Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы


мемлекеттiк басқарудың ерекшелiктерi



бет2/5
Дата03.05.2016
өлшемі0.88 Mb.
1   2   3   4   5

             мемлекеттбасқарудың ерекшелiктерi

      Балық ресурстарының және басқа су жануарларының пайдаланылуын мемлекеттiк есепке алу, кадастры, мониторингi және бақылау, сондай-ақ олардың зерттелуi, қорғалуы мен өсiмiн молайту мемлекеттiк басқарудың бiртұтас жүйесiн құрайды және балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде бассейндiк принцип бойынша жүзеге асырылады.

      8-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жануарлар
              дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану
              саласындағы құзыретi

      Қазақстан Республикасының Үкiметi:


      1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және iске асырылуын қамтамасыз етедi;
      2) жануарлар дүниесiн иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын жүзеге асырады;
      3) уәкiлеттi органның және жергiлiктi атқарушы органдардың жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану мәселелерi жөнiндегi қызметiне басшылық жасауды жүзеге асырады;
      4) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлейдi;
      5) уәкiлеттi органды белгiлейдi;
      6) Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенция бойынша міндеттемелерді орындау үшін әкімшілік орган мен ғылыми ұйымды айқындайды;
      6-1) тірі күйінде бекіре тұқымдас балықтарды, олардың ұрықтандырылған уылдырығын (будандастырылған түрлерін қоспағанда) Қазақстан Республикасынан тысқары шығару туралы шешім қабылдайды;
      6-2) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлардың түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қою туралы шешім қабылдайды;
      6-3) уәкілетті органның ұсынымы бойынша сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлардың түрлерін интродукциялау, реинтродукциялау мен будандастыру туралы шешім қабылдайды;
      7) жануарлар дүниесі объектілерін алып қою лимиттерін бекітеді;
      7-1) жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидасын бекітеді;
      8) халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң тiзбесiн бекiтедi;
      8-1) су айдындарын халықаралық және республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптарға жатқызу тәртібін бекітеді;
      9) аң аулау, балық аулау ережелерiн бекiтедi;
      10) аңшылық шаруашылығын жүргiзу ережелерiн және балық шаруашылығын жүргiзу ережелерiн бекiтедi;
      11) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарын бұзудан келтiрiлген зиянды өтеу мөлшерiн бекiтедi;
      12) алып тасталды - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      13) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiнiң тiзбесiн бекiтедi және оларды басқа санаттарға ауыстырады;
      14) алынып тасталды - 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      14-1) табиғи мекендеу ортасынан алып қойылған бекіре тұқымдас балықтарды және олардың уылдырығын сатып алуға төлемақы белгілейді, оның мөлшері балық шаруашылығы субъектілерінің мүдделері ескеріле отырып анықталады;
      14-2) табиғи мекендеу ортасынан алып қойылған бекіре тұқымдас балықтарды және олардың уылдырығын мемлекеттік монополия субъектісі болып табылатын мемлекеттік кәсіпорынның өткізу қағидасын бекітеді;
      15) жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат беру ережелерiн бекiтедi;
      15-1) жануарларды интродукциялау, реинтродукциялау мен будандастыруды жүргізуге, сондай-ақ жаңадан жерсіндірілген жануарларды алып қоюға рұқсаттар беру тәртібін бекітеді;
      15-2) жануарлар дүниесiн мемлекеттік қорғау туралы ережені бекітеді;
      16) жануарлар дүниесi объектiлерiн, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды белгiлеу ережелерiн бекiтедi;
      17) Алынып тасталды - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.
      17-1) ерiксiз немесе жартылай ерiктi жағдайларда өсетiн жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн, олардың бөліктерін және дериваттарын халықаралық саудалауға шектеулер енгiзедi;
      17-2) жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салу енгізу туралы шешім қабылдайды, тиісті ғылыми ұйымдар берген, мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткізілуге тиіс биологиялық негіздеменің негізінде оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілейді;
      18) жануарлар дүниесiн мемлекеттiк есепке алуды, оның мемлекеттiк кадастры мен мониторингiн жүргізу қағидасын бекітеді;
      19) зоологиялық коллекциялар жинау мен мемлекеттiк есепке алу ережелерiн бекiтедi;
      20) аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру жөнiндегi конкурс өткiзу ережелерiн және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiтедi;
      21) аң аулау және балық аулау объектiлерi болып табылатын жануарлардың құнды түрлерiнiң тiзбесiн бекiтедi;
      22) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормативтердi бекiтедi;
      23) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган мен аумақтық бөлімшелердің лауазымды адамдарының, сондай-ақ жануарлар дүниесiн қорғауды тiкелей жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер мен ұйымдардың айырым белгілері бар нысанды киiм (погонсыз) киюге құқығы бар қызметкерлерiнiң тiзбесiн бекiтедi;
      24) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
      24-1) аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерінің қорықшылық қызметі туралы үлгілік ережені бекітеді;
      24-2) жануарлар дүниесiнiң объектiлерiн, олардың бөлiктерi мен дериваттарын, оның iшiнде сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген санаттарға жатқызылған жануарлар түрлерiн әкелуге және әкетуге рұқсат беру тәртiбiн бекітедi;
      24-3) жолдаманың үлгі нысанын, сондай-ақ оны беру тәртібін бекітеді;
      24-4) дериваттар тізбесін бекітеді;
      24-5) жануарларды еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау қағидасын бекітеді;
      24-6) аңшылықта пайдаланылатын аушы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргізу және тіркеу қағидасын бекітеді;
      24-7) жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың және жануарлар дүниесін қорғаумен айналысатын мамандандырылған ұйымдар инспекторларының арнайы құралдар мен қызметтік қаруды қолдану, сондай-ақ қорықшылардың қызметтік қаруды қолдану қағидасын бекітеді;
      24-8) жануарларды интродукциялау және реинтродукциялау қағидасын бекітеді;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      8-бапты 24-9), 24-10) тармақшалармен толықтыру көзделген - ҚР 2012.01.25 N 548-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      24-11) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін акваөсіруді дамыту үшін пайдалану қағидасын бекітеді;
      24-12) әкімшілік органның құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беру қағидасын бекітеді;
      24-13) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін ерекше құнды объектілерге жатқызу, олардың шекараларын белгілеу қағидасын бекітеді;
      25) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
      Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.01.09 N 213, 2008.12.10 N 101-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      9-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және


              пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын
              уәкiлеттi органның, оның аумақтық бөлімшелерінің
              және Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік
              органдарының құзыретi

      1. Уәкілетті орган:


      1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
      2) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi салалық (секторлық) бағдарламаларды әзiрлейдi;
      3) тексерілетін субъектілерге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеп, бекітеді;
      4) жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспектор актiлерiнiң нысандарын, оларды толтыру мен берудiң тәртiбiн әзірлейді және бекітеді;
      5) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормативтердi әзiрлейдi;
      6) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының, сондай-ақ жануарлар дүниесiн қорғауды тiкелей жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерiнiң айырым белгілері бар нысанды киiм (погонсыз) үлгiлерiн, киіп жүру тәртiбiн және онымен қамтамасыз ету нормаларын әзірлейді және бекітеді;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      7) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 2012.01.25 N 548-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      7) жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы ставкаларын және Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтiрiлген зиянды өтеу мөлшерiн айқындаудың әдiстемесiн әзiрлейдi және бекiтедi;
      8) алып тасталды - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      9) аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктері республикалық қауымдастықтарының, сондай-ақ балықшылардың және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің қатысуымен, бекітілген лимиттер негізінде жануарлар дүниесін алу квоталарын бөледі;
      10) аңшы, балықшы және қорықшы куәлiктерiнің нысанын және оны беру тәртiбiн айқындайды;
      11) балық аулаудың кәсiпшiлiк және кәсiпшiлiк емес құралдарының түрлері мен тәсілдерін қолдануға рұқсат етілген тізбеге енгізілмеген балық аулау құралдарының жаңа түрлері мен тәсілдерін (эксперименттік аулау тәртібімен) қолдануға арналған рұқсаттарды беру тәртібін белгілейді;
      12) ішкі және сыртқы рыноктарда сату үшін бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын таңбалау тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      13) алып тасталды - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      14) аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерінің қорықшылық қызметі туралы үлгi ережені әзiрлейді;
      15) жануарлар дүниесiнiң объектiлерiн, олардың бөлiктерi мен дериваттарын, оның iшiнде сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген санаттарға жатқызылған жануарлар түрлерiн әкелуге және әкетуге рұқсаттар бередi;
      16) жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған биологиялық негiздеме дайындаудың тәртiбiн әзірлейді және бекітеді;
      17) балық аулауға және балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттардың үлгі нысанын әзірлейді және белгiлейдi;
      18) аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерін дамыту жоспарының үлгі нысанын бекітеді;
      19) жолдаманың үлгi нысанын, сондай-ақ оны беру тәртібін әзiрлейді;
      20) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген санаттарға жатқызуды қоспағанда, осы Заңның 3-бабы 1-тармақшасының 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген санаттарға жатқызылған жануарлар түрлерiнiң тізбелерін айқындайды және оларды бiр санаттан екiншiсiне ауыстырады;
      21) қолдануға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
      22) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми-зерттеулер мен жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады және (немесе) қамтамасыз етеді;
      23) алып тасталды - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      24) алып тасталды - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      25) халықаралық және республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптардың тізімдерін әзірлейді және бекітеді;
      26) жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алуды, оның кадастры мен мониторингін жүргізуді ұйымдастырады;
      27) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiн интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру, сондай-ақ жасанды түрде өсiру жөнiндегi қызметтi ұйымдастырады;
      28) аңшылық алқаптары мен балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң резервтiк қорында жануарлар дүниесiн қорғауды, өсiмiн молайтуды және мемлекеттiк есепке алуды ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
      29) су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларына қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді және оларды орнатуды келіседі;
      30) аңшылық алқаптарының, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнің резервтік қорын биологиялық-экономикалық тексеруді жүзеге асырады;
      31) ғылыми ұсынымдар негізінде балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттандыруды жүргізеді;
      32) рекреациялық балық аулау аймағын белгілейді;
      33) уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде су көлігі қозғалысының тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      34) балық шаруашылығы учаскелерінің шекараларын белгілейді, ұйықтарды (ұйықтық учаскелерді) ашып, жабады;
      35) жануарларды интродукциялау және реинтродукциялау қағидасын әзірлейді;
      36) сыртқы нарықта сату үшін бекіре тұқымдас балықтар түрлерінің уылдырығы маркасының нысанын әзірлейді және бекітеді және оны ішкі нарықта сату маркасын беруді жүзеге асырады;
      37) балық аулаудың кәсiпшiлiк және кәсiпшiлiк емес құралдарының түрлері мен тәсілдерін қолдануға рұқсат етілген тізбеге енгізілмеген балық аулау құралдарының жаңа түрлері мен тәсілдерін (эксперименттік аулау ретінде) қолдануға арналған рұқсаттар береді;
      38) бақылау үшін аулауды, интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру мақсатында аулауды жүзеге асырады, балықтың қырылу қаупі бар су айдындарында және (немесе) учаскелерінде аулауды жүзеге асырады;
      39) жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар береді;
      40) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын анықтау мақсатында жануарлар дүниесін пайдаланушылардың қызметін тексереді;
      41) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;
      42) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
      43) жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салу енгізу жөнінде ұсыныс жасайды;
      43-1) дериваттар тізбесін әзірлейді;
      44) аншлагтарының үлгілерін және аңшылық шаруашылықтар, өсімін молайту учаскелері мен тыныштық аймақтары, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің шекараларын, сондай-ақ аң аулау мен балық аулау үшін тыйым салынған мерзімдер мен орындарды, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналының (кәсіпшілік журналдың) нысанын әзірлейді және бекітеді;
      45) жануарлар үйiрiмен мекендейтiн жерлердi периметрі бойынша олардың iндерi орналасқан жерлерге жиырма метр жақындап немесе оларды алдын ала басқа жерге көшiрмей жыртуға келiсім беруді жүзеге асырады;
      46) ұшақтардың, тiкұшақтардың және өзге де ұшу аппараттарының итбалықтар, тұяқты жабайы жануарлар мен топтасып ұшатын құстар жаппай мекендейтiн аумақтардың үстiнен бiр километрден төмен биiктiкте ұшып өтуiне келiсім беруді жүзеге асырады;
      47) сирек кездесетiндерін және құрып кету қаупi төнгендерін қоспағанда, жануарларды интродукциялау, реинтродукциялау мен будандастыруды жүргiзуге, сондай-ақ жаңадан жерсiндiрiлген жануарларды алып қоюға рұқсат береді;
      48) жерсіндіруге рұқсат береді;
      49) балықтардың сөзсіз қырылуына әкеп соғатын қырылу қаупі туындаған және су объектілерін немесе олардың бөліктерін ағымдағы балық шаруашылық мелиорациялауды жүргізу жолымен мұндай қауіпті болдырмау мүмкін болмаған жағдайларда ғылыми ұсынымдар негізінде балықтарды мелиорациялық аулау туралы шешім қабылдайды;
      50) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
      51) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
      51-1) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында құрметті атақтар, төс белгілерін және құрмет грамоталарын беру қағидасын әзірлейді және бекітеді;
      51-2) қорықшының төс белгісінің және айыру белгісі бар арнайы киімінің нысанын әзірлейді және бекітеді;
      51-3) Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру жөніндегі қағиданы әзірлейді және бекітеді;
      51-4) Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылықішілік аңшылықты ұйымдастыру жөніндегі қағиданы әзірлейді және бекітеді;
      51-5) Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар түрлерін есепке алуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
      51-6) аңшылық минимумды әзірлейді және бекітеді;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      9-бапты 51-7), 51-8) тармақшалармен толықтыру көзделген - ҚР 2012.01.25 N 548-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      51-9) аңшы куәлігін беру жөніндегі есептіліктің нысанын белгілейді;
      51-10) Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік органда тіркеу қағидасын әзірлейді және бекітеді;
      51-11) су қоймаларына балық жіберу, балықтардың жаңа түрлерін жерсіндіру, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидасын әзірлейді және бекітеді;
      51-12) Қазақстан Республикасының Үкіметіне сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін, олардың бөліктері мен дериваттарын алу жөніндегі ұсынысты енгізеді;
      51-13) жануарлар дүниесі объектілерін алу лимиттерін әзірлейді;
      51-14) жануарлар дүниесі объектілерін алу квоталарын бөлу қағидасын әзірлейді;
      51-15) халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін әзірлейді;
      51-16) су қоймаларын халықаралық және республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптарға жатқызу қағидасын әзірлейді;
      51-17) аңшылық, балық аулау қағидасын әзірлейді;
      51-18) аңшылық шаруашылығын жүргізу қағидасын және балық шаруашылығын жүргізу қағидасын әзірлейді;
      51-19) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзумен келтірілген зиянды өтеу мөлшерлерін әзірлейді;
      51-20) сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерінің тізбесін әзірлейді және оларды басқа санаттарға ауыстырады;
      51-21) мемлекеттік монополия субъектісі болып табылатын мемлекеттік кәсіпорынның табиғи мекендеу ортасынан алынған бекіре тұқымдас балықтарды, олардың уылдырығын өткізу қағидасын әзірлейді;
      51-22) жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру қағидасын әзірлейді;
      51-23) жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге, сондай-ақ жаңадан жерсіндірілген жануарларды алуға рұқсаттар беру қағидасын әзірлейді;
      51-24) жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғау туралы ережені әзірлейді;
      51-25) жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды белгілеу қағидасын әзірлейді;
      51-26) жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алуды, оның кадастры мен мониторингін жүргізу қағидасын әзірлейді;
      51-27) зоологиялық коллекцияларды жасау және мемлекеттік есепке алу қағидасын әзірлейді;
      51-28) аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсты өткізу қағидасын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді;
      51-29) аңшылық пен балық аулау объектілері болып табылатын жануарлардың бағалы түрлерінің тізбесін әзірлейді;
      51-30) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган мен аумақтық бөлімшелерінің лауазымды тұлғаларының,  ондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың жануарлар дүниесін тікелей қорғауды жүзеге асыратын, айыру белгілері бар (погондарсыз) нысандық киімді киюге құқығы бар қызметкерлерінің тізбесін әзірлейді;
      51-31) жануарларды еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау қағидасын әзірлейді;
      51-32) шетелдіктермен әуесқойлық (спорттық) балық аулауды ұйымдастыруға арналған шарттарды жасасу қағидасын әзірлейді және бекітеді;
      51-33) аңшылықта пайдаланылатын аушы жыртқыш құстарды есепке алуды және тіркеуді жүргізу қағидасын әзірлейді;
      51-34) жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымдар инспекторларының арнайы құралдар мен қызметтік қаруды қолдану, сондай-ақ қорықшылардың қызметтік қаруды қолдану қағидасын әзірлейді;
      51-35) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін акваөсіруді дамыту үшін пайдалану қағидасын әзірлейді;
      51-36) әкімшілік органның құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсаттар беру қағидасын әзірлейді;
      51-37) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін ерекше құнды объектілер қатарына жатқызу, олардың шекараларын белгілеу қағидасын әзірлейді;
      51-38) балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама нысанын әзірлейді және бекітеді;
      52) осы Заңда, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Аумақтық бөлімшелер өз қызметiн уәкiлеттi орган белгiлеген құзыретi шегiнде жүзеге асырады.
      2. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдарының құзыретi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.
      Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.03.19 № 258-IV, 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      10-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және


               пайдалану саласындағы жергiлiктi мемлекеттiк
               басқару органдарының құзыретi

      1. Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлдi органдары:


      1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi өңiрлiк бағдарламаларды бекiтедi;
      2) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану мәселелерi бойынша жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының есептерiн қарайды;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      2. Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдары:
      1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлейдi және олардың iске асырылуын қамтамасыз етедi;
      2) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi өздеріне ведомстволық бағыныстағы органдар мен ұйымдардың қызметiн үйлестiру мен бақылауды жүзеге асырады;
      3) жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тiзбесiн бекiтедi;
      4) жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнiнде шешiмдер қабылдайды;
      5) алып тасталды - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      5-1) жануарларға ауырып қалған, бекітіліп берілмеген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде олардың қырылу қаупі төнген жағдайда оларға көмек көрсету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;
      6) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      11-бап. Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк есепке алу,


               оның мемлекеттiк кадастры мен мониторингi

      Жануарлар дүниесiн қорғауды, өсiмiн молайтуды және пайдалануды қамтамасыз ету үшiн жануарлар түрлерінің жай-күйі мен географиялық таралуы туралы, олардың саны, жүйелi байқау нәтижелерi, оларды шаруашылықтағы пайдалану көлемдерi туралы мәлiметтер жиынтығын және басқа да қажеттi деректердi құрайтын жануарлар дүниесiн мемлекеттiк есепке алу, оның мемлекеттiк кадастры мен мониторингi жүргiзiледi.


      Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      11-1-бап. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және


                 пайдалану саласындағы мемлекеттік монополия

      1. Бекіре тұқымдас балықтарды табиғи мекендеу ортасынан алып қою, оларды сатып алу, олардың уылдырығын және өнімінің басқа да түрлерін өңдеу және экспорттау жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны мемлекеттік кәсіпорын ғана жүзеге асырады.


      2. Өнімді мемлекеттік монополия субъектісінен сатып алған жеке және заңды тұлғалар оны одан әрі қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыруға құқылы.
      3. Бекіре тұқымдас балықтар кездейсоқ ауланған жағдайда тіршілік етуге қабілетті дара нұсқалары – табиғи мекендеу ортасына жіберілуге, ал тіршілік етуге қабілетсіз (өлі) дара нұсқалары өтеусіз негізде мемлекеттік монополия субъектісіне тапсырылуға тиіс.
      4. Бекіре тұқымдас балықтарды жасанды түрде өсіру мақсатында өсімді молайту кешені мемлекеттік кәсіпорындарының, сондай-ақ ғылыми-зерттеу үшін аулау кезінде заңды тұлғалардың оларды табиғи мекендеу ортасынан алып қоюы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
      5. Мемлекеттік монополия субъектісі өткізетін өнімнің бағасын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
      Ескерту. Заң 11-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Каталог: sites -> default -> files -> Node 2027
files -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
files -> Ф 06-32 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
files -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
files -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының
Node 2027 -> Кодексі Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі n 481 Кодексі "Егемен Қазақстан"
Node 2027 -> Кешенді экологиялық рұқсаттар беру ережесін және қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттардың орнына кешенді экологиялық рұқсаттар алу мүмкін болатын өнеркәсіп объектілері үлгілерінің тізбесін бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет