ЖАҺандық Қаржылық нарықтардың ҚҰрылымы және оларды реттеу



жүктеу 156.46 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі156.46 Kb.
: sites -> default -> files -> publications
publications -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы “абай жолы” эпопеясындағЫ Әйелдер бейнесі
publications -> О. Сүлейменов және қазақ кино өнері
publications -> Абай мен Пушкин шығармалары
publications -> Темірбек жүргеновтің Өмірі мен қызметі (Қазақстан мұрағат құжаттары негізінде) Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы
publications -> «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының қазақ әдебиетінде көркемдік көрініс табу дәстүрі мен инновациялық жаңашылдық мәселелері» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары
publications -> Қазақ стиль типологиясының Қалыптасуы қорқыт ата атындағы Қму доценті А. Е. Айтбаева
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
publications -> Абай танымындағы сопылық
publications -> Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары
ӘӨҚ 339.7
М.Ж. Дарибаева

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.

e-mail: m.zh_daribayeva@mail.ru
ЖАҺАНДЫҚ ҚАРЖЫЛЫҚ НАРЫҚТАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ РЕТТЕУ
Мақалада жаһандық қаржылық нарықтар, олардың құрылымы және оларды реттеу қарастырылған. Қазіргі таңда ерекше қаржылық құралдардың пайда болуы жаһандану үдерісінің әсері өте жоғары. Аталған қаржы құралдарының мәнін түсіну тәуекелдерді басқару, баға белгілеуді бақылауға алу, сонымен қатар қаржы нарығында реттеуді жүзеге асыру кезінде маңызды. Зерттеу нәтижесінде қаржы нарығы сегменттерінің өзара арқатынасын кезеңмен жүргізу, кейбір қаржылық көрсеткіштерді біріктіру әдісін қолдану және бұл жерде ЖІӨ көлеміне қатынасын анықтау арқылы талдау ұсынылады. Қазақстан Республикасының қаржы нарығы дамуында жаһандану үдерісінің алатын орны анықталды.

.

Түйін сөздер: қаржы нарығы, қаржы жүйесі, қаржы ресурстары, мемлекеттік қаржы, қаржы нарығын реттеу, ұлттық экономика, ұлттық экономика, әлем бірлестігі елдерінің интеграциясы, экономиканың жаһандануы.


The structure of global financial markets and their regulation
The article examines global financial markets, their structure and regulation at the global level.

The influence of globalization processes and the formation of global financial markets led to the formation of specific financial instruments. Understanding their nature is necessary for effective risk management, pricing control, establishing an effective management and evaluation of the level of cooperation in the financial market. The study identified the need for a phased approach to the study of the complex interaction between segments of the financial market, the proposed unification of the indicators derived from them to calculate the value of GDP, a group of indicators of sustainable development. Clarify the role of globalization in the development of the financial market of the Republic of Kazakhstan.



Keywords: financial market, the financial system, public finance, regulation of financial markets, the national economy, the integration of the global community, the globalization of the economy.
Структура глобальных финансовых рынков и их регулирование
В статье расматриваются глобальные финансовые рынки, их структура и регулирование на мировом масштабе. Влияние глобализационных процессов и формирование мирового финансового рынка обусловили формирование особых финансовых инструментов. Понимание их сущности необходимо для эффективного управления рисками, контроля ценообразования, создания действенного регулирования и оценки уровня взаимодействия на финансовом рынке. В результате исследования определено необходимость применения поэтапного комплексного подхода к изучению взаимодействия сегментов финансового рынка, предложено объединение показателей, получаемых в результате расчета их к величине ВВП, в группу показателей устойчивости развития. Уточнена роль глобализации в развитии финансового рынка Республики Казахстан.

Ключевые слова: финансовый рынок, финансовая система, государственные финансы, регулирование финансового рынка, национальная экономика, интеграция стран мирового сообщества, глобализация экономики.
Қаржы нарығы – жеке, ерекше, күрделі экномикалық категория. Бұл категорияның күрделілігін ескере отырып бірнеше дефиниция беруге болады, алайда олардың әрқайсысы толық емес болуы мүмкін. Мысалы: қаржы нарығы – ақша нарығы/қаржы активтерінің нарығы/қаржылық ресурстар нарығы. Немесе: қаржы нарығы – ақша капиталының ауыспалылығымен тығыз байланысты экономикалық қатынастар мен институттар жиынтығы. Институционалды тұрғыдан қарастырғанда қаржы нарығының құрамына банктер мен басқа да қаржы-несие мекемелері кіреді: зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары, инвестициялық қорлар, қаржылық компаниялар, бағалы қағаздар бойынша компаниялар, қор биржалары, басқа да инфрақұрылымдық ұйымдар және т.б [1, 73б].

Қаржы нарығының құрамы көп жағдайларда келесідей нарықтарға бөлінеді: несие нарығы (банктік несиелер нарығы), бағалы қағаздар нарығы, туынды қаржы құралдары мен валюта (немесе ақша-валюта) нарығы. Сонымен қатар қаржы нарығының құрамына сақтандыру нарығы да жатады. Осы себептен де қаржы нарығына анықтама беру кезінде бір дефинициямен шектелу мүмкін емес.

Жоғарыда келтірілген анықтама шетел әдебиеттерінде көбіне қаржы жүйесінің анықтамасы ретінде де қолданылады. Бірақ, қаржы жүйесі қаржы нарығына қарағанда кең, әрі ауқымды ұғымды білдіреді, себебі оның құрамына қаржы ресурстарын бөлу және қайта бөлуде нарықтық емес құралдар қолданылатын мемлекеттік қаржылар кіреді.

Қаржы жүйесі/қаржы нарығы заманауи экономикада бірнеше қызмет атқарады: қайта бөлу, ақпараттық, тәуекелдерді басқару, айналым шығындарын үнемдеу және т.б., осы аталғандардың ішінде ең маңыздысы – капиталды қайта бөлу қызметі болып табылады. Ақша ресурстарына мұқтаж қарыз алушы мен оларды жинақтаушылар (қарыз беруші немесе кредитор) арасындағы капиталды қайта бөлу қызметін атқару - жалпы мемлекеттің экономикалық тиімділігін сақтауда маңызды роль атқарады.

Экономикалық даму барысында қаржы жүйесінің ролі туралы келесі атақты авторлар: Й. Шумпетер [Shumpeter 1912], Е. Шоу [Gurley, Shaw 1955], Р. Голдсмит [Goldsmith 1969], Р. Маккинон [McKinnon 1973] және т.б. жазған болатын. 1990-2000 жылдары ондаған мемлекеттің мысалында жасалған көптеген зерттеулер нәтижесінде экономикалық даму деңгейі мен қаржы жүйесінің даму деңгейі арасында оң байланыс орнайтыны анықталды [North 1990; Neal 1990; Rajan, Zingales 2000; Rousseau, Sylla 2001; Levine 2002, Rousseau 2002]. Аталған авторлардың ішінде ойын ең айқын түрде білдірген - Нью-Йорк университетінің Профессоры Ричард Силла болды. Ол XVII ғасырдағы Голландия мен Англия, XVIII ғасырдағы АҚШ, XIX ғасырдағы Германия, Жапония мен Ресей мысалында қаржы революциясы, нақтырақ айтқанда банк жүйесін құру өнеркәсіп революциясының басталуына және жылдам экономикалық өсуге алып келетінін дәлелдеген.

Сонымен бірге қаржы нарықтарының экномикалық динамикаға теріс әсер ететін тұстары да кездеседі, бұл ретте қаржы нарығы өсуге ықпал ететін фактор емес, керісінше өндіріс процесіндегі қалыпты жағдайды бұзып, теріс, негативті нәтижелерге алып келетін факторға айналуы мүмкін. Аталған құбылысты қаржылық дағдарыс деп атайды.

Қаржылық дағдарыс ретінде көптеген қаржылық институттар немесе қаржылық активтердің өз құнының бір бөлігін жоғалтуы, осының нәтижесінде қаржы-несие мекемелерінің жаппай банкроттығы, қарыз қаражаттарын алудың қиындауы, экономикалық агенттер арасындағы қатынастардың бұзылуы, осыған сәйкес негізгі капиталға инвестициялардың азаюы, жұмысбастылық пен өндірістің төмендеуі, демек, толыққанды экономикалық дағдарысты айтуға болады. Қаржы дағдарысы экономикалық дағдарыстан алдын ала, экономикалық дағдарыспен қатар немесе экономикалық дағдарысты аяқтауы мүмкін (ал кейбір жағдайларда тіпті экономиканың нақты секторына әсер етпеуі мүмкін). Қаржылық дағдарыстың бірнеше формалары бар: банктік, бюджеттік, валюталық, қор (биржалық), дағдарыс немесе бірнеше формаларды бір мезетте қамтуы мүмкін.[1, 75б]

2007 жылы АҚШ-та ипотекалық дағдарыс ретінде басталған қаржылық дағдарыс кейіннен АҚШ пен Еуропаның банк жүйесіне тарауы, ал бұл жағдай акция нарығында бағалардың төмендеуіне әсер етіп, кейіннен толық масштабты түрде жалпы өндіріс пен негізгі капиталға инвестициялардың азаюымен, жұмыссыздықтың өсуімен экономикалық дағдарысқа алып келді.

Аталған дағдарыстың ең шиеленіскен ортасында қаржы жүйесі мен қаржы нарығы болды. Осы тұрғыдан алғанда олардың (қаржы жүйесі мен қаржы нарығының) реформалау мен қайта құрылуы жайлы алдыңғы қатарлы 20 дамыған мемлекеттің басшыларының кездесуінде айтылған болатын. Бұл қаржы секторының заманауи экономикада алатын орны ерекше екенін көрсетеді. Осыған сәйкес, қазіргі таңда заманауи экономиканы – қаржылық экономика деп те айтуға болады [1,75б]. Аталған қаржы институттары мен қаржы нарықтарының атқаратын қызметтерінің басты мәселелері мен қаржы жүйелерінің құрылымы жайлы көптеген еңбектер жазылған. Қаржы нарығы аясына байланысты көптеген ғалымдар, оның ішінде: М. Фридман, Д. Тобин, Р. Коуз, Д. Стиглер, М. Аллэ, Ф. Модильяни, М. Миллер, Г. Марковиц, Дж. Бьюкенен, У. Шарп, Р. Мертон, М. Шоулз, Р. Манделл, Д. Акерлоф, М. Спенс, Д. Стиглиц, Д. Канеман, П. Кругман өз еңбектерінде қаржы нарығының өзгермелілігі, оның экономикаға әсері өте жоғары екендігі туралы атап өтіп, бұл жерде пайда болатын мәселелердің салдары экономиканың құлдырауына алып келу мүмкіндігінің жоғары екенін көрсеткен.

Жаһандық қаржы нарықтарының ауқымы қандай деген сұраққа жауап табу мақсатында көптеген мемлекеттердің экономикасына назар аудару қажет. Әртүрлі сегменттердің өзіндік ерекшеліктерін ескере келе ортақ бір көрсеткіш арқылы зерттеу мүмкін емес. Мысалы: ақша нарығы мен капитал нарығындағы көрсеткіштерді сақтандыру қызметтерінің нарығымен салыстыру тіпті мүмкін болмайтын жағдай. Дегенмен, базалық құралдарды салыстыруға болады.



Халықаралық Валюта Қорының жылдық есептерінің қосымшаларында көбіне банк активтерінің сомасы, шағарылған қарыздық қағаздар мен биржаларда сатылатын акциялардың нарықтық бағасы көрсетіледі.
Кесте 1 - 2009-2011ж.ж. әлемдегі алдыңғы қатарлы мемлекеттер мен Қазақстан Республикасының негізгі экономикалық көрсеткіштері, %


ЖІӨ




2009

2010

2011

АҚШ

-2,6

1,6

2,5

Еуропалық Одақ

-2,7

0,5

1,4

Жапония

-4,3

0,8

1,5

Қазақстан

1,2

7,3

7,5

Инфляция

АҚШ

-0,7

1,6

1,4

Еуропалық Одақ

0,6

1,3

1,5

Жапония

-0,6

-0,1

0,6

Қазақстан

7

7,2

7,5

Жұмыссыздық

АҚШ

8,8

9,4

9,8

Еуропалық Одақ

8,9

9,9

11,5

Жапония

4,7

5

5,2

Қазақстан

6,6

6,8

5,4

Орталық банктің қайта қаржыландыру қойылымы

АҚШ

0,18

0,9

2,13

Еуропалық Одақ

0,85

1,29

1,5

Жапония

0,08

0,46

1,2

Қазақстан

7

7

7,5

Ескерту. Автормен [2] және [3] мәліметтері негізінде құрастырылған.

2007-2009 жылдардағы әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс әлемдік қаржы жүйесін реформалау мен ұлттық реттеуші органдардың өзара байланысын нығайту қажеттігін туындатты. Әлемдік нарық көлемінде жоғарыдан бақылау мен реттеу органдары болмайды. Алайда, халықаралық деңгейде көбіне үкіметаралық және жеке ұйымдар арқылы белгілі бір ережелер, стандарттар белгіленеді және бұлар өз кезегінде ұлттық деңгейде қабылданады (Халықаралық есеп Банкінің капиталдың жеткіліктілігі туралы базельдік стандарттары, ОЭСР-дің корпоративтік басқару қағидалары, халықаралық қаржылық есептердің стандарттары және т.б.). Бұрын халықаралық қаржы ұйымдары дамушы мемлекеттерге соңғы инстанциядағы кредитор ролін атқаратын, дегенмен, қазіргі таңдағы жағдай бойынша бұл механизмдердің жеткілікті түрде талаптарға сай деп айтуға қиын.


Кесте 2 – Қаржы нарықтарын реттеудің халықаралық стандарттары


Реттеу аясы

Стандарт

Жауапты ұйым

Қаржы және ақша-несие саясатындағы транспаренттілік

Ақша және қаржы саясатын жүргізудегі транспаренттілік Кодексі

Халықаралық Валюталық Қор (ХВҚ)

(IMF)


Фискалды саясатты жүргізудегі транспаренттілік

Фискалды саясаттың траспаренттілік Кодексі

ХВҚ (IMF)

Ақпаратты тарату

Ақпаратты таратудың арнайы стандарты

ХВҚ (IMF)

Банкроттық

Банкроттық және кредиторлардың құқықтары

Әлемдік Банк (World Bank)

Корпоративтік басқару

Корпоративтік басқарудың қағидалары

ОЭСР (OECD)

Бухгалтерлік есеп

Қаржылық есептің халықаралық стандарттары

Қаржылық есептің халықаралық стандарттары бойынша Кеңес (IASB)

Аудит

Аудиттің халықаралық стандарттары

Халықаралық бухгалтерлар федерациясы (IFAC)

Төлем жүйесі және есеп айырысу

Төлем жүйелерінің қызмет етуінің негізгі қағидалары

Төлем жүйесі және есеп айырысу бойынша Комитет (CPSS)

Нарықтың бүтіндігі

Ақшалардың жоғалуымен күресу бойынша қаржылық шаралар Тобының 40ұсынысы

Ақшалардың жоғалуымен күресу бойынша қаржылық шаралар Тобы

(FATF)


Банктік қадағалау

Тиімді банктік реттеудің негізгі қағидалары

Банктік қадағалау бойынша Базель комитеті (BCBS)

Қор нарығын реттеу

Қор нарықтарын реттеудің мақсаты мен міндеттері

Бағалы қағаздар бойынша комиссиялар бойынша халықаралық ұйым

Сақтандыруды қадағалау

Сақтық реттеушілердің негізгі қағидалары

Сақтандыру нарығын реттеушілердің халықаралық ассоциациясы (IAIS)

Ескерту: автормен құрастырылған әдебиет көзі [4].

Топ 20 мемлекет өкілдерінің кездесуінде әлемдік қаржы нарығын реформалаудың келесі негізгі қағидалары анықталды:



  • есеп берудің сапасын жоғарылату және оның ашықтығын арттыру;

  • реттеу жүйесінің тиімділігін арттыру;

  • ақиқат қаржы нарығын дамытуға ат салысу;

  • халықаралық бірігіп қызмет етуді дамыту;

  • халықаралық қаржы ұйымдарын реформалау.

Ал Қазақстан Республикасында бүгінде мемлекеттік қаржылардың қоғам мұқтаждықтары мен мемлекеттің өзіне тән әр алуан қызметін қаржыландыру, экономикалық қатынастарды түрлендіру, қаржы жүйесін нарықтық жағдайларға бейімдеу және инвестициялық белсенділікті ынталандыру, сондай-ақ әлеуметтік мәселелерді шешу, экономикалық тұрақтылықты және қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысында атқаратын рөлі мен маңызы күн санап күшейе түсуде. Демек, мемлекет тарапынан ақша қаражаттарын шоғырландыру және ақшалай қорларды қалыптастыру, сондай-ақ қаржылық ресурстарды бөлу барысында пайдаланылатын мемлекеттік қаржылар мемлекеттің нарықтық өркендеуінің және егемендігінің экономикалық атрибуты болып танылады [5, 3б.].

Басқарудың тиімді мемлекеттік аппаратын түсіндіруде мына төмендегідей бағыттармен келісуге болады:

- мемлекеттік билік органдарының адекватты жүйесін құрудың маңыздылығы – бұл тиімді әрекет етуші мемлекеттік басқару аппаратын қалыптастыру, бұл кезде бірінші кезекті қарсылық көрсетуді басып тастауға қабілетті жүйе емес, азаматтарға қолдау көрсетуді біріктіруге қабілетті жүйе тиімді деп есептелінеді [6, 57б.];

- биліктің тіктігін қалыптастыру мен нығайту – бұл басқарудың тиімді мемлекеттік аппаратын құру. Дәл осы міндетті сәтті шешуде Наполеон Бонапарт Францияның ұлттық күштерін бүкіл Европаны жаулап алу үшін және елдің экономикасын нығайту үшін жұмылдыра білді. Оның шешімінің сәттілігінен сол кезеңінің ұзақтығы, келесі кезеңнің сипаты байланысты болады [7, 74б.].

Қазіргі таңда мемлекеттік қаржылық бақылаудың негізгі міндеттері келесілер болып табылады:

- қаржылық құқықтың сақталуын қамтамасыз ету;

- қаржы жүйесінің барлық буындарының ұтымды жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

- ақша жүйесінің, соның ішінде ұлттық валюталық жүйенің тиісінше жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

- қаржылық ресурстарға деген қажеттілік пен қолда бар мемлекеттік ақша қаражаттары қорлары мөлшерінің арасын теңдестіру;

- міндетті субъектілердің мемлекет алдындағы өз қаржылық міндеттемелерін толығымен және уақытылы орындалуын қаматамасыз ету;

- мемлекеттің қаржылық ресурстарын мақсатқа сай пайдалануын қамтамасыз ету.

Қазақстанда мемлекетпен қаржылық реттеуді жүзеге асыру, мемлекеттің қаржылық ресурстарын орталықтандыру, мемлекеттік ақшалай қорлардың түрлері мен пайдаланылу бағыттарын айқындау, республикалық бюджеттің кірісі мен шығысын бөлу және т.б. мемлекеттің қаржы жүйесі мен оның әрбір буынына олардың тиісінше жұмыс істеулерін қамтамасыз ету мақсатында ықпал ететін заң жүзінде рәсімделінген жүйе мемлекеттік қаржылық реттеу арқылы жүзеге асырылады.

Жалпы мемлекетпен қаржылық реттеуінің басты мақсаты қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге қол жеткізу жатады. Демек, мемлекеттік қаржылық реттеу барысында мемлекеттің қаржы жүйесінің барлық буындарының кіріс базалары жоспарланған көлемдегі ақша қаражаттарымен қамтамасыз етіледі. Мемлекеттік қаржылық реттеу мына түрде жүзеге асырылу керек [8]:

- мемлекеттің қаржы жүйесінің құрамын және экономикалық негізін қалыптастыру;

- мемлекеттің қаржы жүйесін құрайтын ақшалай қорлардың түрлері мен мақсатты бағыттарын айқындау;

- мемлекеттің кірістері мен шығыстарын қаржы жүйесінің нақты буындары арасында бөлу;

- бағаларды және мемлекеттің инвестициялық қызметін қаржылық реттеу;

- мемлекеттік қаржылық жоспарлау негізінде республи-калық бюджеттің негізгі басымдықтарын айқындауға және есептеуге қажетті база ретінде әлеуметтік-экономикалық дамудың макроэкономикалық көрсеткіштерін болжамдау;

- мемлекеттің қаржы жүйесінің құрамына кіретін ақшалай қорлардың қаражаттарын қалыптастыруды және бөлуді жоспарлау;

- мемлекеттің қаржы жүйесінің ресурстарын жұмсау басымдықтарын айқындау және қоғамдық мемлекеттік маңызы бар ақша қаражаттарын пайдалану аясында мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыру;

- бюджеттік жүйенің кіріс базасын бюджеттік реттеу;

- республикалық және жергілікті бюджеттердің кіріс және шығыс бөліктерін теңдестіру.

Мемлекеттік қаржылық реттеу мемлекеттің қаржы жүйесінің тиісінше жұмыс істеуін, сондай-ақ оның құрылымдық бөліктерінің өзара қарым қатынастарын айтарлықтай деңгейде қамтамасыз ету мақсатында қаржы жүйесіне ұйымдастыру сипатында және бағытталған түрде қаржылық-экономикалық ықпал ету мемлекеттік қаржылық басқару арқылы іске асырылады [9].

Қорытындылай келе, келешекте қаржы жүйесінің тұрақтылығын қалыптастыру мақсатында мемлекеттік қаржылар саласындағы басқару мынаны қамтамасыз ету қажет:

- қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету;

- мемлекеттік қаржыларды теңдестіруге ықпал жасау;

- экономиканы қаржылық реттеуге өз үлесін қосу;

- мемлекеттік инвестициялық-қаржылық кешеннің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

- қаржы жүйесінің халықаралық стандарттарға өтуіне жағдай жасау;

- қаржы жүйесінің қаржылық заңнамасын жетілдіру;

- мемлекеттік кәсіпорындардың қаржылық орнықтылы-ғын қамтамасыз ету;

-бюджеттен тыс мемлекеттік мақсатты ақшалай қор-лардың қалыптастырылуын және жұмсалуын қамтамасыз етеді.

Әдебиеттер:


  1. Рубцов Б.Б. Глобальные финансовые рынки: масштабы, структура, регулирование // Век глобализации. - №2, 2011.

  2. Статистический ежегодник. «Казахстан в 2011 году». – Астана, 2012.-С.463-465 - http://www.stat.kz/publishing/20121/kazahstan%202011.pdf

  3. World Development Indicators // The World Bank, 2006.- P.318-325

  4. Рубцов Б.Б. Эволюция институтов финансового рынка и развитие экономики // Финансовые институты и экономическое развитие: кол. монография / под ред. Д.В. Смыслова. М.: ИМЭМО РАН, 2006.

  5. Б.С.Мырзалиев, Ө.Қ.Шеденов. Мемлекеттік қаржылық басқару. – Түркістан, 2013 – 3б.

  6. Өтебаев Б.С, Мемлекеттік бюджет: Оқулық. – Алматы:Экономика. 2006.

  7. Игнатов В.Г., Понеделков А.В., Старостин А.М. Эффективность государственной службы // Государственная служба: теория и организация. Ростов н/Д.: Феникс. 1998. – С.74.

  8. Чиркова Е.В. Анатомия финансового пузыря. М.: Кейс, 2009.

  9. Қазақстан Республикасының «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жыл 4 шілде N 474 Заңы.

Daribayeva M.Zh. “The structure of global financial markets and their regulation”.



Дарибаева М.Ж. “Структура глобальных финансовых рынков и их регулирование”



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет