Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда



жүктеу 1.91 Mb.
бет11/12
Дата01.04.2016
өлшемі1.91 Mb.
түріАнықтамалық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
: sites -> default -> files
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
files -> Ф 06-32 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
files -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
files -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының

Байтанаев Амантай

(1922-2008)
Амантай Байтанаев 1922 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласында туған.

1940 жылы Отан алдындағы әскери борышын өтеуге аттанады. Ұлы Отан соғысына қатысып, 1943 жылы ауыр жараланып елге оралады. Сол жылы күзде Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетіне түседі де, оны 1949 жылы бітіріп шығады.

А.Байтанаев университетте оқып жүрген кезінен бастап республикалық «Лениншіл жас», «Қазақстан пионері» газеттерінің редакцияларында әдеби қызметкер, бөлім бастығы, жауапты хатшы болып қызмет атқарған. 1950 жылы Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы қайтадан құрылғанда баспаға редакторлық қызметке ауысып, 1958 жылға дейін осы баспада істейді.

А.Байтанаев 1958 жылы Москвадағы М.Горький атындағы әдебиет институтының жанынан ашылған екі жылдық жоғары әдебиет курсын бітіріп келіп, Қазақстан Жазушылар одағында қазақ прозасының әдеби кеңесшісі болып қызмет істеген. 1964 жылы «Жазушы» баспасының проза редакциясына аға редакторлық қызметке ауысып, осы баспада 1973 жылға дейін істейді.

А.Байтанаевтың 1954 жылы Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасы басып шығарған « Болат» деген шағын повестен бастап, көптеген повесть, романдары жарық көрді. «Ерденнің басынан кешкендері» (1957),
«Асан» (1959), «Жаңғырды дала» (1965), «Қайнар бұлақ» (1968), «Таңсәрі» (1969), «Қансонар» (1972), «Қыран самғауы» (1976), «Дала сыры» (1982) т.б. романдары.

«Болат» повесі балаларға, жасөспірімдерге арналған туынды. Жазушының «Ерденнің басынан кешкендері» повесі де оқырман жүрегіне кең жол тауып, көп кешікпей орыс тіліне аударылып жеке кітап болып шықты.

Жазушы өзі бастан кешкен, не өзі куә болған немесе түбегейлі зерттеген тақырыптарға қалам тартады. «Таңсәрі» романы соның айғағы. Сұрапыл соғыс алдындағы ауыл бейнесі, соғыс жылдарындағы ел өмірі майдан уақиғаларымен бірге өріліп, бүкіл ауыр кезеңнің болмысы сан қырымен баяндалған.

1965 жылы жарық көрген «Жаңғырды дала» романында А.Байтанаев сол жылдардағы еңбек адамдарын, олардың бір- бірімен қарым- қатынасын көрсетсе, ал «Қансонар» романында алпысыншы жылдардың аяқ шеніндегі оқиғаларды баяндайды.

Амантай Байтанаевтың аударма саласындағы еңбегі бір төбе. М.Горький, Н.В.Гогольдің кішігірім туындыларын былай қойғанның өзінде, ол А.Чайковскийдің «Біздің жерде таң атты», А.Н.Рыбаковтың

«Жүргізушілер», Н.Голубевтің «Ұшқыннан жалын» секілді романдарын аударып, қазақ оқырмандарына танымал етті. Жауынгер жазушы Амантай Байтанаев шығарма жазудан да қол үзген жоқ.


Шығармалары :
Байтанаев А. Болат: Повесть.- Алматы : ҚМКӘБ, 1954.

Байтанаев А. Ерденнің басынан кешкендері: Повесть.- Алматы : ҚМКӘБ, 1957.

Байтанаев А. Асан: Повесть.- Алматы : ҚМКӘБ, 1959.

Байтанаев А. Жаңғырды дала: Роман.- Алматы: Жазушы, 1965.

Байтанаев А. Қайнар бұлақ: Роман.- Алматы :Жазушы,1968.

Байтанаев А. Қансонар: Роман.- Алматы: Жазушы,1972.

Байтанаев А. Таңсәрі: Роман.- Алматы : Жазушы, 1980.

Байтанаев А. Қыран самғауы: Роман.- Алматы : Жазушы,1982.

Байтанаев А. Дала сыры: Роман.- Алматы: Жазушы,1982.

Байтанаев А.Арайлы таң: Роман.- Алматы : Жазушы, 1987.


Өмірі мен шығармашылығы туралы:
Байтанаев Амантай // Советтік Қазақстан жазушылары : Биобиблиографиялық анықтамалық.- Алматы,1987.- 109 б.

Байтанаев Амантай // Жүрегіңнің жылуын кітапқа бұр: Қазақстан жазушылары. Анықтамалық.1- шығарылым.А- Қ. – Алматы , 2009.



Байтұрсынов Ахмет

( 1873- 1938)
Ахмет Байтұрсынов 1873 жылдың 28 қаңтарында Торғай уезінің Тосын болысында қарапайым шаруа отбасында туған. Ахметтің әкесі Байтұрсын Шошақұлы еті тірі, намысшыл, батыл, сергек адам болған. Бірде ол өзін қолдаушылармен бірге озбырлығы үшін Яковлев деген уездік бастықты сабайды. Осыдан кейін патша үкіметі ағалы- інілі Байтұрсын мен Ақтасты тұтқындап, 15 жылға Сібірге жер аударады.

Әділетсіздік құрбаны болған Байтұрсын мен Ақтастың балалары енді Шошақтың кенжесі Ерғазының тәрбиесінде болады. Ахмет оның көмегімен 1891 жылы Торғайдағы екі кластық орыс- қазақ училищесінде оқиды. Кейін Ахмет Орынборға барып, мұғалімдер мектебіне түсіп, оны 1895 жылы бітіреді.Бұл жылдары Торғай, Орынбор өлкесінде ұлы педагог, әрі жазушы Ыбырай Алтынсарин негізін қалап кеткен, игі дәстүрлері бар мектептер жұмыс істеген. Осы үлгідегі мектептерде оқып, жүйелі білім, тәрбие алған Ахмет 1896 – 1907 жылдары Ақтөбе, Қостанай және Қарқаралы уездерінде ауылдық және болыстық мектептерде, екі кластық училищелерде мұғалім болып қызмет атқарады.

Қарқаралыда мұғалім болып жүргенде әділетсіздікке, патша үкіметінің саясатына қарсы наразылық білдірушілер қатарында болғаны үшін Ахмет Байтұрсынов 1909 жылы шілдеде Семей түрмесіне қамалады. Кейін оны қазақ жерінен тысқары жерлерге жер аударуға үкім шығарылып, 1910 жылдың наурызынан 1917 жылдың соңғы айларына дейін Орынбор қаласында тұрады. Бірақ ол бұл кезеңде де өзінің қоғамдық – саяси, мәдени және әдеби өмірге араласуын тоқтатпайды. 1911 жылы Орынборда оның

«Маса» атты өлеңдер жинағы және аударма мысалдар жинағы басылады. 1913 жылдың наурызынан бастап «Қазақ» атты апталық газет ұйымдастырып, 1917 жылдың қыркүйегіне дейін оның редакторы болып істейді.

1920 жылдардың соңы жалпы ел үшін, оның ішінде Қазақстан үшін аса ауыр болғаны мәлім. Жеке адамға табыну зардаптарының алғашқы нышаны біліне бастаған осы бір тұста интеллигенция өкілдері қудалауға түсті.Ахмет Байтұрсынов 1929 жылдың 2 маусымы күні қамауға алынып, Архангельск облысына жер аударылды. Бұрынғы әр қилы қоғамдық қызметі мен ғылыми еңбектері, шығарған өлеңдері, өзіндік ой- пікірлері сыңаржақ сынға, дәлелсіз даттауға ұшырайды.

Көп ұзамай 1936-1937 жылдардың қуғыны басталды. Ахмет Байтұрсынов та 1937 жылы 8 қазанда тұтқындалып, содан қайтып оралмады. Сөйтіп, көрнекті ғалым, әдебиетші қасірет кездің құрбаны болып кете барды. Оның атына, еңбектеріне ұзақ жылдар бойы бойы тыйым салынды.

Ахмет Байтұрсынов өзінің саналы өмірін қазақ қоғамында білім- ғылым жоғары бағаланып, ағартушылық әбден қалыптасқан кезде бастады. Ол ауыл мектептерінде, семинарияларда халыққа білім беру, оны жетілдіру саласында көп ізденді. Көптеген мақалалар, еңбектер жазды. «Әліп- би»,

«Тіл құралы», «Әдебиет танытқыш» атты кітаптар шығарды. Қазақ тілінің табиғаты, өзгешеліктері, араб алфавитінің жайы, терминдер, қазақ тілін оқытудың методикасы туралы көптеген мақалалар жазды.

Ахмет Байтұрсынов өмірі мен қызметінің тағы бір салмақты саласы – ақындық, аудармашылық еңбегі. Ол бала кезінен қазақ ішінде көркемсөз құдыреті жоғары саналатынын көріп, естіп, сезініп, ойланып өскенге ұқсайды. Саналы өмірге аяқ басқан кезде халық поэзиясы мен Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин шығармаларын, орыс әдебиетін оқыды. Мұның бәрі қоғамдық ой- пікірде тынымсыз ізденген өмірге құштар жас Ахмет үшін текке кетуі мүмкін емес еді.Сондықтан ол айналаны тану, сезіну қалпын поэзия тілімен, өлеңмен жеткізуге ден қояды.

Ахмет Байтұрсынов қалдырған бай мұраның тағы бір саласы – оның көркем аударма дамуына қосқан үлесі. Ол алғаш рет аударма жинақ бастыру ісін бастаушы болды. Ол орыстың классик жазушысы И.А.Крылов мысалдарының бір тобын қазақ тіліне аударып, «Қырық мысал» деген атпен Петербургте 1909 жылы жеке кітап етіп бастырды.

Ахмет Байтұрсыновтың 50 жасқа толуына С.Сейфуллин де, М.Әуезов те мақала арнаған.Оларда Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен қызметіне жан- жақты баға берілді.

«Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаңның салған әдебиеттегі орны, «Қырық мысал», «Маса», «Қазақ» газетінің 1916 жылдағы қан жалаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер – білім, саясат жолындағы қажымаған қайраты- біз ұмытсақ та , тарих ұмытпайтын істер болатын»,- деп жазды Мұхтар Әуезов.


Шығармалары:
Байтұрсынов А. Ақ жол: Өлеңдер мен тәржімалар, публ. мақалалар және әдеби зерттеу.- Алматы: Жалын,1991.

Байтұрсынов А.Әліп- би: Оқулық( Жаңа құрал ).- Алматы: Рауан,1998.

Байтұрсынов А. Жан сөзімді кім түсінер ?: ( Өлеңдері мен аудармалары).- Алматы: Қазақстан ,1994.

Байтұрсынов А.Жаңа низам.- Алматы: Жеті жарғы,1996.

Байтұрсынов А.Жоқтау.- Алматы: Жазушы ,1993.

Байтұрсынов А.Тіл тағылымы: ( Қазақ тілі мен оқу – ағартуға қатысты еңбектері ).- Алматы: Ана тілі,1992.


Өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер :
Ахмет Байтұрсынов (1873-1937) педагогикалық көзқарастар

//Жарықбаев Қ.,Қалиев С.Қазақ тәлім- тәрбиесі.- Алматы,1995.

Ахаңның елу жылдық тойы // Бес арыс.- Алматы, 1995.

Балақаев М.Ахмет Байтұрсынов: (Қазақ тіл біліміне сіңірген еңбегі ) //Балақаев М.Зерде баспалдақтары.- Алматы,1992.

Кәкішев С. Қайта қауышу// Бес арыс.- Алматы,1992.

Кәкішев С.Сәкен А.Байтұрсынов туралы // Бес арыс.- Алматы,1992.

Қирабаев С. Ахметтің ақындығы // Қирабаев С.Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері .- Алматы,1995.

Сыздықова Р. А.Байтұрсынов- ағартушы, ғалым, қоғам қайраткері

// Зауал.- Алматы,1991.

***
Ахмет Байтұрсынұлы ( Материалдар) // Жалын.- 2009.- № 6.

Анаш Д. Ахмет Байтұрсынов атындағы Алаш мұрасын зерттеу орталығы ашылды // Алматы ақшамы.-2008.-22 қараша.

Ашекеева К. Ахмет Байтұрсыновтың ғылыми- теориялық мұраларындағы тілдің философиялық мәселелері // Саясат.-2006.-№4.

Әбдиманұлы Ө.Алаштың ардағы // Қазақ әдебиеті.- 2008.- 23 желтоқсан.

Имаханбетова Р.Ахаң «Әліпбиі» - рухани игіліктердің төлбасы

//Ақиқат.-2008.- № 6.

Құрманбайұлы Ш. Терминолог // Егемен Қазақстан.- 2008.- 12 қараша.

Нұрғали Р. Ұлт ұстазы // Егемен Қазақстан.- 2007.- 26 қыркүйек.

Бақбергенов Сәуірбек

(1920-1997)
Көрнекті қазақ жазушысы Сәуірбек Бақбергенов 1920 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданында туған. Түркістан балалар үйінде тәрбиеленген ол темір жол және педагогика училищелерін бітірген соң Шымкент мұғалімдер институтына түседі.

Ұлы Отан соғысына бастан- аяқ қатысып, елге оралған жазушы республикалық қазіргі «Егемен Қазақстан» газетіне әдеби қызметкер болып орналасады. Осында оның очеркші, жазушы ретіндегі таланты жарқырай танылды. 1950 жылы «Жазушы» баспасынан алғашқы очерктер мен әңгімелер кітабы жарық көрді.

С.Бақбергенов жиырмадан астам романдар мен повестер кітабының авторы. Жазушы шығармалары орыс, белорус, грузин, армян, қырғыз , өзбек, ұйғыр, татар, эстон тілдеріне аударылған.

Бірқатар республикалық газеттерде жұмыс істегеннен кейін Сәуірбек 1955 жылы «Жазушы» баспасында редакция меңгерушісі, 1976 жылы Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының аппаратында қызмет атқарған. Сәуірбек Бақбергенов үзбей еңбектенген байсалды қаламгер, журналист, жазушы. Кешегі Ұлы Отан соғысының, бүгінгі қазақ әдебиетінің қажырлы жауынгерлерінің бірі.

Сан алуан тақырыпқа қалам тартты. Соның ішінде сүйіп жазатын тақырыбының бірі – спорт. Бұл қазақ әдебиеті үшін игерілмеген тың. Ал тыңға алғаш боразда салудың қиындығы баршаға мәлім. Жазушының осы бір соны тақырыптағы, оның ішінде боксшылар туралы жазған әңгіме- очерктерін былай қойғанда: «Он үш нөмірлі ойыншы», «Самолет қанша тұрады?», «Абсент қандай жігіт, өзі» деген повестерін атап айту керек. Бұл- бір. Екіншіден, журналист ретіндегі ұшқырлығы да жастарға үлгі боларлықтай қасиет. Осы журналистік жазушылығы не берді ? Біз бұған іркілмей айтар едік- мол тақырып, кесек- кесек оқиға, тұлғалы кейіпкер берді деп. Өнер адамдары – Дина Нұрпейісованы, Кенен Әзірбаевты, Әсет Найманбаевты, Дәнеш Рақышевті, Роза Бағланованы тапты. Сөйтіп, өз алдына өнер адамдарының галереясын жасады. Шоқанға ілесіп саяхатқа шықты. Нұрмолда Алдабергенов, Николай Головацкий, Мариям Ниязова , Сара Ноғайбаева, Зылиқа Тамшыбаева тәрізді адал еңбегімен халық жүрегінің ізгілігіне бөленген азаматтарды таныды және осы образдарды қаз қалпында әдебиетімізге алып келді. Сондықтан Сәуірбек Бақбергенов шығармалары кейіпкерлерінің өз мінезі секілді қарапайым, түсінікті.

Жазушының кезінде, әсіресе, әдебиетші қауым арасында екі ұдай пікір туғызған шығармасы – «Қайран шешем». Бұл оның ең көп зерттеген дүниесі. Динаны көзімен көрген, сан рет ауызба- ауыз сөйлескен. Сөйтіп ең алдымен ол туралы «Ақсақ киік» деген әңгіме жазды. Кейін «Күйлер» деген кітап шығарады. Одан соң «Дина» деген повесть жазды. Ең соңында

«Қайран шешем» атты роман жарық көрді.

Талант дегеніміздің басым көпшілігі еңбек екені жұртшылықтың бәрі мойындайтын ақиқат. Ендеше келтірілген фактілер Сәуірбек Бақбергеновтың қаншалықты еңбекқор жазушы екенін дәлелдей алса керек.

Дина үлкен талант иесі. Оқыған – тоқығаны болмаса да көкірегі зерделі, әсемдікке ғашық, бірақ рухани нәзік жан. Сол нәзік адамның Құрманғазы сыйлаған қара домбыраға деген ықылас – ілтипаты қандай таза. Жазушы қаламы күйші ананың осындай тұстардағы жүрек лүпілін тап басып отырады. Содан соң өмірден алған әсерлерінің қос ішектен күй болып төгілу процесі де нанымды, нақышты әңгімеленген.

Сәуірбек халық қазынасын көп зерттеген жазушы. «Қарға тамған қанда» осының бір әдемі мысалы бар. Үнді халқының аңызы бойынша құдай « дүниедегі жүзінші пенде етіп жігітті» жаратыпты. Жарату себептері қызық- ақ. Құдайға жігітті жарату қандай керек болса, мына сұрапыл соғыс үстінде аты аңызға айналған батыр Бауыржанның халыққа сондай қажет екенін жазушы аңыздың астарымен көкейге қонымды ұштастырған.

Сәуірбек Бақбергеновты Отан алдындағы еңбегі мен әдебиетке қол жеткізген жетістіктері үшін І дәрежелі Отан соғысы орденімен, көптеген медальдармен наградтады. Төрт мәрте Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен дәріптелген. 1996 жылы Қазақстанның халық жазушысы деген құрметті атаққа ие болды.
Шығармалары :
Бақбергенов С. Екі томдық шығармалар.- Алмсаты: Жазушы, 1980.

Бақбергенов С. Алтынемелден асқанда: Очерк және әңгімелер.- Алматы : Қазмемкөркемәдеббас, 1961.- 124 б.

Бақбергенов С. Адам және көлеңке: Роман.- Алматы: Жазушы, 1969.

Бақбергенов С.Белгісіз солдат: Деректі повестер мен әңгімелер.- Алматы : Жазушы, 1977.- 264 б.

Бақбергенов С. Бозторғай: Повесть.- Алматы: Өнер,1981.- 96 б.

Бақбергенов С. Ақсақ киік аңызы.- Алматы: Жалын, 1982.- 23 б.

Бақбергенов С. Қазығұрттың басында кеме қалған: Әңгімелер.- Алматы: Жалын, 1984.- 120 б.

Бақбергенов С. Алтын адам: Аңыз- хикая .- Алматы: Жалын, 1985.-72 б. Бақбергенов С. Алтын күрек: Роман.- Алматы: Жазушы, 1986.- 152 б.

Бақбергенов С. Ақ бозатты ару: Роман.- Алматы: Жалын, 1986.- 280 б.

Бақбергенов С. Бөрте Шыңғысханның жұбайы.- Алматы: Жазушы, 1993.

Бақбергенов С. Қарға тамған қан: Роман.- Астана: Елорда, 200.- 352 б.
Өмірі мен шығармашылығы туралы :
Арналы жазушы: (С.Бақбергеновтың шығармашылығы туралы) //Қа-

зыбеков Н. Ой таразысы.- Алматы, 1991.- 80-85 б.

Бақбергенов Сәуірбек // Советтік Қазақстан жазушылары:

Биобиблиографиялық анықтамалық- Алматы: 1987.- 111 б.

Үлкен өмір іздері: (Жазушы С.Бақбергенов туралы) // Бердібаев Р.Замана сазы.- Алматы, 1985.- 311 б.

Доспанбетов Ұ. Әдебиетке жауынгер шинелімен келген: (Жазушы Сәуірбек Бақбергенов) // Егемен Қазақстан.- 2010.- 13 сәуір.

Нысаналин А. Төрт таған . 4. Күнгей мен теріскей: (Сәуірбек Бақбергенов туралы ) // Алматы ақшамы.- 2009.- 26 ақпан.

Бақтыгереева Ақұштап

(1944)
Ақұштап Бақтыгереева Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданында 1944 жылы 23 қыркүйекте туған. 1966 жылы Қазақ қыздар педагогикалық институтын бітіріп, облыстық «Орал өңірі», республикалық «Қазақ әдебиеті», «Жұлдыз» басылымдарында, «Жазушы» баспасында қызмет істеген. Тұңғыш кітабы «Өрімтал» (1967), кейіннен «Наз» (1969),

«Қуанышым, іңкәрім» (1971), «Сені ойлаймын» (1973), «Ақ қанат» (1975), «Бақыт әні» (1978), «Жайық қызы» (таңдамалысы , 1980 ), «Белокрылая» 1981), «Ақжелең» (1985), «Сүмбіле» (1990) кітаптары басылып шықты. Оның азаматтық үні «Трибун- ақын», «Ақ жайықтың көз жасы», «Елдің – бірлігі»,

«Оралдағы ойран» өлеңдерінде көрінді.

Ақұштап өлеңде тақырыбын тапқан, жұртшылыққа өзіндік үнін танытқан, бүгінгі қаламгерлер сапында лайықты орны бар ақын. Заман мен адам, бізді қоршаған табиғат дүниесі, жалпы адамзат тағдыры жайында оқырмандарымен үнемі сырласып отыратын лирик ақын.

А.Бақтыгереева шығармашылығының алтын діңгегі – қазақ даласы, оны мекендеген адамдар. Ақынның бірқатар өлеңдерінде өмірбаяндық сипат анық сезіліп отырады, өйткені оның қаламынан туындаған таңдаулы шумақтар жүрек түкпірінен шымырлап қайнап шыққан өмір беттеріне айналған дүниелер. Ақұштап ақын басты назарын адамның ішкі дүниесіне, тағдырына , адам өмірінің өзекті түйіндеріне аударады: адам арлы, адал, қажырлы болуға тиіс.

Туған елге деген сүйіспеншілік, махаббат жайлы толғану, ана тілі тағдыры мәселелері ақын поэзиясының шұрайлы мазмұнын құрайды.

Ақұштап Бақтыгерееваның шығармалары поэтикалық қуатымен, тілінің шұрайлылығымен қазақ поэзиясына жаңа өрнек алып келді. Ақұштап ақын өлеңдері нәзік адалдығымен ерекшеленіп, өз оқушысының жүрегіне жол тауып жүр. Ақын адамның ішкі дүниесіне, ішкі сырына көбірек назар аударады. «Советская женщина» журналы кезінде «жылдың ең үздік өлеңдері» сыйлығын орыс тіліне аударылса да, нәрін жоғалтпаған Бақтыгереева жырларына жайдан-жай бере салған жоқ.

Ақынның «Белокрылая», «Песня, мечта, любовь» сияқты жинақтарындағы жырлары орыс оқырмандарының да игілігіне айналды.

Бір томдық таңдамалы жыр кітабы да жарыққа шықты. Ақұштап поэзиясы бүгін де оқылып жатқаны оның шыншылдығында, өмір де де, өнер де де із қалдыру әдебиетшінің абыройлы борышы деп түсінетін Ақұштап ақын өзгеге ұқсамайтын әдеби мінез, өзгеге ұқсамайтын бояумен дараланады. Не жазып, не қойса да ақын өзінің ең алдымен ана екенін, әйел екенін ұмытқан жоқ. Оның «Бесік тербетіп отырып жыр жазамын» деуі де осыдан болар.

Оның махаббат, туған жер мен елі, заман туралы жырлары ойшылдығымен, көркем тілімен, нәзік сезімімен оқырман жүрегін баурап алады. А.Бақтыгерееваның сөзіне ән жазған композиторлар Б.Жұманиязовтың «Мектебіме» Б.Оралұлының «Алғашқы көктем», «Жүрек сөзі» , А.Жайымовтың « Аққулар» әні көпшілік арасында кең тараған әндер.

Ақынның жаңа жинағы «Ақ шағала» деген атпен 2001 жылы жарыққа шықты. «Ақ шағала»- Ақұштап Бақтыгереваның поэзия саласындағы жемісті жұмысының нәрлі нәтижесі, ақынның үздіксіз өсу үстінде келе жатқандығының күмәнсіз дәлелі. Ақұштап Бақтыгереева бүгінде шабыттың шалқар жасында, үнемі ізденіс үстінде, шығармашылық жұмыста. Оның өлеңдері мерзімді баспасөз беттерінде жарияланып жүр.
Шығармалары :
Бақтыгереева А. Қуанышым, іңкәрім: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1971.

Бақтыгереева А. Сені ойлаймын: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1975.

Бақтыгереева А. Ақ қанат: Өлеңдер.- Алматы: Жапзушы, 1975.

Бақтыгереева А.Бақыт әні: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1975.

Бақтыгереева А. Жайық қызы: Өлеңдер.- Алматы: 1980.

Бақтыгереева А. Ақжелең: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1985.

Бақтыгереева А. Сүмбіле: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы,1990.

Бақтыгереева А. Ақ шағала.- Алматы: Өлке, 2001.


Өмірі мен шығармашылығы туралы:
Бақтыгереева Ақұштап // Советтік Қазақстан жазушылары: Биобиблиографиялық анықтамалық.- Алматы, 1987.- 114 б.

Бақтыгереева А. Парасат – жүрек санасы: (Замана, ұрпақ тәрбиесі және өзінің шығармашылығы туралы ) // Егемен Қазақстан.- 2006.- 7 ақпан.

Есдәулет Ұ. Ақ шағала ақын, Ақ жайық жырлар: ( Ақын Ақұштап Бақтыгереева 60 жаста) // Қазақ әдебиеті.- 2004.- 22 қазан.

Кекілбайұлы Ә. Айдында жүзген ақ желкен: (Ақұштап Бақтыгереева шығармашылығы жайында бір үзік сыр) // Егемен Қазақстан.- 2004.- 21 тамыз.

Сомжүрек Ж.-Н. Сезім мен ойдың өрімі: (Ақын Ақұштап Бақтыгерееваның поэзиясы) // Әдебиет айдыны.- 2006.- 8 наурыз.


Балғабаев Сұлтанәлі

(1946)
Балғабаев Сұлтанәлі Базарбайұлы 1946 жылы 21 мамырда Қызылорда облысы Сырдария ауданындағы «І Май» кеңшарында (қазіргі Шиелі ауданы Мұстафа Шоқай ауылы) дүниеге келген. 1953- 64 жылдар аралығында осы ауылдағы № 40 С.Орджоникидзе атындағы он бір жылдық мектепте оқыған.

Мектеп бітіргеннен кейін 1964- 1966 жылдар аралығында туған ауылында шопан болған. Өлең жазуды мектепте оқып жүрген кезінде бастаған. С.Балғабаев 1966 жылы жас ақындардың республикалық фестивалінің жүлдегері атанған. 1966 жылы қазіргі Әл- Фараби атындағы ұлттық университеттің журналистика факультетіне түсіп, оны 1971 жылы бітіріп шыққан. С.Балғабаев университетті бітіргеннен кейін « Білім және еңбек» (Зерде), «Мәдениет және тұрмыс» («Парасат») журналдарында,

«Жалын» баспасында, Қазақстан Жазушылар одағында қызмет істеген. Он жылға жуық Ғ.Мүсірепов атындағы Мемлекеттік академиялық жастар мен балалар театрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі болған.

С.Балғабаев шетелдегі қазақтармен байланыс жасау жұмысына да тұрақты ат салысып келеді. Ол – 1992 жылғы әлем қазақтары құрылтайын ұйымдастырушылардың бірі. Қазір осы құрылтайда құрылған Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары болып жұмыс істейді.

С.Балғабаев жетпісінші жылдардан бастап республикалық баспасөзде көркем публицистика мен прозашы ретінде таныла бастаған. Оның қаламы-

нан туған «Қошқар баққан Байеке ақын», «Айманды алып қашқанда» атты әңгімелері мен «Қызыл кітапқа кіретін халық» топтама мақаласы кезінде

«Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланған жылдың үздік шығармасы ретінде бағаланған.

Сондай- ақ Балғабаевтың жекелей шығармалары украин, өзбек, қарақалпақ, түрік т.б тілдерге аударылған.

С.Балғабаевтың алғашқы өлеңдері 1975 жылы «Жазушы» баспасынан шыққан «Көктем тынысы» атты жас ақындар жинағына кірген.1977 жылы

«Жалын» баспасынан «Тұңғыш» атты толғауы мен өлеңдер жинағы жарық көрген.

1978 жылы «Жалын» баспасынан «Жұлдызың жансын» атты қазақ спортшылары туралы деректі повестер мен әңгімелер жинағы шыққан.

1978 жылы «Жалын» баспасынан С.Балғабаевтың «Алтын сағым» атты повестер мен әңгімелер жинағы жарық көрген. Бұл кітапқа «Дайралықтың тағдыры», «Ай астымен кеткен ат», «Қызыл сырнай» атты повестері енген.

1982 жылы «Жалын» баспасынан «Құм мен қызғалдақ» атты кітабы шықты. Бұл жинаққа « Қырық бірінші бетпе- бет», «Қошқар баққан Байеке ақын» сияқты повесть, әңгімелері енген. 1984 жылы « Жалын» баспасынан « Шөл» атты кітабы жарық көрген. Бұл жинаққа «Ұрпақ», «Қара жөң мінген шал Абыл», «Ақбөкенді айдала» атты белгілі повестері мен «Айманды алып қашқанда», «Ғажайып көктем» сияқты әңгімелері топтастырылған.

1988 жылы «Жазушы» баспасынан «Дала мен дария» атты кітабы жарық көрген. Бұл жинаққа «Кіндік қаның тамған жер» повесі, «Педучилищенің қызы», «Түнгі кездесу», «Ғашықтар» атты әңгімелері енген.

1992 жылы «Жалын» баспасынан орыс тілінде «Красная гармонь» атты жинағы шыққан. Бұған жазушының орыс тіліне аударылған бірнеше повесі мен әңгімелері енген.

Балғабаев қазақ халқының ұлттық рухани мәселелері, ана тілінің тағдыры, әдебиет пен өнердің бүгіні мен болашағы туралы көптеген мақалалар жазған. Бұл шығармалары 1998 жылы «Қазақстан» баспасынан

«Қазақтың қызыл кітабы» деген атпен жеке жинақ болып шықты.

С.Балғабаев драматургия саласында да жемісті еңбек етіп келеді. Оның төмендегідей пьесалары сахнаға қойылған. «Қыз жиырмаға толғанда» - екі бөлімді пьеса.1983 жылы жазылған.1985 жылы – Ғ.Мүсірепов атындағы мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрында, Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай музыкалы музыкалы драма театрында, Талдықорған облыстық қазақ театрында, Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ драма театрында, Абай атындағы Семей облыстық қазақ драма театрында , Махамбет атындағы Атырау облыстық театрында, С.Хожаниязов атындағы қарақалпақ мемлекеттік жастар театрында, Алматыдағы республикалық ұйғыр театрында және басқа да театрларда қойылды.

1986 жылы жазылған «Біз де ғашық болғанбыз» екі бөлімді пьесасы, 1987 жылы жазылған «Қазақша күрес» - екі бөлімді музыкалы сатиралық комедиясы, 1988 жылы жазылған «Әйелдер әлемі немесе ең жақсы еркек» екі бөлімді трагикомедиясы, 1990 жылы жазылған «Ең әдемі келіншек» - екі бөлімді лирикалық мұң пьесасы еліміздің және туысқан республикалар театрларында қойылды. Қарақалпақстан жастар театрында қойылған «Ең әдемі келіншек» спектаклі Өзбекстан республикасы театрларында – наурыз фестивалінде ең үздік режиссура және үздік әйел бейнесіне арналған екі бас жүлдені жеңіп алды. Сондай-ақ бұл спектакль Түркістандағы Хожа Ахмет Иассауи атындағы университеттің театрында қазақ және түрік тілдерінде қойылды.

«Ғашықсыз ғасыр» - екі бөлімді пьеса. 1995 жылы жазылған. 1996 жылы М.Әуезов атындағы қазақ драма театрында қойылған.

«Тойдан қайтқан қазақтар» - екі бөлімді комедия. 1994 жылы жазылған. Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында қойылған.

«Жымбала, Мико және қасқыр» - балаларға арналған екі бөлімді музыкалы пьеса. 1994 жылы жазылған. Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер тетрында, Ж.Шанин атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық театрында қойылған.



1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет