Қызметі: Тәрбиеші Еңбек өтілімі: 23 жыл Санаты



Дата27.04.2016
өлшемі38.61 Kb.

Бала-бақшаның аталуы: Павлодар қаласының №111 бала-бақшасы
Аты-жөні: Адильханова Назгуль Аскеновна
Қызметі: Тәрбиеші
Еңбек өтілімі: 23 жыл
Санаты: 2 санаттағы тәрбиеші (бірінші санатты беру)
Тақырыбы: Ауа туралы ұғымды түсіндіру
Жас ерекшелігі, тобы: Естиярлар тобы



Танымдық-зерттеу әрекеттері
Айналамен таныстыру сабағының жоспары



Мақсаты:
Балаларға ауаның не екенін тәжірибе арқылы түсіндіру, таныстыру. Ауаның қасиетін дұрыс болжап айта білуге үйрету. Оның (жеңіл, көрінбейтінін, қозғалатынын, сезуге болатынын білу). Балалар шешілмейтін жағдайдың жауабын дұрыс таба білуге үйренеді. Тәжірибе жасай отырып,қызығушылықтарын арттыру.
Сөздік жұмыс: Сеземіз,көрінбейді,қозғалады,жеңіл,дем аламыз.
Қажет заттар: Ауа шарлар,су құйылған ыдыс, майлықтар, сумен стакандар, шүмекшелер, ойыншық «Алдар-көсе», әр балаға жеке орамал.,тамшылардың белгілері (көк түс,жасыл түс)

Мотивациялық қозғаушы
1.Шарттық шеңбер
Мақсаты:
Әр баланың көңіл-күйін көтеру, сөйлеу, еркін өзін ұстай білуге баулу. Табиғатты сүюге, қорғауға үйрету.
Табиғат біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз,
Иіліп сәлем береміз,
Біз әдепті баламыз.
2.Тосын сый
Мақсаты:
Қонақты сәлемдесіп,қарсы алу. Балалрды қонақты қарсы алуды білуге үйрету.Төрге шығару . Шешілмеген жағдай. Туындыру, ойландыру.
Тәрбиеші: -Балалар, бүгін бізге қонаққа Алдар-көсе келген екен. Біз оны қарсы алып, амандасайық!
Балалар: -Сәлеметсіз бе, Алдар-көсе!
Тәрбиеші: -Алдар-көсе, бізге жай келмепті, ол сендерден ауа деген не: Сол туралы біліп үйренгісі келеді екен!
Тәрбиеші: - Осы шарды үрлегенде дөңгелек болу үшін не істеуіміз керек?
Балалар: - Оны көп желмен үрлеуіміз керек!
Қорытынды: Шардың ішіндегі ауа шығып кетті.
Балалар: - Шарды көп желмен үрлеуіміз керек!
Тәрбиеші: - Шарды үрлеген соң оның ішінде не пайда болады?
Балалар: - Ауа.
Тәрбиеші: -Шардың ішіне ауа қайдан келеді?

Іздену ұйымдастырушы
1. Сұрақ - жауап


Балалар: - Біз ауаны шығарамыз.
Тәрбиеші: -Ауаны шығару үшін ,біз оны дем алып ауаны жұтып аламыз. Ауаны біз қайдан алуымыз керек. Ауаны жұтқан кезде ме,әлде..
Балалар: - Өз жауаптарын айтады.
Тәрбиеші: -Ендеше, біздің айналамызда ауа бар. Оны байқау үшін, қазір біз ауамен демімізді алып, (ауыз бен мұрынмен дем алу)
-Алақанды қойып, оған ауа жіберіңдер.
-Сендер нені сездіңдер? (жылу, жел т.б)
-Ауыздан шыққан ауа алақанға жетті.
-Ауа жылжыды.
-Ал, балалар,сендер ауаны көрдіңдер ме?
Балалар: -жоқ
Тәрбиеші: -Егер, сендер оны көрмесеңдер, ол қандай?
Балалар: ол көрінбейді.
Алдар-көсе: -Ал, мен ауаны көргім келеді,
Мен не істесем, екен?
Тәрбиеші: -Бұл істі қалай шешшек екен? (Балалар ойланады)
Тәрбиеші: Қазір балалар біз екі топқа бөлінеміз.Сендердің кеуделерінде бар тамшы түстерімен бөлінеміз.Көк тамшысы бар үстел басына көк тамшылар барады.Жасыл тамшысы бар үстел басына жасыл тамшылар барады.

2. Танымдық-зерттеу әрекеттері

Тәрбиеші: -Қазір, оны да шешіп көрейік!
-Үстелдердің жанына «көк тамшылар» барып тұрындар! Майлықтың үстінен ауа шарын алыңдар, оны үрлеңдер! (Балалар үрлейді)
Тәрбиеші: -Жарайсыңдар, енді шарларды ауызын төмен қаратып, су құйылған ыдысқа кішкене қысып, саламыз. (Ой, судың бетіне нелер шығып жатыр?)
Балалар: -Бүркешектер
-Олардың ішінен ауа шығып жатыр.
Алдар-көсе: -Дұрыс, ауа шардан шыққанын, судың бетіндегі бүркешектен білдік, бұл өте қызық болды. Ал, ауаны тағы көргілерің келе ме?
Тәрбиеші: -Майлықтар мен шарларды орнына қойындар, да, қолдарыңа шүмекшелерді алыңдар! Алақанды «жасыл тамшылар» ашып, шүмекшемен үрлеңдер!
- Сендер, нені сездіңдер? Мен ауаның жылжығанын сездім. Сендер ше?
-Онда мынадай нәтиже шығара аламыз. Ауа жылжиды, қозғалады.
-Ал, енді су құйылған стақанға шүмекшелермен ауаны үрлегенде не болады екен?Кәне,көрейік!
-Қазір мұрынмен дем алып, шүмекшемен суға ауаны шығарамыз. Суда нені көрдіңдер?
Балалар: -Бүршектер (пузырики) - ауа шықты.
Тәрбиеші: Қазір,көк тамшылар мен жасыл тамшылар өздерінің жасағандары бойынша бір-бірлеріне түсіндіреді.
Мақсаты: Әр топтан топ басшысын тандап,балалар ауаны қалай сезгендерін көрсетіп,айтады.

3. Динамиқалық үзіліс
Мақсаты: Балалардың шаршағанын басу,тілдерін дамыту,қимылмен көрсету.
Бір,екі,үш дем аламыз жинап күш,желдеткіш кең ашылсын,шаң тозаңы басылсын.
4. Ойын «Ауа не үшін қажет?»
Мақсаты:
Ауаның қажеттілігін білу,кімге керектігін тану,айыра біледі,сөздік қорын молайтады,дұрыс сөз тіркестерін құрайды.
Ойының шарты: Балалар,алдарында жатқан құстардың,аңдардың,өсімдіктердің,адамдардың,жәндіктердің суреттерін алып,әр қайсысына ауа қалай қажет екендігін айтады.
Балалар: -Аңдарға, құстарға, өсімдіктерге, адамға, жәндіктерге.
Тәрбиеші: -Ал, сендер ауасыз, өмір сүре аласыңдар ма?
-Қазір, мен сендерді тексерейін!
-Қолымызбен мұрынды, ауызды жабайық.
Дем алмай тұрайық! Қанша уақыт шыдай аламыз екен?
Тәрбиеші: -Сонымен, айта қойыңдаршы, ауасыз адам,жануар, өсімдіктер тірлік жасай ма?
Балалар: -Біз ауасыз өмір сүре алмаймыз.

Рефлексиялық - коррекция

1. Сабақтың қорытындысы:
Тәрбиеші: -Бүгін жанадан көп білмегенімізді білдік.Біздің айналамызда не барын..
-Ол қандай екенін.
Балалар: -Көрінбейді, қозғалады, сезуіге болады.
Тәрбиеші: -Алдар-көсенің шары дөңгелек болу үшін не істеу керек екен?
Балалар: -Оны үрлеу қажет.
Тәрбиеші: -Ендеше шарларымызды, үрлеп, Алдар-көсе ге сыйлайық!

2. Алдар-көсе: -Балалар, сендерге көп рахмет!
-Ауа туралы көп нәрсені үйрендім, білдім!
Балалар: Көп рахмет! Сау болыңыз!

Қосымша А





Қосымша Ә


Жәндіктер:



Өсімдіктер:



Жануарлар:





Адамдар:



Өлі табиғат




Каталог: files -> caf
caf -> Сабақтың тақырыбы: Қазақфильм киностудиясы. Сабақтың мақсаты: Білімділік: а кино өнері туралы мәлімет беру
caf -> Сабақтың тақырыбы : Киелі аспап-қобыз
caf -> Сабақтың тақырыбы: Төлеген Айбергенов «бір тойым бар»
caf -> Аты-жөні Айя Серикбайқызы Шалгимбаева Лауазымы
caf -> Мекеме атауы Қ. Бекқожин атындағы №12 жалпы орта білім беру мектебі Аты-жөні Рахимов Бауыржан Кусжанович Лауазымы Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
caf -> Центром развития сотрудничества со странами латинской америки
caf -> Сабақтың тақырыбы: Құстар біздің достарымыз
caf -> №22 жалпы орта білім беру мектебі Т. А. Ж. – Ешимова Арнат Айтымовна Қызметі – тарих және география пәнінің мұғалімі
caf -> Білім облысы: Таным Бөлімі: ҚМТҚ Тақырыбы: Ғарышқа саяхат (Логика) Мақсаты
caf -> «Таным» білім беру саласы. Бөлімі: Айналамен таныстыру Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: «Қысқы орман»


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет