Ж ҰБТ–ге дайындық аясында өткізілген сынама тестілеу қорытындысын талдау



жүктеу 133.56 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі133.56 Kb.
: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> С. Ж. Асфендияров атындағЫ
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Конференция жұмысының бағыттары: Абайтанудың заманауи бағыттары
2015 -> Vіі международная научно-методическая конференция 1 2 октября 2015 г
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Ахмет Жұбанов
2015 -> Келісілді бекітемін
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты КӨне түркі поэзиясындағы дәСТҮр жалғастығЫ
2015 -> Көрсетілетін қызметті берушінің және оның филиалдарының мекенжайлары
Шығыс №02-18-1013

08.05.2015 ж
ҰБТ–ге дайындық аясында өткізілген сынама тестілеу қорытындысын талдау

Т.Рысқұлов ауданы бойынша биылғы оқу жылында мектеп бітірушілер саны – 738, оның 667-і қазақ тілінде, 71-і орыс тілінде білім алуда. 25.04.2015 жылғы нақты мәлімет бойынша ҰБТ-ге қатысуға өтініш бергендер саны-551 (74,5%), оның 522 қазақ тілінде, 29 орыс тілінде өтініш берді;

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі күнгі №342 бұйрығымен 2015 жылы 03 мамырда аудан мектептерінің 11 сынып оқушыларынан «EDTECH – KZ» халықаралық білім беру орталығы әзірлеген кітапшалармен сынама тест алынды.

Жоспарға сай мектептердің сұранысына сай 2015 жылы 03 мамыр күні ҰБТӨП орналасқан №2 шағын орталықты орта мектеп базасында сынама тестілеу өткізу барысында бірқатар кемшіліктер анықталды.

Барлық мектеп басшыларына қатаң ескертілгеніне және бұйрық берілгеніне қарамастан, №2 орта мектеп, Абай атындағы шағын орталықты орта мектеп, Ақбұлақ орта мектебі директорлары ешқандай себепсіз, ескертусіз сынама тестілеуге қатыспады және оқушылардың өмір қауіпсіздігі ережелерін сақтауда өз жауапкершіліктері туралы ұмытқан.

ҰБТ өткізу мен ұйымдастыру Ережесіне сай тыйым салынған заттарды аудиторияға алып кіру фактілері бұл жолы да орын алды:



І лек бойынша:



Мектеп атауы

Ұялы телефон

Кітапшалар

Басқа да заттар

Барлығы

1

Қызыл шаруа ом

2










2

Жамбыл ом

1










3

Ақбұлақ ом

1










4

А.Шынасилов ом




2







5

Ақыртөбе ом




2







6

Қ.Сәтбаев ом




4










Барлығы

4

8







Нәтижесінде аудиторияға кіргізу барысында І лекте 4 ұялы телефон, 8 кітапша, яғни барлығы тыйым салынған заттар алынды.

ІІ лек бойынша:



Мектеп атауы

Ұялы телефон

Кітапшалар

Басқа да заттар

Барлығы

1

№1 мектеп-лицейі

2

2







2

№2 орта мектеп

1













Барлығы

3

2







Нәтижесінде аудиторияға кіргізу барысында ІІ лекте 3 ұялы телефон, 2 кітапша, яғни тыйым салынған заттар тәркіленді.

Тестілеу барысында аудиторияда тыйым салынған заттар пайдалану фактілері орын алды. Мысалы; І лекте орын алған кемшіліктер:





Мектебі

Оқушының аты – жөні

Аудит-ы

Ереже талаптарын бұзу фактісі

Нәтижесі

1

Ақтоған ом

Сандыбай Айман

3

Математика пәнінен кітапша

Ескерту, Акт

2




Төлен Мәди




Дүние жүзі тарихы пәнінен кітапша

Ескерту, Акт

3




Қали Рыскелді

5

кітапша

Ескерту, Акт

4

Ақыртөбе ом

Ғабдуллақызы Асылай




Физика пәнінен кітапша

Ескерту, Акт

ІІ лек бойынша анықталған кемшіліктер:



Мектеп атауы

Оқушы аты –жөні

Аудит/сы

Ереже талаптарын бұзу фактісі

Нәтижесі

1

Б.Момышұлы ом

Байболат Дидар

6

кітапша

Ескерту, Акт

2




Ескелді Шалқар




Кітапша

Ескерту, Акт

3




Жұмағұл Ельзира




Математика, биологимя пәндерінен тест кітапша

Ескерту, Акт

4

А.Байтұрсынов ом

Самбет Дінмұхаммедалиден




Кітапша

Ескерту, Акт

5

Т.Рысқұлов ом

Мақсұтова Шынар




Физика пәнінен кітапша

Ескерту, Акт

6




Есмұратова Диана




Есептеуіш құрал (калькулятор)

Ескерту, Акт

7




Асхатов Алихан




кітапша

Ескерту, Акт

8

Абай ом

Баймен Айдана




Математика пәнінен кітапша

Ескерту, Акт

9

№1 мектеп-лицейі

Тұрсынбек Әділхан




кітапша

Ескерту, Акт

Сынама тестілеудің қорытындысына сәйкес төмендегідей көрсеткіштер көрсетті: Сынама тестілеуге 536 оқушы қатысты, қатысу -72,5 %,



Аудан бойынша орташа балл – 61,1. Өткен сынама тестілеумен салыстырғанда, 0,9 орташа балға төмен болды, себебі орташа төмен білім сапасын көрсеткен мектептер қатары көп.

Ауданның орташа балынан төмен көрсеткен мектептер саны-13: М.Горький -61,3, Б.Момышұлы-61,6, Қорағаты -60, Қ.Сәтбаев ОМ – 55,7, Қызыл шаруа ОМ – 55,1, Ақтоған ОМ – 59,6, Болтай батыр ОМ – 50,5, Подгорное ОМ – 54,5, Ы.Алтынсарин ОМ -51, Малдыбай ОМ – 53,7,А.Шынасилов-61,7, Алғабас ОМ – 56,1, Ақыртөбе ОМ – 52,4.

Аудан бойынша шекті деңгейден өтпегендер саны – 129 оқушы, мектептер бойынша №1 мектеп – лицейінің – 16, Т.Рысқұлов ОМ -7, М.Горький ОМ -7, Қ.Сәтбаев ОМ – 11, Қызыл шаруа ОМ -7, Болтай батыр ОМ – 14, Ақыртөбе ОМ – 10, №2 ОМ – 6, Абай ОМ -6, Ақтоған ОМ -11 оқушылары шекті деңгейге жете алмады.

Жеклеген пәндерден аудан бойынша «2»-тер саны -59. Мектептер бойынша: №1 мектеп - лицейі -9, Т.Рысқұлов ОМ – 6, Ақтоған ОМ – 7, Болтай батыр ОМ – 8; Құлан, Абай,Қ.Сәтбаев, Р.Смаилов-3; №2 орта мектеп, Қызыл шаруа; Қ.Сұлтанбеков, А.Байтұрсынов, Подгорное-2; М.Горький, Б.Момышұлы, Ақбұлақ, Ы.Алтынсарин, А.Шынасилов, Ақыртөбе-1, Аталған көрсеткіш пән мұғалімдерінің өздері оқытатын пәндері бойынша мемлекеттік стандарт талаптарына сай біліммен қамтамасыз ете алмай отырғанын көрсетеді, мектеп әкімшілігі тарапынан бақылау өте әлсіз екендігін көрсетеді.

Әсіресе жоғарыда ең көп «екілік» алған оқушылары бар мектептің пән мұғалімдері тестілеуге қатысатын балалармен жекелеген түзету жұмыстарын күшейтуі қажет және әсіресе мектеп директорлары Қ.Тасыбаевқа, Б.Абитаеваға, О.Рысқұловаға, Р.Жаңабердиеваға білім сапасын арттыру бағытында тиісті шараларды жүзеге асырып, түзету жұмыстарын қатаң бақылауға алу ескертіледі. Екілік алған әрбәр оқушымен оқу материалын толық қайталау бойынша арнайы жоспарлар жасалып, сапалы түзету жұмыстарын жүргізу пән мұғалімдеріне жүктеледі.

Сол сияқты шекті деңгейден өтпей қалған оқушылары бар мектеп басшылары Қ.Тасыбаев, Б.Абитаева, Г.Найзабекова,К.Ускенбаев, Р.Жаңабердиева, Қ.Сейтқұлова, Е.Ембердиев, Ә.Абишев, О.Рысқұлова өз тараптарынан тиісті шешімдер қабылдап, тез арада ата аналармен, оқушылармен жұмыстар жүргізіп, білім деңгейін көтеру бойынша шараларды жүзеге асыруы қатаң тапсырылады. Аталған мектеп басшылары әлі де өз лауазымдық міндеттерін атқаруда немқұрайдылық танытып отырғаны ескертіледі.

Сонымен қатар барлық мектептерде екілік алған, төмен нәтиже көрсетіп, төмен балл алған әрбәр оқушымен мектеп психологтары жекелеген жұмыстар жүргізіп, әр оқушыдан сауалнамалар алынып, сұхбаттар жүргізілуі қадағалансын. Сынып оқушыларына стресс пен депрессиядан шығу, көңіл күйді көтеру бағытында тиісті психологиялық тренингтер мен түрлі іс шаралар күнделікті жүргізілуі жолға қойылсын. Төмен нәтиже көрсеткен оқушылардың ата аналары мен қамқоршыларына педагогикалық психологиялық әдістемелік көмектер берілсін.

Сынама тестілеу қорытындысы бойынша жекелеген пәндерге талдау қорытындысы:



Қазақ тілі пәні бойынша ауданның орташа балы -15, ауданның орташа балынан төмен көрсеткен мектептер: Қызыл шаруа ОМ -13,6, Болтай батыр ОМ -13,1, Подгорное ОМ -13,8, Ы.Алтынсарин ОМ -13,8, Алғабас ОМ – 13,8, Б.Момышұлы ОМ -14, Ақыртөбе ОМ -14,1.

Математика пәні бойынша ауданның орташа балы -9, ауданның орташа балынан төмен көрсеткен мектептер: Қызыл шаруа ОМ -8,8, Қорағаты ОМ – 7,8, Ақтоған ОМ -7,8, Болтай батыр ОМ -8,1, Подгорное ОМ -6,8, Ы.Алтынсарин ОМ -8,6, Малдыбай ОМ -7,5, Алғабас ОМ – 7,5, А.Шынасилов ОМ – 8,6, Ақыртөбе ОМ -7,2, Р.Смаилов ОМ -7.

Орыс тілі пәні бойынша аудан орташа балы -10,7, аудан орташа балынан төмен көрсеткен мектептер: Қ.Сәтбаев ОМ -7,8, Қызыл шаруа ОМ – 8,4, Қорағаты ОМ – 8,4, Қ.Сұлтанбеков ОМ -9,8, Болтай батыр ОМ -8,2, Подгорное ОМ -9,6, Ы.Алтынсарин ОМ -9, Ақыртөбе ОМ -9,6.

Қазақстан тарихы пәні бойынша аудан орташа балы -13,5, ауданның орташа балынан төмен көрсеткен мектептер: №1 МЛ – 13,1, №2 ОМ -13,9, М.Горький ОМ – 13,6, Октябрь шаруа ОМ –12,5, Б.Момышұлы ОМ -13, Қ.Сәтбаев ОМ -12,6, Ақбұлақ ОМ – 13,2, Қызыл шаруа ОМ – 12,4, Ақтоған ОМ -12,7 , Болтай батыр ОМ -11,9, Подгорное ОМ -11,8, Ы.Алтынсарин ОМ -10,8, Малдыбай ОМ -11,7, Алғабас ОМ – 12,5, А.Шынасилов ОМ -13,4, Ақыртөбе ОМ -12,1, Жамбыл ОМ -12,7.

Физика пәні бойынша аудан орташа балы -9,1 ауданның орташа балынан төмен көрсеткен мектептер: №2 ОМ -8,4, М.Горький ОМ – 8,1, Абай ОМ – 8, Ақбұлақ ОМ -8,7, Қызыл шаруа ОМ – 8,5, Қ.Сұлтанбеков ОМ -8,8, Болтай батыр ОМ -7,8, Ы.Алтынсарин ОМ -4, Малдыбай ОМ -8, Алғабас ОМ – 5,3, Ақыртөбе ОМ -7,6.

География пәні бойынша аудан орташа балы -14,1, ауданның орташа балынан төмен көрсеткендер: №2 ОМ -13,7, Ақтоған ОМ -13,6, М.Горький ОМ – 10, Қызыл шаруа ОМ – 7,5, Подгорное ОМ -11,2.

Биология пәні бойынша аудан орташа балы -13,9, ауданның орташа балынан төмен көрсеткендер: М.Горький ОМ – 13,3, Абай ОМ – 12,6, М.Әуезов ОМ -11, Қ.Сәтбаев ОМ -11,8, Қызыл шаруа ОМ – 13,6, Қ.Сұлтанбеков ОМ -13,8, Ақтоған ОМ -13,6, Болтай батыр ОМ -10,6, Ы.Алтынсарин ОМ -10,5, Малдыбай ОМ -7, А.Шынасилов ОМ -11,6, Ақыртөбе ОМ -11,1.

Химия пәні бойынша аудан орташа балы -10,5, ауданның орташа балынан төмен көрсеткен мектептер: М.Горький ОМ – 9, Абай ОМ – 3, Ақбұлақ ОМ -8, Қызыл шаруа ОМ – 9, Малдыбай ОМ -9.

Шет тілі пәні бойынша аудан орташа балы -14,2, аудан орташа балынан төмен көрсеткен мектептер: №1 МЛ – 12,8, Абай ОМ –10, Қ.Сұлтанбеков ОМ -10, А.Шынасилов ОМ -12.

Қазақ әдебиеті пәні бойынша аудан орташа балы -14,1, ауданның орташа балынан төмен көрсеткен мектептер: №1 МЛ – 10, Ш.Уәлиханов ОМ – 9,5, Т.Рысқұлов ОМ – 13, А.Байтұрсынов ОМ -13, Болтай батыр ОМ -9, Ы.Алтынсарин ОМ –10, Ақыртөбе ОМ -12.

Дүние жүзі тарихы пәні бойынша аудан орташа балы -10,8, ауданның орташа балынан төмен көрсеткен мектептер: №2 ОМ -4, М.Горький ОМ – 9,5, Абай ОМ – 9, Қ.Сәтбаев ОМ -10, А.Байтұрсынов ОМ –8, Болтай батыр ОМ -7,5, Ы.Алтынсарин ОМ –9, Ақыртөбе ОМ -9.

Жалпы орта білім туралы аттестат пен «Алтын белгі» төсбелгісін алудан үміткерлер саны-16 ; олардың 15 сынама тестілеуге қатысты. Г.Нұртаза денсаулық жағдайына байланысты қатыса алмады. Нәтиже төмендегідей:

А.Байтұрсынов атындағы шағын орталықты орта мектеп оқушысы А.Ж.Жеңіс қана өз білімін дәлелдей алды, ал осы мектеп оқушысы А.Б.Әкімжан қазақ тілі пәнінен 1 балл жетпей бір пәннен «4» бағасын алды. Ал №2 орта мектеп оқушылары Ш.Ж.Даулет барлық пәннен «4» бағасын алса, Ә.Ғ.Қазыбай математика және Қазақстан тарихы пәндерінен «3» бағасын, қазақ тілі мен ағылшын тілі пәндерінен «3» бағасын алып өз білімдерін мүлдем дәлелдей алмады.

№1 мектеп - лицейінйң оқушылары А.Е.Ділдабай Қазақстан тарихы пәнінен «3» қалған пәндердің барлығынан «4» бағасын алып, үздік білімін көрсете алмай, ең төмен балл алды. С.О.Қали Қазақстан тарихынан басқа пәннің бәрінен «4» алса, С.Сағынбекова Қазақстан тарихы пәнінен екі балл жетпей «4» бағасын алған.

Құлан орта мектебі оқушысы А.Қ.Сүгирбекова математика және Қазақстан тарихы пәндерінен білімінің төмендігін көрсетіп, «4» бағасын алды.

Ш.Уәлиханов атындағы шағын орталықты орта мектеп оқушысы М.Қ.Қамшыбек орыс тілі, математика, химия пәндерінен «4» бағасын алып, білімін көрсете алмады.

Т.Рысқұлов атындағы орта мектеп оқушылары А.Р.Абылбаева қазақ тілі, орыс тілі, Қазақстан тарихы пәндерінен білімінің жеткіліксіздігін көрсетсе, А.М.Қиымбас орыс тілінен төмен балл алған, ал Д.Қ.Даулетбай орыс тілі, математика, биология пәндерінен «4» алса, биология пәнінен «3» бағасын алды.

Абай атындағы шағын орталықты орта мектеп оқушысы Қ.М.Мырзахан Қазақстан тарихы пәнінен «3», қалған барлық пәннен «4» бағасын алып, мүлдем өз білімін нақтылай алмады, ең төмен көрсеткішпен ерекшеленді.

М.Әуезов атындағы орта мектеп оқушысы Н.Ұ.Буканай математика, Қазақстан тарихы, физика пәндерінен «4» алған.

Қ.Сәтбаев атындағы шағын орталықты орта мектеп оқушысы Б.Н.Абдиманапов тек қазақ тілі пәнінен «5» алып, қалған төрт пәннен де «4» бағасын алып, білімінің әлі толық еместігін көрсетті.

Үздіктердің сынама тестілеу қорытындысы бойынша білімдерін саралай келе, Абай, №2 орта мектеп, №1 мектеп- лицейі, Ш.Уәлиханов, Қ.Сәтбаев, М.Әуезов орта мектептерінде әлі де оқушылармен терең, сапалы, нәтижелі түзету жұмыстары толық жүргізілмегендігі белгілі болды. Аталған төмен білім деңгейін көрсеткен оқушылардың пән мұғалімдері білімді толықтыру, түзету, қайталау жұмыстарына ерекше көңіл бөлуі қажет.

Алынған сынама тестілеуде келген сұрақтарды қайта қарап, түзету коррекциялық жұмыстар жүргізілуі керек.

Жалпы орта білім туралы үздік аттестат алудан үміткер оқушылар нәтижесі:№2 шағын орталықты орта мектеп оқушысы Ә.Т.Садық орыс тілі, математика пәнінен «4» алса, Н.Б.Уәли барлық бес пәннен де «4» бағасын алып, өз білімін дәлелдей алмаса, Ақбұлақ орта мектебі оқушысы А.Е.Амангелді орыс тілі, Қазақстан тарихы пәндерінен «4» алған,ал Ш.Уәлиханов атындағы шағын орталықты орта мектеп оқушысы Б.Н.Берикханов математика пәнінен дайындықты күшейтуі қажет, Қызыл шаруа орта мектебі оқушысы Ш.Е.Есіркеп орыс тілі пәнінен «3», Қазақстан тарихы, математика, физика пәндерінен «4» бағасын алып, білімінің төмендігін көрсетті.

Сынама тестілеу барысында жалпы орта білім туралы аттестат пен «Алтын белгі» төсбелгісін және үздік аттестат алудан үміткер оқушылардың білім деңгейінің сапасы осы жолы да салыстырмалы түрде төмен болды;

Мектеп бітіруші түлектердің Ереже талаптарын талапқа сай білмеуі мектеп директорлары мен техникалық хатшылар тарапынан түсіндіру, ақпарттық жұмыстардың жеткіліксіз деңгейде жүргізілгенін көрсетті.

ҰСЫНЫСТАР:

1) Ата-аналар мен оқушыларға ҰБТӨП-нде аудиторияға енуде тексеріс кезінде кедергі келтіретін заттардың құрамында темір, металл заттардың болмауын (заттар: сақина, білезік, сағат, алқа, белдік, шашқа тағатын заттар т.б) қатаң ескерту қажет;

2) Аудиторияда пайдалануға тыйым салынған заттар (калькулятор, фотоаппарат, ұялы телефон, пейджер, ноутбук,планшет т.б) алып кірмеу туралы оқушыларға қатаң ескертілсін;

3) Негізгі пәндер бойынша білім сапасын төмен көрсеткен оқушылармен жекелеген қосымша сабақтар жүргізілуін қамтамасыз ету мектеп директорларына жүктелсін;

4) Төмен нәтиже көрсеткен оқушылар және олардың ата-аналарына әдістемелік, психологиялық көмек беріп, әр пән бойынша түзету жұмыстары жүргізілсін және міндетті түрде ата-аналарға ескертілсін;

5) Жалпы орта білім туралы аттестат пен «Алтын белгі» төсбелгісін алудан, үздік аттестат алудан үміткер оқушыларды іріктеуде білім деңгейі тиісті талапқа сай сапалы, объективті, нақты шешім қабылдау ұсынылады;

6) Денсаулығына байланысты тестілеуден босатылатын немесе жеке бөлме қажет ететін, ҰБТ-ге қатысатын мектеп бітірушілердің тізімі мен денсаулық жағдайы туралы дәрігерлік анықтаманы дер кезінде аудандық білім бөліміне өткізу жұмыстары жүзеге асырылсын;

7) Оқушыларды нәтижелері бойынша іріктеп, түзету, коррекциялық жұмыстар және оқыту сабақтары күнделікті үздіксіз жүргізілсін;



Басшы Л.Ш.Утеулиева



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет