«Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты Жалпы ережелер



бет1/7
Дата25.04.2016
өлшемі0.99 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1108 қаулысымен  
бекiтiлген     

«Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттiк қызметтi:


      1) жануарлар дүниесiн (заңды тұлға мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан су объектiлерiнде мекендейтiн жануарлардан басқа балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда) пайдалануға:
      аңшылық және балық аулау объектiлерiне жатпайтын жануарларды шаруашылық мақсаттарда пайдалануға;
      жануарларды ғылыми, мәдени–ағартушылық, тәрбиелiк және эстетикалық мақсаттарда пайдалануға;
      жануарлардың тiршiлiк ету әрекеттерiнiң пайдалы қасиеттерi мен өнiмдерiн пайдалануға;
      аңшылық алқаптарының резервтiк қорында аңшылық жүргiзуге рұқсат беру кезiнде Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8-үй, «Министрлiктер үйi» әкiмшiлiк ғимараты, 5–кiреберiс мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi (бұдан әрi – Комитет);
      2) осы тармақтың 1) тармақшасында көзделмеген жағдайларда заңды тұлға мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан су объектiлерiнде мекендейтiндерден басқа балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда, жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат беру кезiнде Комитеттiң осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша орналасқан аумақтық инспекциялары (бұдан әрi – 1-инспекциялар);
      3) балық ресурстары мен басқа да су жануарлары (заңды тұлға мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан су объектiлерiнде мекендейтiн балық ресурстары мен басқа да су жануарларынан басқа) бөлiгiнде жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат беру кезiнде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Балық шаруашылық комитетiнiң осы стандартқа 2-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша орналасқан аумақтық инспекциялары (бұдан әрi – 2-инспекциялар) көрсетедi.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттiк қызмет «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдегi Заңының 9-бабының 1-тармағы 39) тармақшасының және «Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттар беру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1469 қаулысының негiзiнде көрсетiледi.
      4. Мемлекеттiк қызмет туралы ақпарат және мемлекеттiк қызмет стандарты (бұдан әрi – стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында «нормативтiк құқықтық актiлер» бөлiмiнiң «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары» кiшi бөлiмiнде, сондай-ақ Комитетiң және 1 және 2-инспекциялардың стендтерде орналастырылады. Стендтер мемлекеттiк қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайлардағы көрнектi орындарда орнатылады.
      5. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижесi жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсатты (бұдан әрi – рұқсат) қағаз тасығышта беру не мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет алушы) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет мынадай мерзiмдерде көрсетiледi:
      1) мемлекеттiк қызмет алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:
      рұқсатты беру үшiн – бес жұмыс күнi iшiнде;
      әуесқой (спорттық) балық аулауға рұқсатты беру үшiн – өтiнiш берiлген күнi;
      2) қажеттi құжаттарды тапсыру кезiнде кезекте күтудiң жол берiлетiн ең ұзақ уақыты отыз минуттан аспау керек;
      3) мемлекеттiк қызмет нәтижесiн алу кезiндегi кезекте күтудiң жол берiлетiн ең ұзақ уақыты отыз минуттан аспау керек;
      4) мемлекеттiк қызмет алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап рұқсат алу үшiн ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру мерзiмi – екi жұмыс күнi iшiнде.
      Осы тармақтың 1) тармақшасында белгiленген мерзiмдерде рұқсат берiлмеген немесе мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап ұсынылмаған жағдайда рұқсат берiлген деп есептеледi және бiр жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк қызмет алушыға берiлуге жатады.
      8. Мемлекеттiк қызмет «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексiнде (Салық кодексi) көзделген жағдайларды қоспағанда, ақылы түрде көрсетiледi.
      Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн мемлекеттiк қызмет алушы бюджетке жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемдi осы стандартқа 3-қосымшада көзделген мөлшерде қолма қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз тәсiлмен төлейдi.
      9. Мемлекеттiк қызмет жұмыс күндерi сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн көрсетiледi, демалыс күндерi: сенбi, жексенбi және мереке күндерi. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады.
      10. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн мемлекеттiк қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайларда күту және қажеттi құжаттарды дайындау үшiн жағдай жасалады (күту креслолары, қажеттi құжаттарды толтыруға арналған орындар қажеттi құжаттар тiзбесi мен оларды толтыру үлгiлерi бар стендтермен жарақталады), өртке қарсы қауiпсiздiк шаралары қабылданады. Физикалық мүмкiндiктерi шектелген мемлекеттiк қызмет алушылардың кедергiсiз қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiк қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайларда жабдықталған тұтқалар, пандустар және баспалдақ таяқшалары көзделедi.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

      11. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн мемлекеттiк қызмет алушы мыналарды ұсынады:


      1) осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес белгiленген нысандағы өтiнiм;
      2) тиiстi мемлекеттiк органдар берген құрылтай құжаттарының көшiрмелерi немесе заңды тұлғаны құрусыз кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға құқық беретiн құжаттардың көшiрмелерi салыстырып тексеру үшiн түпнұсқаларымен не салыстырып тексеру үшiн түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған көшiрмелерi (алғаш рет жүгiну кезде);
      3) «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексiнде (Салық кодексi) көзделген жағдайларды қоспағанда, жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемнiң төленгенi туралы төлемақы құжаты;
      4) жануарлар дүниесiнiң объектiлерiн алып қоюға қатысатын тұлғалар тiзiмi;
      Пайдалану түрiне қарай тiзiмге қосымша мыналар ұсынылады:
      аңшылыққа (алғаш рет жүгiну кезде):
      1) облыстық атқарушы органның аңшылық алқаптарын бекiту туралы шешiмнiң көшiрмесi;
      2) аңшылық шаруашылығын жүргiзу шартының көшiрмесi;
      3) жануарлар дүниесiнiң объектiлерiн алып қою шетел азаматтарының қатысуымен жүргiзiлген жағдайда – аңшылық шаруашылығы субъектiлерiнiң шетел азаматтарымен аңшылықты ұйымдастыруға шартының және тұрып жатқан елi берген олардың аңшылыққа құқығын куәландыратын құжаттың көшiрмелерi;
      кәсiпкерлiк балық аулауға (алғаш рет жүгiну кезде):
      1) облыстық атқарушы органның балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiту туралы шешiмiнiң көшiрмесi;
      2) балық шаруашылығын жүргiзу шартының көшiрмесi (жағалау маңындағы балық аулауды жүзеге асыру үшiн);
      3) балық аулау шартының көшiрмесi;
      ғылыми-зерттеулiк аулауға:
      1) бейiндi ғылыми ұйымның ғылыми кеңесi бекiткен ғылыми-тақырыптық жоспарынан үзiндiнiң және ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарламасының көшiрмелерi салыстырып тексеру үшiн түпнұсқаларымен не салыстырып тексеру үшiн осы құжаттардың түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;
      2) жануарлар дүниесiнiң объектiлерiн алып қоюдың көзделiп отырған көлемiн негiздейтiн материалдар;
      3) ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруға мемлекеттiк тапсырысты iске асыру кезiнде – уәкiлеттi органмен және (немесе) оның ведомстволарымен шарттың көшiрмесi;
      4) бұрын берiлген рұқсаттарды пайдалану нәтижелерi туралы есеп;
      бақылау мақсатындағы аулауға:
      ведомствоның аумақтық бөлiмшелерiмен бекiтiлген ихтиологиялық жұмыстар жоспарының көшiрмесi, бақылау мақсатындағы аулауларды жүргiзуге шығу кестесi;
      мелиоративтiк аулауға:
      1) ғылыми ұйымдар ұсынымдарының негiзiнде ведомствоның аумақтық бөлiмшесiнiң мелиоративтiк аулауды жүргiзу туралы шешiмiнiң көшiрмесi;
      2) бұрын берiлген рұқсаттарды пайдалану нәтижелерi туралы есеп;
      өсiмiн молайту мақсаттарындағы аулауға:
      1) мемлекеттiк тапсырысты орындау мақсаттары үшiн аулау жағдайларын қоспағанда, балық ресурстарының өсiмiн молайтуға биологиялық негiздеме;
      2) бұрын берiлген рұқсаттарды пайдалану нәтижелерi туралы есеп;
      эксперименталдық аулауға;
      1) ғылыми ұйымдардың биологиялық негiздемелерi және ұсынымдары;
      жануарларды ғылыми мақсаттарда пайдалануға (алғаш рет өтiнген кезде):
      1) бейiндi ғылыми ұйымның ғылыми кеңесi бекiткен ғылыми-тақырыптық жоспарынан үзiндiнiң және ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарламасының көшiрмелерi салыстырып тексеру үшiн түпнұсқаларымен не салыстырып тексеру үшiн осы құжаттардың түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
      2) жануарлар дүниесiнiң объектiлерiн алып қоюды негiздейтiн материалдар (мемлекеттiк экологиялық сараптамасының оң қорытындысы бар биологиялық негiздеме);
      3) ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруға мемлекеттiк тапсырысты iске асыру кезiнде – уәкiлеттi органмен және (немесе) оның ведомстволарымен шарттың көшiрмесi.
      Әуесқой (спорттық) балық аулауға рұқсатты алу үшiн мемлекеттiк қызмет алушы жеке басын куәландыратын құжатты көрсетедi және жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемнiң төленгенi туралы төлем құжатын ұсынады.
      12. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуге арналған өтiнiм бланкiсiн осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес мекенжайлар бойынша орналасқан 1 және 2-инспекциялардың кеңселерiнен, Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8-үй, «Министрлiктер үйi» әкiмшiлiк ғимараты, 5-кiреберiс, 611-кабинет, телефоны: 8 (7172) 74-33-15 мекенжайы бойынша орналасқан Комитеттен не Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында, Комитеттiң www.fhc.kz интернет-ресурсында, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Балық шаруашылығы комитетiнiң www.fisher.minagri.kz интернет-ресурсынан алуға болады.
      13. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттар осы стандарттың 1-тармағында көрсетiлген ұйымдардың кеңселерiне осы стандарттың 1-тармағында және осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетiлген мекенжайлар бойынша тапсырылады.
      14. Мемлекеттiк қызмет алушыға:
      1) құжаттарды қабылдау нөмiрiн және күнiн;
      2) сұратылатын мемлекеттiк қызмет түрiн;
      3) қоса берiлген құжаттар санын және атауларын;
      4) мемлекеттiк қызметтi алу күнiн (уақытын) және құжаттарды беру орнын;
      5) құжаттарды қабылдаған жауапты тұлғаның тегiн, атын, әкесiнiң атын;
      6) мемлекеттiк қызмет алушының тегiн, атын, әкесiнiң атын (жеке тұлға үшiн) немесе атауын (заңды тұлға үшiн), байланыс деректерiн көрсете отырып, қажеттi құжаттарды қабылдау туралы қолхат берiледi.
      15. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi мемлекеттiк қызмет алушыға немесе сенiмхат бойынша уәкiлетiк берiлген тұлғаға жеке келген кезде рұқсаттар беру журналына қол қойғызып берiледi.
      16. Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту үшiн:
      1) өтiнiмде көрсетiлген мәлiметтердiң толық емес көлемде ұсынылуы;
      2) өтiнiмде көрсетiлген мәлiметтердiң дұрыс болмауы;
      3) мемлекеттiк экологиялық сараптаманың терiс қорытындысы не оның болмауы, негiз болып табылады.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Мемлекеттiк қызметтi көрсету кезiнде Комитеттiң және 1 және 2-инспекциялардың лауазымды тұлғалары мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:


      1) кiшiпейiлдiлiк таныту, өзiнiң лауазымдық жағдайын алға тартпау және пайдаланбау;
      2) сыпайы және әдептi болу;
      3) көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет туралы толық ақпарат ұсыну;
      4) қызмет көрсету мерзiмдерiн және күту уақытын қысқарту үшiн күш салу;
      5) мемлекеттiк қызмет алушы құжатының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;
      6) мемлекеттiк қызмет алушы белгiленген мерзiмдерде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижелерi

      18. Мемлекеттiк қызмет алушыларға мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша жұмыс нәтижелерi осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.


      19. Комитеттiң және 1 және 2-инспекциялардың лауазымды тұлғаларының жұмысы бойынша бағаланатын мемлекеттiк қызметтiң сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәндерi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң бұйрығымен бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

      20. Комитеттiң және 1 және 2-инспекциялардың лауазымды тұлғаларының әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн түсiндiрудi, сондай-ақ шағым дайындауда жәрдемдесудi Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8-үй, «Министрлiктер үйi» әкiмшiлiк ғимараты, 5-кiреберiс, 620-кабинет мекенжайы бойынша орналасқан Комитеттiң немесе 1 және 2-инспекциялардың заң қызметiнiң мамандары осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетiлген мекенжайлар бойынша жүзеге асырады.


      21. Комитет көрсеткен мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң атына Астана қаласы, Кенесары көшесi, 36-үй, 301-кабинет, телефоны: 8 (7172) 55-57-63, электронды поштасы: info@minagri.kz мекенжайы бойынша берiледi.
      Жұмыс кестесi: жұмыс күндерi сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, демалыс күндерi: сенбi, жексенбi және мереке күндерi.
      Шағым www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң блогында баяндалуы мүмкiн.
      Инспекциялар көрсеткен мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда шағым Комитет немесе Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң Балық шаруашылығы комитетi төрағасының атына Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8-үй, «Министрлiктер үйi» әкiмшiлiк ғимараты, 5 немесе 13-кiреберiс, 611 немесе 367-кабинет (сәйкесiнше) мекенжайлары бойынша берiледi.
      Жұмыс кестесi: жұмыс күндерi сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, демалыс күндерi: сенбi, жексенбi және мереке күндерi.
      22. Сыпайы қызмет көрсетiлмеген жағдайда шағым Комитет Төрағасының атына Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8-үй, «Министрлiктер үйi» әкiмшiлiк ғимараты, 5-кiреберiс, 611-кабинет, телефон: 8 (7172) 74-33-15, электронды пошта: fauna@minagri.kz мекенжайы бойынша немесе тиiстi инспекция басшысының атына осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетiлген мекенжайлар бойынша берiледi.
      Жұмыс кестесi: жұмыс күндерi сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, демалыс күндерi: сенбi, жексенбi және мереке күндерi.
      23. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда мемлекеттiк қызмет алушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.
      24. Шағымдар жазбаша түрде пошта, электрондық пошта бойынша не қолға жұмыс күндерi осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетiлген ұйымдардың кеңселерi арқылы қабылданады.
      Шағым шағымда қойылған мәселелердi шешу құзыретiне не лауазымды тұлғаның атына жолданады.
      Шағымда мемлекеттiк қызмет алушының тегi, аты, әкесiнiң аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған кезде), пошталық мекенжайы, шағым беру күнi және мемлекеттiк қызмет алушының қолы көрсетiледi.
      Шағым берiлген кезде әрекеттерi немесе әрекетсiздiгi шағымдалатын лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегi және аты-жөнi, жүгiну себептерi және талаптар көрсетiледi.
      25. Қабылданған шағым осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетiлген ұйымдардың кеңселерiнде тiркеледi. Шағым қабылдануының растамасы шағым данған мемлекеттiк қызмет алушыға күнi және уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды тұлғаның тегi және аты-жөнi көрсетiлген талонды беру болып табылады. Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты тиiстi ұйым кеңсесiнiң лауазымды тұлғаларынан алуға болады.
      Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртiппен және мерзiмдерде жүзеге асырылады.
      26. Мемлекеттiк қызмет алушы қосымша ақпаратты Комитеттiң немесе 1 және 2-инспекциялардың кеңселерiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң www.minagri.gov.kz интернет-ресурсынан ала алады.

«Жануарлар дүниесiн пайдалануға


рұқсат беру» мемлекеттiк қызмет
стандартына 1-қосымша    

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң аумақтық инспекцияларының мекенжайлары

Р/с


Аумақтық инспекциялар

Заңды мекенжайы

Байланыс телефоны, электрондық пошта адресi

1

2

3

4

1.

Ақмола

Көкшетау қ-сы, Громов к-сi, 21-үй

тел.:
8–716–2–31–55–87;
8–716–2–31–57–11;
электрондық поштасы:
akmolles@mail.ru; ohota_koksh@mail.kz.

2.

Ақтөбе

Ақтөбе қ-сы, Набережная к-сi, 11-үй

тел.:
8–713–2–21–01–09;
8–713–2–21–01–09;
электрондық поштасы:
aktobe.otiloh@mail.ru

3.

Атырау

Атырау қ-сы, Кұбаш Медеубайұлы к-сi, 33-үй

тел.:
8–712–2–28–04–35;
8–712–2–28–02–51;
электрондық поштасы:
lesohothoz@mail.ru

4.

Алматы

Талдықорған қ-сы, Лесная поляна к-сi, 1-үй

тел.:
8–728–2–27–01–03;
8–728–2–27–23–15;
электрондық поштасы:
pihta_tkorgan@mail.ru

5.

Шығыс Қазақстан

Өскемен қ-сы, Тоқтаров к-сi, 40-үй

тел.:
8–723–2–26–31–80;
8–723–2–26–31–80;
электрондық поштасы:
bioresursy@mail.ru

6.

Жамбыл

Тараз қ-сы, Әл-Фараби к-сi, 11-үй

тел.:
8–726–2–34–12–84;
8–726–2–34–12–84;
электрондық поштасы:
tarazcontrol@minagri.kz

7.

Батыс Қазақстан

Орал қ-сы, Аманжолов к-сi, 75-үй

тел.:
8–711–2–51–40–76;
8–711–2–50–79–22;
электрондық поштасы:
Batyswood_59@mail.ru

8.

Қарағанды

Қарағанды қ-сы, Крылов к-сi, 20-үй

тел.:
8–721–2–41–58–69;
8–721–2–41–58–73;
электрондық поштасы:
upravlenie@topmail.kz

9.

Қызылорда

Қызылорда қ-сы, Абай к-сi, 48-үй

тел.:
8–724–22–3–55–20;
8–724–22–3–50–87;
электрондық поштасы:
turebaev_lesohot@mail.ru

10.

Қостанай

Қостанай қ-сы, Гагарин к-сi, 85 А-үй

тел.:
8–714–2–54–30–60;
8–714–2–54–28–34;
электрондық поштасы:
les_kst@mail.ru

11.

Маңғыстау

Ақтау қ-сы, 3-ш.а., 67-үй

тел.:
8–729–2–52–40–06;
8–729–2–52–40–08;
электрондық поштасы:
mangistau.leshoz@mail.ru

12.

Павлодар

Павлодар қ-сы, Ворушин к-сi, 92-үй

тел.:
8–718–2–57–10–39;
8–718–2–57–37–96;
электрондық поштасы:
kedrOTI@yandex.ru

13.

Солтүстiк Қазақстан

Петропавл қ-сы, Ж. Жабаев к-сi, 241-үй

тел.:
8–715–2–42–57–70;
8–715–2–42–57–79;
электрондық поштасы:
Les_petropavl@ mail.ru

14.

Оңтүстiк Қазақстан

Шымкент қ-сы, Лесхоз кентi

тел.:
8–725–2–57–03–31;
8–725–2–57–15–84;
электрондық поштасы:
gosnadzor_99@mail.ru

«Жануарлар дүниесiн пайдалануға


рұқсат беру» мемлекеттiк қызмет
стандартына 2-қосымша    

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Балық шаруашылығы комитетiнiң аумақтық инспекциялардың мекенжайлары

Р/с


Аумақтық инспекциялар

Заңды мекенжайы

Байланыс телефоны, электронды пошта

1

2

3

4

1.

Арал-Сырдария облысаралық бассейндiк балық шаруашылығы инспекциясы

Қызылорда қ-сы
Абай к-сi, 17-үй

тел.:
8-724-2-23-06-16;
электрондық поштасы:
asmburh1@mail.ru

2.

Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндiк балық шаруашылығы инспекциясы

Қапшағай қ-сы
5 ш.а., 1-үй

тел.:
8-727-7-24-80-17;
электрондық поштасы:
Balkhash_bio@mail.ru

3.

Зайсан-Ертiс облысаралық бассейндiк балық шаруашылығы инспекциясы

Өскемен қ-сы
Мызы к-сi, 2/1-үй

тел.:
8-723-2-70-02-12;
электрондық поштасы:
zaisanirtis@mail.ru

4.

Жайық-Каспий облысаралық бассейндiк балық шаруашылығы инспекциясы

Атырау қ-сы
Авангард ш.а., 4-92-үй

тел.:
8-712-2-21-50-50;
электрондық поштасы:
ukmbir@mail.ru

5.

Есiл облысаралық бассейндiк балық шаруашылығы инспекциясы

Астана қ-сы
Жәнiбек Тархан к-сi, 4-үй,109-каб.

тел.:
8-717-2-37-91-34;
электрондық поштасы:
dana.kozhina@gmail.ru

6.

Тобыл-Торғай облысаралық бассейндiк балық шаруашылығы инспекциясы

Қостанай қ-сы
Толстой к-сi, 74-үй, 22-каб.

тел.:
8-714-2-51-12-86;
электрондық поштасы:
kostanai_karp@mail.ru

7.

Шу-Талас облысаралық бассейндiк балық шаруашылығы инспекциясы

Тараз қ-сы
Исатай к-сi, 10-үй

тел.:
8-726-2-51-95-76;
электрондық поштасы:
fisher_taraz@bk.ru

8.

Нұра-Сарысу облысаралық бассейндiк балық шаруашылығы инспекциясы

Қарағанды қ-сы
Алиханов к-сi, 11а-үй

тел.:
721-2-42-47-80;
электрондық поштасы:
karotu@mail.ru

«Жануарлар дүниесiн пайдалануға
рұқсат беру» мемлекеттiк қызмет
стандартына 3-қосымша    

Каталог: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет