«Жануарға ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік қызмет регламенті



жүктеу 353.39 Kb.
бет1/3
Дата03.05.2016
өлшемі353.39 Kb.
  1   2   3
Облыс әкімдігінің
2012 жылғы 29 ақпандағы
№ 63 қаулысымен бекітілген

«Жануарға ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік қызмет регламенті

1. Жалпы ұғымдар


      1. Пайдаланылатын терминдер мен аббревиатуралардың анықтамалары:
      1) ветеринариялық паспорт - жануарларды және ветеринариялық iс-шараларды есепке алу мақсатында малдың иесi, түрi, жынысы, түсi, жасы, жүргiзiлген ветеринариялық дауалаудың мерзiмдерi мен сипаты көрсетiлетiн уәкiлеттi орган белгiлеген нысандағы құжат;
      2) бiрдейлендiру - дерекқорға жануар туралы мәлiметтердi енгiзе және жануарға ветеринариялық паспортты бере отырып, жапсыру, чиптау, таңба салу жолымен жануарларға жеке нөмiр берудi қамтитын жануарларды есепке алу жүйесi;
      3) жеке нөмiр - өзiнде әрiптiк немесе цифрлық белгiнi жапсырмаға, чипқа немесе таңбаға түсiрудi қамтитын, жануарға берiлетiн жеке код;
      4) иесi – ветеринариялық құжат алуға өтiнiш жасаған жеке және заңды тұлғалар, жеке кәсiпкерлер.
      5) ҚФБ - құрылымдық- функционалдық бірліктер: уәкілетті органдардың жауапты тұлғалары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік органдар, ақпараттық жүйелер немесе олардың кіші жүйелері.

2. Жалпы ережелер


      2. Мемлекеттік қызметтің нормативтік анықтамасы: «Жануарға ветеринариялық паспорт беру».
      3. «Жануарға ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттiк қызметiн аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтың жергiлiктi атқарушы органы бөлiмшесiнiң ветеринариялық дәрiгерi (бұдан әрi – ветдәрiгері) ұсынады.
      4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
      5. Мемлекеттiк қызмет:
      1) Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi «Ветеринария туралы» Заңының 10-бабы 2-тармағының 20) тармақшасының10-1-бабының 12) тармақшасының және 35-бабы 2-тармағының, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2331 «Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру ережесiн бекiту туралы» қаулысының, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 29 сәуiрдегi № 464 «Асыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы» Қаулысының негiзiнде көрсетiледi.
      6. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi осы регламенттің 5-қосымшасына сәйкес, жануарға ветеринариялық паспортты (ветеринариялық паспорттың телнұсқасын, жануарға ветеринариялық паспорттың үзiндiсiн) (қағаздағы тасымалдағышта) беру не жазбаша түрдегi мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібінің талаптары


      7. Регламенттің 1- қосымшасында мемлекеттік қызмет көрсететін ветдәрігері тұрған жері, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және барысы, оларды алу үшін мекен-жайы туралы ақпарат көрсетілген.
      8. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы толық ақпаратты және мерзімі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң www.minаgri.kz интернет - ресурсында, жергiлiктi атқарушы органдарының стенділерінде, ресми ақпарат көздерінде орналастырылады.
      9. Мемлекеттік қызмет аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтың жергiлiктi атқарушы органы бөлiмшесiнiң ғимаратында орындықтар, үстелдер, толтырылған бланкілердін үлгілерімен ақпараттық стенділер бар, мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген жерде көрсетіледі.
      Ғимараттары санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға, ғимараттардың қауіпсіздік, оның ішінде өтрке қарсы қауіпсіздік талаптарына сай келеді, үй-жай режимі – еркін.
      10. Мемлекеттiк қызмет ақылы жүзеге асырылады (жануарға ветеринариялық паспорттың бланкiсiн беру).

4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекет (өзара іс-қимыл) тәртібін сипаттау 


      11. Жануарға ветеринариялық паспорт алу кезiнде, тұтынушыға қажеттi құжаттар өткiзгенiн растайтын құжат қажет емес.
      Жануарға ветеринариялық паспорттың телнұсқасын (жануарға ветеринариялық паспорттан үзiндi) алу үшiн жүгiнген кезде, тұтынушының өтiнiшi тiркеу журналына тiркелiп, мемлекеттiк қызметтi тұтынушыға күнi мен уақыты, мерзiмi және орны көрсетiлген талон берiледi.
      12. Жануарға ветеринариялық паспорт ( жануарға ветеринариялық паспорттың телнұсқасы және жануарға ветеринариялық паспорттан үзiндi) жануар иесiнiң жеке өзi не оның өкiлi келген кезде берiледi.
      13. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тартуға, жануардың берiлген бiрдейлендiру нөмiрi болмауы негiз болып табылады.
      14. Ақпараттық қауіпсіздігінің талаптары: ауылдық (селолық) округ ветеринарлық мал дәрігері қызмет тұтынушының құжаттар мазмұны туралы ақпаратының cақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз етеді.
      15. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде қатысатын құрылымдық-функционалдық бірліктер тізбесі және сипаттамасы (бұдан әрі - ҚФБ), осы регламенттің 2 қосымшасында көрсетілген.
      16. Әкімшілік іс-әрекеттің орындалу мерзімін көрсете отырып, әрбір ҚФБ-нің әкімшілік іс-әрекеттер (рәсімдер) реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы регламенттің 3 қосымшасында көрсетілген.
      17. Әкімшілік іс-әрекеттердің қисынды реттілігі, мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде мен ҚФБ арасындағы, өзара байланысты көрсететін схемасы осы регламенттің 4 қосымшасында көрсетілген.

5. Мемлекеттік қызметтер көрсететін лауазымды азаматтардың жауапкершілігі


      18. Мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты тұлға аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтеріндегі жергілікті аткарушы органының ветдәрігері болып табылады.
      Ветеринариялық дәрігер мемлекеттік қызметтер көрсету барысында өздері қабылдаған шешімдері мен іс - әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген тәртіппен жауапты.

«Жануарға ветеринариялық паспорт беру»


мемлекеттік қызмет регламентіне
1-қосымша

: sites -> default -> files
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
files -> Ф 06-32 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
files -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
files -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының


  1   2   3


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет