Қызылтау ауылдық округі әкімінің ауыл тұрғындарымен өткізетін есептік кездесуіндегі баяндамасының тезисі



жүктеу 33.98 Kb.
Дата26.04.2016
өлшемі33.98 Kb.
: file -> im news
im news -> Қаратомар ауылдық округі әкімінің м а. А. Кісентаевтың халық алдындағы кезекті есеп беру жөніндегі баяндамасының тезистары
im news -> Шөптікөл ауылдық округінің әкімі Б. Ахметовтың округтің 2013 жылы әлеуметтік дамуы туралы есептік баяндамасының тезистері
im news -> Шөптікөл ауылдық округінің әкімі Б. Избастинның округтің 2015 жылы әлеуметтік дамуы туралы есептік баяндамасының тезистері
im news -> Баянауыл ауданының әкімі Е.Әйткеновтың 2012 жылдың І жартыжылдығы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есептік баяндамасы
im news -> Сайлау учаскелерінің шекаралары
im news -> Баянауыл ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 14 наурыздағы
im news -> Қызылтау ауылдық округінің әкімі Руслан Рахметоллаұлының тұрғындар алдында беретін есебінің жобасы
im news -> Күркелі ауылдық округі әкімінің ауыл тұрғындарымен өткізетін есептік кездесуіндегі баяндамасының тезисі 2015 жылдың 30 қарашасында Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму»
im news -> Құндыкөл ауылдық округі әкімінің ауыл тұрғыдарымен есептік кездесуіне дайындаған баяндамасы Елбасының 2005 жылдың 6 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы органдарды басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы»
im news -> Құрметті ауылдастар, жиналған қауым!
Қызылтау ауылдық округі әкімінің ауыл тұрғындарымен өткізетін есептік кездесуіндегі баяндамасының тезисі
Қызылтау ауылдық округінде халықтың саны 1197 адам. Халықты жұмыспен қамту мәселесі жергілікті атқару органдар қызметінің маңызды бағыты. Аудандық жұмыспен қамту бөлімінде тіркеуде тұрған 28 адам болса, олар жыл бойына кесте бойынша 18 адам қоғамдық жұмыстарға тартылып отырды. Атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылар жоқ. Жыл басынан бері 5 адам тұрақты жұмысқа қабылданды «Жұмыспен қамтудың 2020 жол картасы» бағдарламасының «Өрлеу» жобасы бойынша 1 – отбасы жұмысқа тартылды.

Ауыл шаруашылық саласы бойынша

Ауылшаруашылық нысандарына келетін болсақ, жоғарыда аталған 1 серіктестік, 54 шаруа қожалықтары бар болса, оның ішінде 19 шаруа қожалығы қара малды асылдандыру мақсатында асыл тұқымды бұқалар алып, ірі қара малды асылдандырумен айналысуда. Ауылдық округ бойынша мал саны жылдан жылға артуда. Биылғы жылы 1-ші қаңтардың санағы бойынша ірі қара мал саны - 9486 бас, қой мен ешкі – 27252 бас, жылқы саны - 4733 басқа жетті. Былтырғы жылмен салыстырғанда қара мал -19%, қой мен ешкі -17%, жылқы -18%, өсті.



Көріктендіру және санитарлық жұмыстары

Көріктендіру және санитарлық жұмыстары жергілікті тұрғындардың және мекемелердің қатысуымен өз дәрежесінде өтті. Мамыр-маусым айында мекемелер ұжымы мен оқушылардың қатысуымен сенбіліктер өткізілді. . Бұл жұмыстарға Баянауыл ауданының «Серпіліс» МКҚК-ның МТЗ-82 2 тракторы қатысты. Биылғы жылы Қызылтау ауылдық округінің ішкі жолдарын қардан тазалау жұмыстарына 350 мың теңге бөлініп, бүгінгі күні бөлінген қаржы игерілді. Көше жарығына 1 млн. 374 мың теңге бөлініп, 100 пайыз игерілді. Бүгінгі күні Ақши ауылында 9, Ж. Аймауытов ауылында 64 және Лекер ауылында 7 көше прожеторлары көшелерді жарықтандыруда. Баянауыл- Угольное тас жолын көктемгі су тасқыны шайып кеткендіктен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ойдағыдай аяқталды.



Білім беру саласы бойынша

2015-2016 оқу жылында округ бойынша 192 оқушы білім алып, 50 мұғалім еңбек етуде. Ж.Аймауытов атындағы ЖОББ мектебінен шалғай орналасқан ТЭЦ және Ескікөмір ауылдарындағы оқушыларды тасымалдау мақсатында Газель автокөлігі бүгінгі күні өз қызметін атқаруда. 2015-2016 оқу жылына кесте бойынша 1, 2 ауысым оқушыларын тасымалдау сызбасы бекітіліп, жалпы саны 40 оқушы аталмыш қызметті пайдаланып отыр. Биылғы жаңа оқу жылы басында «Мектепке жол» ақциясы ұйымдастырылып, акцияға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, ауылдық округ әкімшілігі және мектеп ұжымдары ат салысып, аз қамтамасыз етілген, көп балалы отбасы оқушыларына киіммен және оқу-құралдармен 17 оқушыға көмек көрсетілді.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ауылға жас мамандар келуде. Атап айтсақ, Ж.Аймауытов атындағы ЖОББ мектебіне Анесова Айнұр Жұмажанқызы «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі болып қабылданып, бүгінгі күні өз жұмысын атқаруда.

Денсаулық сақтау саласы бойынша

Округ бойынша 1 дәрігерлік амбулатория, 4 медицина саласының қызметкері және 1 жедел жәрдем техникасы тұрғындарға қызмет етуде. Лекер ауылында 1 медбике жұмыс атқаруда. Жыл басынан бастап ауыл тұрғындарын дәрігерлік тексеруден өткізу мақсатында ауылдық округімізге жылжымалы медициналық көлігі келуде. Ауылдық округ тұрғындарының жылдағы дәрігерлік тексеруден өткізілуі, қажетті дәрі-дәрмектермен қамтылуы үнемі назарда ұсталады. Биылғы жылдың басынан округ бойынша 21 нәресте дүниеге келіп, олардың денсаулығы әрдайым медицина қызметкерлерінің бақылауында.


Мәдениет және спорт саласы бойынша

Бүгінгі күні округ бойынша Ж.Аймауытов ауылдық мәдениет үйі және Лекер ауылдық клубы жұмыс істеуде. Осы мәдениет ошақтарында мемлекеттік, ұлттық мейрамдар әр-түрлі іс-шаралар аясында өткізіліп, мәдениет үйінің ұжымы, мектеп ұжымы, ауыл тұрғындары мен мектеп оқушылары бұл шараларға белсене қатысуда. Жыл бойына аудан, облыстық спорттық жарыстарға қатысуды ұйымдастырдық. Әр мерекеге орай ауыл тұрғындары арасында әртүрлі спорт түрлерінен жарыстар өткізілуде. Сонымен қатар «9 мамыр Ұлы Жеңіс күнінің» 70 жылдығына орай Ж.Аймауытов ауылында ұлттық ат спорты аламан бәйге, тоқ бәйге және құнан жарыс түрлерінен сайыстар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, жыл бойы ауылдық округ жастары арасында қазақша күрес, волейбол, үстел теннисі және т.б спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды.



Қызылтау ауылдық округі әкімі аппаратының атқарылған жұмыстарына тоқтала отыра, 2016 жылы жоспарға сәйкес атқарылатын басты жұмыстар тізбесі төмендегідей:

- Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың биылғы «Қазақстан жаңа жаһандық ахуалда: өсу реформалар, даму» атты Қазақстан халқына жолдаудың төртінші бағыты бойынша «Нұрлы Жол» бағдарламасы шеңберінде құрылатын біртұтас көліктік логистикалық және коммуналдық құрлымы аясында Қызылтау ауылдық округінде «Заман Инвестор» жауапкершілік шектеулі серіктестігі кокс және көмір өндіру кешенін ашуды 2016-2019 жылдарға жоспарлауда.

- Қызылтау ауылдық округі бойынша «Өрлеу» жобасына әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларын қатыстыру жұмыстары.

- Ж.Аймауытов атындағы ЖОББ мектебінің от жағу қазандығын ауыстыру жұмыстарын жүргізу ;



- Ж.Аймауытов ауылына 4 млн. 893 мың теңге көлеміне сметалық жобасы жасалынып, шағын балалар ойын алаңын салу жұмыстары.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет