Қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы



Дата26.04.2016
өлшемі127.13 Kb.
Бородулиха ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 ақпандағы №50 қаулысы

Номативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде

2015 жылғы 2 сәуірдағы №3805 тіркелген


Бородулиха ауданы бойынша «Б» корпусы

мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің

қызметін жыл сайынғы бағалаудың

әдістемесін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 Жарлығымен бекітілген, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларының 27-тармағына, «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 86 бұйрығымен бекітілген, «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесінің 2-тармағына сәйкес, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Бородулиха ауданы бойынша «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың ұсынылып отырған әдістемесі бекітілсін.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Бородулиха ауданы әкімі аппаратының басшысы С.Н.Лазуринге жүктелсін.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Аудан әкімі Г.Акулов

Бородулиха ауданы әкімдігінің

2015 жылғы 26 ақпандағы

№ 50


қаулысымен бекітілді
Бородулиха ауданы бойынша «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесі
1. Жалпы ережелер
      1. Осы Бородулиха ауданы бойынша «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 Жарлығын іске асыру үшін әзірленді және Бородулиха ауданы бойынша «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – қызметшілер) қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу тәсілін айқындайды.

      2. Қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын айқындау үшін жүргізіледі.

      3. Бағалау мемлекеттік әкімшілік қызметте болған әрбір жыл өткен сайын, көрсетілген мерзім басталған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей, бірақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап алты айдан ерте емес мерзiмде жүргізіледі.

      4. Қызметшілерді бағалау мыналардан:

      1) қызметшінің тікелей басшысының бағалауы;


  1. айналмалы бағалау (қызметшінің қарамағындағы немесе олардың

әріптестерінің бағалауы);

      Қызметшінің тікелей басшысы оның лауазымдық нұсқаулығына сәйкес өзі бағынатын тұлға болып табылады.

Аудандық бюджеттен қаржыланатын атқарушы органдар басшылары, кенттік, ауылдық округ әкімдері үшін бағалау аудан әкімі немесе оның уәкілеттік беруімен оның орынбасарларының бірімен өткізіледі.

      5. Бағалау нәтижелері бойынша қызметшілер қызметіндегі кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар әзірленеді, олардың қызметіндегі жақсартуды қажет ететін бағыттар айқындалады, тағылымдамадан өткізу, ілгерілету бойынша ұсыныстар әзірленеді.

      6. Қызметшінің соңғы үш жыл бойы екі «қанағаттанарлықсыз» деген баға алуы, оны аттестаттаудан өткізуге негіз болып табылады.

      Аттестаттаудан өткізу туралы шешім қабылдау кезінде алдыңғы аттестаттаудан өткізуге негіз болған бағалау нәтижелері ескерілмейді.

      7. «Қанағаттанарлықсыз» деген баға алған қызметші мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш қабылданған тұлғаға тәлімгер ретінде бекітілмейді.

      8. Қызметшінің қорытынды бағасын тұрақты жұмыс істейтін Бородулиха ауданы бойынша «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау комиссиясы (бұдан әрі – Комиссия) бекітеді, оны қызметшіні лауазымға тағайындау және лауазымнан босату құқығы бар адам құрады.

      9. Комиссия кемінде үш мүшеден, соның ішінде төрағадан тұрады.

     10. Дауыс беру қорытындысы Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      Комиссия төрағасы болып Бородулиха ауданы әкімі аппаратының басшысы табылады.

      Комиссия хатшысы Бородулиха ауданының әкімі аппаратының персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімі (бұдан әрі -кадр қызметінің) қызметкері болып табылады. Комиссия хатшысы дауыс беруге қатыспайды.

      Егер Комиссия құрамына оған қатысты бағалау жүргізілетін қызметшінің тікелей басшысы, сондай-ақ осы Әдістеменің 4-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген қызметшілер кіретін болса, олар осы қызметшіге қатысты дауыс беруге және шешім қабылдауға қатыспайды.
2. Бағалау жүргізуге дайындық
      11. Кадр қызметі Комиссия төрағасының келісімі бойынша бағалауды өткізу кестесін әзірлейді.

      Кадр қызметі бағаланатын қызметшіге, сондай-ақ осы Әдістеменің 4-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға бағалау жүргізілетіні туралы хабарлайды және оларға бағалау өткізуге дейін бір айдан кешіктірмей толтыру үшін бағалау парағын жібереді.


3. Тікелей басшының бағалауы
      12. Тікелей басшы осы әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалау парағын кадр қызметінен алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде толтырады, қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстырады және екі жұмыс күні ішінде толтырылған бағалау парағын кадр қызметіне қайтарады.

      Қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.

      Қызметшінің танысудан бас тартуы құжаттарды Комиссия отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда кадр қызметiнiң қызметкерi және қызметшінің тікелей басшы танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.

4. Айналмалы бағалау


      13. Айналмалы бағалау қызметшінің қарамағындағы адамдардың, ал қарамағындағы адамдар болмаған жағдайда – қызметші жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшеде лауазымды атқаратын адамның (олар болған жағдайда) бағалауын білдіреді.

      Мұндай адамдардың тізімін (үш адамнан аспайтын) қызметшінің лауазымдық міндеттері және қызметтік өзара әрекеттестігіне қарай кадр қызметі бағалау жүргізілгенге бір айдан кешіктірмей анықтайды.

      14. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалар осы әдістемесінің 2-қосымшасына сәйкес нысанда бағалау парағын толтырады.

      15. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалармен толтырылған бағалау парағы кадр қызметінен оларды алған күннен екі жұмыс күні ішінде кадр қызметіне жіберіледі.

      16. Кадр қызметі осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалардың бағалауының орташа есебін жүргізеді.

      17. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалармен бағалау жасырын түрде жүргізіледі.


5. Қызметшінің қорытынды бағасы
      18. Кадр қызметі қызметшінің қорытынды бағасын мына формула бойынша Комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:
a = b + c

      a – қызметшінің қорытынды бағасы,

      b – тікелей басшының бағасы,

      c – осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалардың орта бағасы.

      19. Қорытынды баға мына шкала бойынша қойылады:

      21 балдан төмен – «қанағаттанарлықсыз»,

      21-ден 33 балға дейін – «қанағаттанарлық»,

      33 балдан жоғары – «тиімді».


6. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы
      20. Кадр қызметі осы Әдістеменің 11-тармағында көрсетілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.

      Кадр қызметі Комиссияның отырысына мына құжаттарды:

      1) толтырылған тікелей басшының бағалау парағын;

      2) толтырылған айналмалы бағалау парағын;

      3) қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын;

     4) Осы әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қорытынды баға көрсетілген Комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.

      21. Комиссия бағалау нәтижелерін қарастырады және мына шешімдердің бірін шығарады:

      1) бағалау нәтижелерін бекітеді;

      2) бағалау нәтижелерін қайта қарайды.

      Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті түсіндірмемен келесі жағдайларда бағаны түзетеді:


     1) егер қызметшінің қызмет тиімділігі бағалау нәтижесінен көп болса, бұл ретте қызметшінің қызмет нәтижесіне құжаттамалық растау беріледі;
     2) қызметшінің бағалау нәтижесін санауда қате жіберілсе.
Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті қысқаша түсіндірмемен бағаны түзетеді.

Бұл ретте қызметшінің бағасын төмендетуге жол берілмейді.

      22. Кадр қызметі бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң бес жұмыс күні ішінде қызметшіні таныстырады.

      Қызметшіні бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.

      Қызметшінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда кадр қызметiнiң қызметкерi танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.

      23. Осы Әдістеменің 20-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы кадр қызметінде сақталады.


7. Бағалау нәтижелеріне шағымдану
24. Комиссия шешіміне қызметшінің мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл жөніндегі уәкілетті органына немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      25. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті қызметшіден шағым түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде шағымды қарайды және бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік органға Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.

      26. Қабылданған шешім туралы ақпаратты мемлекеттік орган екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне береді.

Бородулиха ауданы бойынша «Б» корпусы

мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің

қызметін жыл сайынғы бағалау

әдістемесіне 1-қосымша           

                                                               



Тікелей басшысының бағалау парағы
Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда):________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы:____________________________________




Өлшем

Көрсеткіштің мәні

Баға

р/н



(саны)

(балл)

1.

Бастамашылығы

2-ден 5-ке дейін


2.

Лауазымды міндеттерін орындау сапасы

2-ден 8-ге дейін


3.

Әрекеттестікке икемділігі

2-ден 5-ке дейін


4.

Қызметтік этиканы сақтауы

2-ден 5-ке дейін


БАРЛЫҒЫ (барлық бағалардың бағасы)

Таныстым:                            Тікелей басшы


Қызметші                             Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)____
Т.А.Ә.(бар болған жағдайда)_______   күні___________________________ 
күні_____________________________    қолы____________________________
қолы_____________________________

Бородулиха ауданы бойынша «Б» корпусы

мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің

қызметін жыл сайынғы бағалау

әдістемесіне 2-қосымша 

          



Айналмалы бағалау парағы
Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда):________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы:____________________________________




Өлшем

Көрсеткіштің мәні

Баға

р/н



(саны)

(балл)



Бағынышты адам

1.

Жұмысты жоспарлай алу қабілеті

2-ден 5-ке дейін


2.

Жұмысқа ынталандыру қабілеті

2-ден 5-ке дейін


3.

Қызметтік этиканы сақтауы

2-ден 5-ке дейін




Барлығы (барлық бағалардың бағасы)







Әріптесі

1

Топта жұмыс істей алу қабылеті

2-ден 5-ке дейін



2

Қызметтік этиканы сақтауы

2-ден 5-ке дейін



3

Лауазымды міндеттерін орындау сапасы Барлығы (барлық бағалардың бағасы)

2-ден 5-ке дейін


Бородулиха ауданы бойынша «Б» корпусы

мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің

қызметін жыл сайынғы бағалау

әдістемесіне 3-қосымша 
Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы
_____________________________________________________________________

(мемлекеттік органның атауы)




Қызметшінің Т.А.Ә.
(бар болған жағдайда)

Тікелей басшының бағасы

Айналмалы баға

Қорытынды баға

р/р







1









...









Комиссия қорытындысы:
__________________________________________________________________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Тексерген:

Комиссия хатшысы:_____________________________ Күні:_________________
                  (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы)
Комиссия төрағасы:____________________________ Күні:_________________
                 (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы)

Комиссия мүшесі:______________________________ Күні:_________________


                (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы) 




Каталог: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет