Жаратылыстану факультеті Биология кафедрасы “Бекітілді”


Тыныс алу – зат алмасу және энергия көзі



бет10/11
Дата25.04.2016
өлшемі2.03 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Тыныс алу – зат алмасу және энергия көзі.

Энергетикалық тиімділігі жағынан бірдей бола тұрса да, органикалық заттардың жану химизмдермен олардың биологиялық тотғуларының / тыныс алулардың/ арасында айырмашылықтары да бар. Олар төмендегідей:



  1. Жану процесі жоғары температурада өтсе, ткандердің тыныс алуы организмның қалыпты температурасында / 36,5 – 37 С° / өтеді.

  2. Жану кезнде энергия жылу түрінде бөлініп шықса, биологиялық тотығуда макроэргиялық фосфорлы қосылыстар түрінде бөлініп, сол қосылыстарда жинақталады / шоғырланады/.

  3. Жануда энергия бірден /лезде/ бөлініп шықса, ал биологиялық тотығуларда ол ұзын тізбектібір ізділікпен жүретін реакциялардың нәтижесінде біртіндеп / сатылап / өте аз мөлшерде бөлініп шығады.

  4. Жану сулы ортада мүмкін емес болса, ал биологиялық тотығуда су өте қажет.

Сонымен, тыныс алу процесі кезнде субстрат оттегімен әрекеттесіп тотығатындықтан тыныс алу процесін тотығу процесі ретінде қарастыруға болады. Бұл кезде тотығатын зат есебінен басқа зат тотықсызданады. Химиялық тұрғыдан алып қарағанда, оттегіні қасып алу, сутегіні бөліп алу, суды қасып алу / келесі кезекте одан сутегіні бөліп ала отырып/, электронды бөліп алу құбылыстары тотығу реакциялары болып табылыды. Тотығу реакцияларының бұл барлық түрлері оттек, сутек және электроның жәрдемімен өтеді.

Оттек пен сутек - инертті элементтер. Бұл заттарда барлы байланыстар қанақан. Сондықтан тыныс алу процесінің механизмін /дағдысын / тотығу - тотықсыздану процесі ретінде түсіндіруге тырысқан барлық ілімдер оттегінің немесе сутегінің активтену идеиясын /ой, пікір / негіз етіп алды.



Биологиялық тотығу теориясын осы заманғы түсініктері. Тотыға фосфорлану.

Ткандердің тыныс алуы биологиялық тотығудың ең негізгі бөлігі және тотығу- тотықсыздану реакцияларының жиынтығы болып саналады. Тыныс алу кезінде бір зат тотығады, ал екіншісі міндетті түрде тотықсызданады. Химиялық реакциялар кезінде протондар мен электрондарды жоғалтып, оттегіні қосып алатын заттарды “тотығатын зат” немесе субстрат деп атайды.

Электрон мен протонды қосып алып оттегіні жоғалтатын заттарды тотықсызданған заттар деп атайды. Тотығу –тотықсыздану реакцяларының пайда болуы үшін донатор-электрондар мен пратондарды берушілер және акцептор – оларды қабылдаушылар қатысу керек . Бұл екі процесс бір уақытта өтетін, біріне- бірі байланысты процестер. Сондықтан, тотығу- тотықсыздану реакцялары екі қарама- қарсы процестің – тотығудың және тотықсызданудың бірігуі болып есептеледі. Субстрат / донатор / электрондар мен протондарды береді де тотығады, ал, қабылдаушы /акцептор/ оларды қосып алып тотықсызданады.

Тыныс алу тыныс алу тізбегінде іске асырылады. Қоректік заттар аэробты және анаэробты жолмен ыдыраған кезде түзілетін пируват, осы субстраттар тотыққан кезде пайда болатын НАДН, А ацетилкофермент, сонымен бірге лимон қышқылы айналымында тағыда пайда болған НАДН және сукцинат молекулалары митохондрияның матриксне еніп оның тыныстану тізбегі мен тотыға фосфорлану ферменттері бар ішкі мембранасы бойына орналасады.

Ең алдымен дегидрогеназ тобына жататын субстратқа сәйкес ферменттердің әсерімен сол субстраттан сутек бөлініп шығады да, НАД молекуласына көшеді. Суттек атомы бір пратоннан /Н+/ және бір электроның /е-/ тұрады: Н --- Н+-. НАД – тың әрбір молекуласына екі атомнан сутек келеді . Дегидрогеназаның молекуласы қарапайы белоктан және коферменттерден /НАД,НАДФ / тұрады.

НАД қайтымда түрда тотығып- тотықсыздана отырып, суегіні тасмалдау жұмысын атқарады. Одан әрі сутек Н+ иондарын түзеді, ал электрондар НАД – тан келесі тасмалдаушыларға – флавопротейдтер /ФП/ типіндегі ферменттерге ауысады.

а. субстарт Н2 + НАД ----- НАДН + Н+ + субстарт ;

ә. НАДН + Н+ + Фл.Ф----- Фл.ФН2 +НАД

Бұл реакция НАДН- о- редуктаза ферментінің әсерімен орындалады бұл күрделі ферментің активті топтары- флавинмононуклеотид /ФМН/ және темір- күкірт /Ғе –S/ жиынтығы екі активті топтары да кезек-кезек тотығып- тотықсызданады.

Флавинмононуклеотид /ФМН/ сутегіні қабылдап алған соң, ол сутегіден электрон бөлініп, әрі қарай гемдік емес темір күкіртті белоктардың /Ғе –S/ жиынтығына беріледі, ал сутек митохондриядағы ішкі мембрананың сыртқы бетіне жанасып жатқан сулы ортада протондар түрінде жиналады.

ФМНН2+ 2 цитохром ----- ФМН+ 2 цитохром + 2Н+

/Ғе-S/ жиынтығы электронды қабылдаған кезде темір валеттілігін өзгертеді: /Ғе3+/ ---- /Ғе2+/.

Одан әрі электрондар кофермент Q- убихинонға беріледі. Тыныстану тізбегінде әдетте бұл жері көрсетілмеген. Убихинон митохондрия мембранларына бекінбеген, сондықтан оңай жылжып мембарнаның сыртқы бетіне шығады. Кофермент Q электронды қабылдап, сутек атомдармен қосылады. Сөйтіп тотықсызданған кофермент QH2 түріне өтеді.

ФМН + Q---- QН2+ ФМН

Одан әрі электронда цитохромдарға беріледі, ал сутек сыртқы ортада протондар түріне жиналады. Цитохромдар дегенміз құрамында темірі бар күрделі ферменттер. Простетикалық топ ретінде гем бар. Цитохром жүйесі электрондарды біртіндеп в, с, а және а3 цитохромдарына қабылдайды. Цитохромдар бір ғана электрон тасмалдайды. Цитохромдардың құрамындағы гемнің темір атомы электронды қабылдап, оны тасмалдауға қаблетті. Темір ионы электрондарды жоғалта отырып тотығады, ал қосып цитохромоксидазаға /ЦХО/ дейін тотықсызданады:

Ғе2+==== Ғе3+-

Темір ионының валентілігнің өзгеруі протонды қосып алу, немесе оны жоғалтумен жүрмейді. Сондақтанда цитохромдар тек электрондарды ғана тасымалдаушылар болады, ал сутек атомын тасымалдамайды. Сөйтіп, электрондар ағыны цитохромдарды бойлай бір бағытқа ғана ағады: электрондар донордан олардың акцепторы- оттегіне қарай қозғалады. Тыныстану тізбегіндегі соңғы фермент а және а3 цитохромдарынан құралған жиынтық. Бұл жиынтық құрамында а3 цитохроммен байланысқан мыс бар, оның да валентілігі электрондар тасымалдау кезінде өзгеріп отыраны:

Cu =================Cu2++ e-

Цитохром а және а3 жиынтығы цитохромоксидаза ферментінің әсері арқылы ауа оттегісімен тікелей әрекеттесе алады және соңғысын активтендіре түседі. Сондықтан а және а3 жиынтығын цитохромоксидаза деп атайды.

Цитохромдар арқылы оттек молекуласына төрт электрон берілген кезде, ол тотықсызданып, протондарды қабылдайды да, су молекуласын түзеді: О2+4е- +4Н+→2Н2О

Сөйтіп, электрон тасымалдау тізбегімен жылжи отырып, ең ақырында оттек молекуласына жетеді. Мұнда субстарт тотығып, ауа оттегі тотықсызданады. Тыныс аул кезіндегі реакциялардың мәні субстратты осылайша тотықтыру болып табылады. Цитохромдар тізбегі бойынша электрон қозғалысы энергия бөлінумен қабаттаса жүреді. Электрондар ағынының жолында энергия ағыны АТФ алу үшін пайдаланылатын нүктелер /орындар/ болады. Мұндай нүктелер үшеу: олардың біреуі НАД пен Фл. Ф.аралығында, екіншісі в және с цитохромдары аралығында және үшіншісі а цитохромдары / немесе а және а3 / мен молекулалық оттек аралығында жатады.

Сөйтіп, НАД- тің бір молекуласы тотығу есебінен АТФ –ның үш молекуласы түзіледі. Бұл процесті тотыға фосфорлану деп атайды. Клеткалар тіршілігіне қажетті барлық энергия дерлік митохондрияларға өтетін лимон қышқылы айналымы және тотыға фосфорлану сияқты процестер нәтижесінде пайда болады. Тотығу энергиясы АТФ молекуласына жиналады. Сондықтан да физиологиялық тұрғыдан митохондриялар “күш беретін станция” деп аталады.

Субстарттық фосфорлануда субстрат бірден активтендірілген фосфатпен қосылғандықтан олардың арасында жоғары макроэргиялық байланыс туады. Субстраттық фосфорланудан өзгеше, тотықтыра фосфорлану митохондрияның ішкі мембраналарында өтеді. Алайда, НАД-тың тотығуы әр қашанда фосфорланумен үштаса бермейді. НАД-тың бір бөлігі митохондрияның бетінде тотығады, бұл кезде АТФ түзілмейді.

Бақылау сұрақтары:
1.Тыныс алу жүйесінің фиологиясы

2.Тыныс алу физиологиялық және биохимиялық процес және оның маңызы.

3.Тыныс органдарының қызметі бойынша физиологиялық шолу.

4.Тыныс алу типтерінің эволюциясы.



Лекцияның тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары:

Биологиялық тотығу теориясын осы заманғы түсініктері.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

Негізгі әдебиеттер:

1.Адам және жануарлар физиологиясы. И.Төленбек.Алматы 2002ж.

2.Адам және жануарлар физиологиясы. Т.Несіпбаев.Алматы 2003ж.

3.Адам және жануарлар физиологиясы. Қ.Рымжанов. Алматы 2001ж

Қосымша әдебиеттер:

4.Тыныс физиологиясы.Қ.Рымжанов. Алматы 2001ж.

5.Эндокринология. Ж.Нұрғалиев. Алматы 2000ж.

6.Адам физиологиясы.Қ.Сәтпаева.Ғылым. 1998ж.

7.Жалпы физиология. Ю.Чусов.Просвещение. 1981 г.

8.Нерв жүйесінің физиологиясы.Қ. Сәтпаева. 1998ж.
22 Лекция
Лекцияның тақырыбы: Ас қорыту жүйесі
Лекцияның жоспары:

1.Ас қорыту жүйесі



2.Ас қорыту туралы жалпы түсінік.

3.Ас қорыту органдарының құрылысы және қызметі.

4.Ас қорыту органдарының түрлері: ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, жіңішке ішек, жуан ішек, тік ішек.

5.Ас қорыту жолындағы сіңіру процесі: майлар, көмірсулар, витаминдер және минерал компоненттерінің сіңуі. Сіңу теориясы.



Лекцияның мақсаты: Ас қорыту туралы жалпы түсіндіру.

Лекцияның мазмұны: Ас қорыту деп – сыртқы ортадан организм қабылдаған қоректік заттардың күрделі қосылыстарын денеге жеңіл сіңетін қарапайым қосылыстарға айналуын қамтамасыз ететін физиологиялық процестер жиынтығын айтады.

Адам мен жануарлар ас қорыту жүйесі арқылы қуысынан басталып, тік ішекпен бітеді де, ұзына бойынша бірнеше рет кеңейіп-тарылып отырады. әшкі жағынан ас қорыту жолы кілегей қабықпен қапталып, онда ас қорыту бездерінің өзектері ашылады. әр без құрамы белгілі бір шекте өзгеріп отыратын, өзіндік қасиеті бар сөл бөледі. Бұл сөлдердің құрамында ас қорыту процесін шапшаңдататын ерекше биологиялық катализаторлар-ферменттер болады.

Ас қорыту жүйесі шартты түрде алдыңғы, ортаңғы және соңғы бөлімдерге бөлінеді. Алдыңғы бөлімге ауыз қуысы мен оның қосалқы мүшелері, жұтқыншақ, өңеш; ортаңғы бөлімге – қарын мен ащы ішек, ал соңғы бөлікке – тоқ ішек жатады. Ас қорыту жүйесіне сонымен қатар сілекей бездері, ұйқы безі, бауыр да қосылады.

Тамақтың құрамындағы алдын-ала өңделмейінше ас қорыту мүшелерінен қанға өте алмайтын заттар болады. Тамақ физикалық (ұсақтану, үгілу, сілекеймен шылану, еру) және химиялық қорытулар өзгеруге ұшырайды. Тамақ өтетін жол ас қорыту жолы да. Адамдарда өңеш ұзындығы 6-8 м. Ас қорыту жолының негізінен біріңғай сапалы еттерден тұратын қабырғасын ішкі жағынан кілегейлі қабық астарлап жатады. Оның клеткалары кілегей жасап шығарады. Тамақ ауызда қорытыла бастайды: мұнда ол сілекеймен шыланып, тіспен ұсақталады.

Ас қорыту жүйесі ұзын түтік тәрізді олар организммен сыртқы орта арасындағы зат алмасу жұмысын атқарады.

Ас қорыту мүшесінің тістен басқа бөліктерінің ішкі қуыс сүйексіз негізінен 3 қабаттан тұрады.



  1. кілегейлі немесе ішкі қабат барлық ас қорыту жолының ішкі бетін қаптап жатады. Бұның өзі эпителий, бұлшық етті және кілегей асты қабатынан тұрады.

  2. Бұлшық ет қабаты кілегей мен сір қабатының аралығында орналасқан. Ас қорыту мүшесінің бұлшық ет қабаты 2 түрлі. Ішкі бөлігі сақина тәрізді сыртқы бөлігі ұзын бұлшық ет талшықтарынан құралған.

  3. Сір немесе сыртқы қабаты. Асқазан, аш ішек және тоқ ішектің көп бөлігін қаптап жатады. Сір қабаттар ішкі мүшелері жан жағынан орап керіп тұратын ішперде деген жылтыр затқа ұласып кетеді.

Ас қорыту жүйесі мүшелері бірнеше күрделі қызмет атқарады. Олар секрециялау (сөл бөлу), қимылдау (моторлық), сіңіру, бөлу (экскрециялау) және инкрециялау (биологиялық белсенді заттар-гормондар бөлу) қызметтері.

Секрециялау қызметі ас қорыту жолына түрлі сөлдер бөлетін бездердің жұмысына байланысты. Мысалы, сілекей безі, сілекей, қарын безі – қарын сөлі мен шырыш, ұйқы безі – ұйқы безі сөлін, бауыр-өт, ішек бездері – ішек сөлін бөледі. Ас қорыту сөлдері организм қабылдаған қоректі бөктіріп, құрамындағы ферменттердің, қышқылдардың, сілтілердің әсерімен оларды қорытады, ыдыратады.

Ас қорыту жолдарының қимылдау қызметі қарын мен ішек қабырғаларындағы етті қабаттың әрекетіне байланысты. Бұл еттің жиырылып босаңсуы қабылданған қоректің шайқалып, ас қорыту сөлдерімен жақсы араласуына ас қорыту жолымен жылжуына мүмкіндік береді.

Ас қорыту жолының сіңіру қызметі оның кілегей қабығының құрылымдық және қызмет ерекшеліктеріне байланысты. Кілегей қабық ерекше биологялық мембрана қызметін атқарып, ішек – қарын қуысынан қан мен лимфаға судың, минералды тұздардың, дәрмен-дәрілердің және белоктардың, көмірсулардың, майлардың ыдырау өнімдерінің өтуін реттеп отырады.

Ас қорыту мүшелері организмге қажетсіз кейбір заттарды бөлу (экскрециялау) процесіне де қатысады. Олар қан құрамынан өз қуысына зат алмасу кезінде түзілген қажетсіз өнімдерді өткізіп, денеден бөліп шығаруға жәрдемдеседі. Ішек-қарын қуысына зат алмасу өнімдері түрлі сөлдер құрамында немесе транссудация процесі нәтижесінде бөлінеді.

Ас қорыту мүшесіне инкрециялау қызметі де тән. Ішек-қарын жолының кілегейлі қабығындағы арнаулы эндокриндік торшалар түрлі биологиялық белсенді полипептидтер бөледі. Олар осы жүйенің қимылдау, секрециялау және басқа да қызметтерін реттеуге қатысады.

Ас қорыту жолына түскен қоректік заттар механикалық, химиялық және биологиялық өңдеуге ұшырайды. Механикалық өңдеу шайнау аппараты (тіс, жақ) арқылы ауыз қуысынан басталады.

Химиялық өңдеу ас қорыту жолы сөлдерінің әсерімен атқарылады.

Ас қорыту жолында қоректік заттар түрлі микроорганизмдер ферменттерінің әсерімен биологиялық өңдеу деп өтеді.

Ас қорыту жүйесінің айтарлықтай көлемді алдыңғы бөлімдерінде және ішектің кеңіген соңғы бөлімдерінде алуан түрлі микроорганизмдер өздеріне қолайлы жағдай тауып тез көбейтіп өседі де, қоректі тездетіп ыдыратуға көмектеседі.

Ас қорыту жүйесінің алдыңғы бөлімі оның қабырғалары сүйекті негізден, ал басқа бөлігі бұлшық еттерден құралады. Ауыздың кіреберісі деп тіс, қызыл иек және ерін мен ұрт аралығындағы саңылау қуысты айтамыз. Нағыз ауыз қуысы тіспен қызыл иектің ішкі жағында тіл толық орналасып жатқан бөлікті қамтиды.

Жұтқыншақ мойын омыртқаның алдында орналасқан. Ол ауыз қуысымен, өңешпен, мұрын қуысын көмекеймен жалғастырып мойын тұсынан бас сүйектің негізінен басталады да, төртінші мойын омыртқаның тұсынан өңешке жалғасады. Жұтқыншақ пен омыртқа жотасының аралығында болбыр дәнекер ұлпаға толы кеңірдек болады. Ол жұтқыншақ пен өңештің тағам жұтқан кезде кеңеюіне жағдай жасайды. Жұтқыншақ мұрын, ауыз және көмекей қуысымен шектеліп жатуына байланысты мойын, ауыз және көмекей бөлііімдерінде бөлінеді.

Өңеш. Жұтқыншақ пен қарынды байланыстыратын етті түтік төртінші мойын омыртқасынан басталып көмекей мен кеңірдектің артқы жағымен жүріп отырып көкірек тұсында қалқа тамырдың артымен диафрагмадан өтіп он бірінші көкірек омыртқа тұсынға қарынға жалғасады.

Асқазан ас қорыту жүйесінің ең кеңейген бөлімі. Асқазан кіреберіс шығаберіс және дене деп аталатын 3 бөліктен тұрады. Асқазан өңешпен жалғасқан жерде диафрагмаға қарын байламдары арқылы, ал артынан құрсақ қабатына бекиді де қалған бөліктері бос болады. Сыйымдылығы орташа есеппен 3 литр, ұзындығы 25-30 см, ені 12-24 см.

Асты сіңіру. Ауызға түскен асты сіңіру зат алмасуы мен ас қорыту процестерінің маңызды кезеңдерінің бірі. Астың сіңуімен ас қорыту аяқталады. Ас сіңіру дегеніміз – гидролиз өнімдерінің ішек қарыннан қанға не лимфаға өтуі.

Ас сіңіру процесінің қарқыны ішек-қарын бөлімдерінде бірдей емес, біріншіден, ішек-қарын құрылысы, оның әр бөлімінде әр түрлі, екіншіден, астың жылжуы (кідіруі) әр бөлімде әркелкі, үшіншіден, сіңуге даяр гидролиз өнімдері кейбір бөлімдерде тым аз, жеткіліксіз.

Ас негізінен аш ішек пен мықын ішекте сіңеді. Мұнда тағам гидролизі аяқталып, көптеген суда еритін ішек мембранасынан өте алатын заттар пайда болады және олар ішекте 10-12 сағаттай кідіреді. Ішектің шырышты қабығының құрылысындағы ерекшеліктерге байланысты ішек түтігіндегі заттар мен оның қабырғасы беттеседі де сіңіру алаңы ұлғая түседі. Сондықтан аш (мықын) ішекті ас сіңуге бейімделген ағза деуге болады.

Көмірсулардың сіңуі. Көмірсулар гидролизі нәтижесінде пайда болған моно сахаридтердің (глюкоза, фруктоза, галактоза, пентоза) 90% қанға сіңеді. әсіресе глюкоза мен галактоза тез сіңеді. Олар эпителиоциттердің апикальдық жағынан белсенді түрде тасымалданатын иондардың қатысымен сіңеді.

Көмірсулардың сіңуіне көптеген фактор әсер етеді. Олардың сіңуі айталық кейбір амин қышқылдарына, АТФ-тың мөлшеріне тотығу процесінің әлсіз күштілігіне, ішектегі моносахарид мөлшеріне басқа да қоректік заттардың гидролиздік өнімдеріне, тағам түріне тәуелді.

Майдың сіңуі. Май ішекте өттің әсерімен ұсақ тамшы бөлшектерге бөлінеді де, одан әрі липазаның қатысуымен глицерин мен май қышқылдарына ыдырайды. Осы өнімдер түрінде майдың 40%, үшглицерид түрінде 10% денеге сіңеді.



Бақылау сұрақтары:

1.Ас қорыту жүйесі

2.Асқорыту түралы жалпы түсінік.

3. Асқорыту органдарының құрылысы және қызметі.
Лекцияның тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары:

Ас қорыту органдарының түрлері: ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, жіңішке ішек, жуан ішек, тік ішек.


Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

Негізгі әдебиеттер:

1.Адам және жануарлар физиологиясы. И.Төленбек.Алматы 2002ж.

2.Адам және жануарлар физиологиясы. Т.Несіпбаев.Алматы 2003ж.

3.Адам және жануарлар физиологиясы. Қ.Рымжанов. Алматы 2001ж

Қосымша әдебиеттер:

4.Тыныс физиологиясы.Қ.Рымжанов. Алматы 2001ж.

5.Эндокринология. Ж.Нұрғалиев. Алматы 2000ж.

6.Адам физиологиясы.Қ.Сәтпаева.Ғылым. 1998ж.

7.Жалпы физиология. Ю.Чусов.Просвещение. 1981 г.

8.Нерв жүйесінің физиологиясы.Қ. Сәтпаева. 1998ж.

23 Лекция


Лекцияның тақырыбы: Организмде заттар және энергиның алмасуы
Лекцияның жоспары:

1.Зат және энергия алмасу

2.Заттар және энергияның алмасуы түралы жалпы түсінік.

3.Метаболизм.

4. Анаболизм және катаболизм түралы түсінік.

Лекцияның мақсаты: Зат және энергия алмасуын таныстыру.

Лекцияның мазмұны: "3ат алмасуынсыз тіршілік жоқ" деп бекер айтылмаған. Зат алмасу - өте күрделі процесс) Мүны түсіну үшін тамақтық заттардың денеге түсуінен бастап, олардың организмде өтетін барлық өзгерістсрін және бұдан соң пайда болган ыдырау өнімдерінің сыртқа шығарылуы процестеріне дейін білу қажет.

Тамақ ауызга түскеннен бастап, ас қорыту каналының әр түрлі бөлімдерінде физикалық жөне химиялық процестерге ұшырайтыны, демек ас қорыту процесі жүретіндігі белгілі. Бұл -зат алмасудың бастапқы кезеңі. Екінші кезеңде сіңу процесі жүреді, ягни қорытылудан пайда болған өнімдер қанға, лимфаға, ткань сүйықтығына өтеді. Бұл процесс ішектің кілегей қабығы өсінділерінің немесе бүрлерінің көмегімен іске асады. Үшінші кезеңі - клетка ішіңдегі алмасу деп аталады. Атына сөйкес, ішкі ортадан - қан, лимфа, ткань сүйықтығынан клеткаға өткен тамақ өнімдері сол клетканың ішінде күрделі өзгерістерге ұшырайды. Соның нәтижесінде, клеткаға керек жаңа күрделі органикалық заттар түзіледі, екінші жағынан басқа бір күрделі эаттар ыдырап жатады. Бұлардың іске асуыңда оттегі қатысуының зор маңызы бар. Зат алмасудың ең соңғы, төртінші кезеңі - клетка ішіндегі алмасудан пайда болған ыдырау өнімдерінің әр түрлі органдардың қатысуымен сыртқа шығарылуы.

Айта кететін бір жай, клетка ішіндеп зат алмасудың өзі мағынасы будан гөрі кең - аралық алмасуға жатады. Аралық алмасу кезіңде организмде әртүрлі қор заттары түзіледі және олар тиісті органдарға жиналады, ал ол заттар керек уақытында қарапайым түрге көшіп, организмнің қажетін өтейді. Аралық алмасу кезінде улы заттар усызданады, кейбір организм қажетіне жарамайтын.заттар өзгеріп, пайдаға асуы оңай заттарға айналады. Осы аталған зат алмасудың барлық кезеңдерінің ішіңдегі организм үшін ең маңыздысы - үшінші кезең - аралық алмасу немесе клетка ішіндегі алмасу. Өйткені, бұл кезеңсіз денедегі ешбір клетка өзінің тіршілігін сақтай алмайды яғни организмнің барлық клеткаларына ортақ, төн нерсе - клетка ішінде жүрстін күрделі ассимиляция жөне диссимиляция процестері. Қалған кезеңдерді орыңдайтын арнайы органдар бар. Мысалы, ас қорыту процесі өзіне арналған ас қорыту қуысында жүредр қарапайым организмдердегі клетка ішіндегі ас қорытуды еске алмағанда. Сіңу процесіне негізінен ащы ішектің ішкі бетіндегі кілегей қабық бүрлері және бауырдың қызметі қатысады. Ал организмге зиянды, керексіз, улы заттарды сыртқа шығаруы үшін негізінсн - бүйрек, тері, өкпс, ішек қатысадыу. Аралық алмасудың организм тіршілігі үшін маңызды болғанына қарамастан, осы процесті зерттеп түсіну өтс қиын. Өйткені, бұл кезенді жан-жақты және терең түсіну ушін клеткаларда жүріп жатқан әртүрлі химиялық рсакциялардың табиғатын ашу керек. Осы мақсатпен қолданылатын әртүрлі әдістер бар. Мәселен, белгілі бір тамақ заттары тиісті орган арқылы өткенде қандай өзгерістерге ұшырайтынын білу үшін перфузия әдісін қолдануға болады. Мұндай жағдайда бір орган оңашаланып алынып, оның тамырлары арқылы зерттелуге тиіс қүрамы белгілі қоректік сүйықтық жіберіледі. Соңынан ол органнан шығатын сүйықтың құрамы, қасиеті анықталады да, бұл мәліметтер алғашқы арналып алынған сүйықтың құрамымен салыстырылады.

Тұтас организмнің өзінде де бір органға келетін және одан шығатын қан тамырларына фистула қою арқылы келетін қан мен шығатын қанның құрамын анықтап, алынган мәліметтерді салыстыра отырып, органда жүретін өзгерістер туралы түсінік алуға болады. Қазіргі кезде аралық алмасу процесінің барысыңда жүретін түрлі физиологиялық процестерді зерттеу үшін таңбаланған атомдар әдісін көп пайдаланады. Бұл жағдайда заттың бір атомы өзінің изотопымен алмастырылады. Атом изотопы ол заттың химиялық қасиеттерін өзгертпейді, ал өзінің физикалық қасиеті арқылы тиісті құралдармен оңай табылады. Осы атом иэотопы қай заттың құрамында екенін мезгіл-мезгіл анықтай отырып, денеге түскен алғашқы заттың тағдыры туралы мағлүмат алады.

Ас қорытудың физиологиясын өткенде ас заттарының ыдырауына көмектесетін ерекше активаторлар - ферменттер -туралы біраз түсінік берілген еді.

Зат алмасу физиологиясында сол ферменттер туралы ұғымды кеңейту керск. Ең аддымен, ферменттердің тек ас қорыту каналыңдағы күрделі органикалық затгарды ыдыратуға ғана қатысып қоймайтындыгын еске салу керек. Аралық алмасу кезіндегі толып жатқан биохимиялық реакциялардың жүруіңде ферменттер шешуші рөл атқарады. Сол себептен де, химиядагы кәдімгі катализаторлардан өзгеше, ферменттерді биологиялық катализаторлар деп атайды. Әдеттегі химиялық катализаторлар терізді ферменттер де тиісті бір ғана биохимиялық реакцияны тездетеді, реакцияның ақырғы өнімінің құрамына кірмейді, көпшілік жағдайда аралық өнімдермен уақытша қосылыс түзіп; оларды активтендірс түседі. Бұл қасиеттері жағынан ферменттер кәдімгі химиялық катализаторларға ұқсайды, ал оларды бір-бірнен аяыратын сапалы өзгешеліктер де бар. Мысалы, ферментер үлкен, жоғары молекулалы белоктарға жатады және шеретура мен орта реакциясына тікелей тәуелді әрекет етеді, Анатса оңай бұзылып кетеді. Бір көңіл аударатын жай, ферменттердің күрделілігі әртүрлі: біреулерінің молекуласы тек Белок молекулалардан ғана тұрады да протеиндер деп аталады. Ал ферменттердің көбісі күрделі белоктарға - протеидтерге жатады; себебі, олардың құрамында әрі белокты, әрі төменгі молекулалы белоксыз активті топ деп аталатын бөлігі болады. Әрбір ферменттің өз бойына тән негізгі ерекшеліктері оның белокты бвлімінің қасиеттеріне байланысты болып келеді. Сол себептен әртүрлі ферменттерде кейде бір түрлі активті топ болғанымен, белокты бөлімдері бір-біріне ұқсамайтындықтан олар түрліше биохимиялық реакцияларға өсер етеді. Ферменттердің қатысуымен жүретін биохимиялық реакциялардың өте көп екенін жоғарыда айтып кеттік. Ал осылардың ішінде ферменттердің көпшілігі күрделі органикалық заттарды судың қатысуымен ыдыратады немесе синтездейді, сол себептен оларды гидролазалар деп атайды. Кейбіреуінде мұндай процестер - фосфор қышқылы қатысуымен жүретіндіктен - фосфорилазалар деп аталады. Десмолозалар деп аталатын ферменттер екі қатар жатқан көміртегі атомдарының арасындагы байланысты сырттан басқа зат қоспай-ақ байланыстыра да алады және байланысты ұзе де алады декарбоксилаза, альдолаза т.б.

Ферменттер әсерінен жүретін биохимиялық реакциялардың негізгі типтеріне жататыңдар:


Каталог: CDO -> 2007-2008 -> AdamFiziolog -> Data
2007-2008 -> Білім және ғылым министрлігі
2007-2008 -> Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Өсімдіктер физиологиясы пәні және маңызы (1 сағат) Лекция жоспары
2007-2008 -> Қазақстан биоресурстары пәнінен практикалық сабақтарының әдістемелік нұсқауы
2007-2008 -> Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Қазақстан биоресурстары туралы түсінік. (1 сағат) Лекция жоспары
2007-2008 -> ОҚУ Әдістемелік кешені
2007-2008 -> Лекция сағат саны 30 Практикалық сабақтар 15 обсөЖ сағат саны 45 Барлық сағат саны 135
2007-2008 -> Кафедра: “Құқық” Факультет: “Экономика және құқық” Мамандық
Data -> Тестік сауалнама


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет