Қызылорда облыстық мәслихатының 2011 жылғы 23 желтоқсандағы №343



жүктеу 4.19 Mb.
бет1/28
Дата17.04.2016
өлшемі4.19 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
: blog
blog -> Ақсу қаласы гимназиясының тарих пәні мұғалімі Альдекенова Анар Толыбайқызы Тест
blog -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі павлодар облысы білім беру басқармасы дарынды балаларға арналған абай атындағЫ
blog -> Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина
blog -> Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина
blog -> Шығыс Қазақстан облысы әкімі Д. К. Ахметовтың есебінің тезисіне тұрғындардың сұрақтары, ескертпелері мен ұсыныстарды жинау үшін қойылған жәшіктердің орналасқан жерлері
blog -> «МӘШҺҰр-жұсіп: Өмірдің философиялық МӘНІ, ізденістері» атты оқушылар арасындағы интеллектуалдық сайысының ережесі негіздеме
blog -> Қазақ тілі (орыс тілінде оқытылатын мектептер) 8-9- сыныптар I тур
blog -> Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
blog -> Іі турға Жатқа оқу 6-сынып
blog -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Тәуекел хан Пән мұғалімі: Ибраева Б. Ш


Қызылорда облыстық мәслихатының

2011 жылғы 23 желтоқсандағы № 343

кезектен тыс IIL шешімімен бекітілген
Қызылорда облысының

2011-2015 жылдарға арналған

даму бағдарламасы

Мазмұны



1.

Бағдарлама төлқұжаты

2.

Ағымдық ахуалды талдау

2.1

Қызылорда облысының жағымды және жағымсыз жақтарын бағалау, олардың Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына ықпалы

2.2

Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау

2.3

Қызылорда облысының орта мерзімді қамтитын болашақтағы тұрақты әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктері мен бәсекелестік басымдығына кедергі болатын негізгі қиындықтары, тәуекелділіктеріне кешенді сипаттама

2.4

Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеумен айналысатын қолданыстағы саясатын талдау

3.

Өңір дамуын ың көрінісі

4.

Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсаттық индикаторлар мен нәтиже көрсеткіштері. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу жолдары және іске асырылу мерзімдері.




1 Бағыт: Өңір экономикасын дамыту




2 Бағыт: Әлеуметтік даму




3 Бағыт: Өңірдің инфрақұрылымдық кешенін дамыту




4 Бағыт: Аумақтық (кеңістіктік) құрылғысын дамыту




5 Бағыт: Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару жүйесін дамыту

5.

Қажетті ресурстар

6.

Бағдарламаны басқару

1. Бағдарлама төлқұжаты




Бағдарлама атауы

Қызылорда облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы

Оны дайындауға

негіздеме



Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылдың 18 маусымындағы «Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» №827 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылдың 1 ақпанындағы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспары туралы» № 922 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы «Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған жеделдетілген индустриалды-инновациялық дамуы бойынша мемлекеттік бағдарламасы және Қазақстан Республикасы Президентінің бірқатар Жарлықтарының күші жойылуы туралы» № 958 Жарлығы

Өңірдің негізгі сипаттамасы

Қызылорда облысының аумағы 226,0 мың шаршы шақырым немесе республика аумағының 8,3% алып жатыр, Тұран ойпатының кең байтақ жазықтау жерлеріне орналасқан, Шығысында Қаратау сілемдері, Солтүстік-батысында Қарақұм, ал оңтүстік – батысында Қызылқұммен шектеседі.

Облыста 7 аудан, 3 қала және 263 ауылдық елді мекен бар.

Облыс халқы 698,3 мың адамды құрайды, халықтың орналасу тығыздығы әр 1 шаршы шақырымға 3,07 адамнан келеді.

Әкімшілік орталығы Қызылорда қаласы болып табылады.



Бағыттары

Өңір экономикасын дамыту;

Әлеуметтік даму;

Өңірдің инфроқұрылымдық кешенін дамыту;

Аумақтық (кеңістіктік) құрылғыны дамыту;

Мемлекеттік жергілікті басқару мен өзін-өзі басқаруды дамыту


Бағдарлама

мақсаттары



Өңірдің өңдеуші салаларының бәсекеге қабілеттілікке мамандануын, қосымша құны жоғары дайын өнімдерді сыртқы нарыққа экспорттауды, инновациялық кәсіпкерлік үшін қолайлы жағдай жасауды қамтамасыз етуді қалыптастыру;

Мұнай-газ саласының тиімділігін арттыру жолымен аймақ экономикасының тұрақтылығы мен теңгерімділігін қамтамасыз ету;

Құрылыс индустриясы мен құрылыс материалдары өндірісін дамыту;

Өндіріс көлемін одан әрі дамыту және ұлғайту үшін жағдай жасау;

Өңірдің өңдеуші өнеркәсібінде машинажасау үлесін ұлғайту;

Қосымша құны жоғары металлургиялық өнімдер шығару;

Өңірдің өңдеу саласында жеңіл өнеркәсіп үлесін ұлғайту;

Ішкі нарық қажеттілігін қанағаттандыру үшін жеткілікті көлемде ауылшаруашылық өнімдерін тиімді өндіру негізінде облыстың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

Қызылорда облысындағы туристік секторды дамыту;

Шағын және орта кәсіпкерліктің тиімді қызметін қамтамасыз ететін нарықтық инфрақұрылымды дамыту;

Еркін бәсекелестікті дамыту және тауарлар мен қызмет нарқына тең қатынасты қамтамасыз ету жолымен бизнестің экономикалық белсенділігін өсіру үшін қолайлы орта қалыптастыру;

Жалпы өңірлік өнім құрылымында сауда саласының үлесін ұлғайту;

Медициналық көмектің тиімді жүйесін қалыптастыру;

Білім беру сапасын, қолжетімділігін жақсарту және балалар құқығы мен заңды мүдделерін қорғау жүйесінің тиімділігін жоғарылату;

Мемлекеттік жастар саясатының тиімділігін жоғарылату;

Облыстың мәдениет, өнер саласының инфрақұрылымын және одан әрі танымалдығын дамыту;

Бұқаралық спорт пен дене шынықтыру-сауықтыру қозғалыстарын дамыту;

Қызылорда облысы халқының әл-ауқаты мен тұрмыс сапасын жоғарылату;

Кедейшілiк деңгейiн төмендетуге ықпал жасау; Мүгедектерді сауықтыруға жәрдемдесу, олардың қоғамдағы жан-жақты ықпалдастығы үшін тең мүмкіндіктер ұсыну және мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде арнаулы әлеуметтік қызметтердің тиімділігін қамтамасыз ету;

Құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, оның ішінде көшеде және басқа да қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесін дамыту;

Қызылорда облысында мемлекеттік тіл саясатын тиімді іске асыру, халықты біріктіруші фактор ретінде толерантты тіл ортасын қалыптастыру;

Азаматтық қорғаныс жүйесін дамыту, табиғи немесе техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда Азаматтық Қорғаныс және Төтенше Жағдай қалыптастыру дайындығы деңгейін жоғарылату;

Өңірлік тұрғын үй құрылысы мен инженерлiк - коммуникациялық инфрақұрылымның дамытылуы;

Мемлекеттік органдардың мемлекеттік саясатты іске асыруға бағытталған қызметтерін үйлестіруді жақсарту, өңірдің бәсекеге қабілеттілігін және халықтың өмір сүру деңгейін жоғарылатуды қамтамасыз ету үшін жергілікті өзін-өзі басқару құрылымын дамыту, оның ішінде «электронды үкімет» құралын қолдану арқылы;

Қызылорда облысының дамыған көлік инфрақұрылымын қалыптастыру;

Экономикаға қажетті электр қуатымен қамтамасыз ету;

Тұтынушыларды тиісті сападағы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету, тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің жұмыс істеу сенімділігі және тұрғынүй коммуналдық шаруашылық қызметінің тиімділігін арттыру;

Тұрақты экологиялық ахуалды қамтамасыз ету, табиғи кешеннің қайта өндіру әлеуетін сақтау және қоғамның өмір тіршілігі үшін қолайлы қоршаған орта сапасын жақсарту;

Қызылорда облысының әкімшілік-аумақтық құрылысын оңтайлы көгалдандыру және жетілдіруді қамтамасыз ету жолымен өмір сүру үшін қолайлы жағдай қалыптастыру, сол аумақтарға халықты шоғырландыру, елді мекендердің санитарлық және эстетикалық ахуалын жақсарту;

Ауылдық жерлердің тұрақты даму негіздерін жасау, ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін одан әрі жоғарылатуды қамтамасыз ету;

Мемлекеттік органдардың мемлекеттік саясатты іске асыруға бағытталған қызметтерін үйлестіруді жақсарту;

Өңірдің бәсекеге қабілеттілігін және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін жергілікті өзін-өзі басқару құрылымын дамыту;

Ұлттар бірлігін қамтамасыз ету және қазақстандық отаншылдықты нығайту;

Азаматтық қоғам институттарымен өзара әрекеттестікті жетілдіру жолымен мемлекеттілігімізді нығайту;

Өңірдегі бұқаралық ақпарат құралдары (Одан әрі –БАҚ) арқылы мемлекеттік ақпараттандыру саясатын кеңейту және жоғарылату;

Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін енгізуді, облыстық бюджеттің дер кезінде әрі толық орындалуын, коммуналдық меншікті тиімді басқаруды қамтамасыз ету;

Өңірдің мұрағат қорын дамыту, халыққа ұсыну және ақпараттық әлеуетінің сақталуын қамтамасыз ету


Міндеттері

Жалпы Өңірлік Өнімнің (Одан әрі -ЖӨӨ) тұрақты өсуін және инфляциялық процестердің тұрақтануын қамтамасыз ету;

Экономиканың өңдеу саласын дамыту;

Инвестициялық қолайлы ахуал құру, ынтымақтастықты нығайту және дамыту, қаржы салу үшін жағдай жасау;

Отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату, өндірісті жетілдіру және әртараптандыру;

Облыстың инвестициялық жобаларында және тауар, жұмыс және қызмет түрлерін сатып алуда Қазақстандық және жергілікті мазмұн үлесін ұлғайту;

Көмірсутекті шикізат өндірудің теңгерімді өсуін қамтамасыз ету;

Ішкі нарықты құрылыс индустриясы саласының негізгі түрлерімен қамтамасыз ету;

Құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкциялар шығару бойынша өндірістік қуаттылықты жасау және дамыту;

Химия өнеркәсібінің бәсекеге қабілетті басымдықтарын дамыту;

Машина жасау өнімдерінің жалпы көлемін ұлғайту;

Металлургиялық өнімнің жалпы көлемін ұлғайту;

Ішкі нарықты жеңіл өнеркәсіп өнімдерімен толықтыру;

Агроөнеркәсіп кешені (Одан әрі -АӨК) өнімдері өндірісін тұрақты өсіру есебінен облыстың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

Бәсекеге қабілетті өнімдер шығару және эспорттық қарымды ұлғайту;

Туристік қызметтің дамуын қамтамасыз ету;

Туристік имиджді қалыптастыру және ұсынылатын қызмет сапасын жоғарылату;

Шағын және орта кәсіпкерліктің динамикалық дамуын қамтамасыз ету;

Кешендік шараларды қамтамасыз етуді жүзеге асыруда мемлекеттік-жеке серіктестік құрылымдарының рөлі мен маңызын арттыру;

Шағын және орта кәсіпкерліктің инновациялық, өндірістік және өңірлік экономикасының басқа салаларында тұрақты дамытылуын қамтамасыз ету;

Ішкі сауда тиімділігін жоғарылату, сауда инфрақұрылымын жетілдіру арқылы сауда саласындағы еңбек өнімділігін жоғарылату;

Қызылордалық өнімдерді экспорттауды дамыту және алға басуына ықпал ету;

Балалар мен әйелдер денсаулығын нығайту;

Әлеуметтік мәні бар ауру зардаптарын төмендету;

Салауатты өмір салтын дамыту;

Бірыңғай Ұлттық денсаулық сақтау жүйесіндегі медициналық көмектің қол жетімділігі мен сапасын жоғарылату;

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің жаңа үлгісін енгізу;

Медициналық ұйымдарды білікті мамандармен қамтамасыз ету;

Мектепке дейінгі ұйымдар санын көбейту және мектепке дейінгі білім беруде ұсынылатын қызмет сапасын жақсарту;

Мектепте білім беру қызметінің сапасын жоғарылату;

Электронды оқу жүйесін енгізуге қажетті жағдайлар жасау;

Педагогикалық мамандар кәсібилігін және мұғалім мамандығының беделін жоғарылату;

Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуға қолжетімділігін қамтамасыз ету;

Әлеуметтік жетімдердің жүгенсіздігімен қараусыздығының алдын алу және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетімдерге арналған мекеме тәрбиеленушілерін отбасылық орналастыру іс-қимылдарын жүргізу;

Бәсекеге қабілетті мамандарды сапалы дайындау үшін жағдай жасау;

Жас буынның отансүйгiштiк сезiмін, азаматтық жауапкершілiгін, белсендi қоғамдық ұстанымын жоғарылатуға бағытталған өзара әрекеттестіктің тиімді үлгілерін жасау;

Мәдениет ұйымдары жүйесін дамыту, облыс халқының барлық санаттары үшін отандық және шетел мәдени мұрасы мен мәдени құндылықтарының тең қол жетімділігін қамтамасыз ету;

Бұқара спорт пен дене шынықтыру-сауықтыру қозғалысын дамыту;

Облыс спортының жоғары жетістіктерге жетуіне жағдай жасау;

Тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету және ықпал жасау;

Халық кірісін жоғарылату;

Арнайы әлеуметтiк қызмет түрлерiнiң мемлекеттiк стандарттарын енгiзу;

Мүгедектерге әлеуметтік қолдау көрсету;

Мүгедектер мен ардагерлердің Үкіметтік емес ұйымдарының (Одан әрі-ҮЕҰ) тұрақты дамуға ықпал жасау және олардың әлеуметтік бағдарламаларды дамытуға қатысуын кеңейту;

Қоғамдық тәртіпті нығайту және азаматтардың өмірі, денсаулығы, құқығы мен бостандық қауіпсіздігін қажетті деңгейде қолдау;

Жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

Қылмыскерлердi iздестiру және оларға қарсы күрестің тиімділігін жоғарылату, нашақорлыққа және есiрткiге қарсы күрес;

Мемлекттік тілдің әлеуметтiк-коммуникативтік және топтастырушылық қызметтерін кеңейту;

Ағылшын тiлінің зерттелуі үшін жағдай жасау және облыста саналуан тілдерді сақтау;

Техногенді апаттар мен төтенше жағдайлар салдарынан болатын шығындарды азайту бойынша шаралар қабылдау;

Тұрғынқұрылысжинақтау, арендалық (коммуналдық) тұрғын үй (мың ш.м.2) жүйе бойынша несиеге берілетін үйлер құрылысын жүргізу;

Халыққа қызмет көрсету процестерін жетілдіру;

Мемлекеттік қызмет сапасын жоғарылату;

Техникалық жарақтандыру деңгейін жоғарылату;

Компьютерлік сауаттылық деңгейін жоғарылату;

Әкімшіліктің ақпараттық база деңгейін 100% -ға дейін жоғарылату;

Телекоммуникация жәже почта байланысын дамыту;

Әкімшілік бастамаларын кеңінен насихаттау;

Жол инфрақұрылымын дамыту;

Көлік қызметін дамыту;

Облыстың энергетикалық саласын дамыту;

Қуаттың жаңартылған көздерін пайдалануды дамыту;

Қуат сыйымдылығын төмендету және қуат тиімділігін жоғарылату;

Коммуналдық жүйені жетілдіру және дамыту;

Үйлерді нормативке сәйкес пайдаланудың кондоминиум обьектілерін дербес қамтамасыз ету;

Экожүйені сақтау және қайта қалпына келтіруге жағдай жасау;

Орман және орман өндірісін өсіру;

Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жасау;

Ауыл халқына әлеуметтік қызмет көрсету сапасы мен қолжетімділігін жоғарылату;

Ауылдағы әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды жетілдіру;

Ауылға білікті мамандарды тарту және табыстарын жоғарылату;

Жергілікті атқарушы билік қызметінің тиімділігін жоғарылату;

Облыстық мәслихат аппараты мен оның органдары қызметкерлерінің жұмыс жағдайы және кәсіби деңгейін жақсарту;

Аймақта гендерлік теңдікті нығайту;

Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту;

Этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтау әрі нығайту;

Азаматтық қоғам институттарының елдің стратегиялық дамуына қатысуын кеңейту;

Баспа және электронды Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу;

Мүмкіндігі шектеулі жандардың ақпарат алу қажеттіліктерін қанағаттандыру;

Қоғаммен байланыс орнатуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру;

Облыстың және оның аймақтарының экономикасының сапалы әрі тұрақты өсуін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды үйлестіру;

Жергілікті бюджет түсімінің орындалу мониторингі;

Мемлекеттік меншікті басқару жүйесінің тиімділігін жоғарылату;

Құжаттар сақтаудың тұтас циклін қамтамасыз ететін мұрағаттық мекемелер желісін дамыту;

Мұрағаттық мекемелердің материалдық-техникалық базасын жасау, заманауи мұрағат технологияларын енгізу



Іске асырылу мерзімдері
Мақсаттық

индикаторлар


2011-2015 жылдар


2015 жылы ЖӨӨ, ӨНКИ өткен жылға қатысы 101,7% -ды құрайды.

2015 жылы ЖӨӨ 2009 жылға қатысты өсімі - 102,4%

2015 жылы ЖӨӨ құрылымындағы өңдеуші өнеркәсіп үлесі 3,3% - ды құрайды.

2015 жылы өнеркәсіпке салынатын инвестиция көлемі 110,3 млрд. теңге (2009 жылы 108,28 млрд. теңге);

2015 жылы инновациялық белсенді кәсіпорындар үлесі - 6,7%;

2015 жылы мұнай және конденсаттар өндіру көлемі – 98,0%;

2015 жылы газ өндіру көлемінің қарқыны 100,0%-ды құрайды;

2015 жылы құрылыс материалдары өндірісі 7878 млн. теңгеге жетеді;

2015 жылы химиялық өнімдердің жалпы өндірісі 1600 млн. теңгені құрайды (2009 жылы – 32,0 млн. теңге);

2015 жылы машинажасау саласының жалпы қосымша құнының өсуі 117,2% құрайды;

2015 жылы металлургия саласының ЖҚҚ-ның өсуі 2009 жылға қарағанда 256,1%-ды құрайды;

2015 жылы ішкі нарық тұтынысының жеңіл өнеркәсіп өнімдерімен қанағаттандыру 1,25%-ды құрайды (Республика көлемінде);

2015 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімдері көлемін 77,4 млрд. теңгеге жеткізу (2009 ж – 38,2 млрд. теңге);

2015 жылы ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігін 2 есеге ұлғайту (2009 ж 585,3 мың теңге);

2015 жылы аграрлық саланың экспорттық қарымын экспорттың жалпы көлемінде 0,49%- ға ұлғайту (2009 ж – 0,06%);

2015 жылға қарай етті қайта өңдеу үлесін 7%-ға, (2009ж. – 10,4%), сүтті – 7 %-ға (6,0%), жеміс-жидектер мен көкөністі 4%-ға (0,2%) жоғарылату;

АӨК жалпы қосымша құнын 2015 жылы 14,7 %-дан кем емес көрсеткішке ұлғайту (2009 ж. 8,2%);

2015 жылы туристік қызмет ұсынатын ұйымдардың жиынтық табысын 67%-ға ұлғайту;

2015 жылы ЖӨӨ құрылымындағы шағын және орта бизнес үлесі 25 %-ды құрайды;

Бизнесті жүргізу және тіркеумен байланысты орындалу шығындарының төмендеуі (лицензиялар, сертификаттар, консультациялар алудың рұқсаттары) уақыт пен шығынды қосқанда 2011ж. 30%-ға 2015ж. 30%-ға төмендейді,

2015 жылы сауда ӨНКИ алдыңғы жылға қатысы 109,5% құрайды;

2015 жылы халықтың өмір сүру ұзақтығы 69 жасты құрайды;

2015 жылы 1000 адамға шаққанда жалпы өлім 5,9%-ды құрайды;

2015 жылы 100000 тірі туғандарға шаққанда ана өлімі 41-ден келеді;

2015 жылы 1000 тірі туғанға бала өлімі 17,5-тен келеді;

2015 жылы мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбилеу мен оқыту және қамту 70% (2009 ж-32,5% );

2015 жылы мектепке дейінгі ұйымдары жоқ елді мекендер үлесі - 20 %

2015 жылы 12 жылдық білім беру (1,5,11 сыныптар) бағдарламасы бойынша жұмыс жасайтын мектептер үлесі - 37%;

2015 жылы жаратылыстану-математикалық бағыттағы мектептер үлесі кәсіби мектептердің жалпы санының 15 %-ын құрайды (2009 жылы – 2%);

Орта және техникалық-кәсіби білім беру (Одан әрі – ОТКББ) ұйымдарында электронды оқыту жүйесі 2015 жылы 22,2%-ды қамтитын болады;

2015 жылы жоғары және бірінші санатты білікті педагогикалық қызметкерлер үлесі мұғалімдердің жалпы санының 46,5% -ын құрайды (2009 жылы – 16,4% );

2015 жылы инклюзивті білім үшін жағдай жасалған білім ұйымдарының үлесі олардың жалпы санына шаққанда 2,5% -ды құрайды (2009 жылы - 5,5%);

2015 жылы жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасылық қамсыздандыру үлесі - 8% (2009 жылы-7,5%);

2015 жылы ТжКБ оқу орындарын бітірушілерді бір жыл ішінде еңбекпен қамту үлесі 78%-ды құрайды (2009 жылы - 25%);

2015 жылы жастар арасындағы отан сүйгіштік деңгейі – 79% құрайды;

2015 жылы 14 жас пен 29 жас аралығындағы жастарға қатысты мемлекеттік саясатқа қанағаттанушылық деңгейі - 7,2% (2009жылы -7%);

2015 жылы жастар ұйымдарының қызметіне қатысушы жастар үлесі - 24%, (2009 жылы -22%);

2015 жылы мемлекеттік жастар саясатын жергілікті деңгейде іске асыруға қатысатын жастар ұйымдарының үлесі - 56%;

2015 жылы дене шынықтыру және спортпен айналысатын халық үлесінің ұлғаюы - 24,6 % (2009 жылы-14,4%);

2015 жылы жұмыссыздық деңгейі 5,5 пайыздан аспайды.

Өмір сүру деңгейінен төмен табыс табатын халық үлесі облыс бойынша халықтың жалпы санына шаққанда 8,7 %-ға дейін төмендейді;

2015 жылы стационарлық жағдайда қызмет көрсетілетін тұлғалар үлесі - 22,4%;

2015 жылы азаматтардың құқық қорғау органдарына сенім арту деңгейі - 77% (2010 жылы - 60%);

Мемлекеттік тілді меңгерген облыс халқының үлесі 2013 жылы 93%, ал 2015 жылы бұл көрсеткіш 97 %-ды құрайды (2009 ж- 90 %);

Мемлекеттік, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген облыс халқының үлесі 2013 жылы - 4%, ал 2015 жылы - 5% (2009 ж- 2,5%);

Халықтың табиғи және техногенді және төтенше жағдайда қорғалу деңгейі 2015 жылы 60% -ды құрайды (2009ж – 25%);

2015 жылы төтенше жағдайдан құтқарылған адамдар санының ұлғаюы- 30%

2015 жылы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан болатын экономикалық шығындар үлесі - 75%;

2015 жылы барлық қаржыландыру көздері есебінен пайдалануға берілетін тұрғын үйлер 285,0 мың шаршы метрді құрайды;

Әлеуметтік мәні бар мемлекеттік қызмет түрлерін электронды форматқа ауыстыру;

Халықтың компьютерлік сауаттылығын 45%-ға дейін жоғарылату;

2015 жылы тиімді ақпарат жүйесі халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы электронды мемлекеттік қызмет көрсету – 100%;

Әкімшілік жүйесінің ақпараттық қауіпсіздігінің деңгейін жоғарылату - 100%;

2015 жылы жергілікті жерлердегі автожолдардың қанағаттанарлық және жақсы жағдайда болу үлесі - 70% (2009 жылы - 47 %);

2015 жылы экономика қажеттілігін қанағаттандыратын қуатты ішкі көздерден өндіру - 84,6 %;

2015 жылы электрді тұтынудың жалпы көлеміндегі қуаттың балама көздерін пайдалану үлесі - 1,5 %;

2015 жылы ЖӨӨ қуат сыйымдылығы - 10 %;

2015 жылы шағын қалалардағы көп қабатты үйлердің орталықтандырылған су жүйесіне қосылуы (қамтамасыз етілгендері/үйлердің жалпы саны) - 490/695;

Ауылдық жерлердің орталықтандырылған су жүйесіне қосылуы ауылдық елді мекендер жалпы санына шаққанда, 2015 жылы - 196/263;

Коммуналдық қызмет сапасына тұтынушылардың қанағаттану деңгейі 70% -дан кем емес;

Түгендеу жүргізу негізінде тұрмыстық қор мен коммуналдық қызмет инфрақұрылымы ахуалына жаңартылған деректер базасы тұрақты қалыптастырылды;

2015 жылы менеджменттің заманауи әдістерін енгізген коммуналдық кәсіпорындар үлесі - 2,0%;

2015 жылы нормативті пайдаланумен қамтамасыз етілген кондоминиум үлесі - 50%;

2015 жылы атмосфераға зиянды заттарды шығаруды төмендету пайызы - 6,4 %;

2015 жылы қалдықтарды өңдеу оның пайда болуына қатысты үлесі - 48%;

2015 жылы елді мекендерді қала құрылысын салу құжаттарымен қамтамасыз ету, елді мекендер - 100% (2009 – 99,5%)

2015 жылы жоғары әлеуетті ауылдық елді мекендер саны 62 бірлікке жетеді (2009 жылы- 47);

2015 жылы әкім аппараты ұсынған қызметке қанағаттанушы жеке және заңды тұлғалар- 100%;

2015 жылы мәслихат аппараты ұсынған қызмет сапасына депутаттардың қанағаттанушылығы - 100%;

2015 жылы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту процесіне облыстағы әкімшілік-аумақтық бірлікті тарту деңгейі - 100%;

2015 жылы мемлекет және мемлекеттік саясаттың даму Стратегиясын қоғамдық санада қолдау деңгейі 85%-ды құрайды;

2015 жылы азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қатынасын оң бағалайтын халық үлесі - 60%.

2015 жылы тұтынушылардың отандық ақпараттық өнімдерді талап ету деңгейі - 45 % (в 2009 ж – 30%);

2015 жылы қаржылық жылдың қорытындысы бойынша облыс бюджетінің орындалуы 90%-дан астам болады;

2015 жылы жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесіне сәйкес бағдарламалық құжаттар жасауы және қабылдауы 100 %-ды құрайды;

2015 жылы мұрағаттық ақпараттарды пайдаланушылар сұранысын қанағаттандыру үлесі 95 % -ға ұлғаяды



Қаржыландыру көздері мен көлемі

Қаржыландыру көздері: республикалық және облыстық бюджет, инвесторлардың жеке қаражаты, қарыздық қаражат.

Қаржыландыру көлемі:

2011 жылы 175902,5 млн. теңге

2012 жылы 154157 млн. теңге

2013 жылы 90538,1 млн. теңге

2014 жылы 45771,8 млн. теңге

2015 жылы 44940,3 млн. теңге

Барлығы: 511309,9 млн. теңге. Бағдарламаны қаржыландыру көлемі республикалық және жергілікті бюджетті бекіткен кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржылық жылға нақтыланады.



2. Ағымдық ахуалды талдау


Облыстың жалпы сипаттамасы

Қызылорда облысы Тұран ойпатының жазық алқабында орналасқан, шығысында Қаратау сілемдері, Солтүстік-батысында Қарақұм, ал оңтүстік батысында Қызылқұммен шектеседі.

Облыс орталығы - Қызылорда, құрылғанына 190 жыл толған ежелгі қалалардың бірі. Оңтүстігі мен солтүстігінің ара қашықтығы тікелей 1000 шақырымға жуық.

Облыс аумағы 226,0 мың шаршы км, немесе республика аумағының 8,3 % -ын құрайды. Облыс халқы (2010 жылдың 1 желтоқсанына) – 698,3 мың адам немесе республика халқының 4,1% -ы.

Қызылорда облысы - бірегей бәсекелестік әлеуетін қамтитын аса маңызды қазба байлықтарға бай. Облыс халқының 47,4% - ы еңбек етуге қабілетті жаста. Облыс аумағының геологиялық құрылымының ерекшелігі - жер қойнауы табиғи кен байлықтарына бай. Сыр өңірінде түсті металдың, ванадий, құрылыс материалдары мен шикізаттың мол қоры бар. Табиғи қазба байлықтары ретінде уранды, мұнайды, ас тұзын, әк, қиыршық тас пен шынытастық құмдарды мақтанышпен атауға болады. Осы қазба байлықтарды өндіру бағытында облыста 27 мекеме жұмыс атқаруда, олардың 8-і мұнай, уран өндіру саласында еңбек етіп жатқан шетелдік кәсіпорындар.

Облыс аумағы Азия аймағы, Таяу және Орта Шығыс пен Европа мемлекеттері арасын байланыстыратын экономикалық тиімді (әуежолы, теміржол және автомобиль) жол торабын қамтиды. Туристік қызметті дамыту үшін үлкен мүмкіндіктер бар, өйткені, курортты-рекреациялық аймақтар, тарихи-сәулет ескерткіштер жеткілікті.

Абсолютті және салыстырмалы мәндері, халықтың өмір сүру деңгейі, адамзаттың даму индексі ретіндегі бірқатар көрсеткіштер динамикасы бойынша, облыстағы жалпы аймақтық өнім, жол және коммуникациялық инфрақұрылымдарды дамыту деңгейі, сондай-ақ, инвестициялық қаржыландыру көздеріндегі дербес қаржы үлесінде өңір республика бойынша тиісті деңгейде емес.

2.1. Қызылорда облысы жағдайының жағымды және жағымсыз жақтарын бағалау. Олардың Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына ықпалы.


Қызылорда облысы – еліміздегі экономикалық тұрақты дамудағы өңір болып табылады.

Соңғы бірнеше жылда облыста макроэкономикалық көрсеткіштер өзгерісінің оң динамикасын қамтамасыз ететін қолайлы экономикалық ахуал қалыптасты, сонымен бірге, өндірістің өсуімен қоса халық кірісінің ұлғаюына қол жеткіздік.


Қызылорда облысының 2007-2010 жылдардағы

жалпы өңірлік өнім көлемі




Көрсеткіштер атауы

2007 ж.

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

Облыстың ЖӨӨ, млн. теңге

499619,9

685211,4

641575,7

859148,2

өткен жылдармен салыстырғанда %

107,6

104,8

99,3

103,8

Жан басына шаққандағы ЖӨӨ, мың теңге

794,7

1075,9

937,4

1236,5

ЖӨӨ-дегі өңірдің үлес салмағы

3,9

4,3

3,8

3,9

ЖӨӨ бойынша ҚР аймақтары арасында алатын орны

12

12

13

12

Халық санына шаққанда ЖӨӨ бойынша ҚР аймақтары арасында алатын орны

9

9

9

9

ҚР Статистика Агенттігінің мәліметтері бойынша, 2008 жылға жүргізілген статистикаға сәйкес, Қызылорда облысындағы жалпы өңірлік өнім өндірісі ағымдық бағада 685,2 миллиард (млрд.) теңгені құрады, 2009 жылы -641,6 млрд теңге, 2010 жылы 859,1 млрд. теңге. Өңірдің республика ЖӨӨ -дегі үлес салмағы 2010 жылы -3,9%, 2009 жылы - 4,0% (2008 жылы - 4,3%). Республика өңірлері арасында облыс ЖӨӨ көлемі бойынша 2010 жылы 12 орынды, ал жан басына шаққандағы көлемі бойынша 9 орынды иеленіп отыр.

ЖӨӨ құрылымында қарастырылып отырған уақыт кезеңінде облыс экономикасының нақты секторындағы мына салалар ең үлкен үлестік салмаққа ие болып отыр: өнеркәсіп, құрылыс, көлік және байланыс. Олардың ЖӨӨ көлеміндегі жиынтық үлесі 2005 жылғы 64,2% бен 2009 жылды салыстырғанда 64,9% ды құрады.
Қызылорда облысы ЖӨӨ салалық құрылымы

пайызбен


Көрсеткіштер атауы

2007 ж.

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

Қызылорда облысының ЖӨӨ, барлығы

100,0

100,0

100,0

100,0

оның ішінде:













ауыл шаруашылығы

3,1

2,6

4,0

3,9

өнеркәсіп

54,9

57,6

47,5

52,5

құрылыс

4,8

6,0

7,9

7,1

сауда

3,0

2,9

4,1

3,7

көлік және байланыс

7,2

5,9

9,6

8,2

басқа да қызметтер

27,0

25,0

26,9

24,6

Қызылорда облысы үдемелі және әртараптандырылған экономикалық құрылымымен сипатталады.

Өңірде мырыштың - 15,1%, қорғасынның - 9,6%, мұнай, газ, конденсаттардың - 4,7%, уранның -13,7%, жер асты суларының -3,4% қорлары бар.

Облыстың маңызды қазба байлықтары ретінде түсті металдар (қорғасын мен мырыш), уран, ванадий, ас тұзы және жер асты сулары болып табылады. Өңір шегінде ванадий қорлары бойынша бірегей саналатын Баласауысқандық және Құрымсақ кенорындары орналасқан. Қаратау жоталарындағы ванадий тақтатастары көп жылдарға жететін шикізат көзі саналады. Қазба байлықтары арасында ванадийден басқа алтын мен шунгит қорларын ерекше атауға болады. Оңтүстік Қазақстанда титан өндірумен айналысатын жалғыз кенорыны Ақеспе - Солтүстік Арал маңына орналасқан.

Бұдан басқа облыс аумағында темір, фосфорит, жанғыш тақтатас, талий, мыс өндіретін бірқатар кенорындары бар. Сонымен қатар, Арал маңындағы Көкарал аумағында мұнайгаз бассейні геологиялық зерттеу жұмыстары жеткілікті дәрежеде зерттелмеген.

2010 жылы облыстың экономикалық белсенділік деңгейі 70,5 % -ды құрады (2009 жылы-69,5). Экономикалық белсенді халық саны 317,4 мың адамды қамтыды (2009 жылы -307,4).

Облыс экономикасымен 298,7 мың адам жұмыс жасаса, олардың ішінде жалданған қызметкерлер үлесі 55,7% құрады, жеке іспен айналысушылар 38,4%. 2010 жылы жұмыссыздық деңгейі 5,7 % болды.

2011 жылдың шілдесінде халықтың жан басына шаққандағы орташа табысы 45921 теңгені құрады, бұл 2010 жылдың шілдесімен салыстырғанда 21,3%-ға жоғары, көрсетілген мерзім ішіндегі нақты ақша табысы 13,6% –ға өскен.

2010 жылы 2009 жылдың желтоқсанына инфляция деңгейі -107,8% –ды құрады, 2009 жылы 2008 жылдың желтоқсанына – 105,9%.
2.2. Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау

2.2.1. Экономикалық дамуы

2.2.1.1. Өнеркәсіп

Қызылорда облысы экономикасының негізін өнеркәсіп құрайды. Ол салада облыс халқының ширек бөлігінен асатын еңбек етуге қабілетті тұрғындары жұмыс жасайды және облыста 52,5% шамасында жалпы өңірлік өнім құралады.

Жалпы республикалық өнеркәсіптік өнімдер өндірісі көлеміндегі өңір үлесі орташа 6,7%-7,0% –ды құрады.

2009 жылы әлемдік дағдарыстың жағымсыз әсері бірінші кезекте облыс экономикасының шикізат секторында байқалды.

2009 жылы өнеркәсіптің нақты көлемінің индексі 2008 жылмен салыстырғанда 99,0%-ды құрады (2008 жылы -104,0%). 2010 жылы облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары 774,9 млрд. теңгенің өнімдерін шығарды немесе 2009 жылмен салыстырғанда 99,6 пайыз.

Тұтастай алғанда өнеркәсіп бойынша нәтижелерді қалыптастыруға кен өндірісі саласы елеулі ықпал етіп отыр. Оның облыстық өндіріс көлеміндегі үлесі 2010 жылы 93,8%- ды құрады (2009 жылы - 93,3%).

2010 жылы кен өндіру өнеркәсібінде 756,9 млрд. теңгенің өнімін шығарылды, бұл 2009 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,4%- ға төмен. Шикі мұнай өндіру 11,0 миллион тоннаны құрады немесе 2009 жылға шаққанда 98,1%. Кен өнеркәсібі өнімдері көлемінің төмендеуі қолданыстағы скважиналардағы мұнай қорының азаюынан болып отыр.

2011 жылдың 10 айында шикі мұнай өндіру 9,1 млн. тонна немесе 2010 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 98,4%.


Қызылорда облысы өнеркәсібінің құрылымы

пайызбен


Көрсеткіштер атауы

2007 ж.

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

өнеркәсіп - барлығы

100,0

100,0

100,0

100

кен өнеркәсібі

95,6

95,5

92,9


93,9


өңдеуші өнеркәсіп

3,2

3,5

4,6

4,3

электр қуаты, газ бен су өндірісі және оны тарату

1,2

1,0

2,5

1,6

басқа да










0,3

Қызылорда облысы бәсекеге қабілетті әлеуетті құрайтын бай ресурстарға ие. Бұған бірінші кезекте 2010 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша облыс тұрғындарының 47,4% пайызын құрайтын еңбек етуге қабілетті тұрғындарын жатқызамыз. Табиғи қазба байлықтары: мұнай, уран, ас тұзы, әк, шынытас құмы, сондай-ақ, темір және полиметалл кендерінің молдығымен ерекшеленеді. Облыстың кен өндіру саласында 27 мекеме жұмыс жасайды, оның 8-і шетелдіктердің қатысуымен мұнай, уран өндірумен айналысуда.

Қызылорда облысы ас тұзы, шынытас құмы, бақша, балық өнімдерінің ірі өндірушісі әрі жеткізушісі болып табылады, сондай-ақ, сапалы күріш өсіретін жалғыз өңір болып саналады.

Республикалық өндірістің жалпы көлемінде облыс үлесіне күріш өндіру-90%, ас тұзы-70%- дан келеді.

2007-2010 жылдар ішінде өнеркәсіп өндірісінің салалық құрылымы өзгерді.

Өнеркәсіп өндірісінің салалық құрылымында өңдеуші өнеркәсіп үлесінің тұрақты өсуі байқалады. Егер 2007 жылы оның үлестік салмағы 3,2% болса, 2010 жылы 4,3% -ды құрады.

Қиыршық тас, тас ұсақтау өндірісі 7 есе, керамикалық кірпіш 3 есе, балық дайындау мен консервілеу 2 есеге ұлғайған.

Қызылорда облысындағы ірі кәсіпорындар қатарында «ПетроҚазақстанҚұмкөлРесорсиз» АҚ, «ТорғайПетролеум» АҚ, «Қазгермұнай» ЖШС (мұнай өндіру), орта кәсіпорындар қатарында «Қуат» ЖШС, «Полихимпродукт» ЖШС (полиэтилен құбырлар өндірісі», «Мелиоратор» ЖШС, «Қызылордаэкспортастық» ЖШС, (керамикалық кірпіш), «ҚазпромҚызылорда» ЖШС, «Автомобиль жолдары басқармасы» ЖШС, «Қазвернал» ЖШС т.б. атауға болады.


Мұнайгаз секторын дамыту

Мұнайгаз секторы өнімдерінің маңызды түрлерін өндіру динамикасы




Атауы

2007 ж.

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

Шикі мұнай,мың тонна

11706,4

11276,4

11226,5

11009,7

Мұнайлы ілеспе газ, млн. текше м.

1173,8

1348,8

1489,7

1552,8

Облыстың мұнай операторлары 2010 жылы 11009,7 мың тонна мұнай өндірді, бұл 2009 жылмен салыстырғанда 98,1% құрады.

Мұнайгаз секторын инвестициялау 2010 жылы 45 млрд. теңгеге жетті.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы «Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған жеделдетілген индустриалды-инновациялық дамуы бойынша мемлекеттік бағдарламасы және Қазақстан Республикасы Президентінің бірқатар Жарлықтарының күші жойылуы туралы» № 958 Жарлығына, ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі «2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының жеделдетілген индустриалды- инновациялық дамуы бойынша Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша ҚР Үкіметінің Іс шаралар жоспарын бекіту туралы» №302 Қаулысына сәйкес аймақтық индустрияландыру Картасы әзірленіп облыс әкімдігінің 2010 жылғы 30 сәуірдегі №38 шешімімен бекітілді.

2010 жылы индустрияландыру Картасы шеңберінде жалпы сомасы 26 млрд. теңге болатын 11 жоба іске асырылды, 400 жаңа жұмыс ашылды.

Индустрияландыру Картасын іске асыру таукен, мұнайхимия, мұнайгаз өнеркәсібінің, жол саласының агроөнеркәсіп секторының, энергетиканың дамуына ықпал етті.

мұнайхимия, мұнайгаз өнеркәсібініңсаласында 4 жоба іске асырылды:

Мұнай компанияларының өз қаражаттары есебінен («ПетроКазахстан Кумколь Ресорсиз» АҚ және «Торғай Петролеум» АҚ) құны 7,6 млрд. теңге болатын «Құмкөл» кен орнында екі газотурбиналық қондырғылар салынды;

Ілеспе газды пайдаға асыру бойынша құны 4,7 млрд. теңге болатын «Кеңлік» жаңа кен орнында жоба іске асырылды(«Саутс ойл» ЖШС). Жоба ауаны ластауды азайтатын газды тупкілікті өңдеу технологиясын пайдалануға мүмкіндік береді. Және жоба бойынша 8 мың тонна шамасында газды бензин, сонымен қатар, 40 мың тоннадан астам сұйытылған газ шығаруды көздеп отыр, оның бір бөлігін өз қажеттілігіне, ал бір бөлігін халыққа жеткізбекші;

Ақшабұлақ кен орнында жылына 300 млн. текше метр газды пайдаға асыратын кешен салынды («Казгермунай» БК). Жоба мұнай кен орындарының ілеспе газдарын тиімді пайдалана отырып халықтың жылуға деген шығындарын азайтуға, бизнесті дамытуға қолайлы жағдай жасайды. Осының арқасында 2011 жылы қуаттылығы 87 МВт газотурбиналық электростанса салынып пайдалануға берілетін болады. Бұл өз кезегінде электр энергиясына деген тапшылықты жойып, оның бағасын төмендетуге мүмкіндік береді;

Көмірсутек шикізатын және мұнай қалдықтарын өңдеу қондырғысының құрылысы («БИС» ЖШС)



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет