Ж восточно-Казахстанская областная Ассоциация молодежных и детских организаций жБҰҚ



жүктеу 0.68 Mb.
бет3/5
Дата28.04.2016
өлшемі0.68 Mb.
түріБюллетень
1   2   3   4   5
: sites -> default -> files
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
files -> Ф 06-32 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
files -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
files -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының

Шамамен сұхбаткерлердің бірдей сандары (сәйкесінше 4,5% және 4,0%) билік органдары жастар мәселелерін шеше алмайды және қолданылатын шаралар жеткіліксіз деп есептейді.

18 жастан асқан сұхбаткерлердің жастар мәселесін шешуді мемлекеттен жиі кұтеді. Кіші жастағы сұхбаткерлерге қарағанда 18 жастан асқан сұхбаткерлер қолжетімді білім беруді және жұмыс орындары санының көбейтілуін белгілейді.

Басқа ұлт өкілдері орыс және титулды ұлтты сұхбаткерлерге қарағанда «ұлтаралық тыныштықты насихаттауді белсенділеу және жастар ортасындағы келісім», «полиция отрядтары санын ұлғайту...» және «қылмыстық, нашақорлық пен ВЖА-жұқтырушылардың кең таралымымен күресті күшейту» сияқты жауап нұсқаларын жиі белгілейді.

Қалалық сұхбаткерлермен салыстырғанда ауылдық сұхбаткерлер үшін білім беру сапасының жоғарылауы және шәкіртақының ұлғаюы сияқты мәселелер өте өзекті болып келеді. Қалалықтар үшін билік басындағылардан ірі әлеуметтік мәселелерді шешу, сонымен қатар, сұхбаткерлердің қауіпсіздігі мен денсаулығына қауіп төндіріп тұрған, мысалы, қылмыстық, нашақорлық пен ВЖА-жұқтырушылардың кең таралымымен күресуді күшейту, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету факторларын қолға алуды күту сипатты болып келеді. Сонымен қатар, қалалық сұхбаткерлер жастардың мәселелерін шешу мен талқылау үшін билік басындағылар мен жастар арасында сұхбаттың керектігі туралы жиі айтып көрсетеді. Алайда, жастармен тұрақты байланыс орнату тек мемлекеттік күшіне ғана байланысты емес, мұндағы маңызды фактор болып жастардың белсенділігі табылады. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, 2010 жылмен салыстырғанда еліміздік қоғамдық өміріне сұхбаткерлердің қызығушылығы төмендеп кеткен. Қазіргі уақытта сұхбаткерлердің 54,3 пайызы ғана еліміздің қоғамдық-саяси өміріне қызығушылық танытады («иә» мен «жоқ дегеннен гөрі, иә» деген жауаптардың қосындысы). «Жоқ» пен «иә дегеннен гөрі, жоқ» жауаптары бойынша пайыздар қосындысы 44,5 құрайды.
4 график. Сіз еліміздің қоғамдық-саяси өміріне

қызығушылық танытасыз ба?



Осылайша, еліміздің қоғамдық-саяси өміріне қызығушылық танытамын деп жастар өкілдерінің төрттен бір бөлігі ғана сенімділікпен айта алады, яғни бұл төмен көрсеткіш болып табылады.

Сұхбаткерлердің қоғамдық-саяси өмірге қызығушылық танытуы ең алдымен осы сферамен байланысты тақырыптағы телебағдарламаларды көру (76,0%) және газеттер оқу (57,8%) арқылы пайда болады. Сұрақ алушылардың 30 пайызына жуығы саяси оқиғаларды достарымен, жанұяларымен, көршілерімен қалқылайды екен.

5 график. Еліміздің қоғамдық-саяси өміріне

қызығушылық танытудың формалары



Сұхбаткерлердің жасы және олардың білім деңгейі жоғары болған сайын, соғұрлым олардың қоғамдық-саяси өмірге деген қызығушылықтары әр түрлі формаларда пайда болады. Ауылдық сұхбаткерлер қалалық сұхбаткерлерге қарағанда еліміздегі саяси оқиғалар туралы білу үшін газеттерді көп оқиды.

Қоғамдық-саяси өмірге 18-ден 24-ке дейінгі жастағы жастар, жоғары және аяқталмаған білімді тұлғалар, өнеркәсіп басшылары, бюджеттік ұйымдар қызметкерлері көп мөлшерде қатысады. Гендерлік аспекте қоғамдық-саяси өмірге әйел адамдарға қарағанда ерлер көбірек қатысады («иә» жауабының нәтижесі бойынша ерлер – 16,5 %, әйел адамдар – 9,9%), ал ұлттық аспект бойынша – титулды нәсіл өкілдері 17,4% құрайды.

Аудандар бойынша жасалған талдаулар нәтижесінен қоғамдық-саяси өмірге белсенді түрде қатысатын жастар Курчатов қаласында (50,0%), Үржар (33,3%) және Күршім (30,8%) аудандарында тұратыны анықталды. Осы көрсеткіштер бойынша ең төменгі пайыздарға ие болған Риддер қаласы (0,0%), Бесқарағай (0,0%) және Зырян (6,7%) аудандары.

Өздерінің мемлекеттің қоғамдық-саяси өміріне қатысатынын атап көрсеткен сұхбаткерлер арасында ең жиі таңдаған формалары болып сайлауға қатысу (70,3%) табылады, сұраққа жауап берушілердің 31,6 пайызы жұмыс істеу/оқу орындары бойынша өз әріптестерінің қоғамдық-саяси өміріне қатысатындарын, ал зерттеуге қатысушылардың 17,1 пайызы қандайда бір жастар ұйымдары/ қозғалыстарынан тұрады, яғни партиялар және /немесе кәсіподақ комитеттерінің мүшесі болып табылатындықтарын атап көрсетті. Сұхбаткерлердің 14,6 пайызы көрсетілімдер мен акцияларға қатысады, ал 7,6 пайызының қоғамдық-саяси сферамен қызметтік бабтарымен тікелей байланысты. 3,2 пайызы жауап беруге қиналды.


6 график. Еліміздің қоғамдық-саяси өміріне

жастардың қатысу формалары



Сайлауға қатысушы сұхбаткерлер (14,9 пайызға) санының айтарлықтай өсуі ең алдымен, ағымдағы жылдың сәуір айында өткен Қазақстан Республикасы Президентін сайлаумен байланысты. Алайда мемлекеттің қоғамдық-саяси өміріне қатысудың бұл формасын пассивті және біржолғы деп айтуға болады. Сонымен бірге сұраққа жауап беруші жастардың әр түрлі ұйымдарға, өз әріптестерінің қоғамдық-саяси өміріне немесе қандайда бір акцияларға қатысулары болмашы төмендеді, бұл осы сферада жастар белсенділігінің төмендегенін білдіреді.
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заң 7 жыл бұрын күшіне енген, жастар саясатын қалыптастыру және дамыту аясының тұрақты негізінде әр түрлі шаралар өткізіледі, және осымен қатар, үшінші мақсаттық аудиториямен сұхбаткерлердің 16,8 пайызы айтарлықтай дәрежеде ақпараттандырылған немесе Заңның негізгі ережелерін біледі (12,3%). Сұраққа жауап берушілердің 33,0 пайызы мемлекеттік жастар саясаты туралы бірдеңе ғана естігендерін айтты, яғни қандайда бір нақты ақпаратпен құлақтандырылмаған, ал 31,4 пайызы осы сферадағы мемлекеттің жұмысы туралы мүлдем білмейді.

7 график. ҚР мемлекеттік жастар саясаты туралы

сұхбаткерлердің ақпараттануы

2011 жылы өткен жылмен салыстырғанда мемлекеттік жастар саясаты туралы ештеңе білмейтін сұхбаткерлердің саны 6,2 пайызға, ал айтарлықтай дәрежеде ақпараттандырылғандар саны 0,6 пайызға ұлғайған. Жауап берушілердің арасында бірдеңе естігендердің (1,2 пункте) және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңның негзгі ережелерін білетіндердің (1,8 пункте) пайыздық көрсеткіштері төмендеп кеткен. Ұлан ауданы (50,0%), Семей (49,0%) және Өскемен (48,0%) қалалары сұхбаткерлерінің көпшілігі хабардар емес екендігі анықталды, ал Күршім (90,0%) қаласы, Абай (90,0%) және Тарбағатай (76,1%) аудандарының сұхбаркерлері «айтарлықтай деңгейде» және ««Мемлекеттік жастар саясаты туралы» ҚР Заңының негізгі ережелерін білемін» жауаптарынан хабардар екендіктерін көрсете отырып, алдыңға деңгейлерден көрінді. Сонымен қатар, жоғары хабардарлықпен 18 жастан жоғары қазақ ұлт өкілдері (40,0%), жоғары білімі бар тұлғалар (41,1%) ерекшеленеді, сонымен қатар ұйымдар басшылары (71,4%) және кәсіпкерлер (66,7%) болып табылатын тұлғалардың алдыңғы қатарларда екендігіне көз жеткізуге болады.

Сұхбаткерлердің 51,4 пайызы Мемлекеттік жастар саясаты туралы үлкен ақпараттарға ие болғысы келсе, 16,6 пайызы өз білімдерінің жеткіліксіздігінің салдарынан мұндай ақпараттарды қабылдағысы келмейді, ал 23,7 пайызы қызықтырмайтындықтан қосымша ақпараттануды қажеттілік деп таппайды. Сұхбаткерлердің 8,3 пайызы жауап беруге қиналды.


8 график. Сіз ҚР мемлекеттік жастар саясаты туралы

көбірек ақпараттануды қалайсыз ба?

Жастар саясаты сферасында қосымша білімдер алуға қызығушылық танытқандар жағдайының оң өзгерістерін өткен жылдағы сұхбаткерлер пайызы-
мен салыстырғанда 8,2 пункте ұлғайғанын, сонымен қатар жастарды қызықтыр-
майтын бұл тақырып бойынша 5,7 пункте пайыздық көрсеткіштің төмендегенін көруге болады. Жастар саясаты туралы жеткілікті дәрежеде ақпараттандым дегендердің арасынан сұхбаткерлердің 75,9 пайызы әлі де көп ақпараттар білгілері келетіндігін жариялады. Жеткілікті ақпараттанғандардың жартысынан көбі (56,8 пайызы) мемлекеттік жастар саясаты туралы қосымша мағлұмат алуға тырыспайтындарын көрсетті.

Сонымен бірге сұхбаткерлерге мемлекеттік жастар саясатын бағалау ұсынылған, нәтижесінде сұхбаткерлердің 28,9 пайызы ол туралы білмейтіндіктері, 20,4 пайызы мемлекет жастарды қолдау үшін барлық мүмкін шараларды қабылдайды деп есептейтіндіктері анықталды, сонымен бірге зерттеуге қатысушылардың 15,0 пайызы мемлекет жастарды қолдау үшін барлық мүмкін шараларды жасайды, бірақ ол айқын болса да жеткіліксіз екендігін атап көрсетті. Сұхбаткерлер санының шамамен тең үлесі жастар бағдарламалары жеткіліксіз қаржыландырылады (13,6%) және бағдарлама жастардың талаптарын ескермейді (13,2%) деп жауап берді. Сұхбаткерлердің 7,1 пайызы қаражат жеткілікті бөлінеді, алайда олар дұрыс емес жұмсалады десе, ал 5,9 пайызы жастар саясатына бөлінген қаражат басқа мақсаттарға жұмсалынады және мемлекеттік жастар саясаты жоқ деп есептейді. Зерттеуге қатысушылардың 13,4 пайызы жауап беруге қиналды.

9 график. Сұхбаткерлермен өткізілген мемлекеттік

жастар саясатының бағасы



Сұхбаткерлермен белгіленетін әр түрлі мәселелер әр аймақтар үшін әр түрлі өзектілік күшіне ие, келесі кестеде зерттеуге қатысушылармен өте жиі белгіленген мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудың жеткіліксіздіктері келтірілген.
3 кесте. Мемлекеттік жастар саясатының бағасы


Мәселелер

Аймақтар

Бағдарлама жастардың қажеттіліктерін ескермейді

Катон-Қарағай (42,9%), Риддер қ. (41,2%), Күршім (38,5%)

Жастар бағдарламалары жеткіліксіз қаржыландырылады

Күршім (46,2%), Бесқарағай (40,0%), Аягөз (29,6%), Үржар (29,6%)

Мемлекеттің күші көрініп тұр, бірақ жеткіліксіз

Зайсан (46,2%), Көкпекті (46,2%), Риддер қ. (41,2%)

Жеткілікті қаражат бөлінеді, бірақ дұрыс бағытта жұмсалмайды

Жарма (22,2%), Бородулиха (21,4%), Шемонаиха (16,7%)

Жастар бағдарламаларына бқлінген қаражат басқа мақсаттарға жұмсалады

Зырян (20,0%), Жарма (16,7%), Күршім (15,4%)

Мемлекеттік жастар саясаты жоқ

Күршім (23,1%), Катон-Қарағай (14,3%), Риддер қ. (11,8%)

Сұхбаткерлер мемлекеттік жастар саясатының жалпы сипаттамасынан басқа оның әр түрлі бағыттар бойынша жүзеге асуын да бағалаған. Жастар саясатының бағыттарын бағалау балл бойынша жүргізілген, мұндағы 0 – бұл бағыт жастар саясаты бағдарламасында ешқандайда жүзеге аспайды, 5 – бұл бағыт толығымен жүзеге асады. Зерттеудің нәтижелері болып негізгі бағыттар бойынша мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру рейтингісін құру мүмкіндігі табылады.


10 график. Негізгі бағыттар бойынша мемлекеттік

жастар саясатының жүзеге асу рейтингісі


Сұхбаткерлер жастардың тегін орта білім алуларын қамтамаз ету бойынша (3,3) мемлекеттің жұмысын ең сапалы деп есептесе, жас отбасыларын қолдау сферасында (2,1) ең төменгі көрсеткіштерді көрсетті. Атап айтсақ, сұхбаткерлердің пікірі бойынша бағыттардң ешқайсысыда мемлекетпен жоғары деңгейде жүзеге асчрылмайды (4-5 балл). Мемлекеттік билік жұмысына зерттеуге қатысушылардың жартысына жуығы баға бермеді.

Сұхбаткерлермен жастар саясатының негізгі бағыттарын мемлекетпен жүзеге асыруға берілген айтарлықтай төмен бағалары (6,9%) жастар саясатын қалыптастыру барысында билік жастардың өз пікірлеріне сүйенетіндігі деп есептеу салдары болып табылады. Сұраққа жауап берушілердің тағы да 22,3 пайызы шыныменде осылай жүріп жатыр, алайда бұған толық сенімді емес. Нәтижесінде бұл сұхбатқа қатысушылар жалпы санының үштен бірін құрайды (29,2%). Сұхбат-керлердің 26,2 пайызы билік жастардың пікіріне сүйенбейді десе, 15,6 пайызы осыған сенімді. Зерттеуге қатысушылардығ 29,0 пайызы жауап беруге қиналды.
11 график. Жастар саясатын қалыптастыру барысында

Жастардың ой-пікірлерін мемлекетпен есепке алу



Жастарға тікелей және жанама қатысты сұрақтарды шешу барысында билік жастардың пікірлеріне сүйенеді дегенге сенімді сұхбаткерлер санының айтарлықтай төмендеуі (2 есеге), және жеткіліксіз ақпараттық қолдау туралы айтуға қинала жауап берушілер санының өсуі (шынында да облыста жастар бағдарламаларының айтарлықтай саны жүзеге асырылады, алайда олардың БАҚ жарияланбайтындығы, сонымен қатар осындай бағдарламаларға жастарды қатыстыру бойынша жасалатын шаралардың жеткіліксіздігі) осы сферадағы мемлекеттік қызмет аясында ақпараттық күйзелістің пайда болуына, немесе жастар үшін осы сферадағы мемлекет қызметінің көкейтестілігіне әкеп соғады. Мемлекет жастар пікірін ескереді деген сеніммен Курчатов қаласы (40,0%), Бородулиха (35,7%) және Тарбағатай (19,0%) аудандарының сұхбаткерлері өз піріклерін білдірді, ең төменгі көрсеткіштерге Абай (40,0%), Катон-Қарағай (28,6%) және Үржар (22,2%) аудандары ие болды.

Сұраққа жауап берген үш жастың екеуі Шығыс-Қазақстан облысында жастардың үкіметтік емес ұйымдарының бар екендігі туралы білмейді екен. Келесі кестеде қызмет етіп жүрген жастар ұйымдары туралы зерттеуге қатысушылардың хабардарлықтары берілген.


4 кесте. Жастар ұйымдарының қызмет етуі туралы

сұхбаткерлердің хабардар болуы




Ұйымдар атау

%

Заңды тұлғалар бірлестігі «Шығыс-Қазақстан облыстық жастар және балалар ұйымдарының қауымдастығы» (ШҚО ЖжБҰҚ)

22,9

СҚО (Студенттік құрылыс отрядтары)

20,9

«Қазақстанның болашағы үшін» Өскемен қалалық жастардың қоғамдық бірлестігі

20,0

«Жас Толқын» ШҚО Мектеп және балалар ұйымдарының қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі

16,2

«ШҚО жастар одағы» қоғамдық бірлестігі

16,2

Жастар істері бойынша комитет

15,6

«Қазақстан студенттерінің альянсы» ҚБ филиалы

15,2

«Кругозор» Мәдениет және туризм жастар орталығы» Шығыс-Қазақстан облыстық Орыс Мәдениет орталығының филиалы» Қоғамдық бірлестігі

13,0

«Матросо-во!» Жастар орталығы» Қоғамдық бірлестігі

11,7

Қазмырыш Жастар бірлестігі

9,3

«Жастар парламенті Өскемен қаласы» Қоғамдық бірлестігі

9,1

«FAITH» нашақорлыққа қарсы Жастар қайырымдылық орталығы

8,9

«Белсенді жастар мектебі» Қоғамдық бірлестігі

8,5

Шығыс-Қазақстан облыстық «Жастардың ақпаратты-талдау агенствосы» Қоғамдық бірлестігі

8,3

«Экология – жастар – бастама – даму» Қоғамдық қоры

7,5

«Элита плюс» жастар шығармашылығының федерациясы

6,5

«Всплеск» белсенді жастар одағы

6,3

«Экология – Туристік орталық» Жастардың Қоғамдық бірлестігі

6,1

«Ұлағат» ЖҚБ

6,1

Сұрақ алынған ШҚО жастары үшін ең танымал жастар ұйымдары болып Заңды тұлғалар бірлестігі «Шығыс-Қазақстан облыстық жастар және балалар ұйымдарының қауымдастығы» (ШҚО ЖжБҰҚ), СҚО (Студенттік құрылыс отрядтары) және «Қазақстанның болашағы үшін» Өскемен қалалық жастардың қоғамдық бірлестіктері табылады.

Кестеде келтірілмеген жастар ұйымдарының қатарына сұхбаткерлер жастар қанаты ХДП Нұр Отан Жас Отан және «Логос» Жас мамандар кеңесін (Курчатов қаласы) атап айтты (яғни танымалдық абсолюттік рейтингісі 1,0 пайызды құрайды).

Қорытындылар:


  1. Қазіргі уақыттағы Шығыс-Қазақстан жастарының құндылықты бағыттары болып ең алдымен денсаулық (75,1%), ақша (51,8%) және отбасы (50,8%) табылады. Сонымен бірге алғашқы екі факторларға жақсы білім алуды жатқы-зады, олар жақсы білімді өмірлік жолдың іргетасы болып қалады деп санайды

Жас буынның денсаулық кепілі болып олардың жеке физикалық белсен-
діліктері мен облыстағы сапалы медициналық қызметтері табылады. Қазіргі таңда кез келген үшінші сұхбаткер білікті медициналық көмек ала алатындарына
сенімді, олардың 30,2 пайызы көрсетілген қызмет сапаларына толығымен қанағаттанады. Жалпы алғанда, облыс бойынша медициналық қызмет көрсету сапасына қанағаттанатындар деңгейін төмен деп сипаттауға болады, өйткені сұхбаткерлердің 16,6 пайызын ғана көрсетілген қызметтер толығымен қанағат-
тандырады екен. Сұхбаткерлердің тек 36 пайызы ғана бос уақыттарында
спортпен айналысады, ал қалғандары бос уақыттарын достарымен қатынасуға (59,1%), музыка тыңдауға (46,4%) және Интернетпен сөйлесуге (46,0%) бөлетіндіктерін көруге болады.

Сұхбаткерлердің көпшілік бөліктері үшін негізгі кіріс көзі болып жалақылары табылады. Сондықтан кез келген сұхбаткерлердің үшіншісі өз жұмыстарына қанағаттанады. Сұхбаткерлердің көңілдері толмайтын негізігі себеп еңбек


ақының төмендігі (10000-30000 тенге), мансаптық баспалдақпен өсу мүмкінді-
гінің жоқтығы және жұмыс жағдайының қанағаттандырмауы. Сонымен бірге, өз мамандықтарын, кәсіптерін қоғамға қажетті деп санайтын сұхбаткерлердің саны өткен жылмен салыстырғанда төмендеген. Өз кәсіптерін қоғамға қажетті деп есептейтіндер ұйымдар мен кәсіпорындар басшылары, алып-сатарлар, сонымен қатар жұмыссыз сұхбаткерлер. Кейбір мамандықтарға сұраныстардың төмендігі еңбек нарығында сұхбаткерлердің жұмыстарынан айырылуына, өз бизнестерін ұйымдастыруға әкелді. Материалдық қиындықтардың салдары, қаржылық тәуелсіздікке ұмтылу ШҚО жастарының жартысын оқу мен жұмысты алып жүруге әкеп соқты.

Зерттеу нәтижелері бойынша қазіргі уақытта сұхбаткерлердің 55,0 пайызы жақсы білім алуға болады деп есептейді. Алайда облыстағы білім беру сапасы тек 32,3 пайыз сұхбаткерлерді ғана қанағаттандырады. Сұхбаткерлердің көңілдері толмайтын негізгі мәселелер болып оқу орындарындағы жемқорлық (38,8%), оқытушылар құрамының кәсібисіздігі (24,8%) және білім берудің батыс жүйесіне өтуі (23,6%) табылады. Осыған қарамастан, білім беру қызметтерінің сапасын, ЖОО беделін және оқу ақысын басшылыққа ала отырып, сұхбаткерлердің жартысынан көбі ШҚО жоғарғы білім алғылары келеді немесе алған. Жастар үшін білім беру үдерісіндегі барлық баспалдақтардағы негізгі қиындық болып үлкен жүктемелік табылады.

Сұхбаткерлердің 15 пайыздан кемі ғана ағымдағы жылы бала тууды жоспарлаған, оны бұл қадамға әлі дайын еместіктерімен, немесе үйленбеген/ тұрмыс құрмаған немесе оған әлі ерте деген жауаптармен байланыстырады. Сұхбаткерлердің 20 пайыздан кемі отбасын құруды жоспарлайды. Бұл жағдайды материалдық қордың жоқтығымен, өз тұрғын үйлерінің жоқтығымен түсіндіреді.

2. Қазіргі таңда ШҚО жастары үшін ең өзекті мәселелер болып жұмысқа орналасу және жұмыссыз қалу қаупі (47,2%), білім беру қызметтері құнының жоғарылығы (25,9%) және маскүнемдік, нашақорлық, ВЖА жұқтырушылар санының артуы (25,9%) табылады. Осыған байланысты мемлекеттік биліктер сұхбаткерлер қолжетімді білім беруді, жұмыс орындары санының көбеюін қүтеді.

Көптеген мәселелердің шешілусіз қалуы, өзінің материалдық жағдайын жақсартуға ұмтылу, жоғары төлемді жұмыс табу, сұрақ алынған жастардың 38,5 пайызын толғандырады, тұрғылықты мекенін ауыстыру туралы ойландырады, бұл өзгерістер орыс ұлтты сұхбаткерлерге тән қасиет. Көшуге дайындалу бойынша өз жоспарларын белсенді түрде жүзеге асыратын сұхбаткерлің көпшілігі Ресейге көшеді. Қазіргі таңда Күршім (61,5%), Зырян (60,0%), Бесқарағай (60,0%) аудандары мен Риддер (58,8%) қаласында көшіп-қону әлеуеті басқаларға қарағанда жоғары.

3. Жалпы алғанда облыс бойынша сұрақ алған жастардың 80 пайызы


өздерін патриот деп санайды екен, сонымен бірге Отанға деген махаббат, заңдарды сақтау және қастерлеу, мемлекет үшін аянбай еңбек ету факторла-рында қатаң сақтайды. Өткен жылмен салыстырғанда патриот түсінігің ең белсенді сипаттамаларын таңдаған сұхбаткерлің саны өсті, яғни олар елдің қоғамдық-саяси өміріне қатыса бастады. Осыған байлынсты патриотизм әдетте декларативті сипатқа ие болады, өйткені әрбір үшінші сұхбаткер өзін патриотпын деп жарияласа, әрбір жауап берушілердің оныншы бөлігі өздерінің патриот екендігіне сендірді, яғни шетелде сапалы білім алуға кеткен әрбір Қазақстан Республикасының азаматы оқуын аяқтағаннан кейін ҚР келмес еді. Сонымен қатар, айқын ерекшеленген сипат ұлттық патриотизмге ұласады, яғни ұлттық жабдықтар азаматтық позицияға көшеді («біз қазақстандықпыз, өйткені біз қазақпыз») және осыны 2011 жылдың маусымында ШҚО талдау және жобалау институтымен өткізілген «ШҚО-дағы ұлтаралық және тілдер жағдайы» зерттеуі тұжырымдайды, нәтижесінде титулды ұлтты сұхбаткерлер «қазақстандықтар» ретінде 44,3 пайызды құрады.

Қазіргі таңда жауап беруге қатысушылардың жартысы ғана еліміздің қоғамдық-саяси өмірі қызықтыратынын апат көрсетсе, ал қалған жартысы өз қызығушылықтарын пассивты формаларға білдірді, оларға ТД-дан осындай тақырыптардағы бағдарламалар көру, газет оқу сияқтылар жатады. Сұхбаткерлерлің үшінші бөлігі ғана сайлауларға қатысатындарын, оқу орнының / еңбек ету орнының қоғамдық-саяси өміріне араласатындарын ашық жеткізді. Расында көптеген сұхбаткерлер сайлауға қатысу азаматтық борышым деп есептейді.

4. Зерттеу нәтижелері мемлекеттік жастар саясатының тиімділігін сұхбат-
керлер айтарлықтай төмен дәрежеде бағалады – 2,7 балл, бес балдық жүйе бойынша. Мүмкін, бұл жағдайда жауап беруші жастардың 40 пайызы жастар саясатын қалыптастыру барысында мемлекет жастар пікірін ескермейді деп есептейді. Сондықтан, сұхбаткерлердің өзі мемлекетпен серіктестік орнату барысында өздерінің пассивтілігін танытады, яғни әлсіз дамыған жастар ұйымдары деп тұжырымдалады, 2 пайыздан кемі НПО-дан қандайда бір көмек алады.

«Жас жауынгерлер курсын»

зерттеу және талдау

(ақпараттық-әдістемелік құралдан үзінді)


«ЗУБР» әлеуметтік корпоративтік қор
Ауқымды зерттеу және талдау бойынша жасалған

кең қадамдар

З


Екі ғылыми қызметкер кездеседі:

- Не істеп жүрсің?

- Міне, ғылымды бір жаққа шығарып жүрмін!

- Қалай бір жаққа?

- Түсінесің бе, алдығы шығаруға ақылым жетпейді, артқа жіберуге бастық рұқсат бермейді, міне сондықтан бір жаққа қарай ығыстырып жүрмін.
ерттеу жүргізу үшін жалпы тұжырымдар мен ұсақ бөлшектерден тұратын тек бағдарлама жазып қана қою жеткіліксіз, сондықтан «төрешілдікті» жоя отырып, тікелей қызықты қадамдарға кірісеміз.


1   2   3   4   5


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет