссия:

1) конкурсқа қатысуға үмiткер әлеуеттi өнiм берушiлерден конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңiлдету үшiн олардың өтiнiмдерiне байланысты материалдар мен түсiндiрулердi жазбаша нысанда сұратуға;

2) конкурсқа қатысуға өтiнiмдерде қамтылған мәлiметтердi нақтылау мақсатында тиiстi мемлекеттiк органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажеттi ақпаратты жазбаша нысанда сұратуға құқылы.

Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтiруге байланысты сұратулары мен өзге де әрекеттерiне жол берiлмейдi. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтiру деп конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтiнiмдi жеткiлiксiз құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтiнiмде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиiсiнше ресiмделмеген құжаттарды сәйкес келтiруге бағытталған әрекеттерi түсiнiледi.

Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтiнiмдi, егер онда ұсынылған өтiнiмнiң мәнiн қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап беретiн деп қарайды.

3. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру бойынша көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізу бойынша конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде комиссия төраға белгілеген мерзімдерде, бірақ конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау мерзімінен кешіктірмей:

1) өз құзыретi шегiнде, олар ұсынатын қызметтердiң конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестiгiн растау үшiн әлеуеттi өнiм берушiлер ұсынған құжаттардың толықтығы және тиесiлi ресiмделуi тұрғысынан қарайды.


      Комиссия мүшелері әлеуеттi өнiм берушiлер ұсынатын қызметтердiң конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестiгi тұрғысынан қорытынды бередi және осы Ереженің 305-3-тармағында көзделген критерийлер бойынша бағалау жүргізеді;

2) комиссия әрбір техникалық ерекшелік жөнінде әрбір көзделген критерий бойынша 0-ден 5-ке дейін балдарды көрсете отырып, бағалау парағын жасайды.

Әрбір техникалық ерекшелікті зерделеу нәтижелері бойынша әрбір жобалық ұсыныс жөнінде комиссия әрбір критерий бойынша бағалау парағына балл қойып шығады;

3) әлеуеттi өнiм берушiлер ұсынатын қызметтердiң конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлiгi болып табылатын техникалық ерекшелiкке сәйкестiгi не сәйкес еместігі туралы қорытындыны ресiмдейдi және оған қол қояды;

4) тиесiлi түрде ресiмделген қорытындыны ұсынады, сондай-ақ әлеуеттi өнiм берушiлердiң құжаттарын конкурстық комиссияның хатшысына бередi.

5) конкурстық комиссия аталған қорытындыны ескере отырып, конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қарау қорытындыларын шығарады.

Комиссияның әрбір мүшесінің барлық критерийлер бойынша қойған баллдары жинақталады және алынған сома жобалық ұсыныстың бағасы болып саналады.

Конкурстық комиссияның жобалық ұсынысқа қорытынды бағалары (баллдары) кемуі тәртібімен жалпы тізімге енгізіледі.

Конкурстық комисияның шешімімен ең көп балл санын (кемінде 28) жинаған жобалық ұсынысты немесе ең жоғары баллдың бірдей санын (кемінде 28) жинаған жобалық өтінімдер конкурстың баға ұсыныстары кезеңіне дейін жіберіледі;

28 баллдан кем жинаған жобалық ұсыныс конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

Конкурстық комиссияның шешімімен ең көп балл санын жинаған жобалық ұсыныс немесе ең жоғары баллдың бірдей санын жинаған жобалық өтінімдер конкурстың баға ұсыныстары кезеңіне жіберіледі;

6) егер баға ұсыныстары конкурсына бір өтінім жіберілген жағдайда, конкурс өтті деп танылады және өтінімді одан әрі қарау Ережеге сәйкес жүзеге асырылады;

7) егер баға ұсыныстары конкурсына тең балл санын жинаған бірнеше өтінім жіберілген жағдайда, конкурс жеңімпазы деп ең төмен баға ұсынысын ұсынған әлеуетті өнім беруші танылады.

Ұсынылған баға ұсыныстары тең болған жағдайда, осы конкурста сатып алынатын қызметтер көрсету саласында ең көп жұмыс тәжірибесі бар әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады;

8) конкурс қорытындылары туралы хаттаманы ресімдейді.

Әлеуеттi өнiм берушiлер ұсынатын қызметтердiң конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестiгi тұрғысынан қарау үшін сарапшы (сарапшылар) тартылған жағдайда, жоғарыда тізбеленген іс-қимылдарды сараптау комиссиясы (сарапшы) жүргізеді.

4. Конкурсқа қатысуға үмiткер әлеуеттi өнiм берушi, егер:

1) ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 6-бабының талаптарын бұзса;

2) конкурсқа қатысуға арналған оның өтiнiмi конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес емес деп айқындалса, конкурсқа қатысуға жiберiлмейдi (конкурсқа қатысушы болып танылмайды).

Егер әлеуеттi өнiм берушi осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген негiздемелер бойынша конкурсқа қатысуға жiберiлмесе, онда:

конкурсқа қатысуға жiберу туралы хаттамада осындай әлеуеттi өнiм берушiнiң конкурсқа қатысуға өтiнiмiн кейiнге қалдыру негiздемесi көрсетiледi;

Заңның 6-бабының талаптарын бұзған әлеуеттi өнiм берушi туралы мәлiметтер белгiленген тәртiппен мемлекеттiк сатып алудың жосықсыз қатысушыларының тiзiлiмiне енгiзiлуге жатады.

5. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қарау нәтижелерi бойынша конкурстық комиссия:

1) бiлiктiлiк талаптарына және конкурсқа қатысуға жiберiлетiн (конкурсқа қатысушылар) конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетiн әлеуеттi өнiм берушiлердi айқындайды;

2) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы ресiмдейдi және конкурсқа қатысуға жiберiлген әлеуеттi өнiм берушiлердiң (конкурсқа қатысушылардың) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық баға ұсыныстарын беру күнiн, уақытын, орнын белгiлейдi.

6. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға отырысқа қатысқан барлық мүшелерi, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды.

Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған күннен кейiнгi бiр жұмыс күнi iшiнде көрсетiлген хаттаманың көшiрмесiн конкурсқа қатысуға өтiнiм берген барлық әлеуеттi өнiм берушiлерге бередi немесе жiбередi, сондай-ақ қол қойылған хаттаманың мәтiнiн тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсына орналастырады. Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға жiберу туралы шешiмi ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 45-бабында белгiленген тәртiппен шағымдалуы мүмкiн.



  1   2   3   4


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет