Ж. №253 Салық органдарында мүлiктi жария ету жүргiзудің кейбір мәселелері туралы



жүктеу 167.01 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі167.01 Kb.
: irj
irj -> Оқу, ғылыми және басқа мақсаттағы материалдарды бір көзден мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы Хаттама
irj -> Сауықтыру жөнiндегi кеңес құру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 17 маусымдағы №660 Қаулысы «Дағдарыстан кейiн қалпына келтiру бағдарламасын (бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындарды сауықтыру) бекiту туралы»
irj -> 1 Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысы бөлігінің түсімдері Республикалық бюджетке «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табыс бөлігінен аударымдар»
irj -> ҚР Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Комитеті қызметінің 2014 жыл жағдайы қорытындысы бойынша ақпарат Республикалық меншіктегі акциялардың
irj -> Нұрлы жол – болашаққа бастар жол Құрметті қазақстандықтар!
irj -> Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебі
irj -> Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қазақстан Республикасы
irj -> «Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті Жалпы ережелер «Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру»
irj -> «Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет регламенті
irj -> Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы

11.07.2006 ж. № 253

Салық органдарында мүлiктi жария ету

жүргiзудің кейбір мәселелері туралы


«Мүліктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:



  1. Қоса беріліп отырған Салық органдарында мүлікті жария етуді жүргізу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) бекітілсін.

  2. Облыстар, Астана мен Алматы қалалары, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарындағы салық комитеттерінің (бұдан әрі – салық органдары) төрағалары мүлікті жария етуді жүргізу жөнінде мынадай құрамда комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрсын:

салық органы төрағасының орынбасары (штат кестесінде төрағаның орынбасары лауазымы жоқ болғанда – бөлім бастығы) – комиссияның жетекшісі;

мынадай:

есеп және талдау;

салық тіркеуі;

өндірістік емес төлемдер;

құқықтық қамтамасыз ету;

мәжбүрлеп өндіріп алу;

ақпараттық технологиялар;

салық есептілігін қабылдау және өңдеу мәселелерімен айналысатын құрылымдық бөлімшелердің өкілдері.

3. Комиссия жергілікті атқарушы органдардың жанынан құрылатын Мүлікті жария етуді жүргізу жөніндегі комиссияда салық органдары өкілінің қызметін қамтамасыз етеді деп белгіленсін.

4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті
(Н.Қ. Рахметов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Төрағасы Н.Қ. Рахметовке жүктелсін.

6. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі, 2007 жылғы 1 сәуірге дейін қолданылады және ресми түрде жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі Н. Коржова

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2006 жылғы «_11_» шілдедегі

№_253_бұйрығымен

БЕКІТІЛГЕН


Салық органдарында мүлікті жария етуді

жүргізу жөніндегі нұсқаулық

1. Жалпы ережелер




  1. Осы Нұсқаулық «Мүліктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі - Заң) іске асыру мақсатында әзірленді және салық органдарында мүлікті жария етуді жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдануды нақтылайды.

  2. Заңның күші Заңның 2-бабының 2-тармағына сәйкес мынадай тұлғаларға қолданылмайды:

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190 - 193, 218, 221, 222-баптарында көрсетілген қылмыстарды жасағаны үшін оларға қатысты қылмыстық іс қозғалған;

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190 - 193, 218, 221, 222-баптырында көрсетілген қылмыстарды жасағаны үшін сотталған;

Қазақстан Республикасы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің 118, 120, 143, 154, 155 (бірінші бөлігі), 178, 179, 182, 185, 189,
205 - 209, 237, 239, 253, 357-2-баптарында көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.


  1. Заңға сәйкес салық органдарында жария етуге мынадай:

  1. Қазақстан Республикасы мен шетелдегі ақша;

  2. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан мүлік пен бағалы қағаздар;

  3. тиісті емес тұлғаға ресімделген мүлік пен бағалы қағаздар;

  4. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтары ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жылжымайтын мүлікті қоспағандағы, басқа да мүлік жатады.

Азаматтық кодекстің 117-бабының 1 және 2-баптарына сәйкес жер учаскелерi, үйлер, ғимараттар, көпжылдық екпелер және жермен тығыз байланысты өзге мүлiк, яғни орнынан олардың мақсатына сай емес шығынсыз ауыстыру мүмкiн болмайтын мүлiк жылжымайтын мүлік деп танылады. Мемлекеттiк тiркеуге жататын әуе және теңiз кемелерi, iшкi сауда жүзу кемесi, «өзен-теңiз» жүзу кемесi, ғарыштық объектiлер де қозғалмайтын заттарға теңестiрiледi. Заң құжаттары бойынша қозғалмайтын заттарға өзге мүлiктер де жатқызылуы мүмкiн.

Азаматтық кодекстің 117-бабының 3-тармағына сәйкес қозғалмайтын заттарға жатпайтын мүлiк, оның iшiнде ақша мен бағалы қағаздар қозғалатын мүлiк деп танылады. Заң құжаттарында көрсетiлгеннен басқа реттерде қозғалатын мүлiкке құқықтарды тiркеу талап етiлмейдi.

4. Жария етуге мынадай:

сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтар, жеке тұлғаға, бейбiтшiлiк пен адамзаттың қауiпсiздiгiне, конституциялық құрылыс негiздерiне және мемлекеттің қауіпсiздiгіне, меншiкке, мемлекеттiк қызмет мүдделерiне, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртiпке, халықтың денсаулығы мен имандылыққа қарсы қылмыстардың нәтижесiнде алынған;

құқықтары сот тәртiбiмен дауланып жатқан;

соның ішінде кредит ретінде алынған ақша;

Қазақстан Республикасының заңдарында құқықтар беруге жол берілмейтін мүлік жатпайды.

5. Заңның 7-бабының 9-тармағына сәйкес жария етілетін мүлік бойынша ұсынылатын мәліметтердің толықтығы мен шынайылығы үшін өтініш берушілер жауап береді.

Мүлікті жария ету үшін ұсынылған құжаттарды қабылдау кезінде салық органдары өтініш берушіні Заңның 2 және 3-баптарында белгіленген талаптарға сәйкестігіне қатысты тексермейді.

6. Мүлікті жария ету салық органдарында Қазақстан Республикасы азаматының тіркелген жері немесе заңды тұлғаның (бұдан әрі - өтініш берушілер) мемлекеттік тіркеу орны бойынша жүргізіледі.

7. Мүлікті жария ету мерзімі 2006 жылғы 3 маусымнан басталады және 2006 жылғы 30 желтоқсанда аяқталады.

2. Жария етуді жүргізу үшін қажетті құжаттардың тізбесі


8. Салық органы бірінші басшысының бұйрығымен жария етуді жүргізу үшін қажетті өтініш беруші тапсырған құжаттарды қабылдау үшін жауапты тұлға (бұдан әрі - маман) тағайындалады.

9. Заңға сәйкес жария ету мынадай құжаттардың негізінде жүргізіледі:

1) ақшаны жария ету үшін:

Заңға 1 немесе 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша екі данада мүлікті жария етуді жүргізуге өтініш (бұдан әрі – өтініш);

мүлікті жария ету үшін алымның (бұдан әрі - алым) төленгенін растайтын құжаттардың;

жеке басын куәландыратын құжаттардың, ал заңды тұлғаның өкiлдерi – сонымен қатар жарғысының (ережесiнiң), заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінiң, салық төлеуші куәлігінің нотариатта куәландырылған көшірмелерін және олардың өкiлеттiгiн растайтын құжаттарды;

жария етуге ұсынылған ақша сомасының барлығын растайтын екінші деңгейдегі банк немесе шетелдік банк берген құжаттар;

2) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан жылжымайтын мүлікті, сондай-ақ орналасқан елінде мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікті жария ету үшін:

Заңға 1 немесе 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша екі данада өтініш;

алымның төленгенін растайтын құжаттардың;

жеке басын куәландыратын құжаттардың, ал заңды тұлғаның өкiлдерi – сонымен қатар жарғысының (ережесiнiң), заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінiң, салық төлеуші куәлігінің нотариатта куәландырылған көшірмелерін және олардың өкiлеттiгiн растайтын құжаттарды;

мүлікке құқық белгілейтін құжаттың нотаритта куәландырылған көшірмесінің;

3) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан бағалы қағаздарды жария ету үшін:

Заңға 1 немесе 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша екі данада өтініш;

алымның төленгенін растайтын құжаттардың;

жеке басын куәландыратын құжаттардың, ал заңды тұлғаның өкiлдерi – сонымен қатар жарғысының (ережесiнiң), заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінiң, салық төлеуші куәлігінің нотариатта куәландырылған көшірмелерін және олардың өкiлеттiгiн растайтын құжаттарды;

бағалы қағаздар бойынша тиісті есепке алу жүйесіндегі дербес шоттан көшірме жазбаның немесе бағалы қағаздардың эмитенті болып табылатын резидент мемлекетінің заңнамасында белгіленген аталған бағалы қағаздарға меншік құқығын растайтын өзге де құжаттың;

4) тиісті емес тұлғаға ресімделген мүлікті жария ету үшін:

Заңға 1 немесе 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша екі данада өтініш;

алымның төленгенін растайтын құжаттардың;

жеке басын куәландыратын құжаттардың, ал заңды тұлғаның өкiлдерi – сонымен қатар жарғысының (ережесiнiң), заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінiң, салық төлеуші куәлігінің нотариатта куәландырылған көшірмелерін және олардың өкiлеттiгiн растайтын құжаттарды;

мүлікке құқық белгілейтін құжаттың нотаритта куәландырылған көшірмесінің;

тиісті емес тұлғаның мүлікті өтініш берушіге өтеусіз бергені туралы нотариат куәландырған шарттың;

5) тиісті емес тұлғаға ресімделген бағалы қағаздарды жария ету үшін:

Заңға 1 немесе 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша екі данада өтініш;

алымның төленгенін растайтын құжаттардың;

жеке басын куәландыратын құжаттардың, ал заңды тұлғаның өкiлдерi – сонымен қатар жарғысының (ережесiнiң), заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінiң, салық төлеуші куәлігінің нотариатта куәландырылған көшірмелерін және олардың өкiлеттiгiн растайтын құжаттарды;

бағалы қағаздар бойынша тиісті есепке алу жүйесіндегі дербес шоттан көшірме жазбаның немесе бағалы қағаздардың эмитенті болып табылатын резидент мемлекетінің заңнамасында белгіленген аталған бағалы қағаздарға меншік құқығын растайтын өзге де құжаттың;

тиісті емес тұлғаның мүлікті өтініш берушіге өтеусіз бергені туралы нотариат куәландырған шарттың;

6) басқа да жылжымалы мүлікті жария ету үшін:

Заңға 1 немесе 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша екі данада өтініш (бұдан әрі – өтініш);

алымның төленгенін растайтын құжаттардың. Мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникасын Заңның 6-бабының 3-тармағына және «Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлер көлiк құралдарына салық төлеуден босатылатын мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникаларының тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 қарашадағы № 1519 қаулысына сәйкес жария еткен жағдайда алымды төлеу жүргізілмейді;

жеке басын куәландыратын құжаттардың, ал заңды тұлғаның өкiлдерi – сонымен қатар жарғысының (ережесiнiң), заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінiң, салық төлеуші куәлігінің нотариатта куәландырылған көшірмелерін және олардың өкiлеттiгiн растайтын құжаттарды.

10. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты немесе жеке куәлік жеке басты кәуландыратын құжаттар болып табылады.

Маман жеке басты куәландыратын құжаттың ксерокөшiрмесiн жасауы және аталған құжаттың түпнұсқасын өтініш берушіге қайтаруы тиіс.

11. Заңға сәйкес шет тілінде ресімделген құжаттар нотариат куәландырған мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен ұсынылуы тиіс.

3. Құжаттарды қарау
12. Маман мүлікті жария ету үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың осы Нұсқаулықтың 9-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесіне сәйкестігі мәніне тексеру жүргізуі тиіс.

Бұдан өзге, маман деректемелерді көрсету дұрыстығына және төлем құжатын толтыру тәртібіне назар аударуы қажет.

Өтініш беруші ұсынған құжаттарды алу кезінде маман осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүлікті жария ету бойынша өтініштерді есепке алу журналын (бұдан әрі - Журнал) толтырады. Журнал нөмірленген (беттері), тігілген және салық органының мөрімен куәландырылған болуы тиіс.

Мүлікті жария ету үшін ұсынылған құжаттардың тізбесі Журналда


1-23 жолдарды толтырумен тіркеледі.

Бұдан кейін маман өтініш берушіге осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүлікті жария ету үшін ұсынылған құжаттардың тізімдемесін (бұдан әрі – тізімдеме) береді. Бұл ретте өтініш пен тізімдеменің реттік нөмірі сәйкес келуі тиіс. Тізімдеме екі данада ресімделеді, бірінші данасы өтініш берушіге беріледі; екінші данасы өтініш беруші ұсынған құжаттарға қоса тіркеледі.

13. Маман құжаттар тізімдемесін тексеруден кейін, дербес құрамын салық органының төрағасы бекітетін Комиссия шақырады. Комиссия мүшелерінің саны тақ және бес адамнан кем болмауы тиіс. Маман Комиссияның хатшысы болып табылады.

14. Комиссияның шешімдері Комиссия құрамының 2/3 бар болғанда Комиссия мүшелерінің қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, Комиссия жетекшісінің дауысы шешуші болып табылады.

Комиссия мүшелері қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда, өзінің пікірін жазбаша түрде білдіре алады, ол хаттамаға қоса тіркеледі.

15. Комиссияның шешімі, Комиссияның жетекшісі мен Комиссияның қатысқан мүшелері қол қоятын осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттамамен ресімделеді.

16. Комиссия құжаттарды қарау нәтижесі бойынша жария етуге ұсынылған құжаттарды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде төмендегі екі ұсыныстың бірін қабылдайды:


  1. өтінішті қабылдау туралы;

  2. өтінішті қайтару туралы.

17. Заңның 7-бабының 5-тармағына сәйкес құжаттарды қайтару мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

          1. құжаттардың толық емес пакеті ұсынылғанда;

          2. ұсынылған құжаттарда өшірулер мен түзетулер бар болғанда;

          3. алымның сомасын дұрыс емес есептеу;

          4. ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында мұндай құжаттарға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі.

18. Комиссия осы Нұсқаулықтың 16-тармағында көрсетілген ұсыныстың бірін қабылдаған соң, маман салық органының төрағасы үшін тиісті құжаттардың пакетін дайындайды:

      1. әрбір өтініш беруші бойынша ресімделген Комиссии отырысының хаттамасы;

      2. өтініш;

      3. өтінішке қоса тіркелген басқа да құжаттар.

19. Салық органының төрағасы ұсынылған материалдардың негізінде төмендегі екі шешімнің бірін қабылдайды:

1) өтінішті қабылдау туралы;

2) өтінішті қайтару туралы.

20. Өтінішті қабылдау туралы шешім кезінде салық органының төрағасы мен маман өтініштің 2 данасына өтінішті қабылдау күнін көрсетумен және салық органының елтаңбалы мөрімен куәландырып қол қояды.

Өтінішке қол қойғаннан кейін маман Журналға және Заңға
3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жария етілген мүлік тізіліміне (бұдан - Тізілім) тиісті өзгерістер енгізеді.

Көрсетілген жазулар Журнал мен Тізілімге енгізілгеннен кейін өтініш берушіге Тізілімге қол қою қажет, содан соң маман қабылданған өтініштің екінші данасын өтініш берушіге береді.

21. Өтінішті қайтару туралы шешім кезінде маман қайтарудың себебін көрсетумен салық органының басшысы қолын қоятын хат дайындайды.

Мүлікті жария ету үшін ұсынылған құжаттарды қайтару кезінде маманға түпнұсқаларды қайтару жүргізу қажет, бұр ретте аталған түпнұсқалардың ксерокөшірмелері өтініш берушінің ісіне тігілуі тиіс.

Хатқа қол қойылған соң маман Журналға тиісті өзгерістер енгізеді.

Құжаттарды қайтару туралы хатты өтініш берушіге табыс еткен кезде маман өтініш берушіден аталған хатты алғаны туралы белгісін алуы қажет. Хатта жария етуге ұсынылған құжаттардың саны және тізімдемеде көрсетілген құжаттардағы парақтардың саны көрсетіледі.

22. Мүлікті жария етуге ұсынылған құжаттарды қайтару үшін негіз болған себептерді жойған кезде, өтініш беруші жария етудің белгіленген мерзімі ішінде мүлікті жария ету бойынша өтінішті қайтадан беруге құқылы.

4. Мүлікті жария ету үшін алым бойынша дербес шоттарды жүргізу


23. Мүлікті жария ету үшін алым бойынша жария ету субъектісінің дербес шоттары Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 716 болып тiркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2003 жылғы 23 желтоқсандағы № 530 бұйрығымен бекітілген Дербес шоттарды жүргізу ережелерінің (бұдан әрі –Ереже) 5-тарауына сәйкес кiрiстердiң бюджет жiктеуiшiнiң тиiстi коды бойынша ашылады және жүргізіледі.

24. Мүлікті жария ету үшін алымды Заңның 11-бабына сәйкес жылжымайтын мүлікті жария ету үшін алымды қоспағанда, азаматтар тұрғылықты жері бойынша, ал заңды тұлғалар – орналасқан орны бойынша төлейді.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтары ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жылжымайтын мүлікті жария ететін жария ету субъектілері алымды мүліктің орналасқан орны бойынша төлейді.

25. Төленген алым сомалары өтініш беруші дербес шотының «Есептелді» және «Төленді» бағанында жіберуші салық төлеушінің төлем құжатында көрсетілген тіркеу нөмірі бойынша автоматты режимде түскен сомалар бойынша Қазынашылық органның ақпараты мен есептілігінің негізінде көрсетіледі. Бұл ретте алымның төленбеген сомаларына дербес шотта өсімпұл есептелмейді.

Алым сомасының бюджетке есептелген күні алым төленгенінің растауы болып табылады.

26. Алым сомасын бюджеттен қайтару Қазынашылық органы ақпараты мен есептілігінің деректері бойынша дербес шотта төленген сома барлығы көрсетілген кезде өтініш беруші өтінішінің негізінде жүргізіледі.

Алым сомасы қайтарылған кезде, көрсетілген сома дербес шотқа бір мезгілде «Қайтарылды» және «Азайтылды» бағанына таратылып жазылады.

Алымның қате төленген сомаларын қайтару (есепке жатқызу) Ереженің 15-тарауында көзделген тәртіппен жүргізіледі.

27. Мүліктің орналасқан орны бойынша салық органына мүлікті жария етуге құжаттарды, соның ішінде алымды төлеуге арналған төлем құжатын басқа салық органына ұсынған кезде, өтініш беруші қате төленген соманы есепке жатқызуға өтінішті құжаттар ұсынылған салық органына береді. Бұл ретте мүліктің орналасқан орны бойынша салық комитеті төленген алымның сомасын аударуға (есепке жатқызуға) алымды нақты төлеу орны бойынша салық органына өтініш берушінің өтініші мен төлем құжатының көшірмелерін қоса жазбаша сұрау салу жібереді.

Алымды нақты төлеу орны бойынша салық органы алынған құжаттардың негізінде бір жұмыс күні ішінде мүліктің орналасқан орны бойынша салық органына алымның төленген сомасын аударуға (есепке жатқызуға) қорытынды мен төлем тапсырмасын ресімдейді.

Қазынашылық органынан алынған ақпарат пен есептіліктің, сондай-ақ қорытынды мен төлем тапсырмасының негізінде көрсетілген сома мүліктің орналасқан орны бойынша салық органында дербес шотта «Есептелді» және «Төленді» бағанында көрсетіледі.

5. Мүлікті жария ету үшін алымды қайтару


28. Төленген алым мүлікті жария етуге ұсынылған құжаттарды қайтару немесе мүлікті жария етуден бас тартылған жағдайларды қоспағанда, қайтарылмайды.

Түскен алым сомаларын бюджеттен қайтару төлеушінің алымды төлеу орны бойынша салық органына алым сомаларын бюджеттен қайтаруға берген жазбаша өтінішінің негізінде ғана жүргізіледі.

Бұл ретте алым сомасын қайтаруға өтініш мынадай жағдайларда беріледі:


  1. өтініш берушіге мүлікті жария етуге ұсынылған құжаттар қайтарылғанда, соның ішінде өтініш берушіге құжаттарды қайтару себебін жою үшін қайтарған кезде;

  2. жергілікті атқарушы органдардың шешімен жылжымайтын мүлікті жария етуден бас тартылғанда.

Бірақ салық органына алымның түскен сомаларын бюджеттен қайтаруға өтініш берілмеген кезде алымды қайтару жүргізілмейді.

29. Алымның түскен сомаларын бюджеттен қайтаруға өтініште мынадай мәліметтер көрсетілуі тиіс:

1) өтініш берушінің атауы немесе аты-жөні;

2) өтініш берушінің СТН-і;

3) өтініш берушінің мекен-жайы;

4) қайтарылуға жататын сома;

5) өтініш берушінің банктік шотының нөмірі және банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның атауы, сондай-ақ олардың деректемелері;

6) жеке куәліктің немесе паспорттың нөмірі және ол жеке тұлғаға кіммен берілді.

Қайтаруға өтінішке алымның бюджетке төленгені туралы төлем құжатының түпнұсқасы және көрсетілген алымды қайтару қажеттілігі туралы комиссияның шешімі қоса берілуі тиіс.

30. Алымды төлеушіге қайтару, қайтару туралы өтінішті берген күннен бастап он жұмыс күнінің ішінде жүргізіледі.

Қайтару туралы өтініштің негізінде салық органдары Қазынашылық органдарына алымның түскен сомаларын бюджеттен қайтару бойынша қорытынды мен төлем тапсырмасын береді.

31. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтары ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария ету үшін алымды бюджеттен қайтару үшін, Заңның
11-бабының негізінде олар бойынша бюджетке төлеу жүргізілген, бірақ мүлікті жария етуден бас тартылғанда, алымды төлеу орны бойынша салық органына алымды бюджеттен қайтаруға өтініштен басқа, жергілікті атқарушы органның аталған алымды қайтару қажеттілігі туралы жұмыс комиссиясының шешімі бар құжат беріледі.

32. Мүлікті жария етудің Заңда белгіленген мерзімі ішінде құжаттарды қайтару және мүлікті жария етуге өтінішті қайтадан беру үшін негіз болған себептерді жойғаннан кейін мүлікті жария ету үшін бюджетке алымды төлеу Заңның 6-бабының 4-тармағына сәйкес жүргізіледі.

Салық органдарында

мүлікті жария етуді

жүргізу жөніндегі

нұсқаулыққа 2-қосымша


Мүлікті жария ету үшін ұсынылған құжаттардың

_____ тізімдемесі


Ұсынылған құжаттардың тізбесі

  1. _____________________________________________________________

  2. _____________________________________________________________

  3. _____________________________________________________________

  4. _____________________________________________________________

  5. _____________________________________________________________

  6. _____________________________________________________________


Құжаттардың саны _____ (____________________________________)

(жазбаша)



Құжаттардағы парақтардың саны _____ (____________________________)

(жазбаша)



Маман ______________________________________ __________

2006 ж. «____»________ (Тегі, аты және әкесінің аты)


қолы
Сізге 2006 ж. «____» ______________ «____» сағат «____» минутта ___________________ ______________ бойынша салық комитетіне келу қажет.

Мөртаңбаның орны


Мен,___________________________________________________________________________________________________ (Өтініш берушінің аты-жөні)

іс жүзінде 2006 жылғы _______________ №_______ мүлікті жария ету үшін ұсынылған құжаттардың тізімдемесін алдым, сондай-ақ жария ету үшін ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтердің шынайылығы мен толықтығы үшін жауап беремін және:

1) маған (мен өкілі болып табылатын заңды тұлғалардың басшыларына) қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190 - 193, 218, 221, 222-баптарында көрсетілген қылмыстар жасалғаны үшін қылмыстық іс қозғалмағандығын;

2) мен (мен өкілі болып табылатын заңды тұлғалардың басшылары) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190 - 193, 218, 221, 222-баптырында көрсетілген қылмыстар жасалғаны үшін сотталмағандығымды(дығын);

3) мен (мен өкілі болып табылатын заңды тұлғалардың басшылары) Қазақстан Республикасы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің 118, 120, 143, 154, 155 (бірінші бөлігі), 178, 179, 182, 185, 189,


205 - 209, 237, 239, 253, 357-2-баптарында көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылмағандығымды(дығын);

4) менімен жариялау үшін құжаттар ұсынылған мүлік сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтар, жеке тұлғаға, бейбiтшiлiк пен адамзаттың қауiпсiздiгiне, конституциялық құрылыс негiздерiне және мемлекеттің қауіпсiздiгіне, меншiкке, мемлекеттiк қызмет мүдделерiне, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртiпке, халықтың денсаулығы мен имандылыққа қарсы қылмыстардың нәтижесiнде алынбағандығын;

5) менімен жариялау үшін құжаттар ұсынылған мүлік құқықтары сот тәртiбiмен дауланып жатпағандығын;

6) жария етілетін ақша кредит ретінде алынбағандығын;

7) Қазақстан Республикасының заңдарында құқықтар беруге жол берілмейтін мүлікті жария етпейтінімді растаймын.
Өтініш беруші ________________________________­____________ __________ 2006 ж. «____»________

(Аты, тегі және әкесінің аты) қолы

Салық органдарында

мүлікті жария етуді

жүргізу жөніндегі

нұсқаулыққа 3-қосымша


«Бекітемін» Салық комитетінің төрағасы

______________________________

(салық органының атауы)

______________________________

(аты-жөні, қолы)

____________________

(Күні)
Салық органдарында мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық

жүргізу жөніндегі комиссия отырысының

_____ ХАТТАМАСЫ



Төрағалық етуші: _______________________________________________________________

(Тегі, аты және әкесінің аты)


Комиссияның мүшелері қатысты: ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


(Тегі, аты және әкесінің аты)

Отырыстың күн тәртібі:


_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Шешім:

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Комиссияның хатшысы: ______________________________________________________

(Тегі, аты және әкесінің аты)


Комиссия мүшелелерінің тектері мен қолдары:

  1. _____________________________________________________________

  2. _____________________________________________________________

  3. _____________________________________________________________

  4. _____________________________________________________________

  5. _____________________________________________________________

  6. _____________________________________________________________

7. _____________________________________________________________



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет