Жадыра Есенгелді “g globalды” Қолдаушылар форумы



Дата28.04.2016
өлшемі20.71 Kb.
Жадыра Есенгелді
G GLOBALды” ҚОЛДАУШЫЛАР ФОРУМЫ
М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де Елбасы ұсынған “G Global” халықаралық жобасын қолдауға арналған облыстық форум өтті. Өңір басшысы Самат Ескендіровтің төрағалық етуімен өткен жиынға ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, экономистер, сарапшылар, қоғам белсенділері мен жастар қатысты.

Басқосуды ашқан облыс әкімі Самат Ескендіров қысқа мерзім ішінде 190 елдің 4 миллионнан астам пайдаланушысын біріктірген, Нобель лауреаттарының, халықаралық ұйымдар, бизнес, білім және ғылым өкілдерінің тарапынан қолдауға ие болған “G Global” алаңын қолдап, насихаттаудың маңызы зор екенін айтты.

– 2012 жылы “G Global” зияткерлік жүйесі іске қосылғаны баршамызға мәлім. Бұл – Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халықаралық аренада көтерген жаһандық диалогтің жаңа форматы. “G Global” диалогтік интернет-алаңын құру туралы идея бүгінгі таңда әлемдік қоғамдастық тарапынан жер бетінде тұратын барлық адамдардың пікір алмасуы жолымен жаһандық проблемаларды шешудің маңызды элементі ретінде қабылданды, – деген облыс әкімі халықаралық жобаны жүзеге асыру мақсатында қоғамдық пікір алмасу және ақпараттық-насихат науқанын ұйымдастыру қажеттігін атап айтты.

Форумда сөз алған ҚР Парламенті Сенатының депутаты Серік Нөгербеков Елбасының биылғы Жолдауының маңызды аспектілеріне тоқталып, ел Президенті көтерген жаһандық мәселелер әлемдік қоғамдастық тарапынан қолдау тауып отырғанын тілге тиек етті. Елімізде Астана экономикалық форумы, Бүкіләлемдік дағдарысқа қарсы конференция, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі, ядролық қаруға қарсы “АТОМ” жобасы сынды дүниежүзілік шаралардың бастау алғаны мәлім. Сондықтан осының бәрінің басын қоса алатын “G Global” жобасын жүзеге асыру үлкен маңызға ие.

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің ректоры Оңдасын Әшімов жаңа жобаны насихаттауға университет ұстаздары мен студенттері де белсенді атсалысатынын айтты. Бүгінде жоғары білім беру мекемесінде әлемдік білім беру кеңістігіне ену бойынша жүйелі жұмыс атқарылуда. Оған барлық жағдай жасалған.

“Наносфера” ЖШС-нің директоры Наталья Белецкая, Әскери институттың профессоры Сәуле Сүлейменова, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің студенті Гүлмира Танақұлова сөз алып, ғалымдар да, студент жастар да осындай инновациялық жобалар арқылы талмай ізденіп, елдің жарқын болашағына үлес қосуы жайында өз пікірлерін ортаға салды.

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Анатолий Башмаков Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев XXI ғасырдағы жаһандық диалогтің жаңа құралы – “G Global” бастамасын әлемдік алпауыт елдердің назарына ұсынғаны, Қазақстан “G20”-ның ашық алаңдарында өзін алдыңғы қатарлы жаһандық экономикаға лайықты деңгейде көрсете білгені, әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына қосылуды мақсат тұтқан бейбітсүйгіш мемлекеттің шетелдік инвестициялар үшін есігі ашық екендігі жайында әңгімеледі.

Жиын соңында “G Global” коммуникативтік алаңын қолдау жөнінде қарар қабылданды.


// Солтүстік Қазақстан. - 2014. - 8 ақпан
Каталог: files -> user
user -> Гүлмира Темірова
user -> «Менің Activ» қызметін пайдалану туралы келісім келісім мәНІ
user -> «Менің Kcell» қызметін пайдалану туралы келісім келісім мәНІ
user -> ДСҰ-ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2013 жылдың 1-31 желтоксан аралығында жариялаған хабарламалар тізімі
user -> Тезисы по докладу руководителя Управления Росприроднадзора по Республике Марий Эл
user -> Он алтысында от кешкен
user -> ТОҚсан бестің толғауы (Ардагермен сыр-сұхбат)
user -> Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарының әзірлеу мониторингі бойынша жедел есептілік
user -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет