«Жалпы гидрология» пәні бойынша



жүктеу 4.07 Mb.
бет1/17
Дата16.04.2016
өлшемі4.07 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
: CDO -> Sillabus -> Tar
Tar -> Лекция: 3 Практикалық/семинар: 6 СӨЖ: 99 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылаулар саны:
Tar -> Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл
Tar -> «Физикалық географияны аудандастыру» пәні бойынша
Tar -> Лекция: 45 сағат СӨЖ: 45 сағат обсөЖ: 45 сағат Барлық сағат саны: 135 сағат Аралық бақылаулар саны: 2(60 балл)
Tar -> Лекция:: 20 Практикалық: Семинар: 6 Лабораториялық: СӨЖ: 64 Барлық сағат саны: 90
Tar -> Лекция: 30 сағат Семинар: 20 сағат СӨЖ: 130сағат Барлық сағат саны: 180 сағат Аралық бақылаулар саны: 2 (60 балл)
Tar -> Лекция: 20 Практикалық: Семинар: 6 Лабораториялық: СӨЖ: 64
Tar -> Лекция: 30 сағат СӨЖ: 30 сағат обсөЖ: 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
Tar -> Лекция: 15 Семинар: 15 СӨЖ: 30 обсөЖ: 30 Барлық сағат саны: 90 Емтихан: 1 Ағымдағы бақылау саны: кредит бойынша: 2
Tar -> Лекция: 30 Лаборатория: 15 обсөЖ: 45 СӨЖ: 45 Барлық сағат саны: 135 Қорытынды бақылау: емтихан (40 балл)
Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі


«Сырдария» университеті

ПЕДАГОГИКА-ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІ


«Қоғамдық пәндер және география» кафедрасы

«Жалпы гидрология» пәні бойынша

050116 - «География» мамандықтарының студенттері үшін


Оқу-әдістемелік кешен

(Силлабус)

Оқу түрі: күндізгі

Курс: 3, кредит саны 3

Лекция: 45 сағат

СӨЖ: 45 сағат

ОБСӨЖ: 45 сағат
Барлық сағат саны: 135 сағат

Қорытынды бақылау: емтихан Ү семестр


Аралық бақылаулар саны: (кредит бойынша) 2

Барлық балл саны: 100 (кредитке)


Жетісай – 2007ж

Құрастырған: аға оқытушы Исмайлова Кулайым Бердалықызы


ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН


(Силлабус)

«Жалпы гидрология» пәні бойынша

050116 - «География» мамандықтарының студенттері үшін әзірлеген


Оқу-әдістемелік кешен типтік бағдарлама негізінде құрастырылған.

Типтік бағдарламаның индексі:

Оқу-әдістемелік кешен кафедра мәжілісінде талқыланған
№ Хаттама________ «________» 2007 ж

Кафедра меңгерушісі ______________


Факультеттің әдістемелік кеңесінде мақұлданған
№ Хаттама________ «________» 2007 ж

Әдістемелік кеңесінің төрағасы:_______________________


Университеттің Ғылыми кеңесінде мақұлданған
№ Хаттама ________ «______» 200 ж

050116 – мамандығын дайындайтын кафедра

меңгерушісімен келісілген _____________________________

Мазмұны


  1. Алғы сөз …….………………………..................................................

  2. Жалпы мәліметтер ……………………..............................................

  3. Курстың мақсаты мен міндеті .....……………………………………

  4. Курстың пререквизиттері, постреквизиттері .....…………................

  5. Жұмыс оқу жоспарынан көшірме..........................................................

  6. Оқу сабақтарының құрылымы .…………………………....................

  7. Студентке арналған ережелер ..……………………............................

  8. Оқу сағаттарының кредитке сәйкес тақырып

бойынша бөліну кестесі .……….........................................................

  1. Лекция сабақтарының мазмұны ..........................................................

  2. СӨЖ жоспары және орындау кестесі ..................................................

  3. ОБСӨЖ жоспары және орындау кестесі .............................................

  4. Студенттердің білімін бақылау түрлері: .............................................

а) бақылау сұрақтары

б) тест сұрақтары



  1. Студенттердің академиялық білімін рейтингтік бақылау жүйесі .........

  2. Пән бойынша оқу процесінің картасы ...……………….........................


Алғы сөз


Оқу әдістемелік кешен «Жалпы гидрология» пәні бойынша 050116 «География» мамандықтарының студенттеріне осы курс бойынша оқытушының жұмыстан неғұрылым тиімді ұйымдастыруға арналған барлық қажетті оқу-әдістемелік материалдарды құрайды. Білім беруде кредиттік технологияны пайдаланып, барлық құжаттарды бір кешенге біріктіре отырып, пәнді меңгеру процесінде студенттің білімін, машықтануын және біліктілігін жоғарғы деңгейге көтеру мақсаты көзделініп отыр.

ОБСӨЖ – оқытушының басшылығымен студенттің өзіндік жұмысы, СӨЖ- студенттердің өзіндік жұмысы.

Оқыту бағдарламасы (Syllabus), семестрдің басында әрбір студентке беріліп, студенттің білімін тереңдетуге, пәнге деген ықыласының артуына, шығармашылық және зерттеушілік қабілеттері ашылып, одан әрі дамуына себебін тигізеді деп күтілуде.

Дәрістің қысқаша жазбасы студентке қайсы бір тақырыпты қарастыруда неге назар аудару керектігіне бағыт береді, санасына негізгі ұғымдар мен терминдерді енгізеді. Пәнді толықтай меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттің барлығымен дерлік жұмыс өткізіп және өзіндік жұмысының барлық көлемін орындауы қажет.

Тапсырмалар мен жағдайлардың жиынтығы студенттерге кредиттерді тапсыруда пән бойынша өз білімдерін тексеруге және рейтингтік бақылауды тапсыруға, сынақ/емтиханды алуға арналған.

2. Жалпы мәліметтер.

Аға оқытушы Исмайлова К.Б.


«География» кафедрасы №1 корпус, 4-этаж, 46 кабинет

Телефон: - 229

Кафедрада болу уақыты: 9.00-18.00

Өткізу уақыты және орны



Аты-жөні

Сабақты өткізу, орны

Байланыстырушы мәлімет

Аудиториялық сабақтар

СӨЖ




1

Исмайлова К.Б.

Уақыты __________

Ауд ______39




Уақыты _______

Ауд __39_______



Тел:___________

Каб:___________



Корпус:________


3. Пәнді оқытудың мақсаты мен міндеттері

Курстыњ негізгі маќсаты – студенттерді гидросферада µтіп жатќан процесстермен, су объектілерініњ ерекшеліктерімен, олардыњ ќоршаѓан ортамен µзара байланысымен таныстыру. Осы пєн шењберінде студенттер табиѓи процесстер ќалай ж‰ретіндігін, су объектілеріне ќандай ерекшеліктер пєн екендігін ѓана біліп ќана ќоймайды, сонымен ќатар ќ±былыстармен ерекшеліктердіњ ішкі себептерімен де танысуѓа м‰мкіндік алады. Б±л курсты оќып ‰йрену барысында студенттер географиялыќ ортамен тікелей байланысты гидрологиялыќ ќ±былыстармен процесстер туралы т‰сінік алады жєне табиѓаттаѓы суды географиялыќ ландшафттыњ ажырамас бµлігі ретінде ќарастыруѓа м‰мкіндік алады.

Курстыњ міндеті: Студент б±л курсты оќып ‰йренуі нєтижесінде білуі ќажет


  • гидросфера жєне оныњ ќалыптасуы;

  • гидросфераныњ кµлемі мен ќ±рылымы;

  • ‰лкен жєне кіші су айналымы;

  • д‰ние ж‰зілік су баланысы;

  • д‰ние ж‰зілік м±хит бµліктері;

  • м±хит суларыныњ ќасиеттері;

  • м±хиттармен тењіздердіњ жылу режимі;

  • м±хит суларыныњ ќозѓалыстары жєне толќындар;

  • ќ±рлыќ суларыныњ т‰рлері;



4. Курстың пререквизиттері және постреквизиттері




Пререквизиттер (пәннің алдында міндетті түрде игерілуге қажетті пәндер)

Постреквизиттер (пәннен кейін өткізілетін, осы пәнге сүйенетін пәндер)

1

Географиялық қабық

Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы

2

Жалпы жер тану

Сулы жүйелер экологиясы



5. Жұмыс оқу жоспарынан көшірме


Кредит саны

Жалпы сағат саны

Оның ішінде

Семестр

Қорытынды бақылау

Лекция

СӨЖ

ОБСӨЖ

№1кредит




15

15

15

№2 кредит

135

15

15

15

V

Емтихан

№3 кредит




15

15

15








6. Оқу сабақтарының құрылымы:

Жұмыс бағдарламасында сағаттар оқу жұмыстары түрлеріне қарай бөл-інген: лекция, семинар, ОБСӨЖ (оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы), СӨЖ (студенттің өзіндік жұмысы), ЛБС-лабораториялық сабақтар.



Лекция – студентке тақырыпты игеруде неге назар аударуына бағыт береді. Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс істеуі қажет

ОБСӨЖ – оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы.

Материалды сабақ үстінде оқытушының көмегімен оқып меңгеру.



Оқытушы тақырыпқа сәйкес студенттің білім деңгейін тексереді, бақылайды.

СӨЖ-студенттің өзіндік жұмысы. Студент СӨЖ тапсырмаларын кестеге сәйкес белгіленген мерзімде оқытушыға тапсыруға міндетті.

Лабораториялық сабақтарда студент теориялық қорытындыларын, яғни, теория мен тәжірибе бірлігін анықтап, құрал-жабдықтарды құраст-ыруға, пайдалануға дағдыланады, тәжірибе кезінде алынған нәтижелерді талдауды, теориямен сәйкестеліп дәлелдеуді үйренеді.
7. Студентке арналған ережелер (Rules):

  1. Сабаққа кешікпеу керек.

  2. Сабақ кезінде әңгімелеспеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы телефонды өшіріп қою керек.

  3. Сабаққа іскер киіммен келу керек.

  4. Сабақтан қалмау, науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдайда деканатқа анықтама әкелу керек.

  5. Жіберілген сабақтар күнделікті оқытушының кестесіне сәйкес өтелін-еді.

  6. Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.



8.Оқу сағаттарының кредитке сәйкес тақырып

бойынша бөліну кестесі.




Лекцияның тақырыбы

Лекция

СӨЖ

ОБСӨЖ



Кіріспе.

1

1

1



Гидрологияның қысқаша даму тарихы

1

1

1



Гидрология пәні және оның өзге ғылым салаларымен байланысы

1

1

1


Гидросфера және әлемдік су қоры

1

1

1


Табиғаттағы су айналымы

1

1

1



Дүние жүзілік мұхит

1

1

1



Мұхиттар мен теңіздердің табанының бедері және шөгінділер

1

1

1


Мұхит суының қасиеттері

1

1

1



Дүние жүзілік мұхит суының температурасы

1

1

1


Мұхиттағы температураның тереңдік бойынша өзгерісі

1

1

1


Мұхиттағы мұз

1

1

1



Мұхит суларының қозғалыстары

1

1

1



Мұхит суларының қозғалыстары

1

1

1



Дүние жүзілік мұхит ағыстары

1

1

1


Дүниежүзілік мұхиттың тіршілік дүниесі

1

1

1


Құрылық сулары

1

1

1


Жер асты сулары

1

1

1


Жер асты суларының қалыптасуы және режимі

1

1

1


Жер асты сулары

1

1

1


Өзендер

1

1

1


Өзен алабы

1

1

1


Өзен аңғары

1

1

1



Өзен арнасы

1

1

1


Өзен ағысы

1

1

1


Өзеннің көлденең еңістігі

1

1

1


Өзендегі судың қозғалыс механизмі

1

1

1



Өзендегі гидрологиялық бақылаулар

1

1

1


Өзеннің гидрологиялық режимі

1

1

1


Өзендегі термикалық және мұз режимі

1

1

1


Өзен тасындылары

1

1

1


Еріген заттар ағындысы

1

1

1


Өзен ағындысын есептеу

1

1

1


Ағындыны зерттеудің статистикалық тәсілдері

1

1

1



Көлдер

1

1

1



Көл қазаншұңқырларының морфометриялық сипаттамалары.

1

1

1


Қазаншұңқырлардағы су теңдестігі мен деңгейлік режимі

1

1

1



Қазаншұңқырлардағы термикалық және мұздық режимі

1

1

1



Көл қазаншұңқырларының гидрохимиялық оптикалық және биологиялық ерекшеліктері.

1

1

1



Көлдер мен бөгендердегі гидрологиялық бақылаулар

1

1

1



Батпақтар

1

1

1



Батпақтардың гидрологиялық режимі

1

1

1



Батпақтардағы гидрологиялық бақылаулар

1

1

1



Мұздықтар

1

1

1



Мұздықтар

1

1

1



Қазіргі заманғы су проблемалары

1

1

1



Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі

«Сырдария » университеті



«Педагогика-тарих» факультеті


«Қоғамдық пәндер және география» кафедрасы

«Жалпы гидрология» пәні бойынша


050116 - «География» мамандықтарының студенттері үшін

Лекцияның Қысқаша курсы

Жетісай – 2007 ж


9. Лекция сабақтары

1 кредит I-лекция.



Тақырыбы: Кіріспе (1 сағат)

Жоспар:1Жалпы гидрология пәні: мақсаты мен міндеттері

2. Судың жер бетіндегі процестерге тигізетін әсері

3. Судың халық шаруашылығында атқаратын рөлі

Пайдаланатын әдебиеттер:

а) негізгі:

1. Ж. Достайұлы. Жалпы гидрология. А. 1996

2. Н. П. Неклюкова. Жалпы жертану. А. 1980.

3. Зологин Б. Мировой океан . М. 2001.

4. Богданов Д. В. География Мирового океана. М. 1978.

5. Шубаев Л. П. Общее землеведение. М. 1990.

6. Мильков Ф. Н. Общее землеведение. М. 1990.

7. Құсаинов С. А. Жалпы геоморфология. А. 1998.

8. Достав Ж. Табиғат суларын ластанудан және сарқылудан қорғау. А. 1993.

9. Мехаилов В. Н, Добровольский А. Д. Общая гидрология. М. 1991.

10. Горбунов А. П. Льды под землей. А. 1982.



б) қосымша

11. Достав Ж. Жалпы гидрология. А. 1993.

12. Долгушен Л. Д. Ленники. М. 1989.

13. Жаппарханов С, Бәкіров Н. Көгілдір континент құпиялары. А. 1985.

14. Омаров Т. Р. Қазақстанның өзендері мен көлдері. А. 1975.

15. Кан С. И. Океан и атмосфера. М. 1982.

16. Алексин О. А, Ляхин Ю. И. Химия океана. М. 1984.
Лекцияның мәтіні:

Су бүкіл жер бетінде, табиғат аясында кездесетін барлық процестерде және адамзаттың тұрмыс – тіршілігінде үлкен рөл атқарады.

Су – зат алмасу мен ағзалар дамуына қатысатын негізгі орта. Адамзат өмірі мен мәдениетінің дамуы көне замандардан бері сумен тығыз байланысты. Ол қазір өнеркәсіпте, энергетикада, ауыл шаруашылығы мен балық шаруашылығында, медицинада және т.б. толып жатқан салаларда кеңінен қолданылады. Су- физика, химия, механика және басқа да ғылым салаларының зерттеу обьектісі.

Табиғатта тоқтаусыз жүріп жататын су айналымы – құрлықтарды сумен қамтамасыз етудің кепілі. Су тау жыныстарын механикалық бұзу және еріту арқылы жер бетінің сыртқы көрінісін қалыптастырады.

Жер қыртысындағы судың мөлшері өте мол. Құрлықтың негізгі бөлігін басып жатқан топырақ қабатындағы судың көлемі осы топырақ қабатының 70 пайызын немесе одан да көп мөлшерін құрауы мүмкін. Топырақтағы су топырақ құрамының қалыптасуына, құнарлылығына және басқа да қасиеттеріне үлкен әсерін тигізеді.

Жер асты сулары жалпы көлемі жағынан теңіздер мен мұхиттардағы сулардан кейін екінші орында. Су жердің терең қабаттарына дейін ұшырасады. Аса тереңдіктердегі зор қысымға байланысты таза су сұйық күйінде өте жоғары температураларда да (300 С – дан жоғары) кездеседі, ал әр түрлі тау жыныстарымен араласу арқылы пайда болған ерітінділер + 400 С-ден жоғары температурада сұйық күйінде болады. Жер асты суларының ең төмендегісі шамамен жер бетінен 13-14 км тереңдікте. Одан тереңде су бу күйінде кездесуі мүмкін.

Судың еріткіш ретіндегі рөлі аса зор, себебі заттардың ерітіндіден тысқары жерде бір – бірімен қарым –қатынасқа түсуі өте қиын. Жер қойнауындағы химиялық заттар су ерітіндісі арқылы көптеген жаңа қосылыстар түзе алады. Химиялық заттар су ерітіндісімен жер қабатында үлкен қашықтықтарға еркін орын алмастырады және қолайлы жағдайларда олар химиялық құрамы біртекті, аумақты шөгінділер құрайды.

Судың маңызы әсіресе жер бетіндегі органикалық өмірдің дамуы мен сақталуы үшін өте зор.

Биологиялық өмірде су зат алмасу мен ағзалардың дамуын қамтамсыз ететін бірден – бір негізгі орта болып табылады. Мысалы, су өсімдіктерге топырақтан қоректік заттар жеткізеді және температурасын реттеп тұрады: жапырақтың бетінен буланып шығу арқылы су оларды шілденің аңызағында күйіп кетуден сақтайды. Өсімдіктер өздерінің биологиялық тіршілігінде топырақ арқылы бойларына өте көп мөлшерде су сіңіреді.

Атмосферадағы су жазда жерді құрғап қалудан сақтаса, қыста аса суып мұздыққа айналып кетуден қорғайды, яғни ғаламшардың біркелкі климаттық жағдайын қамтамасыз етеді.

Су халық шаруашылығында кең көлемде пайдаланылатын әркім жақсы біледі. Жергілікті тұрғындарды, кәсіпорындарды сумен қамтамасыз ету, судың ағын күшін пайдалану су көлігін дамыту, жер суару және де басқа маңызды мәселелерді шешу әрқандай өлке аумақтардың су қорларын пайдаланумен тығыз байланысты.

Үстіміздегі ғасырдың басына дейін өзендеріміз бен көлдерімізді негізінен тек су жолы ретінде және жер суару үшін қолданып келгеніміз белгілі. Ескеретін жайт: өзендер мен көлдердің энергетикалық қуат қоры да өте мол.

Бұрынғы КСРО өзендерінің жалпы қуат мүмкіндіктері шамамен 280 млн кВт болса, ал АҚШ – та – 80 млн кВт, Канадада –30 млн кВт,Норвегияда –10 млн кВт, Францияда – 6 млн кВт, Италияда – 8 млн кВт. КСРО – да су қуатының қорларын қарқынды түрде пайдалану 1921 жылғы ГОЭЛРО жоспарынан басталды. 1926 жылы сол электр станциясы, ал 1932 жылы Днепр ГЭС –і іске қосылды. Осы кезде Беломор – Балтық каналы, Москва атындағы канал, Волга – Дон кеме қатынайтын канал, Рыбинск және басқа да ірі су қоймалары салынып бітті. Сонымен бірге жақсарту (мелиорациялық) және су көлігін дамыту жөніндегі жұмыстар басталды.

Су шаруашылық құрылысы әсіресе соғыстан (1941-45 ) соң зор қарқынмен өрістеді. Бұл жылдары ондаған аса ірі СЭС –тер (Нева, Өскемен, Храм, Минчегаур, Цимлян, Кахов, Нижний Новгород, Кама, Волга) іске қосылды. Осы жұмыстардың нәтижесінде КСРО – дағы көптеген өзендер мен көлдер өзінің табиғи қалпын өзгертті.

Сібір су қуатының қорларын игеруге байланысты су қуатын пайдалану құрылысының жаңа кезеңі басталды. Иркутск және Братск СЭС –сі іске қосылды. Ангарадағы Усть- Илим СЭС –інің құрылысы, Енисейде Краснояр СЭС –і тұрғызылды, ал өзеннің жоғарғы саласында одан да зор Саяно – Шушенск СЭС –інің құрылысы басталып кетті. Обьта,Амур алқабында аса ірі су қуатын пайдалану құрылыстарын салу іске асырылды, су жолдарын жақсарту жөнінде көп жұмыстар істелінді.

1971 жылы КСРО – да электр қуатын өндіру 800 млрд кВт сағ- қа жетті, ал барлық электр станцияларының бірлескен қуаты 175 млн кВт – тан асып кетті. Су электр станцияларының электр қуатын өндіру 128 млрд кВт сағ-қа (16 пайыз), жетті, ал олардың қуаты 33,5 млн кВт- қа ұлғайды, яғни барлық электр станциялардың жалпы қуатының 19 пайызына теңелді.

Сатылы СЭС электр қуатын берумен бірге терең су жолдарын дүниеге әкелді. Днепрде, Припятьтың сағасынан Қара теңізге дейін, Волга мен Камада жалпы ұзындығы 4800 км су жолы т.б. іске қосылды. КСРО – ның еуропалық бөлігінде біркелкі терең су жолының жүйесін құруға қол жеткізілді.

Су қорларын кешенді пайдалануда жер суару мен жайылымдарды суландыру - өте маңызды мәселе. КСРО – дағы суаруға жарамды жердің жалпы аумағы 140 млн. гектарға тең десек, қазіргі кезде суаруға дайындалған жердің көлемі 10-12 млн гектарға жетті, оның 10,2 млн гектары – егістік, нақты суарылатыны – 9,8 млн га. Осынша зор көлемді жерді суару үшін өзендердің ағын суынан жылына 130 км3 суды алуға тура келеді. Осыншама судың негізгі бөлігі - өзендерге қайта құйылмайтын сулар. Елімізде, жалпы алғанда арналарға қайтып оралмайтын су көлемі қант қызылшасына байланысты – 130- 160 м3, бидайға –800-1200 м3; пішен –шөпке –1000-1600 м3, мақтаға –4000-5000 м3, күрішке –600 –700м3.

1940 –1980 жылдар аралғында, халық шаруашылығының негізгі салаларындағы суды пайдалану шығыны 4 еседен де көп мөлшерге өсті, соның ішінде өндірісте 8 еседен көбірек, ал ауыл шаруашылығында 3 есеге жуық.

Елімізде өнеркәсіп пен коммуналдық шаруашылық үшін алынған судың көлемі 1980 ж. 295 км3 –ге жетті. Судың ең көп шығындайтын сала жалпы өнеркәсіптік су шығынының 35- 40пайызға кететін жылу энергетикасы болып есептеледі. Ал қара металлургияның үлесіне өнеркәсіптегі барлық су шығынының 13 пайызға тиесілі, келесі орындарды түсті металлургия (10 пайыз), химия (9 пайыз), отын және мұнай –химия (7 пайыз), қағаз –целлюлоза (6 пайыз) өнеркәсіптері алады.

Су тасымалдауда адам баласы ертеден –ақ түсінген. Адамзатқа тән өркениет қанат жая бастағанда- ақ су тасымалдаудың ең қолайлы тәсілі – су ылдиға қарай өздігінен ағатын арна – арықтар пайдаланылды. Ертеде су жүйелерін (ирригация) халықты сумен қамтамасыз ету үшін пайдаланды. Ол кезде су шағын қашықтықтарға апарылды: Қытайдағы ұлы канал мен қазіргі Суэц каналы секілді алып су арналары болғанымен, ең үлкен каналдар мен су науаларының (акведуктер) ұзындығы жалпы алғанда 100 км –ден асқан жоқ.

Көне дәуірлердегі суару мен су құбырларының жүйесі көп тармақты және аса ұзын болды. Император Трояның кезеңінде (б.з.д. 117-53 ж.ж. ) Римнің 9 су құбыры жүйесінің жалпы ұзындығы 443 км болды, оның ішінде 50 км –ге жуығы су науалары еді. Ал Римнің нағыз гүлдену шағында қаладағы 14 су құбырының ұзындығы 570 км жетіп оның 80 км су науаларының үлесіне тиді. Бірақ та көне дәуірдегі барлық аса ірі жүйелермен тасымалданатын судың көлемі жылына 1 текше км –ге жеткен жоқ, ал су алмасу тек әр алаптың (бассейнінің) өз ішінде жүргізілді.

Ғалмшарымызда ірі қалалардың тез өсуі, олардағы өнеркәсіп орныдарының аса үлкен жылдамдықпен дамуы су тасымалдау көлемінің өсуін жылдамдатты. ХХ ғасырдың басында аса ірі су тасымалдау жүйелері арқылы тасылған судың көлемі 1,5 текше км –ден асқан жоқ.

Ғасырымыздың басынан бастап аса ірі су жүйелері салына бастады. Мысалы Суэц, Панама каналдары және ХХ ғасырдың бірінші жартысында бірден бірнеше текше км су тасымалдай алатын жүйелер салынды. Олар: КСРО – дағы Үлкен Ферғана каналы – жылына 6 км3, Москва –Волга каналы- жылына 2,3 км3, Америкадағы Нью –Йоркте Далавер өзенінде сумен қамтамасыз ету жүйесі – жылына 1,3 км3 және т.б. Аталған жүйелердің әрқайсысымен көне дәуірде салынған жүйелердің барлығын қосқандағыдан да көп су тасымалданатын болды. Әсіресе аса ірі су жүйелерін салу ХХ ғ екінші жартысында жоғары қарқынмен іске асырылды. Бұл кездегі салынған жүйелер негізінен алап аралық сипатта болып, жекелеген жүйелермен тасымалданатын судың көлемі 10 текше кем –ге жуықтады.

КСРО – дағы барлық ірі су жүйелерін қосқанда су тасымалдаудың көлемі жылына 50 текше км –ге жақындап, ал жалпы ұзындығы 3400 км –ден асты. Бұл – дүние жүзінің аса ірі өзендерімен бара – бар келетін қашықтық, ал судың көлемі Еділ өзенінің жылдық ағысының бестен бір бөлігіне теңесті. Жалпы КСРО – да ұзындығы 4500 км – ден асатын каналдармен жылына 110 текше км су (Еділдің жарты жылдық ағысы) тасымалданды.

Еліміздегі су қорларын пайдаланудың жылдам өсуіне байланысты суды реттеу және қайта бөлу мақсатында істеліп жатқан инженерлік шаралар көп жағдайда су обьектілерінің режиміне және сапасына үлкен әсер етті. Суды шаруашылыққа пайдалану мақсаттар кешенді түрде шешіле бастады. Кешенді шешім жекелеген аймақтық шешімдерден су шаруашылығы шараларын шешудің бірыңғай жүйесіне көшуді қамтамасыз етеді.






  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет