Жамбыл ауданы бюджетінің 2014 жылдың 1 СӘуірге орындалуы туралы мәлімет



жүктеу 26.99 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі26.99 Kb.
ЖАМБЫЛ АУДАНЫ БЮДЖЕТІНІҢ 2014 ЖЫЛДЫҢ

1 СӘУІРГЕ ОРЫНДАЛУЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

2014 жылғы 1 сәуірге аудан бюджетінің кіріс бөлігі 2550515,0 мың теңгеге жоспарланып, нақты орындалғаны 2570578,0 мың теңгені құрады немесе 100,8% орындалды, оның ішінде жергілікті салықтар мен түсімдер 274228,0 мың теңге жоспарға, орындалғаны 294290,0 мың теңге немесе 107,3% құрап, 17503,0 мың теңгеге салықтар мен түсімдер артық түсті.

- салықтық түсімдер 265171,0 мың теңгеге жоспарланып 282674,0 мың теңгеге орындалды, немесе 106,6% құрап 17503,0 мың теңге артық түскен.

Салықтық түсімдер бойынша акциздер жоспардан 13260,0 мың тенгеге кем орындалған. Ауданда салықтың бұл түрін төлейтін негізгі төлеуші «Амангелді ГПЗ» ЖШС-сі тіркелген. Салықтық түсімдер зауыттың өндірген өніміне сәйкес аударылуда.



  • салықтық емес түсімдер бойынша 1037,0 мың теңге жоспар 1156,0 мың теңгеге артық орындалып 170,6% құраған. Салықтық емес түсімдер бойынша коммуналдық меншікте тұрған жалға берілген тұрғын үй қоры бойынша түсетін түсімдер 55,4% орындалып 307,8 мың тенгеге кем орындалған. Қаражаттар негізінен аудан орталығындағы 70 пәтерлі коммуналды тұрғын үйдің тұрғындарынан түсуі тиіс. /Түсіруге жауапты – аудандық ТКШ ЖК және АЖ бөлімі/

- капиталдарды сатудан түсетін түсімдер бойынша жоспар 1403,0 мың теңгеге артық орындалып 118,9% құрады.

2276287,0 мың теңге көлемінде жоспарланған трансферттертолығымен түсті



Аудан бюджетінің шығыстары 2014 жылғы 1 сәуірге 2354267,0 мың теңге көлемінде орындалды, бұл 2555478,0 мың теңге жоспардың 92,1% құрап, жалпы 201211,0 мың теңге қаражаттар игерілмеген.
Жоғары тұрған бюджеттерден бөлінген трансферттер бойынша 726757,0 мың теңгені құрап, 661330,0 мың теңгесі игерілді. Игерілмеген қаражат көлемі 65427,0 мың теңгені құрады.

  • «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында Бектөбе ауылдық клубтарды күрделі жөндеуден өткізуге бөлінген қаражаттар есебінен 31874,0 мың тенге игерілмеген. Тапсырыс орындаушы сәуір айының соңына анықталған. Сатып алу конкурсын облыстық құрылыс басқармасы ұйымдастырады.

  • Гродиково ауылын сумен қамтамасыз ету жүйесін қайта жаңғырту жобасы бойынша 4605,0 мың теңге игерілмеген. Тастөбе ауылын сумен қамтамасыз ету жүйесін қайта жаңғырту және Айша бибі ауылын сумен қамтамасыз ету жүйесін қайта жаңғырту жобалары бойынша тиісінше 6168,4 мың тенге және 5248,0 мың тенге игерілмеген. Қаражаттар келісім шарт негізінде ұсталатын 5 % мөлшеріндегі сомаларды құрайды.

  • Түрксиб ауылында 280 орындық бала бақша құрылысы бойынша 2290,6 мың теңге игерілмеген. Қаражаттар қабылдау комиссиясмынының қорытындысынан кейін аударылады.

  • Инженерлік инфрақұрылымды дамытуға бөлінген трансферттер бойынша 5000,0 мың тенге игерілмеген. Қаражаттар нақты атқарылған жұмыстарға сәйкес аударылуда.

Жергілікті бюджет қаражаттары есебінен жоспар 1828721,0 мың теңге болса, игерілгені 1692937,0 мың теңгені немесе 92,6%-ды құрады. Игерілмегені – 135784,0 мың теңге.

  • Еңбек ақы қоры бойынша 19640,0 мың теңге игерілмеген. Игерілмеу себебі еңбек демалысының кестесіне өзгерістер енгізілуінен, бос лауазымды орындардың болуынан және еңбекке жарамсыздығы парақтары бойынша қаражаттардың үнемделуінен туындайды.

  • Әлеуметтік төлемдер бойынша 5460,0 мың тенге игерілмеген.

  • Коммуналды шығыстар бойынша 1394,0 мың теңге игерілмеген. Қаражаттар нақты атқарылған жұмыстарға сәйкес аударылуда.

  • басқа шығыстар бойынша 109290,0 мың теңге игерілмеген. Игерілмеу себебі сатып конкурстарының мерзімдері кеш ұйымдастырылуынан, өтпеді деп танылуынан, бірқатар қаражаттар тауарлар толық жеткізілгеннен кейін аударылуынан туындайды.

  • Атап айтқанда аудандық білім бөлімі бойынша білім беру нысандарын материалдық жарақтандыруға үшін ұйымдастырылатын сатып алу конкурстарының кейінгі айларға шегерілуінен 23000,0 мың тенге игерілмеген.

  • Аудандық ТКШ ЖК және АЖ бөлімі бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшісінің қаражаттарды дұрыс жоспарламауынан 32160,0 мың тенге игерілмеген.

  • Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік сыныптамасына өзгерістер енгізілуіне байланысты бірқатар бюджеттік бағдарламалар бойәынша қаржыландыру операциялары тоқтатылуы қаражаттардың толық игерілмеуіне әсерін тигізді.

: userfiles
userfiles -> Внутренний контроль производства и контролируемые испытания продукции
userfiles -> Технические правила
userfiles -> 2010 жылдың ІІІ тоқсанына арналған жоспарының орындалуы Шілде Облыс әкімдігінің мәжілісіне енгізілген мәселе Жамбыл облысының 2010 жылдың қаңтар-маусымында
userfiles -> Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасына қарасты емдеу-алдын алу ұйымдары бас дәрігерлерінің жеке табысы және мүлкі туралы декларацияны жариялау
userfiles -> Конкурстық құжаттаманы бекіту туралы
userfiles -> Шу ауданының әкімі І.Ә. Тортаевтың ауданның 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есебі
userfiles -> Шортанова алшайым ахылбековна қазақстандағы ғылыми кітаптар басылымының тарихы
userfiles -> Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың сенімді өкілдерінің сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар тізбесі




©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет