Жалпы талаптар 1 Мәтінге қойылатын талаптар



жүктеу 116.18 Kb.
Дата17.04.2016
өлшемі116.18 Kb.
: sites -> default -> files
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
files -> Ф 06-32 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
files -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
files -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының

1 АВТОРЛЫҚ ТҮПНҰСҚАҒА ҚОЙЫЛАТЫН


ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР
1.1 Мәтінге қойылатын талаптар
Басылымның редакциялық-баспалық өңделуі және жарыққа шығу мерзімі авторлардың материалды (түпнұсқаны) дұрыс дайындауына байланысты. Компьютерде терілген мәтіннің стандарттар талабына сай даярлануы, қажетті еңбекті және материалдық қорды үнемдеуге себін тигізеді.

Авторлық мәтіндік түпнұсқа 29-115-88 «Авторлық және басылымдық, мәтін түпнұсқалар» ГОСТы талаптарына сай орындалуы тиіс.

Ведомстволық әдебиет басылымның жедел түрімен басылатындықтан, басылып шығатын түпнұсқалар редакцияланған, тексеріліп оқылған және техникалық даярланған авторлық қолжазбадан дайындалады.

Түпнұсқа мәтіні компьютерде электрондық дискетке теріліп, 210х297 мм пішімді стандартты парақ қағаздың бір жағында басылуы тиіс.

Әріптер мен белгілердің қанықтығы бір жолда, бір бетте және қолжазбаның өн бойында біркелкі болуы керек.

Түпнұсқаның нөмірленуі 3-беттен басталады (бірінші және екінші беттер – титулдық бет пен титулдық беттің екінші жағы, оларға бет нөмірлері қойылмайды). Колонцифрлар (беттердің нөмірлері) жақтаулардың (рамканың) сыртына жоғарыда не төменде қойылып, 2 интервал аралық сақталады.

Түпнұсқа компьютермен даярланған жағдайда Wіndows үшін Word 6 немесе Word 7 мәтіндік редакторларына 1,0 интервалмен басылады.

Негізгі шрифт ретінде кеглінің биіктігі 14 Tіmes шрифті пайдаланылады.

Екінші қосымша шрифт ретінде (кесте, суреттер үшін) кеглінің биіктігі 12 пункт кеглді Progmatіca шрифтін қолдану ұсынылады.

Түпнұсқаның бір бетіндегі жол саны 40-тан, ал әрбір жолдағы таңбалар саны, сөздер арасындағы бос орынды қосқанда 60-тан аспауы керек.

Бүкіл мәтін 17х25 см өлшемді жақтауға сыйып орналасуы тиіс, сонымен қатар түпнұсқа беттерінің ақ шеттері: сол жақ және төменгі – 25 мм, жоғарғы – 20 мм, оң жақта – 15 мм болғаны дұрыс.

Тақырыптар бас әріппен, ал тақырыпшалардың бірінші әріпі бас әріппен, қалғандары – кіші әріппен теріледі. Тақырып пен тақырыпшалар негізгі мәтіннен жоғарғы және төменгі жағынан үш интервалмен бөлінеді.

Түпнұсқада қысқа жолдар, яғни беттің басында орналасқан толық емес жолдар болмауы тиіс. Оларды болдырмау үшін, алдыңғы беттегі мәтінді бір жолға қысқартып, не ұзартуға болады.

1.2 Материалдардың кестеде орналасуына қойылатын талаптар
Түпнұсқадағы кестенің сыртқы түрі, оның даяр басылымдағы түрімен сәйкес келуі керек.

Түпнұсқадағы кесте мәтіні бағаналарды шектеген сызықтардан шықпай,

бағаналардың бүкіл бойында біркелкі орналасуы тиіс.

Барлық кестелер жалпы немесе тарау мен бөлім ішінде нөмірленіп, араб цифрларымен белгіленеді (N белгісі цифрдың алдында қойылмайды). Кестенің нөмірі жоғары оң жақ бұрышта кестенің мәтіндік тақырыбы үстіне теріледі. «Кесте» сөзін тақырып ішінде қысқартуға болмайды.

Тақырыптар кестенің үстіне жол ортасында орналасады. Тақырып бас әріптен бастап жазылып, соңында нүкте қойылмайды.

Кестелер мақалада орналастыруға ыңғайлы етіп құрастырылуы және салынуы керек.

Кестенің мазмұнына қатысты ескертулер мен сілтемелерді түпнұсқада тікелей кестенің астына теру қажет.
Әдеттегі кестенің үлгісі:

1-кесте



Пегматит типтері

Ассоциациялар

М и н е р а л д а р







Б а с т ы

Қосымша және сирек кездесетін

Слюдалы пегматтиттерді құрайтын шерл-мусковиті

Кварц, плагиоклаз, калий дала шпаты, биотит, мусковит

Турмалин, апатит және гранаттар, акцессорлы – ортит, монацит, циркон, уранинит



Сирек металды пегматиттерді құ-райтын мусковит - альбит

Кварц, плагио-клаздар альбит), микроклин, мусковит

Берилл, колумбит-танталит, сирек кездесетін – турмалин, гранат, апатит, биотит



1.3 Формулаларға қойылатын талаптар
Формулалар тек компьютермен ғана терілуі керек.

Мәтінде сілтеме жасалған маңызды формулаларды ғана нөмірлеген дұрыс. Формулалардың реттік нөмірі араб цифрларымен дөңгелек жақша ішінде, жолдың оң жақ шетінде белгіленеді. Маңызды, сондай-ақ ұзақ және үлкен формулаларды жеке жолға орналастырады. Мұндай жағдайда формуланы ерекшеленіп тұруы үшін жолдың ортасына, оң жақ (немесе сол жақ) шетіне қарай орналастыруға, созыңқы етіп белгілердің арасын алшақтатып жазуға болады. Нөмірлену – бөлім ішінде немесе барлық материалда болуы мүмкін.

Орынды үнемдеу үшін мәтіннен ерекшеленген бірнеше қысқа ұқсас формулаларды бірінің астына бірін емес, барлығын бір жолға орналастыруға болады.

Мәтін жолдарының ішіне кішірек және өте күрделі емес, өзінше маңызы жоқ

формулаларды орналастырады.

Формулаларды терудің бірыңғай жүйесін сақтау керек. Формулаларды теру кезінде таңбалар мен интервалдар арақатынасын сақтау керек.

Дәрежелік көрсеткіштер мен индекстер түпнұсқада мөлшері жағынан біркелкі және негізгі жолдың деңгейімен салыстырғанда біркелкі көтерілген не түсірілген (төмендетілген) болуы қажет.

Әдеттегі формулалардың үлгілері:
=, а=d, dор=( d2+d1)/2,

Жақшалар биіктігі бойынша өзіне кіретін формулаларды толықтай жауып тұруы және бірдей биіктікте болуы керек. Белгіленуі бірдей бірнеше жақшалар қолданылған жағдайда, сыртқы жақшалар ішкі жақшаларға қарағанда үлкен өлшемде болуы тиіс.

Түпнұсқадағы түбір белгісі түбір астындағы бүкіл мәндерді қамтитындай мөлшерде болуы керек.

Түпнұсқада бөлшектер, әсіресе көп жолды бөлшектер терілген кезде, бөлшектің негізгі сызығы формула құрамына кіретін басқа бөлшектер сызығынан ұзынырақ болуы тиіс.

Химиялық формулаларда символдар мен индекстер компьютерде интервалсыз теріледі. Химиялық реакциялар теңдеулеріндегі белгілерді (қосу белгісі (+), алу белгісі (-), теңдік (=) және т.б.) түпнұсқада интервалдармен беру керек.

Валенттілік пен электрлік зарядтың белгілері түпнұсқада жоғарыда, символдың оң жағында интервалсыз компьютерде теріледі. Химиялық формулалардағы байланыс белгілері компьютерде оларға тығыз жапсарласып тұратындай болып теріледі, байланыстың көлбеу белгілері қосылған жолдардың ортасына жапсарласып тұруы тиіс. Екілік немесе үштік байланыстардың белгілері әріптермен барлық сызықтар арқылы қосылады.


1. 4 Иллюстрациялық материалдарға (суреттерге)

қойылатын талаптар
Суреттің графикалық орындалуының нақтылығы мен анықтығы, жан-жақты іріктелуі - автордың ең маңызды міндеттерінің бірі.

Бүкіл суреттер мәтінмен іштей байланысты болуы керек. Тақырыпқа сай емес, мәтінмен байланысы жоқ немесе бірін-бірі қайталайтын суреттерді енгізуге болмайды.

Суреттер түпнұсқа мәтіні ішінде орналасуы (салынуы, желімделуі немесе көшірілуі) керек. Барлық суреттер ақ-қара түсті, нақты, контрасты, мұқият әзірленген

болуы тиіс. Олардың өлшемі түпнұсқаның ақ шеттеріне шықпауы керек.

Ерекше жағдайларда суретті екі бетте орналастыруға болады, яғни оны қиып және айқара бетке орналастыруға болады (сол жақ бөлімді жұп санды бетке, оң жақ бөлімді - тақ санды бетке). Сурет материалдарына мәтінде түсіндірілмеген немесе сурет астындағы түсініктемеде көрсетілмеген артық бейнелер мен мәліметтерді енгізуге болмайды.

Суреттердің мәтін ішінде орналасуы біркелкі болуы тиіс.

Техникалық кітаптарда әдетте аралас, бірақ тарау немесе басқа бір ірі бөлімнің ішіндегі жеке нөмірленуді де қолдануға болады.
Суреттің үлгісі:





а ә

11-сурет. Атомдық гибридтік sp3-орбитальдарының түзілуі



а – sр3-- орбиталь;

ә – sр3 - гибридтік күйдегі көміртек атомы

1- ҚОСЫМША


Оқу әдебиетінің (оқулықтың) титулдық бетінің орындалу үлгісі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ

ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті

Т.Г. Ильмухамедов

кен қазбаларын жүргізу технологиясы
Республикалық оқу-әдістемелік бірлестігі

оқулық ретінде ұсынған

Алматы 2010

2-ҚОСЫМША


Оқу әдебиетінің (оқу құралының) титулдық бетінің

орындалу үлгісі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ

ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті


Г.Х. Керейбаева

ТАБИҒИ ЖӘНЕ АҒЫНДЫ СУЛАРДЫ

ТАЗАРТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ

Университеттің Ғылыми-әдістемелік кеңесі

оқу құралы ретінде ұсынған

Алматы 2010



3 -ҚОСЫМША


Оқу әдебиетің (оқу құралының) титулдық бетінің екінші жағының орындалу үлгісі
ЖОК 622.267.075

ББК 33.1 я3

И 45
И 45 Ильмухамедов Т.Г. Кен қазбаларын жүргізу технологиясы: оқулық. – Алматы: ҚазҰТУ, 2010 – 283 б. Сурет – 99. Кесте – 37. Әдебиеттер тізімі – 31 атау.

ISBN 9965–843–56–2


Оқулықта кен қазбаларының міндеті мен топтамалары, таужыныстарының негізгі физика-механикалық және кен-техникалық сипаттамалары, олардың қазба тұрақтылығына көрсететін әсері жөнінде мәліметтер берілген. Жыныс сілемдерінің кернеу жағдайы, қазбаларға түсетін тау қысымы және оны анықтау тәсілдері, бекітпе материалдары мен бекіту құрылымдары қаралған. Жазық, көлбеу және тік кен қазбаларын жүргізу технологиялары мен техникалары және жұмысты ұйымдастыру процестері баяндалған. Оқпанмен түйісетін және камералық қазбаларды қазу технологиясы келтірілген. Қазбаларды арнайы әдістер арқылы жүргізу жолдарына көңіл аударылған.

Оқулық жоғары оқу орындарының тау-кен және геология мамандарына арналған, сондай-ақ басқа да «Кен қазбаларын жүргізу» мәтінін оқитын мамандар керекті материалдарын таба алады.

ЖОК 622.267.075


ББК 33.1 я3

Пікір жазғандар: М.І. Жәркенов, техн. ғыл. докторы, профессор;



Ә.Д. Бектібаев, техн. ғыл. докторы;

Қ.Х. Нұғманов, Д.А. Қонаев атындағы Тау-кен

институты, техн. ғыл. кандидаты.


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2010 ылғы жоспары бойынша басылады




© Т.Г. Ильмухамедов, 2010

ISBN 9965–843–56–2 © ҚазҰТУ, 2010

4-ҚОСЫМША


БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАУ

1. ЖИНАҚТАН АЛЫНҒАН БӨЛІМ НЕМЕСЕ МАҚАЛА


Автор. Тақырыбы //Жинақтың тақырыбы. Қала: Баспа, жыл, б.

Мысалы:


Нұрпейісова М.Б. Жыныстар массивінің кернеулі күйін анықтау // Қазіргі ғылым мен техниканың өзекті мәселелері І б. Алматы: ҚазҰТУ, 1994. 178– 180 б.
2. ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ РЕФЕРАТИВТІ ЖИНАҚ
Тақырыбы. Қала: Баспа, жылы, б. (ғыл.-техн. реф. жинақ / Ұйым; Серия.; Шығарылым).

Мысалы:


Целлюлоза, қағаз және картон. М.: ВНИПИЭИ орманшар. 1992. 35б. (Ғылыми-техн. реф. жинақ / ВНИПИ орман шар; Шығ. 5.)
3. ЖУРНАЛДАҒЫ МАҚАЛА
Автор. Мақала тақырыбы // Журналдың аты. Сериясы. Жылы. Нөмірі. б.

Мысалы:


Елшібекова Қ.Н. Инвестициясыз экономика өрге баспайды // Саясат. Экономикалық саясат сериясы. 1998. № 2 (33). 15–19 б.
4. ГАЗЕТ МАҚАЛАСЫ
Автор. Мақала аты //Газеттің аты. Жылы. Мерзімі (күні,айы). б.

Мысалы:
Ақаев С.Н. Қазақ терминін сауатты қалыптастыру // Егемен Қазақстан. 1998.

3 маусым. 5 б.
5. АУДАРМА БАСЫЛЫМ
Автор. Мақала тақырыбы: Басылым түрі (қай тілден аударма. Аудармашының фамилиясы. Қала: Баспаның аты, жылы. б.

Мысалы:


М.Н.Аугустон, Р.П.Балодус. ОС ЕС ПЛ/1-де программалау:

Оқу құралы /Орыс тілінен аударма Р.Оразаев. Алматы: Рауан, 1990. 239 б.

6. АВТОРЛЫҚ КУӘЛАНДЫРУ
А. к. 1007900 КСРО. Тақырыбы /автор (Аты-жөні, елі). №; Хабарланған; Жарияланған, Бюл. № // Бюллетень тақырыбы. Жылы. № . б.

Мысалы:


А. к. 1007900 КСРО. Жаулап алуға арналған құрылғы .../ В.С.Ваулин (КСРО). № 336 058-08; Хабарланған 23.11.81; Жарияланған 30.03.83, Бюл. № 12 // Жаңалықтар. Өнертабыстар. 1983. № 12. 82 б.
7. МӘЖІЛІС МАТЕРИАЛДАРЫ
1. Мәжіліс материалдары, қала, мерзімі (күні, айы, жылы). б.

2. Автор. Баяндаманың тақырыбы / Мәжіліс баянд.тезистері, қала, мерзімі (күні, айы, жылы).

3. Тақырыбы: Мәжілістің баянд. тезисі, қала, мерзімі (күні, айы, жылы).

Мысалы:


1. Мәжіліс материалдары, Москва, 15–16 қараша, 1979 ж.

2. Николаев П. Жарыстар қорытындысы // Мәжіліс баянд. тезисі, Москва, 15–16 қараша, 1979 ж.

3. Жарыстар қорытындысы: Мәжіліс баянд. тезисі, Москва. 15–16 қараша, 1979 ж.
8. ТОЛЫҚТАЙ БАСЫЛЫМ
Автор. Тақырыбы: Оқу құралы .... басылым, өңделген. Қала: Баспа, жылы. б.

Мысалы:


Абланов Б.Ф. Генетикалық минералогия: Оқу құралы. 1-басылым. Алматы: ҚазҰТУ, 1998. 162 б.
9. АВТОРЕФЕРАТ
Автор. Докторлық дис.автореф.: Тақырыбы. Қала: Баспа, жылы.

Мысалы:


Злавдинов Л.З. Докторлық дис. автореф.: Жер анатомиясын сапалы толық зерттеудің физикалық-геологиялық негіздері. Алматы: ҚазПТИ, 1994.

5-ҚОСЫМША


Шығым анықтамалары мен олардың үстіндегі мәліметтердің

орналасу үлгісі
Оқулық басылым


М.Е. Ермағанбетов




МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ ХИМИЯСЫ
Республикалық оқу-әдістемелік бірлестігі

оқу құралы ретінде ұсынған


Оқу құралы
РБ бастығы З.А. Ғұбайдулина

Редакторы К. Мүптекеқызы

Техн. редакторы Ж.Н. Байменова

Компьютерде басып,

терген Л.Т.Қасжанова

Басуға қол қойылды...


Таралымы 500 дана. Пішімі 60х84 1/16. № 1 баспаханалық қағаз. Көлемі 6,0 есепті-баспа табақ. Шартты б.т. 5,6. Тапсырыс №..... Бағасы келісімді.

Қ. И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің басылымы

ҚазҰТУ-дың Ғылыми-техникалық баспа орталығы,

Алматы, Ладыгин көшесі, 32












©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет