Жалпы білім деңгейіне мемлекеттік талап оқушылардың оқу кезеңін бітіру кезіндегі алатын білімі мен біліктіліктерінің қажетті минимум деңгейін анықтайды



жүктеу 0.82 Mb.
бет1/4
Дата01.04.2016
өлшемі0.82 Mb.
  1   2   3   4
Кіріспе

Жалпы білім деңгейіне мемлекеттік талап оқушылардың оқу кезеңін бітіру кезіндегі алатын білімі мен біліктіліктерінің қажетті минимум деңгейін анықтайды. Мектеп түлектерінің дайындық деңгейі Мемлекеттік стандарт тағайындаған талаптардан төмен болмауы тиіс. Бұл деңгейлерге жету білім ұйымдарының алға қойған мақсаттарға жетуінің куәсі болып табылады. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар екі деңгейде беріледі: міндетті (минимум) және базалық.

Жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының дайындығына қойылатын міндетті деңгей оқушылар дайындығының минимум денгейін анықтайды. Минимум деңгейге жету-оқушылардың міндеті болып табылады.

Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу-әрбір ұстаздың басты міндеті. Қайсыбір мұғалімдер сабақтың жаңа түрлерін пайдаланса, кейбірі жаңашыл педагогтардың тәжірибесін қолданады. Қай әдісті пайдаланса да мақсат - бағдарламадағы материалдың мазмұнын шәкірт бойына сіңіру, пәнге ынтасын, қызығушылығын тәрбиелеу.

Сыныптағы барлық балалардың ойлау қабілеті бірдей емес, сондықтан сабақ кезінде әрқайсысының деңгейіне қарай мұғалім жұмыстың түрін таңдап, сол тақырыпты игеруді көздейді.

Бастауыш білім - үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған сәйкес оқушыға белгілі бір көлемдегі білім, білік - дағдыларды меңгертумен бірге табиғат, қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту бүгінгі күннің басты талабы. Осы талап тұрғысынан алғанда, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі әдіс-тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дайындаудағы басты мақсаты - оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы баланың кішкентай кезінен дүниеге өзіндік көзқарасының қалылтасуына жол ашу.

Қазірде педагогика ғылымында оқушы шығармашылығына бағыт-бағдар беру мәселесі кеңінен көтерілуде. Алайда ол дарынды, талантты балалардың қабілеттерін дамытуды жүзеге асыру деген қорытындысынан әрі аса алмауда. Оның үстіне психология мен педагогика ғылымында әрбір баланың дарындылығы қандай дәрежеде екенін анықтайтын дәл өлшем әлі табылған да жоқ. Әр жеке тұлғаның шығармашылық қабілетінің дамуына кең жол ашылады, Осындай оқыту әдісі оқушылардың ақыл-ойын, шығармашылығын дамыту мәселесін шешеді,

Зерттеудің объектісі: бастауыш сыныптардағы оқу үрдісі.

Зерттеу пәні: оқушыларды шығармашылыққа баулу жолдары.

Зерттеудің мақсаты:

- бастауыш сынып оқушыларына шығармашылық тапсырма орындату


арқылы іскерлігін арттыру.

- оқушылардың шығармашылық тапсырмаларды орындау мүмкіндіктерін анықтау.

- шығармашылық тапсырмаларды орындаудың жолдарын, шарттарын
іздестіру.

Зерттеудің ғылыми болжамы:

Егер оқушылар өз бетінше жұмыстарды ойдағыдай орындаса, онда шығармашылыққа баулу жұмысын қалыптастыруға болады



Зерттеудің міндеттері:

1. Қазіргі дамыта оқу жағдайына сәйкес, бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа баулудың қажеттілігін дәлелдеу.

2. Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа баулу барысында орындалатын шығармашылық тапсырмалардың мазмұнына сипаттама беру.

3. Еастауыш сынып оқушыларының шығармашылық тапсырмаларды


түсінуін және оны орындау жолдарын белгілеу.

Зерттеудің әдістері: Педагогикалық, психологиялық еңбектерді зерттеу, талдау. Оқулық, бағдарламаға талдау жасау, бақылау өткізу. Қорытындылау.

Диплом жұмысының теориялық қолданылымы:

Бастауыш мектептерде оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулуға байланысты ғылыми қағидалар мен тұжырымдар қазақ тілін окыту әдістемесі мен педагогика ғылымдарын теориялық тұрғыдан толықтырады.



Диплом жұмысының практикалық қолданылымы:

Диплом жұмысында ұсынылып отырған қазақ тілінде бастауыш сынып оқушьшарын шығармашылыққа баулу әдістемесі бастауыш сынып мұғалімдеріне көмекші құрал бола алады.


1. Оқушыларды шығармашылыққа баулудың педагогикалық негіздері.

1.1. Өз бетінше жұмыс жасау - шығармашылыққа баулудың көзі.
Мектепте білім беру-жауапты іс. Өйткені мектеп арқылы жеке тұлға тәрбиеленеді. Бүгінгі мектеп оқушысы-ертеңгі ел тізгінін ұстайтын азамат.

Соңғы жылдары мектепте білім беру саласында заман талабына қажетті жаңартылған Өзгерістер мен зденістер қарастырылуда. Білім берудің мақсаты, мазмұны өзгерді. Соған сәйкес оқытудың жаңа технологиялары енгізілуде.

Білім берудің сапасын жақсарту мақсатында К.Окуниннің «Проблемалық оқыту», В.Шаталовтың «Тірек сигналдарын пайдалана оқыту», Ж.Қараевтың «Саралап деңгейлеп оқыту», М.Жанпейісованың «Оқытудың модульдік технологиясы» мектеп тәжірибесінде кеңінен қолданылып келеді.

Бұл оқыту технологиялары оқушыны жан-жақты дамытуға, оқушының қызығушылығын оятуға, оқу іс-әрекеті арқылы оқушының ойлау мәдениетін дамытуға негізделген.

Дәстүрлі оқыту жүйесінде оқушы - оқыту үрдісінің объектісі болып табылады. Оқушының білімді игеруі көбінесе есте сақтауға, фактілерді жинауға, жаттауға негізделеді, ал білім берудегі жаңа технология бойынша оқушы оқыту процесінің субъектісіне айналады да, ойлау іс-әрекеті танып процесін тудырады. Таным процесі арқылы оқушының белгілі бір қасиет қабілеттері қалыптасады, дамиды.

Қазіргі білім беру жүйесіндегі озық технология - мен әдіс-тәсілдерді ұтымды пайдалану оқушының танымдық және ақыл-ой белсенділігін арттырады.

Сондықтан да мектепте жеке тұлғаны дамытуға негізделген әдіс-тәсілдер іздестірілуде. Мектеп кез-келген оқушыға жақсы білім беретіндей етіп құрылуы тиіс. Сол себепті мұғалімнің алдында балаға «Қалай тиімді білім беру керек» деген мәселе тұруы тиіс.

Шығармашылық жұмыс және әрекет диалектикалық бір тұтастықты құрайды. Әрекет шығармашылықты тудырып, оны нақты болмысқа айналдырса, шығармашылық әрекетті ретінде оның амалдарын, тиімділігін анықтайды. Бұл мәселені зерттеген ғалымдар шығармашылық әрекет деп білімді жаңа жағдайда тасымалдай білу (ИЛ.Лернер, Я.А.Пономарев) мәселені шешудегі көргендік, қырағылық (А.Н.Лук), жаңалық тудыратын әрекет (Л.С.Выготский) деп тануды ұсынады.

Бастауыш мектеп оқушысының ашатыны тек өзіне ғана жаңалық болып табылатын субъективті жаңалық [1,48].

Шығармашылық әрекет арқылы бір жағынан адамның іскерлігі мен қабілеттері жетілсе, екінші жағынан материалдық рухани көзқарасы қалыптасып, адамзат мәдениетіне үлес қосылады.

Баланың табиғи, ашылмаған мүмкіндіктері неғұрлым үйлесімді толығырақ дамыса, ол есейген кезде қызметті де соғұрлым мазмұнды, жан-жақты, табысты атқарады. Шығармашылық әрекет арқылы оның жасампаздығы, іскерлігі қалыптасады.

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қызығушылығын дамытуға жас мөлшері нағыз қолайлы синтезивті кез.

Дамыта оқытудың мақсаты - балаларға дайын пәндік білім. біліктердің белгілі бір жиынтығын берумен шектелмейді. Кеңес дәуіріндегі дайын нұсқаулар мен бұйрықтарды орындайтын адамдарды тәрбиелейтін қазіргі мектептерде орын алып отырған дәстүрлі оқыту жүйесі шығармашылық тапсырмаларды орындауға үйрететін, оны қолдана білетін дамыған адамдарды дайындауға негіз бола алмайтындығын өмір көрсетуде. Сондықтан біз көтеріп отырған мәселені нәтижелі етуде басшылыққа алатын нысана - дамыта оқыту жүйесі болады.

Оқыту барысында бастауыш мектеп окушыларының шығармашылық қызығушылығын дамыту барысында тапсырмаларды орындауға арналған қабілеттерін дамытуды жоғарыда белгіленген көрсеткіштер мен өлшемдерге сай келетіндей Л.В.Занков, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин сияқты ғалым педагогтардың еңбектерінің дидактикалық қағидаларына негізделген әдістеменін мазмұны жасалады.

Оған сәйкес оқулықтар мазмұны қайта қаралып, олардағы сұрақтар,
тапсырмалар, жаттығуларға дамытушылық сипат берілді. Оқулықтар
мазмұны шығармашылық тапсырмалармен толықтырылды.

Шығармашылық тапсырмаларды сұрыптау, оларды пайдалану кезінде, олар баланың өмірлік тәжірибесін молайтып, практикалық іс-әрекет дағдысын қалыптастыру көзделеді. Оқулықтар мазмұнында ұсынылып отырған шығармашылық тапсымалар баланы конвергенттік (бір бағыттағы, жүйелі логикалық) ойлаудан, дивергенттік (логикадан ауытқу) баланы ойлауға үйрететіндей етіп лайықталынып беріледі. Өйткені баланың шығармашылық тапсырмаларды орындауға арналған қабілеттерін, дамуы осы дивергенттік ойлаумен тығыз байланысты.

Сабақтардың практикалық бағытын күшейту, білімді жаңа жағдайға тасымалдай білу, сол арқылы өзінің ашқан «жаңалығының» қуанышын сезінетіндей болуы қарастырылды.

Баланың шығармашылық істеріне басшылық жасау, ондай нәтижеге жету үшін мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас, сыйластық, түсіністік, ізгілік ұстанымдарына негізделеді. Сабақтағы оқушының орны, рөлі алмасты, оның еркіндігінің, дербестігінің болуы басты назарда ұсталды. Нәтижеде мұндай оқыту баланың ақыл-ойын дамытып қана қоймай, сол арқылы пайдалана білу, қоршаған дүниедегі жаңалықты көре білуге үйрететіндігі анықталды.

Оқушының дарындылығы жоғары болған жағдайда шығармашылық тапсырма орындау барысында өз тұжырымын дәлелдейді. Қажет жағдайда пікірталас туғызады, өз түсінігін жеткізе біледі. Өзіндік ойлауы мен топшылауы басым болады.

Кез келген мұғалім үздіксіз ізденіп, оқушыға қажетті ақпараттар жинап, бүгінгі болатын әрбір сабағына аз да болсын жаңалық енгізуге ұмтылуы керек. Менің ойымша, мұғалім тұлға деңгейінде танылуы тиіс. Ұлы педагог Макаренко: «Никакие рецепты не помогут, если в самой личности воспитателя есть болыпие недостатки» деген тұжырымына сүйенсек, мұғалім тек сабақты түсіндірумен ғана емес, қимыл-әрекетімен, сөйлеген сөзімен, басқаларымен жасаған қарым-қатынасымен оқушыға өнеге беретіндей болуы қажет. Білім сапасын көтерудегі ең басты тұлға-мұғалім.

Менің ойымша, 21 ғасырдағы мұғалім тұлғасын былай деп көрсетуге болады:




МҰҒАЛІМ

өз білімін жетілдіретін

өзін-өзі тәрбиелейтін

педагогикалық мәдениеті бар

айқын мақсаты бар

жаңашыл

ЖЕКЕ ТҰЛҒА



Міне, осындай жаңа талапқа сай мұғалім ғана оқушыларды шығармашылыққа баули алады.

Тұлғаны тұлға тәрбиелейтіндіктен жеке тұлға болатын мұғалімдерді
мектеп көбірек қажет етеді. Мектепке жаңашыл, мықты тұлға боларлық
мұғалімдерді қалай тартуға болады?

Талантты жастарды бос сөзбен мектепте мұғалім бол деп үгіттеу бос уақыт өткізумен бірдей. Егер мұғалім мамандығы беделді, құрметті мамандық деп есептеліп, жоғары оқу орнына түсуші талантты жастар мұғалім болуды таңдап жатса, білім беру сапасы да жақсарар еді. Американың өзінде мұғалімнің дәрежесін көтеру, талантты жастарды мектепке тарту үшін мұғалімнің еңбек ақысын көтеру туралы көп талас болды. Олай болса, Қазақстанда мектепке талантты жастарды тарту үшін мұғалім еңбегін мемлекет деңгейінде бағалау қажет.

Мектептегі оқу процесін өмірге дайындық деп қарамай, керісінше өмірмен бірге жүретін және ешқашан тоқтамайтын процесс деп қараған абзал. Мектеп фабрика емес, мұнда оқушы мен мұғалім алға қойған мақсатты сезініп, оны орындау арқылы өзгеріп-өсіп дамып отыратын «тірі организм». Француз ғалымдарының анықтауы бойынша, мұғалімдердің 85 пайызы сабақты түсіндіруде лекция тәсілін қолданады екен, алайда бұл тәсілден оқушының тек 25 пайызы ғана белгілі бір нәтижеге жететін көрінеді. Сондықтан да оқушының терең білім алуына көмектесетін әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдай білу-өте маңызды мәселе.

Мектепте оқитын әрбір баланың терең білім алуына қалай жетуге болады? Психологиялық зерттеулер бойынша, баланың білім алуындағы кемшіліктің себептерінің бірі-баланы жақсы көрудің жетіспеушілігі мен баланың өзін төмен бағалауы. Мұғалімнің міндеті-баланың өзіне деген сенімін арттыру, өзін тұлға ретінде сезінетіндей мүмкіндік ашу. Өзін тұлға ретінде сезінген бала әрқашан өмірде өз жолын таба алады.

Педагогтар баланың нашар оқу себебін ішкі және сыртқы түрткінің (мотивация) жеткіліксіздігінен дейді. Мотивацияның жеткіліксіздігінің бірден-бір себебі-мұғалім мен оқушының арасындағы қарым-қатынастын дұрыс құрылмауынан. Баланың өзіне деген сенімін арттыру үшін оның кемшіліктерінен гөрі жеткен жетістігін айта отырып, қызығушылығын ояту керек. Баланың кемшілігін айтып, ол қылықтарын есіне түсірген сайын оның өзіне деген сенімін азайтып аламыз. Сондықтан да мұғалімнің оқушыны қолдауы, құрметтеп, сенім артқаны қажет. Бұған психологиялық тұрғыдан көңіл бөліп, әдістемелік шеберлікпен келу арқылы ойдағыдай нәтижеге қол жеткізуге болады. Сондықтан да әрбір ұстаздың психологиядан, педагогикадан, әдістемеден терең білімі болуы керек. Оқушының қолын білімге жеткізу үшін, сабақты тиімді оқыту үшін, мұғалімнің шығармашылық ізденісін жетілдіру үшін Интернетте озық тәжірибелер жинағынан тұратын арнайы сайт ашып, соны тиімді пайдаланса болар еді.

Соңғы кездері мектепте білім беруді ақпараттандыру жағдайын жақсартуды қолға алуда, Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 22 қыркүйектегі орта білім беру жүйесін ақпараттандыру жөніндегі Мемлекеттік бағдарламасы мектептегі білім беруді ақпараттандыру процесіне негіз қалады. Алайда бұл бағдарламаны іске асыру кезінде негізінен мектептерді компьютермен жабдықтау жұмысы жүргізілді де, оқушының жан-жақты білім алып, әлемдегі өзгерістер мен жаңалықтар ағымынан хабардар болу, яғни ақпараттандыру жағдайы көздеген деңгейден төмен болып отыр. Бұған бір себеп, компьютермен жабдықталған мектептерде, әсіресе ауылдық жерлерде компьтермен жұмыс істейтін маман жоқ. Компьтерлік білімнің төмендігінен сабақта мұғалім осы техникалық құралдың мүмкіндігін пайдалана алмай отыр. Сондықтан да мектепте білім беруді жақсартудағы келелі мәселелердің бірі-аз уақыт ішінде ең қолайлы тәсілмен мұғалімдерге компьтерлік білім берудің жолын қарастырған дұрыс деп ойлаймын.

Ж.Аймауытовтың «Адамды ілтипатты ететін ереже қайсы десеңіз, мынау: нәрсе ұғындырылғанда оның барлық шарттары көрсетіліп, барлық жаңа нәрселерді туғызарлық болсын, бір сөзбен, нәрсені түрлендіру керек, тоқсан түрге түсіру керек» деген озық ойы әлі күнге дейін маңызын жойған жок- Қазіргі заманғы электрондық оқу материалдарына телекоммуникация құралдарын (видеокассета, оқу теледидардан т.б.) пайдалану, Интернет жүйесі арқылы ақпарат алу, сабақты түрлендіруге, баланы қызықтыруға жол'' ашады. Осы сияқты жаңа оқыту құралдарын, жаңа әдіс-тәсілдерді іс-тәжірибеде тиімді пайдаланылады.

Шығармашылық жұмыста қазіргі заман талабына сай кез келген ортада, кез келген жағдайда өз ойын, пікірін жүйелеп айтатын мәдениетті дайындау үшін бастауыш сыныптан бастап баланы байланыстырын сөйлеуге үйретудің әртүрлі әдіс-тәсілдері іздестіріледі.

Көптеген ғалым педагогтардың, практик мұғалімдердін тәжірибесіне сүйенсек, оқу-тәрбие үрдісі негізінде дамыту мәселесінде басты рөлді ең алдымен, оқушының өз бетімен әрекеті, белсенділігі атқарады.

Себебі, сабақ қанша сапалы болсын немесе мұғалімнің білімі, тәжірибелік шеберлігі мол болсын, бірақ бала тарапынан өзіндік белсенділік, әрекет болмаса жұмыстың нәтижелі, сапалы орындалуы мүмкін емес. А.Байтұрсыновтың оқу-ағарту саласындағы негізгі көзқарастарының ішінде біз көңіл аударалық мәселе-бұл автордың, «Қазақша оқу жайынан» атты еңбегінде айтқан пікірі.

Автордың пікірінше, білімді бала тәжірибе арқылы өз бетімен алуы керек. Ал мұндағы мұғалімнің қызметі балаға орындалатын жұмыс түрлерін шағындап беру және қойылған мадсатқа жету үшін бағыт-бағдар беріп отыру.

Бұдан біз А.Байтұрсыновтың 20-30 жылдардың өзінде-ақ кейінгі жылдары Ресей ғалымдары В.Давыдов, Л.Занковтың дамыта оқыту теориясының негізі болған өз бетіндік танымдық-әрекеттік рөлін көре біліп, оның бала дамуындағы маңызын өз кезінде қозғағандығын байқаймыз. Бастауыш сыныптарда өз бетімен жұмысты ұйымдастыруда оның бағдарлама мазмұнына, талапқа сай болуы, түрлі мазмұнды және формада көрініс табуы, оқушыны шығармашылық бағытта жұмыс істеуге бағыттауы, сонымен қатар бағаланып, марапатталуы сияқты мәселелерге мән беріледі.

Осыған орай, өз бетімен жұмыс бастауыштың өзіне тән әдістемесіне сәйкес түрлі формада және мазмұнда көрініс табуда.

Өз бетіндік жұмыс-шығармашылық жұмыстың бастамасы болғандықтан оқушылардың шығармашылық қабілеттерін олардың өз бетіндік жұмысынсыз дамыту мүмкін емес.

Бастауыш мектепте өз бетіндік жұмысты тиімді ^йымдастыруға жол ашатын қолайлы жағдай- бұл окушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес' өзівГдік ерекшеліктері. ӨЙткені бұл жастағы балалардың ойлау кабілеті жоғары және қиялдау, елестету, шығармашылық жұмысқа талпынысы басым болады.

Өз бетімен жұмыс түрлеріне қатысты материалды саралау және


тәжірибе қорытындысындағыдай шығармашылық жұмысқа баулып,
олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыратын өз бетімен
жұмыс түрлеріне мынадай 3 жұмыс түрлерін жатқызамыз:

1. Логикалық дамытушы ойындармен берілген тапсырмалар (құрастырмалы ойындар, ребус, сөзжұмбақ).

2. Берілген тапсырманы түрлендіру (мәтіннің мазмұнын өңдеу т.б.).

3. Өз ойынан еркін тақырыпқа құрастыруға берілген әдеби


шығармашылық бағыттағы жұмыстар.

Мұнда басты назар аударатын мәселе-бұл оқушылардың ауызша, жазбаша тілдерінің өзара ұштастырыла отырып және жұмыстың ауызша, жазбаша түрде көрініс табуларын талап ету.

Өз бетінше жұмысты ұйымдастыру формаларын фронтальді және топтық деп бірнеше түрде алып қарауға болады. Өз бетінше жұмыстың ішінде ең көп таралып отырған тиімдісі: кітаппен жұмыс істей білу. Мұнда мәтінмен жұмыстың негізгі:


  • мазмұнын баяндап беру

  • мәтін бойындағы тапсырмаларды орындау

  • мәтінді бөліктерге бөлу

  • бөліктерге ат қою

  • мәтін бойынша жоспар құру

Ондағы негізгі ойды анықтау тәрізді тапсырмаларды орындау, талдау жасау, салыстыру, материалды жинақтаумен, негізгі қойылатын талаптар осындай.

Бастауыш сынып оқушыларының өз бетінше жұмыстарын ұйымдастырудың басты формасы - жұмыстарды орындау, ептілік, іскерлік дағдысын дамыту.


Өз бетінше жұмыс







зерттеу

шығармашылық жұмыстар

жаттығу

Шығармашылық жұмыс қарағанда зерттеу сипатты жұмыспен ұқсас. Себебі, әрбір зерттеу сипаты бар жұмыста азды-көпті шығармашылық еңбек. Дегенмен оның өзіндік ерекшелігі бар.

«Шығармашылық-адамның белсенділігі мен дербес іс-әрекетінің ең
жоғарғы формасы».

Шығармашылыққа баулудың, өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыруы сыннан өткен мынадай түрлерін алуға болады:



  • тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау;

  • арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру;

  • сөзжұмбақ құру, шешу;

  • шығарма, шағын әңгіме, мәтін құру;

  • әңгімелердің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу;

  • қиялдау арқылы суретін салғызу, рөлге бөліп оқыту;

- ұнатқан кейіпкерге мінездеме беру, осы әңгіменің мазмұнына,
мағынасы кері әңгіме құру;

  • мазмұндама түрлерін жазу;

  • адасқан сөздерді орнына қою.

Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы талант көзін ашып, тілін-байыту, қиялын ұштастырумен өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді.

Жаңа буын оқулықтарын оқытудағы қазіргі технологияны қолдану


келешек ұрпақтың еңбек етуіне, еркін дамуына, жан-жақты білім
алуына, белсенді шығармашыл болуына жағдай жасау керек.

Осыған сәйкес оқыту мазмұнын, түрін, әдісін дұрыс таңдай білу


қажеттілігі туады. Бала бойындағы қабілетін ашу-одан әрі жетілдіру
дамыта оқытудың негізінде зерттеушілік білігін және оңайлы шешімін
қабылдауға ынталандыру арқылы, бала бойына еркіндік, мақсаткерлік,
еңбексүйгіштік, белсенділік, өз пікірін саналы, шебер ортаға сала білу
сияқты оқыта отырып жалпы дамытуды үнемі сабақта жүйелі жүзеге
асырғанда жан-жақты гармониялық даму үшін негіз жасалады.

Өзіндік жұмыс балалардың шығармашылық әрекеті мен ынтасын дамытуда зор әсер білдіреді. Білім, білік, дағдыларын кеңейтуге ұжымдық сезімдерін, қайсарлық, табандылық, батылдыққа тәрбиелеуде және қалыптастыруда, көзделген мақсатқа жетуге және жеке тұлғалық, сапалық қасиеттерін жетілдіруге мүмкіндік береді.

Бастауыш сынып оқушылары бүгінде әрі субъект, әрі объект ретінде қарастырылады. Өз бетімен жұмыс жасағанда оқушының өзіне баға беріп, алдына қойған мақсаттың сәтті орындалуына ықпал жасайды, оқушылардың шығармашылығы мен қабілеттерін дамытады. Мектеп тәжірибесінде көбіне көп осы жағы ескеріле бермейді, бақылау тапсырманың дұрыс орындалуын нысана етеді. Бөгде адам мен өзінің ой- пікірлерін айтуға мүмкіндік береді.

Профессор Р.Г.Лембергтің пікірінше, оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру мынадай шарттарға байланысты анықталады:



  • оқушылардың істейтін жұмысының мақсатына айқын түсінуі;

  • жұмыстың жемісті аяқталуына, оның алдағы нәтижесіне қызығуы;

  • жұмысты оқушылардың өз еркімен орындалуын көздеу керек.

Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың негізгі шарттары мыналар:

  • мұғалімнің нақты тапсырмалар беруі;

  • жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеу;

- мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестілігінің өзара байланысы, олардың жұмысты өз еркімен және қолдауымен істеуі, оған әсер ететін мотивтер т.б.

Оқушылардың өзіндік жұмысына мұғалімнің тапсырмасы бойынша, өздері жоспар жасап, істің тәсілін анықтап, оның нәтижесін бағалап орындайтын жұмыстар жатады. Өздігінен істейтін жұмыстарын ана тілі сабағында түрлендіре іске асыруға болады. Ана тілі сабағында оқушылар жүйелі оқуға, ойды талдауға, мәтінді саналы түсінуге дағдыланады.

Тапсырманы орындағанда оқушылар дәптерлерін ауыстырып қарап, бірінің қатесін бірі түзейді, дұрыс жазу ережесін айтады, яғни олар консультанттар міндетін атқарады. [20;23]
1.2. Шығармашылық жұмыстын негізгі бағыттары
Шығармашылық - бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Ол үшін баланы бастауыш сыныптан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға дағдыландыру керек. Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарында өте ертеден зерттеліп келеді.

Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін талдау ең алдымен.: «қабілет» ұғымының мәнін терең түсініп алуды қажет етеді. Қабілеттілік-белгілі бір істі орындап шығуға мүмкіндік беретін адамның жеке басының қасиеті. Әр адамның белгілі бір әрекеттің бір түріне мүмкінділігін білдіретін дара ерекшелігі болады. Қабілеттің ойдағыдай дамуы адамда тиісті білім жүйесінің, икемділік пен дағдынын, болуына байланысты. Бала қабілетін дұрыс байқап, онымен сапасын арттыру мұғалімдердің маңызды міндеттерінің бірі. Қабілет негізі екіге бөлінеді:

1. Адамның ақыл-ой өзгешеліктерінің жеке жақтарын көрсететін
қабілет.

2. Жалпы қабілет.

Ақылдың орамдылығы мен сыншылдығы, зейінділік пең бақылағыштық, зеректілік пен тапқырлық т.б. Осы сияқты ақыл-ой әрекетінде көрінетін ерекшеліктер жалпы қабілетке жатады. іс-әрекеттің жеке жақтарынан көрініп, онын нәтижелі орындалуына мүмкіндік беретік қабілетті арнаулы қабілет дейді. Бұған суретшінің, музыканттың т.б. қабілеттерін жатқызуға болады.

Мұғалім ең алдымен сыныпта шығармашылық көңіл-күй тудыру үшін баланың назарын бір нәрсеге бағыттау керек. Яғни, оқушылардың назарын шығармашылық арнаға бұру үшін үнемі шығармашылық тапсырма міндеттер, жаттығу, ойын түрлерін ұсынған жөн. Әрбір шығармашылық тапсырманы оқушыларға ұсынудың жолын, әдіс-тәсілін білу керек:

- шығармашылық жаттығу ойын тапсырмалардың мазмұнын
жеткіншектердің жас ерекшелігіне және қызығушылығына үйлесуі керек.

- тапсырма- міндетпен танысқаннан кейін бала жұмысқа кіріседі.

Мұғалім оқушы шығармашылығын дамыту, бағыт-бағдар беру ісінде мыналарды ескеруі керек деп ойлаймыз:

- шығармашылық тапсырманың мазмұн түрін ойлап табу.



  • шығармашылық міндеттерді оқушыға ұсынудың әдіс-тәсілін
    меңгеру.

  • көркемдік шешімін табу, оқиға құру, образ жасау үшін кілт
    боларлық жағдайларды тудыра білу.

Бастауыш сыныптарда оқушылардың қиялын дамытатын жұмыстың бір түрі-ойдан ертегі құрастыру. Оқулықтағы берілген ертегілермен танысқаннан кейін осыған ұқсас ертегі құрастырылып немесе ренішпен, өкінішпен аяқталатын ертегіні қуанышпен аяқталатындай етіп өзгерту баланы шығармашылыққа үйретумен қатар армандауға, қиялдауға жетелейді. Оқушылардың тілі шебер, ойы орамды болу үшін ана тілі, қазақ тілі оқулықтарындағы мақалдармен шебер жұмыс жасау қажет. Үйренген мақалдарды орынды қолдану керектігі түсіндіріліп, «Сөз тапқанға-қолқа жоқ» сайысын және «мақалдатып» айтысу жұмысын жүргізу оқушы тілін, ойын дамытудың ең шебер құрамы. Оқулықта кездесетін мақалдарға сай келетін оқиға ойластыру немесе сурет бойынша мақалдар айту да баланың дамуына өз әсерін тигізеді.

Шығармашылық - өте күрделі процесс. Ол іс-әрекеттің түрі болғандықтан, тек адамға тән. Оқыту барысында оқушылар шығармашылығын қалыптастыру және дамыту мәселесі шығармашылық процесстің қандай кезеңдерден тұратындығын және неден басталып немен аяқталатындығын білуді талап етеді. Шығармашылық процесс 4 кезеңге бөлінеді:

1. Дайындық кезеңі.

2. инкубация, жасырын идеялар, тұйыққа тірелу кезеңі.

3. интуицияның жарқ етуі. Эврика.

4. тексеру кезеңі.

Оқушыларды шығармашылыққа үйретудін тағы бір жолы - әңгіме жазғызу. Бұл жұмысты мен төмендегіше бастадым. Сынып оқушыларына қағаз таратылып беріледі. Оларға тақтада жазулы тұрған сұрақтардың астына жауап жазатын орын қалдырып, баған түрінде көшіріп алу тапсырылды. Бірінші сұраққа әркім жауапты өзі жазады, сосын жауабын қағаздың жоғарғы сұрақ жазылған бөлігін бүктеу арқылы көршісі көрмейтіндей етіп жауып, парталас отырған балаға береді. Екінші сұраққа сол бала жазып, жоғарыдағы ретпен жұмыс жалғаса береді. Ең соңғы сұраққа жауап жазылып біткенде, жұмыс жиналып алынады да, жалпы сынып алдында оқылады. Нәтижесінде қызықты, күлкілі оқиғалар, қысқа мазмұнды әңгімелер туып жатады. Сұрақтар мына төмендегідей болуы мүмкін:

Ол кім? (не?)

Ол қандай?

Қайда барды?

Кімді (нені) кездестірді?

Оқиға немен аяқталды?

Не туралы сөйлесті?

Әрі қарай не болды?

Әр бала - бір тұлға, оны көре білу сол бір әлемге жол табу әр ұстаздың міндеті. Себебі, біздің алдыңыздағы оқушы - біріншіден бала. Ал балаға ойын қажет. Сондықтан, сабақтағы ойын арқылы бала білімін шыңдап, ой-өрісін кеңейте алады. Ал ойынньщ өз мақсаты, жоспары, мәні қажетті заттары болады. Ойын - адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Балалар ойын барысында өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздық әрекеті байқалады. Мұғалім сабақта баланы шаттандыратындай, ойын оятатындай, іскерлігін дамытатындай болу керек. Оқушыларды белсенділікке, саналы ойлана білуге, ой-өрісінің дамуына, қиындықты жеңуге, төзімділікке баулуға үйрету мұғалімнің негізгі міндеті.

Ана тілі сабағында шығармашылыққа үйрету жұмысының бірі -жазғызуға баулу. Ұйқас сөздердің мәнін түсіндіріп, өлеңдегі ұйқастарды табуға көңіл белу.

4-сыныптарда балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда жұмбақтар, мақал-мәтелдермен сайыс сабақ өткізуде дамытушылық сипат беруді мақсат етеді. Олар:


  1. Оқиғаға байланысты мақал-мәтелдер айтқызу.

  2. Суретке қарап тұрып, бірнеше мақал айту.

Тапсырмаларды орындату арқылы сөздің құдіретін түсіну, мақалға деген қызығушылығын ояту, пайдалана білу міндеттері шешіледі. Мақал- мәтелмен жұмыс «айтыс» түрінде де жалғасын табады.

Бастауыш мектеп - оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбас кезең. Сондықтан, бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын және жауапты жұмыс. Дамыта оқытудың басты мақсаты - баланы оқыта отырып шығармашылық бағытта жан-жақты тәрбиелеу. Шығармашылық дегеніміз- адамның өмір шындығында өзін-өзін тануға ұмтылуы мен ізденуі. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзін тануына көмектеседі. Бастауыш сынып оқушыларының зейіні тұрақсыз, импульсивті қабылдау мүмкіндіктері де әртүрлі болады. Оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға мектеп қана мақсатты түрде ықпал ете алады.

Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, белсенділіктерін, қызығушылығын арттыру үшін шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.

Олар;


1. Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау.

2. Пікірталас тудыру.

3. Логикалық ойлауын дамытатын ойындар мен тапсырмаларды шешу.

4. Ой шапшаңдығын және сөз байлығын дамытуда өлең шумақтарын құрастыру.

Сабақтан тыс уақытта оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың жұмыс түрлері:


  1. Мұражайларға апару.

  2. Әртүрлі кездесулер өткізу.

  3. Сайыс және пікірталастар өткізіп алған әсерлері бойынша шығарма жазу.

4. Әрбір окытып отырған шығармалардың авторлары туралы толық
мағлұмат жинау және реферат жазу.

Осындай оқушылар жұмыстарды шығармашылыққа баулуға, оқушы бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға өз бетінше зор әсерін тигізеді. Бала ойындағы қабілетті ашу - оқушының шығармашылық бағытта дамуына жете мән беру болып табылады.

Ұстаздың сабақ берудегі басты мақсаты баланы бастауыш сыныптардан бастап, шығармашылық ойларға және практикалық әрекеттерге дайын болуға, қызығушылыққа тәрбиелеу. Бұл мақсатты жүзеге асыруда әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланып, көптеген сабақ түрлерін өткіздім.

Олар: аралас сабақ, семинар сабақ, сайыс сабақ, ойын сабақ, тестік сұрақтар оқушылардың ойлау қабілетін арттыруға үйретеді. Ойлай білген адам кейінгі мен бүгінгі өмірді салыстырмалы түрде тани білуге тырысады.

Ана тілі сабағында баланың шығармашылық қабілетін дамытуға ең басты назарға алатын нәрсе:

1. Өлең шығаруға үйрету.

2. Ұйқасын тапқызу, сөз бен сөзді байланыстыру.

3. Ой тастау, бір оқиғаны суреттеу арқылы өлең жолдарын құрастыру.

Өлең жолын құрастыру 1-інші сыныптан бастап сауат ашу барысында басталады. Ол үшін оқушыларға алдымен ұйқас сөздердің мәнін түсіндіріп, ұйқастарды табуға тапсырма беріледі. Әрине жұмыс нәтижелі болу үшін бұл әдістерді тұрақты түрде және жиі қолданып отыруы керек. Осының арқасында 4- сыныптарда оқушылар өлең шығаруға төселіп қалады.

Қазіргі жаңа буын оқулықтарында оқушыға «өлең жалғастырып көр», «өлең жаз» деген тапсырмалар жиі кездеседі. Бірақ осы өлеңді жазу үшін оқушыны неге, қалай үйрету керек? Өлең жазу не үшін және қандай мақсатқа керек? Сөз өнерін меңгеру барлық адамдарға суреткер болу үшін емес, ешкімге тәуелді болмау үшін керек. Шығармашылыққа баулуға сыныптан тыс жұмыс түрлері:

- мектеп шеберханасына, мұражайға бару, әртүрлі кездесулер
бойынша шығарма жазу.

- суретті кітапша жасату, жазбаша баяндату.



  • мектептегі үйірмелерге сыныптан тыс жұмыстарға қатысуына
    жағдай жасау.

  • газет-журналдарға жазғызып және оны оқу үрдісінде үнемі
    пайдалану.

  • ауыз әдебиетінің түрлерін пайдалану.

  • әрбір оқылып отырған шығарманың авторы туралы мағлұмат беру.
    Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу, шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы талант көзін ашып, тілін байыту қиялын ұштау мен өз бетінше ізденуге әсерін тигізеді. Оқушының шығармашылықпен айналысуы, үшін қолайлы жағдай туғызу керек. Оқушының бәрі бірдей бір өнерге жақын болуы мүмкін емес, олардың қабілеті әртүрлі. Сол себептен балаларға берілетін шығармашылық өз бетінше деңгейіне қарай беріледі. Жалпы алғанда біздің мақсатымыз - оқушының тілге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, ана тілінің қасиетін ұғындыру, сонымен бірге, шығармашылық шеберліктерін шыңдау. Оқулықтардағы материалдарды талдай отырып «Ана тілі» оқулығындағы прозалық және поэзиялық туындылар арқылы беріледі. Мысалы: 4- сыныпта 135 шығарманың 58-і поэзиялық туынды, 77-сі прозалық туынды. 4- сыныпта 8 шығармашылық тапсырма берілген.

  1. «Менің ботам», «Менің құлыным» тақырыптарында өлең не әңгіме
    құрастыр.

  2. Батыр бала мен Шұбар ат (өлеңді жалғастыр) [7.31 ]

  3. С.Торайғыров. Туған еліме (өлеңді жалғастыр) [7.137]

  4. С.Сейфуллин. Наурыз (өлең үлгісімен өлең құрастыр) [7.167]

  5. К.Жұмағалиев. Туған өлкем («Менің Қазақстаным» тақырыбына
    әңгіме не өлең құрастыр) [7.195]

  1. А.Сопыбеков. Сапар мен парта (салақ оқушы туралы өлең не
    әңгіме құрастыр) [7.229]

  2. «Менің ботам», « Ақ бота» тақырыптарына өлең не әңгіме құру.
    [7.237]

8. К.Жұмағалиев. Мен соғысты жек көрем (Бейбітшілік, достық
туралы өлең не әңғіме құру) [7.273]

Оқушыларға «Өздерің өлең құр», «Өлеңді жалғастырып келіңдер» деп айту оңай болғанмен, өлең жазуға үйрету оңай жұмыс емес. Ол үшін оқушыларды жетелейтндей, қызықтыратындай шығарым -тапсырмалар берген жөн. [26.1-44].

Мұғалімнің шығармашылығы:

1. Стратегиялық- ұзақ уақытта міндеттер шешіледі.

2. Практикалық-тәрбиелік еңбекке баулу белсенділігін арттыру
әлеуметтік пікірін қалыптастыру дербестікке тәрбиелеу.

3. Оперативтік-дереу шешу тәсілін табу оқушымен бірге қызмет ету.


Мотив» тілек предметі басқаша айтқанда оқушының білімі оның танымдық қажетіне айналуы. Мотив-латын сөзі қозғаушы итермелеуші оятушы күш деген ұғым.

Таным мен мотивация сабақтас. Ой-жаңбыр болса бұлтты айдайтын жел-мотивация. Шығармашылық-баланың танымдық қабілеттеріне мотивациялық тұрғыда басшылық жасау нәтижесінде туатын құбылыс.

Этика-құлық. Эвристика-тапқырлық.

Эвристика грек сөзі эврика-табамын ашамын. Мұғалім шебер қойылған сұрақтар арқылы оқушыны жетелеп танымдық белсенділігін көтермелейді іздендіреді дәлелдейді қорытындылайды тұжырымдайды, Эвристикалық әдіс ішінара-іздестіру әдісі.

Проблемалық әдіс грекше problema - міндет тапсырма. Проблемалық оқыту белгілі бір міндеттерді шешуге жол ашу.

Проблемалық ситуация - шешілуі қиын жолды іздестіру. Жеңіл шешілетін міндет немесе мүлдем шешілмейтін мәселе болса проблемалық ситуация тумайды.

Сабақ-оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы. Мұғалім сабақта дара топтық ұжымдық жұмыстың түрлерін ұйымдастырады. Тексеру:

1. Күнделікті:



  • ауызша сұрау.

  • жазбаша.

  • графикалық жұмыс.

  • практикалық жұмыс.

2. Мерзімді:

  • ауызша сынақ алу

  • жазбаша бақылау

  • тестік бақылау

3. Қорытынды:

- тоқсандық

- жартыжылдық.

- жылдық.

- емтихандар.

Тапсырма- міндеттелген іс, жұмыс.

Жаттығу- ережелерді тәжірибеде орындау

Тапсырмалардың ауқымы кең. Сөзжұмбақ, суретпен әңгіме, мәтінмен жұмыс, тесттік тапсырмалар сияқты түрлері көп. Ал жаттығу болса, грамматикалық ережелерді бекітеді.

Шығармашылық деңгей:

1. Мотивациялық компонент.

Өлшем дегеніміз - шығармашылық қабілеттердің деңгейін анықтауға арналған белгілер мен көрсеткіштер. Мотивациялық компонентке құмарлық, жаңалыққа қызығушылық, дербестік, жақсы баға алуға талпынып жатады.

Құмарлық - жаңалықты білуге, терең ұғынуға талпынады, үнемі сұрақ қояды. Жаңалыққа қызығу-баланың ақыл-ойы, ішкі күштері оған ерекше қуат беріп, алға ұмтылдырады.

Дербестік - балаларды өзіне үлестіреді, тапсырылған істе бірден бастамалық көрсетеді, тез шешім табады. Жақсы баға алуға талпыныс – жақсы баға күшіне күш, жігеріне жігер қосады. Әрі қарай оқуға деген негізгі мотив қалыптасады.

2. Интеллектуалды-логикалық компонент.

Бұл компонентке талдау, жинақтау, абстракциялау, салыстыру, дәлелдеу, пайымдау, түсіндіру сияқты қасиеттер жатады.

Талдау - тұтас затты, түсінікті, мазмұнды бөліктерге бөлу, ал жинақтау оған керісінше процесс.

Абстракциялау-ақылдылықтың белгісі. «Маңызды» мәселені «мәні төмендеу» мәселеден ажырата білуде байқалады. Ойлау- шығармашылық ойлаудың басты проблемалық жағдайдан басталады. Мәселені өз бетінше шешеді,ойы сергек, өзінше ойлауы бар.

Салыстыру - объектілердің ұқсастығын, айырмашылықтарын ажырата білу елеулі белгілерін анықтау.

Дәлелдеу-бұл күрделі интелектуалдықты талап етеді. Белгілері: өз ойын жеткізе білу, мәселені баяндауда негізгіні көмекшіден ажырата білу проблеманы шешудің жолдарын ашу.

3. Эмоционалды- сезімдік компонент.

Бұл компонентке шығармашылық қабілеттерді дамытуда басты орын алатын қиялдау, шабыт, интуиция сезім, белсенділік сияқты қасиеттер жатады.

Қиялдау - болжау, елестету. Жаңа образдар мен шешімдер жасау үшін шығармашылық қиял керек.

Шабыт - адамның күш-жігері шоғырланған әрекет. Жаңа ойлар, жаңа идеялар тасқынымен, саналықпен, өнімді ойлаумен сипатталады.

Оны даму ұғымымен қатар қояды. Өйткені әрбір жаңалық әсіресе


интеллектуалдық тұрғыда баланы жаңа психикалық сапаға Интуиция-
шешімнің жолдары мен шарттарын жете меңгерместен-ақ істе нәтижеге
жету.

Сезімдер - алдына қойған мақсатқа жетудегі мінез-қүлық көрінісі. Сезімсіз ізденушілік болмайды. Жоғарғы сезімдер істі нәтижелі аяқтауға көмектеседі. Интеллектілік сезімділік аңғарылады.

Белсенділік - қойылған проблеманы өз бетінше бастап нәтижелі аяқтау.

Баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесін талдау алдымен «қабілет» ұғымының мәнін терең түсініп алуды талап етеді. Философияда «қабілеттерді» тұлғаның белгілі бір әрекетті орындауға жағдай жасайтын жеке ерекшеліктері, дей келе олар қоғамдық тарихи іс -әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратынын атап көрсетеді.

«Қабілеттер-білім алуға қажетті адамның психологиялық ерекшеліктері» - дейді А.В.Петровский. «Қабілет- іс-әрекеттің белгілі бір түрі ойдағыдай, нәтижелі орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті» - деп жазады Т.Тәжібаев.

Психологтар қабілеттердің екі түрлі деңгейі болатындығын дәлелдейді.

Репродуктивті (өнімсіз)- іс-әрекетті; не білімді берілген үлгі бойынша қабылдау, меңгере алу деңгейі.

Шығармашылық жаңа нәрсе ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі. Ал шығармашылық сөзінін мәні неде? Шығармашылық сөзінің термині шығару іздену ойлап табу жетістікке қол жеткізу деген сөз. Ал шығармашылық мәселесін терең зерттеген Я.Н.Пономарев көтереді.

Шығармашылық қабілет деген не? ІІІығармашылық әрекет өте күрделі процесс және ол адамға ғана тән. Шығармашылық - адам іс-әрекетінің түрі.

Бастауыш класс оқушыларының қабілеттері екі түрлі әрекеттерде дамиды.

Біріншіден - кез-келген бала адамзат баласынын, осы кезге дейінгі жинақтаған тәжірибесін меңгеруге бағытталған оқу әрекеті арқылы дамиды, білім білік дағдыны қабылдайды. Екіншіден - кез-келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы ол баланың өзін-өзі қалыптасуын, өз идеясын жүзеге асыруға бағытталған жаңа әдіс-тәсілдер іздейді. Проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды.

Екі әрекетте оқушылар екі түрлі мүдделер көзделген әр түрлі мақсатты шешеді. Оқу әрекеті баланың жалпы қабілетін дамытса, шығармашылық әрекет нақты жағдай шешу барысында нәтижеге жеткізетін қабілеттерін дамытады.

Бүгінгі бастауыш сынып оқушыларының кез келгені шығармашылық тапсырмалар шешуді табыспен меңгере алады. Ол үшін мына төмендегі шарртар орындалуы тиіс.

Бірінші – баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту ісін ерте бастап қолға алу. Мысалы біз тіл үйрету үшін баланың туған сәтінен бастап сөйлесе бастаймыз ғой.

Екінші - баланың жүйелі, тұрақты ұйымдастырылған шығармашылық әрекеттер, жағдайына болуы. Ерекше ойды талап ететін әлеуметік қарым-қатынастар шығармашылық қабілеттер дамытуға тиімді әсер етеді деп ойлаймыз.

Үшінші - шығармашылық жұмыстар баланың ойлау мүмкіндігінің ең жоғарғы деңгейіне жетуі керек. Күн асқан сайын ол деңгей биіктей беретіндей болуы қажет. Осьшдай тынымсыз ой қызметі ғана бала дамуында үлкен нәтиже береді.

Төртінші - және ең негізгі шарт - бала әрекеттің әр түрімен айналусыға, тыңдауына деген еркіндігінің болуы. Баланың жұмыспен айналусыға деген қызығушылығы, қанша уақыт айналысамын десе өз еркі болуы керек. Мұндай қызығушылығы, қажеттілік, табысқа жетудің бірден-бір кепілі болып табылады. Бірақ балаға берілетін еркіндік үлкеннің қамқорлығын, көмегін талап етеді. Міне, бұдан шығармашылық қабілеттер дамытудың бесінші шарты шығады. Еркіндік - ойға не келсе соны істеуге, ал қамқорлық көмек бала үшін жұмыс істеуге айналмауы керек. [20; 5]



  1   2   3   4


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет