Жаһандану заманында ел қуаттылығын, бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын басты фактор адамзат капиталы болып табылады



жүктеу 120.13 Kb.
Дата01.05.2016
өлшемі120.13 Kb.
: sites -> default -> files -> publications
publications -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы “абай жолы” эпопеясындағЫ Әйелдер бейнесі
publications -> О. Сүлейменов және қазақ кино өнері
publications -> Абай мен Пушкин шығармалары
publications -> Темірбек жүргеновтің Өмірі мен қызметі (Қазақстан мұрағат құжаттары негізінде) Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы
publications -> «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының қазақ әдебиетінде көркемдік көрініс табу дәстүрі мен инновациялық жаңашылдық мәселелері» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары
publications -> Қазақ стиль типологиясының Қалыптасуы қорқыт ата атындағы Қму доценті А. Е. Айтбаева
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
publications -> Абай танымындағы сопылық
publications -> Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ШЕТЕЛ ТІЛДЕРІ ЖӘНЕ АУДАРМА КАФЕДРАСЫ

Тақырыбы:
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Қызылорда, 2015 ж.

АҢДАТПА
Жаһандану заманында ел қуаттылығын, бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын басты фактор – адамзат капиталы болып табылады. Адамзат капиталын жалпы халыққа, қоғамға, мемлекетке пайдалы, сапалы қызмет көрсететіндей қалыптастыра алмасақ – іргетастың дұрыс құйылмағаны. Осы тұрғыда қоғам мен мемлекеттің көздеген мақсатына жетуі үшін, өркендеген ел, гүлденген жер болуы үшін әрбір мамандық иесі, соның ішінде әлеуметтік педагогтардың міндеті адамзаттың мінез-құлқын қадағалап, қызмет жасау болып табылады.

Тэгтар: инклюзивті білім беру, инклюзия, олигофрено мұғалімі, интеграциялық оқыту, кедергісіз орта.


ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Инклюзивті оқыту – мүгедек пен дамуында сәл бұзушылығы мен ауытқулары бар балалардың дені сау балалармен бірге олардың әлеметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту.

Инклюзивті оқыту - барлық кемтар балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді, оқушылардың тең құқығын анықтайды, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді, барлық балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, балалардың білімділік қажеттіліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.

Жалпы инклюзивті білім беру – мүміндігі шектеулі балаларды оқытып-үйретудін бір формасы. Нағыз инклюзия білім берудің 2 жүйесін: жалпы және арнаулы жүйелерді бір-біріне қарама-қайшы қоймай, қайта жақындатады.

Инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіншілік алады, өйткені олар бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, танып білуге, қабылдауға үйренеді.

Кемтар балаларың ата-анасы көмекші немесе арнайы мектептер мен мектеп интернаттарға, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері мен кластарға балаларын бергісі келмесе жалпы балалар оқитын мектептерге ПМПК–ның қорытындысы бойынша көрсетілген, яғни баланың денгейіне қарай жеңілдетілген бағдарлама бойынша инклюзивті оқытуға міндетті.

Инклюзивті оқытуға жалпы мектептерде арнайы мұғалімдер – психолог, әлеуметтік мұғалім, олигофрено мұғалімі, логопед мұғалімдері болмаған жағдайда, тәрбиешілерді, бастауыш кластың мұғалімдерін, қазақ тілі мұғалімдерін мүмкіндігі шектелген кемтар, мүгедек балаларды инклюзивті оқыту курыстарына оқытып алулары қажет.

Көмекші бағдарламамен жалпы мектепте оқитын балалар бағдарламаны толық игерген болса, ол балаға арнайы куәлік беріледі, ал игермесе онда анықтама берулері қажет. (Департаментке ұсыныс беру арқылы).

Кемтар балаларға жалпы мектептің куәлігін беруге болмайды, олар тек 9 сыныпты игеріп бітіргеннен кейін кәсіптік-техникалық лицейлерге жіберіледі.

Инклюзивті білім беру –

- барлық балалардың жалпы білім беру үдерісіне енуі;

- жасына, жынысына, этникалық, діни ерекшелігіне;

- дамуындағы тежелуіне қарамай баланың білім алу қажеттілігі мен ерекшеліктеріне айнала қоршаған ортаны бейімдеу.

Мүмкіндігі шектеулі балалар деген кімдер:

- 18 жасқа, яғни кәмелетке толмағандар;



  • дене бітіміндегі кемтарлықтың болуы;

  • туа біткен және жүре пайда болған науқастар;

  • естуінде кемістігі бар балалар (мүлдем естімейтін, әлсіз еститін, кейіннен естімейтіндер);

  • көруінде кемістігі бар балалар (зағип, нашар көретін, кейіннен көрмегендер);

  • қимыл-қозғалыс аппараты қызметінің бұзылуы;

  • сөйлеуінде кемістігі бар балалар (кекеш, тұтығатын);

  • ақыл-ой кемістігі бар балалар;

  • психикалық дамуында кемістігі бар балалар;

  • эмоциялық-еріктік сферасы мен мінез-құлқы бұзылған балалар;

  • күрделі кемістігі бар балалар.

Мұндай балалардың мүмкіндіктерін шектеудің шығу себептері:

  • білім бағдарламаларының кемшілігі;

  • медициналық және әлеуметтік қолдаудың жеткіліксіздігі.

Арнаулы мекемеде оқудан қиындықтардың туындауы:

а) жолға уақытының кетуі;

ә) интернатта тұруы;

б) қатарластарымен қарым-қатынастың болмауы;

в) баланы пациент ретінде қабылдау;

г) ата-ана қамқорлығы.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға интеграциялық оқыту технологиясын қолдану тиімді. Интеграциялық оқыту:

1. Аралас – сыныпта балардың бірге оқуы, яғни дефектолог, логопед, психолог мамандарымен бірлесе отырып, жүйелі жұмыс жасауы.

2. Жартылай – оқу күнінің жартысын арнайы сыныпта, ал жартысын әдеттегі сыныпта өткізуі.

3. Уақытша – айына екі рет жалпы орта мектепте оқитын балалармен бірлесе отырып, мереке, жарыс, даталы күндерге арналған іс-шараларға қатысуы.

4. Толықтай – 1-2 баланың әдеттегі сыныпта немесе топта оқи алуы және сонымен қатар коррециялық көмекті де қатар алып жүруі.

Интеграциялық оқытуды жүзеге асыру үшін:



  • Сабақ кестесін қайта қарау, топтағы оқушы санын азайту, оқу сыныптарын материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз ету (арнаулы дидактикалық және тифло-техникалық құралдар);

  • Оқу орнының ғимаратын қайта жабдықтау;

  • Мүмкіндігі шектеулі балаларға сабақ беретін пән мұғалімдерінің білімін жетілдіру;

  • Мемлекеттік құрылымдар, ата-ана қауымдастығы, отбасы, мемлекеттік емес мекеме, білім беру ұйымдарымен бірлесе отырып жұмыс жасау;

  • Кедергісіз орта (пандус, арнайы туалет, емдік физкультура кабинеті, логопед кабинеті, спорт залы) ұйымдастыру.

Арнайы білім жалпы білім жүйесінің бір бөлігі болып табылады және мемлекет арнайы білім беру қажеттілігіне ие тұлғалар үшін білім алуда тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету мақсатында барлық жағдайларды жасайды.

Қазақстан Республикасының Заңнамасымен білім беру саласының негізін қалаушы халықаралық құжаттарға сәйкес, мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін білім алуына тең құқықтар қағидасы қарастырылады.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуын дамытудағы кепілдіктері Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы", "Білім беру туралы", "Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік, медициналық-педагогикалық коррекциялық қолдау туралы", "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", "Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы" Заңдарында бекітілген.

Елбасының тапсырмасына орай, 2004 жылы мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық қолдау жүйесін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен әлеуметтік бейімделу және кәсіби реабилитациялау республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы арнайы білім беруді дамыту бойынша ғылыми-тәжірибелік жұмыстар және инклюзивті білім беруге ауысу, арнайы оқу бағдарламалары мен оқулықтар, оқу-әдістемелік жиынтықтарды даярлау  жұмыстары жүргізілетін ұлттық ғылыми-тәжірибелік коррекциялау орталығы болып қайта құрылды.

Қазіргі таңда білім беру жүйесінде даму мүмкіндігі шектеулі балаларға айырықша орын бөлінген. Бұл балаларға қатысты біздің алдымызда тұрған негізгі міндет – олардың әлеуметтік бейімделуіне, қоғамдағы толыққанды өмірге дайындалуына жағдай жасау және көмек көрсету.

Қазақстан республикасы Президентінің 07.12.2010 жылға №1118 Жарлығымен бекітілген білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіруді қарастырды. Алғаш рет Қазақстан Республикасы «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және дәрігерлік-педагогикалық тұрғыдан қолдау» туралы Заң қабылдады.

Заңның 15 бабында мүмкіндігі шектеулі балалар тегін конкурстық негізде техникалық кәсіби, орта арнаулы, жоғары білімді мемлекеттік білім беру бағдарламасына сәйкес мемлекеттік оқу орнында оқу құқы қарастырылған.



Инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы - Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған Білім беруді дамыту Мемлекеттік бағдарламасында басым бағыттардың бірі ретінде қарастырылып отыр. Мүмкіндігі шектеулі балалардың сапалы білім алуға деген тең құқысы Қазақстан Республикасы заңнамаларымен бекітілген.

Қазақстан бойынша ақпарат көздерінен жинақталған статистикалық мәліметтерге сүйенсек қазіргі таңда біздің елімізде 39 арнайы балабақша мен 315 арнайы топтар қызмет етеді, онда мектепке дейінгі жастағы 15 мың бала тәрбие мен білім алуда, 25 мыңға жуық мектеп оқушылары білім алып отырған 106 арнайы мектеп және жалпы білім беретін мектептер жанындағы 1219 арнайы сыныптар да қызмет етуде. Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі балаларға коррекциялық-педагогикалық қолдауды 17 реабилитациялау орталықтары, 133 психологиялық-педагогикалық коррекциялау кабинеттері, мектеп жанындағы 558 логопедиялық пунктері көрсетуде.

Республикада 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі 138 513 бала бар, ол барлық балалар санының 2,8 % құрайды. Соның ішінде, мектеп жасындағы балалар саны - 93 740 баланы, мектеп жасына дейінгі - 44 773 бала.

Арнайы оқу бағдарламасы бойынша 62 мыңға жуық қатысушы , мектепке дейінгі арнайы бағдарлама бойынша - 27 мыңнан астам бала білім алуда. Сонымен қатар, ИПБТ жүйесінде мүмкіндігі шектеулі жандар қатарынан мамандарды даярлау ісін 178 колледж жүргізуде. Аталмыш санат студенттерінің контингенті 3 мыңға жуық адам құрайды.

«Ерекше балаларды» оқыту жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде жеке оқу жоспары мен білім беру ұйымы кеңесінің шешімі бойынша қысқартылған оқу бағдарламасын әзірлеуден бастау алды.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың тегін мектепалды даярлық және жалпы білім беретін арнайы оқу орындарында немесе психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның сараптамасымен жалпы білім беретін оқу орындарында тегін білім алу құқының болуы.

«Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық-коррекциялық қолдау іс-шараларының жоспарын бекіту туралы» қаулысына сүйеніп әзірленді.

«Ерекше» балаларды жалпы білім беретін мектепке қабылдау жүргізіледі:

- Ата-анасының жазбаша өтініші немесе өзге де заңды тұлғалардың психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының сараптамасы (оқыту формасын ұсынды).

- «Ерекше» балаларды оқытатын сыныптар:

- Интегративті оқыту сыныптары – 3-тен кем емес «ерекше» баланың жалпы білім беру үдерісіне қатысуы



- Арнайы сыныптар – жартылай интеграциялану – жалпы білім беретін мектепте арнайы білім беру және материалдық-техникалық жағдай туғызу.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуына  электронды білім беру, қашықтықтан оқыту жүйесі де жол ашады. 2011 жылдан бері мемлекеттік бағдарлама аясында, үйінде білім алатын балалар қажетті бағдарламалық-техникалық құралдарды алады. Тірек-қимыл аппараттары бұзылған балалар үшін жеке қозғалыс құралдары, арнайы пернетақта мен манипуляторлар, есту қабілеті бұзылған балалар үшін - есту аппараттары, дыбысты күшейтуші микрофоноы бар жүйе, тифлотехникалық құралдар алынады. Білім алуға жол ашуды қамту үшін ақпараттық қамтамасыз ету құралдары, соның ішінде принтерлер мен Брайль дисплейлері, оқу машиналары мен үлкейтуші құрылғылар, электронды лупалар, сөйлеуші экранды үлкейтуші шағын құрылғылары және тағы басқалары аса маңызды. Республикалық бюджет есебінен компьютерлік техника және құрал-жабдықтармен 6 мыңға жуық үйінен оқытылатын мүгедек-бала қамтылған.

Қазіргі уақытта республикадағы арнайы білім беру ұйымдарының жартысына жуығы  мүмкіндігі шектеулі балалардың танымдық дамуын ынталандырушы мультимедиялық білім беру жүйесімен жабдықталған. Арнайы мектептердің 20%-ында интерактивті тақталар орнатылған. Ғаламторға қосылған арнайы мектептер саны шамамен 95%, білім беру арнайы мекемелерінің 41% логопедтік жаттықтырғыштармен, 37% - есту-сөйлеу жаттықтырғыштарымен жабдықталған.

Инклюзивті сыныптардағы оқу үрдісін ұйымдастыру кезінде мүмкіндігі шектеулі балалардың спецификасы ескеріледі және осыған негізделе отырып кәдімгі балаларды оқытумен  үйлестіру бағдарламасы дайындалған. Жалпы білім беретін оқу үрдісінің аясында мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс арнайы жоспарланады және олардың үлгерімі мен қабілеттеріне қарай оларға берілетін уақыттың көлемі құбылып тұрады. Дамуында артта қалушылықтары бар балалар үшін, олардың материалды қабылдау ерекшеліктерімен байланысты сәл көбірек мән беріледі. Алайда бұл жалпы білім беру үрдісі мен өзге балалардың игеруіне әсер етпейді.

Физикалық денсаулығының бұзылуы бар балалардың инклюзиясы жалпы білім беретін мектептерде мұндай балаларды қосымша тьюторлық және педагогикалық сүйемелдеуді талап етеді.

Мектепте оқушының қажеттіліктеріне қарай екі деңгейлік сүйемелдеу моделі қолданылады. Оқушы балаға физикалық қолдау жасайтын, оның қимылдауына, сынып пен мектепте өзін еркін сезінуіне  көмектесу басты міндеті болып табылатын - тьютордың сүймелдеуін қолданады. Сонымен қатар, дамуының кейбір ерекшеліктеріне қарай арнайы коррекциялық педагогика әдістерін меңгерген тьютор қажет болады. Мысалы, есту қабілеті бұзылған оқушылар үшін мектепте сурдоаудармашылардың штаттық бірлігі қарастырылған.

Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері:

1. Адам құндылығы оның мумкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.

2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.

3. Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы.

4. Барлық адам бір-біріне қажет.

5. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.

6. Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауымен достығын қажет етеді.

7. Әрбір оқушы үшін жетістікке жету – өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыруға мүмкіндік беру керек.

8. Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.

Жалпы орта мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытудағы ерекшеліктер:

1. Мектеп жағдайына тез бейімделуге қажет әлеуметтік-адамгершілік жағымды мінез-құлық қалыптастыру;

2. Оқуға қызығушылығын дамыту;

3. Жеке тұлғалық ерекшеліктерін дамыту (оқу белсенділігі, өз бетімен жұмыс істеу т.б.) арқылы оқудағы қиындықтарды жою;

4. Жалпы интеллектуалдық біліктілігін жас ерекшелігіне қарай дамыту (салыстыру, қарым-қатынас жасау, топтық жұмыс, ойлау т.б.);

5. Жалпы даму деңгейін көтеру және жеке дамуындағы ауытқушылықты түзету;

6. Өз жасына сәйкес баланың жалпы дамуын және біліктілігін, дағдыларын нығайту үшін жағымды әлеуметтік орта қалыптастыру.

Инклюзивті білім беруді енгізуде күтілетін нәтиже:

- Оқудағы негізгі қиындықтар жойылады.

- Әлеуметтік-адамгершілік қасиеттері дамиды, жағымды мінез-құлық қалыптасады.

- Өзіне деген сенімділігі артады.

- Өмір сүруге деген құлшынысы оянып, қоғамда өзіндік орнының қалыптасуына үлес қосуына мүмкіндік туады.

Қазақстанда 2011-2020 жылдарға білім беруді дамыту бағдарламасына сәйкес, 2020 жыл қарсаңында мектептердің жалпы санының 70%-да инклюзивті білім беруге жағдай жасалуы тиіс. Осы мақстақа жету барысындағы ең үлкен  міндеттердің бірі – отандық инклюзивті білім беру саласындағы ұстаздардың дайындығы мен білімдерін жетілдіру үрдісіне өзгерістер енгізу екені сөзсіз. 

Осыған орай, 2013 жылы Сорос-Қазақстан Қоры қолдауының көмегімен «Школа для всех» ҚҚБ педагогикалық жоғары оқу орындары (ЖОО) үшін «Инклюзивті білім берудің негіздері» атты курсын жасақтап, аймақтық педагогикалық жоғары оқу орындарының мұғалімдеріне арнап инклюзивті білім беру әдістемелері мен стратегиялары жайында бірқатар тренингтер жүргізіп келеді. Аталмыш тренингтер Шымкент, Семей, Ақтөбе, Көкшетау қалаларында өтіп, оларға колледждер мен ЖОО-дан 160 мұғалім қатысты.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Руководящие принципы политики в области инклюзивного образования. Париж, ЮНЕСКО, 2009.

2. Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы. ҚР 2002ж №343 Заңы.

3. Жарықбаев Қ. Жалпы психология, 2000.

4. Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарына арналған мемлекеттік бағдарламасы. - Астана, 2010.



5. Багажнокова И.М. «Школа для детей с нарушениями интеллекта: тенденции перспективы развития» Дефектология 2004.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет