Жалпы фармакология кафедрасы



жүктеу 126.77 Kb.
Дата24.04.2016
өлшемі126.77 Kb.
: Obshaya%20medicina -> 3%20kurs -> Farmakologiya-2 -> Kaz -> Lekcii
Lekcii -> Жалпы фармакология кафедрасы
Obshaya%20medicina -> Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулық Кредит 4 Тақырыбы 8: Аралық бақылау. Пән: Молекулярлық биология және медициналық генетика Мамандығы: 5В130100 «Жалпы медицина»
Obshaya%20medicina -> Қмму ф 4/3-04/03 2007ж. 14 маусымдағы №6 нх
Obshaya%20medicina -> Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулық Кредит 1 Тақырыбы 2
Obshaya%20medicina -> Микробиология кафедрасы
3%20kurs -> Қмму ф 4/3-04/03 2007ж. 14 маусымдағы №6 нх
3%20kurs -> Қмму ф 4/3-04/03 2007ж. 14 маусымдағы №6 нх
Farmakologiya-2 -> Лекция Классификация гормональных препаратов. Принципы гормональной терапии. Гормональные препараты, применяемые при синдромах гипо- и гипертиреозах Дисциплина Far-2 3214 «Фармакология 2»
3%20kurs -> «Эндокринді жүйесі» модулі бойынша аралық бақылау Тест сұрақтары (мысал)
ҚММУ Ф 4/3-04/02

2007 ж. 14 маусым №6 НХ

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

жалпы фармакология кафедрасы




Дәріс

Гормонды препараттардың жіктелуі. Гормонмен емдеу принциптері. Гипо- және гипертиреоз синдромдарында қолданатын

гормонды препараттар.
Far-2 3214 «Фармакология –2» - пәні
5В130100 «Жалпы медицина» - мамандығы
III курс
Уақыты 1 сағат

Қарағанды - 2012

Кафедраның мәжілісінде бекітілген


28.08.2012 ж. № 1 Хаттама


Кафедра меңгерушісі, м.ғ.д., профессор _______________ С.К. Жаугашева

Тақырыбы: Гормонды препараттардың жіктелуі. Гормонмен емдеу принциптері. Гипо- және гипертиреоз синдромдарында қолданатын гормонды препараттар.
Дәрістің мақсаты: Патологиялық эндокриндік аурулар кезінде қолданылатын препараттардың жіктелуімен танысу.
Дәрістің жоспары:
1. Гормональды препараттардың жіктелуі.

2. Гормональды терапияның принциптері.

3. Гипотиреозды синдром кезде қолданылатын гормональды препараттар

4. Гипертиреозды синдром кезде қолданылатын гормональды препараттар

Гормондар – ішкі секреция бездерімен өндіріліп , қанға түсіп , мүшелер немесе нысана – ұлпаларға әсер ететін , биологиялық белсенді химиялық заттар.

“ Гормон” сөзі гректің “hormao” - қоздыру , белсенділікті шақыру деген сөзінен шыққан .Қазіргі кезде көптеген гормондардың құрылысын анықтап және оларды синтездей алады.

Химиялық құрылысы бойынша гормональды препараттарды гормондар сияқты жіктеуге болады.

а) Ақуыздар және пептидтік құрылымды гормондар ( гипоталамус,гипофиз, қалқанша маңы және ұйқы безінің гормондарының препараттары , кальцитонин)

б) Аминқышқылдар туындылары (тирониннің иод құрамды туындылары – қалқанша безінің гормондарының ,бүйрек үсті безінің гормондарының препараттары)

в) Стероидты қосылыстар ( бүйрек үсті безінің қыртысты заты және жыныс бездерінің гормондарының препараттары)

Жалпы, эндокринология әртүрлі мүшелер және арнайы жасушалы организм жүйесінде синтезделетін 100-ден аса химиялық заттарды зерттейді.

Гормональды фармакотерапияның келесі түрлерін ажыратамыз:

1) Орынбасушы терапия ( Мысалы, қант диабетімен науқас адамдарға инсулин енгізу);

2) Ингибирлеуші , тежеуші терапия өз гормондарын артып кеткенде өндірілуін тежеу мақсатында ( мыс,тиротоксикозда)

3) Симптоматикалық терапия науқаста ешқандай гормональды бұзылыстар жоқ, бірақ дәрігер оны басқа көрсеткіштерге қолданады – ревматизмнің асқынуында ( қабынуға қарсы зат ретінде),көз , терінің ауыр қабынуларында , аллергиялық ауруларда және т.б.

ОРГАНИЗМДЕГІ ГОРМОНДАР СИНТЕЗНІҢ РЕТТЕЛУІ

Эндокриндік жүйе ОЖЖ және иммундық жүйемен бірге және олардың әсерімен организмнің гомеостазын реттеуге қатысады.ОЖЖ- мен эндокриндік жүйе өзара гипоталамус арқылы іске асады, нейросекреторлы жасушаларын ( ацетилхолин ,норадреналин , серотонин ,дофаминді реттейді) әртүрлі рилизинг факторлар мен олардың ингибиторлары синтездеу арқылы , Гипофиздің алдыңғы бөлігінен ( адреногипофизден ) тропты гормондардың босатылуын күшейтетін және тежейтін либириндер және статиндер арқылы.Сонымен , гипоталамустың рилизинг факторлары аденогипфизге әсер етіп , одан гормондардың синтезделуі мен бөлінуін өзгертеді.Ал гипофиздің алдыңғы бөлігінің гормондары мүшелердегі гормондардың синтезі мен бөлінуін реттеп отырады.

Аденогипофизде ( алдыңғы бөлімінде ) келесі гормондар синтезделеді.



  • Адренокортикотропты ( АКТГ)

  • Соматотропты ( СТГ)

  • Фоликуластимульдеуші және лютеотропты гормондар (ФСГ,ЛТГ)

  • Тиреотропты гормон (ТТГ)

Аденогипофиздің гормондары болмаса нысана бездер тек қызметін тоқтатып қоймай, атрофияланып кетеді.Керісінше , қанда нысана бездерден бөлінген гормондар көбейіп кетсе , гипоталамуста рилизинг факторлардың синтезі төмендеп , оларға гипофиздің сезімталдығы азайып тропты гормондардың синтезінің төмендеуіне әкеледі.Бір жағынан қан плазмасында нысана без

гормондары азайса , рилизинг фактор мен соған сәйкес тропты гормонның синтезі мен бөлінуі жоғарылайды.Яғни , гормондардың өндірілуі кері- қайтымды байланыс принципі арқылы реттеледі:қанда неғұрлым гормондар концентрациясы аз болса,соғұрлым гипоталамус пен гипофиздің алдыңғы бөлігінен реттеуші гормондар көп өндіріледі.

Науқас организмде гормональды препараттар өзінің гормондарының синтезін тежейтін болғандықтан , гормональды терапияда осыны қатаң есте сақтау керек .Осыған байланысты гормональды препараттарды тағайындай отырып қателіктер жіберіп алмас үшін науқастың жағдайын толығымен бағалап алу керек.

ГОРМОНДЫ ПРЕПАРАТТАРДЫҢ ӘСЕР ЕТУ МЕХАНИЗМІ

Гормондар химиялық құрылыстарына байланысты жасушаның гентикалық құрылымына ( ядроның ДНК-на ) немесе жасушаның беткейінде , мембранасында орналасқан спецификалық рецепторларға әсер етіп , онда аденилатциклазаның белсенділігін бұзады немесе майда молекулаларға ( глюкоза,Са²+) өткізгіштігін өзгертеді .Ал ол жасушаның функциональдық жағдайының өзгеруіне әкеледі.

Стероидты гормондар рецептормен байланысып , ядро ішінде хроматиннің спецификалық аймақтарымен байланысып , сол спецификалық м- РНК-ң цитоплазмаға синтезделу жылдамдығын жоғарлатып , онда спецификалық ақуыздарың синтезделу жылдамдығы жоғарлайды , мысалы ,ферменттің .

Катехоламиндер , полипептидтер , ақуызды гормондар аденилатциклазаның белсенділігін өзгертіп ,
Тиреоидты гормондар

Аденогипофиздің тиреотропты гормондарының әсерінен қалқанша безінің фолликулярлы жасушаларымен қанға өндіріліп екі негізгі иод құрамды гормондар түседі.

1.Тироксин ( T4)

2. Трииодтиронин (Т3)

Қалқанша безінің интерстициальды жасушаларында тирокальцитонин (кальцитонин ) өндіреді. Тироксин молекуласында төрт иод атомы , ал трийодтиронинде үш иод атомы бар.Т4 жіне Т3 плазмада ақуызбен байланысқан күйде , бос күйінде кездеседі. Қан плазмасындағы Т4 мөлшері плазма ақуызымен байланысқан иод мөлшерімен көрінеді.Бос гормондар физиологиялық белсенді, ал байланысқандары қор ретінде сақталады.Қалқанша безінде тироксин триийодтрионинге қарағанда көп синтезделсе де , организм ұлпаларына соңғысының белсенділігі (5 есе) жоғары.Перифериялық ұлпаларда Т4 30% T3-ке айналады.

Осы гормондардың тіршілік кезеңінде аденогипофиздің ТТГ бақыланатын 3 негізгі этапын қарастырады:

1. Иодидтердің темірмен ұсталуы

2. Тиреглобулинде болатын тирозин аминқышқылының моно және дийодтирозин түзуімен жүретін , йодпен қосылуы.

3. Екі молекула дийодтирозиннің қосылуынан тироксин (T4) ,ал монойодтирозин мен дийодтирониннен трийодтрионин (T3) түзіледі.

Соңғы этаптарда гормондардың қанға босатылуы жүреді.

ГОРМОНДАРДЫҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЖӘНЕ ПРЕПАРАТТАРДЫҢ ФАРМАКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ.

1. Терморегуляцияға әсері

- Бас миы, жыныс мүшелері және лимфоидты ұлпалардан басқа ұлпалардың оттегін пайдалануы және жылу өндіруі жоғарлайды.

2. Ұлпалардың өсуі мен дифференцировкасына әсері.

3. Метоболизм процесстерге әсері:

- Тек қана өсу процессіне ғана емес , ақуыз синтезіне әсер етеді

( анаболикалық әсер)


  • Жоғары дозаларда катаболикалық әсер :

  • Холестерин катаболизмінің жылдамдығы жоғарлайды:

  • Су- электролит алмасуына әсер етеді( Мысалы,Қалқанша безінің гипофункциясы кезінде – су және электролиттерді ұстап қалу)

4. Жүрек тамыр жүйесіне әсер етеді:

  • Жүректің жиырылу жиілігі мен күшін реттейді , жүрек шығарымын күшейтеді.

5. ОЖЖ әсер етеді:

  • Жүйке талшықтарының миеленденуі жоғарылайды.

6. Қанға әсері:

  • Қалқанша безінің гипофункциясында анемия дамыйды.

Клиникада қалқанша безінің гипо және гиперфункциясы кездеседі.

Қалқанша безінің гипофункциясында ( гипотиреоидизм ) патологиясының үш формасы кездеседі:

1. Микседема (ересектерде)

2. Кретинизм ( балаларда)

3. Эндемиялық зоб ( біріншілік гипотиреоз)


Гипотиреоидизмнің үш формасында емдеу үшін келесі препараттарды қолданылады:

  1. ТИРЕОИДИН( Thyreoidinum; ұнтақ және 0,05 таблетка түрінде, 0,1және 0,2 қапталған таблеткалар түрінде шығарылады)

Препарат арзан, қол жетерлік. Ұнтақты майсыз, кептірілген ірі қара малдардың қалқанша безінен алады.Препараттың әсері ондағы екі гормонмен байланысты тироксин және трииодтрионин .Тиреоидин микседемада пайдалы .Бұл препаратты пайдалану арқылы ұзақ жылдар бойы жақсы клиникалық әсерін көруге болады.

Қолдануға көрсеткіштер:

1. Кретинизм ( мүмкіндігінше емді ертерек бастау керек,өйткені мидың дамуы үшінші жылда аяқталады.)

2. Қалқанша безінің ісігімен ауырғандарда ,ісікті алып тастар алдында.

3. Препаратты атеросклерозбен ауығанда қолдануға болмайды.

Жағымсыз әсері:

- аллергиялық реакциялар

- тиретоксикоз көріністері( өте жоғары дозада)

Тахикардия ,тершеңдік ,әлсіздік ,жүректің ишемиялық ауруының ауыр өтуі;қант диабетінің нашарлауы және т.б.


  1. Трийодтиронин гидрохлориді (0,2 және 0,5 таблеткатүрінде

шығарылады)

Бұл препарат құрылысы мен әсері бойынша қалқанша безінің гормонына ұқсас .Препарат тез сіңіріледі,тез әсер етіп , қысқа әсер етеді.Әсер етуі 4-8 сағаттан соң,максимальды әсері 24 сағ.соң дамиды.Препараттың әсері апта бойына төмендейді.( Жартылай элеминация уақыты 2күн)

Препаратты тиреоидинді қолданылатын көрсеткіштерге қолданады, негізінен асқыну алды жағдайларда.

Қолдануға көрсеткіштер:

1. Біріншілік гипотиреоз және микседема, кретинизм ( Препаратты емдеудің алғашқы сатыларында қолданған жақсы)

2. Қалқанша безінің гиперфункциясында бөліктік аденоэктомияда

3. Тиреоидинге резистенттілікте

4. Микседематозда комада және психозда

Жағымсыз әсері тиреоидиндікіндей.


  1. Левотироксин ( L- тироксин) – тироксиннің синтетикалық анолыгы 25,50,75,100,125,150,200 мкг таблетка түрінде шығарылады.

Алдыңғы препараттардан айырмашылығы , баяу сіңіріледі, баяу

шығарылады,терапевтік әсері 7-12 күннен кейін байқалады.Препаратты күніне бір рет тағайындайды.

Көрсеткіштері мен жағымсыз әсері де сондай.

IV.Синтетикалық комбинирленген препараттар:



  • Тирекомб (Т3,Т4, және калий иодиді бар);

  • Тиреотом (Т3және Т4 бар )

Сонымен қатар,тиретоксикозда бета- адреноблокаторларды тахикардияны төмендету үшін қолданылады ( анаприлин, метапролон)

Гипертиреоидизм кезіндегі препараттар.Бұл жағдайда әр түрлі ауырлық сатысындағы диффузды токсикалық зобтың клиникалық көрінісі дамиды.Тиротоксикоз экзофтальм, тахикардия,тершеңдік, зат алмасудың жоғарылауымен көрінеді.

Антитиреоидты препараттардыңекі тобын ажыратады:

I.Гормондар синтезінің ингибиторлары – қалқанша безінің гиперфункциясында қолданылатын препараттар тобы.

( тиамозол, синоним: мерказолил) .

ТИАМАЗОЛ ( Thiamazole;0,005 таб.шығарылады) – спиртте және суда тез еритін синтетик.Препарат оксидаза ферментін тежеу арқылы темірде тироксин синтезін төмендетеді.Негізгі алмасу төмендейді.Препарат темірде ұзақ жиналады, сондықтан латентті кезеңі ұзақ, клиникалық әсері 1-2 аптадан соң, ал максимальді әсері 4- 8 апта ішінде дамиды.Сондықтан препаратты ұзақ уақытқа – орташа бір жылға немесе оданда көпке тағайындайды, өйткені аз уакытқа тағайындауға болмайды.

Жағымсыз әсері:
1. Қан жасауды тежейді ( Лейкопения,анемия, агрунулацитоз).

2. Тері бөртпелері ( Нуклеинді алмасуға әсер етеді)

3. Лимфоаднопатия

4. Препарат плацентадан өтіп, ұрықтың дамуын тежейді.

5. Ана сүтіне тез сіңеді

6. Зобогенді әсер (ТТГ- ң белсенді синтезіне жауап ретінде қалқанша безінің гиперплазиясы- кері – қайтымды байланыстың белсенуі: мерказолил без гормондарының синтезін төмендетіп, нәтижесінде релизинг- гормонының синтезі жоғарылап , ТТР шығарылуы артады,содан қалқанша безі өсіп кетеді)

II. Қалқанша безінің гиперфункциясымен науқастарды емдеуде қолданылатын антиреоидты препараттар – Иод препараттары ( иодидтер ) .

Бұл топ препараттары қалқанша безінің дисфункциясын емдеуде қолданылатынең ескі препараттар.Алдымен кәдімгі иоды бар препараттар туралы айту керек. Бұл Люголь ерітіндісі (10% калий иодид ерітіндісінде 5% иод ерітіндісі) және неорганикалық иодидтер ( Калий және натрий иодидтері). Бұл препараттарды тағайындаудың мақсаты олардағы иод организмнің физиологиялық қажеттілігінің артық болуында.Бірақ, ұлпалықрецепторлар гормон молекуласына емес, олардың құрамындағы иодқа жауап береді.Өте жоғары дозада рецепторлар алданып,релизинг- гормондардың өндірілуін тежейді.Ал ол өз кезегінде ТТГ өндірілуін төмендетіп ,бездердің васкуляризациясы азайып,атрофияланады.

Препарат тез әсер етіп , әсері 24 сағаттан соң байқалады.Максимальды клиникалық әсері 10-14 күннен соң көрінеді.Бірақ біраз уақыттан кейін емдік әсері айтарлықтай төмендейді.Мұндай препараттармен ұзақ уақыт емделсе науқастың жағдайы баяғы қалпына келіп немесе одан да нашарлауы мүмкін.

Осылайша, берілген препараттар ұзақ уақыт қолдануға жарамсыз,ол тек бір ғана мақсатта қалқанша безіне операция жасар кезде қолданылады.

Жағымсыз әсерлері:

- иодизм ( жөтел, коньюктивит);

- асқазанның кілегей қабатының тітіркенуі.

Калий Перхлорат қалқанша безінің иодының сіңірілуін бұзып , гормондардың синтезіне кедергі келтіреді.

Радиактивті иод ( ¹³¹J), ішке қабылдағанда қалқанша безінде жиналады.ß- сәулеленуге байланысты ол 0,5 ммв ұлпаларға өтіп ,қалқанша безінің маңындағы ұлпаларды ,оның ішінде қалқанша маңы бездерін зақымдамай терапевтік әсер береді.Радиойдпен емдеу нау

қас үшін қарапайым.Бірақ әсері өте баяу ,ал препараттың дозасын таңдау гипертиреоздың адекватты бақылауында қиындау.



Тиретоксикозды емдеу бірнеше факторлармен анықталады. Антитиреоидты препараттар диффузды зобпен ауыратын жас адамдарға тиімді.Ал,үлкен түйінді зобта оперативті емдеу тиімдірек.
Иллюстративті материал – Дәрістік слайд презентациясы

Әдебиеттер:





  1. Белоусов Ю.Б. Клиническая фармакология и фармакотерапия : руководство / Ю. Б. Белоусов. - 3-е изд., испр. и доп. - М. : МИА, 2010. - 872 с.

  2. Вебер В.Р. Клиническая фармакология : учеб. пособие / В. Р. Вебер. - М. : Медицина, 2009.

  3. Венгеровский А.И. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров : учебное пособие / А. И. Венгеровский. - М. : ИФ "Физико-математическая литература", 2006.

  4. Козлов С.Н. Современная антимикробная химиотерапия : руководство для врачей / С. Н. Козлов, Л. С. Страчунский. - 2-е изд., перераб. и доп. - М. : Мед. информ. агентство, 2009.

  5. Кукес В.Г. Клиническая фармакология и фармакотерапия : учебник / В. Г. Кукес, А. К. Стародубцев. - 2-е изд., испр. - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2009. - 640 с

  6. Майский В.В. Фармакология : учебное пособие / В. В. Майский. - 2-е изд., испр. и доп. - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2006. - 400 с

  7. Машковский, Михаил Давыдович Лекарственные средства : Пособие для врачей / 15-е изд.,перераб.,испр.и доп. - М. : Новая волна, 2006.

  8. Нил Майкл Дж. Наглядная фармакология : учеб. пособие для вузов: пер. с англ. / Майкл Дж. Нил. - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2008. - 104 с.

  9. Рациональная антимикробная фармакотерапия / ред.: В. П. Яковлев, С. В. Яковлев. - М. : Литтерра, 2007. - 784 с.

  10. Рациональная фармакотерапия аллергических заболеваний : руководство для практикующих врачей / ред. Р. М. Хаитов. - М. : Литтерра, 2007.

  11. Рациональная фармакотерапия в акушерстве и гинекологии : руководство для практикующих врачей / ред.: В. И. Кулаков, В. Н. Серов. - М. : Литтерра, 2008. - 1152 с.

  12. Рациональная фармакотерапия в гепатологии : руководство для практикующих врачей / ред.: В. Т. Ивашкин, А. О. Буеверов. - М. : Литтерра, 2009. - 296 с.

  13. Рациональная фармакотерапия в нефрологии : научное издание / ред.: Н. А. Мухин, Л. В. Козловский, Е. М. Шилов. - М. : Литтерра, 2008. - 640 с.

  14. Рациональная фармакотерапия в урологии : Руководство для практикующих врачей / ред.Лопаткин Н.А. ; ред. Перепанова Т.С. - М. : Литтерра, 2006. - 818 с.

  15. Рациональная фармакотерапия детских заболеваний : В 2-х книгах.Руководство для практикующих врачей / Под общ. ред.А.А.Баранова,Н.Н.Володина,Г.А.Самсыгиной. - М. : Литтерра. – 2007 Кн.1. - 1166 с

  16. Рациональная фармакотерапия заболеваний кожи и инфекций, передаваемых половым путем / ред. А. А. Кубанова. - М. : Литтерра, 2007. - 512 с.

  17. Рациональная фармакотерапия заболеваний органов дыхания / ред. А. Г. Чучалин. - М. : Литтерра, 2007. - 544 с.

  18. Рациональная фармакотерапия заболеваний органов пищеварения : руководство для практикующих врачей / ред. В. Т. Ивашкин. - М. : Литтерра, 2007. - 1056 с.

  19. Рациональная фармакотерапия заболеваний системы крови : руководство для практикующих врачей / ред. А. И. Воробьев. - М. : Литтерра, 2009. - 688 с.

  20. Рациональная фармакотерапия заболеваний эндокринной системы и нарушений обмена веществ / ред.: И. И. Дедов, Г. А. Мельниченко. - М. : Литтерра, 2008. - 584 с

  21. Рациональная фармакотерапия инфекционных болезней детского возраста : руководство для практикующих врачей / ред.: М.Г Романцов, Т. В. Сологуб - М. : Литтерра, 2009. - 664 с.

  22. Рациональная фармакотерапия неотложных состояний : руководство для практикующих врачей / ред.: Б. С. Брискин, А. Л. Верткин. - М. : Литтерра, 2007. - 648 с.

  23. Рациональная фармакотерапия ревматических заболеваний / ред.: В. А. Насонова, Е. Л. Насонов. - М. : Литтерра, 2007. - 448 с.

  24. Рациональная фармакотерапия сердечно-сосудистых заболеваний : Руководство для практикующих врачей / ред.Чазов Е.И. ; ред. Беленков Ю.Н. - М. : Литтерра, 2006. - 972 с.

  25. Фармакология в вопросах и ответах : учеб. пособие: пер. с англ. / ред. А. Рамачандран. - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2009. - 560 с Фармакотерапия детских болезней : руководство для врачей / ред. А. Д. Царегородцев. - М. : МИА, 2010. - 880 с.


Бақылау сұрақтары ( қайтымды байланыс)

  1. Эндокриндік жүйе дегеніміз не? Оған қандай бездер кіреді?

  2. Гормондар дегеніміз не және ағза тіршілігіндегі маңызы?

  3. Қан мен ұлпаларда гормон деңгейі қандай принциппен реттеледі?

  4. Қай жағдайларда гормондардың антогонистерін қолданады?

  5. Қай гормонды өсу гормоны дейді?

  6. Гипофиздің алдыңғы, ортаңғы,артқы бөлігіндегі гормондарды ата?

  7. Қалқанша безінің жеткіліксіз және шамадан тыс функциясында қандай аурулар дамиды?




©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет