Ж. Т. Сарыбекова Ұлттық салт-дәстүрдің гендерлік аспектілері



жүктеу 166.15 Kb.
Дата18.04.2016
өлшемі166.15 Kb.

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы № 1 (61) 2008





Ж.Т. Сарыбекова

Ұлттық салт-дәстүрдің гендерлік аспектілері

Бүгінде "гендер" деген ұғым бәріміздің құлағымызға таныс сөзге айналды. Иә,ә дегеннен бұл ұғымның әйел мәселесіне байланысты екенін аңғарамыз. Осы ұғымға терең үңіле қарасақ, "гендер" тепе-теңдікті үйлестіріп отыратын саясатты қамтамасыз етеді. Демек, тепе-теңдіктің өлшемі- ер азамат. Ал әйел ер адамнан кем болмауы керек. Олай болса, ер азаматқа жүктелген шаруаның бәрінен әйелдерді тыс қалдырмағанымыз жөн. Міне, гендердің негізгі мақсаты осы!

Енді гендерлік саясаттың мәні мен мазмұнынын бүгінгі ел-жұртымызға дұрыс түсіндірілмеген жағдайда, "ер кісілер бізден жоғары, оларды бізбен теңестіру керек" - деп білектерін сыбанып "ата жауына " қорғаныс шабуылына көшетіндер сияқты болып көрінеді. Негізінде бұл ер-азаматтан өш алып беруді көздейтін саясат емес.

Ал, біздің қазақ топырағында әйелдердің ахуалы қай кезде де жаман болған емес. Гендерлік ұстаным біздің қазақ халқының қанында бар екеніне көзіміз жетеді. Мысалы, Ұлық пайғамбарымыздың хадистерінен:

- кімде-кім үш қыз өсіріп, бағып-қағып, дұрыс тәрбие беріп құтты орнына қондырса, оған Алладан тиер сый - жәннат болмақ;

- әуелі анаңа, тағы да анаңа, сосын тағы да анаңа , кейін барып атаңа жақсылық жаса;

- адамдар арасында әйел кісіге құқы көбі оның ері. Ер кісіге әйелдер жұртындағы ең құқы көбі - оның анасы. Тәңірі әйелдермен сыпайы сөйлесуді бұйырады, себебі әйел - анаңыз, қызыңыз, әжеңіз;

- қашан да ер кісі әйеліне, әйелі еріне қараса, Тәңірі де оларға рахмет назарымен қарайды. Бірінің алақанына екіншісі алақанын қойса, саусақтары арасынан күнәлары төгіледі;

- әйел адалдығы, пәктігі, сұлулығы үшін некеленеді. Сен де өз қасиетіңді біл, ей, береке тапқыр;

- әйелге өз туған ана-қарындасыңдай сыйластықпен қарау керек. Екі істі, яғни жетімдер мен әйелдердің ақын жеуді мен сіздерге арам етемін

- жұмақ анаңның аяғының астында , - деп әйелдің бағасын білдіргеніне көз жеткізуге болады. Ия, діни ұғымға сүйенсек те, қазақтың ежелгі салт - дәстүрлеріне жүгінсек те, халқымыздың әйелдері ешқашан ер-азаматпен бедел таластыруға ұмтылмағаны белгілі. Әріден келе жатқан әдепті берік ұстанған халық қызын ешкімге қорлатқан емес. Қазақ қашанда қызын әлпештеп өсіріп, оң жақта отырған қызға аңдап қарап, оның көркіне ақылы сай болуын қатаң қадағалаған. Елімізде "қыз" сөзі және жалпы қыздарға байланысты халықтың ұғымында қыз бала - елдің көркі, халықтың гүлі, өмір -тіршілігі дегенді білдіреді.Қазақ дәстүрінде қыз балаға көбірек көңіл бөлген. Өйткені, қыз - өмір көркі, әсемдік, тіршілік көзі. Халық ұғымы жақсы көріністердің бәрін қызға теңеген. Қазақ халқында қалыптасқан қызға берілген анықтама, оларға қойылған талап-тілектер, қызды еркелету, қызды тәрбиелеудің үлкен жолға қойылғанын көрсетеді

Ұрпақ қамын ойлаған ата-бабамыз "қызға қырық үйден тыйым" деген,ал осы мақалдың мәніне үңілсеңіз, гендерлік қысым көрсетушілік деп дәлелдеп көріңізші....Ол - қыз ертеңгі ана, ұлт болашағы ананың қолында. Қазақ атамыз қыз балиғат жасқа жеткенше көз жазбай имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеп отырған. Халық ұғымында жақсы көріністердің бәрін қызға теңеген.

Ал, ұлы Абай: "Әйел бәріміздің апамыз, анамыз, қарындасымыз. Егер біз қазақ болып әйелге бас имесек, оның еркімен бостандығына тосқауыл қоймасақ, біз алға қарай аяқ баспаймыз. Жесір дауы осымен бітсін " - деп 1885 жылдың мамыр айында Семей облысы, Шарда өткен билер съезінде Ереже қабылдады. Міне Абайдың әйел бостандығына алғашқылардың бірі болып ара - тұруы - данышпанның гендерлік ұғымды соу заманда-ақ қолдағаны көрініп тұрған жоқ па?

М. Әуезовтың тырнақалды туындысы "Адамдықтың негізі - әйел" деген еңбегінде адамдықтың жолын салатын, сол жолға жетелейтін, тәрбиелейтін-ана, әйел екендігіне тоқталған. Демек, мемлекеттің негізі - әйел .Әйел көркейсе, мемлекетте көркейеді. Әйел күйресе, мемлекетте күйрейді. Имани ілімге жүгінсек адамдықтың да, мемлекеттің де парқы әйелмен өлшенеді екен. Өйткені, әйел - ошақтың, отбасының ғана тірегі емес, мемлекеттің де тірегі -делінген. Міне, осыдан қазақ халқы гендер дегеніміз не екенін бұдан бірнеше ғасыр бұрын түсінгендігін көреміз. Ресейлік ғалымдар А.И. Левшин, Н.Л. Зеланд, В.В. Радлов, Н. Северцев, Г.Н. Потанин қазақ қыздарының, әйелдерінің иманжүзділері жиі ұшырасады, олар ақылдылығымен көзге түседі. Сонымен қатар, еріне адал, "қырғыз әйелі" - түйе жетектеп келе жатып та, жасы үлкен ерлерге ізгілікті көрсетуді ұмытпайды - деп баға берсе, олардың ерлерден гөрі бейнетқор - малға қарап, киім тігеді, ері үшін бәрін жасап, оны кетерде атына мінгізіп, аттандырып та салады. Қазақта балаға, әкеден гөрі, ана көп қарайды, қазақтардың үй ішіндегі өнердің бәріне үйретеді, - дей келе, қазақ әйелінің тәрбиесінің жоғарылығын, адамгершілігін, отбасының ұйытқысы, еңбексүйгіштігін ерлермен салыстыруға болмайтындығын - жазған.

Белгілі орыс жазушысы М. Горькийдің бір сөзі еске түседі: "мәдениеттің шырқау шыңы ең алдымен әйелге деген қарым-қатынастан көрінеді,"- деген екен. Әрине, бұл жерде жеке адамның әйелге қарым-қатынасы ғана емес, тұтас бір қауымның, қоғамның, қажет десеңіз ұлттың рухани мәдениетін танып-түсінуде сол ортаның әйел-ана, қыз-келіншекті қай деңгейде аялап-әлпештеп ұстағаны сөз болып отыр. Демек, әйел-ана, қыз-келіншек тақырыбын сөз ету, түптеп келгенде халықтың сұлулық туралы таным-түсінігін, моральдық-этикалық парасатын сөз ету болып шығады.

Яғни, дала демократиясы ұл мен қызды бір-біріне қарсы қоймай, таразы басын тең ұстауға тырысқан. Иісі мұсылман қауымында, дәлірек айтсақ, мұсылман дінінің құрсауында болған ұлттар ішінде тек қазақ сияқты санаулы халықтың ғана әйелдері пәренжі салмауы, дидарын қымсынбай ашып жүруі өзін өзгемен тең санаудың бір жарқын көрінісі ғой.

Ең арғысы, халықтың ең қасиетті қазынасы тілі болса, оның өзі қазақта "Ана тілі" деп аталады. Көшпелі өмір салтында әйел-ана еш уақытта еңбектен ажыратылмаған. Яғни, отбасы бақыты үшін қазақ әйелдерінің қоғамдық жауапкершілігі ерлерден еш кем болмаған.

Қыздарымыздың асыл қасиеті, жан дүниесі нәзік, адал махаббат иесі болғанғандығын, дәулетке, байлыққа, жиһазға қызықпағандығын жыр-дастандардан да білеміз. Ақын-жазушылар өмір бойы қыздарды жырлап, ару деп ардақтап, болашақ ана деп аялап үлкен құрметпен қараған. Нәзіктік , тапқырлық, ойлылық, сұлулық, адамгершілік, қайырымдылық сияқты жақсы мінездерді алдымен қыз бойына дарытуды көздеген. Кез-келген көркем шығармаларды, өлең жолдарын аударып - төңкергенде қыздар қауымы жайлы бірде-бір жағымсыз қылықтарына кездеспейтініміз кездойсоқтық емес.Ертек, аңыз әңгіме, жыр, шешендік сөз, қисса-эпостардан, қиял-ғажайып мыстан кемпірден басқа жағымсыз әйел бейнесін кездестіру қиын.Оның орнына Құртқа, Гүлбаршын, Қаракөз, Қарлыға, Назым, Ақжүніс, Қыз-Жібек, Баян сұлу, Айман-Шолпан, Қарашаш сияқты бірі ақылымен, бірі көркімен, енді бірі өжеттілігімен, ерлігімен елге қорған, ұрпаққа ана болғанын көреміз.

Ежелгі қазақ халқының әйел-ананы қадірлеп, тіптен культке айналдырғаны соншалық, ақылы асқан дана қыздардың, әйелдердің рулы ел басқарғанын, рудың әйел атымен аталуының мысалдары (Домалақ енең, Дәулетбике, Алтын, Мәукеш, Айбике, Нұрбике, Ұлдай т.б) толып жатыр және мұның өзі сол дәуірде ерекше бір құбылыс емес - қалыпты нәрсе саналуының өзі- халқымыздың қыз балаға деген көзқарасының соншалықты озықтығының бір айғағы.

Тіптен, қазақ руларының елдігін танытар ұрандарының әйел-ана есімімен аталатыны да ғажап қой. Мәселен, Арғыннан тарайтын Сүйіндік руының ұраны - Жолбике, Қаракесек руының ұраны - Қарақабат, Найманның бір бұтағы Қызылайлардың ұраны - Қызай.(А.Сейдімдек).

Қазақ әйелі қай заманда да ұлт тұтқасы бола алған.Оны тарихтан да жақсы білеміз, сақ дәуіріндегі Тұмар, Заринадан тараған ұрпақ, қыздардың ерлік рухы жоғалып кеткен жоқ.Оны ел қорғаған қыздарымыздың ерліктері кешегі кеңестік дәірде де Мәншүк, Әлия қаһармандығымен сабақтасса, Желтоқсан оқиғасы кезіндегі қазақ қыздарының ерлігінен көрдік. Халқымыздың мақтан тұтар қыздарының өрлігі мен ерлігін, өмір күресінде шыңдалып өскендігін, ана-әжелеріміздің тағылымдық тәжірибесін, өнегелі істерін жинақтап, жүйелей отырып, бүгінімізге үлгі ету - елдігіміздің белгісі. Қазақ даласында өткен тарихи тұлға арулардың жүріп өткен жолы, өмірі, қалдырған қағидалары - қазақ қыздарына тәрбие оқулығы болмақ.

Бұл өмірде табиғат дейміз бе, құдірет дейміз бе, бәрін ғажап ойластырған ғой. Қыз намысын ер азамат қорғаса жараспай ма? Егер қорған болар азаматы, арқа сүйер аға-інісі болса, шіркін-ай, абыройлы әкесі болса, қыз бала әрі нәзік, әрі ұятты, әрі ақылды болуға тырысар еді. Әрине, болады да!

Өткен тарихымыздан бір мысал келтіре кетейін, қазақ атамыз әсіресе, қыз баланың ар-ұжданын сақтау мәселесін қандай жағдайда болмасын естен шығармаған, оған үлкен жауапғалыстар мен қимыл-әрекеттердiң негiзi, жер бетiндегi биiк табыстар мен жетiстiктердiң қайнар көзi, табиғаттың бiр бөлшегi. Тарихы 3-3,5 миллион жылдарға жеткен адам баласы табиғи құбылыстарды құдiреттi күш деп есептеп, аспанға, ай мен күнге, жұлдызға табынған. Кейiнiрек адам санасы дами келе, ол табиғатты нысаналы түрде өзгерте бастады. Яғни, адам мен табиғат қарым-қатынасының эволюциясы, қоғамның өндiргiш күштерi мен экологиялық жүйелер (биосферадан биогеоценоздарға дейiнгi) арасындағы тарихи өзара байланыс өрiстедi. Адамзат ұрпағының өсуiне байланысты биосфера өзiнiң келесi сапалық басқышына - ноосфераға өттi. Бұл - сана сферасы, мұндағы негiзгi, дамуды анықтайтын фактор - саналы адам әрекетi.

Жалпы адам баласының табиғатқа жасаған өзгерiсiнiң ауқымдылығы табиғат тепе-теңдiгiнiң керi ауытқушылығын тудырады. Ұзақ уақыт бойы адам табиғат байлықтарын үздiксiз әрi қайтарымсыз пайдаланып, оның азаюына, тiптi жоюылуына жол берiп алды.

Адамда табиғи (биологиялық) және қоғамдық (әлеуметтiк) сипат болса, оның ең негiзгiсi, әрине, әлеуметтік сипат. Себебi, адам мен қоғам бiрлiкте. Адам - ақылы мен санасы жетiлген, өзiн өзге дүниеден бөлiп қарай алатын, iшкi дүниесiн танып-игеруге қабiлеттi тұлға.

Қоғам - табиғаттың ұзақ эволюциялық дамуының нәтижесi, яғни қоғамның пайда болуы - материя қоғалысының жоғары, әлеуметтiк түрiне көшуi. Қоғамның пайда болуы еңбек процесiмен тiкелей байланысты болса, оның қозғаушысы, iс-әрекеттi атқарушы - адам. Еңбек - адамның табиғатқа деген белсендi қарым-қатынасы. Еңбек процесi арқылы адам өзiнiң табиғи, күш-қуатын қозғалысқа келтiрiп, табиғатты өзгертедi, оны өз қажетiне сай бейiмдейдi. Әрине, оның бәрiнде сәйкес тепе-теңдiк сақтала бермейдi. Ондай жағдайда қоғамның әлеуметтiк-экологиялық дамуында қиыншылықтар туындайды. Олардың түрлерi көп, яғни, экологиялық дағдарыс, экологиялық алапат, экологиялық коллапс. Бұл - әр шамадағы, экологиялық жағымсыз құбылыстар. Бұларды болдырмауда экологиялық болжаулар мен жүйелеу жасалу қажет. Оның бiрi адамның iс-әрекетiнiң әсерiнен, биосферада орын алатын процестер туралы, жуық арада, немесе болашақта болатын қалыптасқан тепе-теңдiк бұзылуынан болса, екiншiсi тiрi организмдер жиынтығының өсу, даму, тiршiлiк ету кеңiстiгiн бiрлесе пайдалануының қалыптасқан жүйесiн жасайды. Ал, адамзат қоғамының өмiр сүру табиғи жағдайларының жиынтығы табиғат деп аталады. Адам баласы осы қоршаған орта мен табиғи ресурстарды қорғауға мiндеттi. Ол ғылыми негiзделген кешендi жоспар ауқымында жүзеге асырылады. Бұл жоспарға мыналар кiредi: қоршаған ортаға түсетiн антропогендiк жүктемелердiң барлық түрлерiн нормаға келтiру, проблемалық тарау аумақтарын саралау, экологиялық теңдестiктi сақтау үшiн жоспарлы шектеулер мен кәсiпорындарды орналастырулардың жаңа түрлерiн жасау, аймақтағы адамды қоршаған табиғи ортаны қорғау жөнiндегi шаралардың, перспективалық жоспары. Бұл ауқымды жұмыстар табиғи ортаны қорғауға және қалпына келтiруге арналған мақсатты саясат негiзiнде жүзеге асады. "Адамзаттың ғаламдық экологиялық дағдарыстан шығудың жолын тауып, қоршаған табиғи ортаның азып-тозуын тоқтата алатындай болашақтағы даму кезеңiн экологиялық қауіпсiз қоғам деймiз. Болашақ экологиялық қауіпсiз қоғамның негiзi биосфераны сақтау және табиғат пен қоғамның биосфера заңдарын және осы заңдардың өркениеттiң даму шектеулiгiн есепке алу негiзiндегi өзара әрекеттестiгiне көшу болып табылады [2].

Әрбiр мемлекет, қоғам, халық өзiнiң тарихи әлеуетiнде түрлi кезеңдерден өтетiнi белгiлi. Осындай процесс барысында қоғамдық қатынастардың жүйесi стихиялы түрде белгiлi бiр өзгерiстерге түсетiнi хақ. Ғылымда бұл мәселелердi формациялық немесе өркениеттiк парадигмалар тұрғысынан қарастыру дәстүрi орын алған.

Негiзiнде саяси ғылымда саяси мәдениет ұғымы әр түрлi мағынада қолданылады. Алайда, оның түпкi мәнi бiр, ол - тарихи дамудың саяси өмiрiнде қалыптасатын дәстүрлер, құндылықтар, идеялық ұстанымдар мен саяси iс-әрекеттер жүйесi [3].

Жалпы саяси мәдениет пен сана туралы айтқанда адам факторына, яғни адам дүниетанымы мәселесiне тоқталмау мүмкiн емес. Шын мәнiнде әлемде қанша адам болса, сонша көзқарастар мен дүниетанымдар бар. Сол сияқты әр халықтың, ұлттың өзiне тән дүниетанымы болатыны заңды. Егер белгiлi бiр ұлтты бiр-бiрiмен тығыз генотиптiк және басқа да байланыстармен шырмалған жеке адамдар қауымдастығы десек, онда саяси сананың күрделi әлеуметтiк құбылыс екендiгi күмән түғызбайды. Демек, қазiргi кезде адамзат дүниетанымын батыстық және шығыстық деп екiге бөлуге болады. Бұл стереотиптерге адам факторы тұрғысында түсiнiк беру үшiн әлемнiң екi ұлы классиктерi - И. Кант пен Ф. Ницшеге жүгiнейiк. И. Канттың категориялық императивi тұрғысынан алғанда, "адам құрал ретiнде емес, үнемi мақсат тұрғысында қалыптасу керек" [4]. Яғни бұл батыстық дүниетанымның негiзiнде жасалған тезис. Шындығында да Батыс қоғамдарында Жаңа дәуiрден бастап, қай мәселеде болмасын, адам факторы ерекше орынға ие. Ал, Шығыс қоғамдарында керiсiнше, мәселенiң шешiмiнде адамның жеке ролi төмендетiледi. Бұл ретте Ф.Ницше былай деп анықтама бередi: "Адамда ең мәндiсi мақсат емес, оның өткен мен бүгiндi жалғастыратын көпiр екендiгi: адамды сол үшiн де жақсы көруге болады".

Яғни, бұл қазiргi ғылымда әбден бекiген тұжырымдар болды. Ал, Еуропа мен Азияның арасын жалғап, "дауыл халық" аталған қазақтардың дүниетанымын қайда жатқызамыз? Көптеген жылдар бойы дала халықтарының дүниетанымдарын жарымжан етiп келген ой-тұжырымдар жоққа шығарылғанын, оған септiгiн тигiзген Л.Н. Гумилевтiң этногенез концепциясы екендiгiн айтуымыз керек.

Тағылық немесе артта қалушылық туралы идеялардың өзi уақыттың тек синхронды шкаласын қолданудың нәтижесiнде, яғни жасы жағынан түрлiше адамдарды, халықты құрдас ретiнде қараудан туып отыр. Алайда, бұл әдiстiң ешқандай мәнi жоқ, өйткенi бұл бiр мезгiлде профессорды, студенттi және мектеп оқушысын салыстырғанмен тең деген Л.Н. Гумилев пiкiрiн мойындамау мүмкiн емес. Қазақстан өз тарихында белгiлi формациялық кезеңдердi толық бастан өткермесе де, қоғамдық жүйенiң түбегейлi өзгерiстерiн бастан кешкенi анық. Iшкi, көбiнесе сыртқы факторлардың әсерiнен болған бұл өзгерiстер арқылы қазақ қоғамының тек саяси, әлеуметтiк, экономикалық бағдарлары ғана ауысып қоймай, сонымен қатар дүниеге деген көзқарасының да терең өзгерiстерге ұшырағанын көремiз. Егер ХҮ ғасырда қазақ ұлы болып қалыптасып, Ұлы далада өзiнiң тарихи орнын айқындаса, кейiннен Ресей, Қытай секiлдi елдермен қарым-қатынас жасап, батыс пен шығыс мәдениетiн бойына сiңiре бiлдi.

Бәрiмiзге белгiлi болғанындай, қазақ халқының пайда болуына әсер еткен этногенетикалық үрдiстердiң түп-тамыры ежелгi дүние тарихынан бастау алады. Бұл үрдiстер ықылым заманнан берi Орта Азияның кең даласындағы этникалық және саяси қатынастардың даму ерекшелiктерiмен қатар өзгерiп отырды. Тарихтың әр кезеңiнде Қазақстан аумағында пайда болып немесе жойылып отырған этникалық топтар мен тайпалар, кейiннен қазақтардың өмiр салтына айналған, көшпелi мал шаруашылығының тұрақтануына әкелiп соқты. Әрине елiмiздiң оңтүстiгi мен оңтүстiк-шығысында егiншiлiктi кәсiп еткен, отырықшы аудандар болды. Алайда, бұл жерлердегi қоныстанушылардың өзi, көршiлес көшпелi өмiр салтының ықпалында қалды.

Кеңес үкiметiнiң зобалаң жылдарында тарихты бұрмалау кесiрiнен жалпы "көшпендi" ұғымы қатыгездiк, жаугершiлiк ұғымдармен терiс түсiндiрiлгенi белгiлi. Ал, негiзiнде көшпендiлiк өмiр салты тау мен орманы аз кең далада ғұмыр кешуге ең қолайлы, мал шаруашылығымен айналасқан адамдардың табиғи қажеттiлiгiнен туған шара. Екiншiден, дүниежүзiлiк теңiз жолдарының ашылуына дейiн, құрылықтағы қандай да болмасын қарым-қатынас көшпелi халықтардың арқасында жүзеге асқаны белгiлi. Тарих беттерi дәлелдегендей, Монғолия мен Дунай өзенiнiң аралығындағы кең алқапты алып жатқан Ұлы дала ежелден берi көптеген көшпелi халықтардың Шығыстан Батысқа қарай жылжуындағы көпiр қызметiн атқарады. Олар тек көшiп қана қоймай, ұлы мәдениет иелерi ретiнде, дүниенiң екi бұрышын жалғастыра бiлдi. Егер ежелгi скиф, ғун, түркi, монғол мәдениеттерiнiң қазақ даласына салып кеткен iздерiн қарасақ, онда олардың әрқайсысының көшпендi қазақ менталитетiнiң құрылу барысында қайталанбас таңба салып үлгергенiн байқаймыз. Адамның қоршаған дүниеге көзқарасы, түсiнiп-бiлу деңгейi қоғам дамуында, табиғатты сақтауда және өзiнiң тұлға ретiнде қалыптасуында негiзгi орынды алады. Философиялық тұрғыдан алғанда, адамзат үшiн "қоғам-адам-табиғат" туралы ойлар ертеден-ақ адамгершiлiк, iзгiлiк, инабаттылық, имандылықты дәрiптеу, зорлық-зомбылыққа қарсы күресу, қоғам мен адам тағдырының мәнiн түсiну тұрғысында қалыптаса бастаған.

Адам мен табиғаттың, табиғат пен қоғамның арасындағы қарым-қатынас бiр-бiрiн толықтырып отырады. Тiптi олардың арасындағы қатынастарды нақты түсiну үшiн географиялық орта деген ұғымды қолдануға болады. Бiз осы ортаға байланыстымыз әрi қоғамдық өмiрге қажеттiнiң бәрiн ортада өндiремiз. Қоғамдық өмiрдiң дамуының қажеттi табиғи жағдайларының бiрi - ел, халық, атамекен. Бұл ұғымдар әлеуметтiк заңдылықтарға бағынады. Адам орта ғасырлық қараңғылық пен шырмаудан шығысымен, ендi өз мүмкiндiгiн байқап, бiлуге ұмтылды, шығыстың ғұлама ойшылы, философы Әл-Фараби ертедегi ежелгi ғылыми табыстарды қабылдап, грек ғалымдарынан үлгi алып, олардың ғылымын дамытып, сол үшiн екiншi ұстаз атанғаны белгiлi. Мәселен, ол Сократтың, Платонның, Аристотельдiң барлық ғылыми салаларын - математика, физика, музыка, философия, логиканы жоғары сатыға көтердi. Оның айтуынша адам бойында үш қабiлет ерекше жаралған. Олар - дене құрылысы, жан құмарлығы, ой парасаты. Осы қасиеттердi дұрыс жолға қойып, тәрбиелеу арқылы дұрыс нәтиже шығаруға болады [5]. Табиғат пен оның зерттеу процесi адам болмысын ашуға септiгiн тигiздi. Адамның зердесi өзiнiң ұшан-теңiз мүмкiндiгiмен, шығармашылық қабiлетiмен танылды.

Зерденi ғылыми негiзде түсiну табиғаттың сырын ашуға, әсiресе, жаратылыстанудың негiздерiн дамытуға, таным теориясын адам өмiрiнiң кейбiр салаларымен байланыстыра зерттеуге жол ашты. Табиғатты барлық жағынан зерттеп, игеру қолға алынды. Табиғатты зерттеуде жаратылыстану ғылымы одан әрi өркендеп, адам баласы дүниенi меңгеруге кiрiстi. Табиғат өзiнiң дамуында "ең құдіреттi" қасиетiне ие бола отырып, адамды, оның ақыл-ойын қозғады. Осыған байланысты адам және оның мәнi табиғаттың заңдары арқылы түсiндiрiлдi. Бұдан келiп, табиғатты зерттеген жаратылыстану, экология, дүниетаным ғылымдары дамып, бiрқатар мүмкiндiктерге қол жеткiздi.

Жаратылыстану заңдары әлемдi (жер мен көк), оның даму процесiн, дүниенi танып-бiлуге бағытталады. Сондай-ақ, мұнда адамды түсiндiруге де әрекет жасалды. Бiрақ, мөлшер негiзiнде түсiндiрiлген табиғат өлшемдерi - уақыт пен кеңiстiк, белгiлi бiр нысанадан оқшау қаралды. Мұның өзi ХҮII-ХҮIII ғасырдағы ғылым мен бiлiм арасындағы диалектикалық байланысты үздi.

"Қоғам-адам-табиғат" арасындағы мақсатты байланыс пен сәйкестiк әрине бiлiмдi, ақыл мен сананы қажет етедi. Табиғат пен бiлiм, мәдениет арақатынасы - адамдар қызметiнiң жемiсi. Олардың қарым-қатынасының өз тарихы бар. Себебi табиғат бiлiм мен мәдениет дамуының алғы-шарты бола отырып, олардың табиғи процестерге тiкелей араласуынан көркеюi немесе құлдырауы мүмкiн. Табиғат пен мәдениет арақатынасын шешкенде табиғатқа деген қамқорлық, мейiрiмдiлiк әр кез есте болу керек.

Мәселен, ойластырылмай тың жерлердi игеру жағдайы табиғатқа зиянын тигiзгенi бүгiнде баршамызға белгiлi. Көптеген құнарлы топырақтың желмен ұшып, жер эрозиясына душар болып кеткенiн, мал жайылымдарының азайып, сирек хайуанаттар мен құстардың, өсiмдiктердiң селдiреп кеткенi, ауа мен судың ластанғаны ешкiмге жасырын емес.

Адамның табиғатқа қатысы оның қоғамдық өмiр сүру тәсiлiне негiзделедi. Осыдан келiп адамның бiлiм мен мәдениет дәрежесiн анықтауға болады. Жаңа мыңжылдықта Қазақстан мемлекетiнiң барлық саладағы бет-бағдары өзгеруде. Соның iшiнде бiлiм мен бiлiктiлiк қазiргi заманда мемлекеттердiң бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң ең маңызды көрсеткiшiне айналды. Көптеген елдерде жаңа индустриялық қоғам үшiн адамды дамыту, оның қабiлетiн арттыру бағдарламалары қабылданды. Өткен ғасырдың 80-90 жылдары АҚШ-та, Жапонияда, басқа да дамыған елдерде экономиканы дамытудың жаңа стратегиялық бағыты, жаңа философиясы қалыптасты. Оның шешушi ролi адам екенi анықталды. Тек қана дамыған елдер ғана емес, артта қалған елдер де халыққа бiлiм беру көптеген әлеуметтiк қайшылықтар мен қиындықтарды шешiп, одан шығудың бiрден-бiр тиiмдi жолы екенiн түсiне бастады. Яғни, қазiргi басты талап - елiмiздегi бiлiм беру жүйесiн дамыту, жаңарту, озық елдердiң деңгейiне жеткiзу. Әлем кеңiстiгiнде адам дүниетанымы, бiлiмi мен ой-санасы жоғары болуы керек. Қазiргi уақытта әр түрлi оқу және тәрбие мекемелерiнде өзгерiстер жүрiп, оңтайлы технологиялық процестер өтуде. Талап етiлетiн бiлiм мен дағдыны толық әрi терең игеру үшiн қажеттi үздiксiздiк принципi, оқытуды мектепке дейiнгi тәрбие мекемесi-мектеп-жоғары (орта арнаулы) оқу орны классикалық схемасы бойынша құрған жағдайда ғана қамтамасыз етiлуi мүмкiн.

Мектепте тек бiлiм мен тәрбие ұштастығы ғана емес, оның қоғамдық пәнаралық ықпалдығы да сақталу қажет. Ол бастауыш сыныптардан басталу керек. Оқушының бастауыш сыныптағы дағдылары түрлендiрiлген, жан-жақты болуы шарт. Себебi бастауыш сынып - оқушының қалыптасуындағы алғашқы басқыш. Бұл жастағы жеткiншектер мектепке дейiн қалыптасқан мынадай бiлiм-икемдiлiктерiн бекiте түседi:

- тану, айналаны бақылау, зат, құбылыстарды байқау;

- көрген-бiлгендерiн естерiнде сақтау, одан алған әсерлерiн бөлiсу, айту;

- табиғатқа, айналасына деген алғашқы эстетикалық сезiмдерiнiң, қызығушылықтарының оянуы.

М. Жұмабаев "Педагогика" атты ғылыми еңбегiнде: "Тәрбие, кең мағынасымен алғанда, қандай да болса бiр жан иесiне тиiстi азық берiп, сол жан иесiнiң дұрыс өсуiне көмек көрсету деген сөз. Тәрбие төрт түрлi: дене тәрбиесi, ақыл тәрбиесi, сұлулық тәрбиесi және құлық тәрбиесi. Егер де адам баласына осы төрт тәрбие тегiс берiлсе, оның тәрбиесiнiң түгел болғаны", - деп тәрбие ұғымының мәнiн кең түрде көрсетедi [6].

Жеткiншек - тәрбие процесiнiң субъектiсi. Ол қоршаған ортаның әр түрлi жағдайын, сол жағдайлардан туған ықпалдарды өзiне қабылдап отырады. Сондықтан жас кезiнен балаға дұрыс таным-түсiнiк пен тәрбие берудiң мәнi зор. Бұл үшiн педагогикалық қарым-қатынас жасау қажет. Бұл ұтымды болу үшiн балалардың қызығушылығы ескерiлiп отырылу керек. Яғни, баланың сенiмдi, сергек, ынталы, сыйластығы мен мейiрiмi мол болу үшiн, соған бағыттайтын әрекеттер жасалуы шарт.

Баланың мектептегi өмiрi әрi мазмұнды, әрi қызғылықты өтетiн болса, бала өзiнiң ақыл-ойы мен бiлiм-тәрбиесiн қалыптастыратын қолайлы ортаны тапқаны. Бала өзiнiң жалпы интеллектуалдық қабiлетiн яғни, оқу, жазу, есептеу, бейнелеу, еңбек, ұжым, секiлдi ұғымдарды мақсатты түрде игере бастайды. Бала қабiлетi бiлiмдi, дағдыны, шеберлiктi игерудегi бойындағы ерекшiлiк болса, оны жас кезiнен жетiлдiреді, оның келешегiне жол ашады. Бұл ретте Л.С. Выготский: "Педагогика бала дамуының кешегi күнiне емес, оның ертеңгi күнiне бағдарлануы тиiс. Тек сонда ғана ол оқыту процесiнде iргелес даму өрiсiнде жатқан даму процестерiн өмiрге келтiре алады", - дейдi [7]. Бiлiм беру мен тәрбиелеу, жалпы педагогикалық процесс тұтастай алғанда, өзiнiң әлеуметтiк қалпын сақтады. Оқушы бастауыш сыныпта оқу процесiне оқушылық өмiрге дағдыланады яғни, бұл сыныпта оқушы оқу, бiлiммен қатар, психологиялық және әлеуметтiк дамудың белгiлi бiр деңгейiне жетуi керек. Атап айтқанда:

- оқи бiлуi, оқу-танымдық әрекеттiң бастапқы тәсiлдерiн меңгеруi, оларды жетiлдiрiп, байытуға талпынуы;

- оқуға деген ынта-ықыласы мен қабiлетi;

- ерiк-жiгерiнiң жеткiлiктi болуы, яғни түрлi мiндеттердi шешуге деген ұмтылыс;

- өзiнiң көпшiлiк, ұжым алдындағы парызын ұғынуы;

- ұжымда болуға, ұжымдық таным мен қоғамдық пайдалы еңбекке қатысудағы белсендiлiгi.

Әрине, бұл қасиеттердiң бәрi бiрден емес, бiртiндеп әрбiр сабақ сайын үйретiлу керек. Бастауыш сынып оқушысы алдымен мұғалiмдi тыңдауға, назар аударуға, оқу тапсымаларын орындауға зейiн аударып, сұрақтарға жауап беруге үйренедi.

Әрине, бiлiм мен iлiмнiң көзi дүниенi тануда жатқаны шындық. Себебi, адам сыртқы дүниенi, әлемдi, ғарышты тани отырып, олардан алған бiлiмдерiн өз бойларына жинақтайды. Ендеше, адамның iшкi дүниесi оның сырттан алған бiлiмiмен ғана емес, рухани өмiрiмен де бағаланады. Яғни, бiлiм жалаң емес, ол ең алдымен адамдардың iс-әрекетi мен қызметiнен келiп шығады.

Яғни, грек философтарның айтуынша (Сократ) бiлiм дегенiмiз - iзгiлiк. Мұндай проблема бiлiмнiң мәнiн тереңнен келiп ашты. Адамның алдына қойған мақсаты оның рухани өмiрi - бiлiмдi құрал ретiнде ғана емес, өмiр сүрудiң әдiсi ретiнде пайдалануға жол ашты. Сондықтан да бiлiм адамның белгiлi бiр iс-әрекетi мен қызметiнен шыға отырып, оның өмiрiнiң мәнiне айналуға тиiс.

Адам мен оны қоршаған орта арасында түрлi байланыстар мен қарым-қатынастар орнап, ол адамға табиғат және қоғам iшiндегi бiр бөлiк ретiнде тiршiлiк етуге мүмкiндiк туғызады.

Алайда, бұл қарым-қатынастарда адам өмiрiне қауiп әкелетiн өзгерiстер туындап жатады. Сондықтан да ерте замандарда-ақ адамдар, өзiнiң тiрлiк кешуiне бөгет болмайтындай тұрғыда, табиғатпен ортақ мәмiлеге келуге тырысып отырған. Бұл бiрте-бiрте адамзаттың табиғатқа шектеусiз үстемдiк жасауына әкелiп соқты да, екеуiнiң арасындағы тепе-теңдiк бұзылды. Мiне, ендi адам баласы өздерi қол жеткiзген жетiстiктiң табиғатқа қаншалықты зардап әкелгенін сезiп отыр. Ендеше, табиғат байлығын, тазалығын сақтап, қорғау - әрбiр қоғам мүшесiнiң мiндетi. Тұтастай алғанда, қордаланған экологиялық күрделi мәселелердi толық шешу үшiн заңдар мен мемлекеттiк шешiмдердi қабылдап қою жеткiлiксiз. Бұл тұста жеңiл-желпi шешуге көне қоймайтын түрлi мүдделер тоғысады.

Ұлттық экологиялық бағдарлама негiзiнде экономиканың, саясаттың, демографияның және экологияның бiрлiгi жатыр. Осы бiрлiктi бұзу экологиялық апатқа, қазақ халқының тозғындауына, дәстүрлi және бай ұлттық мәдениеттiң бiрте-бiрте жойылуына әкеп соқтырады. Адам мен табиғат арасындағы үйлесiмдi пiкiрсайыс ұлттық мәдениет шеңберiнде ғана iске асады. Республикада жастарға ұлттық экологиялық тәрбие мен бiлiм беру жүйесiн жасап, оны балалар бақшасында, мектепте және жоғары оқу орындарында қолдану қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Кішібеков Д. Қазақ менталитеті: кеше, бүгін, ертең. -Алматы: Ғылым, 1999. -200 б.

2. Әбішев Қ., Әбжанов Т. Философия тарихындағы таным теориясы және методикалық проблема. -Алматы: Ғылым -1990.

3. Бейсенов Қ. Қазақ топырағында қалыптасатын ой кешу үрдістері. -А.: Ғылым, 1998.

4. Әлімбаев М. Халық ғажап тәлімгер. -Алматы: Рауан, -1994.

5. Кекілбаев Ә. Заманмен сұхбат: Ой толғамдар -Алматы: Жазушы, -1996.

6. Дерябо С.Д. Экологическая педагогика и психология. -Ростов-на Дону, 1996.

7. Иманберлиева С. Экологиялық білім беру // Қазақстан мектебі. -1993. №6.

Редакцияға 18.01.2008 қабылданды.





: repository -> repository2012
repository2012 -> Шындалиева Меңдігүл Бұрханқызы бақ-тағы жарнама технологиясы
repository2012 -> Әож 811. 512. 122 3: 82. 091 Қолжазба құқығында тапанова сәуле есембекқызы қазақ романдарындағы ғашықтық сарын
repository2012 -> Махсат Алпысбес
repository2012 -> Білім саласындағы жаңа ақпараттық технологиялар
repository2012 -> Қаржаубай Сартқожаұлы, тарих ғылымының кандидаты, доцент, түрколог байырғы түркі «Ж» фонемі қАҚында
repository2012 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі
repository2012 -> Қ. Т. Қозыбаев, М. Н. Иманқұл Wimax технологиясы
repository2012 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ministry of education and science of republic of kazakhstan




©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет