Жалпы мағЛҰмат тағайындау



жүктеу 137.82 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі137.82 Kb.
ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТ
Тағайындау

Электростатикалық «TREE» маркалы Ауа тазартқышы (бұдан әрі тазартқыш) адамдар тұрақты болатын I, II, III және IV санатты бөлмелердегі (аурухана, емхана, перзентхана, туберкулезге қарсы мекеме, шипажайлар, әлеуметтік саланың алуан түрлі мекемелері, сондай-ақ тамақ өнеркәсібінің кәсіпорындары) ауаны тазарту мен зарарсыздандыруға арналған қабырғаға ілінетін аспап болып табылады.





Санаты/

Бактериялардан тазарту тиімділігі



Медициналық және әлеуметтік сала

бөлмелерінің типтері



I / 99,9%

Операция жасайтын бөлмелер, операцияға дейінгі бөлмелер, ЦСО-ның босанатын, стерильді аумақтары, перзентхананың балаларға арналған палаталары, шала туылған және жарақат алған балаларға арналған палаталар

II / 99,9%

Таңу бөлмелері, ана сүтін стерилизациялау және пастеризациялау бөлмесі, реанимациялық бөлімшелердің палаталары, ЦСО-ның стерильді емес бөлмелері, бактериологиялық және вирусологиялық зертханалар, қан құю станциялары

III / 95%

ЕПМ-ның палаталары, кабинеттері және басқа да бөлмелері (I және II санатқа енгізілмеген)

IV / 90%

Балалардың ойнайтын бөлмелері, мектеп сыныптары, балалар үйлері, мүгедектер үйлері, ұзақ уақыт бойына көп адам жиналатын өнеркәсіптік және қоғамдық мекемелердегі тұрмыстық бөлмелер




Санаты

Тамақ өнеркәсібі бөлмелерінің типтері (МУ 2.3.975-00 МЗ РФ 1 кесте деректеріне сәйкес)


I / 99,9%

Ет өнімдерін өндіру; жартылай фабрикаттарды әзірлеу

Шұжық өнімдерін кесу және буып түю

Балаларға арналған тағамдарды өндіру

Ашытқы өндіру бөлімшелері, зертханалық бокстар

II / 95%

Балаларға арналған тағамдарды өлшеп орау цехтары

III / 85%

Қаптама материалдарын сақтауға арналған бөлімшелер


Жұмыс жасау принципі

Электродтардың топтамасына жоғары кернеуді қосқанда электрлі короналық разряд пайда болады. Соның барысында короналандыратын сымды электрод оңтайлы иондардың ағысын шығарады, олар электр өрісінің ықпалымен тұнатын электродқа ұмтылады. Электрод аралық кеңістікте иондар ауа молекулаларымен, оларға жылдамдық бере отырып, түйіседі. Соның нәтижесінде ауаның аса сезілетін қозғалысын пайда болдыратын «иондық жел» пайда болады. Аспап бөлмедегі ауаның ықтиярсыз айналымымен қатар, оны зарарсыздандыруды қамтамасыз етеді.

Бұйымның бактерицидтік тиімділігінің аса жоғары көрсеткіші вирустар мен бактерияларға қарқынды иондық өңдеу мен жоғары кернеулі электр өрісінің қиыстырылған ықпалы арқылы қамтамасыз етіледі.
Қауіпсіздік

Тазартқышты пайдалану мен оған техникалық қызмет көрсету жұмыстарын тек Пайдалану жөніндегі аталмыш нұсқаулықпен танысқан персонал ғана іске асыра алады.



Назар аударыңыз! Аспаптың құрамында жоғарывольтты компоненттер бар. Техникалық қызмет көрсету аясында орындалатын барлық іс-әрекетті «Сеть» ауыстырып-қосқышы өшірулі кезде және қоректену баусымы жүйеден ажыратылған кезде ғана орындау керек.
Жеткізілім жиынтығы

1. Тазартқыш ……………………………………………………...…..1 дана.

2. Электродтары бар картридж…......……………………………..….4 дана.

3. Короналандыратын рамкалар...………………………………..…..5 дана.

4. Ашасы бар қоректену баусымы..............................………………..1 дана.

5. Бекіткіштер.……………………………………………………..….8 жинақ.

6. Пайдалану жөніндегі нұсқаулық.………………………………….1 дана.
Техникалық деректер

Аэрозольдардың сүзу тиімділігі ………………………....99%-дан кем емес

Зарарсыздандыру тиімділігі....……………………..…...99,9%-дан кем емес

Ауа айналымының өнімділігі.....................…………...…………200±20 м³/ч

Шығу кезіндегі озонның концентрациясы..................0,03мг/м³ артық емес

Дыбыс қуатының деңгейі…………………….......................................шусыз

Айнымалы тоқ жүйесінен қоректену.………………..….~220В±10%, 50Гц

Тұтыну қуаты………………………….…………................40Вт артық емес

Габариті………...………………………………………….…800х300х150 мм

Массасы………………………………………………………..8кг артық емес

Дұрыс пайдалану мен күтіп-ұстау барысында

қызмет ету мерзімі................................................................50000сағ кем емес




Жұмыс жасау жағдайы

Қоршаған ауа температурасы, +10ºС-ден +35ºС-ге дейін;

Салыстырмалы ылғалдылық, t = 25ºС кезінде <80%;

Қысым, мм.рт.ст.630÷800.


ОРНАТУ
Орынды таңдау

Тазартқыш бөлме қабырғасына бекіту үшін жобаланған.

Орынды таңдау барысында саңылау мен ауа шығару кедергісіз болуын қамтамасыз ету керек.

Бөлменің барлық аумағындағы бөлме бұрыштарында, жиһаз бен интерьер бұйымдары маңында тазартылған ауа айналымына кедергі келтіретін тоқырау аумақтары пайда болады.

Тазартудың жоғары тиімділігіне қол жеткізу үшін орнату орынын суретте көрсетілгендей етіп, ұсынылған ара қашықтықты есепке ала отырып, таңдау қажет. Тазартқышты ауаның айтарлықтай айналымы бар орындарда орнатқан жөн; терезе, есік, желдету арналарының маңында.


Қаптаманы ашу, монтаждау

1. Тазартқыш қаптамасын ашыңыз. Сіздің ыңғайыңызға қарай жиынтық құрамына жеке қорапқа салынған 2 қосалқы короналандыратын рамка, сондай-ақ жеке қорапқа салынған 2 қосалқы картридж салынған. Бұл техникалық қызмет көрсету барысында Тазартқыш жұмысының үзіліссіз болатынын қамтамасыз етеді. Қосалқы ауыстырылмалы бөлшектерді өзіндік қаптамада сақтаңыз.


Назар аударыңыз! Тазартқышты суық бөлмеде сақтағаннан кейін немесе қысқы маусым жағдайында тасымалдағаннан кейін, оны тоқ көзіне бөлме температурасында 2 сағат болғаннан кейін ғана қосу керек.

2. Жиынтық құрамына кіретін бекіткіштерді бұрандалы шегелердің көмегімен корпусқа орнатыңыз.




3. Қабырға типін анықтаңыз, және аспапты қабырғаға сенімді бекітуді қамтамасыз ететін дюбельдердің сәйкес түрін таңдап алыңыз.

4. Қоса келтірілген «қысқаша нұсқаулық» шаблонына сәйкес қабырға бетіне саңылауларды белгілеңіз. Дюбель мен бұрандаларды бекітіңіз (жиынтыққа кірмейді).




5. Қоректену баусымын корпустың артқы жағындағы ағытпаға қосыңыз.



6. Аспапты іліп, орнатыңыз.

7. Аспаптың шеткі жағындағы ілгешегін басып, қақпақты өзіңізге қарай қисайта отырып, қақпақты ажыратып алыңыз.




8. Короналандыратын рамканы орнатыңыз, ол үшін рамкадағы шығыңқылықты корпустағы пазалармен алмастырыңыз, содан кейін рамканы сарт еткізіп бекітіңіз, бекітудің сенімділігін тексеріңіз.




9. Іліктіргіш арқылы картридж отбортовкасын қосып, екі бекіткішті бұрып қойып, картриджді орнату керек.






10. Қақпақтың екі шығыңқылығын корпустың пазаларымен алмастырып, аспап бұрыштарына қарай қақпақты корпусқа қысып, қақпақты орнатыңыз.





Іске қосу

Қоректену баусымын кернеуі 220В 50Гц розеткасына қосыңыз.

Толығымен автоматтандыру үшін тәуліктік таймерді (жиынтыққа кірмейді) қолдануыңызға болады. Таймерді орнатуды таймерге арналған нұсқаулыққа сәйкес жасаңыз. Аспапты таймерге, ал таймерді қабырғадағы розеткаға қосыңыз. Сыртқы таймерді қолданғанда аспаптың ішкі таймерін сөндіріп тастаңыз, «full-time» жағдайы, нақты ақпаратпен «басқару» бөлімінде таныса аласыз.
ҚОЛДАНУ

Бөлшектерді белгілеу



1. Корпус

2. Қақпақ

3. Картридж

4. Короналандыратын рамка

5. «сеть» пернелі ауыстырып-қосқышы, аспап қорегін қосады (1) және сөндіреді (0)

6. «mode» қозғалмалы ауыстырып-қосқышы, аспап жұмысының тәртібін ауыстырып қосады

7. «power» көрсеткіші – аспап қорегі қосылып тұрған жағдайда жанады

8. «cleaning» көрсеткіші – аспап жұмыс жасап тұрған жағдайда жанады

9. «service» көрсеткіші – қызмет көрсету қажет болған жағдайда жанады, бұл кезде аспап сөніп қалады

10. «timer» қозғалмалы ауыстырып-қосқышы, сөндіру кідірісінің қосалқы таймерінің тәртібін ауыстырып қосады.
Басқару
«Сеть» ауыстырып-қосқышын «Ι» жағдайына қосыңыз, қоректену кернеуі электронды блокқа беріледі, сары «power» және жасыл «cleaning» сәуледиодтары жанады. Тазартқыш жұмыс жасай бастайды. Короналандыратын рамканың қысқамерзімді жарылып кетуі ықтимал (әсіресе ең алғашқы рет қосқанда).
Жұмыс жасау тәртібін таңдау
Жұмыс жасау тәртібін «mode» ауыстырып-қосқышы арқылы таңдаңыз. Қолдайтын нормалы тәртіп «normal» болып табылады. Қарқынды «turbo» тәртібін ұзақ үзілістен кейін ең алғашқы рет қосу кезінде қолданған жөн. Мысалы, таңертең, жұмысқа келгенде. Шамамен екі сағаттан кейін. Тазартқышты қолдайтын жұмыс тәртібіне ауыстыруға болады.
Сөндіру кідірісін белгілеу (қосалқы таймер)
Сөндіру кідірісін «timer» ауыстырып-қосқышы арқылы белгілеңіз. Аспапты пайдаланудың қажетті қарқынына байланысты «full-time» үзіліссіз жұмыс тәртібі немесе аспапты 2,4,8 сағаттық қосу тәртібі таңдалынуы мүмкін. Бұл жағдайда таңдалынып алынған сағат саны арқылы тазартқыш автоматты түрде сөндіріліп, қайта қосылуды күту тәртібіне ауысады. Тазартқыш жұмысының уақытын реттеу короналандыратын рамкалар ресурсын айтарлықтай тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Аспапты қайта қосу үшін ауыстырып-қосқышты «full-time» жағдайына ауыстырып, содан кейін қажетті 2h, 4h немесе 8h таңдаңыз. Дәл сондай құбылысты «сеть» ауыстырып-қосқышының көмегімен сөндіру мен қайта қосу арқылы жасауға болады.


Қызмет көрсету қажеттілігінің индикациясы
Тазартқыш құрамында картридждің ластану индикациясы қарастырылған. Қызыл «service» сәуледиодының жануы картриджді тазарту қажеттілігі жөнінде куәландырады. Нақты ақпаратпен «техникалық қызмет көрсету» бөлімінде таныса аласыз.
Назар аударыңыз! Аспаптың жұмыс жасау барысында короналандыратын рамка сымының материалы шығынға ұшырайды. Егер жұмыс процесінде аспаптан ауа ағыны сезілмесе, онда міндетті түрде короналандыратын рамканы ауыстыру қажет. Нақты ақпаратпен «техникалық қызмет көрсету» бөлімінде таныса аласыз. Егер аспапты ұзақ уақыт бойы қолданбау болжанса, онда «сеть» ауыстырып-қосқышын «0» жағдайына ауыстырып, қоректену баусымын қабырғадағы розеткадан ажыратып тастаңыз.
Қолданудың ұсынылған тәртібі
Қолдану тәртібін РФ ДСМ-нің дезинфектология ҒЗИ ұсынған.

2006 жылғы 16 тамыздағы медициналық-биологиялық сынау актісі.
Тазартқыш емдеу-профилактикалық мекемелерінің бөлмелерінде ауаны тазарту мен зарарсыздандыру үшін қолданылады

- адамдар болған жағдайда: ауаның микробтық зардаптанғандығының қажетті деңгейін бір қалыпта үстап тұру үшін (әсіресе ауа-тамшы жолымен берілетін аурулардың тарауының аса жоғары қауіп-қатері жағдайларында).

- адамдар жоқ болған кезде: аталмыш санатқа жататын бөлмелерге арналған нормаларға сәйкестендіру мақсатында ауаның микробтық зардаптанғандығының деңгейін төмендету үшін бөлмені жұмысқа дайындау кезеңіндегі санитарлық-гигиеналық іс-шаралар комплексіндегі ең соңғы аяқтау буыны ретінде.
Тазартқышты ІІ және ІІІ санатты бөлмелер үшін қолданудың ұсынылған тәртібі


Бөлме көлемі, мi

Бактерицидтік тиімділік кезінде өңдеу уақыты,

кем емес


99,0%

(ІІ санатты бөлмелер)



95,0%

(ІІІ санатты бөлмелер)



70-ке дейін

60мин.

45мин.

100-ден 120-ға дейін

80мин.

60мин.

Адамдар болған кезде ΙΙ-V санатты бөлмелердегі ауаның микробтық зардаптанғандығының деңгейіне Тазартқыш жұмысының әсер етуі (бөлмеде 5 адамнан артық болмауы керек).




Бөлме көлемі, мi

Бөлмедегі ауаның микробтық зардаптанғандығы деңгейінің өзгеру серпіні

70-ке дейін

Ең алғашқы жағдаймен салыстырғанда зардаптанғандық деңгейінің төмендеуі

100-ден 120-ға дейін

Зардаптанғандықты ең алғашқы деңгейде сақтау

Бөлмеде 5 адамнан артық болған жағдайда немесе бөлме көлемі 100мi асып кетсе, аталмыш құбылысты қосымша Тазартқыш орнату немесе оны «TREE-200» моделіне ауыстыру арқылы жасауға болады.

Тазартқыштың «full-time» үздіксіз жұмыс жасау тәртібін адамдар жоқ кезде және желдетілмейтін бөлмеде қолданбау керек.
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Назар аударыңыз: техникалық қызмет көрсету аясында орындалатын барлық іс-әрекет: Тазартқышты ашу, картриджді және/немесе короналандыратын рамканы ауыстыру, сақтандырғышты ауыстыру жұмыстары «сеть» ауыстырып-қосқышы сөндірілген кезде және қоректену баусымы ажыратылған кезде орындалуы тиіс.

Егер Сіз төменде келтірілген нұсқауларды назарыңызға алсаңыз, онда «TREE» тазартқышына қызмет көрсету аса қиынға түспейді.


Қызмет көрсету кезеңділігі

- сүзгіштің ішкі бет жағын дезинфекциялайтын ерітіндіде суландырылған жұмсақ шүберекпен аптасына бір рет сүрту керек.

- картриджді шамамен 500 сағат жұмыс жасағаннан кейін тазарту керек.

- короналандыратын рамканың жағдайын шамамен 1000 сағат жұмыс жасағаннан кейін тексеріп, тазарту керек немесе ауыстыру керек.

- «service» көрсеткіші жанған жағдайда, короналандыратын рамка жарылып кеткен кезде немесе Тазартқыштан ауа ағыны сезілмесе короналандыратын рамканың жағдайын тексеріп, тазарту керек немесе ауыстыру керек, сонымен қатар картриджді де тазарту қажет, нақты ақпаратпен «компоненттерді тазарту/ауыстыру» бөлімінде таныса аласыз.

Ашып-ажырату
1. Аспаптың шеткі жағындағы ілгешегін басып, қақпақты өзіңізге қарай қисайта отырып, қақпақты ажыратып алыңыз.


2. Екі бекіткішті бұрып қойып, картриджді алып шығыңыз.



3. Рамка ілгешегін басып, рамканы өзіңізге қарай қисайта отырып, короналандыратын рамканы алып шығыңыз.




Компоненттерді тазарту/ауыстыру

Картридж

Тазарту үшін ыдыс жуатын машинаны қолдану керек немесе картриджді дезинфекциялайтын, я болмаса жуатын ерітіндіге 2 сағатқа салып, матырып қою керек, содан кейін оны қатты су ағынымен шаю қажет, электродтар бетінде көзге көрінетін қалдықтар болған жағдайда щетканы қолдана отырып, тағы бір мәрте тазарту қажет. Тазартқаннан кейін картриджді міндетті түрде кем дегенде 2 сағат бойы кептіру керек. Аспаптың үзіліссіз жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін жиынтыққа кіретін ауыстырылмалы картридждерді қолданыңыз. Толығымен кепкеннен кейін картридждерді өзіндік қорапқа салып қойыңыз.

Картридждерді тек механикалық зақым болған жағдайда ғана ауыстырыңыз.

Назар аударыңыз! Тек өзіндік қосалқы бөлшектерді ғана пайдаланыңыз.

Жинау

1. Короналандыратын рамканы орнатыңыз, ол үшін рамкадағы шығыңқылықты корпустағы пазалармен алмастырыңыз, содан кейін рамканы сарт еткізіп бекітіңіз, бекітудің сенімділігін тексеріңіз.



2. Іліктіргіш арқылы картридж отбортовкасын қосып, екі бекіткішті бұрып қойып, картриджді корпусқа салып, орнату керек.




3. Қақпақтың екі шығыңқылығын корпустың пазаларымен алмастырып, аспап бұрыштарына қарай қақпақты корпусқа қысып, қақпақты орнатыңыз.





ТАСЫМАЛДАУ ЖӘНЕ САҚТАУ
Әзірлеуші-кәсіпорынның қаптамасына салынған Тазартқыш жылыту жүйесі бар бөлмелерде төменде келтірілген жағдайларда сақталуы тиіс:

- қоршаған орта температурасы +10°С-ден +40°С-ге дейін;

- ауаның салыстырмалы ылғалдылығы +25°С температурасында 90%-дан артық емес. Аса жоғары температура болған кезде ылғалдылық көрсетілген деңгейден төмен болуы керек;

- сақтау бөлмесінде металл коррозиясына әкеліп соғатын қышқыл буы, шаң болмау керек.

Тазартқыш әзірлеуші-кәсіпорынның қаптамасына салынып, қаптама сыртында көрсетілген «Вверх», «Стекло», «Не бросать» маркировкасына сәйкес тасымалдануы керек.

Тазартқышты қоршаған ауа температурасы -50°С-ден +40°С-ге дейін және салыстырмалы ылғалдылық +25°С температурасында 99% болған жағдайда жабық көлік құралының барлық түрімен тасымалдауға рұқсат етіледі. Тасымалдау кезінде Тазартқышты сенімді түрде бекіту керек.



СЕРТИФИКАТТАРЫ, ҚҰҚЫҚТЫҚ АҚПАРАТ
- Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласындағы бақылау жөніндегі федералдық қызметтің №ФС 022а2006/4149-06 тіркеу куәлігі

- № РОСС RU.ИМ13.В02368 сәйкестік сертификаты

- МЕСТ Р 51609-2000-2а бойынша бұйымды қолданудың потенциалды қауіп-қатеріне байланысты бұйымның болжамды классы

- Бұйым корпусы пластмассадан жасалған, және МУ 287-113 МЗ РФ сәйкес РФ-да рұқсат етілген барлық дезинфекциялайтын құралдармен дезинфекциялауға жарамды

- Климаттық орындау УХЛ 4.2 по ГОСТ 15150-69

- Электрқауіпсіздігі бойынша 1 классты В типті бұйым үшін Тазартқыш МЕСТ Р 50267.0 талаптарына сәйкеседі

- Тазарту технологиясы АҚШ патенттерімен сақталады (http://www.uspto.gov): №6,664,741; №6,727,657; №6,888,314; №6,919,698; №6,937,455; №6,963,479; №7,053,565; №7,122,070.

- Тазартқыш өндірісін Kronos Air Technologies, Inc. (http://www.kronosati.com) лицензияланған келісім-шартына сәйкес «Эол» ЖШҚ-сы іске асырады

- Тазартқыш корпусын «ДизайнВоркс» ЖШҚ-сы әзірлеген (http://www.designworks.ru)

- Техникалық қолдау «TREE» (http://www.tree-air.ru) ресми сайтында

- РФ аумағындағы Бас дистрибьютор «ДезБизнесСервис» ЖШҚ-сы (dbs.ksp@gmail.com).

ОРНАТУ ЖӨНІНДЕ ҚЫСҚАША НҰСҚАУЛЫҚ
Орынды таңдау
Тазартқыш бөлме ішіндегі қабырғаға бекітуге арналып жобаланған.

Орынды таңдау барысында ауа шығарылуы кедергісіз болуын қамтамасыз ету керек.

Бөлме бұрыштарында, жиһаз бен интерьер заттарының маңында бөлменің барлық көлемінде тазартылған ауа циркуляциясына кедергі келтіретін тоқырау аумақтар пайда болады.

Тазартудың аса жоғары тиімділігіне қол жеткізу үшін орнату орнын суретте ұсынылған қашықтықты ескере отырып таңдау керек.

Тазартқышты ауаның айтарлықтай табиғи циркуляциясы бар орындарда орнатқан жөн: терезе, есік, желдеткіш арналар маңында.



Монтаж

Жинақ құрамына кіретін бекіткіштерді сәйкес бағытта орнатып, шуруптардың көмегімен корпусқа бекіту керек.

Қабырға типін анықтап, аспаптың қабырғаға сенімді бекуін қамтамасыз ететін дюбелдің сәйкес түрін таңдау керек.

Осы шаблонға сәйкес қабырғада саңылау белгілеу керек. Дюбель мен винттерді орнату керек (жинаққа кірмейді).





©netref.ru 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет