Жаңа ақпараттық технологияларды физика сабақтарында қолдану.. Күздеубаева П. С



Дата03.05.2016
өлшемі85.67 Kb.
Жаңа ақпараттық технологияларды

физика сабақтарында қолдану.

.

Күздеубаева П.С



И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық

техникалық колледжінің физика пәнінің оқытушысы.
Қазіргі уақыттағы білім беру қызметкерлерінің алдында тұрған басты мақсат еліміздегі білім беруді халықаралық деңгейге көтеру және білім сапасын көтеру, жеке тұлғаны қалыптастыру,қоғам қажеттілігін өтеу,оны әлемдік білім кеңістігіне кіріктіру болмақ.

Арнаулы орта білім берудің негізгі мақсаты: оқушыларға өз бетінше білім алу мен оны практикада қолдану қажеттілігімен дағдыларын қалыптастыруға, танымның ғылыми тәсілдеріне мақсатты және жүйелі түрде баулуға үйрету. Болашаққа үміт артқан мемлекет,ең алдымен білім сапасының іргетасын қалайды.Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп,адамзат қоғамын алға апаратын құдыретті күш тек білімге ғана тән қасиет.Ұлы философ Конфуций: «Оқымай ойлану бос әрекет» деген,яғни білім ғана биікке жеткізеді.

ХХІ ғасыр-тәуелсіз еліміздің дүниежүзілік өркениетке өрлеу ғасыры.

Тәуелсіз туын көтерген жас мемлекетіміз білім саласында да өзіндік бағыт-бағдарын айқындап,әлемдік білім кеңістігіне шығуда жалпы білімнің жүйесі қоғам дамуымен бірге дамып,үнемі өзгеріп отырады.

Қазіргі кезде әлемнің өркениетті елдерінде қоғамды ақпараттандыру барынша кең өріс алуда.Оған компьютерлік техника, ақпараттық технология және басқа да ғылыми – техникалық прогресс әсерін тигізуде.Ақпараттық технологияның оқу үрдіснде қолданылуы оқушылар мен ұстаздардың мүмкіншіліктерін кеңейтеді.

Оқушы білімін дамыту үшін жаңа ұғым,жаңа үлгі,жаңа тәсілдер керек.Бүгінгі басты мәселеміз- білім сапасы десек,осы білім сапасын арттырудың тиімді жолы- білім беру жүйесінде түрлі технологияларды қолдану.

Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына,қарым-қатынасына ақпараттық тенологиялардың кеңінен қолданысқа еніп,жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр.Келешек қоғамымыздың мүшелері-жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет. Білім беру жүйесін ақпараттандыру ісінің негіздерінің бірі білім алу саласына ақпараттық технологияларды енгізу болып саналады.

Қазіргі заманғы білім берудің міндеті - әлемнің жаңа бейнесін қалыптастыру, адамның шығармашылық бастауын дамыту арқылы тұлғаның ішкі жан дүниесінің кеңейту. Қазіргі өмір өзгерістерді талап етсе, жастар сол өзгерістердің негізгі бастауы болып табылады. Егер біздің жастарымыз сауатты, білімді, мәдениетті болса, онда біздің қоғамыздың да болашағы жарқын болары да сөзсіз. Білім беру сапасы- бұл жаңа өмір сапасы. Ақпараттандырудың бағыты ХХІ ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады. Қазіргі білім жүйесінің ерекшеліктеріне: оның іргелігінің алдын алу сипаты және осыларға қол жеткізу мүмкіндіктері жатады. Ақпараттық технологиялардың негізгі міндеттері:

Сабақта ақпараттық технологиялар құралдарын қолдану;

Практикалық шараларды анықтап,жүзеге асыру;

Ғылыми-ізденушілік және оқу-әдістемелік жұмыстар жүргізу;

Ақпараттық технологиялардың қағидалары:

– Жеке тұлғаның инттелектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту;

– Технологиялық құрал арқылы алынатын білімдер мен мәліметтердің түсініктілігі;

– Білім мен тәрбиенің бірізділігі;

– Жалпы компьютерлік сауаттылық;

– Оқыту мен тәрбиелеудің жылдамдығы.

Жаңа ақпараттық технология құралдары оқыту құралы қызметін атқарады.

Оларға мыналар жатады:


  • Электрондық оқулықтар

  • Аудио және видеоматериалдар

  • Электрондық анықтамалар мен энциклопедиялар

  • Электрондық пошта

  • Интернет желісі.

  • Компьютер

  • Интерактивтік тақта

  • Тестілеу жүйесі мен білімді бағалау

Егемендік алған Қазақстанда ғылым мен техниканы бүгінгі күн талаптарына сай дамытатын дарынды, талантты жастарды тәрбиелеп шығару ісі мектептерде, орта және арнаулы оқу орындарында оқытылатын жаратылыстану пәндері мұғалімдерінің алдына үлкен міндеттер қоюда.

Физика жаратылыстану ғылымдарының ішіндегі техникаға, өндірісті автоматтандыру мен компьютерлендіруге ең жақын ғылым екендігі белгілі.

Бұл жолда физика пәні жастарды білім құштарлығына тәрбиелеуде, талант- қабілетін ашып дамытуда ерекше орынға ие.

Оқу жүйесінде оқу арқылы ақпараттың 10%-ы, тыңдау арқылы 20%-ы,

Егер тыңдау көрнекі құралдармен ұштастырылса 40- 50%-ы, оқу процесінде оқушы белсенділігін арттыратын мүмкіндіктер жасалса білімнің 70%-ы есте сақталады.Ал, нағыз өмір шындығымен ұштастырылған ақпараттың бала ойында қалу дәрежесі 90%. Олай болса компьютер арқылы салынған суреттер, графиктер, видеокөріністер мен зертханалық жұмыстар мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді әсер етеді.

Компьютерді пайдалану барысында мынадай дидактикалық мүмкіндіктерді көруге болады.



  • Оқушылардың өз бетіменшығармашылық бағытта жұмыс істеуіне, құбылыстарды зерттеуге, басқаруға мүмкіндік береді.

  • Басқа пәндерден алған білімін бекітуге көмектеседі.

  • Материалды тез меңгеруге, уақытты үнемдеуге әсері мол.

  • Табиғи жағдайда көзге көрінбейтін құбылыстарды экранда көруге

мүмкіндік береді.

Сабақ өту процесінде қолданып жүрген электрондық оқулықтар білім

беру процесінақпараттандыру құралының бірі.Ол оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттырумен бірге, логикалық ойлау қабілетін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуге жағдай жасайды.

Электрондық оқулықтарда теориялық тақырыптар кеңінен түсіндірілумен қатар, әрбір тақырып қажетті суреттермен көркем безендіріледі.

Ондағы компьютерлік эксперименттердің параметрлерін өзгертіп және нәтижелерін бақылай отырып, оқушы әрбір кспериментке интерактивті физикалық зерттеулер жүргізе алады. Ал видеокөріністер сабақты қызықты етіп өткізуге әсерін тигізеді.

Физика пәніне арналған электрондық оқулықты пайдалану барысында , оқушы физиканың кез- келген тарауларының бірімен жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Әрбір тараудан олар мынадай мәліметтерді алады :



  1. Тақырыпты формуласымен бірге түсіндіретін мәтіндер

  2. Тақырыпқа байланысты суреттер мен графиктер

  3. Физика ғылымының дамуына үлес қосқан ғалымдардың өмірі мен олар ашқан заңдылықтары

  4. Тақырыптық есептер шығару үлгілері мен есептер жинағы

  5. Тақырып бойынша игерген білімдерін тексеру мақсатында берілген тестер

  6. Негізгі физикалық тұрақты шамалар мен білдіктер жүйесі

  7. Физиканың негізгі формулалары жөнінде кеңес беретін анықтамалар

Сабақтарды өту барысында электронды оқулықтарды және интерактивті тақтаны пайдалану көрнекіліктерге, деректерге сүйене отырып оқушыларды өздерінің ой-өрісін кеңейтіп шынайы дерек көздерінен мәліметтерді жинауға дағдыландырады. Осы орайда өзім сабақ беретін топтарда өткен « атом және атом ядросы физикасы» тарауы бойынша берілген «альфа-, бета- және гамма- сәуле шығару» тақырыбын компьютерді пайдаланып оқыту әдістемеме мысал келтірейін.

Сәуле шығару құбылысын мектеп жағдайында демонстрациялау мүмкін болмайтын бұл құбылыстың компьютерде моделін көрсету арқылы оқушылар радиоактивті сәуле шығару құрамының күрделі екендігін көреді. Компьютер дисплейінен ( 1- сурет) кесек қорғасыннан жасалған цилиндрдің жіңішке өзекшесінің түбіне радий препараты орналастырылған, ал өзекшенің қарсысында фотопластинка тұрғанын көреді. Бұл қондырғы түгелдей вакуумда орналастырылған. Өзекшеден шыққан сәуле бағытына перпенди-

куляр күшті магнит өрісі әсер еткенде, сәуле үш шоққа бөлінетіндігін көреді. Мен сәулелердің табиғатын, олардың қасиеттері мен сипаттамаларын компьютер экранындағы сурет арқылы түсіндірдім. Ол:

1. α - сәулесі .Өтімділік қабілеті ең аз, қалыңдығы - 0,1 мм қағаздан өте алмайды. Егер қорғасын пластинасындағы тесікті біржапырақ қағазбен бекітсек, онда фотопластинада α- сәулеге сәйкес келетін қара дақ байқал-майды. Олай болса α- сәулесі гелий атомдары ядроларының ағыны екен.

2. β - сәулелері магнит және электр өрісінде күшті ауытқиды, зат арқылы өткенде анағұрлым аз жұтылады, тек қалыңдығы бірнеше миллиметр алюминий пластина ғана оларды түгелімен өткізбейді.

β - сәулелері - электрондар ағыны.

3. Ең күшті өтімділік қабілеті бар-γ- сәулесі. γ- сәулесі рентген сәулесіне ұқсас, оның жұтылу интенсивтілігі жұтатын заттың атомдық номері артқан сайын өседі. γ- сәулесі- электромагниттік толқын.

Физика пәніндегі және электрондық оқулықтағы тақырыптың мазмұнымен, графикалық сызба нұсқасымен танысып болған соң оқушылар өз бетінше жұмыс жасап,радиоактивті сәулелердің қасиеттерін кестеге оңай толтыра алады.




Радиоактивті сәулелердің қасиеттері

α- сәулесі

β- сәулесі

γ- сәулесі











1-сурет.Альфа-, бета-, гамма-сәуле шығару
Физика пәнінде ақпараттық технологияларды қолдану пәнді оқытуда оқушыға дүниенің заңдарын терең меңгертіп қоймай,оқушының ойын дамытып,эмоциясына,сезіміне қозғау салады.Өзіне қажетті мазмұны мен мәліметті ақпарат көзінен таңдап,өз бетінше ойланып,шешім қабылдауға дағдыланады.

Сонымен қатар оқушы да интернеттен материал іздеп қана қоймайды,әлемдік байланыс торабына кіруді де үйренеді. Әр сабағымды өту барысында мен жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып,оқушылар бойынан төмендегі қабілеттерді дамытуды мақсат етіп қойдым:

1.Білім,білік дағдыларын дамытуға қызығушылығын арттыру;

2.Жауапкершілік пен міндеттерін қалыптастыру;

3.Есеп пен талдау жасау дағдыларын үйрету;

4.Логикалық және ақпараттық ойлау қабілеттерін дамыту;

5.Өз бетінше ізденуге үйрету және компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу;

6.Алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.

Кәсіби біліктіліктің шыңына түзу жолмен көтерілу мүмкін емес, ол жолдың соқпағы, сүрлеуі болады. Дегенмен ізденімпаз, өзіне талаптар қоя білетін, кәсіби деңгейі жоғары, рухы биік, даралық сапалары жетілген мұғалімнің шығар тауының биік болу мүмкіндігі мол.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Г. Я. Мякишеев. Физика 11 сынып

2. Б.А. Кронгарт , В.И. Кем Физика

2. К. Шадиев. Компьютер көмегімен оқыту жүйесі.

3. Э. А. Абдыкеримова. Мектеп физикасындағы атомдақ және ядролық құбылыстарды динамикалық компьютерлік модельдерді пайдаланып оқыту

4. ИФМ журналы № 5-2000


Қағазды үнемдеп экологиялық тазалықты сақтауы

Дидактикалық материалдарды қолдану тиімділігі.

Практикалық дағдыларды игеруі

Тексеру түрлерімен бағалануы

Білім, білік,дағды деңгейінің қалыптасуы

Білімнің тереңдігі

Физика сабағында ақпараттық технологияны тиімді пайдалану- білім сапасының артуына әкеледі.

Жаңа ақпараттық технологияны физика сабақтарында пайдалана отырып, оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыруға қызығушылығын арттырып, түрлі деңгейдегі есептерді шығарып, оны талдай білуге үйреттім. Логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, интернет желісінен сабаққа қажетті деректерді өз бетімен ізденуіне, компьютерлік сауаттылықтарына жол аштым. Сабақта алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеп келемін. Саналы да сапалы білім алған оқушы ұлт келешегі.

Мысалы физика сабағында пайдаланған көрнекі құралдарымды сіздерге ұсынамын.


Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халқына Жолдауы. Егемен Қазақстан. 2008 ж.7 ақпан.




  1. Б.Б. Жолдасова Инновациялық технологияларды білім беруде қолдану. Білім, №5, 2007 ж

3. «Физика және астрономия» республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық журналы. 2007ж. №4




Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы “абай жолы” эпопеясындағЫ Әйелдер бейнесі
publications -> О. Сүлейменов және қазақ кино өнері
publications -> Абай мен Пушкин шығармалары
publications -> Темірбек жүргеновтің Өмірі мен қызметі (Қазақстан мұрағат құжаттары негізінде) Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы
publications -> «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының қазақ әдебиетінде көркемдік көрініс табу дәстүрі мен инновациялық жаңашылдық мәселелері» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары
publications -> Қазақ стиль типологиясының Қалыптасуы қорқыт ата атындағы Қму доценті А. Е. Айтбаева
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
publications -> Абай танымындағы сопылық
publications -> Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет