ЖАҢа жылдың келуін мейрамдауды харам ететін себептер



жүктеу 88.44 Kb.
Дата31.03.2016
өлшемі88.44 Kb.
: files -> book -> rus -> agida
rus -> Дозволено ли совершить аборт, если уже вдохнули душу в зародыш? С именем Аллаха, Милостивого, Милосердного Шейх Ибн Усаймин, да смилуется над ним Аллах, относительно хадиса, где было сказано «А затем к нему направляется ангел
rus -> Неправомерное убийство; прелюбодеяние, совершенное женатым; вероотступничество Всевышний Аллах сказал: «О те, которые уверовали! Предписано вам возмездие за убитых: свободный за свободного, раб за раба, женщина за женщину»
rus -> «Когда члены моей общины начнут ходить горделиво и их слугами станут дети невольников, персов и римлян, то худшим из их числа будет предоставлена власть над их лучшими»
agida -> -
agida -> -
agida -> -
agida -> Всевышний Аллах не нуждается в посредниках между Ним и Его рабами
Аса Қамқар, Ерекше Мейірімді Аллаһ атымен!
ЖАҢА ЖЫЛДЫҢ КЕЛУІН МЕЙРАМДАУДЫ

ХАРАМ ЕТЕТІН СЕБЕПТЕР
Барлық мақтау бүкіл әлемдердің Раббысы Аллаһқа болсын! Аллаһтың игілігі мен сәлемі пайғамбарымыз Мұхаммәдқа, оның отбасы мүшелеріне, сахабаларына және олардың ізінен ергендерге болсын!
I) ШИРК (Аллаһқа серік қосы)

Ширк – бүкіл әлемдердің Раббысы болған Аллаһқа серік қосу, яғни Аллаһқа басқа бір нәрсені теңестіру, сондай-ақ Аллаһпен бірге тағы басқа бір нәрсеге құлшылық ету, дұға етіп сұрау, сондай-ақ Аллаһты біреуге ұқсату немесе басқа біреуді Аллаһқа ұқсату, Аллаһқа ғана тән болған сипаттарды беру. Осының барлығы ширк күнәсі болып табылады, әрі ең үлкен күнә болып есептеледі, өйткені ол – Аллаһ хақысын бермеу, Аллаһқа әділетсіздік жасау. Бұл күнә адамның барлық жақсы амалдарын жояды, және егер адам бұл күнәні біле тұра жасаса, діннен шығады, мұсылман болып есептелмейді, өйткені Аллаһ бұл күнәні, адам кешірім сұрап, тәубесіне келмейінше кешірмейді. Аллаһ айтты: «Расында, Аллаһ Өзіне серік қосқанды кешірмейді де, одан кішісін қалағанына кешіреді. Кімде-кім Аллаһқа серік қосса, ол үлкен күнә жасады» («Ниса», 48 аят).


Жаңа жыл келуін мейрамдауда шикртің көрінісі келесі амалдарда көрінеді:


1 – Аяз Атаның (Санта-Клаус), Ақшақардың және тағы басқа нәрселердің бар екеніне сенім

Расында ғайып, яғни бізден жасырылған нәрселерді тек Аллаһ біледі, және ол Өзін Құранда: «Жасырулы мен анықты білуші. Үстем, Хикмет иесі (Аса Дана)» («Тағабун», 18 аят) деп сипаттады..


Және бізге жасырулы болған Аллаһтың Өзі жайлы, Оның періштелері, жындар, Жәннәт пен Тозақ жайлы біздің білімімізді, тек сол Аллаһ тағала Құранда және Пайғамбары (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) арқылы берген хабарларынан аламыз. Сол себепті, бізге Аллаһ хабар бермеген нәрселерге сенуге болмайды, өйткені тек Аллаһ Заңдастырушы болып табылады. Аллаһ айтты: «Немесе дін тұрғысынан Аллаһ бұйырмаған нәрсені оларға шариғат қылатын (заңдастыратын) ортақтары бар ма?» («Шура», 21 аят), сондай-ақ айтты: «Раббыларың тарапынан түскенге еріп, Одан өзгені дос тұтып ілеспеңдер» («А'раф», 3 аят). Адамдар болса, жас бүлдіршіндерге аяз атаның бар екенін сендіре отырып, Аллаһқа ғана мәлім болған жасырын әлемді білетіндігіне таласады, сондай-ақ Аллаһ бұйырмаған нәрсені заңдастырғысы келеді. Осымен өздерін Аллаһқа ұқсатып, Онымен тең болуды қалайды. Аллаһ айтты: «Сендер өз тілдеріңмен өтірік айтып, білімдерің болмаған нәрселерді айтасыңдар, әрі осыны жеңіл көресіңдер, бірақ Аллаһ алдында бұл зор күнә» («Нұр», 15 аят)

2 – Аяз Атадан (Санта-Клаустан) дұға етіп сұрау

Адамдар балаларды аяз атадан дұға етіп, одан керек нәрселерін сұрауды үйретеді. Сөйтіп, кейбіреулері іштей сұраса, басқалары қолын жайып сұрайды, ал біреулері қағазға керегін жазып, шыршаның астына қойып қояды. Кейін жас бүлдіршіндер аяз атаға қатты үміт етіп, ол оның қалауын орындайтынына бар жүрегімен сенеді. Сондай-ақ, олар балаларды жиындарда айқайлап аяз атаны шақыруды үйретеді. Осылайша, адамдар жас бүлдіршіндерді бір Аллаһтан дұға етіп сұрауды үйретпейді, олар балаларадың кішкентайынан Аллаһқа серік қосуын үйретеді және аяз атаны Аллаһқа теңестіреді. Аллаһ айтты: «Аллаһпен бірге ешкімді шақырмаңдар» («Жин», 18 аят), «Аллаһқа ортақ қосушыларға: «Егер сендерге Аллаһтың азабы келсе немесе қиямет келсе, Аллаһтан басқаны шақырасыңдар ма? Егер сөздерің рас болса, соны айтыңдаршы маған» деп айт» («Ән'ам», 40 аят), «Олар Аллаһтан басқа өздеріне не пайда, не зиян бере алмайтын нәрселерге сиынады. Міне сол ұзақ адасу» («Хаж», 12 аят), «Аллаһтан басқаға қияметке дейін оларға жауап бере алмайтын біреуге табынғаннан кім залымырақ? Әрине табынғандары олардың жалбарынулары жайында хабарсыз» («Ахқаф», 5 аят). Сол себепті біз тек Аллаһқа дұға етіп, Оны ғана шақыруымыз қажет. Аллаһ айтты: «Айт: “Шын мәнінде мен Раббыма (құлшылық қылып) дұға етемін, Оған ешбір серік қоспаймын”» («Жин», 20 аят), «Маған дұға етіңдер, сонда Мен сендерге жауап беремін» («Мумин», 60), «Егер құлдарым, Мен туралы сенен сұраса, Мен өте жақынмын, қашан Менен тілесе, тілеушінің тілегін қабыл етемін» («Бақара», 186)


3 – Пұтқа табынушылық

Жаңа жылдық шырша – ол Жаңа жыл мейрамының символы. Ол аяз атаға барлығы сенбегеннің өзінде, әр үйде орын алған белгі болды. Оны әшейкейлеп, безендіріп, оған сол пұтқа табынушылар өз пұттарына құрмет көрсеткендей құрмет көрсетеді. Оның үстіне әртүрлі-түсті жанып тұрған гирляндалар, пұтқа табынушылар өз пұттарының үстіне ілгендей іледі. Оны ұлықтап, мақтап әндер шығарады. Бұның барлыға кейіннен сол пұтқа табынулышықтың өзіне, және сол балалар есейгенде Аллаһқа серік қосуды жаман амал деп санауға алып келуге әбден ықтимал. Ал Аллаһ айтты (аяттың мағыналы аудармасы): «Расында, кім Аллаһқа серік қосса, оған Аллаһ Жәннатты харам етеді, әрі оның орны Тозақта болады. Залымдар үшін еш көмекші болмайды» («Мәида», 72 аят).

Сахаба Әбу Уәқид әл-Ләйси жеткізген хадисте былай айтылған: «Бірде Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларымен бірге Хунайнға жол тартады. Олармен бірге жақын арада Ислам қабылдаған мұсылмандар болады. Кенет, көпқұдайшылар көпке дейін жанынан шықпай, әркез береке тілей отырып қару жарақтарын ілетін (Зәт әл-ануат деген) бір талдың жанынан өтіп бара жатқанда жақын арада Ислам қабылдаған мұсылмандар: "Иә, Аллаһтың елшісі! Біз де олардыкіндей Зәт әл-ануат болуын қалаймыз"-дейді. Сонда Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): "Аллаһу әкбар! (Аллаһ ұлы!) Бұл бұрынғылардың салты. Жаным қолында болғанмен ант етемін, сендер Исраил ұрпақтарының Мұсаға айтқан сөзін айтып тұрсыңдар: «Бұлардың тәңірлері сияқты бізге де тәңір жасап бер. Мұса оларға: "Шынында сендер надан қауымсыңдар”- дейді» («А`раф», 138 аят). Шынында сендер бұрынғылардың салтымен жүресіңдер"-дейді Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)» (Тирмизи 5/218)

Осы хадиске байланысты шейх Салиха Әли Шейх айтты: «Пұтқа табынушыларда лотус (тал) болды, олар оған сенетін еді. Біріншіден, олар оны аса қадірлейтін. Екіншіден, олар оның маңайында жиналып, оны ұлықтап, осымен жақын болуды қалайтын. Үшіншіден, олар өздерінің қару-жарақтарының берекелі болуын, әрі өткірірек, және иесіне көп пайда алып келуін қалап оған іліп қоятын. Осы себептермен, олардың амалдары үлкен ширк болып есептелді» (Қараңыз: «Таухид кітабына» берген шарх, №9 бап)

Сондай-ақ, адамдар сол шыршаны Қағбаны тауаф еткендей айналады. Исламда тек Қағбаны ғана тауаф етіп айналу заңдастырылған.
3 - Сиқыршылық

Адамдардың арасында ширк күнәсінің тағы бір көрінісі, ол – жаңа жыл кірген уақытта ғажайып нәрселердің болуы турасында сенімдер. Бұл жайында жүздеген оқиғалар, театралды қойылымдар, кинофильмдер құрастырылған. Осылайша, балаларға жастайынан сиқырларды ғажайыптар немесе кереметтер деп үйретеді. Аллаһ айтты (аяттың мағыналы аудармасы): «Расында, сиқыршылар табысқа жетпейді» («Юнус», 77). Сондай-ақ айтты: «Сиқыршы қайда барса да табысқа жетпейді» («Таһа», 69).


5 – Ырымшылдық (суеверие)

Адамдар арасында тағы бір тараған жайыт, ол «қалай жаңа жылды күтіп алсаң, солай сол жылды өткізесін» деген сөздер себепті, Аллаһ серік қосыдың тағы бір түрін жасау. Аллаһтан кешірім және аманшылық сұраймыз! Расында бұндай сенімдер Исламға жат нәрселер. Аллаһ айтты (аяттың мағыналы аудармасы): «Ол (Аллаһ) олардың болашағын да, өткенін де біледі, (ал) олар Оның білімінен, тек Ол қалаған нәрсені ғана біле алады» («Бақара», 255 аят). Сондай-ақ, адамдар жұлдызнамаларға, яғни гороскоптарға сенетін болды. Осылай, әр жыл, ит немесе дракон немесе сиыр жылы деп бөліп, және соған байланысты, сол жылдың қалай өтетіндігі жайында болжаулар шығарылды, әрі адамға жақсы, не жаман жағынан әсерлері турасындар сенімдер таралды. Аллаһ айтты: «Сендер Аллаһтан бөлек пұттарға табынып, өтірікті құрастырасыңдар. Расында, Аллаһтан өзге табынғандарың, сендерге ризық бере алмайды. Ризықты Аллаһтың қасынан іздеңдер. Оған құлшылық қылыңдар да, Оған шүкірлік етіңдер. Оған қайтарыласыңдар» («‘Анкәбут», 17 аят)



II) БИДА’А (ДІНДЕГІ ЖАҢАЛЫҚ)

Бида’а (діндегі жаңасылық) – ол, толық болған Аллаһ діні Исламға жаңалық еңгізу. Шариғатта мейрамдар құлшылық болып саналады, ал құлшылық ол діннен, сол себепті кез-келген құлшылық түрлерін Аллаһ ғана заңдастыратын болғандықтан мейрамдарды да, тек Ол ғана заңдастырады.

Мейрамдарды тек Аллаһ заңдастырады екеніне дәлел Әнәс ибн Малик жеткізге хадис: Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сілемі болсын) Мединаға келгенде, қала тұрғындардың ойнап, қуанып қарсы алатын екі мейрамы бар еді. Ол: «Бұл күндер нені білдіреді?» - деп сұрағанда, олар: «Бұл күндерді біз ойнап, күліп сол пұтқа табынушылық кезінен бастап атап келеміз», - деп жауап берді. Сонда пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сілемі болсын) айтты: «Расында, Аллаһ оларды екі жақсы күнмен ауыстырды, (олар): Құрбан айт және Ораза айт». Бұл хадисті Әбу Дауд (1134), ән-Насаи (1556), Ахмад (3/178), Абдур-Раззақ (15566) жеткізді. Хафиз Ибн Хәжәр және шейх әл-Әлбани хадистің «сахих», яғни сенімді екенін айтты.

Көрнекті ғалым Мұхаммәд ибн Салих әл-Усаймин айтты: «Айт (мейрам) болып шариғатта бекітілген (күндер ғана айт болып) саналады. Олар ‘Ид әл-Фитр (Ораза айты), ‘Ид әл-Адха (Құрбан айт), ‘Арафа күні, әт-Ташриқтың үш күні және әр жұма. Бұл күндер айт (мейрам) екендеріне сахих (сенімді) хадистер меңзейді. Ал басқа мейрамдар жайлы айтатын болсақ, олардың Исламда ешқандай негізі жоқ» (Қараңыз: "Фатауа Ибн ‘Усаймин” 2/302)

Және кімде-кім дінге жаңалық еңгізсе, оның ол амалы қабыл етілмейді, тіпті үлкен күнә болып табылады. Аллаһ айтты: «Немесе дін тұрғысынан Аллаһ бұйырмаған нәрсені оларға шариғат қылатын (заңдастыратын) ортақтары бар ма?» («Шура», 21 аят)

Аллаһ Тағала бидғатты теріске шығарып, оны қабылдамайды. ‘Айшадан (Аллаһ оған разы болсын) жеткен хадисте , Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: “Кімде-кім біздің бұл ісімізге (дінге), онда жоқ нәрсе енгізсе, оның ісі кері қайтарылады (қабыл болмайды)”. Ал бұл хадистің басқа риуаятында: “Кімде-кім біздің бұйрығымыз болмаған бір іс жасаса, ол ісі кері қайтарылады”, - делінген. (әл-Бухари 2697, Муслим 1718)

Имам Ибн Дақық әл-‘Ид былай деген: “Тіл мамандары «қайтарылады» деген сөздің мағынасы «қабыл болмайды» деген!” (Қараңыз: “Шарх әл-арбә’ун” 24).

Ал әл-Хасан әл-Басри былай деген: “Бидғатшының оразасы да, намазы да, қажылығы да, ‘умрасы да, садақасы да, жиһәды да қабыл болмайды”. (Ибн Бәтта “әл-Ибәнә” 1/125).

Бидғат – бұл Тозаққа алып баратын адасушылық. Жәбирден (Аллаһ оған разы болсын) жеткен хадисте, Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) адамдарға насиха етіп былай деді: «Ең жақсы сөз – бұл Аллаһ Тағаланың Кітабы, ал ең жақсы жол – бұл Мұхаммедтің жолы. Ең жаман амалдар – бұл дінге енгізілген жаңалықтар, ал әрбір дінге енгізілген жаңалық – бұл бид`а, ал әрбір бид`а – бұл адасушылық, ал әрбір адасушылық Тозақта!» (ән-Нәсаи 3/188. Хадистің сенімділігін Шейхул-Ислам Ибн Тәймия мен шейх әл-Әлбәни растады).

Бидғат – бұл тура жолдан адастыратын себеп. Аллаһ Тағала былай дейді: «Күдіксіз Менің тура жолым осы. Енді соған еріңдер! Басқа жолдарға түспеңдер, олар сендерді Аллаһтың жолынан айырады» («әл-Ән’ам», 153 аят)

Ұлы ғалым Мужәһид аяттағы «басқа жолдарға түспеңдер» деген сөз туралы: “Бидғаттар мен күмәнді нәрселерге түспеңдер” – деген. (әл-Бәйхақи 3/183, әд-Дәрими 2/182).
III) ҮЛКЕН КҮНӘЛАР

1 – Кәпірлерге ұқсау.
Расында, бұл жаңа жыл тойлау Исламда заңдастырылмаған, әрі мұсылмандар тойламаған мейрам еді. Бұл күмәнсіз мұсылман еместердің мейрамы болып табылады. Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтты: «Кімде-кім бір халыққа ұқсаса, ол солардан» (Бұл хадисті Ахмад (2/50), Әбу Дауд (4031), әт-Тахауи (231), әл-Байхақи (1199) жеткізді. Хадистың сенімді екенін имам әз-Захаби, шейхуль-Ислам Ибн Таймия, хафиз Ибн Хәжәр, әл-‘Ирақи, шейх әл-Әлбани растады)

Ибн Қайим айтты: «Ол Кітап иелеріне (яғни хрестиан мен иудейлерге) және басқа да кәпірлерге ұқсауды тыйым салды, өйткені сырттай ұқсау іштей келісімге алып келеді. Егер жолдар ұқсаса, онда жүректер де ұқсайды» (Қараңыз: «Иғасат әл-ләхфан»)

Шейхуль-Ислам Ахмад ибн Таймия айтты: «Қандай да бір кәпірлердің мейрамдарымен оларға ұқсау, адамның олардың жалған сенімдерінен және әдеп-ғұрыптарнан разы екенін білдіреді» (Қараңыз: «әл-Иқтида» 229)
2- Өтірік.
Адамдар балаларына аяз атаның, аяқшақардың және тағы басқа жалған нәрселердің барлығын айтып өтірік айтудан басқа, олар сол өтіріктерін жүзеге асыру үшін актерларды аяз ата және ақшақар рольдерін беріп жастайынан алдайды.

Асма бинт Язидтен келген хадисте, пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтты: «Өтірік айту тек үш жағдайда ғана рұқсат етілген: ер мен әйел арасында, бір-бірінің разылыған алу мақсатында; соғыс кезінде; және екі адамды татуластыру мақсатында» (Ахмад 7/459, ат-Тирмизи 3/127)


3 - Харам нәрсені ішіп-жеу.
Аллаө айтты: «Расында, шайтан мас қылатын нәрсемен, құмар ойындармен араларыңа дұшпандық әрі кек салып, Аллаһты еске алудан және намаздан тоқтатуды қалайды. Сонда да тыйылмайсыңдар ма?» («әл-Мәида», 91 аят)

Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтты: «Мас қылатын нәрселер көп мөлшерде, сондай-ақ аз мөлшерде харам (тыйым салынған)» (Әбу Дауд 3681, ат-Тирмизи 1865, Ибн Маджах 3393)

Әнәс (Аллаө оған разы болсын) айтты: «Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) арақпен байланысы бар он адамды лағынеттеді, (олар): арақ жасайтын адамды; (арақ жасауды) сұрайтын адамды; арақ ішетін адамды; оны жеткізетін адамды; әрі (арақ) жеткізілетін адамды; оны құятын адамды; оны сататын адамды; ол үшін ақша алатын адамды; сатып алатын адамды; және ол кімге сатылып алатын адамды» (Бұл хадисті Ибн Мәжә және әт-Тирмизи жеткізді)
4 – Қатысу және қолдау, көмектесу.
Жоғарыда айтылған жаңа жылдың келуін мейрамдаудың жамандығын еске ала отырып, ол мейрамға қатысу және көмектесу де тыйым салынғанын түсіне аламыз. Біз ол мейрамдарға қатыса отырып, олардың осындай жаман амалдарының тарауына көмектесеміз, ал құттықтау оларды осындай күнәлармен құттықтаймыз, бұл да еш күмәнсіз дұрыс емес, әрі күнәлі.

Аллаһ айтты: «Бір-бірлеріңе жақсылыққа және тақулыққа көмектесіңдер, бірақ бір-бірлеріңе күнәлі істерге және дұшпандыққа көмектеспеңдер» («әл-Маида», 2 аят)



Сөзіміздің соңында, барлық мақтаулар Аллаһқа болсын, және Аллаһтың игілігі мен сәлемі Мұхаммәдқа болсын!



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет