Ж. Е. Алшынбаева



Pdf көрінісі
Дата13.01.2020
өлшемі71.29 Kb.

 

 

 



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

 

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 

 

 



 

 

 



Ж.Е. АЛШЫНБАЕВА 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПСИХОЛОГИЯ ЖӘНЕ АДАМ 

ДАМУЫ 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарағанды 2019 

 

 

 



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

 

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 

 

 



Кәсіптік білім және педагогика кафедрасы  

 

 

 

 

Ж.Е. АЛШЫНБАЕВА 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПСИХОЛОГИЯ ЖӘНЕ АДАМ 

ДАМУЫ 

 

Университеттің Ғылыми кеңесі 

оқу құралы ретінде бекіткен

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарағанды 2019 

 

 

 



ӘОЖ 159.922 (07)  

КБЖ 88. 2 я7  

А47 

 

Университеттің Редакциялық – баспа кеңесі ұсынған 



Пікір жазғандар: 

Е.А.  Бөкетов  атындағы  Қарағанды  мемлекеттік  университетінің 

педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Р.Б. Маженова; 

Қарағанды  мемлекеттік  техникалық  университетінің  педагогика 

ғылымдарының докторы Б.С. Исмакова; 

ҚарМТУ-дың 

Редакциялық-баспа 

кеңесінің 

мүшесі, 

химия 


ғылымдарының кандидаты, доцент М.С. Нурмаганбетова 

 

 



 

 

 



Алшынбаева Ж.Е. 

А47  Психология  және  адам  дамуы:  Оқу  құралы  /  Ж.Е.  Алшынбаева; 

Қарағанды  мемлекеттік  техникалық  университеті.  -  Қарағанды:  ҚарМТУ 

баспасы, 2019. - 88б. 

ISBN  


 

«Психология және адам дамуы» оқу құралы 5В012000 «Кәсіптік оқыту», 5В010400 

«Бастапқы  әскери  дайындық»  мамандықтары  үшін  психологиялық  білім  берудегі 

пәнінің  негізгі  бөлімдері  оқыту  жоспарына  және  оқыту  формасына  сәйкес 

құрастырылған.  Оқу  құралында  келесі  сұрақтар  қамтылған:

   


бірінші  тарауда  – 

психология-ғылым  (психика  табиғаты  туралы  түсініктің  дамуы);  екінші  тарауда  – 

әрекетке  психологиялық  талдау  –  әрекет  пен  қарым-қатынастағы  тұлға,  топтағы 

психологиялық  талдау  қарастырылады;  үшінші  тарауда  –  танымдық  үрдістер 

психологиясы;  төртінші  тарауда  –  психикалық  жағдайлар;  бесінші  тарауда  – 

психикалық қасиеттер; алтыншы тарауда – даму психологиясы. 

Бұл  оқу  құралы  жоғарғы  оқу  орнының  «Кәсіптік  оқыту»,  «Бастапқы  әскери 

дайындық»  мамандықтарының  бакалаврларына,  жоғары  білімі  бар  мамандарға 

пайдалануға ұсынылады. 

 

 



 

ӘОЖ 159.922 (07)  

КБЖ 88. 2 я7  

 

 



 

 

©Қарағанды мемлекеттік 



техникалық университеті, 2019

 

Даму психологиясы пәні/ Психология және адам дамуы 

 

Даму психологиясы пәні, зерттеу әдістері 

 

Жоспар: 

1. Даму психологиясының пәні, салалары. 

2. Зерттеу әдістері 

3. Адам дамуының  типологиялық жалпы заңдылықтары 

 

1.  Даму  психологиясы  пәні  -  әр  қилы  психикалық  процестердің 

табиғи  негізі  мен  үнемі  дамып  отыратын  азаматтық  қасиеттерін, 

психологиялық  сапаларын,  адам  психикасының  жас  ерекшелігі 

динамикасы,  даму  үстіндегі  адамның  психикалық  процестері  мен 

психологиялық  қасиеттерінің  онтогенезін  зерттейді.  Даму  психологиясы 

психикалық  процестердің  жас  ерекшеліктерін,  жеке  адамның  дамуының 

жетекші  факторларын  т.б.  зерттейді.  Даму  психологиясы  психология 

ғылымының бір саласы, XIX ғасырдың аяғында өмірге келген. 

Даму  психологиясы  -  әр  адамның  жасына  байланысты  психикалық 

заңдылықтарын,  ерекшеліктерін,  тұлғаның  психологиялық  қасиеттерін 

және әртүрлі психикалық үрдістердің онтогенезін зерттейді.  

Даму  принципі:  дамудың  дәрежесі,  философия  негізі  бола  тұрып, 

психология  ғылымының  ұғымдар  жүйесінде  де  жетекші  болып  саналады. 

Даму  идеясы  психологияға  Ч.Дарвиннің  эволюциялық  теориясының 

ықпалымен  енді  және  баланың,  ал  кейінірек  ересек  адамның 

психологиясының  қалыптасуына  негіз  болды.  Рубинштейн  былай  деп 

жазды:  "Психиканың  дамуы  біз  үшін  -  зерттеудің  тек  қызықты  саласы 

болып  қана  қоймай,  сонымен  қатар,  психологияның  барлық  мәселелерін 

зерттеудің,  әдісі  немесе  жалпы  принципі  де  болды.  Енді  барлық 

құбылыстардың  зандылықтары  олардың  дамуында,  олардьщың  қозғалуы 

және өзгеруі, пайда болуы және жойылуы үрдістерінде ғана танылады". 

Психология  үшін  даму  принципі  ерекше  маңызды,  өйткені  ол 

зерттейтін 

құбылыстар,  Ломовтың 

айтуынша,  "ерекше 

жоғары 

динамикалығымен"  айрықшаланады.  Психикалық  құбылыс  шынайы  даму 



үрдісі кезінде пайда болып, өзгереді. 

2. Зерттеу әдістері: 

1. Ұйымдастыру әдістері - салыстыру, лонгитюд, комплексті; 

2. Эмпирикалық әдістер - бақылау, өзіндік бақылау, эксперименталды 

әдістер,  психодиагностикалық  әдістер  (тест,  сауалнама,  сұрақ-жауап, 

әлеуметтік өлшем әдісі, интервью, әңгіме); 

3. Мәліметтерді өңдеу әдістері - сандық және сапалық талдау

4.  Интерпретациялық  әдістер  -  генетикалық  және  құрылым  әдістері; 

Зерттеу әдістері. 

Ғылым  -  алдымен  зерттеу  болып  табылады,  сондықтан  ғылымның 


 

пәнін  анықтау,  оның  сипаттамасын  жоққа  шығармайды,  оған  оның 

әдістерін анықтау да енеді. Әдістер - ғылым пәнін таныстыратын тәсілдер. 

Психология - жеке әдістері немесе әдістемелері бар біртұтас жүйе. Ғылым 

әдістері  заңдылықтарды  ашады,  бірақ  олардың  өздері  ғылым  пәнінің 

негізгі  заңдылықтарына  сүйенеді.  Сондықтан  ғылымның  даму  барысында 

оның әдістері дамып, түрленіп отырады. 

Зерттеу  әдісі  әрқашанда  қандайда  бір  әдістемені  білдіреді.  Ғылым, 

ғылыми  психологиялық  зерттеудің  объективтілігіне  жалпы  талаптар 

қояды: 


1.  Психологиялық  объективтік  зерттеудің  принципі,  зерттеу  пәнінің 

ерекшеліктеріне  тәуелді  болатын,  әртүрлі  әдістемелік  амалдар  арқылы 

жүзеге  асырылады.  Психика  мен  сана  ішкі  және  сыртқы  көріністерімен 

бірге зерттеледі. 

2.  Біздің  психология  психикалық  пен  физикалықтың  теңдігін  емес, 

бірлігін  көрсетеді,  сондықтан,  кейде  психологиялық  үрдістердің 

физиологиялық талдауы физиологиялық зерттеуге енсе де, психологиялық 

зерттеу оған енбейді. 

3.  Біз  психиканың  материалдық  негіздерінің  оның  органикалық 

негіздеріне теңелмейтінін байқадық,  адамдардың  ойының үлгісін олардың 

өмір үлгісі,  адамдардың санасын - қоғамдық тәжірибе көрсетеді. 

4.  Психологиялық  заңдылықтар  даму    үрдісі  барысында  ашылады. 

Дамуды  зерттеу  арнайы  саласы  ғана  емес,  сонымен  қатар  психологиялық 

зерттеудің  арнайы  әдісі  болып  табылады.  Генетикалық  принцип  біздің 

әдістемеміздің негізгі принципі болады. 

Психология,  кез-келген  ғылым  сияқты,  әртүрлі  әдістердің  біртұтас 

жүйесін  қолданады.  Психология  әдістерінің  төрт  түрлі  тобын  атап 

көрсетейік: 

1.  Ұйымдастыру  әдістері:  салыстырмалы  әдіс  (жас  ерекшелік,  іс-

әрекеті  бойынша  әртүрлі  топтарды  салыстыру);  лонгитюдтік  әдіс  (бір 

адамдарды  ұзақ  уақыт  бойы  бірнеше  қайтара  зерттеу),  кешендік  әдіс 

(зерттеуге  әр  түрлі  ғылым  өкілдері  қатынасады,  бір  объектіні  әртүрлі 

амалдар арқылы зерттейді). 

2.  Эмпирикалық  әдістер.  Оған  бақылау  және  өзін-өзі  бақылау, 

эксперименттік  әдістер  (табиғи,  қалыптастырушы,  лабораториялық); 

психодиагностикалық 

әдістер 

(тесттер, 

анкеталар, 

сауалнамалар, 

социометрия,    әңгімелесу,  сұхбат);  іс-әрекет    нәтижелерін  талдау; 

биографиялық әдістер енеді. 

3. Мәліметтерді өңдеу әдістері: сандық (статистикалық) және сапалық 

(материалдарды топтарға бөлу, талдау). 

4. 

Коррекциялық 



әдістер: 

аутотренинг, 

топтағы 

тренинг, 

психотерапевтикалық әсер ету әдістері, оқыту. 

Ұйымдастыру әдістері 

Зерттеудің  екі  негізгі  түрі  арқылы  психика  дамуының  ерекшеліктері 


 

мен заңдылықтарын білуге болады: көлденең және бойлық (лонгитюдтік). 

Екеуінің  де  бірқатар  ерекшеліктері  мен  кемшіліктері  бар.  Қазіргі 

лонгитюдтік  зерттеулер  баланың  соматикалық  және  психикалық  дамуын 

тіркеуді мақсат етеді. 

Р.Гешттальдт  егіздерге  20  жыл  бойы  лонгитюдтік  психологиялық 

зерттеулер жасады. Конституциялық және әлеуметтік факторлардың әсерін 

зерттеу үшін, егіздер ыңғайлы модель болып табылады. Бұл мәселе егіздер 

әдісі  деп  аталатын,  лонгитюдтік  зерттеуді  егіздерге  қолдануды  талап  етті 

[4]. 


Көлденең кескін әдісіне қарағанда, лонгитюдтік әдістің ерекшеліктері 

көбірек: 

- лонгитюдтік зерттеу жекелеген жас кезеңдері бойынша мәліметтерді 

көлденең өңдеуге мүмкіндік береді; 

-  ол  екі  кезең  арасындағы  дамудың  өзгеріс  шамаларын  айқынырақ 

көрсетуге  мүмкіндік  береді.  Лонгитюдтік  зерттеулер  әрбір  баланың 

дамуының жеке динамикасы мен құрылымын анықтайды; 

- тек лонгитюдтік зерттеу ғана, дамушы тұлғаның жеке компоненттері 

арасындағы  байланыстар  мен  қатынастарды  талдауға,  дамудың  дағдарыс 

кезеңдерінің мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. 

Лонгитюдтік зерттеудің басты кемшілігі: оларды ұйымдастыруға және 

жасауға көп уақыт қажет. 

Психикалық  дамуды  көлденең  немесе  кескінді  зерттеулердің  мәні 

мынада:  дамудың  ерекшеліктері  туралы  қорытындылар,  әртүрлі  жастағы, 

әртүрлі  даму  деңгейіндегі,  әртүрлі  тұлғалық  ерекшеліктері,  клиникалық 

реакциялары  және  т.б.  бар,  салыстырмалы  балалар  топтарының  бірдей 

сипаттамалары  зерттеулер  негізінде  жасалады.  Бұл  әдістің  негізгі 

ерекшелігі:  зерттеудің  салыстырмалы  жылдамдығы  -  қысқа  уақыт  ішінде 

нәтижелерге жету мүмкіндігі. 

Алайда, таза көлденең кескіндегі зерттеулер статикалық болып қалып, 

даму  үрдісінің  динамикасы,  оның  үздіксіздігі  жайлы  қорытындылар 

жасауға  мүмкіндік  бермейді,  ал  осылайша  алынған  көптеген  даму 

заңдылықтары жуық шамада ғана болады. 

Салыстырмалық  әдістің  мәні:  даму  барысындағы  жекелеген 

психологиялық актілер мен мінез-құлық механизмдерін қарастырып, басқа 

ағзадағы  ұқсас  құбылыстармен  салыстыру.  Бұл  әдіс  зоопсихология  мен 

бала  психологиясында  ксң  таралған.  Бұл  әдіс  "салыстырмалы 

генетикалық"  деген  атаққа  ие  болып,  В.А.  Вагнердің,  Л.С.  Выготскийдің 

психологиялық  ілімдерінен  ерекше  орын  алады.  Выготский  жоғары 

психикалық  функциялардың  тарихын  зерттей  отырып,  салыстырмалы 

генетикалық әдісті жас шамасының психологиясы мен жалпы психология 

(әсіресе, тіл мен ойлауды зерттегенде) мәселелерін шешуде қолданды. 

Психологиядағы эмпирикалық әдістер 

Психология жеке ғылым ретінде қалыптасқаннан бері психологияның 



 

эмпирикалық әдістерінің тобы негізгі болып саналады.  Эмпирикалық әдіс 

өзіне бақылау және өзін-өзі бақылау, эксперименталдық әдістерін енгізеді. 

Бақылаудың  психологияда  екі  негізгі  түрі  болады:  өзін-өзі  бақылау 

немесе интроспекция және сыртқы немесе объективтік бақылау. Дәстүрлі 

интроспекциялық  психология  өзін-өзі бақылауды  психологиядағы  жалгыз 

немесе негізгі әдіс деп есептеді. Бұл психиканы өз-өзіне тұйықталған ішкі 

әлемге 


айналдыратын 

жалпы 


принциптің 

зерттеу 


әдістерінде 

қолданылуымен байланысты болды. 

Өзін-өзі  бақылау  арқылы  өз  психикасын  тану,  қалайда  болмасын 

сыртқы әрекеттің бақылауы арқылы жүзеге асырылады. Сонымен, өзін-өзі 

бақылауды  психологиялық  танымның  негізгі  немесе  жалғыз  әдісіне 

айналдыру  орынсыз  болып  табылады.  Психологиядағы  бақылаудың 

объективтік әдістер арқылы жүргізілгені жөн. 

Әлеуметтік  өлшем  әдісі.  Бұл  әдіс  балалар  арасында  қалыптасқан 

өзара  қарым-қатынасты,  құрдастар  тобындағы  әр  баланың  алатын  орнын 

зерттеген  кезде  қолданылады.  Мектеп  оқушыларын  зерттегенде,  әдетте 

оларға:  «Сенің  туристік  жорыққа  кіммен  бірге  барғың  келеді?»;  «Сенің 

кіммен  бір  шатырда  тұрғың  келеді?»;  «Сен  туған  күніңе  кімді  шақырар 

едің?»;  «Сен  кіммен  бір  партада  отырар  едің?»  және  т.б.  сұрақтары  бар 

анкета таратылады.  

3. Адам дамуының типологиялық жалпы заңдылықтары  

Жас  -  нақты  психикалық  дамудың  уақытпен  шектелген  сатысы.  Ол 

физиологиялық  және  психологиялық  өзгерістер  заңдылықтарының 

жиынтығымен,  жалпы  адамның  жеке  даму  айырмашылықтарымен 

байланысты  еместігімен  сипатталады.  Жас  психологиялық  ерекшеліктер 

нақты-тарихи  жағдайлармен  шарттасқан:  тұқымқуалаушылықпен,  әрекет 

ерекшеліктері, индивидтің қарым-қатынасы. 

Дамудың  қозғаушы  күштері.  Жеке  бас  өз  өмірінде  ішкі 

қайшылықтардың  әсері  негізінде  дамиды.  Олар  жеке  бастың  қоршаған 

ортамен  қарым-қатынасына,  оның  жетістіктері  мен  сәтсіздіктеріне,  қоғам 

мен индивидтің тепе-теңдігінің бұзылуына байланысты. Қарама-қайшылық 

жаңа  қасиеттердің  және  жеке  сапалардың  тууына  байланысты  шешіледі. 

Кейбір  қарама-қайшылық  жаңа  қарама-қайшылықпен  ауысады.  Егер 

олардың  шешімі  табылмаса,  дамудың  тежелуіне,  дағдарысқа  әкеп 

соқтырады.  Дамушы  жеке  бас  жаңаша  өмір  сүру  жағдайларына, 

қоғамдықмаңызды  әрекетке  қарай  ұмтылады,  осы  мақсатты  жүзеге 

асыруда өз дамуының жаңа қайнар көздерін табады. 

Дамудың  әлеуметтік  жағдайы  -  әр  жас  кезеңінің  өзіне  ғана  тән  және 

сол кезеңдегі психикалық дамуға әсер ететін сыртқы жағдай. Әр жастағы 

балалардың өмірі олардың спецификалық өмір мазмұнына толы: қоршаған 

адамдармен  өзара  қарым-қатынасы,  белгілі  бір  жас  кезеңіндегі  жетекші 

әрекеттер:  ойын,  оқу,  еңбек.  Сонымен  бірге,  әрбір  жас  кезеңінде  бала 

орындайтын  белгілі  бір  міндеттер  және  бала  орындауға  тиісті  міндеттер 


 

болады.  Дамудың  әлеуметтік  жағдайы  -  бұл  бір  жас  кезеңіндегі  ішкі 

процестердің  дамуымен  және  сыртқы  жағдайлардың  үйлесімділігімен 

сипатталады. 

Жас дамуындағы дағдарыстар. Дағдарыс - бұл бір жастан екінші жас 

кезеңіне  өту  кезінде  психикада  өзгеріс  болып,  даму  секірмелі  сипатта 

болатын  өтпелі  кезең.  Дамудың  жас  дағдарыстары  кейбір  жалпы 

ерекшеліктермен сипатталады. Бұл кезеңде бала өзін қоршаған адамдармен 

жиі конфликтіге түседі, ашуланшақ, қырсық болып келеді. 

Жетекші әрекет- адамдардың белгілі бір жас кезеңінде пайда болатын 

және қалыптасатын, негізгі психикалық жетістіктерді анықтайтын әрекет. 

Жетістіктер  -  белгілі  бір  жас  кезеңінде  ғана  пайда  болып,  сол 

кезеңдерді  басқа  кезеңдерден  ажыратуға  көмектесетін  психикалық 

процестер мен жеке бастағы сапалы өзгерістер. 



 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет