Жалпы білім беретін №17 мектеп-гимназиясы Ақтөбе қаласы. «Химиядан олимпиада есептерін шығару»



жүктеу 64.71 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі64.71 Kb.
: metod -> 2006
2006 -> Бағдарламасы №24 лингвистикалық мектеп-гимназиясының 10 класс оқушыларына арналған
2006 -> Бағдарламасы және күнтізбелік жоспары Құрастырған: Қ. Р. Жәкешева №21 орта
2006 -> Бағдарламасы (10 кластарға арналған) Ақтөбе 2006ж. Қалалық білім бөлімі Ақтөбе, 2006ж
2006 -> 10 класқа арналған Қазақстан тарихынан тест жұмыстары
2006 -> 37 орта мектеп бағдарлама «Математикалық логика»
2006 -> Пояснительная записка программы курсов «Основы цитологии» и«Основы генетики»
2006 -> 11 класс Қазақ тілі – 1 нұска
2006 -> 10-класс І тоқсан І нұсқа (Қоғамдық- гуманитарлық бағыт) Көне түркі дәуірі жазба ескерткіштері қайсысы?
2006 -> Ақтөбе қаласының Білім бөлімі 10-11 класқа арналған «Шешендік өнер» арнайы курсының бағдарламасы
2006 -> Жұмыс бағдарламасы Ресми іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
Жалпы білім беретін № 17 мектеп-гимназиясы

Ақтөбе қаласы.

«Химиядан олимпиада есептерін шығару» атты элективті курсының

10-11 сыныптарға арналған бағдарламасы.

Құрастырушы: Мусина К.К.

2006 жыл.


«Химиядан олимпиада есептерін шығару» таңдау (элективті) курсының бағдарламасы.
Аннотация.
Олимпиада арқылы қызығушылықты арттыру кеңінен таралған. Олар оқушылардың білімін сынауына және тереңдетуіне жол ашады. Бұл бағдарлама базалық курс негізінде жасалынған, бірақ оқулықтардағы материалдар теориялық жағынан кең көлемде толықтырылған. Мектепте өтілетін химия курсынан тереңдетілуімен ерекшеленеді және күрделенген, қиындығы жоғары есептер енгізілген. Бағдарлама жаратылыстану-математика бағытындағы 10-11 сыныптарға арналып жасалынды.
Түсінікхат.
Мектептегі химиялық білім жаратылыстану ғылымдары білім жүйесінің басты құрам бөлігі болып табылады. Әлемдік жаңа ғылым түсінігіне химияның көмегі өте зор, себебі химия ғылымы зат және оның құрамы мен құрылысын, бір заттың басқа затқа айналуын, соған сәйкес практикалық жұмыстардың жүзеге асуын оқытады. Жаңа технологиялардың практикаға енуі халық қажеттілігінің артуына әкеп соқты. Сондықтан, болашақта жаңа тапсырмаларды қою және шешу қажеттілігі туындады.

Қазіргі кезде баланы дамыту және дамуына жағдай жасау керектігі ешкімге таңсық емес. Сондықтан да олимпиадаға қойылатын талаптар күшеюде. Облыстық, республикалық олимпиада мектеп бағдарламасынан да білімді тереңдетуді қажет етеді. Олимпиадаларда химияны өте жақсы меңгерген, қызығушылықтары жоғары балалар күш сынасады. Сондай жарыстарға оқушыларды іріктеу мақсатында бұл курс жүргізіледі, курстың материалдары олимпиада есептерін шығаруы теориялық жағынан қамтиды. Есептеу есептерін шығару арқылы оқушылардың ойлау қабілеті оқу материалдарын терең меңгеруі артады. Теориялық алған білімдерін практикада қолдана білу де есептер шығару арқылы жүзеге асырылады.

Есептер шығару – химия ғылымын өмірмен байланыстыра алатын тамаша әдіс. Есептер шығару арқылы адамның олау, есте сақтау, сөйлей алу қабілеттерін дамытуға болады, химиялық заңдар мен құбылыстарды түсінуге, дүниетанымдылыққа қалыптастырамыз. Балалар есептер шығару арқылы еңбектенуге тәрбиеленеді және политехникалық дайындықтан өтеді. Жүргізілу уақыты: 10 сыныпта 34 сағат, 11 сыныпта 34 сағат.


Курстың мақсаты мен міндеттері:
Курстың мақсаты: Оқушылар мектептік программада қаралған және олимпиадалық тапсырмаларды шешуге үйрету ғана емес, сонымен бірге түлектерге арналған конкурстық емтихан тапсырмаларды үйрету.

Курстың міндеті:


  1. есептердің негізгі типін шешуге әртүрлі әдіс және тәсілдерді пайдалану, сандық шешу есептер, алгоритмдерді қолдану.

  2. Кейбір жаттығуларды шешу қосымша әдебиеттерді қажет етеді және терең теориялық материалдар қажет.

  3. Оқушылардың жаңа материалды игеруін тексеру және оны практикада қолдану.

  4. Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту.


Күтілетін нәтижелер:
Оқушылар білуге тиісті:
- химиялық формуланы білу,

- эквивалент түсінігі,

- Авогадро заңы,

- Гесс заңы

- заттардың концептрациясының түрлері,

- ерігіштік көбейтіндісі түсінігі,

- тотығу-тотықсыздану реакциялары,

- электролиз түсінігі,

- неорганикалық заттардың құрамы,

- органикалық заттардың құрамы,

Оқушылар анықтауға тиісті:
- заттардың химиялық формуласын,

- қосылыстардың, заттар қоспасын және құймалардың құрамын,

- химиялық реакциялардың типі,

Оқушылар есептеуге тиісті:


- химиялық формула бойынша,

- эквиваленттік қатынас заңының негізінде,

- реакциялардың жылу эффектілерін,

- еріген заттың концептрациясы,

- ерігіштік ұғымы,

- электрқозғалыс күшін,

- тепе-теңдік константасын, реакция өнімінің шығымын, өнімнің

шығуына реагенттердің концентрациясы және қысымның әсері.

Оқушылар құруға тиісті:
- реакция термохимиялық теңдігі,

- тотығу-тотықсыздану реакциясын,

- неорганикалық және органикалық молекулалардың бір-біріне

айналуы,
Оқушылар білуі тиіс:


- әртүрлі әдістермен сандық есептерді шешу,

- күрделі жаттығуларды шешудің рационалды әдістерін табу.



Бақылау және бағалаудың формалары.


  1. Бақылау жұмысы 5+5

  2. Есептер шығару (үй тапсырмалары)

  3. Қорытынды бақылау (тест) «қанағаттанарлық» деген баға мына жағдайда: егер оқушы есеп шығарудың негізін түсініп, бірақ жекелеген есептерді шығарудан қиналса қойылады.

Теориялық және практикалық материалдарды жақсы меңгергенімен түрлі қиындықтағы есептерді шығара алмаса, оқушыға «жақсы» деген баға қойылады. «Өте жақсы» деген баға оқушы материалды толық, терең меңгергенде, қиын, күрделенген, ерекшелеу есептерді шығара алатындай жағдайда қойылады. Арлық бақылау жұмыстарын жақсы орындаған кезде ғана оқушылар қорытынды бақылау жұмысына жіберіледі.
10 сынып.

Аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат.




  1. Химияның негізгі түсініктері мен заңдары (11 сағ)

Заттардың химиялық формуласын анықтау. Химиялық формулалар бойынша есептеулер жүргізу. «Эквивалент» ұғымына байланысты есептер. Эквиваленттік қатынастар заңына есептер шығару. Зат мөлшері, газдардың молярлық көлемі, газдардың салыстырмалы тығыздығы ұғымдарына есептер шығару. Химиялық реакциялардағы газдардың көлемдік қатынасына есептеулер. Қалыпты газдардың күйі теңдеуі, клайперон-Менделеев теңдеуіне арналған есептер. Бірдей жағдайдағы газдар қоспаларына есептер шығару. Заттардың және құймалардың құрамын анықтауға арналған есептеулер. Термохимиялық теңдеулер арқылы жүргізілетін есептер. Гесс заңдары бойынша реакцияның жылу эффектісін есептеу. Радиоактивті өзгерістерге есептеулер.

  1. Ерітінділер (9 сағат)

Әртүрлі концентрациялардағы ерітінділерді араластыруға арналған есептерді шығарудың жай әдісі, алгебралық әдісі және крестеу ережесі. Заттардың ерігіштігіне арналған есептер. Еріген заттардың молярлы, моляльды, нормальды концентрациясын есептеу. Ерітінді құрамындағы компоненттердің молярлық үлесін есептеу. Концентрация өзгертілген жағдайда есептеулер жасау. Әлсіз қышқыл мен негіз ерітінділеріндегі сутек ионы және гидроксид иондарының концентрациясына есептеулер жүргізу. Гидролизденген тұздар ерітінділеріндегі сутек ионы концентрациясына арналған есептер. Ерігіштік көбейтіндісіне есептер шығару.

  1. Тотығу-тотықсыздану реакциялары (5 сағат)

Тотығу-тотықсыздану әдістеріне есептер шығару. Электр қозғаушы күшті анықтау. Әртүрлі қосылыстар мен қоспа құрамындағы ерітінділердің электролизденуіне сандық есептеулер жүргізу.

  1. Химиялық кинетика (5 сағат)

Реакция жылдамдығы константасы және активтену энергиясына байланысты есептеулер жүргізу. Әрекеттесуші заттар концентрациясының реакция жылдамдығына әсеріне арналған есептер.Тепе-теңдік константасы, реакция өнімінің шығымын есептеу, реакция шығымына әрекеттесуші реагенттер концентрациясының және қысымның әсерін зерттеулерге арналған есептер.

  1. Күрделенген, ерекшеленген, құрастырылған есептер шығару

(4 сағат)

11 сынып.



Аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат.


  1. Химиялық қосылыстардың бір-біріне айналуы, оларды ажырату, қоспаларынан бөлу. (5 сағ). Неорганикалық молекулалардың бір-біріне айналу өзгерістері. Неорганикалық және органикалық заттар өзгерістерін жүзеге асыру. Айналулар арқылы заттар алу. Химиялық қосылыстарды ажырату. Қоспаны бөлу.

  2. Неорганикалық химия (10 сағ). Сутек, галогендер. Оттек топшасы. Азот топшасы. Көміртек топшасы. Металдар. Металдардың электр-химиялық кернеу қатарына арналған есептер («пластинкаға» есептер).

  3. Органикалық химия (10 сағ). Көмірсутектер (алкандар, алкендер, алкадиендер, алкиндер, циклопарафиндер, арендер), қышқыл құрамды қосылыстар (спирттер, альдегидтер, кетондар, қышқылдар, эфирлер, майлар, көмірсулар). Азотты қосылыстар (нитроқосылыстар, аминдер, аминқышқылдары, азотты қосылыстар, гетероциклді қосылыстар).

  4. Жекешеленген, аралас, қиындатылған есептер (5 сағ).

  5. Химиялық технология есептері, экологиялық мәселелерге арналған есептер, өнім өндіруге байланысты есептеулер (4 сағ).




©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет