Жануарлар интеллектісінің мәселесі



жүктеу 206.22 Kb.
Дата18.04.2016
өлшемі206.22 Kb.
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары


Жануарлар интеллектісінің мәселесі
ЖОСПАР

КІРІСПЕ 2

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1.1. Психика мен сананың дамуы 3

1.2. Психикалық дамудың алғашқы қарапайым формалары 6

2. Жануарлар дүниесінде психиканың тууы және дамуы. 9

3. Жануарлар психикасының негізгі түрлері 10

3.1. Жануарлардың инстинкті. 10

3.2. Жануарлардың дағдылары. 11

3.3. Жануарлардың интеллекті. 13

4. Жануар мен адам психикасындағы айырмашылықтар 14

ҚОРЫТЫНДЫ 17

Әдебиеттер тізімі 18


КІРІСПЕ

Бұдан миллиондаған жыл бұрын біздің жерде тек өлі табиғат қана болған, ешқандай жанды ағза болмаған. Одан кейін тіршілік туды, өсімдіктер мен жануарлар пайда болды. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы - материя дамуының жаңа сатысы. Материя ерекше қасиеттерге ие болды.

Бұл қасиеттердің бірі - тітіркенушілік, яғни сыртқы тітіркенуден ағзаның әсер алуы. Мәселен, Мимоза өсімдігін алатын болсақ, оған қол тигізгенде, ол жапырақтарын жиырып алады. Бұдан тіршіліктің бар екенін білуге болады. Жер үстінде жануарлар пайда бола бастады. Бұл - сезімталдық жануарлардың жүйке жүйесінің психикалық қасиеті. Жануарлардың нерв жүйесі мен миы күштірек дамыған сайын, олардың психикасының дәрежесі де соғұрлым жоғары болады. Ол адамда неғұрлым күшті дамыған. Материяның бірте-бірте дамуы тірі организмнің өмір сүруіне қажет жоғары қасиеттің -психиканың тууына әкеліп жеткізді.

Тірі организмнің психикалық дамуының бүкіл ұзақ процесі үлкен екі кезеңнен түрады:

1. Жануарлардың психикасының дамуы (ол биология заңдарына, тұқым қуалаушылық, құбылмалылық, табиғи сұрыпталу заңдарына бағынады)

2. Адам санасының дамуы қоғамдық-тарихи заңдылықтарға сәйкес дамиды.

Сана - адамның барша психикалық қызметіне ортақ қасиетті бейнелеудің ерекше формасы.

Адамзат жер бетінде пайда бола бастағаннан бастап өмір сүріп отырған табиғи ортаны өзінін сезім мүшелері арқылы қабылдап, одан әрі ақыл-ой арқылы талдап, сараптап, жүйелейтін жағдайға көтерілген де, болып жатқан құбылыстардағы белгілі бір қайталанушылық, тұрақтылықты жадында сақтап, логикалық ой қорытындылар жасауға дейін жетілген. Өмір сүріп отырған ортаны сезініп тану бар. Ол таным процесінің негізі болып табылады.


1. Психика мен сананың дамуы

Жоғарғы жүйке қызметі - психиканың физиологиялық негізі. Психика - жүйке жүйесінің қасиеті болғандықтан, психикалық қасиетті түсіну үшін адам мен жануарлардың психикасының материалдық негізі болып табылатын жоғарғы жүйке қызметінің ерекшеліктерін білу керек.

Жүйке жүйесі орталық және перифериялық жүйке жүйесі болып екіге

бөлінеді. Орталың жүйке жүйесі - бүл ми (бас миы жэне омыртқа жүлыны).

Перифериялық жүйке жүйесі - жүйкелер, яғни талшық шоқтары. Осы

жүйкелер бас миы мен омыртқа жүлынынан адамның барлық денесіне

тарап жатады.

1-сурет. Жүйке жүйесінің құрылысы: 1. Бас миы. 2. Омыртқа жұлыны.

3. Жүйкелер.

Ми да, жүйкелер де, нейрондардан яғни бірімен - бірі жалғасып жататын жүйке жасушаларынан құралады. Мидың бірнеше бөліктері болады. Омыртқадағы жұлын қарапайым қозғалысты реттейді.

Жануарлардың миына қарағанда адам миының құрылысы күрделі болып келеді. Адамның миының аумағы да үлкен. Маймылдардың миының орта салмағы 400- 500 грамм болса, ал адам миының орта салмағы 1400 грамм. Ағзаның өмір сүруінде ми қызметі үлкен роль атқарады. Сонымен қатар организм тіршілігінде ми сыңарлары қыртысының маңызы зор. Адамда ол

орта есеппен алғанда 14-15 миллиард нейроннан тұрады. Ми қыртысының маңдай жазығы неғүрлым маңызды роль атқарады.

Жануар неғұрлым дамыған болса, оның ми қыртысының маңдай жағының үлесі соғұрлым көбірек болады.

Жеке адамның психикалық өмірінде мидың көлемі мен салмағының бірсыпыра маңызы бола тұрса да, ми құрылымының ерекше маңызы бар. Сондықтан мидың салмағына қарай, адамның ақылы туралы кесіп-пішіп айтуға болмайды. Мәселен, Тургеневтің миының салмағы 2120 грамм, Павловтың миы 1653 грамм, ал кейбіреуінде кем, Анатоль Франстам миының салмағы небәрі 1170 грамм. Ми сыңарларынан айырылған ит толық мүгедек болады.

Жүйке жүйесі ағзаның сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырып отырады, айналадан келетін тітіркендіргіштерге жауап қайырады.

Жүйке жүйесі нейрон деп аталатын жеке жасушалардан құрылған. Бұл нейройдардың әрқайсысының екі түрлі тармағы болады. Олардың бірі -ұзын тармақты нейрит (немесе аксон), ал екіншісі - көптеген қысқа тармақты дендрит деп аталынады. Нейрондардың тарамдала келіп, өзара түйінделіп бітетін жерін жүйке орталықтары дейді. Бүлар орталық перифериялық (шеткі) жэне вегетативтік (ішкі) жүйке жүйелерінің өн бойында орналасқан.

Жануарлар мен адамдардың психикалық әрекетінің материалдық негізі болып табылатын мидың және оның бөліктерінің құрылысы тәжірибелік зерттеулер арқылы ғылымда жан-жақты, толық дәлелденген.

Орталық жүйке жүйесінің бөліктерінің орналасуы көп қатарлы үйдің құрылысына ұқсас, яғни олар бірінің үстіне бірі орналаса біткен. Осы бөліктердің жоғарғысы төмендегісінен құрылысы жөнінде, атқаратын қызметі жөнінде де күрделірек болып келеді. Орталық жүйке жүйесінің төменгі бөлімі -жұлын (жуандығы 1 см-дей) омыртқа қуысының ішіне орналасқан, оның ұзындығы ересек адамдарда орта есеппен 45 см-ге дейін жетеді. Жұлынның ішкі жағында сұр зат орналасқан, сұр зат нейрондардың ұзын бұтақтарынан тұратын ақ затпен қоршалған.

Жұлыннан жан-жаққа 31 жүп нерв талшықтары тарайды, олардың бір

тобы ортаға тебетін, екінші бір тобы шетке тебетін жүйке деп аталады.

Жұлын біздің саналы әрекетіміздің орталығы емес, ал қарапайым қозғалыстарымыздың (аяқ-қолды бүгу, керіп-созу т.б.) жүмысын басқаратын орталық болып табылады. Мәселен, жаңа дүниеге келген нәресте емуге әрекеттенеді, аузына сүт барғанда, ол сілекей бөледі. Мұның бәрі жұлынның шартсыз рефлекстері, олар ағзаға туысынан тән болады.

Орталық жүйке жүйесінің екінші бөлігі - ми. Оның орташа салмағы ересек адамдарда 1400 грамм. Мұндағы сопақша, ортаңғы және аралық ми, бәрі қосылып - ми бағанасын құрайды. Ми бағанасы әсіресе, омыртқалы жануарлардың өмірінде ерекше роль атқарады.

Сопақша ми - жұлынның тікелей жалғасы. Мұнда жүрек қызметінің, қан айналысы мен ас қорытудың жүйке орталықтары бар. Біздің дем алу, түшкіру, шайнау, жүту сияқты түрлі реакцияларымыз - сопақша мидың қызметі.

Сопақша мидың сырт жағында, формасы ағаштың жапырағына әқсас мишық орналасқан. Мишық ағзаның қозғалысын, оның бірқалыпты жүріс-тұрысын басқарып отырады, ол шартсыз рефлекстік сипаттағы қозғалыстардың үйлесімділігін қамтамасыз етеді. Бұлардан жоғары орналасқан орта мида құлақ пен көзден баратын тітіркендіргіштерді, скелет еттерінің қалпын реттейтін жүйке орталықтары бар.

Аралық ми көру төмпешіктерінен жэне төмпешік асты аймағынан тұрады. Мидың осы бөлігін тор тәріздес құрылым деп те атайды. Бұл бөлім дененің барлық рецепторларын ми қабығымен байланыстырады, ал мұндағы көру төмпешігі-афференттік талшықтардың жиынтығы болады.
1.2 Психикалық дамудың алғашқы қарапайым формалары

Психиканың пайда болуы, яғни генезисі және оның дамуы туралы проблемалар өзара тығыз байланысты. Соңдықтан да психика дамуы туралы жалпы көзқарас психиканың туындауы жөніндегі мәселенің теориялық ерекшеліктерімен сипатталады. Аталған проблема бойынша ғылымда бірнеше теориялық бағыт қалыптасқан. Ең алдымен бұлар арасында философиялық ой-пікір тарихында Р. Декарт есімімен байланысты ғылыми елеуге тұрарлық "антропопсихизм" бағдары. Оның мәні психиканың пайда болуы адамның келіп шығуымен байланысты. Психика тек адамға тән қасиет. Осылай пайымдаудан адам психикасының біз білетін тарихтан бұрынғы болмысы түгелдей жоққа шығарылды. Мұндай пікір қазіргі күнде де өз қолдауын табуда.

Бұған қарама-қарсы, екінші теория "панпсихизм", яғни бүкіл табиғаттың жан-рухани қасиетке иелігі жөніндегі ұғым. Бұл біріне бірі қайшы екі көзқарастың аралығында кеңірек өріс алған "бопсихизм" теориясы бар. Биопсихизмшілдердің пікірі - психика жалпы материяның қасиеті емес, ал оның тек жанды бөлегіне ғана тән нәрсе. Қойылған проблеманың шешіміне орай өрістеген және бір көзқарас психика барша жанды материяның қасиеті емес, ал олардың арасындағы жүйке -жүйесіне ие болғандарына ғана тән құбылыс. Мұндай тұжырым "нейропсихизм" деп аталған. Ғылыми психология аталған тұжырымдардың бірде-бірін толығымен құптай алмайды. Оның дәлелдері тіпті басқаша психологияның туындауы жөніндегі мәселенің шешімін өмірдің өте күрделі формасы - психиканың туындауына себепші болған жағдайларды зерттеп танумен байланыстырады.

Тіршіліктің пайда болуының негізгі шарты - қоршаған ортамен тұрақты зат алмасуға икемделген күрделі аққуызды молекулалардың түзілуі. Өздерінің тірлік қалпын сақтап қалу үшін олар қоршаған ортадан қорек заттарды сіңіріп, сонымен бірге қалыпты өміріне зиянды қорытылған қорек қалдықтарын сыртқа шығарып отырады. Ассимиляция жэне диссимиляция деп аталған бұл екі процесс зат айналымының құрамды бөлектері болумен күрделі ақуызды түзілімдердің негізгі жасау шарты болып табылады.

Мұндай молекулалар тек қоректік заттарға ғана емес, сол заттарды қорытуға себебін тигізетін жарық пен жылуға да ұнамды әрекетпен жауап береді. Ал шектен артық механикалық не химиялық қалыпты жасауына кедергі болатын әсерлерге қарсылық білдіреді. Зат алмасу процесіне қатысы жоқ, бейтарап әсерді тіпті елемейді.

Каоцерваттардың иңдиферент әсерлерді елемей, зат алмасу процесіне себепші әсерлерді сезу қасиеті тітіркену деп аталады, ал бұл тітіркену құбылысы органикалық емес материяның органикалық жағдайға ауысқанында көрінеді. Бұдан шығатын қорытынды әрқандай тірі организм сыртқы тітіркендіргіштерге тандамалы қатынас жасап, тірі материяның өзіндік реттеу деп аталатын жаңа сапалық қасиетін танытады.

Тітіркену -бұл биологиялық бейнелеудің ең қарапайым формасы болумен, өсімдік және жануарлар эволюциясының барша кезендеріндегі тірі организмдерге тән құбылыс, яғни бұл тірі организмнің барша биологиялық мәнді әсерлерге жауап беру қабілеті. Осылай, органикалық дүниеге өту барысында бейнеленудің сапалық жаңа формасы келіп шығады, әлбетте, бұл бейне айнадағыдай дәл сипатты бере алмайды

Тіршілікке маңызды әсерлерге болған тітіркену процестері, тітіркенудің жоғары маманданған формаларының қалыптасуы жэне олардың Ү-рпақтан үрпаққа беріліп отыруы өсімдік дүниесі деп аталған өмір кезеңінің сипатына айналады. Мысалы, күн жарығына орай өсімдік тамырының терендеуі, дарақ діңінің қисық болуы, өсімдіктің күн сәулесін бағуы сияқты құбылыстар бәрі осы биотикалық әсерлерден болған тітіркенудің нәтижесі. Өсімдік өмірі үшін мәнді және бір жағдай бар. Биотикалық әсерге қарқынды зат алмасумен жауап беруші өсімдіктер нақты зат алмасу кезінде өзге әсерлерді байқамайды. Олар қоршаған ортада белсенді бағыт-бағдар таңдай алмайды. Мысалы, адым жерде күн сәулесі жарқырап түсіп тұрғанымен, өзі тасада қалған өсімдік жасай алмайды.

Мұндай өмір сүрудің енжар формасынан тіршілік эволюциясының келесі кезеңі жәндік-жануарлар дүниесі айрықша сипатқа ие. Бұл кезендегі жалпы, ең қарапайым тіршіліктің даму барысында пайда болған бейнелеудің бастапқы формасы - сезу екені жөнінде ғылымдық болжам бар (А. Н. Леонтъев). Бұл болжам бойынша, ең қарапайымдарынан бастап әрбір тірі организге тән құбылыс жануардың тек зат алмасуға қатысты биологиялық әсерлерге жауап беріп қоймастан, биологиялык мәнсіз не "бейтарап" әсерлерге де, егер олардың өмірлік қажеттілігі жөнінде хабар түссе, жауап бере алуы. Басқаша айтсақ, жануарлар, тіпті ең қарапайымдары да, қоршаған ортада белсенді түрде бағыт-бағдар іздестіреді, өмірлік маңызды жағдайларды қарастырады, төңіректегі барша өзгерістерді байқастырады. Мұңдай алғаш биологиялық маңызсыз, ал сонан соң өмір қажеттілігіне айналған әсерлерді бақылау қабілеті - сезу деп аталады. Сезу құбылысы психиканың туындауында объектив биологиялық белгі қызметін атқарады.

Тіршілік иесі қоршаған ортада бағдарлау қабілетіне ие болып, онда болып жатқан әртүрлі өзгерістерге белсенді қатынас жасай отырып, есімдіктерге тән емес, әрекет-қылықтың жеке-дара өзгермелі формаларын қалыптастыра бастады.

Алғашқы кезде мұндай жеке өзгермелі әрекет-қылықтың қалыптасуы өте баяу болды, солай да болса, бұл процесті эксперимент жағдайында (Брамштедт) байқауға қол жетті. Бір жасушалы жануарлар жылуды сезеді де, жарықты қабылдамайды. Сондықтан да олар бір жағы жарық, екіншісі қараңғы, суы тендей жылы камерада бір қалыпты жайыла жасайды. Ал егер камерадағы судың бір бөлігін ғана жылытса, жануарлар сол бұрышқа келіп жиналады. Егер камераның суық су тарапына ұзақ уақыт жарық түсіріп жылы жағын қараңғыласа, жануарлар әрекеті өзгере бастайды, яғни енді біржасушалылар температураның көтерілуінен хабар беруші сигналға айналған жарықты сезе бастайды. Өсімдіктерден жануарларды ажырататын жекелеген әрекет-қылық баяу өзгереді және пайда болған өзгерістер ұзақ уақыт сақталып, өте жай жойылады.

1.3 Жануарлар дүниесінде психиканың тууы және дамуы.

Тірі организмнің психикалық дамуының бүкіл ұзақ процесі үлкен екі кезеңнен тұрады:

1. Жануарлардың психикасының дамуы (ол биология заңдарына, тұқым қуалаушылық, құбылмалылық, табиғи сұрыпталу заңдарына бағынады).

2. Адам санасының дамуы қоғамдық-тарихи заңдылықтарға сәйкес дамиды.

Жануарлардың психикасының дамуы қоршаған дүниені бейнелеудің және оның өзгеруіне бейімделу, күрделі психикалық процестердің пайда болуымен байланысты болды. Жануарлардың түйсіктерінің дамуының нәтижесінде оларда қабылдау туады. Сонымен қатар жануарлардың есі жетіле түседі. Мәселен, маймыл тығып қойған нананды іздей бастайды.

Омыртқалы жануарларда ойлау нышаны бар, бірақ ол адам ойлауынан әлдеқайда шамалы келеді. Психиканың дамуы үшін жануарлардың тұрмысының, қоршаған ортасының маңызы зор. Басқа жануарларға қарағанда ұшатын құстар мен балықтардың психикасы нашар дамыған. Бұл жағдай олардың тіршілік ететін ортасына байланысты, бірақ та құстың көзі жақсы көреді. Жемін алыстан көруіне көп көмек көрсетеді. Маймылдардың психикасының басқа жануарлармен салыстырғаңда жоғары дәрежеде дамуының себебі орманда өмір сүруіге бейімделуінен. Ағаш арасындағы тіршілік жағдайында иіс айырудың қажеті азайып, көру рөлі арта түседі. Ағаш бұтақтарында отырып теңселу, ағаштан-ағашқа секіру, көзбен мөлшерлеуге жаттықтырады, дененің сезімталдығын жетілдіреді, әрі жылдам қозғалуды талап етеді. Маймыл жаңғақтың ішіндегі дәнін, түрлі миуа атауылыны, шөптің сабағын тауып жейді. Ол үшін ептілік керек. Маймыл қолын жүру қызметіне де, ұстау қызметіне де қолдана алады. Маймылдардың психикасының даму сатысын аңғаруға негіз болатын маңызды бір факт - көз бақылауы мен ептіліктің пайда болуы. Бұл бейімділік бұтақтан-бұтаққа секіріп, тамақ тауып жеуіне көмектеседі. Жануарлар дүниесінің дамуында үш түрлі әрекет бар. Олар: 1.Инстинкт 2.Дағды 3. Интеллект



3. Жануарлар психикасының негізгі түрлері

3.1. Жануарлардың инстинкті.

Инстинкт деп жануарлардың биологиялық өмірінде түқым қуалай отырып, бойына біткен мінезінің пайдалы тума түрін айтады.

Инстинктің мынадай өзіне тэн ерекщеліктері бар:

1)Амалдық-тұтастық егерде қарапайым рефлекс организмнің жеке мүшелерінің аз уақыт ішінде бір рет қана жауап қайыруы болса, инстинкт ұзаққа созылып жануар үшін биояогиялық мәні зор, күрделі әрекет түрінде өтеді (ін қазу, үя салу, аң аулау, ұясына, ініне тамақ жинау).

2)Туа пайда болу. Бүл жануардың нерв жүйесінің бойына біткен тұқым қуу арқылы берілген қасиеті. Бүл инстинкт қайталап отыруды тілемейді.

3)Санасыздық. Сырт қарағанда саналы сияқты болып жануарлардың "ақылына" байланысты көрінгенімен, жануарлар ісінде саналылық деген болмайды.

Мәселен, бал арасының балауызын тесіп қойсаң да бал арасы оған бұрынғысынша бал келтіре береді. Ұяда жұмыртқа басып отырған қасқалдақ жем іздеп ұшып кеткен кезде, оның жұмыртқаларын басқа орынға көрсетіп ауыстырып қойсақ, қасқалдақ оны байқамай үйреншікті орнына отыра кетеді. Жұмыртқаның жоқ екендігінде қасқалдақтың жұмысы болмайды, қасында көрініп жатқан жұмыртқаларының үстіне қонуға ақылы жетпейді, Өйткені оның бұл атқарып отырған іс-қимылдары тек қана инстинкт.

Сонымен инстинкт - жануарлар мінезінің бейімделу қасиетінің өте жай өзгеретін түрі. Инстинкт - «инстинк-тус» деген латын сөзі, қазақша «санасыз ұмтылу» деген мағынаны білдіреді.

Инстинкт - омыртқасыздардың, құстардың, балықтардың сондай-ақ т.б. жануарлардың мінез-құлық іс-әрекетінің негізі болып табылады. Инстинкт адамда да болады. Бірақ адамның іс-әрекеті әдетте интеллектіге, ақыл-ойға бағынады.

3.2. Жануарлардың дағдылары.

Жануарлардың мінез-құлықтарының көптеген формалары тұқым қуалаған емес өз өмірінен, өзінің тәжірибесінен алғаны. Бір әрекеттің қайталана беруінің нәтижесінде бірте-бірте жасалған іс-әрекеттер - дағдылар деп аталады.

Дағды инстинктерге қарағанда өзгермелі, мінез-құлықтың икемді түрі. Сондықтан да, хайуан ортаға тез бейімделіп, көндігіп кете алады. Орыстың атақты аң үйретушісі В.Д. Дуров өз аңдарына кітап оқытты, үй сыпыртты, есеп шығартты, тіпті орамалмен мұрнын сүртуге дейін үйретті. 1919 жылы ұйымдастырылған аңдар бұрышын В.Д. Дуров "шартты рефлекстердің фабрикасы" деп атады. В.Д. Дуров осындай табысқа И.П. Павлов ілімінің нәтижесінде жетті. Өйткені, В.Д. Дуров жануларды жаттықтырып, үйрету үшін әр түрлі сигналдарды шартты рефлекстерді жасады. Мәселен, цирк алаңына келтірілген поезға тышқандар жапа-тармағай міне бастайды. Кішкене көк вагондарға сұр тышқандар, қызыл вагондарға ақ тышқандар кіріп орын алады. Тышқандарды осылайша жаттықтырып, үйрету ісі оларды тамақтандыру арқылы жүргізіледі (сұр тышқандар көк вагонда, ақ тышқандар қызыл вагонда тамақтандырылды). Тамақтандыруды сан рет қайталағаннан кейін вагондардын, бөлгілі бір түрі мен түсіне қарап қоректендіру тышқандарда шартты рефлекстерді қалыптастырады.

Дағдының физиологиялық негізі - шартты рефлекстер. Дағдының жасалуының арқасында жануарлардың туғандағы инстинктері кейде өзгереді. Мәселен, балықты дағдыға үйрету үшін, мынадай тәжірибе жасалған. Аквариумды шынымен екіге бөліп бір бөлігіне екі алабұға, екінші бөліміне тірі шабақ жіберілді. Шабақ – алабәғаның жемі. Сондықтан шабақты көре салысымен алабәғалар оған ұмтылады. Бірақ басы шыныға соғылып жей алмайды. Эксперимент екі ай бойы жүргізілді. Көп уақыт өткен соң алабүғалардың жеміне қарай үмтылу бәсендеп, мүлдем жойылды. Осыдан кейін аквариумды бөліп тұрған шыныны алып тастасақ, шабақ алабұғалардың бөлмесіне жүзіп, араласып кете барады. Бірақ алабұғылар шабаққа тимейді. Себебі шыны түрған кезде тауы шағылған алабұғалардың олармен бірге тұруға бойы үйрене бастайды да, ұмтылу инстинктісін жоғалтып алады. Сондықтан екінші бөлмеге ауыспайды. Алабұғаның мінезіңдегі мұндай шабуыл жасамау сипаты бірнеше күн қайталаудың яғни шартты рефлекс жасаудың арқасында пайда болады. Бұдан инстинктінің өзгеретіндігін байқаймыз. Инстинктінің өзгеруінде дағдының үлкен себебі бар.




3.3. Жануарлардың интеллекті.

Жоғары сатыдағы жануарлардан (маймыл, дельфиндер) ақылды деп айтуға тұрарлықтай мінез-құлық көріністерін байқауға болады. Мінез-құлықтың осындай түрі маймылдарға жасалған тәжірибеден сан рет байқалған. Мәселен: маймылдың сүйікті тағамы банан жемісін оның қолы жетпейтін жерге іліп қойса, маймыл жемісті алғысы келіп секіреді. Енді ол жәшіктің біреуін әкеліп, үстіне шығып көреді де, әлдеде қолы жетпейтіндігін байқайды. Сонан соң бірнеше жәшікті әкеліп, бірінің үстіне бірін қойып, биіктеткеннен кейін қара тер болып бананды алуға шамасы келеді. Мұндай әдіспен маймылдың осы қылығында қандай болмасын бір мәселені шешуге ұқсас көрініс бар. Жануарлардың интеллектік амалы алда тұрған бөгетті жеңе білуге байланысты туып отырады. Интеллекті хайуанның жеке өзіне ғана тән, оның ғана тапқан әдісі.

Интеллект - "интеллектус" деген латынның сөзі, қазақша "ақыл" деген мағынаны білдіреді.


4. Жануар мен адам психикасындағы айырмашылықтар

Сонымен, тіршілік дамуы қоршаған болмыс, дүниені бейнелеуді қамтамасыз етуге арналған жануарлардың тән құрылымын пайда етіп, сол қызметке қажетті ағзаларды жікке салды. Бейнелеу қызметінің сипаты неге тәуелді? Неліктен бір жағдайда ол жеке қасиеттерді қабылдайды да, екіншісінде затты тұтастай бейнелейді? Бұл жануарды қоршаған дүниемен байланыстыратын сол жануардың әрекет-қылығының объектив құрылысына тәуелді. Тіршілік жағдайының өзгермелілігіне жауап бере отырып, жануардың дене құрылысы мен әрекеті де өзгеріске келеді, соның салдарынан психикалық бейнелеудің жаңа формаларының туыңдауына себепші тән мүшелері мен олардың қызметі өзгерген (биологиялық талаптарға орай икемдеседі. Жануар психикасы мен әрекетінің және адам іс-әрекеті мен санасының сапалық ерекшеліктері төмендегідей:

1. Жануарлар әрекет-қылығының бәрі адам іс-әретінің өзінің тікелей биологиялық, табиғи сипатымен ажыратылады, яғни жануар әрекеті тек тіршілікке қажет затқа байланысты өрбіп, табиғатта болған инстинктік қатынас шеңберінен аса алмайды. Осыған орай тіршілік иесінің шындықты психикалық бейнелеу мүмкіндігі шектеліп, өзіне биологиялық тараптан қажет болған заттардың қасиеттері мен сапаларын ғана қабылдау қабілеттеріне ие. Сондықтан да жануарларда заттарды сол күйінде тұрақты, объектив бейнелеу тәсіл қалыптасады. Қоршаған ортаның барша заттары олар үшін инстинктік қажет аймағында ғана танылуы мүмкін.

2. Жануарлардың өзі тектес тіршілік түрлеріне қатынасы басқа тысқы объекттерге, нысандарға қатынасынан бөлектенбейді, яғни жануарларда қоғамдық сезімнің болмауына байланысты бұл қатынас та биологиялық инстинкт сипатында болады. Жануарларда шын мәніндегі еңбек бөлісі атымен жоқ, ал олардың әртүрлі қызметті шеберлікпен орындай алуы табиғи жағдай қажеттіліктеріне орай тума берілген қасиет.

3. Жануарлардың өзара қатынас түрлері олардың "тіліндегі" ерекшеліктерді де анықтап отырады. Көбіне жануарлар бір-біріне дыбыстар көмегімен әсер етеді. Мұндай процестің адамдардың тілдесу қатынастарына ұқсастығы қандай? Әлбетте, қандай да бір сыртқы ұқсастық бар. Бірақ олар ішкі мағыналық тарапынан бір бірінен мүлде басқаша. Адам тілдесу барысында объектив мазмұнды білдіріп, өзіне қаратылған ауызша сөзді әншейін бір дыбыс ретінде қабылдап қоймастан, қоршаған болмыс шындығын бейнелеген ақпарат деп таниды. Ал жануарлардың дыбыстық әрекеті белгілі мазмұнға сай сараланбай, барша биологиялық қажеттіліктің бәріне бірдей қолданылады (көректі қажетсіну, үрку, қорғаныс т.б.) да, инстинктік, тума бекіген қылықтар шегінен аса алмайды.

Адамның санасының пайда болуы мен оның сипаты психика дамуының ең жоғары, жаңа сатысынан дерек береді. Жануарларға тән психикалық бейнелеуден саналық бейнелеудің айырмашылығы бұл заттасқан шындық болмысты бейнелеу. Ішкі психикалық құбылыстардың болуы, әлемнің субъектив бейнеге енуі адам психикасының мәңгі зерттелетін сыры (А. Н. Леонтьев).

Сана психикасының ерекше сапалық формасы тіршілік эволюциясында өзінің ұзаққа созылған тарихына ие болғанымен, ол алғашқы рет еңбек пен қоғамдық қатынастарға түскен адамда ғана пайда болды. Адамның саналы әрекетінің үш айрықша белгісі бар. Олар: 1) адамның саналы іс-әрекеті биологиялық себеп-салдармен байланысы жоқ, Кейбір жағдайларда адам биологиялық қажеттікке бойұсынбай, оған қарсы шығады. Мысалы, ерлік пен жан пидалылыққа бару; 2) Адамның саналы әрекеті жануарлардағыдай заттың сыртқы көрінісімен ғана қанағаттанбастан, оны тереңірек, жан-жақты тануға бағытталады. Адам нақты көрнекіліктен абстрактық бейнелеуге өтіп, объектердің астарлы байланыстарына үңіле көз жіберіп, тысқы бейне формасын ғана емсс, терендегі зандылықтарын тануға ұмтылады да соларға орай өз әрекет-қылығына бағыт таңдайды; 3) Жануар әрекет қылықтары биологиялық байланыспен бірге, туа беріліп отырса, адамнын біліктері мен ептіліктері қоғамдық-тарих желісінде топталған адамзаттық тәжірибені игеру үйрену негізінде қалыптасып, олар оқу арқылы ұрпақтан ұрпаққа жеткізіледі. Яғни адам иелігіндегі әрекет-қылық тәсілдері оның өз тәжірибесінің өнімі емес, өткен әулеттің тарихи-қоғамдық іс әрекетіи игеруден. Адамдағы бұл құбылыс жануарлар болмысында тіпті де болуы мүмкін емес.

Жануар қылығынан мүлде өзгеше, адамның саналы әрекетін қалыптастыратын шарттар: 1) тіршіліктің әлеуметтік-тарихи сипаты; 2) өмірдің қоғамдық еңбекпен байланысы; 3) еңбек кұралдарын дайындап, пайдалана білу; 4) тілдік катынастың пайда болуы.




ҚОРЫТЫНДЫ

Адам мен жануарлардың психикасы үздіксіз даму күйінде болады. Алайда жануарлар дүниесі мен адамның даму процестерінің сипаты мен мазмұны сапа жағынан ерекшеленеді. Адам мен жануарлардың психикалық функциялары шығуы жағынан да, құрылымы жағынан да теңесе алмайды. Жануарлар психикасы дамуының басты механизмі -биологиялық бекіген тәжірибенің тұқым қуалап берілуі. Соның негізінде жануардың сыртқы ортаға дара икемделуі өріс алады. Адамның психикалық функцияларының ерекшелігі сол олар баланың қоғамдық-тарихи тәжірибені игеру процесі үстінде дамып отырады.

Адамның психикалық функцияларының ерекшелігі сол олар қоғамдық-тарихи тәжірибені игеру процесі үстінде дамып отырады. Адамның дамуы дегеніміз осы тәжірибені игеру процесі болып саналады.

Адамның жоғары формалардағы психикалық іс-әрекеті жанама сипатта болады. Адамдар ежелден-ақ еңбек әрекеті, оқыту процесінде т. б. белгілі бір мәліметтерді жеткізу және сақтау құралы ретінде ерекше заттарды шартты бейнелеулерде, белгілерді пайдаланып келген. Белгілер мен сөз адамдардың іс-әрекеті мен оларды оқыту процесін дәнекерлейді. Демек, бұл кұралдардың пайда болуы, дамуы, соның ішінде мәдениеттің де дамуы, алдымен, психиканың тарихи даму процесін сипаттайды. Бүл құралдарды игеру жеке дара даму процесін анықтайды. Адамзат тарихында іс-әрекетті жүзеге асыру құралдары ғана дамып қоймай, осы құралдарды, қоғамдық тәжірибені кейінгі ұрпаққа жеткізудің ерекше жолы да қалыптасып, дамып, күрделене түсті. Бұл ерекше жол - оқыту, ол қоғамдық тәжірибені берудің бағытталған және ұйымдастырылған әдісі болып табылады.

Жеке адам талаптар деңгейінің әрекетіні мен мазмүндық сипатын жете танумен түлғаның іс-әрекет, мінез-құлықтарының түрткілерін тереңдей білуге жэне сол арқылы адамда ұнамды сапалар мен қасиеттерді баулудың жолдарын ашып оған нәтижелі ықпал жасауға болады.
Әдебиеттер тізімі:

1.Ілешева Р. Медициналық психология / Көмекші оқу қүралы.- Алматы: Санат, 1994.- 88 б.

2.Әбішев Қ. Философия: Оқулық: Жоғары оқу орындары студенттері мен аспиранттарға арналған / Жауапты ред. Ә.Н.Нысанбаев.- Алматы: Б.ж., 2001.- 264 б.

3. Бап-баба С. Психология негіздері [Мәтін]: оқу анықтамалық қолданба / С. Бап-баба.- Алматы: [Заң әдебиеті], 2007.- 106 б.

4.Бап-Баба С.Б. Жалпы психология: Жантану негіздері.-2002.- 275 б.

5. Бап-Баба С.Б. Жантану негіздері: Жоғарғы оқу Оқу қүралы.- Алматы: Заң әдебиеті, 2004.- 304 б.

6. Бап-Баба С.Б. (Бабаев). Жантану негіздері: Алматы: Данекер, 2001.- 315

7 Гоноболин Ф.Н. Психология.-Алматы: Мектеп, 1976.- 232 6.

8.Есенғүлова М. Н. Студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда халықтық педагогика идеяларын пайдаланудың педагогикалық шарттары [Мәтін]: педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты /.- Түркістан, 2007.-30 6.

9 .Жалпы психология: Педагогика институттары студенттеріне арналған оқу қүралы / В.В. Богословский және басқалардың редакциясы,- Толықт., қайта қаралған 2-бас. аударылды.- Алматы: Мектеп, 1980.- 352 б.

10.Жарықбаев Қ. Психология: Пед. училищелерге арн.- Өңд. толық. 2-ші басылуы.- Алматы: Мектеп, 1982.- 280 б.

11. Жұмасова К. С.Психология: оқулық / К. С. Жүмасова.- Астана: Фолиант, 2006.- 292 б

12.Кактаева Г. А. Философия негіздері: оқулық / Г. А. Кактаева.- Астана: Фолиант, 2006,- 180 б.

13. Люблинская А.А. Мұғалімге бастауыш мектеп оқушысының психологиясы жөнінде: Мұғалімге арналған құрал.- Алматы: Мектеп, 1981.-238 6

14. Мұқанов М. Мый жэне сана.- Алматы: Қазақ мем-т баспасы, 1956.- 100 6.

15. Өмір философиясы/ құраст. М. Сэбит, ғылыми редактор Ә. Н. Нысанбаев, сарапшы М. Изотов.-Алматы: Жазушы, 2006.- 464 б.

16. Психология: адамзат ақыл ойының қазынасы : 10 томдық. Жетекші Ә. Н. Нысанбаев.- Алматы: Таймас, 2005.- 464 б. - Т. 1 : Мэдени-тарихи тұжырымдама. - 2005. - 464 б. -793.93 тен.

17. Психология: Адамзат ақыл-ойының қазынасы : 10 томдық. Т. 3.- Алматы: Таймас, 2005.- 464 б.

18. Психология: адамзат ақыл-ойының қазынасы : 10 томдық.

Т. 2. Психология ғылымындағы іс-эрекет теориясы.- Алматы: Таймас, 2005.-480 6.







©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет