Қызылөзен ауылы әкімінің 2014 жылғы әлеуметтік- экономикалық даму қортындылары және іс-қимыл жоспарының орындалысы туралы есебі



жүктеу 104.63 Kb.
Дата18.04.2016
өлшемі104.63 Kb.
: media -> uploads
uploads -> І. Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің 2013 жылғы жұмысының қортындысы
uploads -> Таушық селосы әкімінің 2014 жылға әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және алда тұрған міндеттері туралы «Таушық селосы әкімінің аппараты»
uploads -> МАҢҒыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы ақтау, 2015 жыл мазмұНЫ
uploads -> Регламенті Жалпы ережелер > «Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»
uploads -> Регламенті Жалпы ережелер «Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру»
uploads -> «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті
uploads -> Маңғыстау облысының 2015 жылғы қаңтар-маусымдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы Облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша жұмыс 2015 жылы Мемлекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»
uploads -> Элементы экологизации контроля вредителей агробиоценоза
uploads -> Қарауына ЕҚта жататын мемлекеттік органның атауы 2015 жылғы «21»



Қызылөзен ауылы әкімінің 2014 жылғы әлеуметтік- экономикалық даму қортындылары және іс-қимыл жоспарының орындалысы туралы есебі
Ауыл әкімшілігінде 4 мемлекеттік қызметкер, 9 техникалық қызмет көрсетушілер жұмыс жасайды.

Ауыл бойынша село әкімшілігі, Мәдениет үйі, орта мектеп, медициналық пункт, Қазпочта бөлімшесі, Қазтелерадио бөлімшесі, Қазтелеком байланыс бөлімшесі, электр энергиясын тарату бөлімі, 2 дүкен халыққа қызмет көрсетеді. Халықтың жеке шаруасының тіршілік көзі болып табылатын «Қарағантүбек» ЖШС ауылшаруашылық мекемесі жұмыс жасайды.

Соңғы санақ қортындысымен селода 1062 тұрғын және 154 тұрғын үй бар. 22 Алтын алқа иегері және 10 Күміс алқа иегерлері, 13 асыраушысынан айрылған жанұя, 4 тыл ардагері және оған теңестірілген адамдар тұрады. Сырттан көшіп келуші болмаса да, ауыл халқы жылдан-жылға өсіп келеді, жыл ішінде 9 жас шаңырақ көтеріп некеге отырды.

Ауыл әкімшілігінде мемлекеттік қызмет көрсетудің үш бағыты бойынша:

«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы балаларды кезекке қою» бойынша жыл бойына 17 өтініш түсіп, оның 5-еуі қанағаттандырылды.

«Жануарларға ветеринариялық паспорт беру» қызметі бойынша 37 өтініш, «Жеке қосалқы шаруашылығының бары не жоқтығы туралы анықтама беру» қызметі бойынша 8 өтініш қаралып, өтініштер қанағаттандырылды.

Ауыл әкімінде 56 жеке қабылдау өткізіліп,тиісті қорытындылар шығарылып, қанағаттандырылды.
Білім беру саласы бойынша:

Биылғы оқу жылында З.О.Баймырзаев атындағы орта мектеп толық маманмен қамтылған. Мектепте 26 мұғалім, 33 техникалық қызмет көрсетушілер жұмыс жасайды. Оқушылар саны 181. Жарты жылдық қорытындысымен үлгерім 97%, оқу сапасы 32%. Мектептің материалдық базасын нығайтуға 1712 мың теңге, ағымдағы жөндеуге 1 млн 480 мың теңге жұмсалды, 1 млн 800 мың теңгеге сыртқы жылу жүйесі ауыстырылды.

Мектепте 1-11 сыныптарда 181 оқушы. Аз қамтылған отбасындағы бала саны-23, жартылай жетім отбасыларының бала саны-5, барлығы 1 сынып оқушыларын қосқанда 45 оқушы ыстық тамақпен қамтылған. Мектеп екі аусымда жұмыс жасайды. Кабинеттер жеткілікті. Тамыз, қыркүйек айларында «Мектепке жол» акциясы өткізіліп 49 балаға 532,0 мың теңгенің киім кешегі, оқу құралдары алынып берілді.

Дипломмен ауылға бағдарламасы бойынша 1 адам мемлекет тарапынан тиісті көмегін алды.

Өткен жылы ҰБТ қортындысында 66% көрсеткішке ие болып, мектеп бітірген 10 оқушының 2 грантқа, 8 түлек жоғары, арнаулы оқу орындарында оқуда.


Мектепке дейінгі білім беру:

«Балапан» бағдарламасы бойынша 2010 жылдан бері мектеп жанынан шағын орталық жұмыс жасайды. Онда 20 бүлдіршін тәрбиленуде. Мамандармен қамтамасыз етілген. Шағын орталық жұмысына 3040000 теңге қаражат қаралып, толық игерілді.

Ауыл бойынша 0-6 жас аралығында 145 бала, 3-6 жас аралығында 85 бала бар. Оның 20-сы шағын орталықта тәрбиеленуде. Қазіргі таңда қамтылу 25 пайыз. Бүгінгі күнге 31 бала бала-бақша кезегінде. Ауылдан биылғы жылы салынып жатқан 50 орындықты балабақша құрылысы аяқталған соң, 82 пайыз балабақшамен қамтимыз деп жоспарлап отырмыз.

Ауыл «Жастар практикасымен»-2, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 1 адам қамтылды.

Қазіргі таңда 31 бала бала-бақша кезегінде. 50 орындық бала бақша құрылысы салынуда.

Денсаулық сақтау саласы бойынша медициналық пунктте 2,5 ставкамен 3 медициналық қызметкер жұмыс істейді. Автокөлікпен қамтамасыз етілген, айына 1 рет мал ауылдарды аралап тұрады, екпе жұмыстарын жүргізеді.

Медициналық пункт 2008 жылы пайдалануға берілген. Қазіргі таңда ағымдағы жөндеуді қажет етіп отыр. Биылғы жылға сметалық құжаттары жасақталып, жаз айларында 6300 мың теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Медициналық пункт ине-шаншу бөлмесімен жабдықталған. Дәрігер белгілеген дәрі дәрмектер негізінде жыл ішінде 4321 адам ем қабылдады.

Елбасы Жолдауында 2020 жылға дейін ана мен бала өлімін екі есеге дейін, жалпы өлімді 30 пайызға, туберкулезбен ауыратын санын 20 пайызға азайту міндеті қойылған болатын. 2014 жылы жүктілікпен есепте тұрған әйелдер саны 23, яғни 24 бала дүниеге келген. Жыл ішінде ана мен бала өлімі болған жоқ.

Ай сайынғы екпелер календарлық кестеге сай орындалып тұрады. Екпеге қарсылық білдірушілер болған жоқ. Балалар өз жастарына сәйкес барлық екпелерді өз мезгілінде алып отырады. Ай сайын балалар дәрігері келеді. Жаңа туған сәбиді 1 айға дейін балалар дәрігері келіп, қарап тұрады.

Ауылымыздың ауасы таза болғанымен жалпы «Д» есепте жүрек қан тамырлары аурулары көбірек кездесуде. Балалар арасында қан аздық аурулары басым. Осы ауруларға тегін рецептімен дәрілер беріледі. Жыл ішінде барлығы 609 екпе жұмысы жүргізіліп отыр, оның ішінде балаларға 414, үлкендерге 195 екпе.



Әлеуметтік сала бойынша Село әкімі аппаратында бір әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді. Ақылы қоғамдық жұмыспен 6 адам, шетелдік компаниялар арқылы келісім шартпен 12 адам қамтылды. Биылғы жылға санитарлық тазалық жұмыстарына 6 млн теңге көлемінде қаражат бөлінді. Қатты қалдықтар төгетін полегон құрылысы ауылдан 3,5 км қашықтықта салу жоспарланып, техникалық экономикалық негіздемесі жасалуда.




Тобы

саны

Жұмыс жасап жүргені

Жұмысқа жарамсызы

Жұмыссыздар

Зейнеткер

1.

1 топ

4

-

4







2.

11 топ

20

12

4

2

2

3.

111 топ

8

7

-




1




Барлығы

32

19

8

2

3

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша, «Өңірлерді дамыту бағдарламасы» бағдарламасы бойынша (ойын алаңы, көгалдандыру, бала бақша салу, мектептің ағымдағы жөндеуі кезінде) 11 адам, «Жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 2 адам уақытша жұмыспен қамтылды.

Жыл ішінде 4 жанұя атаулы көмек, 6 адам материалдық көмек,18 жасқа толмаған 8 мүгедек балалар жәрдемақы алды.

Мүгедектерге жағдай жасау мақсатында курорттық сауықтыру емдеу орталығына 5 мүгедек арыз беріп, 3 мүгедек Шымкент қаласындағы «Денсаулық» сауықтыру орталығында, Ақтау қаласындағы «Шағала» сауықтыру орталығында 2 мүгедек ем алып қайтты. 1 бала мүгедегі Ақтау қаласындағы оңалту орталығына барып емделіп демалды.



Жер қатынастары саласы бойынша: Ауыл бойынша бас жоспар жасалынуда. Ауыл бойынша тұрғын үй кезегінде 2 адам, үй салуға жер учаскесін алуға 13 адам кезекте. Бұрынғы берілген жерлердің өзгеруіне байланысты 60–қа жуық адам бас жоспарға сай жер алуға кезекте.

Жыл ішінде жер учаскелерін кеңейтуге шығарылған шешімдер саны 2.



Кәсіпкерлік саласы бойынша: Ауыл шаруашылығы жері аумағында 86 шаруа қожалығы тіркеліп, оның 28 мал шаруашылығымен айналысып отыр. Көкөніс өсірумен 17 кәсіпкер, 107,3 га жерге егін салып, жемісін аудан, облыс тұрғындарына сатып, жәрмеңкелер ұйымдастырды. Осының ішінде 11 кәсіпкер субсидиямен 1 млн 440 мың теңге көмек алды.

Ауылда 2 дүкен жұмыс жасайды. Баға тұрақтылығын ұстау бағытында тағам бағаларына апта сайын мониторинг жүргізіліп отырады.

Кәсіпкерлік саласында 55 адам жұмыс жасайды. Ол әлеуметтік халықтың 11 % пайызы.

Тамыз айында өткізілген аудандық «Шұбат» фестивалінен Уразбекова Сабира бас жүлдені, облыстық «Шұбат» фестивалінен «тәтті балғаймақ» номинациясы бойынша бас жүлдені иеленді.

Ауыл бойынша жұмыссыздыққа тіркелген 18 адамның 2-еуі жұмысқа орналасты, біреуі несие алып кәсіпкерлігін жүргізуде. «Бизнестің жол картасы» бойынша 13 адам оқып, 5 адам кәсібін жалғастыруда.

Кәсіпкерлікпен айналысу үшін «Ауылшаруашылықты қолдау» қорынан Дюсембаева Асем, Сағындықов Ерлан мал өсіру бағытында несие алып, жұмыстар жүргізіп жатыр.

Индустриялдық аймақ құруға «Қарағантүбек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиісті Саубет жерінен 30 га жер бөлініп, тамшылата суару әдісімен көкөніс егуге ауылдан үш кәсіпкер тілек білдіріп отыр.

Мәдениет саласы бойынша Ауыл орталығында мәдениет үйі халыққа қызмет көрсетіп, онда 13 қызметкер жұмыс жасайды.

Биылғы жылы «Ғажайып әлем» қуыршақ театры Мәдениет министрлігінің 2014 жылы №94 санды бұйрығымен халықтық атағын алып, жетекші, қоюшы режиссер штаттары берілді.

Халыққа мәдени қызмет көрсетуде заман талабына сай құрал-жабдықтармен қамтылған. 1 автокөлікпен қамтылған. Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай «Жаңашыл ұжым» номинациясы бойынша Қызылөзен Мәдениет үйі марапатталды. 12 айда 38 мәдени шара өткізілді. Ақылы қызметтен 400000 теңге түсірілді. Мәдениет үйі жанындағы «Ғажайып әлем» қуыршақ театры ауылдағы «Балдырған» шағын орталығына, аудандағы «Балбөбек», «Ақбота» және «Құлыншақ» бала-бақшаларына және Таушық, Жыңғылды елді мекендеріне барып жаңа қойылымдарын ұсынды.

Ауыл кітапханасы әртүрлі тақырыптарға сай жасақталған. Биыл 310 дана әдеби кітаптармен толықтырылды. Кітапханада 10425 дәне кітап қоры бар. Оқырман саны-615. Кітапхана жүйесі ауыл тұрғындарына болып жатқан жаңалықтарды насихаттап, көпшілік қауымға, мектеп оқушыларына мәдени іс-шаралар өткізу арқылы қызмет көрсетеді.

Ауыл әкімшілігі ардагелер кеңесімен және «Хазірет» жастар қоғамдық қорымен бірлікте ауылға байланысты, жастар арасында әр түрлі шаралар ұйымдастыруға ұйтқы болып келеді.

«Хазірет» жастар қоғамдық қоры бір жыл ішінде 20 шара өткізді. «Экотуризм жұмысын насихаттау және дамыту» жобасы бойынша Астана күніне орай экологиялық –өлкетану слеті өтті. Ақтау қаласындағы Балалар қалашығы мен «Шағала» санаторий-профилакториінде «Ризашылық күні» акциясын өткізіп, «Біз біргеміз» атты қайырымдылық концертін ұйымдастырды.

Ауыл бойынша ораза тұтқандарға Қызылөзен әкімдігі және Қызылөзен Мәдениет үйімен бірлікте ауызашар және 14 наурыз Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінің өтуіне демеушілік танытып, шараны ұйымдастыруға белсенділік танытты.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы аясында ауыл мүгедектерін шағын кәсіпкерлікпен айналысып олардың өз істерін бастап кетуіне ықпал жасау мақсатында гранттың жобасын жеңіп алып жұмыс бастады. Қызылөзендік 7 адамды оқытып, оларға қажетті құралдар алып беріп, «Тұрмыс кешені» орталығын ашуға жұмыстануда.

Ауыл бойынша діни ахуал тұрақты. Жастар арасында басқа бағыттағы секталар жоқ.

Ауыл жанындағы қауымға жастар күшімен түнемелік қонақ үйі салынып, келушілер пайдалануда.



Спорт саласы бойынша Ауыл әкімшілігінде спорт нұсқаушысы жұмыс жасайды. Ауыл жастарын спортқа тартып, аудандық, облыстық жарыстарға қатысып отырады. Аудан бойынша өткізілген «Ақбидай ауыл ойындарында» футболдан 3 орын, волейболдан 1 орын, «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» күніне орай аудандық жарыста 1 орын, «Жастар күніне» арналған аудандық жарыста гір тасын көтеруден 1 орын, штанга көтеруден 2 орын, облыстан ынталандыру иеленді.

Коммуналдық саласы бойынша Ауыл халқының негізгі тіршілік көзін қамтамасыз ететін инфрақұрылымды дамыту бағытында бірқатар коммуналдық салалар жұмыс жасайды. Ауыл түгел газ отынын пайдаланып отыр. Газ құбырының қауіпсіздігін, жеткізілуін «ҚазТрансГазАймақ» МКК қамтамасыз етеді. Тиісті бөлімше құрылымымен халыққа қызмет көрсетуде. Газ таратқыш пункттері ағымдағы жөндеуден өтіп, қисайған тіреулерге тіктеу жұмыстары жүргізілді.Ауылға дейін 6,7 км, ауылішілік 8,7 км газ құбыры тартылған. Тоқтап қалу ақаулығы байқалған жоқ.

«Ақбұлақ» бағдарламасына сәйкес ауыл халқы 2011 жылы салынған су тұщыту қондырғысы арқылы ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз етіліп келеді. Осы жылдың шілде айында мемлекет тарапынан субсидия беріліп су бағасы екі есеге арзандады. «Түпқараған су жүйесі» мекемесі тұрғындарға айына 650-700 т суды тасып жеткізуде көлікпен қамтып, техникалық жабдықтау жұмыстарын жүргізеді.

Ауыл байланысы талшықты оптикалық байланыста 128 нүктелік АТС жұмыс жасайды.

Жеке үйлер, бюджеттік мекемелер, кәсіпкерлер интернетпен жұмыс жасауға толық мүмкіндік алды. Қазір 48 интернет нүктесі қосылған, барлық нүктесі пайдалануда. Алдағы уақытта интернет аясын ұлғайту жоспары бар. Ауыл бойынша 3910 км телефон желісі тартылған.

Ауыл бойынша электр энергиясымен қамту жақсы жолға қойылған. Ауыл бойынша түгел көшелер түнгі жарықпен қамтылған. Коммуналдық қызметтерге ақылы почта арқылы төленіп отырады, тұрғындар арасында берешек жоқ. Ауыл бойынша бюджеттік мекемелер қысқы маусымда ақаусыз жұмыс жасап келеді.

Ауылда Ұлттық телеарнамен 154 үйдің 148 үйіне орнатылған. Ұлттық телеарна тарату бойынша 97 %.

Тазалық жұмыстарын «Аташ-Кетік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізіліп келеді.

Жыл ішінде 4 мезгіл бұралқы иттерді ату жұмысы жүргізіліп, 18 ит атылды.



Ауыл шаруашылығы саласы: бойынша агроөнеркәсіптікті дамыту арқылы ондағы еңбек өнімділігін 2 есеге дейін өсіру, жаңа технологияларды енгізу, елімізіді азық-түлікпен толықтай қамтамасыз ету қойылған болатын. Бұл бағытта село халқының негізгі тіршілік көзі «Қарағантүбек» ЖШС асыл тұқымды қаракөл, еділбай қойымен адай жылқысын өсірумен айналысады. Кәсіпорында жергілікті 59 адам жұмыс жасайды.

Шаруашылықта 3399 қой, 23 түйе, 145 жылқы малы өсіріледі. Жыл ішінде 40 тонна етпен қамтамасыз етілді. СПК «Каспий» мекемесі арқылы жеммен қамтамасыз етілуде. «Қарағантүбек» ЖШС өз күшімен 4500 түк шөп дайындады., алайда биылғы қуаңшылыққа байланысты шаруашылықтың шөппен қамтылуы төменгі деңгейде.

Жеке шаруа қожалық иелерінің малы мен тұрғындардың мал санағы жылына 2 (екі) рет, (қаңтар, шілде) айларында жүргізіледі. Ауылдық әкімшілікте 7 шаруа қожалығы кітабы және 9 жеке қосалқы шаруашылықтар бойынша шаруашылық кітабындағы деректер компьютерге құйылып, базаға енгізілді. Ұсақ малдарға бірдейлендіру жұмысы аяқталып, 100 пайызға дерекқорға енгізілді. Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрлігі Статистика Комитетінің Қызылөзен ауылының бағдарламалық кешенді дамуы бойынша электрондық шаруашылық кітабына толықтай көшірілді. Ірі қара малдардың сырғаланғаны күнделікті дерекқорға енгізіліп отыр. Ауыл бойынша малдың саны 12726 қой-ешкі, 1625 жылқы, 527 түйе, 480 сиыр. Осы жылы 2000 қап жем әкімшілік тарапынан тұрғынға таратылды. Мал санағы жылына 2 рет жүргізіледі.

Ауыл бойынша туберкулез, шешек, сібір жарасы ауруына қарсы малдарға егу жұмыстары жүргізілді.Биылғы жылы да егу жұмыстары жалғасын табады.



Қоғамдық тәртіп: Ауыл бойынша учаскелік полиция жұмыс жасайды. Жеке кабинеті, көлікпен, телефонмен қамтамасыз етілген. Қылмыстың алдын алу мақсатында мектеп оқушыларымен ауыл жастарымен сауықтыру жұмыстары кездесулер өткізіліп тұрады. Ауыл бойынша полиция есебіне қойылған және жасалған қылмыс болған жоқ. Ұсақ тәртіпсіздіктермен 51 әкімшілік құқық бұзушылық тіркеліп, 46 құқық бұзушыларға айыппұл салынды.

Өткен есеп беру кездесуіндегі түскен ұсыныс бойынша бала бақша құрылысы осы жылдың бірінші тоқсанында аяқталып пайдалануға беріледі.

Бейне бақылау қондырғысы орнатылды. Мәдениет үйінің ішкі ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізуге биылғы жылға қаражат қаралды.

Ауыл халқының әлеуметтік жағдайы жақсарып, тіршілік көзінің үйлесіп отыруы үшін, ауыл әкімшілігі өзінің жұмысын ауыл көлеміндегі мекеме басшыларымен және ауыл ақсақалдарымен келісіп атқарып, халқымыздың тұрмыс деңгейінің көтерілуіне жұмыстарын жалғастыра береді деп сендіремін.



Қызылөзен селосының әкімі У.Ермекбаев



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет