Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда



жүктеу 1.91 Mb.
бет2/12
Дата01.04.2016
өлшемі1.91 Mb.
түріАнықтамалық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
: sites -> default -> files
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
files -> Ф 06-32 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
files -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
files -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының

Айбергенов Төлеген

(1937- 1967)
Төлеген Айбергенов!..

Оның есімін тебіренбей еске алу мүмкін емес.

Төлегеннің қып- қысқа ғұмыры қазақ жырына жаңа бір көктем әкелген бір сәттік қана жұлдызды дәуренге ұқсай келіп, оған деген сағыныш жаз ортасы ауа көктемді сағыну басталғанда қадірін сездірер жауқазынды еске түсіретіні бар...

Әрине, бұл шартты теңеу ғана. Сол бір сәттік жұлдызды дәурендей ғажайып ақын поэзияға, туған халық жырына анау- мынау дейтін жылдың жақұт- жемісін беріп кетті.

Төлеген Айбергенов алғашқы өлеңдерімен- ақ әдебиетке ақын болып келді. Сондықтан да ол өлеңқұмар жұртшылықтың назарын аударып, бірден елең еткізді.

Жас болғанымен жалынды ақынның алғашқы жинағы «Арман сапары» 1963 жылы жарық көрді. Кітап ақынның әр кезде жазылған бірнеше шағын өлеңдерінен құралған. 1965 жылы «Өмірге саяхат» атты екінші жинағы шықты. Міне, жұп-жұқа осы жинақ – ақынның көзі тірісінде жарық көрген барлық туындылары. Ал, 1968 жылы, яғни ақын қайтыс болған соң бір жыл өткеннен кейін «Құмдағы мұнарлар» кітабы жарық көрді. Оның өлеңдері топталып, 1970 жылы «Мен саған ғашық едім», 1975 жылы «Аманат» деген аттармен басылып шықты.1981 жылы «Біздің лауреаттар» айдарымен «Бір тойым бар» деген кітабы және жарық көрді.

Төлеген Айбергенов Өзбекстан Республикасына қарасты Қарақал-

пақстанның Қоңырат совхозында 1937 жылы 8 наурыз күні дүниеге келген. Ақынның әкесі Айберген ептеп ескіше оқығаны бар, әділдікті мұрат еткен, қиянатқа төзбейтін, сөзге шебер, шешен кісі болыпты. Шешесі Жібек те халықтың аңыз-әңгімелерін, ертегілерін және өлең-жырларын жатқа соғатын, сегіз қырлы, бір сырлы, ділмар адам екен.

Әкесі ерте қайтыс болады да, ақын шеше тәрбиесінде өсіп ержетеді. Он жылдықты бітірген Төлеген 1954 жылы Ташкенттің Низами атындағы педагогика институтының филология факультетіне оқуға түсіп, оны 1959 жылы бітіріп шығады. Институтты бітірген жылы туған жеріне барып

қызметке орналасады.

1962 жылы Шымкент облысының (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы) Сарыағаш ауданына көшіп келеді. Кейін Алматыға қоныс аударады. Ол мұнда «Лениншіл жас» ( «Жас Алаш») газетінде және Қазақстан Жазушылар одағында түрлі жұмыстар атқарды, негізінен шығармашылық жұмыстармен шұғылданды. Ғұмырының өтіп бара жатқанын сезе ме, ақындық талантын ұштай түседі. Өлеңдері бірінен бірі асып, ел аузына іліне бастайды. Сөйтіп жүргенде, дәлірек айтқанда 1967 жылы 29 тамызда Төлеген Айбергенов Қарақалпақ астанасы – Нөкіс қаласында қайтыс болады.

Сөйтіп ақын небәрі отыз- ақ жыл өмір сүрді. Бірақ өзі айтқандай Төлеген Айбергенов өз биігінде - өмірі мен өнерінің биігінде көз жұмды.

Ақын Мұхтар Шаханов былай деген еді: «Ұшу заңы құс атаулының бәріне тең. Бірақ қай құс қалай ұшады? Мәселе сонда. Әдебиет аспанында да алуан ауқымды қанаттардың суылын естуге болады. Кейде шымшық екеш шымшықтың да «Тамаша ұшып жүрмін, маған жерде қаншама кез қызыға қарап тұр» - деп масайрауы кәдік. Әйтсе де жұрт назары аспан жолын айшық- ұйшық қайшылаған ұсақ қанаттарда емес, көк тәңірісі – қырандарда ғана. Ал қырандар саусақпен санарлықтай, кей тауларда алтау, жетеу, сегіз... Тіпті онан аз болуы мүмкін. Төлеген Айбергенов осындай құдіретті топтың өкілі еді. Оның артында қанатының суылы мен ешкімді қайталамайтын қыран даусы жыр құмар қауымның есінде мәңгі қалып қойды!»

Шығармалары:
Айбергенов Т.Аманат: Таңдамалы өлеңдер.- Алматы : Жазушы,1975.- 206 б.

Айбергенов Т. Арман сапары: Өлеңдер.- Алматы : Қазмемкөркемәдеббас,1963.-60 б.

Айбергенов Т.Бақшаға саяхат: Өлеңдер.- Алматы : Жалын,1985.- 17 б.

Айбергенов Т. Бір тойым бар: Поэма мен өлеңдер.- Алматы : Жазушы, 1989.-304 б.

Айбергенов Т.Құмдағы мұнарлар: Өлеңдер.- Алматы : Жазушы,1968.-

68 б.


Айбергенов Т. Мен саған ғашық едім: Өлеңдер.- Алматы: Раритет,2005.-200 б.

Айбергенов Т. Өмірге саяхат: Өлеңдер.-Алматы. Жазушы, 1965.-76 б.

Айбергенов Т. Таңдамалы өлеңдер .- Алматы : Жазушы, 1997.- 255 б.

Айбергенов Т. Аруана – бауыр дүние: Өлеңдер.- Алматы: Атамұра,2003.- 208 б.


Өмірі мен шығармашылығы туралы :
«Біргемін мен сендермен» / Құраст. Қ.Әділов, С.Төлегенқызы.- Алматы : Жазушы, 1997.- 256 б.

« Оқушым, риза бол, аз барымен» немесе Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты, ақын Төлеген Айбергенов рухына хат - толғаныс

// Ерімбетов М. Аманат.- Алматы, 1991.- 222 б.
***
Айбергенов С. Алтын қанжар : Төлеген Айбергенов- 70 // Қазақ әдебиеті.- 2007.- 9 наурыз.-12- 13 б.

Асабаев З. Мен білетін Төлеген (Т.Айбергенов туралы бір үзік сыр)

//Парасат.- 2007.- №3.-20- 21 б.

Елубай С. «Мен марттағы найзағай күркірімін»: Ақын Т.Айбергеновтың шығармашылығы туралы // Егемен Қазақстан.- 2007.- 7 наурыз.-1 б.

Жақып Б. «Сендей саңлақ өмірге келер ме екен қайтадан...» // Жұлдыз.- 2007.- №3.- 142- 151 б.

Кеңшілікұлы А.Сағыныштан жаралған ақын // Қазақ әдебиет.- 2010.- 30 сәуір.- 10 б.

Көбентаев Ә. Бір тойын тойламаған Төлеген ( Айбергенов) // Қазақ әдебиеті.- 2005.- 4 наурыз.- 2 б.

Неталиев М. Келіп тұрған алдыңа Айбергенов: (Ақын Т.Айбергенов туралы естелік) // Жалын.- 2007.- №3.- 18- 24 б.

Оспан С. Құйма жырдың киесіндей ақын немесе Айбергенов жыр- көшімен сырласу // Жалын.-2007.-№3.- 25- 31 б.

Аймауытов Жүсіпбек

(1889- 1931)
Аймауытов Жүсіпбек -1889 жылы Павлодар облысының Баянауыл деген жерінде туған. Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай, Қуан текті, дәулетті, атақ - абыройы біткен, ел арасындағы білікті кісілер. Жүсіпбек жастайынан арабша хат тану, оқу үстіне, ағаш шеберлігі, темір ұсталығы өнерін қатар үйренген. Он бес - он алты жасында Павлодарға қашып барып, орысша- қазақша екі класты мектепке түседі. Бір жағынан, бала оқытып, қаражат таба жүріп, оқуын 1914 жылы бітіреді де, Семейдегі оқытушылар семинариясына түседі. Оны 1918 жылы аяқтайды.

Ж. Аймауытов 1911-14 жылдары ауылда мұғалім, 1919- 22 жылдары Республикалық Халық ағарту комиссариатында алқа мүшесі, Семей губерниясының оқу бөлімінің бастығы, «Қазақ тілі» газетінің редакторы, 1922- 24 жылдары Қарқаралыда мұғалім, 1924- 26 жылдары «Ақ жол» газетінде әдеби қызметкер (Ташкент), 1926- 29 жылдары Шымкенттегі педагогикалық техникумының директоры қызметтерін атқарған. 1929 жылы басталған кеңестік қуғын- сүргін кезінде қамалып, 1931 жылы атылды. Әлеуметтік төңкерістер заманында өмір сүрген Ж.Аймауытов өзінің қысқа ғұмырында артына аса бай әдеби, ғылыми мұра қалдырды.

Ол В.Шекспир, В.Гюго, Г.Мопассан, А.С.Пушкин, Р.Тагор, Н.В.Гоголь, Л.Н.Толстой, Дж.Лондон шығармаларын, «Интернационалды», бірқатар ғылыми еңбектерді қазақ тіліне аударды. Педагогикалық, психологиялық, әдістемелік, эстетикалық тәрбие туралы зерттеулер жазды; әдебиет, эстетика, сын саласына араласты; сан алуан публицистикалық мақалалар жазды;

«Қартқожа», «Ақбілек» романдарын, «Күнікейдің жазығы» повесі», Шернияз», «Ел қорғаны», «Мансапқорлар» пьесалары, «Комплекст оқу жолдары», «Жан жүйесі», «Өнер таңдау», «Мағжанның ақындығы туралы» ғылыми еңбектері- күрделі дарынның қазақ әдебиеті тарихындағы өлмейтін орны бар шығармалары. Ж.Аймауытовтың «Қартқожа», «Ақбілек» сияқты романдары сюжеттік құрылымы күрделі, көп желілі, кең тынысты, кейіпкер бейнесін ол өмір сүрген, тіршілік кешкен орта ауқымында , жан - жақты мүсіндейтін қазақ әдебиетіндегі алғашқы көлемді эпикалық шығармалар.

Ж. Аймауытов қазақ әдебиетінде көркем прозада алғаш лиризм әкелген, сондай – ақ пейзаждың үздік үлгісін, психологизмнің терең иірімдерін тамыршыдай дәл басқан нәзік стилист суреткер.

Ж.Аймауытовтың «Қартқожа» романында мынадай нәзік сурет бар : «Аспанда ақ сабынның көбігіндей, ақ мақтадай ақ бұлттар» немесе

«Ақбілекте»: «Ұйтқып соққан ызылдақ жел. Ай жоқ. Қараңғылық қоюланып келеді. Сабаған жүндей түйдектелген, шыңылтыр, сұрғылт бұлттар тоғытқан қойдай шоғырмақтанып, тауға қақпақ болатындай, тауды тұншықтырғандай, аш тауықша селдір жұлдыз тарыларын бір- бірлеп қылқып жатыр. Жұлдыздармен бірге үміт сәулелері де бір – бірлеп батып бара жатқандай. Ақбілектің сұм жүрегі әлденені сезгендей болады». Ж. Аймауытов пейзаж арқылы табиғат құбылыстарына көркемдік мінездеме беріп қана қоймай, бейненің күрделі психологиялық жай- күйін дәл, үйлесімді береді. Ж.Аймауытов қазақ көркем прозасының дамуына ықпалы зор болған суреткер. 1918 – 19 жылдары М.Әуезовпен бірге Семейде «Абай» журналын шығарып, «Екеу» деген бүркеншік атпен, Әуезовпен бірлесіп, «Абайдың өмірі мен қызметі» (1918, №2), «Абайдан кейінгі ақындар» (1918, № 3) деген мақалалар жазды. Ж.Аймауытовтың көркем шығармалары эстетикалық бояуының қанықтығымен, көркемдік қуатымен, стильдік даралығымен қазақ әдебиетінде соны бағыт қалыптастырды. Жүсіпбек Аймауытов педагогикалық оқу орындарында қызмет істей жүріп, жас ұрпақтың жан- жақты білім алуын көздеген еңбектерін, оқу құралдарын жазды. Оның педагогикалық, психологиялық және әдістеме саласында жазған ірі еңбектері өз уақытында елеулі рөл атқарды. Олардың ішінде «Тәрбиеге жетекші» (1924), «Психология» (1926), «Жан жүйесі және өнер таңдау» (1926), т.б. бұл бағыттағы ғылымның бастауында тұрған ірі ғылыми еңбектер.

Аса көрнекті қазақ жазушысы, драматург, аудармашы, әдебиеттанушы және педагог – Жүсіпбек Аймауытов 1929 жылы репрессия қармағына ілігеді де, екі жылдан кейін, яғни 1931 жылы ату жазасына кесіледі. 1988 жылы ақталды.


Шығармалары :
Аймауытов Ж. Бестомдық шығармалар жинағы.- Алматы: Ғылым

Т.1. Романдар.-1996.-328 б.

Т.2. Повесть, әңгімеле, көркем аудармала.-1997.-240 б.

Т.3.Пьесалар, өлеңдер.- 1997.-272 б.

Т.4.Педагогикалық зерттеулер.-1998.-447 б.

Т.5.Комплекспен оқыту жолдары.- 1999.-302 б.


Өмірі мен шығармашылығы туралы :
Жүсіпбектің сыншылдығы туралы //Әшімханұлы Д. Әңгіме емес әңгімелер.- Астана, 2004.-6-17 б.

Бес арыс: Естеліктер, эсселер және зерттеу мақалалар./ Құраст.: Д.Әшімханов.- Алматы : Жалын, 1992.-544 б.

Байғабылов Б. Қайта оралған қаламгер. //Зауал.- Алматы, 1991.-191-

198 б.


Жарықбаев Қ. Қазақ психология ғылымының қарлығашы //Бес арыс.-Алматы, 1992.- 408- 417 б.

Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931 ) //Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім- тәрбиесі.- Алматы, 1995.- 264- 278 б.

Қирабаев С. Жүсіпбек Аймауытов: «Өмірі мен шығармашылығы.- Алматы: Ана тілі, 1993.- 221 б.

Майтанов Б. Психологиялық роман табиғаты: Ж.Аймауытовтың

«Ақбілек» романы жайлы) //Майтанов Б.Қазақ романы және психологиялық талдау.- Алматы, 1996.- 31-90 б.

Сағынбекұлы Ғ.Жүсіпбек.- Алматы : Санат, 1997.- 224 б.


***
Айдарбекова Ш.Ж.Аймауытұлы әңгімелеріндегі диалогтың көркемдік қызметі // Ақиқат.- 2009.-№6.- 97- 100 б.

Елеукенов Ш. Жүсіпбек Аймауытовтың суреткерлік қуаты // Жұлдыз.- 2007.- №2.- 149- 166 б.

Жұртбай Т. Жүсіпбектің( Аймауытов) атылуына шәкірттері де себепші // Айқын.- 2010.-28 мамыр.

Құрманбай Ш. Жүсіпбек Аймауытұлы және қазақ терминологиясы

//Қазақ әдебиеті.-2008.-18 шілде.

Құндақбайұлы Б. Қазақ театры қашан туды ?: (Қазақ театрының тарихы және Ж.Аймауытов туралы ) // Әдебиет айдыны.- 2008.- 27 қараша.


Айтов Несіпбек

1950
Дәстүр жемісі
Өлеңмен ерте әуестендім. Біреулер атам немесе нағашым ақын еді деп жатады. Қазақтың қай баласының арғы тегі ақындықтан құр алақан дейсің. Пәлен бабамда, болмаса түген нағашымда ақындық бар еді, маған солардан ауысты дей алмаймын.

Ойлап қарасам, мені ақындыққа алып келген ең алдымен өскен ортам – Шұбартау топырағы. Шұбартау - Шыңғыстаумен көршілес жатқан тау. Семей облысының шалғай аудандарының бірі. Абай ауылымен ауылы аралас, қойы қоралас. Абай дәстүрін үлгі тұтқан, көпті көрген көнекөз қариялар тыңдар құлаққа мол ғибрат құятын.

Үлкендерге үйірсек болып, сөздің мәніне ден қойғандығымнан болар, мектеп қабырғасында жүрген кездің өзінде-ақ көп өлеңдерді жатқа білдім. Сол кездегі жаттағандарым әлі жадымда. Зады кішкентай кезде санаға сіңген сөздер өмір бойы өшпейтін секілді.

Орта мектепті аудан орталығы – Баршатас селосында бітірдім. Біздің тұсымызда мектепте әдебиет үйірмесіне аудандық «Жаңа өмір» газетінің редакциясы тікелей қамқорлық жасап тұрды. Алғашқы өлеңім «Балалық» деген атпен сол газетте жарияланды. Тырнақалды туындыларымды оқып, ерінбей ақыл-кеңес берген сол кездегі газетте істеген алдыңғы ағаларым - марқұм Төлеуғали Есімжанов пен Төлеубек Жақыпбайұлының еңбегін ешқашан ұмытуға тиіс емеспін.

Дәстүрсіз еш нәрсе жоқ. Біздің мектептегі әдеби дәстүрдің бізге дейін де мол жеміс бергендігін айтпасқа болмайды. Бұл күндегі қазақтың белгілі жазушылары Хасен Әдібаев, Мыңбай Рәшев, Мұхтар Мағауин, Рымғали Нұрғалиев, Төлек Тілеухановтар сол мектептің түлектері. Мен де солардың ізін қуып, түлеп ұштым, қолыма қауырсын қалам ұстадым.

1973 жылы қазақтың үлкен ақыны, жастардың қамқоршы ағаларының бірі – Мұзафар Әлімбаевпен таныстым. Бірер өлеңімді тыңдап болғаннан кейін: «Сен балаларға да жазып көрші, оңтайың бар секілді», -деді. Мен ертеңінде-ақ «бұрқыратып» бірнеше өлең жазып алып бардым. Балаларға өлең жазу онша қиын емес сияқты көрінді.

Ақын аға әлгі өлеңдерімді асықпай оқып шықты да, қызыл қарындашпен айқыш-ұйқыш сызғылай бастады. Қалауын таппаған балалар ұғымына ауырлау сөздерді қадап-қадап көрсетіп, балалар өлеңінің қыры мен сыры туралы көп әңгіме шертті.

Балаларға арнап өлең жазу қиынның қиыны, ақынның ақыны ғана жаза алатын ауыр еңбек екенін сол күні анық сезінгендей болдым. Әрине өлеңдерімді алып қайттым. Бірақ тауым шағылған жоқ. Аға тәлімінің арқасында бала үшін нені, қалай жазуға болатыны жөнінде шыңдалу мектебінен өттім. Кейін «Балдырған» журналына қызметке тұрып, көп жылдар бойы балалар поэзиясының ыстық-суығына араластым. Бұл жылдар мен үшін ыстық та қымбат. Өйткені балалар талғамын дөп баса білудің қандай болатынын түсіндім, балаға арналатын өлең табиғатының сипатына көзім қанықты. Балаға жазу үшін әлемге, айналаға, табиғат келбетіне бала көзімен қарап әр құбылысты балаша сезіне білу керек екен.

Балаларға арналған «Бала бақшаға барар жолда» (1974), «Желкілдеп өскен құрақтай» (1980), «Күміс күйме» ( 1984) атты кітаптарым шығыпты.

Балалар әлемі - өмірдің жыршысы. Творчестволық еңбектің адамына бұл да бақыт емес пе.


Шығармалары :
Айтов Н. Әкем туралы жыр : Өлеңдер мен поэмалар.- Алматы : Жалын, 1977 .- 51 б.

Айтов Н. Жүректегі жаңғырықтар: Поэмалар мен толғау.- Алматы: Жалын, 1978.- 54 б.

Айтов Н. Балалар бақшасына барар жолда.- Алматы : Мектеп, 1975.-

22 б.


Айтов Н. Желкілдеп өскен құрақтай: Өлеңдер мен поэмалар.- Алматы : Жалын,1980. -71 б.

Айтов Н. Жаңбыр әні : Өлеңдер мен поэмалар.- Алматы: Жазушы, 1982.-79 б.

Айтов Н. Күміс күйме : Өлеңдер .- Алматы : Жалын, 1984.- 111 б.

Айтов Н. Түнде ұшқан тырналар: Өлеңдер мен поэма.- Алматы : Жазушы, 1986.- 104 б.

Айтов Н. Қартаймайды күн неге ? : Өлеңдер , мысалдар, аңыз- ертегілер.- Алматы : Жалын,1990.- 295 б.

Айтұлы Н. Мұқағали- желтоқсан: Поэма.- Астана: Елорда,2002.- 36 б.

Айтұлы Н. Көз жасым: Таңдамалы : Өлеңдер . Толғаулар.Поэмалар.- Астана: Күлтегін, 2006.- 344 б.

Айтұлы Н. Шығармалар жинағы: 2 томдық.- Алматы : Өлке, 2009.


Өмірі мен шығармашылығы туралы:
Тың тыныс: (Н.Айтов туралы) //Қайырбеков Ә. Саға.- Астана ,2003.- 213- 217 б.

***


Қирабаев С. Тарихи тоғыз толғау: Несіпбек Айтұлының шығармашылығы туралы) // Егемен Қазақстан.- 2008.- 1 тамыз.

Құрманғали Қ. Ерліктің ерен жыршысы : ( Несіпбек Айтұлы) //Айқын.- 2010.- 26 тамыз.

Тұрғынбекұлы С. Қос дастан- қомақты үлес: (Н.Айтұлы. «Ерлікке ескерткіш» поэмалар жинағы, « Фолиант» баспасы, 2008 ж.) //Алаш айнасы.- 2010.- 21 тамыз.

Айтхожина Марфуға

1936
Ақын қыз сезімтал ма ақын ұлдан,

Шат күлкің естіледі шақырымнан.

Кіші Отан, Ұлы Отанды тұттың қастер

Сәті аз қаламыңның қапы ұрынған!

Жыр құмар оқырманның аңқылдағы,

Ол түгіл , талғамшылсын тартынғаны

Жарқылдап жаңа сөзің жолыққанда

Сыйлайды сырласқандай Марфуғаны!

( М.Әлімбай. Ақын қыз сезімтал ма ақын ұлдан )
Алаштың өнер аспанында бірін-бірі күндемей, бірінің жүзіне бірі көлеңке түсірмей, әрқайсысы өз орнында жарқырап жанып тұрған үркердей бір шоғыр жыр жұлдыздарының ішінде оның жұлдызы ерекше сарғайып көрінеді. Неге сарғайды? Нені күтіп сарғайды?..

Қанатын көзден жасырып ұшатын немесе шарықтап ұшса да, жер бауырлап қонса да қанаты көрінбейтін бір құпия құс болса, ол құстың шын аты - ақын. Әлгі сауалдардың жауабын Сары- Арқаны айналып сандалмай-ақ, сөзімізге ұйытқы, ойымызға түрткі болып отырған Марфуға ақынның тағдыры – көп сарғайып, аз көгерген тағдыр. Болашақ жыр жұлдызының туған әкесі Ғали жыр дүлділі Ілияс Жансүгіров дүниеге келген Ақсу өзенінің «Қарғаш» ауыл мектебінде мұғалім болып жүрген жерінде жазықсыз жалаға ұшырап, абақтыға жабылды да, құлын - тайдай тебісіп өскен тете інісі Шаймерденді сол кездегі кері заман шырғалаңына түсіріп, ақыры атып тыныш табады. Ақынның үлкен атасы Айтқожа қажыны ақ сақалын желпілдетіп ит жеккенге айдатып, әжесі Опа бәйбіше, Төретұрсын, Құдиярхан, Гүлмәнуар деген балаларымен бірге аштан өледі. Асыраушысынан айрылған үлкен ошақ күйзеліске ұшырап, керегесі сөгіліп, шаңырағы шайқалған соң, аман қалғандары амалсыздан Ақсу өзенін өрлей көшіп түрмеден қашқан Ғали ақсақалдың артынан ақынның анасы Бифатима, үлкен ағасы Шаяхмет Қытай асып кетеді. Қазіргі Қапал ауданында ата жұрты сарғайып қала береді.

Ақын Марфуға осы бір удай ащы, мұздай суық шындықты ширықтыра толғағанда көзіне жас үйіріліп, санаңа сағым ойнағандай болады.

Тағдырды ешкім таңдап алмайды. Құдай басқа салған соң жыламай көрісе бер... Бір себептен Марфуғаны ақпа жырау ақын еткен де, мұнарлы мұңға жақын еткен де, сарғайған сағынышқа бақыл еткен де – тап осы тағдыр.

... Сонымен 1936 жылы 25 тамызда ата жұртынан ауа көшкен манағы шаңырақтың бір қызы Шығыс Түркістанның жұмақ өлкесі – «Жер атаулының қолқасындай, сулары еркек қойдың сорпасындай» - Іле өзенінің масатыдай құлпырған жағасында, Хантәңірі тауының терең сағасында, арудың қарашығындай тұңғиық Сайрам көлінің сабасында шыр етіп дүниеге келіпті. Көздің жауын аларлықтай сұлу жер өзіндей көркем ақын қыз өсіргенін кейін білді.

1958 жылы атамекені Қазақстанға оралып, 1959 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің (Қазіргі Әл-Фараби атындағы ҚазМУ) журналистика факультетіне сырттай оқуға түседі. «Қазақ әдебиеті» , «Қазақстан мұғалімі» газеттерінде қызмет етті. Жұмағали Саинның ақ батасымен «Қазақ әдебиеті» газетінде 1959 жылы жарияланған Марфуғаның топтама өлеңдері ақындықтың ақ құсын көрсететін әсем сезім мен мөлдір тіл, бұлақ суындай дәмді сөз, өзінің табиғи ағынымен жаныңа жай тапқызатын тіркестер әдебиетімізге жаңа өрнекті ақын қосылғанын паш еткендей еді.

Сонда ол:

Өмірге сараң өкпем не,

Қимаса үлкен дарынды.

Сараңдық бірақ жоқ менде,

Өтермін сарқып барымды,-

деген әрі инабатты, әрі антқа бергісіз уәдемен қазақ әдебиетінің табалдырығын ибамен аттап еді.

Содан былай Марфуға ақындықтың аясын кеңітудің жолына түсті. Ақындық әуені алыстан естіліп, көпшілік көңілінен шығатын поэзияға төселіп алымы молайып, «Правда», «Литературная газета» сияқты газеттерде өлеңдері басылып қана қоймай, Марфуғаның өнері жайында мақалалар да жарияланды. Үнді, парсы , испан т.б. тілдерге аударылған өлеңдері де абыройлы болып шықты. Москваның «Молодая гвардия»,

«Художственная литература», «Советский писатель», баспаларынан «Утверждение», «Струна степей», «Летние росы» және «Укрощение коня» жинағының Олжас Сүлейменов алғы сөзімен шығуының өзі Айтхожина ақындығының шарықтап биікке көтерілгенін танытты.

Марфуға ақынның дауысы еліміз тәуелсіздік алып, өз алдына шаңырақ көтеріп, көк туын көлбеткелі әрі айқын, әрі еркін шықты. Көп бөгесін көріп, көп іркіліп қалған уытты ойлар ақынның соңғы жазған шығармаларында айрықша көзге ұрып тұрады. «Жапырақ сілкінген кеш» атты өлеңінен әрі тәкәппар, әрі нәзік, әрі таза ана жүрегінің лүпілі сезілгендей. Бұл өлеңнен мәңгі солмайтын өмір гүлін көргендей боласың.

... солмасын сұлулықтың асыл көркі,

Қонбасын оған мұңның масыл дерті.

Солғын гүл дүр сілкініп есін жисын,

Көзіңнің жалғыз тамшы жасын берші.

Құлпырып тұра берсін өз қасыңда

Мезгілсіз өмірі оның тозбасын да,

Өшкенді жандыратын құдырет бар,

Адамның мөлдіреген көз жасында.

Демек, қаламы құрғамайтын алғыр ақын жыр жұлдызы, қазақ елінің, адам жұртының тәуелсіздігін күтіп сарғайыпты. Елінен ауып кеткен көштің қайта оралуын күтіп сарғайыпты. Марфуға Айтқожинаның «жыр жұлдызы сарғайып туды» дейтініміз де осыдан.


Шығармалары :
Айтхожа М. Төрт томдық шығармалар жинағы.- Алматы : Атлас бас-

пасы.


Айтхожина М.Таңдамалы : Өлеңдер , поэмалар,балладалар.- Алматы : Жазушы,1986.- 439 б.

Айтхожина М. Қаракөайым: Өлеңдер мен поэма.- Алматы : Жазушы, 1973.- 88 б.

Айтхожина М. Баян жүрек : Өлеңдер мен поэмалар.- Алматы : Жазушы,1974.- 103 б.

Айтхожина М. Ақ бесігім : Өлеңдер.- Алматы : Жазушы, 1987.- 92 б.

Айтхожина М. Жапырақ сілкінген кеш : Өлеңдер мен поэма.- Алматы : Жазушы,1992.- 192 б.

Айтхожа М. Жапырақтар жауғанда: Таңдамалы жыр-жинақ. – Астана: Елорда,2002.- 296 б.

Айтхожа М. Аққу жүрек: Өлеңдер , поэмалар,толғаулар.- Алматы: « Үш қиян», 2004.- 168

б.

Айтхожа М. Сырлы саз: Поэзия.- Алматы : Атамұра, 2008.- 264 б.



Айтқожа М. Тобылғы бүрлегенде: Өлеңдер мен поэмалар.- Алматы : Жазушы, 2008.- 288 б.
Шығармашылығы туралы:
Демесінова Л. Айтхожина поэмалары туралы //Ақиқат.- 2009.- №6.- 100- 102 б.

Жайлыбай Ғ. Марфуға : ( Ақын М.Айтхожинаның шығармашылығы туралы) //Егемен Қазақстан.- 2006.- 23 тамыз.- 5 б.

Жақып Б. « Сырға толы мөлдірегін...»:Көрнекті ақын , Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты М.Айтхожа туралы сөз //Қазақ әдебиеті.- 2006.- 8 қыр-

күйек.- 4б.




Ақыш Нұрдәулет Бәбиханұлы

1950
Қазақтың белгілі жазушыларының бірі, көрнекті журналист Нұрдәулет Ақыштың есімі республика оқырмандарына жақсы таныс. Ол жастардың республикалық «Жігер» фестивалінің, Мәдениет министрлігі конкурсының, халықаралық Жамбыл атындағы сыйлықтың лауреаты, халықаралық сыншылар ассоциациясының жүлдегері.

Қазақстан Жазушылар Одағының, Қазақстан журналистер одағының мүшесі.

Н.Ақыш Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Маңырақ ауылында 1950 жылы дүниеге келген. Еңбек жолын 1968 жылы Тарбағатай ауданында ауылдық клуб меңгерушісі болып бастайды. Абай атындағы ҚазПИ- дің тіл және әдебиет факултетін бітіріп Кеңес Армиясы қатарында қызмет етті. Онан кейін туған ауданындағы оқу бөлімінде әдіскер-

инспектор, «Мектеп», «Жалын» баспаларында редакторлық қызмет атқарған. 1980- 1984 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде аға тілші, 1984- 1986 жылдары «Жұлдыз» журналында әдеби қызметкер болады. Мұнан кейінгі атқарған қызметтері – «Қазақфильм» киностудиясы, «Қазақстан мұғалімі», «Халық кеңесі», «Заң» газеттерінде әртүрлі қызмет атқарды. Республикалық ғылыми- педагогикалық «Білім - Образование» журналының алғашқы бас редакторларының бірі болды.

Республикалық баспасөзде алғаш рет 1972 жылы «Лениншіл жас» газетінде «Қиянда» атты әңгімесімен көрінген Нұрдәулеттің тұңғыш прозалық кітабы «Жұмбақ іздер» 1980 жылы «Жалын» баспасынан шықты.

Мұнан соң жарық көрген кітаптары – «Үндемейтін ұл» («Жалын» бас-

пасы, 1982) тағдыры тауқыметті жандар туралы сыр шерткен әңгіме –

повестерден тұрса, «Қияннан келген көгершін» жинағына («Жалын» бас-

пасы, 1984) фантастикалық және шытырман оқиғалы повестер енген.

«Сынық домбыраның сазы» («Жалын» баспасы, 1985) бүгінгі заман-

дастарымыздың бойындағы рухани-адамгершілік қайшылықтарын ашуға құрылған. Қала мұғалімінің күрделі өмірін арқау еткен «Күрмеуі қатты түйіндер» повесі де осы жинақта.

«Таң алдындағы дабыл» (Жазушы,1987), «Жатахана қыздары»

(Жазушы, 1990) кітаптары қазіргі жастардың махаббаты, тұрмыс құра алмай жүрген қыздар тағдыры жөніндегі шығармалардан тұрады.

Н.Ақыштың «Жұмбақ іздер» повесі орыс тілінде толығымен респуб-

ликалық «Дружные ребята» газетінде ( 31.ҮІІ- 27.ХІ,1987 ) жарияланып, 1989 жылы жеке кітап болып шықты.

Көрнекті қаламгер республикамыздың белді басылымдарында жұмыс істей жүріп өзінің журналистикалық қарым - қабілетін жан-жақты көрсете білді. Көптен өзекті тақырыптарды, күн тәртібіндегі мұқтаж мәселелерді дер кезінде қозғап, қоғамдық пікірдің тууына, мемлекеттік билік басында отыр-

ған азаматтардың тиісті шешімдер қабылдауына ықпал еткен кездері аз емес. Журналист өз мақалаларын нақты мәселе төңірегінде жаза отырып, дерек пен дәйекті, мысал мен фактіні келтіруді өзінің қаламгерлік машығына айнал-

дырған. Сонымен бірге қоғамдық- әлеуметтік ойларын мемлекеттік деңгей-

дегі нормативтік құжаттармен тиянақтап отыруды үнемі қаперде ұстайтын сауатты қаламгерлердің бірі.

Ол өз кезінде республикалық «Заң газетін» ашушылардың бірі болды. Осы жаңа басылымның бас редакторының бірінші орынбасары қызметін атқару барысында көптеген ойлы да тұщымды мақалалар жазғаны әлі ұмы-

тылған жоқ. Қазақ баспасөзіне өзіндік тың ойлар, үрдістер қосуда Нұрдәулет қаламының жүйрік екендігін сол кезде жазған мақалалары дәлел. Газеттің өзіндік бетін табуда, стилі мен машығын қалыптастыруда ол кісінің сіңірген еңбектері жөнінде бірге істеген әріптестері үнемі айтып отырады.

Ол құқық және заң тақырыбына арнап жазған санаулы қазақ журналис-

терінің бірі.

Н.Ақыштың көркем әдебиеттегі еңбегі де оқырмандар тарапынан кезінде тиісті бағасын алып отырған. Оған «Үндемейтін ұл», «Күрмеуі қатты түйіндер», «Ұлы ғашықтар ұрпағы », «Жатахана қыздары» повестері мен

«Нағыз әже қайда?», «Бұрынғы бастықтың әйелі», «Төрге шыққан кім ?»,

«Жаза», «Көлік үстіндегі « қызыл көз», «Сынық домбыраның сазы»,

«Қажыр мен қаржы», «Ұятты кісі» және т.б. көптеген шығармалары дәлел. Оның бүгінгі күн тақырыбына арналған «Қылмыс заңының құрбандығы» хикаяты оқиғасының қызықтығымен ғана емес қоғамның кейбір трагедиясын шынайы көрсете білуімен де құнды.

Жазушының өнімді еңбек етіп жүрген екінші бір шығармашылық бағыты- балалар прозасы. Бұл салада жазған біраз туындылары өз кезінде бірнеше дүркін «Жалынның» жабық бәйгесіне ие болған еді.

Өзі де кезінде балалармен тығыз араласып, мектеп мұғалімі, пионер лагерінің бастығы болған Нұрдәулет бұл тақырыпты шынайылықпен игерген десек, артық айтқандық емес. Ол балалар әдебиетіне ертегі жанры арқылы да үлес қосып жүр.

Сонымен бірге бұл қаламгердің әдебиет сынымен де айналысып қоятынын еске ала кеткен жөн. Әр кезеңде жазған сын мақалалары мен рецензиялары бүгінгі әдеби процестің көкейкесті проблемаларын қозғай отырып, әр түрлі қоғамдық ой-пікірлерге түрткі болды.

Н.Ақыш прозасының тақырыптық ауқымы кең. Ол жазушыларымыз сирек баратын, тіпті әлі бармаған тақырыптарға да қалам тартып келеді. Мәселен, ол - бүгінгі Армия өмірі жайында жазып жүрген санаулы қазақ жазушыларының бірі. Бұл тақырыпқа ол «Таң алдындағы дабыл», «Бат-

пақты тоғай басында» повестерін арнады, бүгінгі армиямыздың тәуір қырларын көрсете отырып, кемшіліктерін де сынады.

«Киелі көлдің қарақшылары» повесі жас натуралистердің әрекеттерін шытырман оқиға үстінде баяндайды.

Ал жастарды адалдыққа, батылдыққа, өмірді сүйе білуге үндейтін «Құз хикаясы» повесі де қазақ прозасында бұрын жазылмаған тақырып - альпинизм спорты жөнінде. Оқиға Хантәңірі шыңын бағындыруға ұмтылған альпинистер тобының бір жолғы ауыр сапарын қамтиды.

«Жұмбақ іздер» ( 1977), «Таң алдындағы дабыл» (1985), «Батпақты тоғай басында» ( 1986), «Киелі көлдің қарақшылары» (1987) және басқа да шығармалары кезінде «Жалын» баспасының жабық конкурсында жүлделерге ие болған. Сонымен бірге жазушы шығармалары көптеген көркем әдебиет жинақтарына, мектеп оқулықтарына еніп жүр. Оның қазақ журналистикасы саласында сіңіріп келе жатқан еңбектерінің өзі бір төбе екенін айта кеткен абзал.



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет